КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Персоносфера туралы тусінік. 2 страница
Әдебиетіміздегі тұнғыш психологиялық роман деп зерттеушілер Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипаты шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде [12;280б]. Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог, толғаныс т.б. сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа тіршілік-тынысты сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол-күнделік ретінде берілген Ақбілек ойлары. Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекетті алсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер түр-түлға, ой-санасын, мінез-қүлқын танытуға қызмет етіп келеді. Пейзаж да, деталь, штрих та (бүлар аналитикалық тәсілге де тән) ертеден қалыптасқан дәстүр.
41. Арнау түрлері (мысалмен талдау). Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты. Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (“Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.”). Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. “Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!”, “Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын” (А.Байтұрсынов). Арнау өлеңді іштей жанрлық түрге жіктегенмен, олардың үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. Жоғарыдағы Арнау өлеңді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады. Зарлай арнау — Арнау өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі. Қазақ ауыз әдебиетінде “Ақтабан шұбырынды”, “Қыз Жібек” т.б. жырлардағы зарлай арнау Арнау өлеңнің бұл түрінің ерте дәуірде пайда болғанын айғақтайды. Қазақтың жазба әдебиетінде де зарлай арнау ерекше орын алады: “Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа қайран жерім-ай! Күмістей таза суы бар, Айдын шалқар көлім-ай!” (М.Жұмабаев). Арнау өлеңнің сарай ақындарының мәнеріне тән құрғақ мақтау түріндегілері де кездеседі. Мұндай Арнау өлеңдер көркемдік қуаты, ой-толғамы жағынан кем соғып жатады. Абай Арнау өлеңді жаңа сатыға көтеріп, мазмұн және түр жағынан байытты. Абайдың “Кешегі Оспан ағасы”, “Жайнаған туың жығылмай”, “Сорлы Көкбай жылайды”, “Бұралып тұрып”, т.б. отыздан астам Арнау өлеңі әлеум. мәселелерді, жеке адамның бейнесін, мінез-құлқын әр қырынан ашып көрсеткен көркем туындылар.
42. Жанр туралы Р.Уэллек пен О.Уоррен тұжырымдары. Р.Уэллек пен О.Уорреннің тұжырымдамаларында жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза әдеби категориялардың көмегімен классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде жалпы «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды.
43. Сана ағымы. У.Джеймс "Психология принциптері" еңбегі (1890). Джемс көптеген проблемалармен айналысты – бас миын, танымдық процестер және эмоцияны зерттеуден бастап, тұлға мәселесін зерттеуге дейін. Негізгі зерттеу сұрақтарының бірі болып ‑ сана табылды. Джемс «сана ағымы», яғни сыртқы қолайсыздық пен кей жағдайдағы бейсана психикалық процестердің ықпалына қарамастан адам санасы үзіліссіз жұмыс жасайды деген идеясының негізін салушы. Сананың күнделікті бөлінушілігіне қарамастан адам ойының үзіліссіздігі «өзіндік индентификация» мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан да, адам ұйқыдан оянғанда «ол өзінің өзі екендігін білу үшін айнаға қараудың қажеті жоқ екендігін» лезде саналы ұғынады. Осы мысалы арқылы Джемс адам ойының тек үзіліссіз жүріп жататындығын ғана айтып қоймай, сананың динамизмі мен өзгермелілігін де ескертті. Джемс Гераклиттің «алғашқы құбылыстар қатысты адам санасы мен ойы әруақытта өзгереді» деген пікірін жалғастыра отырып, бір мәселеге қатысты адам ойының өзі екі жақты болуы мүмкін. Сана функциясы тек үзіліссіз және өзгермелі ғана емес, ол селективтілік, таңдамалылық, қабылдау және терістеу (қабылдамау), бір заттарды таңдау немесе оның белгілі бір параметрлерін жоққа шығару сияқты қызметті атқарады. Джемстің көзқарасы бойынша сананың жұмыс жасау заңдылығы психологияның басты міндетін құрады. Бұларды анықтайтын орталық жүйе жазушы шығармашылығын тұтас зерттеуден орнығады. Осы зерттеудің деңгейлерін ажырата кетсек, алдымен, әдеби үрдістің мақсаттылығын көрсететін көзқараста жекелеген шығармалардың тууын зерттеу; нақты бір автор шығармасын қарастыру үстінде сол кезеңдегі шығармашылық үрдісті анықтау; қандай да бір белгілеріне қарай әртүрлі суреткерлердің шығармашылығына салыстырмалы зерттеу жүргізу; одан кейін жоғары абстракцияның категориясы ретінде танылатын көркемдік ойлауды зерделеу. Осылардың бәрі қаламгердің дүниетаным ерекшелігін, шығарма тудырудағы психологиялық ерекшеліктерін, кеіпкер жасаудағы тәсілдерін түрлендіреді, өзінің әсер-сезімін¸ толғаныс-тебіреніс арналарын жасайды. Кейде осындай кейіпкер санасының және одан тыс тұрған суреттеу тәсілін жазушы мен оқырманның қабылдауы аса күрделі.
44. Құбылтудың (троп) түрлері мен көркемдік қызметі (мысалмен талдау). Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл — құбылту, яки троп — сөздерді тур мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіптіп зерделеп таныту ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Әдеби тілдегі ең басты құбылтулар-дың бірі —ауыстыру, яки метафора — сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту,суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау;сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың, мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту. Мыс: Гималай — көктің кіндігі. Гималай — жердің түндігі.I. Жансүгіров. Қыр төсінде мөлдір айдын — ақ, сынап, Жиегінде жасыл кірпік — жас құрақ. (Ә.Сәрсенбаев) Бірінші мысалдағы метафора Гималайды біресе көктің кіндігіне, біресе жердің түндігіне балап, әшейін бір жер атын қолма-қол заттандырып, тауға көл-көсір мағына берсе, екінші мысалдағы ауыстырулар (ақ сынап, жасыл кірпік) қырдағы айдын көл мен бала құраққа айрықша сұлу сымбат бітірген. Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне, пернелеу, яки аллегория (гр,пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда әшейін ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық, зорлық, қастық, секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Осыларды Сәбит Дөнентаев өзінің “Ауырған арыстан” деген аллегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді: аң патшасы Арыстан ауыра қалған екен, аң, атаулы түгел жиылып көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқ боп шығады да, оны қара көңіл Қасқыр зорлықшыл Арыстанға қастандықпен хабарлап қояды. Кейін Түлкі келгенде, әрине, Арыстан ашуланады. Бұл сырды түсіне қалған қу Түлкі аяқ астынан айла та-уып, Арыстан секілді өзінің, де “ауырып” қалғанын, одан әйтеуір Қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп, әрең “жазылғанын” айтады, Арыстан ашуды қойып, өктемдігіне көшеді де, дереу Қасқырды шақыртып алып, сіңірін қияды… Бұл өлеңде қулық — Түлкі, зорлық — Арыстан, қастық — Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көреетілген. в) Құбылтудың бір түрі — астарлау, яки символ (гр.шартты белгі) —бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате (символды символизмнен айыра білу керек); ең бастысы — символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар,байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді. Құбылтудын, бір түрі — алмастыру, яки метонимия (гр.қайтадан атау) — өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалылығы үшін қажет.Мыс: Үйі мәз боп қой сойды.Сүйіншіге шапқанға.(Абай). Болыстың семьясын, туған-туысқанын түгел тізіп жатқан Абай жоқ, бәрін үйі деген бір ғана сөзбен алмастырады. Құбылтудың бір түрі — кекесін, яки ирония (гр.келемеждеу); Мыс:- Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші есіл ер!Ала жаздай ән салсаң,Селкілде де, билей бер!(Крылов — Абай). Сырттай қарағанда, құмырсқа шегірткенің ала жаздай ән салып, көгалды қуып гөлайттап кеткенін қитықсыз дабылдап, түсініп, өлеңші, әнші есіл ерді кәдімгідей мүсіркеп тұрған секілді. Ал енді осы “мүсіркеудің” астарына үңілсек, мырс-мырс күлкі, келеке тұрғанын көреміз. Иронияда, міне, осындай бүркеншік сын, сырты тәп-тәтті болғанмен, іші ап-ащы әжуа жатады; ирония әдеби тілдің түрі мен сырын осылай құбылтады. Тағы бір түрі —мысқыл, яки сарказм (гр. масқаралау).Мыс:“Әй!” деуші ең кеше бұйырып, Аз кунге бөсіп, ісінген.Әйдіктеу қызмет алғанда. Бір күнде даусын тусірген.“Әу!” дейсің бугін иіліп, Лауазым байғус кушіннен!..Орныңнан тайып калғанда.А. Тоқмагамбетов.).Бұл — ешқандай бүркеншіксіз тура айтылған шымыр, ширақ, улы һәм уытты мысқыл, масқара мазақ. з) Құбылтулың бір түрі — ұлғайту, яки гипербола (гр. үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі — кішірейту, яки литота (гр.карапайым, қораш). Бұлар да суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманың оқырманың әсерін арттыра түседі. Мыс:Жоғарғы ерні көк тіреп,Төменгі ерні жер тіреп.. (“Қобланды б.”)Жер мен көктің арасы түп-түгел ауызға айналып кеткендей Айта берсек, табу (гр.бәрін белгімен білдіру), перифраз (гр.қайта айтып беру), эвфемизм (гр.сыпайылап сөйлеу) тағы басқа осылар тәрізді ауыстыру амалдарының тіл құбылтар мүмкіндіктері бар. Синекдоха ( грекше-меңзеу). Троптың өзгеше бөлінетін бір түрі синекдоха деп аталады. Бір бүтін нәрсенің орнына оның бөлшегін (басың нешеу?); бөлшектің орнына бүтінді (жұрттың қалай екенін ұқпадым) қолдану. Біреуге: Басың нешеу? дегенде, оның басын сұрап отырғанымыз жоқ, неше адамыбар екенін сұрап отырмыз. Сол үйдің адамдарының орнына тек қана бастарын аламыз. Жұрттың қалай екенін ұқпадым!дегенде барлық жұртты айтып отырған жоқ, біреуді айтып отыр. Бір адамның орнына жұртты деген сөзді айтса да, бұдан барлық жұртты ұқпаймыз, сөз аңғарына қарап, бір адамға ғана қастап айтқанын білеміз. Жоғарғы бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолданған сықылды, көпшенің орнына жекешені, жекешенің орнына көпшені қолдану да синекдохаға жатады. Мысалы: Тары пісіп тұр. Жылқы көрдіңбе? дейді. Тары, жылқы - жекеше.
45. "Автордың өлуі" туралы тұжырым. Постструктурализ теоретиктері «автордың өлуі» туралы айтады. Ол дегенміз «жаңа әдебиетте автор емес, шығарма тілі сөйлейді» 46. Кейіпкер түрлері. Протогонист және антогонист. Миметикалық модус. Кейіпкер(персонаж) – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Образ –шығармашылық ой жемісі. Образ-нақты ұғым. Әдеби тек тарапынан келгенде,образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне келетн болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық т.б. бенелер деп бөлінеді. Романтикалық образ — қай жанрдың туындыларында болса да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі. Бір ғана Ғабит Мүсіреповтің өзі прозадағы аналар бейнесінен драматургиядағы Ақаны мен Ақтоқтысына дейін романтикалық образдың алуан түрлі әсем типтерін айта қалғандай шеберлікпен жасап берді. Әрине, әдебиеттін есейген, кемеліне келген шағындағы образ қанатты қиялшылдықтан гөрі, шынайы шыншылдықпен тығызырақ байланысты. Дей тұрғанмен, қанатты қиял жоқ жерде поэзия туындысы болмайтынын ескерсек, романтикалық образдың ғұмыры әлі де ұзақ екенін мойындаймыз. Реалистік образ — әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл — кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Дұрысын-да, образ атаулының айрықша мағыналы, мәнді түрі де осы — реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы — романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес, анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ, алыс емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын нәрсе. Сондықтан реалистік образдың эстетикалық-тәрбиелік мәні де, қоғамдық-өзгертушілік күші де айрықша үлкен. Мысалға Т. Ахтановтың “Дала сырындағы” Қоспан образын алып қарайық. Бұл — кәдімгі адам; өзіміз өмірде күнде кездестіріп жүрген қарапайым көптің бірі. Эпикалык, образ — кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен қаракеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдері әсірөсе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, тереқ әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін жетіп жатыр. Лирикалық образ — сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен — нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образ-дағыдай, ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кескін-кейпі де, қымқуыт шиеленісіп жатқан тардыры немесе іс-әрекеті мен қимыл-қарекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терен әрі нәзік ашылатып ішкі сыры, мінез-құлқы, жан-тынысы айрықша әсем айшық табады. Драмалық образ — эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында — сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. Мұны кейде тура “сахналық бейне” деп те атай береді. Драмалық образдың жасалу тәсілдері де өзінше бөлек. Эпикалық образ кең құлашты баяндаулар мен суреттеулер арқылы, лирикалық образ түрліше көңіл күйлері мен шабытты толғаныстар арқылы жасалса, драмалық образ шиеленіскен тартыстар мен қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалады. Қаншама ойшыл адамның драмалық образын жасамақ болсаңыз да, бәрі бір, оны сахнаға жетелеп әкеліп, үш сағат бойы үн-түнсіз, қимыл-қозғалыссыз ойлантып қоя алмайсыз. Юморлық образ — күлкілі кейіпкер; юмор — өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкіні әшейін жеңіл-желпі нәрсе деуге болмайды. Қүлкіде зор қоғамдық : сипат, әлеуметтік сыр жатады. Юмордағы күлкі — әзіл; ал әзіл келемежге айналса,— ирония, келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе,— сарказм болғаны. Сатиралық образ — ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс — керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткен-дікті қаза қопарып, көптің көз алдына — көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді. Қүні өткеннің, тозып біткеннің кедергіге айналғанын аңғартып, оған адам бойынан жиреніш шақырады. Қулық пен сұмдықты, екі жүзділік пен мансап-қорлықты, усойқылық пен ұятсыздықты, әйтеуір өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды оны-мен ымырасыз күреске, кескілеске үндейді,.сөйтіп, ілгері басуға, кедергіні жоқ етуге жұмылдырады.Сатираның юмордан өзгешелігі — мұнда қаламгердің өзі сықақпен сілейте сынап отырған адамына жаны ашымайды, оның мінін түзеу, өзін өнегелі өмірге қайта қосу мүлдесі болмайды, керісінше, автор мұндай жексұрындық өмірде болмауы керек деген қатал үкімін шығарады; юморда түзеу мақсаты жатса, сатирада жою, жоқ қылу мақсаты жатады.
Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 3533; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |