Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Демілік теориясы. 2 страница




 

22. Көркем әдебиет табиғаты. Бейне және бейнелілік.

Көркем бейне – әдебиетте, өнерде өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. Көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. М: Абай, Дәркембай, Құнанбай (“Абай”), Ботагөз, Асқар (“Ботагөз”),Ұлпан (“Ұлпан”), т.б. Бейнелілік -суреттілік, сөздегі сурет. Әр сөздің түп төркіні-зат, сурет, образ. Эстетикалық таным көркем шығармада бейнелілік тудыра отырып, сол автордың стильдік жүйесін де қалыптастырады.

 

23. Қазақ өлеңіндегі ұйқас түрлері. Ұйқас-өлеңтармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Қ.Жұмалиев: қара өлең-ааба, шалыс-абаб, шұбыртпалы-ааааа, егіз-аабб, ерікті-абвгб, аралас-аабвбвбб, кезекті-абвбгб, осы күнгі ерікті-абабвгдғждз.

 

24. Көркем туындыдағы тартыс. Шығарманың ең маңызды компоненттерінің бірі – тартыс. Көркем туындыдағы тартыс көбіне қарама-қарсы мүдделердің, әр түрлі позициялардың қақтығысы ретінде танылып жатты. Мұндай сипаттағы тартыс әдебиеттегі тапшылдық принциптерге орай айрықша қуат алған болатын. Қазіргі адамгершілік-ұждандық мәселенің өткір қойылысы көркем прозадағы тартыс мәселесін тереңнен қамтуға, оның орнын айырықша ескеріп, түрлі шығармашылық тәжірибелердің жүзеге асуына түрткі болды. Жазушылар М. Мағауин, Д.Исабеков, Ә. Кекілбаев, С. Досанов сынды жазушылар жалпы адамға тән моральдық-этикалық қасиеттерге қарапайым адам деңгейінен де, қайраткер деңгейінен де үңіле бастады. Түрлі әлеуметтік ортадағы кейіпкерлерді ала отырып, олардың бойындағы, қоғамдағы жат құбылыстарға сыншылдық көзқарастарын барынша танытуды мақсат қылады.

 

25. Көркем шығарма құрылысы. Мәтін мен шығарма. Әдеби туынды тілдік белгілердің сабақтастығымен, яғни мәтінмен тиянақталады. Басылымдардығ нұсқаларды, өңдеулерді салыстыру тәсілімен канондық мәтінді анықтау – мәтінтанудың басты міндеті. Туындының құрылымын анықтауда мәтін тарихын ескеру қажет. Мәтін – 1)баспаға шығаруға арн.пішімді н.е бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2)хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат; 3)бастапқы программаның жазбасы. М.- жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі. М-ді 3 пән мәтінтану, герменевтика, поэтика зерттейді. М-тану қарастырылып отырған м-ң қай дәуірге н.е авторға тиесілгі екендігін анықт. Герм.м-ді түсіндірумен айналысады. Киелі м-р герм-сы экзегетика д.ат. Поэ.м-ң қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зертт. М.мен шығарма ұғымы синоним емес. М.-образдарды материалды тұрғыда ұсынушы, ол қашан оқылғанда ғана шығармаға айналады. Шығарма өзін көркемдік тұтастыұта танытады, оның өзіндік шекаралары бар.

 

26.Ш.Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» (талдау).

Ш.Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді. Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп көрсеткен екен. 1. Жыр - жырдың мағынасы сазды шығарма. Жырламақ етістігінің мағынасы әуендетіп айту. Барлық дала жырлары қобыздың сүйемелдеуімен әуендетіп айтылады. Әдетте, жырдың арқауы өмір немесе ертедегі белгілі бір батырдың ерліктері болып табылады. Айта кететін жай, батырдың өмірі, ерлігі, бір сөзбен, баяндау қара сөзбен, проза тілімен айтылады, ал жыр жолдары тек басты кейіпкер немесе кейіпкерлер сөйлеген кезде қолданылады; 2. Жоқтау - қайтыс болған адамға арнау. Оны әдетте әйел адамдар шығарады және көбінесе жанынан шығарылады. Өлшемі жырдағы сияқты. 3. Қайым - үйлену тойларында айтылатын, сұрақ пен жауаптан құрылған жастар арасындағы өлең. Ол төрт жолдан тұрады, алғашқы екі жолы төртінші жолмен ұйқасады. Бұл өлеңдер әртүрлі жұмбақтар, эпиграммалар, шектен шығып кететін бәдік қалжыңдарды қамтиды; 4. Қара өлең - қарапайым өлең, төрт шумақтан құралады, шумақ-тардың әрқайсысы жеке тақырыпты сөз етеді. Бұл өлеңдер негізінен ашық дауысқа арналған. Көп жағдайда шумақтардың мағынасы болмайды; 5. Өлең. Бұл форманы қазір барлық жаңа ақындар табан асты тауып айту үшін де терме-жыр үшін де қолданады.

 

27. Лирикалық шығармадағы тартыс.

Лирикалық шығармаларда өмір шындығы, әлеуметтік құбылыстар бар. Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі,сезімі суреттелетіні белгілі. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әр түрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасын сипаттайды. Бірақ ол өз жайын, өз басының мұңын, арманын, қуаныш-сезімін жыр етсе де, ол қалайда халықтың тағдырын, қайғы-мұңын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек мақсаттарын көрсетеді. Сюжет бұл шығармадағы тартысты нақты iске асыратын, қаhармандардың қарым-қатынасы мен оқиғалар жүйесi іспетті. Көркем әдебиеттің шағын сюжетіндегі өмір тартыстары мен олардың өзiндiк көрініс алуы. Тартыс – шығарманың негiзгi қозғаушы күші. Тартыс және коллизия, перипетия.

 

28. Мәтін түсініктемесі. Руднев тұжырымдары. Мәтін 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі. Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады. 1) мәтіннің барлық әлементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).

2) мәтін әлементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);

З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);

4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр;

5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі;

6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін;

7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат.

 

29. Белинский «Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу» талдау.

І. Поэзия сырт жағынан идеяның мағынасын іске асырады да, міні жоқ айқын, пластикалық образдар мен рухани дүниені ұйымдастырады. Мұнда бүкіл ішкі сезім сыртқа терең жайылады, сөйтіп, бұл екі жақтың екеуі де – ішкі және сыртқы – бірінен-бірі жекеленіп көрінбейді, екеуі тұп-тура бірігіп, өзімен-өзі жымдасып жатқан тұтас шындықты – оқиғаны көрсетеді. Бұл жерде ақын көзге көрінбейді; айқын, пластикалық дүние өзінен-өзі өрістейді, сөйтіп, ақын өздігінен болған нәрсені тек жай әңгіме етуші ғана боп табылады. Бұл – эпикалық поэзия.

ІІ. Бұл субъективті дүние, бұл ішкі дүние, өз шеңберінде қалып, сыртқа шықпайтын тырнақ алды істердің дүниесі. Мұнда поэзия ішкі элементте, шарқ ұрған сезгіш ойда қалады; ал рух сыртқы реалдықпен шығып, өзімен-өзі болып кетеді де, поэзияға сыртқының бәрін өз бойына жинаған ішкі өмірінің әр алуан шексіз құбылыстары мен белгілерін береді. Мұнда ақынның жеке басы бірінші кезекте көрінеді де, біз тек сол арқылы ғана бәрін аңдап, түсініп отырамыз. Бұл лирикалық поэзия.

ІІІ. Ақырында бұл әр түрлі екі тек бірімен-бірі тұтасып қосылып кетеді: ішкі өзімен-өзі болудан қалады да, сыртқа шығып, әрекетімен көзге көрінеді; ішкі қиялдық (субъективті) нәрсе сыртқы реалдық (объективті) нәрсеге айналады. Эпикалық поэзиядағыдай мұнда да әр түрлі субъективті және объективті күштерден шығатын белгілі реалдық әрекет дамып отырады; бірақ, бұл әрекеттің ендігі жерде жалаң сыртқы сипаты болмай қалады. Мұнда әрекет, оқиға бізден таса өндіруші күштерден шығып, өз шеңберінде еркін айналып келіп, ішінен тиышталған, дап-дайын күйінде бізге кенеттен көріне қоймайды, - жоқ, біз мұнда сол әрекеттің жеке адамның еркі мен сипаттарынан пайда бола бастаған процестің өзін көреміз. Екінші жағынан, бұл сипаттар өзі Екінші жағынан, бұл сипаттар өзімен-өзі болып қалмайды, үздіксіз көрініп отырады және өз рухының ішкі мазмұнын практика жүзінде ашып береді. Бұл поэзияның жоғарғы тегі, өнердің асылы – драмалық поэзия.

30. Н.Г.Чернышевский «Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы».

Басқа өнер түрлеріне қарағанда поэзияның биік тұратынына дау жоқ, өйткені өзге өнер түрлері поэзияның айтарын бізге жеткізе алмайды. Бірақ, бұл көзқарас біз назарымызды поэзияны туындатқан жеке әсердің ықпалына аударған кезде мүлде өзгеруі мүмкін. Екінші жағынан, өнердің өзге түрлеріне де қатынас өзгеруі мүмкін.
Өнердің поэзиядан өзге барлық түрлері тікелей сезімге әсер етсе, поэзияға қиялға /фантазияға/ әсер етеді. Кей адамдардың қиялы /фантазиясы/ әсершіл әрі ширақ. Кәдімгі ақыл-ойы жеткі адамдарда қиял, сезімдік тұрғыдан қарағанда әлсіз әрі көмескі. Осы қырынан алып қарағанда поэзияның субьективті әсері өнер атаулыдан және шындықтан біршама алшақ жатыр.

 

31. Әдебиет теориясы пәні. Зерттеу нысандары.

Әдебиет теориясы әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стильмен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады.

Әлемдік Ә. т-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің “Поэзия өнері туралы” трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының” да Ә. т. тарихында алар орны ерекше. Қазақ ғалымдарынан Ә. т. жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек.

 

32.Көркем мәтіннің құрылымы.

Композиция (құрастыру, шығарма) - көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріл түрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. Көркем шығарм. процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндеғі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады. Сәулет өнерінде композиция идеялық-көркемдік принциитердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына орай құрылады. Композиция қаланың жалпы келбеті мен құрылымын, архит. үндестігін, жобадағы көлемдік, кеңістік түзілімін айқындайды. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік-тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттар мен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарық пен көлеңке үнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты; Композицияны түрлері:

-Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы).

-Шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы.

-Уақиғаның шарықтау шегі.

-Уақиғның аяқталуы (шешімі).

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 2244; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.