КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Етістік –глагол
Бекіту № 1 -жаттығу Жалпы және жалқы есімдерді екі топқа бөліп жаз: Абай, кітап, қаршыға, шаш, Құлагер, аспан, құстар, Қазақстан, Майлыаяқ, өзен, «Абай жолы», ағаш, тау, «Дидар» газеті, қала, Асан, сия, тоқылдақ. №2-жаттығу Деректі және дерексіз зат есімдерді айырып жаз: Оспан, қоян, ой, балға, тон, сыр, кек, дос, арман, Астана, реніш, қуаныш, сиыр, кітап, министр, ұшқыш, махаббат, достық, қайғы, аудан, көшелер, қорқыныш. №3-жаттығу Күрделі зат есімдердің түрлерін анықта: Қандастарымыз атамекеніне оралып, зор қуанышқа бөленуде. Жиналыста болған күн тәртібі мені таңқалдырды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы жақсы дамып келеді. Асан ата-анасына қолғанат болуға жарап қалды. Мен ұрыс-керісті жақтырмаймын. Бірінші болып совхоз басшысы сөйледі. Теледидардан ТЖ министрі сұхбат берді. Мен кәсіподақ комитетіне өтініш жаздым. №4-жаттығу Зат есім тудыратын жұрнақтарды жалға: Асанның атасы көп жыл қой... болған адам. Мен биылғы оқу жылынан бері әдебиет... лер үйірмесіне қатысып жүрмін. Сен дос...ты қадірлей біл. Мектеп маған көп біл... береді. Мен Қазақ... елін қай жерде жүрсем де мақтан етемін. Бүгін Алматы маңында бүркіт...лер сайысы болмақ. Біз басқа елдермен көп жыл одақ... болғанбыз. №5-жаттығу Сөйлемдегі зат есімнің синтаксистік қызметін белгіле: Мен қиын кезеңдерді бастан кештім. Колхозшылар астықты элеваторға жөнелтіп жатыр. Мұғалім - ауылдағы мәдени күшіміз. Сәрсеннің қарындасы университетте оқиды. Туған жеріңді, мектебіңді, сүйе біл, досым.Олегтің өмірі мен күресі сендердің барлық істеріңе үлгі болсын. №6-жаттығу Сөздерді тұлғасына қарай топтастырып жаз. Жан-жануарлардың, мұражай, атамекен, ШҚМТУ, аяқ киім, қыз-жігіт, бейнетаспа, дәріхана, сары май, ауа райы, баспасөз, ыдыс аяқ, ою-өрнек, Жетісу, аспаптарын, жақсы көру, Сарыарқа, дәм тату, әкел, дем алу, мінез-құлық, отбасы, еңбекқор, көзқарас, саяхатшылық, кг., КазГЮА, Ата Заңы, ШҚМТУ.
Заттың қимылын, жай-күйін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістіктің сұраулары- не істеді? не қылды? Тұрақты белгілері:
Тұрақсыз белгілері:
Етістіктің синтаксистік қызметі 1) Етістіктер көбінесе баяндауыш қызметін атқарады, кей жағдайда көсемше түрі –пысықтауыш, баяндауыш, есімше түрі анықтауыш, баяндауыш, бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Етістіктің түрлері 1) Етістіктің ерекше түрі – есімше. Оның ерекшелігі -әрі есімдер, әрі етістік қызметін атқарады: Ол ертең келер -етістік. Ақыл – тозбайтын тон, таусылмайтын кен –сын есім. 2) Көсемше – етістіктің негізгі түрі. Ол көбінесе күрделі етістіктің құрамында келеді.
Етістіктің шақтары- времена глагола
Етістіктің райлары – наклонения глагола
Етістіктің етіс түрі
Етістіктің морфологиялық талдау үлгісі Ол буылған қағазды үстелдің тартпасына салды. салды –етістік, бастапқы тұлғасы – cал (не істе?) Тұрақты белгілері: болымды, сабақты, негізгі, дара, ды-өткен шақ жұрнағы, ашық рай. Тұрақсыз белгісі: 3 жақ, жекеше. Синтаксистік белгісі – не істеді? деген сұраққа жауап беріп, дара баяндауыш қызметін атқарады.
Дата добавления: 2014-12-27; Просмотров: 1970; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |