Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 2




1. Á³ð òұòàñ åñåï æүéåñ³ æәíå ñòàòèñòèêà

Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму немесе кему жағдайын анықтау үшін; жалпы мемлекеттік саясаттың жүрізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету үшін көп салалы халық шаруашылығын басқару үшін түрлі статистикалық мәліметтер қажет, Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, фермерлік шаруашылықтардың және т.б. әр түрлі есептеу жолдары арқылы, яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жинақталады, өнделеді және оған талдау жасалынады. Бірақ, осы аталған есеп түрлерінің әрқайсысының алдарына қойған мақсаты мен есептеу әдістемелеріне қарай өздеріне тән ерекшеліктері болады. Төменде осы есептердің ерекшеліктерін жеке-жеке қарастырайық:

Оперативті жедел немесе оперативті-техникалық есеп. Оның негізгі мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың бірлестіктер мен ұйымдардың бөліктері мен цехтарында болған жүмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген дайын өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен тетіктердің дайындалуына, шикізаттар мен материалдың жұмсалуына; еңбек құралдарының қолданылуына және т.б. операциялардың жүргізілуіне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі. Оперативті жедел есеп арқылы алынған көрсеткіштер күнделікті орындалған шаруашылық операцияларының жұмыс бабын, олардың дұрыстығын қадағалап отыру және басшылы жасау үшін қолданады. Егер жұмыс барысында түрлі себептер мен кемшіліктер кездесетін болса, онда оны түзету үшін арнайы шешімдер қабылдауға және іс жүзінде оны жүзеге асыруға көмектеседі.

Оперативті есепің көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе телеграф, телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтер есеп беру формасында ашық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер қамтылады. Сондықтан оны дер кезінде берілетін жедел есеп деп те атайды.

Бухгалтерлік есеп. Есептің бұл түрі барлық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда шаруашылықтар мен бірлестіктерде, шағын және жеке кооперативтер мен ұжымдарда жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша қаржыларының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдалануын, еңбекақы мөлшерін, кіріс пен шығыс және т.с.с. көрсеткіштердің Нақты есебі жүргізіледі. Бұл есепте көрсетілетін көрсеткіштер ресми құжаттарға сүйеніп жинақталады және оған экономикалық талдау жасалынып, қорытындыланады. Басқа есептермен салыстырғанда, оның ерекшелігі құжаттылығында және ондағы көрсеткіштердің барлығы ақшалай өлшем бірлігіне айналдыру арқылы көрсетілетіндігінде.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты жүйелі түрде бірыңғай ережелер мен әдістерді қолдана отырып, шаруашылық операциялары туралы мәліметтерді жинақтайды. Басқаруға қажет болатын көрсеткіштерді өз ішінде қолданады және сол арқылы белгілі бір шешімдер қабылдауға көмектеседі. Есептің бұл түрінің негізгі әдістері мыналар: бухгалтерлік баланс, тіркеу, бағалау, калъкуляциялау. Ең бастысы, құжаттық принципін сақтай отырып, екі жақты жазу ережесіне сай жүргізілетіндігі.

Бухгалтерлік есепке әдістемелік жағынан көмек көрсетіп, басшылық ету жұмысы республика Қаржы министрлігіне жүктелген. Ол Қазақстан Республикасының ұлтггық статистика агенттігімен келісе отырып бухгалтерлік есеп айырысу шоттарын және олардың жоспарын, есеп беру формаларының типтік үлгісін, оларды жүргізу, толтыру әдістері туралы нұсқауларды бекітеді. Оньң іс жүзінде қолданылуына бақылау жасап отырады.

Статистикалық есеп. Бұл есепте қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметгік-экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады өздеріне тән белгілеріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді және оған талдау жасалынады. Бұл есептің негізгі мақсаты халық шаруашъілығы салаларын дұрыс басқарып, материалдық игіліктерді өндіру және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп, дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру. Статистикалық есепте көрсетілетін көрсеткіштер бухгалтерлік және оперативтік жедел есептер арқылы тиісті құжат бойынша жинақталады. Егер, бұл есептерде кейбір қажетті көрсеткіштер жоқ болса, онда оны жинау үшін арнайы статистикалық бақылау жүргізіледі.

Статистикалық есептің басқа есептермен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері мен есептеу әдістері бар. Олар: мәліметтерді жинау, топтау, өңдеу, талдау және нақта, қатысты, орташа шамалармен бірге индекстік, графикалық, баланстық, корреляциялық әдістерді қолданатындығында.

Сонымен, есеп пен статистиканың біртұтастығын төменде берілген зандылықтардан көруге болады:

1) барлық кәсіпорындарда жүргізілеітін есеп жұмыстары оны толтыру әдістемелерінің бірегей болуы. Мысалы, барлық кәсіпорындарда өндірілген өнімнің көлемін есепке алу бір әдіспен, бір бағдарлама бойынша жүргізілетіндігі. Егер, осы көрсеткіштерді әр түрлі тәсілдермен есептейтін болсақ, онда оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды;

2) есептің бүл үш түрі әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырады және олардың арасында алалық, қайшылық, параллелизм (жарыспалылық) жоқ, олардың арасында көрсеілген көрсеткіштер бірімен-бірі тығыз байланыста болады;

3) бастапқы есеп құжаттарының біркелкілігі және оның негізі ретінде барлық есептер үшін бастапқы қүжаттар арқылы көрсеткіштер есепке алынады.

Демек, біртұтас есеп жүйелерінің жоғарыда көрсетілген зандылықтарын толығымен сақтаған кездерде ғана есеп жұмыстары дұрыс жүргізіледі.[3]

 

2. Статистика органының Қазақстан ұйымдастырылуы

Қазақстанда статистика органы тұңғыш рет 1919 жылы. Далалық өлке статистика басқармасы ретінде құрылып, оның міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді. Содан кейін статистика органын ұйымдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды. Мысалы, 1930-жылы статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен біріктіріледі және онда ол халық шаруашылық есеп бөлімі болып, ал 1931-жылы желтоқсан айында. Жоспарлау комитеті жанындағы Орталық халық шаруашылық есеп басқармасы болып қайта құрылады. 1941-жылы ол Жоспарлау комитетінің Орталық статистика басқармасы болып өзгертілсе, 1948-жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Советі жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта құрылады.

Орталық статистика басқармасы басқару және жоспарлау органдарымен тығыз жұмыс атқарады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері мен құбылыстары туралы есеп-қисап жүмыстарының дұрыс жүргізілуіне, ондағы көрсетілген статистикалық мәліметтердің толықтығына, ақиқаттылығына және әдістемелік біркелкілігіне Орталық статистика басқармасы жауапты. Сонымен қатар халық шаруашылығы салаларына қарай деректі мәліметтерді жинап, топтап және талдап, оны дер кезінде басшы орындарға беріп отырды, 1987-жылы тамыз айында статистика орнын ұйымдастыру жүйесінде үлкен өзгеріс болды. Мұнда Орталық статистика басқармасы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті болып өзгертілді. Ал 1995-жылы статистика органына республикада болып жатқан қоғамдық құбылыстармен процестерге талдау жасау жұмыстарының жүктелуіне байланысты "талдау" сөзі қосылып жазылатын болды. Сонымен, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнінде мемлекеттік комитеті болып қайта құрылады. Оның құқықтығы мен міндеттері Қазақстан Республикасы, Үкіметінің 1996-жылғы 18-қаңтардағы қаулысы бойынша бекітілген Ережеде анықталған және оны басшылыққа ала отырады.

1996-жылы 29-қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің, жариялығымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды және статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау жұмыстары бірыңғай талаптарға сай ортақ бағдарлама мен әдістеме бойынша жоғарыда көрсетілген ережеге сүйене отырып жүзеге асырылуда.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі елдің мемлекеттік статистикасына басшылық ететін, оның бүкіл ауағында статистикалық қызметтің мазмұны мен сипатын айқьндайтын, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының жайы мен үрдісін сипаттайтын қажетті статистикалық және экономикалық деректер деген мұқтажын қанағаттандыратын және халықаралық деңгейде статистикалық деректердің ақиқаттылығы мен әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы атқарушы өкіметінің орталық органы болып табылады.[4]

Тақырып 3. Статистикалық бақылау




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1346; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.