Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Персоносфера туралы тусінік. 3 страница




Фантастикалық образ — қиялдан туған -каһарман, өмірде бол-маған және жоқ, тек адамның акиқатқа ұқсас арманында ғана бедерленген бейне; әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.

Қай халықтың сөз өнері болмасын, оның ең байырғы түрлерінің бірі — ертегі десек, сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделетіні, ертегілердегі адам бейнелерінің көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мәлім. Бұл да фанта-стикалық образдың көнелігін куәландырса керек. Дүние жүзілік көлемде түңғыш фантастикалық қаһарман ретінде Жерден Күнге дейін ұшып барған Икарды атайтын болсақ, қазақ ауыз әдебиетінің де өз келесінде туғызған кереметтері бар. Солардың бірі — Ер Төстік.

Трагедиялың образ да әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асыңқы, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терен, және шебер жинақтаудан туады. Трагедиялық құбылыстар өмірде де, өнерде де юморлық, не сатиралық қүбылыстарға қарама-қарсы: юмор мен сатирада күлкілі жайлар әжуа, мысқыл, кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді. Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне өліммен аяқ,талып отырады. Өйткені оның айқасқан жауы өзінен күшті, әлеуметтік қиянат адам еркінен тыс үлкен. Сон-дықтан да қаһарман — халыктың алыс арманы, алдағы бақыты жолындағы күрестің құрбаны.

Геройлық образ—ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип. Әдебиет — әдөбиет болғалы алдына тартылып, әр тұста әр дәрежеде шешіліп келе жатқан ұнамды кейіпкер проблемасынын, өткен-кеткенін шолып қарасақ, әр дәуірдегі әр алуан сөз шеберлерінің кейінге мұра етіп қалдырған талай тамаша туындысын, талай тамаша тұлғасын көруге болады.

Протагони́ст (греч. πρωταγωνιστής: πρώτος — «первый» и αγωνίζομαι — «состязаюсь», αγωνιστής — «борец») — главный герой, главное действующее лицо, актёр, играющий главную роль в трагедии. Противопоставляется антагонисту.

Антагони́ст — персонаж (или группа персонажей) какого-либо произведения, активно противодействующий протагонисту (или протагонистам) на пути к достижению его (их) целей. В классической литературе роль антагониста играет верховный злодей, а протагониста — главный герой, однако в более современных произведениях их роли зачастую меняются, создавая более сложные и запутанные конфликты.

Миметикалық модус түсіндіру үшін «мимесис», «мимезис» сөздеріне тоқталу керек. Мимесис, мимезис (еліктеу, жаңғырту) 1. Адамдардың ақиқатқа елітейтін шығармашылық қызметінің мәнін сипаттайтын философиялық-эстетикалық категория; 2) қоғамның дамуы «шығармашылықтан тыс көпшіліктің» «шығармашылық алшылыққа» тәуелді болуына байланысты деген пікірді қуаттайтын ұстаным; 3) Ақиқат болмыстың өнерде бейнеленуі,бөгде мәдениетке еліктеу, шығармашылық элитаға еліктеу.

48.М.Бахтиннің "мәтіндер диалогы" туралы пікірі

М. Бахтин талдауларының бәрінде де сананың о бастан сұхбаттылығын тұжырымдады. Платонның ойлау дегеніміз адамның өз-өзімен сұхбаты, әңгімелесуі деп түсінгенін, Канттың ойлау адамның өзін-өзі тыңдауынан пайда болады дегенін еске ала кететін болсақ, М. Бахтиннің сананың алғашқыда-ақ сұхбатқа негізделгендігі туралы тұжырымы бізге жаңашыл болып көрінбесе керек. Бірақ алғашқылардың анықтамаларында диалогтан гөрі монолог туралы сөз болатын сияқты. Ал М. Бахтин үшін сананың болмыстық диалогтығы оның «Басқа», «Сен» сияқты «Менің» коррелятымның болуына арқа сүйейді.

Бахтиннің «Мен-Басқа» дихотомиясындағы «Мен» — өзінің «болмыстағы — куәсінің — жоқтығымен», «өзінің болмыстағы жалғыз, жеке дара орынымен» анықталатын субъект.

49.Көркем туындыдағы пейзаждың қызметі

“Көркем туындыдағы пейзаждың функциясын үш түрлі арнаға саяды. Сюжеттік орайда ол – оқиғалық уақыттың өлшемі. Композициялық тұрғыда ол көркемдік жолмен қабылданған әлемнің тұтастығын білдіреді. Шығарманың идеялық - мазмұндық астарларына қатысты ол характерологиялық міндеттер атқарады ”.

Табиғаттың адам өмірінен алатын орны ерекше болғандықтан, очерк жанрында да пейзажбен суреттеу мол кездеседі. Шебер очеркші пейзаж арқылы заманның рухани, еңбек табыстарын адамның әртүрлі көңіл-күйін әдемі суреттеуге қол жеткізе білген.

50.Әдебиеттің ұлттық сипаты

Ұлттық сипат – шығарма авторы дүниетанымының көрсеткіші. Ақындық поэзиядағы

шығармалардың лирикалық және эпикалық жанрларында авторларының халық даналығынан тағылымала жинақтап, түйіндеп толғаған жырлары дүниетанымның болмысын танытады. Дәстүрлі ақындық поэзияның кейінгі кәсіби жазба әдебиет дамуына ұласқаны – осы ерекшелігі. Көркем әдебиет шығармаларындағы автор дүниетанымының ата бабалық көзқарастардан сабақтаса жалғасқан болмысы оқырмандарды, тыңдаушыларды тәрбиелейтіні ақиқат.

Ақындық поэзия шығармаларының ұлттық сипатпен жырлануына көркемдік негіз болған

мұралар – халық даналығының қайнар бұлақтай көрсеткіштері болып саналатын мақал-мәтелдер. Қазақтың ата-бабалардан сақталып, ұрпақтарға ұлықталып жеткен ұлағаты – ұлттық қарым-қатынас мәдениетін, мінез-құлықтың ең ізгі қасиеттерін құрметтейтін дүниетаным көзқарастары. Ақындық поэзияның лирикалық-дидактикалық өлеңдерінде, айтыстарында, дастандарында қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойлау дүниетанымына тән өрнектер мақал-мәтелдер арқылы ұрпақтар жадына жаңғырта ұсынылды. Ақындық поэзияның ұлттық сипаты мен көркемдік ойлау ерекшелігі классикалық әдебиет алыптарының шығармашылығымен сабақтаса бағаланады. Қазақ әдебиеті тарихының XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы даму кезеңдеріндегі көрнекті шығармашылық тұлғалар 2

әлем әдебиеттеріндегі классикалық мұраларға ерекше ықыласпен қарады. Олардан шығармашылық байланыс, ықпалдастық аясындағы өзара араласу құбылыстары байқалады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің жаңа реалистік әдеби дәстүрлерін қалыптастырушылар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы өздеріне дейінгі және тұтас классикалық әдеби дәстүрлердің озық үлгілерін шығармашылықпен игереді. Қорыта айтқанда қазақ әдебиеті тарихының байырғы арнасы дәстүрлі ақындық поэзия сөз өнері үдерісінің кейінгі жолына берік негіз болды. Ұлттық сана-сезімнің ұрпақтар жалғастығы жүйесіндегі өркендеуі, жетілуі дәстүрлі ақындық поэзияның халық жадында жатталған үлгілері арқылы жүзеге асырылып келеді.

 

51.Интермәтінділік теориясы

 

Мәтіндердің өзара қатынасы тарихи тұрғыдан әдебиетшілер тарапынан эволюциялық қатынасы ретінде ұғынылып келді. Әдебиеттің эволюциялық бірнеше модельдері бар.

Модельдің түп-төркіні филиация, яғни туындау тікелей ізбасар болу. Осы тұрғыдан келгенде әдебиеттегі әрбір жаңа құбылыс өзінің алдындағы құбылыстардан шығып отырады. Бұл модель бұхаралық санада әлі күнге дейін билік етіп келеді. Мұның ішінде бірінші қатарға дамудың үздіксіздігі шығады. Эволюция қатарына ең маңызды белгіленген нүктелер оқшаулана көрінеді, ол классика (ұлт әдебиетінің, жанрдың, белгілі бір автордың жеке шығармашылығындағы). Классикамен салыстырғанда басқа мәтіндер оны дайындаушы, оның даму немесе дағдарысқа түсу көріністері. Мұндай модельде биологиялық идеялар басым тұрады, Әдебиеттің дамуы жанды организмнің дамуымен сәйкес зерделенеді.

Әдебиет теориясында филиация моделі әлдеқашан ескірген болып есептеледі. В.Б.Шкловский мен Ю.Н.Тынянов оны сынай отырып жүйелі-динамикалық жаңа концепцияны ұсынды. Тынянов шығарманың генезисі мен көркемдік жүйенің эволюциясын өзара бөліп қарастырды: генезис жеке фактіге, ал эволюция жүйелі тұтастыққа қатысты. Филиацияның дәстүрлі құбылыстары генезис ұғымымен жабылады да мәтінді жасаудың жеке жағдайлары болып табылады (өмірбаяндық фактілер, тарихи оқиғалар және “әлеуметтік тапсырыс” қажеттіліктері). Жалпы алғанда генезис - әдебиеттен тыс құбылыс, бұған қарама-қарсы эволюция әдебиеттің ішкі мазмұнын үйлестіреді. Әдеби жүйеде көркемдік құрылымның басты факторының доминанты оқшауланады, оның ауысуы немесе алмастырылуы бүкіл жүйенің мағынасын өзгертеді. Доминанттардың өзгеруі – бұл мәтіндегі басымдық үшін конструктивті күштердің динамикалық процестегі күресі болып табылатын әдеби эволюцияның мәні... Әр дәуірдегі әдебиетте кем дегенде өзара бәсекелес, “үлкен” және “кіші” иерархиялық бірдей емес дәстүрлер өмір сүреді. Даму барысында үлкен бұтақ бірте-бірте күшін жойып, кішіге жетекшілік орынды береді.

Интертекстуальдықтың жаңа концепцияларында әдеби дамудың диахроникалық бағыты іс жүзінде алынып тасталынған. Әдебиеттің барлық туындылары уақыт бойынша емес, кеңістіктегі универсалды кітапхана негізінде орналасады. Бұл оқырманның кеңістік бойынша еркін жұмыс істеуінен туындап, мәтіндер өзара көршілес және қарым-қатынаста тұруымен түсіндіріледі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1622; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.