КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция 4
1. Статистикалық мәлімет жинаудың жолдары.
Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ-жауап арқылы болып үш түрге бөлінеді. Бақылауға жататын зерзаттың әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса, онда оны тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Статистикалық сұрақ-жауап тәсілі деп керекті мәліметтерді сұралушы адамдардың айтқандары бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарына жазып алу арқылы жинауды айтады. Сұрақ-жауап тәсілі арқылы мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі жэне оның экспедициялык, тілшілік, сауал-сұрақтық жәке өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолы бар.[9]
2. Статистикалық мәлімет жинаудың тәсілдері Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинауда арнайы дайындалған санақшылар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметті ауызша сұрау арқылы сұрақ қағаздарын толтырады, соңынан оны статистика мекемелеріне откізеді. Өзін-өзі тіркеу тәсілімен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұраушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді, оны қалай толтыру керек екендігін түсіндіреді. Тілшілік тәсілімен мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Сауал-сұрақтық тәсілмен керекті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Жаңа ғасырдың талаптарына сай жаңа ақпараттық технологияның және компьютерлер жүйесінің кеңінен енуіне байланысты статистикалық бақылау жүргізу, оны топтау, өңдеу және қортындылау жұмыстары жоғарғы деңгейге көтерілді. Қазіргі таңда республика деңгейінде статистикалық мәліметтерді топтау, өңдеу автоматтандырылған мәліметтер қоймасы негізінде жүргізіледі, яғни мәліметтерді табу мерзімі тездетілді және олардың сапасы осыған байланысты артты.
3. Статистикалық қате және оның түрлері Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтер жан-жақты тексеруден өтеді. Бірақ, есеп беру немесе арнайы ұйымдастырылған бакылаудың қайсы бірін алсаң да, онда әр түрлі себептердің салдарынан қате кетуі мүмкін. Статистикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері арасындагы сәйкессіздікті, айырмашылықты дұрыс санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате болып екі түрге бөлінеді. Репрезентативті қате тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі. Бұл - жалпы жиынтық қорытындысын ішінара бақылау жиынтықтары толық қалпында көрсете алмаушылығы деген ұғымды білдіреді Тіркеу кезіндегі жіберілетін қате - әлеуметтік-экономикалык құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда болады. Оның өзі фактінің біртектілігіне қарай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілген қате болып екіге бөлінеді. Кездейсоқ жіберілген қате арнайы мамандығының жоқтығынан, шаршап-шалдығудан, жұмысқа атүсті салдыр-салақ қараудан болады. Жүйелі түрде (ұдайы) жіберілетін қатеде көрсеткіштер белгілі бір себептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни не көбейтіліп, не кемітіліп жазылады. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда жіберілген болып екіге бөлінеді. Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате қастандықпен, әдейі жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу салдарынан жіберілуі мүмкін. Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате - алдын-ала ойластырылған (саналы түрде), көбейтіп немесе кемітіп жазу аркылы жасалынған қателер.[10]
4. Статистикалық қатені болдырмауды тексеру түрлері Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін, жиналғаң мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген қателерді жібермеу. Болдырмау үшін, барлық жиынтықтар міндетті түрде тексерудең өткізіледі. Және ол қисынды түрде тексеру және есептеу аркылы тексеру (арифметикалық) болып екі түрге бөлінеді. Қисынды түрде тексеру дегеніміз - статистикалық бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланыстылығын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету. Есептеу арқылы (арифметикалық) тексеруде - жалпы жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану арқылы түзетулер енгізіледі. Статистика органдары жоғарыда көрсетілген тексерулерден бөлек бірізді және жоспарлы түрде әрбір мекеменің, кәсіпорынның, шаруашылықтың есеп беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексереді. Оның өзі тақырыпты, жиынтықты (комплексті) және жаппай болып үш түрге бөлінеді. Тақырыпты тексеруте жеке кәсіпорындардың белгілі бір формасы немесе оның жеке көрсеткіші ғана алынады. Жинақты (комплексті) тексеру кезінде кәсіпорынның барлык есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Ал жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорындардың белгілі бір есеи беру формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі. Ұлттық статистика агенттігі мен оның жергілікті мекемелерінің алдына қойған негізгі мақсаттары есеп беру формаларындағы мәліметтердің дұрыстығын жэне сапасыньщ жоғары болуын қадағалап отыру.[11] Өзін өзі бақылау үшін сұрақтар 1. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың түрлері және бағдарламасы. 2. Мәлімет жинаудың жолдары мен тәсілдеріне талдау жасау. 3. Статистикалық қате қай кездерде пайда болады. Семинар сабағы сұрақтары 1. Статистикалық мәлімет жинау жолдары мен тәсілдерін талдау. 2. Статистикалық қате, қатенің түрлері және оны тексеру түрлерін зертгеу. 3. Бақылаудың түрлері бойынша бастапқы есеп беру формасы, карточка, бланк, санак кағазы, акт, сұрақ қағаздарды толтырудың жолын түсіндіру.
Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 2163; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |