Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 3




1. Статистикалық бақылау туралы түсінік

Статистикалық бақылау статистикалық зерттеудің бастапқы кезеңі. Статистикалық бақылаудың нәтижесінде қоғамдық құбылыстар мен процетердің және зерзаттар жайында жиналған бастапқы мәліметтер статистикалық зерттеудің екінші және үшінші кезеңдерінің негізін қалаушы болып табылады.

Статистикалық бақылау – қоғам өмірінің көптеген құбылыстар мен процестер туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйе тіркеу, жинау тәсілі айтылады.

Статистикалық бақылаудың алдына қойған негізгі мақсаты - зерттеліп отырған зерзаттар (объектілер) туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін, ғылымға негізделген, салалы мөлжеттерді белгіленген мерзімде жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс:

1. Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.

2. Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтауы қажет және қоғамдық құбылыстар процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс. Себебі дұрыс ұйымдастырылмаған, толық қамтылмаған және жан-жақты қарастырылмаған бақылау процесіне талдау жасағанда нәтижелі қорытынды шықпайды. Мұндай жағдайда статистикалық бақылау өзінің әлеуметтік-экономикалық маңызы мен мәнін жоғалтады.

3. Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті көрсетуі үшіи оның сапалылығы жан-жақты, ұқыпты түрде, әрі өз уақытыңда тексерілуі тиіс. Өйткені. бақылау көрсеткіштеріндегі орын алған жетіспеушіліктер, кемшіліктер, ауытқушылықтартар өңдеу Процесінде толық түзету жасауға мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан ғылыми негіздегі қорытынды және экономикалық баланс жасауымыз қиындыққа әкеліп соғады, тұйыққа тіреледі.

4. Статистикалық бақылау ғылыми негізде, алдын-ала жасалынған бағдарлама-әдістеме негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және одан алынған мәліметтер ддрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.[5]

 

2. Статистикалық бақылауды ұйымдастыру және оның бағдарламасы.

Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың мәні Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оның ұйымдастыру жоспары жасалынады. Мұндағы негізгі қарастырылатын мәселе бақылаудың мәні мен маңызын, міндетін және алдына қойған мақсатына байланысты бастапқы мәліметтерді жинаудың формаларын, түрлерін, тәсілдерін, орнын анықтау болып табылады. Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін алдын ала бағдарлама жасалуы тиіс. Бірақ алдымен статистикалық бақылаудың мақсаты мен міндеті анықталады да, соңынан оның бағдарламасы жасалынады.

Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі ең негізгісі - статистикалық бақылауды жүргізудегі алдына қойған мақсат, оның өзі сол жүргізілетін зерттеудің мән мен маңызына байланысты. Бұл дегеніміз бақылауды не үшін және қайда жүргізетінімізді, қандай мәліметтердің жиналатындығын, қалай өндеу керек екендігін, қолданылатын кестенің пішінін және есептеу тәсілдерін анықтау болып табылады. Сол себепті статистикалық бақылауды ұйымдастыру және оның бағдарламасын жасау мағынасы жағынан өте күрделі жұмыс болып есептелінеді.

Статистикалық бақылау зерзаты дегеніміз - зерттеуге жататын әлеуметтік кұбылыстар мен процестер жиынтығы. Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми жүйеде ұйымдастыру кезеңінде ең бастысы - бақылау зерзатынъщ шегін дұрыстап анықтау. Егер бақылау зерзатьшың шегі дұрыс анықталмаған болса, онда оның кейбір бөліктерінің зертгеуден тыс қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде басқа зерзаттардын кіріп кетуі де мүмкін.

Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек злементтерден тұрады және оны нышандарына қарай бір-бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны статистикалық бақылау бірлігі деп атайды.

Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерггеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін айтады. Бақылау бірлігін анықтау - зерггеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына қойған мақсатына, атқаратын міндетіне байланысты.

Статастикалық жиынтық бірлігі - жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгісі. Мысалы, республикадағы ұжымшарлардың, өнеркәсіп орындарының, халықтың жиынтық бірліктері болып ұжымшар, кәсіпорын және адам есептеледі.

Статистикалық бақылаудың бағдарламасы - статистикалық зерттеуді жүргізер алдында оның зерзатын, жиынтық және бақылау бірліктерін анықтағаннан кейін, негізгі бір ұйымдастыруға жататыны бақылау бағдарламасына жете дайындала білу. Статистикалық бақылау бағдарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды, жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығын айтады.

Бақылау бағдарламасын қүрастыру кезінде бельгая ғалымы А. Кетленің үсынған төмендегі ережесін естен шығармауьмыз керек:

1) бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі және ондағы көрсеілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтауы тиіс;

2) бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұрақтардың кіргізілгені жөн;

3) бақылау бағдарламасына кіргізілген сұрақтар жауап берушіге кері әсерін тигізетіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүрізілген сияқты күдік туғызбауы керек.

Статастикалық бланк (формуляр) дегеніміз - бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға және керекті мәліметтерді жинауға арналған бір бет қағаз (бірнеше бет болуы да мүмкін). Олар әр түрлі атпен аталуы (бастапқы есеп беру формасы, карточка, бланк, акт, табелъ, санақ қағазы, сұрақ қағазы және т.с.с.) әбден мүмкін. Әрбір формулярда титулдық және мекен-жайлық көрсеткіштер жеке бөлім ретінде көрсетіледі.

Статистикалық тәжірибеде формулярдың жеке-дара, яғни карточкалы және тізімдік екі түрі қодцанылады. Жеке-дара немесе карточкалық формулярда әрбір бақылау бірліктерінің мәліметтері жеке бланкіге толтырылады. Тізімдік формулярда бір бланкіге екі немесе одан да көп бақылау бірліктерінің мәліметтері көрсетіледі.

Статистикалық бақылау кезінде қолданылатын құжаттарды (бланкілер, нұсқаулар және т,б.) жұмыс жабдықтары деп атайды.[6]

 

3. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың түрлері

Статистика мекмелері бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын (формасын) қолданады. Оның біріншісі - есеп беру, екіншісі - арнайы ұйымдастырылған бақылау.

Статистикалық есеп беру статастикалық бақылаудың негізгі формасы болып саналады. Е сеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралығында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті орындарга тапсырып отыруды айтамыз.

Халық шаруашылығы салаларының барлығы бекітілген үлгіде және көрсетілген уақытта міндетті түрде есеп беруге тиіс. Және ондағы көрсетілетін көрсеткіштер барынша анық, дұрыс болғаны жөн.

Бухгалтерлік есеп беру формалары статистикалық мәліметтерді жинаудың неігізгі көзі болып саналады Статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі - жалпы мемлекетгік есеп беру, яғни барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде тапсырып отырады.

Екіншісі - ішкі ведомстволық есеп беру, яғни әрбір ведомстваның, министрліктің өздерінің ішкі істерін басқару үшін қолданатын мәліметтер жинағы.

Мемлекетгік және ведомствалық есеп беру формалары қолданылуына қарай бір үлгідегі (бір типтегі) және мамандандырылған болып екіге бөлінеді. Барлық халық шаруашылығы салаларына бір үлгідегі (типтегі) есеп беру формасында керсетілетін көрсеткіштер ортақ, яғни бірдей болады.

Мамандандырылған есеп беру формасында (үлгісінде) әр-бір кәсшорын, мекеме ұжым немесе шаруашылық өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне байланысты ондағы көрсетілетін көрсеткіштер де өзгеріп отырады.

Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру төмендегідей түрлерге бөлінеді: шұғыл (бір күндік, бес күндік, он күндік, он бес күндік), айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық.

Есеп беру мәліметтердің келіп түсуіне, жеткізілуіне қарай почталық және телеграфтық болып екіге бәлінеді. Негізгі, мәліметтер құжат түрінде почта арқылы жеткізіледі, ал телеграф, телетайп, телефон арқылы тек шұғыл мәліметтер ғана беріледі, соңынан құжаттармен куәләндырады.

Арнайы ұйымдастырылған бақылау - есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда, немесе жинауға мүмкіндік жоқ болса, онда сол керекті мәліметтерді жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмыстары жүргізіледі. [7]

 

4. Статистикалық бақылаудың түрлері

Статистикалық бақылау бағдарламасы жасалынғаннан кейін бақылаудың мақсатына байланысты бақылаудың түрін анықтау қажет. Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған зерзаттың жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жартылай бақылау болып екі түрге бөлінеді.

Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады.

Зерттеліп жатқан жиынтық бірліктерін толық қамту мүмкіндігі болмаған жағдайда және қаржылай шығын мен жұмыс көлемін көбейтіп және уақытты созбау үшін жартылай бакылау тәсілі қолданылады, онда зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бөліктері ғана қамтылады.

Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке аукымды (монографиялық) және ж иынтықтың негізгі бөлігі болып үш түрге бөлінеді.

Жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын - ала іріктеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, онда оны ішінара бақылау деп атайды. Ішінара бақылау жартылай бақылаудың ішінде ең көп қолданылатын жетілдірілген түрі және статистикалық зерттеуде оның атқаратын ролі өте жоғары.

Жеке қоғамдық құбылыстың, зерзаттың кейбіреулері ғана белгілі бір мақсатта егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттелетін, анық және айқын жазу арқылы көрсетілетін болса, онда оны жеке ауқымды (монографиялық) бақылау деп атайды.

Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай, жалпы жиынтықтың негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктері болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау деп атайды.

Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу, үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңдік болып екі түргебөлінеді.

Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау деп болған фактінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, белгілі уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады.

Үзілісті бақылау деп зерттеуге алынған құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады.

Үзілісті бақылау уақыт мерзіміне қарай кезеңдік, мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді. Зерттеу жұмысы бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда оны кезеңдік немесе мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары бірақ рет жүргізілетін болса, онда оны бір жолғы бақылау деп атайды.

Статистикалық бақылаудың шекті уақыт кезеңі дегеніміз - зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн мен уақыт мерзімі.[8]

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 2180; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.