КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция 5
Лекция 3 Тақырып 4. СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ 1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, оның түрлері Статистикалық мәліметтерді жинақтау - статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып есептелінеді және ол қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісін зерттеуде шешуші роль атқарады. Статистикалық мәліметтерді жинақтау жай және күрделі болып екі түрге бөлінеді, жай жинақтау дегеніміз – жиналған мәліметтерді топқа бөлмей, қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Ол жиналған мәліметтердің көрсеткіштерін қосу арқылы есептелінеді. Күрделі жинақтау деп алдын - ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз. Статистикалық мәліметтерді жинақтау екі түрлі жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бірінші жолы - барлық мәліметгерді бір орталыққа жинап, осында қорытынды жасау. Екінші жолы - алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәліметтер жоғары сатыдағы мекемелерге тапсырылады. Мәліметтер екі түрлі тәсілмен - қолмен және машинамен жинақталады. Материалдарды шифрмен белгілеу, оларды жинақтап бөлу және оны қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау тәсілі электронды есептеу машиналары мен компьютер арқылы жүргізіледі. Жалпы алғанда, статистикалық жинақтау деп, бақылау нәтижесінде, жиналған бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерін өздеріне тән белгілері бойынша топқа бөліп, қорытынды көрсеткіштерді есептеуді айтады.[12]
2. Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері Статистикалық топтау әдісі деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады. Топтау әдісінің басты мақсаты - жиналған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп, ықшамдау, өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу керек екендігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Статистикалық топтау бір үлгідегі (типтік), кұрылымдық және талдаулык (аналитикалык) болып үш түрге бөлінеді. Бір үлгідегі (типтік) топтау деп біртектес топтарды, типтерді, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне карай саралауды айтамыз. Статистикалық топтаудың екінші бір негізгі мақсаты -қоғамдық құбылыстардың ішкі құрамын анықтау. Біртектес, біртипті жиынтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау деп айтамыз. Әлеуметтік-экономикалық және әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай топқа бөлуді аумақтық - құрылымды топтау деп атайды. Құрылымдық топтауды жүргізудің тәртібі төмендегідей: 1) топтаудың белгілерін анықтау; 2) топтау белгілеріне сай деңгей аралықтарын анықтау; 3) жиналған көрсеткіштерді топтарға және оның құрамдас бөліктеріне бөлу. Типтік топтауға тұрғындардың әлеуметтік құрамы бойынша топтау мысал болса, құрылымдық топтауға мысал 1- кестеде берілген.
Кесте.1 – Кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек стажы бойынша құрамы
Бір - біріне әсерін тигізетін талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстың өзгергендігін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Талдаулық (аналитикалық) топтауға мысал 2- кестеде көрсетілген.[13] 2- кесте. Жұмысшылардың еңбек стаж мерзімі және олардың еңбек ақысы
3. Статистикалық мәліметтерді топтаудың жай және күрделі түрі Жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топталған болса, ж ай топтау деп, ал екі немесе одан да көп белгілеріне қарай аталған, бөлінген болса онда оны күрделі топтау деп атайды. Сипатталатын топтау өздерінің өзгермелі мәндеріне сәйкес бүтін және деңгей аралықты топтауға бөлінеді. Топтау кезінде топтық белгілері бүтін санмен берілетін болса, онда ол бүтін санды Өзгермелі топтауға жатқызылады. Ондағы бөлініп алынған топтар саны сол берілген белгілердің мәніне сәйкес келеді. Егер топтау белгілері бүтін санмен емес, деңгей аралықты санмен берілетін болса, онда деңгей аралықты топтау деп атаймыз. Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында оның ең үлкен және ең кіші сандық мәнінің шамасын анықтап алу қажет. Оның тұрақты шамасы мына формула бойынша анықталады:
Мұнда d - деңгей аралығының тұрақты шамасы, X көп және Хаз топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мәндерінің Шамасы, п –топтық саны.
Әрбір топтың жоғарғы және төменгі шектерінің арасындағы рандық өзгеріс, яғни айырмашылық, топтаудың денгей аралыгынын тұракты шамасы деп аталады. Деңгей аралығының түрақты шамасын анықтау үшін 3 – кестеде бөлімдегі жұмысшылардың мамыр айындағы еңбек ақы бойынша мәліметтер берілген. Кесте 3. Бөлімдегі жұмысшылардың мамыр айындағы еңбек ақысы бойынша мәліметтер
Әрбір топтың деңгей аралығының төменгі және жоғарғы шекарасын (шегін) анықтаймыз. Мәліметтердің сандық көрсеткіштеріне байланысты бірінші топтың төменгі шегінің мәні 104,2 % -ға деңгей аралығының тұрақты шамасы 3,0 %-ы қосу арқылы осы топтың жоғарғы шегінің сандық мәнін табамыз, яғни ол 107,2 %-ға (104,2+3,0=107,2) тең болады. Екінші топтың деңгей аралығының мәнін табу үшін бірінші топтың үлкен мәнін екінші топтың кіші мәні ретінде аламыз да, оған тағы да деңгей аралығының тұрақты шамасы 3,0 %-ы қосып, екінші топтың деңгей аралығының жоғарғы мәнін табамыз, енді ол 110,2 %-ға (107,2+3,0=110,2) тең болады. Осы тәсілмен келесі топтардың да деңгей аралығының төменгі және жоғарғы шектерінің сандық мәндерін есептеуге болады. Жоғарыда берілген көрсеткіштердің топтық мәндері бойынша деңгей аралықтары бірдей 4 топ құрап және оны төмендегідей түрде есептеп анықтаймыз: 104,2-ден 107,2-ге дейін; 107,2 – ден 110,2-ға дейін; 110,2-ден 113,2-ге шейін және 113,2-ден 116,2-ге шейін.
Кесте 4. Кәсіпорынның екі бөліміндегі жұмысшылардың өнімді өндіру нормасын орындау деңгейі бойынша топтастырылған мәліметтер
Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады. Бастапқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестерге талдау жасалғанда қойылатын талаптарға толық жауап бермейтін болса, онда қайта топтау әдісі қолданылады. Ол екі түрлі тәсілмен жүргізіледі: біріншісі – бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып яки оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру; екіншісі- әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру керек болғанда проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру. 4- кестедегі берілген кәсіпорынның екі боліміндегі жұмысшылардың өнім өндіру нормасын орындау деңгейі бойынша; топтастырылган мәліметтерді қайта топтау арқылы олардың, көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыру мүмкіндігіне жету және талдау үшін, бірінші бөлімдегі топтастырылған мәліметтердің екінші бөлімдегі 100-ге дейін, 100-120, 120-150, 150-180, 180 200, 200 және одан жоғары топтарға қайта топтаймыз. Мұндай жағдайда қайта топтау әдісінің бірінші тәсілі қолданылады, яғни ұсак топтар деңгей аралығын қосып көбейту арқылы ірі топтарға айналдырылады және оның нәтижесі бойынша жаңа кесте құрылады және қортынды талдау жұмыстары жүргізіледі.[14] 4. Статистикалық таратпалы қатарлар, оның түрлері Статистикалық таратпалы қатарлар деп, қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп, топқа бөлуді айтады. Таратпалы қатарлар берілген белгілеріне қарай сандық және сапалык (атрибуттік) болып екіге бөлінеді. Егер жиынтық бірліктері сапалық белгілері бойынша топталып, ретке келтірілетін болса, яғни сапалық белгілердің жек«мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде берілетін болса, онда мұндай бөлінуді сапалық таратпалы катарлар деп атайды. Егер жиынтық бірліктері сандық белгілері бойынша ретке келтіріп, сипатталатын болса, онда мұндай бөлінуді өзгермелі таратпалы қатарлар деп айтады. Өзгермелі таратпалы қатарлар өздерінің сандық белгілеріне қарай, бүтін және деңгей аралықты болып екі түрге бөлінеді. Егер топтау негізіндегі сандық белгілер бүтін санмен берілетін болса, онда оны бүтін санды таратпалы катарлар деп айтады. Топтау негізіндегі сандық белгілер белгілі бір сан аралығымен берілетін болса, онда ол денгей аралыкты өзгермелі таратпалы цатарлар деп аталады. Таратпалы қатарлар негізгі екі бөліктен (варианттан жэне олардың жиілік көрсеткіштерінен) тұрады. Вариант деп топтау кезіндегі статистикалық таратпалы қатарлардың сандық немесе сапалық белгісі бойынша бөлінуін, ягни статистикалық таратпалы қатарлардың нені зерттейтіндігін аныктаушы көрсеткішті айтамыз. Статистикада вариант х әріпімен белгіленеді және кестенің сол жағындағы бағанаға орналасады. Жиілік деп әр топтағы варианттың сандық көрсеткіштерін, яғни сол варианттың өз қатарында қаншалықты қайталануын көрсететін көрсеткіштердің жеке мәндерін айтамыз. Статистикада жиілік Ғ әрпіменен белгіленеді және кестенің оң жағындағы бағаналарға орналасады. Бір варианттың бірнеше жиілік керсеткіштері болуы мүмкін. Варианттың жиілік көрсеткіштері өз мәндеріне қарай бірнеше н беріледі: нақты, қатысты немесе бүтін жэне бөлшек сан ретінде. Онда оларды варианттын жиілгі деп атаймыз. 5. Статистикалық кестелер туралы жалпы түсінік Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың және топтаудың қорытынды көрсеткіштері кесте түрінде беріледі. Әрбір зерттеуші дұрыс кесте құрастырып, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштерін нақты және толық көрсете алуы, талдауы және зерттеу нәтижесінде қажетті басқарушылық шешімдерін қабылдауы қажет. Статистикалық кесте дегеніміз – сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану. Оның негізгі бөліктері мен элементтері төмендегі үлгіде көрсетілген:
Кестенің реттік саны және кестенің аты (жалпы басқы аты)
Кесте бағаналары Қорытынды бағана
Статистикалық кесте деп көлденең және тігінен сызылған сызықтардың бір – бірімен сәйкесті қиылысуын айтамыз. Көлденеңінен сызылғын сызықты «жол», ал тігінен сызылған сызықты «бағана» деп атайды. Статистикалық кестеге рет номері және жалпы кестенің басқы аты беріліп, онда қысқаша кесте не туралы екендігі баяндалады және қай жерде, қай уақытта мәліметтің болғандығы көрсетіледі. Сонымен қатар, әрбір жолдары мен бағаналарына өздерінің мағынасына қарай қысқаша аттары, ал ішіндегі тор сызықтарға көрсеткіштердің сәйкесінше сандық мәндері жазылады. Статистикалық кесте екі элементтен: бастауыш және баяндауыштан құралады. Бастауыш дегеніміз – зерттелетін зерзаттың, сандарын суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Бастауыш кестенің сол жағына орналасады және жолдардың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш - зерттелініп жатқан зерзаттың сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Баяндауыш кестенің оң жағына орналасады және баганалардың аты ретінде беріледі. Егер де баяндауыштың көрсеткіштері баяндауыштан көп болатын болса, онда олардың орындарын ауыстыруға яғни бастауышты баганаларда баяндауышты жолдарды көрсетуге болады.[15] 6. Статистикалық кестенің түрлері. Бастауыштың құрылысына карай статистикалық. кестелер жәй, толық және күрделі болып үш түрге бөлінеді. Бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп. кестеде процестер. құбылыстар және зерзаттар аттары көрсетілсе, ондай кестені статистикалык жай кесте дейміз. Жай кестенің үш түрі болады тізімдік, аумақтық және храналогиялық ( мерзімдік). Тізімдік жәй кесте бастауышында зерттелетін аумақтың (облыстың. ауданнын) тізімі берілетін болса онда оны аумақтық жәй кесте деп атаймыз. Кесте бастауышында уақыт мерзімі (жыл, токсан, ай, күн}, ал баяндауышында сандық көрсеткіштер берілетін болса, онда оны храналогиялық жай кестс деп айтамыз.
Кесте 5. – Қазақстан өнеркәсіп өндірісінің өндірген негізгі өнімдері
Кесте бастауышында облыстардың немесе аудандардың аттары, ал баяндауышында уакыт мерзімі бойынша көрсеткіштері көрсетілген болса, онда оны хронологиялық тізімді кесте деп атайды. Кесте бастауышы топталған белгінің негізінде құрылған болса, оңда оны топты кесте дейміз. Кестенің бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы да басқа бір белгілері бойынша жеке бөліктерге белінсе, оны кұрама кесте деп атаймыз. Кесте құрастырудың өзіне тән негізгі ережелері бар: кестенің жоғары жағында оның нақты аты жазылып, бастауыш пен баяндауышын дұрыс жазып толтыру, яғни сөздерін толық беру қажет. Бірақ, жолдарда, бағаналарда көрсетілген, көрсеткіштердің қай уақытта, қай жердеи алынғаны, өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс. Егер көрсеткіштер жоқ болса, онда кестеде «-» сызықша белгісі, ал толтырылмайтын тор пайда болса, онда «х» әрпі қойылады. Кестеде есептелген мәліметтер берілген болса, оңда түсіндерме, ал ерекшелігі бар көрсеткіштер ұшін қайдан мәліметтер қайдан алынғаны туралы сілтеме, ескертпе берілуі тиіс.[16]
Кесте 6. - Қазақстанның сыртқы сауда айналымының мемлекеттер бойынша құрылымы
Өзін өзі бақылау үшін сұрактар 1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау және оның түрлерін түсіндіру. 2. Статистикалық топтау эдістері жэне мақсатгары 3. Сапалық және өзгермелі таратпалы қатарлар
Семинар сабағы сұрақтары 1. Статистккалық мәліметтерді жинақтау жэне топтау мақсаты 2. Статистикалық мәліметтерді топтау әдістерін мысал шешіп талқылау. 3. Статистикалық таратпалы қатарлар, оның түрлері бойынша есеп шығару.
Тақырып 5. Нақты және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс
Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 3782; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |