КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сын есім –имя прилагательное
Заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, көлемін, иісін, тағы басқа қасиеттерін білдіретін сөздер сын есім деп аталады. Сын есімнің сұраулары- қандай? қай? Тұрақты белгілері:
Ескерту: 1. Сапалық сын есім - сын есімнің негізгі түп қазығы. 2. Қатыстық сын есім басқа есімдер мен етістіктерге жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.
Сын есімнің зат есімге айналуы. Егер сын есімдерге жалғаулар (көптік, септік, жіктік, тәуелдік) жалғанса, ол зат есімге айналады. Мысалы:ақтар – тар- көптік жалғау ағы –ы – тәуелдік жалғау аққа – қа – септік жалғау ақпын – пын – жіктік жалғау
Сын есімнің шырайлары- степени сравнения прилагательных
Сын есімнің синтаксистік қызметі 1. Сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады. Мен жіңішке ине алдым. – жіңішке –анықтауыш 2. Сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Қызылдар ақтардың тас-талқанын шығарды. - қызылдар -бастауыш 3. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Мен өте жүйрікпін. -ж үйрікпін – баяндауыш 4. Сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесепат. - жақсыдан, жаманнан – толықтауыш 5. Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Жақсы студент үздік оқиды. – үздік –пысықтауыш
Сын есімнің морфологиялық талдау үлгісі
Абайдың жүзінде ақшыл, сұрғылт тартқан бір толқын пайда болды. Ақшыл – сын есім 1. Мағынасына қарай –сапалық 2. Тұлғасына қарай –туынды 3. Құрамына қарай – дара 4. Салыстырмалы шырай - ақ- түбір, -шыл – салыстырмалы шырайдың жұрнағы 5. Синтаксистік қызметі - қандай? сұрағына жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады 6. Сұрғылт та осылай талданады. Бекіту №1-жаттығу Сапалық сын есімдер мен қатыстық сын есімдерді екі топқа бөліп жаз: Ақ, қызыл, жаман, балалы, аталық, нашар, шөпті, тәуір, кең, балықсыз, сөзшең, үлкен, кіші, ұйқышыл, тәтті, сөзшең, ашық, сынық, ауыр, жеңіл, тез, ынталы, дарынды, сары, биік, таулық, мұртты. №2-жаттығу Мына есім сөздерден жұрнақ арқылы туынды сын есім жаса: мал, өнер, ой, қала, аудан, жаз, күз, қыс, көктем, ынта, жігер, дос, ұйқы, №3-жаттығу Дара және күрделі сын есімдерді бар сөйлемдерді екі топқа бөліп жаз: Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Арық бұзау тез тұра алмайды. Қызық әңгіме басталып кетті. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар. Жапырақтар қызыл сары түске боянды. Мына сөзде терең мағына бар. Жадыра- көп балалы ана. Жібек көйлекті қыз алдымнан шықты. Көктемдей құлпырған көңілі алас ұрды. №4-жаттығу Сөйлемдегі сын есімдердің шырайларын анықта: Жазушы ащы шындықты жайып салды. Мен осы жағдайды толығырақ білгім келеді. Мына тақырып мен үшін жеңілдеу екен. Сені ең жақын досым дер едім. Аспан бозғыл тарта бастады.Қоңыр күз де келіп жетті. Неге мына көйлектің етегін қып-қысқа етіп қидың? Бұл менің тұңғыш рет Астана қаласына келуім еді. Неге сенің жүзің қуқыл тартып тұр? Мына матаның көкшілтімінен ал. №5-жаттығу Сөйлемдегі сын есімнің синтаксистік қызметін белгіле: Мен қиын кезеңдерді бастан кештім. Қалаға ақтар баса көктеп кірді. Балам, жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Ол менің тұңғышым. Оның бүгін көңіл-күйі өте көтеріңкі.
Дата добавления: 2014-12-27; Просмотров: 2211; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |