Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция 1




Дополнительная

Основная

1.Обуховец Т.П. Основы сестринского дела. - Ростов-н/Д: Феникс, 2004. – с.514.

1. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Первая медицинская помощь: Учебник.- 7-е изд, перераб. и доп..- М.:Медицина,2000.-244 с. (Учеб. литература для уч-ся мед. училищ)

2. Гребенев А.Л., Шептулин А.А. Основы общего ухода за больными.- М.:Медицина,1991.- 256 с.

3. Обуховец Т.П. Основы сестринского дела: Практикум. - Ростов-н/Д: Феникс, 2004.- 480 с.

4. Фомина И.Г. Общий уход за больными.- М.: Медицина,2000.- 304 с. (С.9-43), 369

5. Яромич И.В. Сестринское дело: Учеб. пособие.- Мн.: Высшая школа, 2001.- 431 с.

9. Контроль: Вопросы СРС включены в вопросы дифференцированного зачета

1. Понятие о почечной колики.

2. Первая медицинская помощь при приступе почечной колики.

3. Порядок действий медицинской сестры при приступе почечной колики.

 

1. Статистика туралы түсінік және оның даму тарихы

 

«Статистика» - латынның статус (status) деген сөзі - қазақшаға аударғанда заттың, нәрсенің, құбылыстың жай - күйі деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің, негізінен, итальянның, «stato» -мемлекет, (statisto) – мемлекеттің жағдайын жетік білу деген сөзі шығады, Қазіргі кезде «статистика» термині төмендегідей әр түрлі мағынада қолданылады:

- статистикалық мекемелер арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;

- статистика - статистикалық жинақтарда, акықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық керсеткіштер;

- статистика - қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

Статистика қоғамдық ғылым ретінде кейіннен пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымның даму процесінің бастамасы XVII гасырдың аяқ кезінен Англиядан басталады. Оның ңегізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620 - 1674) пен Вильям Петтидің (1623 - 1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады. В. Петтидің еңбегінің маңыздылығы сонда, ол сандық көрсеткіштер заңдылығын колдана отырып, қоғамдағы болып жатқан көптеген кұбылыстар мен өзгерістерді анық көрсеткендігі, яғни өңдеу, талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін айқындағаны.

Статистика тарихының екінші бір бастауы «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан неміс ғалымы Г.Конрингтің (1605-1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттаиу ғылымында жатыр. Мұнда статистика география, этнография, заң және басқа да ғылым салаларымен бірге зерттеледі. Себебі, статистиканың саяси экономикадан және басқа да әлеуметтік-экономикалық пәндерден әлі де жігін ажырата қоймаған кезі еді.

Статистиканың одан ары дамуына көптеген ғалымдар ездерінің ғылыми екбектерімен атсалысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай кетуге болмайды неміс ғальмы Г.Ахенваль (1719 - 1772), бельгия ғалымы А. Кетле (1796-1874),англия ғалымы А.Боули (1869-1957) және тағы баскалар. Мысалы,XIX ғасырдың ортасына қарай бельгия ғалымы А. Кетле және оның шәкірттері статистикалық қатарларда бірмен-бірі

байланысты заңдылықтардың бар екендігін дәлелдеді.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX гасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәлел бола алады.

Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын колдану арқылы кептеген сандық керсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталды. Бұл салада П.Л.Чебышев, А. А. Марков, А.М. Ляпунов, С. Н. Бернштейн сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті. Бұл кезде мемлекеттік статистика органдары да жетіліп, дами бастаған еді.

Сонымен, статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік, экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді жэне ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады.[1]

 

2. Статистика пәні және оның зерттеу зерзаты

 

Статистика - қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым - қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қ оғамдық ғылым.

Қоғамдық ғылым ретінде, республикада болып жатқан жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды. Статистика әлеуметтік-экономикалық кұбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданады. Статистиканың сандық жағы деп, зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрде сипаттауын айтады.

Біріншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін. мөлшерін зерттейді.

Екіншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді.

Үшіншіден, статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым-қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.

Статистиканың негізгі қасиеті - қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып оның сапалық мәнін де анықтайды. Сандық пен сапалық көрсеткіштер бірімен-бірі өзара тығыз байланыста болады Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән түрінде берілуін айтады.

Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтык бірліктері деп аталады және олардың әрқайсын сипаттайтын ортақ қасиеттерін статистика тілінде белгі деп атайды.

Белгілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі. Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Оны статистикада өзгермелілік (варияция) деп атайды.

 

3. Статистикалық әдістер және оны зерттеу кезеңдері

Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстармен процестерге зерттеу жүргізу барысында қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ, басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қолданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді: 1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәлеметтерді жинау; 2) жиналған мәлеметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, оңдеу және жинақтау; 3) жинақталған, өңделген мәлеметтерге талдау жэне қорытынды жасау. Осы көрсетілген әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атайды.

Статистикалық бақылау - статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір факторды өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықтың толық қамтылуын, анық та, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді жинау.

Статистикалық бақылау әрқашанда кең көлемді, толық жүргізіледі. Демек, бақылау кезінде жиналған мәліметтер неғұрлым көп болатын болса, көрсеткіштер соғұрлым толық және айқын болып келеді. Бұл - статистиканың үлкен сандар заңын қолдануы деген сөз. Статистикалық бақылау жүргізу кезінде кездейсоқ қателер болмай коймайды. Алайда, олар математикалық статистика арқылы яғни ықтималдықтар теориясы бойынша анықталады.

Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл - статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау аркылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға және іштей жіктерге бөлінеді. Зерттеудің бұл кезеңінде коғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері ірілендіріледі, жекелеген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептеледі.

Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау. Бұл-статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. Мұнда жинақталған, топталган, өңделген статистикалық корсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік катарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнеленеді Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау жэне солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.

Статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы арасында қолданысына қарай өзара айырмашылығы бар. Бірақ олар бірінен-бірі бөлінбейді. Мысалы, бақылаусыз топтау болмайды, ал топтаусыз талдау немесе қорытынды жасалынбайды. Демек, статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы бір-бірімен тығыз байланысты.[2]

 

Тақырып 2. Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1679; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.022 сек.