КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Терме диктант
Бекіту Бекіту Бекіту №1-жаттығу Шылауларды тауып, мағыналарын ажыратыңдар. 1. Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз. 2. Жақып Рабиғаны пәтеріне дейін шығарып салатын болды. 3. Ит иесі үшін жүгіреді, құс тамағы үшін ұшады. 4. Жарлы болсаң да, арлы бол.5. Балам, сен конькиіңді жоғалтқан соң, канша жүрдің? 6. Алыстан дыбыстар ғана естіледі.7. Әскерде командир айтты бітті, ал мұнда басқаша. 8. Егер мен Президент болсам, халықтың жағдайын өзгертер ем. 9. Қыста алтыға таман қараңғы түсе бастайды.10. Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.11. Сен қазақтың белгілі әншілерін білесің бе? 12.Өмірден өз орнын тапқан-ды.13. Айтқанына сенгің келеді-ау, бірақ сөздері шындықтан алыс.
№2-жаттығу Сөйлемдердегі көп нүктеннің орнына жақша ішіндегі шылау сөздердің аудармасын жаз. Ағылшын тілін бұрын оқыған жоқпын,...(потому-что) басқа мектепте оқыдым. Сен қазақтың белгілі батырларын білесің...(ли)? Өткен сабақта болған жоқпын,...(поэтому) үй тапсырмасын орындай алмадым. Мен қазақша түсінемін,...(но) сөйлей алмаймын.Мен Абай...(об) реферат жаздым. Бұл кітап орыс... (и) неміс тілдерінде басылып шықты. Мен бүгін...(или) киноға барамын,..(или) театрға барамын. Ол мені үйге...(до) шығарып салды. Мектептен...(после) мен университетке түсемін.Көкөністер татымды емес,...(вместе с тем) өте пайдалы. Әміре Қашаубаев Париждегі концерттен... (после) Еуропаға белгілі болды. Отан...(для) отқа түс, күймейсің. Шешендік сөздерді оқығаннан...(после) әдебиетке қызығып жүрмін.
№3 –жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз, шылау сөздердің астын сыз. Оларды түрлеріне қарай ажырат. Мақтасақ – әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді...Отыз жыл бойы Темір бір рет езу тартқан емес-ті... Содан бері отыз жыл бойы Темірдің жүрегі...мүлде жабылып қалған! Әңгіме осы Ақсақ барыс жайында!.. Әйтпесе, жер тәңірісі Темірдің ала шатырын жел ұшырып әкету де мүмкін емес пе? Бұл тастар оның үстінде бес-ақ мыңдай екен... Ол мың рет қанға батып шықты ғой. Сондықтан, қаннан қалған тоттың ізі ап-айқын. Сонан соң сөзін бастады. Аңдар адамнан гөрі де, өз баласын артық сүйеді. Аристотельді де, Фирдоусиді де ана тапты. Ескендір мен соқыр Гомер де ананың баласы. Бұл шындық қой. Мұнымен бірге мен де күтіп отырамын. / Ғабит Мүсірепов «Өлімді жеңген ана» / №4-жаттығу Шылау сөздерді пайдаланып қазақ тіліне аудар. 1. Правда ли, ложь ли? 2. И стар, и млад –он. 3. Ты же настоящий герой. 4. Дайте ему в руки только домбру. 5. Река Или после Капчагая впадает в Балхаш. 6. О роли пословиц-поговорок нам рассказала учительница. 7. Ради Родины в огне не сгоришь. 8. До открытия памятника здесь ничего не было. 9. Вместе с тем это очень полезно. 10. В наурыз коже добавляют семь компонентов, потому что цифра «семь» для казахов священное число. 11. После чтения образцов ораторского искусства меня заинтересовала қазахская литература. Оқшау сөздер (обособленные слова)
Сөйлемдегі ойға белгілі дәрежеде қатысы бола тұра, сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланысқа түспейтін жеке сөзді не сөздер тобын оқшау сөздер дейді
№1-жаттығу Оқшау сөздерді тауып түрлерін анықтаңдар, тыныс белгілерін түсіндіріңдер. 1. Менің ойымша, сенің айтқаның дұрыс болар еді. 2. Агроном жолдас, сіздің мына кісіге қандай көмегіңіз болады? 3. Кезіккенің жақсы болды ғой, шырағым. 4. Тегі, ол бүгін келмейін деген ғой. 5. О, сені көргеніме өте қуаныштымын! 6. Бұл не, әй! 7. Беу шіркін, таудың ауасы қандай керемет! 8. Әрине, оқуымды тастамаймын. 9. Шынында да, өзің бір қызық адам екенсің. 10. Амал не, сен мені дұрыс түсінбедің! 11. Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның? 12. Жол болсын, Есеке, сізді көргеніме қуаныштымын.
№ 2-жаттығу Түсіндірме диктант - Е, не бопты соншама? – десті біреулер. - Менің ұғуым қате болмаса, осы жаққа патша келеді дей ме, болмаса патша елден кісі шақыртқан дей ме, әйтеуір бір сондай үлкен іс бар... - О-хо-хо!...-деді урядник аузын ашып... - Шырағым, жоғары шық! –деді Байсақал... «Әке, қойшы сол сөзді»,- деді Итбай қабақ шытып. «Ой, тәйірі-ай, сол ма?» -десті үйдегілер. Ол, тегі, жалпы орысша білетін кісіден қорқатын. «Рақмет, ақсақал!»-деді Асқар түрегеп.Той қайырлы болсын, апа! Қойшы, қалқам, жылбысқаның етін айтамысың? Оқасы жоқ, дәм татқанымыз да болады. «Ойбай, енді», -десті көпшілік шулап. «О, сорлы ауыл! - деп өкінді Асқар ішінен,- жаралы ауыл!... Сырқат ауыл!» «Жеңгей, сіз білесіз бе, жәмшік Кенжетайдың ағасы қайда тұратынын? –деді Асқар жолда жолыққан бір орыс әйелге. Балтабек –ең үлкені. Екінші –Темірбек ортаншы ағасы. Үшінші –Кенжетай кенже ағасы. (Сәбит Мұқанов «Ботагөз») №3 - жаттығу Төмендегі оқшау сөздерді мағынасына қарай ажырат, сөйлем құра. Әлде-әлде, кіс-кіс, бәрекелді, алақай, өкінішке орай, апатай, пай –пай, ойбай, біріншіден, меніңше, қап, мүмкін, мырзалар мен бикештер, түу, менің ойымша, шөре-шөре.
№4 –жаттығу Оқшау сөздерді тауып белгіле. Жатқа айт. Қой баласы қоңырым, Қойдай жуас момыным. Шопан ата түлегі – Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт! Жауын жауса бақырған, Ешкі атасын шақырған, Өрісте өскен жануар Шекетайым, қайдасың? Шөре-шөре! Жолға шықсам, көлігім, Жапанда жүрсем серігім, Қамбар ата өсірген Құлыным менің, қайдасың? Құрау –құрау! Тілімен мұрнын жалаған, Тіліменн бойын тараған, Көкке мұрнын шүйіріп Көз төңкеріп қараған, Зеңгі баба өсірген Әукешім менің, қайдасың? Екі көзі танадай, Екі өркеші баладай, Елпеңдеген ойнақтап, Енесіне қарамай, Ойсылқара баласы Ботақаным, қайдасың? Көс-көс! (Халық ауыз әдебиетінен)
№5-жаттығу Қаратпа сөздерді белгіле, жатқа айт. Қарға Қарға, қарға, қарғалар, Қар үстінде жорғалар; Боран соқса қор болар, Орман жаққа қорғалар!
№6-жаттығу Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жаз. Одағайларды тауып, тыныс белгілерін түсіндір. 1. Е, бейне, неғып тыжырынып қалдың? Дәл төбеңнен түскені жақпады –ау, ә, Абайдың? 2. Уай, Оразбай, не дауың бар? 3. Япырай, қалай өзгерген? Синтаксис Морфология сияқты, синтаксис те грамматиканың құрамына енеді.Ал синтаксис өз ішінде екі салаға бөлінеді: сөз тіркестері синтаксисі және сөйлемдер синтаксисі. Сөз тіркестері синтаксисі- синтаксис словосочетаний
Сөйлемдер синтаксисі – синтаксис предложений
Жай сөйлем түрлері –виды простых предложений
Сөйлем мүшелері –члены предложения
Құрмалас сөйлем-сложное предложение Салалас құрмалас сөйлем түрлері-виды сложносочиненных предл.
Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері-виды сложноподчиненых предложений.
№1-жаттығу Сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қой, түрін анықта: Сен ауа-райын тыңдадың ба Анар, сен бүгіннен қалмай бұл жұмысты орында Мен көктем мезгілін жақсы көремін Неткен құдіреті күшті сұлулық
№2-жаттығу Жай сөйлемдердің түрін анықта: Институт бізге жеке бөлме берді. Асанның маған ештеңе айтқысы келмеді. Қар жауды. Ашық аспан. Түн. Менің көңіл-күйім болмай тұр. Сен келесің бе? Келемін.
№3-жаттығу Сөйлем мүшелеріне талдау жаса: Біз кеше Қастеев атындағы өнер мұражайына бардық. Ол шетелге машина сатып алу үшін барады. Жас жігіт сыбызғыны ойнай бастады. Әр қалықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар.Біздің қазақ халқының сондай қасиетті жері – Түркістан қаласы.
№4-жаттығу Құрмалас сөйлем түрлерін анықта: Таң атты, бірақ мен төсегімнен тұрған жоқпын. Бұл жерде не мен тұрамын, не сен тұрасың. Мен досымды сыйлаймын, себебі ол үнемі шындықты айтады.Қонақтар келді де, дастарханға отырды. Қонақтар қуырдақ жеді және шай ішті. Кеш болса да, қонақтар үйлеріне қайтпады. Олар ән салып, домбыра тартты.Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.Университетке түсу үшін, мектепте жақсы оқу керек. Бүгін күн бұзылып, дауыл тұра бастады.
№5-жаттығу Тура және жанама толықтауышты анықта: Мен кітапты көп оқимын. Ол досынан көп үміт күтеді. Дүкенге барсаң, пойыздан қалар едің. Сен досыңды құрметте. Аспанды қара бұлт торлады. Осы ережені дәптерге жазып ал.
Бақылау диктанты Жалаң сөйлемдердің астын сыз: Бір кезде боран басылды. Есіктің киізін ары-бері жұлқыладым. Есік ашылды. Қарды ішінен ойдым. Сыртқы сәуле қараңғы қосқа құйылды. Іннен шыққан суырдай, тесіктен мен де шықтым. Жел басылыпты. Боран ашылыпты. Күртік қар қостың төбесін басып кетіпті. Шыққан күн көтеріліп қалған екен. Ауа райы жылы. Теп-тегіс ақ қар басқан дала күнге шағылысып, ақ жібектей жалтылдайды. Қарлы дала да, ашық аспан да, күн де маған қарап жымияды.
Шартты бағыныққылы сабақтас құрмалас сөйлемді теріп жаз: Біздің топта өте бір білімді жігіт бар. Оның аты Андрей. Андрей мектепті жедел бітірген. Ол арнайы мектепте оқымаса да, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, сауатты жазады. Компьютер курсын оқымағанмен, интернетке шығып, әртүрлі бағдарлама құрастыра береді. Оның тағы бір қасиеті көркемсурет мектебінде оқымаса да, суретті әдемі салады. Арнайы музыка мектебін бітірсе де, музыканы онша ұната бермейді.
Шығармашылық диктант Сұрақтарды пайдалана отырып, сөйлемдегі ойды жалғастыр, салалас құрмалас сөйлемдер түрін анықта: Әйгерім екеуміз көрші тұрамыз, (сондықтан не істейміз?).... Әйгерім екеуміз мектепке кейде жаяу барамыз, (кейде қалай барамыз?)..... Біз сабаққа да бірге барамыз, (тағы қайда бірге барамыз?).... Әйгерім ақылды, ақкөңіл қыз, (бірақ қандай қыз?).... Мен оған бұл жөнінде я айтқан емеспін, (я не істеген емеспін?).... Мен досымды сыйлаймын, (себебі ол қандай адам?).... Мен құрбымның кейбір мінездерін кешіремін, (өйткені ол менің қандай досым?).... Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бектұров Ш. Серғалиев М. Қазақ тілі. -Алматы: Білім, 1994. 2. Жанпейісов Е. Қазақ грамматикасы. –Астана 2002. 3. Серғалиев М. Қазіргі қазақ әдеби тілі. –Алматы 2006. 4. Түймебаев Ж. Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш. –Алматы, Қазақстан, 1996. 5. Адамбаева Ж., Оразбаева Ф. Қазақ тілі. 11-сынып –Алматы: Мектеп, 2006. 6. Артыова Т.М. Қазақ тілі. 10-сынып –Алматы. Атамұра, 2006. 7. Дүйсебаев С. Қазақ тілі. 8-сынып –Алматы: Атамұра, 2004. 8. Бектұров А.Ш. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004.
МАЗМҰНЫ
Дата добавления: 2014-12-27; Просмотров: 2151; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |