КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Персоносфера туралы тусінік. 1 страница
«Персоносфера дегеніміз – әдеби, тарихи, фольклорлық, діни персонаждардың өрісі. Бұл жерде тек ұлттық персоносфера туралы ғана емес, жекелеген адамның, белгілі бір әлеуметтік топтың, трансұлттық, күллі адамзаттық кейіпкерлік өріс туралы айтуға болады», – дейді Г. Хазагеров. Зерттеушілердің тұжырымдарына сүйене отырып, персоносфераны бейнелі түрде концепт әлемінің жанды, сана-сезімге ие, тағдыры, өмір сүру ұстанымы бар тұрғындары деуге болады. Зерттеушілер персоносфераны концептосферадан ерекшелеп тұратын өзіндік екі басты белгісін атап көрсетеді. Бірінші белгісі ретінде атайтындары – персоносфера нысандарының кескін-келбеті анықталған, даралық сипатқа ие тұлғалар екендігі. Осы тұста өзіңді сол тұлғалармен салыстыру, олардың бойындағы ерекше қасиеттерді үлгі тұту, оларға тән мәнерді өз бойыңа орнықтыру мүмкіндігі туындайды. Ал, екінші ерекшелік ретінде поэтика мен риторикада антономасия деп аталатын, құбылысқа, белгілі біржағдаятқа назар аудару айтылады. «Антономасия, антономазия (қайта атау, жаңа ат қою) – троп, белгілі бір атау мен есімнің орнына сол заттың немесе жанды тұлғаның маңызды ерекшелігін немесе соған қатысты бірдемені айтатын троп. Нысанның маңызды ерекшелігін ауыстыруға мысал ретінде «Абайдың» орнына «ұлы ақын» ұғымын қолдануды айтуға болады. Сондай-ақ, жекелеген атаудың орнына жалпылама атауды қолдану да антономасия делінеді. Персоносфераның елеулі бөлігін біздің жадымызға әдеби туындылар арқылы орныққан кейіпкерлер толықтыратыны белгілі. Әр ұлттың персоносфера жүйесі сенімдердің, қоғамдық қатынастардың алмасуына, жаңа нақты немесе әдеби бейнелердің туындауына байланысты үнемі толығып отыратыны белгілі. Қазақ әдебиетінде де осы құбылыс тән. Көне дәуірдегі мәдени мұралар арқылы танылған кейіпкерлер қатарын кейінгі кезеңдерде туған көркем туындылардағы дара болмысты кейіпкерлер толықтырып отырды. Архетиптік сюжеттерді көркемдік танымының өзегіне айналдырған қаламгерлер архетиптік бейнелерді өз заманының көкейкесті мәселелерін бейнелеу мақсатында жаңғырта пайдаланса, енді бір қаламгерлер жаңа кейіпкерлер тұлғасын даралады. Эстет ақын Мағжан Жұмабаев Қорқыт ата, Пір-баба сияқтыаңыз кейіпкерлерінің, Кенесары, Сыздық сынды тарихи тұлғалардың болмысын жаңа сипатты көркем бейне дәрежесінде танытты. Сөйтіп олардың кейіпкерлік өрісін кеңейтті. Ал, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов Құнанбай, Абай сынды ұлт тарихы мен мәдениетіндегі ірі тұлғалардың көркем болмысын бейнеледі. 34. Әдебиеттегі бейнелеу объектілері. Уақыт пен кеңістік. Уақыт пен кеңістіктің ауқымы өте кең.Бұлар бір-бірінен ажырамайтын субстанциялар. Көркем әдебиет болса уақыт пен кеңістіктің шағын моделі.Көркем туындыны жасау үшән мекеншақ(хронотоп) өлшемі керек. Мәдени кеңістік пен уақыттың бірлігін ХХғасырдағы орыстың көрнекті мәдениеттанушысы Бахтин «хронотоп-грек уақыт,жер» ұғымы арқылы білдіреді: «...хронотоп-уақыт пен кеңістік белгіоерінң нақты бір бітімінің табиғи бірлікте көрініс табуы. Мұндай уақыт қоюланады, сөйтіп көркемділігімен көзге түседі, ал кеңістік болса шоғырланады, тарихтың сюжеттік, уақыттық қозғалысына бағындырылады. Уақыттың белгілері кеңістікте ашылса, кеңістік уақытпен өлшеніп,уақыт арқылы ұғынылады». Кеңістік – мәтінге тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетеді. Көркем уақыт-сюжеттің, бейнеленген құбылыстардың өмір сүру формасы, шынайы, перцептуалды және жеке уақыттардың өзінше өзінше араласқаына сипаттайтын әлемді танудың ерекше формасы. Көркем және шынайы уақытты бейнелеудегі айырмашылық объективті шынайылық пен шарттылық бейнесі үйлескен көркем шынайылық әлемінің ерекше табиғатының көрсеткіші болып табылады. Шығармада қандай да болмасын баяндау тәслі эпикалық ракурс пен қашықтықты анықтайды. Эпикалық ракурс-автордың оқиғаларды бейнелеудегі өзін-өзі көрсетуі. Көркем уақыт-сюжет пен фабулаға қатарласа жүретін ұғым. Сюжеттік уақыт дегеніміз-уақыттың нақты сәттерінің шығармада автордың среттеуімен белгілі бір тәртәппен орналасуы. Автор сюжеттік уақытты түрліше ұйымдастырады. Кей кезде оқиға барысында өткенге қайта оралудың қажеттігі немесе көркем уақыт ішінде оқиғаның өтуінің бәсеңдеуі кездесіп отырады. Осыған байланысты әңгімелеушінің белгілі бір түрі қалыптасады. Әңгімелеуші оқиғаларды жай сырттай бақылаушы, не жай баяндамай оқиғаға қызу араласуы мүмкін. Сөйтіп эпикалық ракурс шығарманың композициялық-тілдік жүйесінің тұлғасын қалыптастырады. Эпикалық қашықтық-әңгімелеуші-автордың шығармадағы баяндалып жатқын оқиғалардан белгілі бір мезгілдік немес кеңістік арақашықтықта орнаалсуы 3 түрлі: шығармадағы оқиғаның баяндау кезімен сәйкес келмеуі; сәйкес келуі; мүлдем байланысы болмау. Басқа өнер түрлеріне қарағанда әдебиет уақыт пен кеңістікке еркін қатынаста. Бір мезгілде бір кеңістіктен екінші кеңістікке ауысып кету мүмкіндігі бар. Яғни оқиғаны баяндау барысында бірнеше жердегі оқиғалар көрсетілуі мүмкін.
35.Романтизм әдебиеті. Қазақ әдебиетіндегі романтизм әлемдік әдеби құбылыстың бір бөлшегі бола тұра, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен оқшауланады. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен көрініс тапқан романтикалық белгілер 15 — 18 ғасырлардағы жыраулық поэзияда қаhармандық-жауынгерлік, азаттық-патриоттық рухта көрініс тапты. Қазақ әдебиетіндеромантизмнің тегеурінді көрінген тұсы 19 ғасырда болды, ол ұлттық сөз өнері дамуының маңызды факторы саналды. Осы кезеңде өмір сүрген Махамбет романтизмі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліспен бірге туып, азаттық бағытында өрбісе, “Зар заман” ақындары шығармашылығында орыс отаршылдығына қарсы болған, өз дәуірінің рухани болмысына қанағаттанбаған мінезден көрінді.Абай романтизмінен өзге елдің билігі әсерінен халықтың ыдырап, ұсақтауына қынжылыс байқалды. Ал Ақылбай мен Мағауия сюжетке құрылған романтикалықпоэмаларында (“Қисса Жүсіп”, “Медғат — Қасым”) “ерекше жағдайда ерекше мінез жасау” арқылы индивидуалдық романтизмге жол салды. 19 ғасырда романтизм әдісі жазба әдебиетте толық қалыптасып, 20 ғасырдың басында кемелденді. Дәуір алмасуы кезіндегі саяси және идеологиялық дағдарыстар, ұзақ уақыт жат елдің езгісінде болған ұлт санасының қайта оянуы, ұлттың өзін-өзі тануы — романтизмді дамытушы негізгі қоғамдық факторлар болды. 20 ғасырдың басында Б.Күлеев, М.Жұмабаев поэзияларында романтизм биік деңгейде көрінді. Мағжан романтикалық поэмалардың әлемдік деңгейдегі озық үлгілерін әкелді (“Батыр Баян”, “Қорқыт”, “Қойлыбайдың қобызы”, т.б.). Кеңес дәуіріндегі әдебиетте романтизм реализммен кіріге жаңа сипат алып, өмірдің жарқын тұстарын бейнелеуге, кейіпкердің ішкі сезім-сырларын жеткізуге қызмет етті. Сөйте тұра романтизм бүкіл адамзаттың, ғаламның, өз дәуірінің, қоғамының трагедиясы мен мұң-зарын көрсете білді, кейде тіпті оны шешуге ұмтылыс жасады. Романтизмнің әдебиетке әкелген жаңалықтарының бірі — адамды тануға деген құштарлық. Романтик қаламгерлер адамның жан дүниесіне, ішкі психологиясына үңіле отырып, оның рухани әлемінің құпиясын, тереңдігі мен күрделілігін, шексіздігін танытуға күш салды. Романтизмнің ұлттану мәселесіне әдеби тұрғыдан қосқан үлесі мол. Романтиктер ұлттық рух пен мәдени құндылықтарға аса қызығушылық танытты. Олар өткен тарихты бағалап қана қойған жоқ, оны өздерінің сан қырлы әлеуметтік, эстетикалық тұжырымдарына тірек етті. Романтизмнің мұндай ерекшеліктері көркем пішіннің жаңаруына: тарихи роман, психологялық, фантастикалық повесть, әңгіме жанрларының, лиро-эпикалық поэмалардың пайда болуына, лириканың тақырыптық, идеялық ауқымының кеңеюіне зор әсерін тигізді. Романтизм әдебиетке жаңа тақырып, соны кейіпкерлер әкелді, сөз өнерін көркемдік ерекшеліктермен байытты. Қазақ әдебиетінде Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев, Қ.Аманжолов, Т.Айбергенов, О.Сүлейменов, т.б. қаламгерлер pомантизм мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды. 36.Психологиялық талдаудың аналитикалық түрі Адамның жан дүниесін бейнелеу- психологизм, әрине бір ғана жанрдың психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп, осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де "шартты түрде жасалған жіктеу" деп санаған жөн. Осыған байланысты психологиялық талдаудың элементтерін басқа туындылардан табуға болады (М.Әуезов, Ә.Нұрпейісов т.б.).Ал бүлардағы психологизмның басты орны алмауы психологиялық талдаудың әр түрлі болатынымен төркіндес. Осы жөнінде Н.Чернешевский: "Психологиялық талдау әр түрлі бағытта кездесуі мүмкін: бір ақынға характердің сыртқы белгілері, екіншісіне қоғамдық қарым-қатынас пен өмір тартысының сол характерге жасайтын әсері мәндірек, үшіншіге-сезім мен әрекеттің байланысы, төртіншіге - құмарлықты талдау қымбат, ал граф Толстой үшін ең маңыздысы - психологиялық талдаудың өзі, соның формалары, заңдары, анықтауыштық терминмен айтқанда-адам жанының диалектикасы" деп айтады. Ұлы сыншы психологизмнің межесін сол кездің өзінде-ақ жіті пайымдаған. Қазіргі қолданысга жүрген "аналитикалық, синтетикалық" деген терминдерді қолданбағанмен соларға жататын көркемдік әдіс-тәсілдерді атап көрсеткен. Ғылыми сында психологиялық талдаудың анапитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар Бул синтетикалық психологизмнің бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық психологизм-негізінен психологиялық роман жанрының тууына, шығармаға психологиялық талдау жасауға негіз болған бірден бір тәсіл. Аналитикалық тәсіл Қ.Әбдікованың көрсетуінше "Ақбілек" романының негізгі желісін қүраған, оның басты көрінісі- ішкі монолог. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналысында соның ойында өтеді. Психологиялық талдаудың аналитикалық түрі арқылы кейіпкер өзін-өзі таниды. Ішкі жан дүниесінің дірілі, сезім қақтығыстары арқылы танылады. Г.Пірәлиева: "эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп отырады"- деп, ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір әдісі осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу) екенін айтады. Бүған "Ақбілектегі "Мүқаш бейнесін жатқызуға болады, аналитикалық түрғыда Ақбілектің де, Мүқаштың да жан дүниелерінің сұлбасы жасалған. Ж. Аймауытов аналитикалық психологизмге синтетикалық тәсілді де үстемелеп отырған. Бұл туралы Қ.Әбдікова өз еңбегінде атап көрсетіп: "Аналитикалық тәсіл мен синтездік тәсілдердің ғажап қосындысын жасаған"- дейді. Таза аналитикалық тәсілмен жазылған шығармалар баршылық, олардың көркемдік бояуы кемімей, композициялық құрылымына шек келмей жазылған. Мұндай шығармаларды "сана ағымына" құрылған шығармалар деп атап көрсетіп жүрміз. Әдебиетімізде мұндай туындыларға Ә.Кекілбаевтың, 0. Бөкейдің шығармалары жататынын А. Ысмақова, Г. Пірәлиева атап көрсетті.Аталған жазушылар туындыларындағы психологизм мәселелерінің актуальды мәні жоғарыда аталған жайттармен желілес.
37.Әдебиеттегі кейіпкер. Персонаж Тұлға Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат-ерекшеліктер – тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат-белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болған сайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі. Кейіпкердің драмалық шығармада атқаратын міндеті басымырақ. Мұнда оқиға бастан-аяқ қатысушы персонаждардың айтқан сөздері (реплика) арқылы өрбиді. Әр кейіпкердің көркем бейнесі оның өз сөзі арқылы ашылады. Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер болады. Мыс., “Абай жолы” эпопеясындағы Абай бейнесі. Сонымен қатар, бір шығармадағы басты кейіпкер бірнеше болуы мүмкін. Мыс., М.Әуезовтің “Айман – Шолпан” пьесасында бірнеше кейіпкер бар, онда жеке біреуді басты кейіпкердеп көрсету мүмкін емес. Кейіпкердің тұлғасын, мінезін, іс-әрекетін суреттеу өзгешелігі әдебиетте, көркемөнерде қолданылатын әдіске сәйкес болады. Айталық, романтизм әдісі қолданылған шығармадағы кейіпкерлерді суреттеу тәсілі реалистік әдебиеттегі кейіпкерді бейнелеу тәсілінен бөлек. Реализм әдісі әдебиет пен көркемөнер шығармасында кейіпкерлердің тұлғасын, мінез-әрекетін мейлінше шынайы суреттеуге мүмкіндік береді. Адам мінезін, тұлға бейнесін өзгерісті даму үстінде алып, өмірлік күрес-тартыспен ұштастырып көрсету – реалистік әдістің ең ұтымды жағы. Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық- эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы.
38. Әдебиет пен өнердің халықтығы Әдебиеттің халықтығы – көп мағыналы ұғым, яғни, 1) жеке шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы: шығармашылық алмасу мен кәсіби әдебиеттің халқықтық шығармашылықтағы поэтика, образ, сарындарды мұра ету деңгейі; 2) көркем шығармадағы халық бейнесі мен оның дүниеге көзқарасының өнердегі көрінісінің тереңдігі мен сәйкестігінің өлшемі; 3) өнердің қалың бұқараға эстетикалық және әлеуметтік тұрғыдан түсініктілігнің өлшемі. Тарихи дамуға орай өнердің суреттеу құралдары да, автор көздеген идеялық мұрат та өзгеріске ұшырайды. Сол себепті «әдебиеттің халықтығы» деген ұғымның аясы да өзгеріп отырады. Ә дебиеттің халықтығының ең басты өлшемі – халық үшін ең маңызды да қажетті құбылыстар мен өзгерістерді бейнелеу. Әдебиеттің ұлы туындылары қай кезде де өз алдына халықты толғандырған сауалдарды қойып, қоғамдық өмір заңдылықтары ашылатын аса маңызды құбылыстарды бейнелеп отырған. Екінші өлшем – аталған дәуірдің ең озық идеалдарына негізделген өмірлік ақиқатты шынайы суреттеу. Алайда осы аталған екі өлшем әдебиеттің халықтығы ұғымын толығымен көрсетпейді. Себебі шығармада халық үшін маңызды да қажетті жағдайлар суреттеліп, сол дәуірдің ең озық идеалдарымен үндесіп жатуы мүмкін. Бірақ соның бәрі ешкімді қызықтырмайтын қарабайыр үлгіде баяндалуы да ықтимал. Демек, өнер туындысының халық игілігіне айналуында қаламгер шеберлігі орасан маңыз алмақ. Әдеби шығармашылықта қаламгер ұлылығы өмірдің маңызды құбылыстарын кеңінен қамти білуімен, оған тереңдей бойлауымен және бейнелеу қуатымен өлшенеді. Осы белгілер арқылы алдыңғы екеуімен тығыз байланысты үшінші өлшем шығады. Яғни, халықтықтың үшінші өлшемі қаламгер шеберлігі болып табылады.
39. Өлеңдегі редиф ұйқас Өлең жолдарындағы ұйқас туралы айтқанда редиф жөнінде айтпай кету мүмкін емес, өйткені бұл құбылыс — ұйқаспен тікелей байланысты мəселе. Редиф — көркемдік тəсіл жəне поэзиялық шығармаларда кездесетін ерекшелік. Бұл турасында профессор С.Негимов: «Ұйқастың буындық құрлысына тоқталғанда өлең эвфониясын арттыратын редифті ұйқас та мол ұшырасады. Редиф дегеніміз — ұйқастан соң бір не бірнеше сөздің тұрақты қайталануы. Ұйқастың редифпен келуі буын мен дыбыс үндестігіне сəйкестелуі өлеңнің музыкалығына кең өріс ашады» дейкеліп, бұл қосымшаның əдеби айшықтығын баса көрсеткен. Ал біздің тарапымыздан бұл қосымшалардың тілдік тұлға түріндегі байланыстырғыш рөлі көрсетілмекші. Ерте заман поэзиясындағы редиф құбылысының мəнін А.Ахметбек былайша көрсеткен: «Ахмет Йассауи хикметтері зікір негізінде туындағандықтан, зікірдің атрибуты қайталамалар (редиф) өте көп кездеседі. Оның«мəнə», «әрміш» сияқты жай редифтермен қатар күрделі бір тармақтық редифтерді А.Əділова қолдануы хикметтердің əуендік ырғақта айтылуына мүмкіндік берген. Бұл редифтер көркемдеу қызметімен қоса əр тармақ не шумаққа мағыналық толықтық пен мəнерлілікті Беріп отырған». Негізінен, редиф түзеуге ең көп қатыстырылатын элемент- күрделі етістіктің көмекші сыңары. Демек, бұлқұбылыс, ең алдымен, баяндауыш мүшелердің құрамында молынан жүзеге асады. Бұл турасындағы пікірімізді нақтылау үшін Жыраулар туындыларында күрделі баяндауыштың көмекші сыңары əр сөйлем сайын қайталанып редиф жасайды. Өздері қатыстырылған жолдардың өзгеше өрнегін айшықтайды.
40. Психологиялық талдау түрлері Көркем әдебиеттегі психологизм мәселесі-ғылыми, әдеби мәні мол, күрделі мәселө. Психологизм-қоғамдық алғышарттар мен жеке адамдар дүниетанымын, олардың іс-әрекетіне жетекші сана-сезімдік қозғаушы күштерді сенімді суреттеу жемісі.
Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 2265; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |