КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Зат есім
Бекіту Ріп, 15 дыбыс №1-жаттығу Сөздерді дауысты (езулік, еріндік,ашық, қысаң, жуан, жіңішке) және дауыссыз дыбыстардың (үнді, ұяң, қатаң) жіктелуіне қарай топтап жаз: қала, жер, орындық, сары, адам, балық, цех, вагон, ілгек, фабрика, заң, ән, ұршық, өрік, парта, лашын, дүйсенбі, бас, қаһарлы, біз, фильм, педагог, тұз, әкім, асфальт, география, фонтика, шолақ.
№2-жаттығу Мына сөздерді буынға бөл, буын түрлерін анықта: мал, өнер, ой, қала, аудан, жаздық, күзгі, қыс, көктем, ынталық, жігерлілік, достық, ұйқышыл, қант, ұлт.
№3- жаттығу Сөйлемдердегі сөздерге екпін қойып жаз: Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Сен мені есіңе алма. Қызық әңгіме бастадым. Төбеміз көкке жеткенше қуандық. Жапырақтар қызыл сары түске боянды. Жадыра да - көп балалы ана. Жібек көйлекті қыз алдымнан шықпады. Көктемдей құлпырған көңілі де алас ұрды. Жайнап өскен баламыз.
№4-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз: Жаз...шы ащы шынды..ты жайып са..ды. Мен осы жағдайд.. толы...ырақ білгім келеді. Мына та...ырып мен үшін же...ілдеу екен. Сені ең жа..ын досым дер ед..м. Аспан боз...ыл тарта бастады.Қо...ыр күз де келіп жетті. Неге мына к...йлектің етегін қып-қыс...а етіп қидың? Бұл менің тұ...ғыш рет Астана қаласына келуім еді. Неге сенің жүз...ң қуқыл тартып тұр?
№5- жаттығу Мына сөз тіркестерін үндестік заңын қолданып, қазақшаға аудар: мое сердце, твой транспорт, её дверь, моё ведро, его расчёска, моя лодка, мои очки, мой мяч, закрыть дверь.
Шығармашылық диктант Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс көшіріп жаз: Төртінші тоқсанда жақсы оқы(уға) уәде бердім. Мұғалім үйреткеннің бәрін көңіліме тоқы(уым) керек. Оңтүстіктен соққан желдің жылы(уы) қоймады. Қалың қар ері(уге) айналды. Өзенжегі мұз да жібі(уге) бет алды. Жақында су тасы(уы) мүмкін.
Сөздік диктант н, ң дыбыстарын дұрыс жаз: шаңғы, шеңгел, үңгір, соңғы, қараңғы, әңгіме, дөңгелек, жауынгер, нанғыш, сенгіш, көнгіш, мәңгі, бұрынғы.
Бақылау диктанты Тасымалданбайтын сөздердің астын сыз: Арада аз күн өткен. Жақып үйде жоқ. Кеш түнге ауысып барады. Аян жаңа ғана әзер ұйықтады. Шам қойып, Жаңылды шақырып келейін деп далаға шықтым. Түн тымық. Жұлдызды бұлт бүркеп, жайлау бүгін түндігін жапқан түнек тәрізді. Ту сыртымнан тықыр ете қалды. Жалт қарасам, Жақып екен. Ол атын байлағанша, үйге барып алайын дедім.
Зат есім – белгілі бір заттың, нәрсенің немесе оқиғаның атын білдіретін сөз табы. кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді
Тұрақты белгілері:
Тұрақсыз белгілері:
Синтаксистік қызметі: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш,,пысықтауыш, толықтауыш. Морфологиялық талдау үлгісі:
Абайдың шешесі қайырымды адам болатын. Абайдың – зат есім, бастапқы тұлғасы – Абай (кім?) Тұрақты белгілері: жалқы, деректі,негізгі, дара Тұрақсыз белгілері: -ның – Ілік септігінің жалғауы, жекеше түрі Синтаксистік қызметі: кімнің? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады.
Дата добавления: 2014-12-27; Просмотров: 1595; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |