КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Терме диктант. Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік деп атайды
Бекіту Ескерту. Есімдік -местоимение Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік деп атайды.
Тұрақсыз белгілері:
Өзге сөз таптарындай есімдік те көптелуге, септелуге бейім. Бірақ соның өзінде мұндай категорияларға түрленуі бірдей бола бермейді. Есімдіктер басқа сөздерден жасалмайды, не түбір күйінде, не есімдіктер өзара бірігу арқылы қолданылады. Мысалы, кей+біреу, еш+теме.
Синтаксистік қызметі: Сөйлемде барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.
Морфологиялық талдау үлгісі:
Ағыбай оларға жауап қатқан жоқ. Оларға – есімдік, бастапқы тұлғасы –ол (кім?) Тұрақты белгілері: негізгі, дара, жіктеу Тұрақсыз белгілері: -ға –барыс септік жалғауы,- лар –көптік жалғауы Синтаксис қызметі: кімдерге? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарады.
№1-жаттығу
Сөйлемде есімдіктерді теріп, түрлерін ажыратыңыз. Сізге бір сыр айтсам, ұрыспайсыз ба? Мен олардың командирімін. Ал өзің қашан келдің? Өзім оқып шыққан мектебіме мұғалім болып келдім. Бұлар Сарыөзекке жетпей тоқтады. Сіз менің өлеңіме бірдеңе десеңізші? Барлық тарихым – осы. Сендерде қандай ой, нендей нұсқау бар, оны өздерің білесіңдер. Сіздер болмасаңыздар менің күнім әлдеқандай болар еді. Бірдеңе ойлап табуға тырысады. Бәріміз бір атаның баласымыз. Оларға бәрі қызық. Күллі ауылда жаны ашитын жалғыз Шәйхат қана. Әркімнің туған әкесі, туған анасы бар. Ешқандай жаңалық жоқ. №2-жаттығу
Көп нүктенің орнына белгісіздік есімдіктерді қойып жаз. Мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінесің, айтып бер. Керекті сөздер: біреуге, кейбіреудің, біреудің, біреуді, біреудің. ...жамаңдасаң, сені де жамандар. ...ұйқысын бұзсаң, сақтығы артар. ...бойы аласа,...ойы аласа. ...елден береді,...жерден береді. ...сырын білген кісіге, баласынан сұра..
№3-жаттығу
Сөйлемде есімдіктерді теріп, түрлерін ажыратыңыз. Әркімдікі – өзіне, ай көрінер көзіне. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. Ештен кеш жақсы. Өз билігі өзінде. Абай неге жақсы? Мұның күйеуінен неге артық? Неге барлық ел соны білгіш, данышпан ғып санайды? (М. Әуезов «Абай жолы») Атшабар, көкпар, теңге алу, балуан күрестіру – баршасы да осы күні болып жатыр. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. (Абай) Адамдар түгел жиналды. Кейбір адамдардың мінездері қиын болып көрінеді. Күләш апай ешнәрсені ұға алмады. Бұған бәріміз де күлдік.
№4-жаттығу
Дата добавления: 2014-12-27; Просмотров: 2446; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |