Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зыреттіліктер 2 страница




5. Тарихи мәліметтер?

6. Стандарттаудың негізгі тапсырмалары?

Тақырып №2

Мемлекеттік стандартизация жүйесі.

Стандарттаудың негізгі түсініктері.

Біздің елде стандарттауға қызметтердің барлық сфералары және жеке кәсіпорындардан бастап басқарма мекемелеріне дейін барлық халық шаруашылығы салалары бағынады. Әрине, мұндай масштабтағы жұмыстарды жүргізу белгілі бір ережелерге сай жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең негізгісі мемлекеттік стандарттар комплексіне немесе «мемлекеттік стандарттау жүйесіне» (МСЖ) кіру.

МСЖ өндірісті жетілдіру, өнім сапасын жақсарту, ресурстарды рационалды пайдалану үшін бағытталған. МСЖ-не стандарттарды енгізу және өңдеу тәртібі сонымен қатар олардың орындалуын қадағалау кіреді.

 

Стандарттаудың негізгі түсініктерін карастырайық.

Стандарттау - белгілі бір облыстағы қызметтерді реттеу мақсатында ережелерді құрастыру және қолдану жұмыстары.

Стандарттаудың түрлері:

1) халықаралық стандарттау - бұл екі немесе одан да көп мемлекеттер қатысатын стандарттау жұмыстары. Халықаралық стандарттаудың нәтижесі болып ғылыми-техникалық және сауда байланыстарын қамтамасыз ету үшін арналған серіктес мемлекеттер қолданатын халықаралық стандарттар табылады.

2) ұлттық стандарттау - нақты бір мемлекетте жүргізілетін стандарттау.

3)әкімшілік-аймақтық стандарттау - бұл әкімшілік-аймактық бірлікке (провинция, облыс, өлке) жүргізілетін стандарттау.

 

Стандарттау мынадай түсініктермен байланысты:

1. Стандарттау объектісі деп - талаптар, сипаттамалар, ережелер арналып жасалған өнім, үрдіс немесе қызметті айтады. Стандарттау объектіге тұтас немесе оның бір құраушысына (сипаттамасына) қатысты болуы мүмкін. Стандарттау объектісіне машина, жабдықтар, құралдар, техннка қауіпсіздігі талаптары, қызмет те жатуы мүмкін.

2. Стандарттау облысы деп — стандарттаудың өзара байланысқан объетілердің жиынтығын айтады. Мысалы, машина құрастыру стандарттау облысы болып табылады, ал кұрастырудағы стандарттау объектісі болып қозғалтқыштар типтері, қауіпсіздік және машинаның эколлогиялығы табылуы мүмкін.

Жеңіл өнеркәсіп стандарттау облысы, ал киім, жйһаз, аяқ киім, т.б. стандарттау объекгісі.

3. НТҚ (нормативті-техникалық құжат) - бұл орнатылған тәртіп бойынша жасалған және компетенттік стандарттау органдарымен бекітілген стандарттау объектісіне талаптар қоюшы құжат. Оларға салалар стандарттары, ғылыми-техникалық стандарттар, инженерлік қоғамдар стандарттары жатады.

4. Стандарт - бұл нормалар кешенін, ережелерді, стандарттау объектілеріне талаптарды бекітетін құжат және компетенттік органдармен бекітіледі.

Стандарт материалдьқ заттарға (өнім, эталон), с.қ. ережелерге әр түрлі сипаттағы талаптарға, (мысалы өзін-өзі ұстау нормалары) арнап шығарылуы мүмкін.

5. Стандарттарды қолданушы - стандарттарды өзінің өндірістік, ғылыми- зерттеу және басқа қызметтеріне қолданатын заңгер немесе физикалық тұлға.

6. Стандарттарды енгізу мерзімі — стандарт күшке ие болатын уақыт.

7. Стандарттарды қолдану - стандарттауда көрсетілген талаптарды орындай отырып стандарттарды қолдану.

8. Нормативтік құжаттарды қолдану – өнімге, үрдістерге және қызметтерге қатысты өндірісте, саудада және басқа сферада оларды қолдану.

9. Стандарттардың қызметке жарамдылық мерзімі - нормативтік құжатты енгізгеннен бастап оның қызметтен шыққан уақытына дейінгі аралық. Енгізу мен жою туралы шешімді осы құжатты қабылдаған стандартгауға жауапты орган қабылдайды.

 

№3 тақырып

Стандартизацияның облысы, стандартизацияның объектісі. Нормативтік-техникалық құжаттың, ТШ стандартының анықтамасы.

Стандартизацияның нәтижесі ретінде, ең алдымен, нормативтік құжат алынады.

Нормативтік құжат дегеніміз ортақ қағидалар, ережелер мен өнімге, жұмысқа немесе қызметке берілген сипаттамалар бекітілетін құжат.

Стандарт дегеніміз сәйкес орган бекіткен нормативтік құжат. Стандартта ортақ принциптер, қағидалар мен өнімге, жұмысқа немесе қызметке берілген сипаттамалар бекітіледі. Сонымен қатар, берілген ережелер ерікті түрде бірнеше рет қолдануға болатындай бекітіледі.

Техникалық шарттар дегеніміз өнімге, жұмысқа немесе қызметке қойылатын негізгі техникалық талаптарды бекітетін құжат. Пішініне қарай, техникалық шарттарды стандарт не оның бір бөлімі, тіпті кейде жеке құжат та ұсына алады.

Стандартизацияның облысы деп бір-бірімен байланысқан стандартизация объектілерінің жүйесін айтады.

Стандартизацияның органы деп аймақтық және халықаралық деңгейдегі стандарттарды жетілдіріп, бекіту өкілеттігі бар органды айтады.

Практикада стандартизацияның 4 негізгі кезеңін атап көрсетеді:

1. Стандартизация өткізілетін өнімді, жұмысты немесе қызметті таңдау;

2. Стандартизация өткізілетін өнімнің, жұмыстың немесе қызметтің үлгісін жасау;

3. Жасалған үлгінің тиімділік сапасының бекітілуі;

4. Жасалған үлгі үшін стандарттардың бекітілуі, стандартизация.

 

СТАНДАРТИЗАЦИЯНЫҢ ОБЪЕКТІСІ

Стандартизацияның объектісі деп стандартизациядан өткен немесе енді өтетін өнім, жұмыс, үрдіс және қызмет аталады.

Өнім деп аталады: шикізат және табиғи отын; материал және өнім; дайын бұйымдар; біртекті топтық өнімдердің жеке қырлары (терминдер, атаулар; параметрлер мен өлшемдер; техникалық талаптар; бақылау әдістері; қабылдау ережелері; таңбалау, орау, тасымалдау және сақтау ережелері).

Қызметтер:

- Материалдық;

- Материалдық емес.

Біртекті топтардың қызметтерінің жеке қырлары: терминдер; бағалау әдістері; топтастыру; қамтамасыз ету талабы.

Үрдістер – өмірлік кезеңнің жеке сатыларында болып жатқан өнімдер: материалдық емес өндіріспен байланысты (статистикалық, банкінікі, баспа қызметі), басқармалық, өлшеу, ақпаратты есептеу және өңдеу, қорғау әрекеттері(адамдарды, табиғатты).

Әдетте стандартизация бойынша жасалатын жұмыстардың барлығы 4 кезеңнен өтеді:

- Стандартизация объектерін таңдап алу;

- Стандартизация объектерін үлгілеу;

- Үлгілерді үйлестіру;

- Үлгілерді стандарттау.

Мәселен, кәсіпорындарда ұйымдастыру - басқару құжаттамаларының белгілі бір түрлері – бұйрықтар, баяндамалар, т.б. ғана қолданылады. Бұл жағдайда стандартизация объектісі ретінде қайталанып келетін объектілер алынады (құжаттардың жеке түрлері). Әрине, стандартизация үрдісінде материалдық заттар ретінде объектілердің өздері емес, олардың заттық жақтарын көрсететін ақпарат (белгілер, ерекшеліктер), яғни шынайы объектің абстрактылық үлгісі жатады. Мысалы, ұйымдастыру-басқару құжаттамасы үшін мұндай белгілер болып келесілері табылады: деректеме құрамы (ұйымның атауы, құжаттың атауы); деректемелерді рәсімдеу; пішіні, мазмұны, орналасқан жері; құжат пен оның есебіне, пайдаланылуына, сақталуына қойылатын талаптар.

Әр ұйымдарда пайда болған тәжірибеге қарай қүұжатты толтыру нұсқалары әр түрлі болуы мүмкін. Жекелей алғанда, деректемелердің құрамы, олардың рәсімделуі, бланктардың пайдаланылуы т.б. әр түрлі болуы мүмкін. Ұдайы өндіріс пен қамтамасыз ету үшін деректеме құрамының ең үздігін таңдап алып, құжатты бір қалыпқа салу, рәсімдеуге қажетті деңгей, бланктың ең қолайлы үлгісі сияқты түсініктер бірдей. Ең қолайлы шешім ортақ ғылыми әдістермен және стандартизация әдістерімен (симплификациялау, типтеу, т.б.) табылады. Өзгерістің нәтижесінде стандартизация жасалатын объектінің ең ыңғайлы үлгісі жасалып шығады.

Қорытынды деңгейде бір қалыпталған үлгінің негізінде нормативтік құжатты өңдеу-стандартизациядан өткізу іске асырылады.

Қоғамдық тәжірибенің кез-келген саласында нақты келешегі бар, бірнеше рет қолдануға келетін екінші табиғаттың жаңа объектілерінің интегралды сапасы туралы нормативтік-техникалық ақпарат үлгісіндегі (жаңа қабылданған және жаңартылған стандарттар қатарына қосылған талаптар үлгісінде), зерттеушілер мен жасаушылардың шығармашылық интеллектуалды-техникалық еңбектерінің жаңа позитивтік нәтижелерін дер кезінде ортақтастыру әлеуметтік-экономикалық қажеттілігі стандартизацияның объективтік заңы болып табылады.

Өнімге арналған стандарттар(қызметтер) – не өнімнің (қызметтің) белгілі бір түріне, не өнімнің (қызметтің) біртекті топтарына арналған талаптарды бекітетін нормативтік құжаттар. Берілген нормативтік құжаттың келесі екі түрі бар:

1) Ортақ техникалық шарттардың стандарттары. Олар біртекті өнімдердің (қызметтердің) топтарына қолданылады;

2) Техникалық шарттардың стандарттары. Олар өнімдердің (қызметтердің) нақты түрлеріне ғана қолданылады.

Ортақ техникалық шарттардың стандарттарында топтастыру, таңбалау, тасымалдау, жұмысқа пайдалану және пайдаланушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, қоршаған ортаға байланысты міндетті талаптар, іске жарату ережелері көрсетіледі.

Берілген бөлімдер толық көлемде әрқашан бола бермейді (қауіпсіздік талаптарынан басқа), берілген стандарттың мазмұны өнімнің (қызметтің) ерекшелігіне байланысты.

Техникалық шарттардың(ТШ) стандарты, өнімнің (қызметтің) нақты түріне ғана қолданылғандықтан, нақты талаптар қояды.

Алайда техникалық шарттардың стандартының талаптары ортақ техникалық шарттардың стандартының талаптарына қарама-қайшы келмеуі тиіс. Қаралып отырған стандарт тауарлық белгі және өнімде болуға тиісті сертификаттың болуы туралы ақпаратты тұтынады. Егер стандарттың объектісі қызмет болса, онда стандартқа көрсетілетін қызметтердің жиынтығына байланысты нұсқаулар кіргізіледі.

Жұмыс стандарттары (үрдіс) – қағидалар мен әр түрлі жұмыс ережелері бекітілетін нормативтік құжат. Жұмыс түрлері өнімнің өмірлік кезеңіндегі белгілі бір сатыларында (дайындау, даярлау, қолдану, сақтау, тасымалдау, жөндеу және пайдалану) өтіледі.

Берілген стандарт түрінде міндетті талап: технологиялық операциялар орындау кезінде адам өмірі мен денсаулығы және табиғи ортаны сақтау қауіпсіздігі.

Бақылау әдістерінің стандарттары (сынау, өлшеу, анализ). Олар қабылданған стандартқа сәйкес, өнім сапасы міндетті талаптарының орындалуын толық бақылауда ұстауы керек. Берілген стандарттардың түрінде жаңадан өндірілетін және салыстырмалы нәтиже беретін бақылаудың барынша көп объективті әдістері бекітілуі керек. Бақылаудың стандартталған әдістерінің негізі – Халықаралық стандарттар. Стандартта міндетті түрде өлшем бойынша кемшілік жіберілу мүмкіндігі туралы ақпарат болуы тиіс.

Стандарттағы өнім сапасының барынша жоғар баға көрсетуі үшін бақылаудың бірнеше әдісі ұсынылады. Стандартта әр бақылау әдісі үшін бірнеше аспаптар мен құрылғылар болуы керек. Себебі, олардың көмегімен сынақтар, сынақ дайындау кезеңдері, сынақ өткізу алғышарттары(алгоритм), сынақ нәтижелерін жөндеу тәртібіне нұсқау, сынақ нәтижелерін рәсімдеу туралы талаптар, сынақта кетуі мүмкін кемшіліктер өтуі тиіс.

 

Стандарттардың категориялары.

Өндірісте қабылданған кәсіпорындар мен ұйымдардың тармақ-тармақ астыларына (техниканың бағыты) бөлінуіне байланысты, міндетті қолданыс саласындағы стандарттар келесі санаттарға бөлінеді:

1) Елдердің халықаралық стандарттары – ТМД (МЕСТ(ГОСТ)) мүшелері, міндетті қолданыс аясы – ТМД елдерінің ұлттық экономикасы;

2) Салалық стандарттар (ССТ), міндетті қолданыс аясы – өнеркәсіптің жеке салалары;

3) Кәсіпорын стандарттары (КСТ), міндетті қолданыс аясы – нақты бір кәсіпорын;

4) Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдастықтардың және басқа қоғамдық бірлестіктердің стандарттары (ҚСТ), міндетті қолданыс аясы жоқ, сондықтан кез-келген қызығушылық танытқан ұйымдар қоғаммен, стандартты жасаушымен келісіп, қолдануына болады.

 

 

Тақырып №4.

Мемлекеттік стандарттардың салааралық жүйесі.

  1. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ).
  2. Техникалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ).
  3. Өлшемдердің мемлекеттік жүйесі (ӨМЖ).
  4. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ).

Конструкторлық қүжаттама мемлекеттік стандарттау объектісі болып табылады.

Соғыстан кейінгі кезеңде өндірістің жаңа салаларының дамуымен және машиналардың, құрылғылар мен қондырғылар конструкциясының қиындауымен, өнеркәсіптің әр түрлі салаларынан туындаған конструкторлық құжаттама (КҚ) мен сызу шаруашылығының көлемінің бірыңғай конструкторлық құжаттарының өңделуі, орындалуы, қолданылуы болған жоқ.

Сызбалардың бірыңғай дайындау және өңдеу ережелерінің болмауы құжаттарды бір зауыттан екіншісіне жіберуді қиындатты. Конструкторлық құжаттың қосарланушылығын (дублирование) туғызды. Қалыптасқан жағдай елдегі халық шаруашылығына арнап конструкторлық құжаттаманың айналысы мен өңдеудің бірыңғай ережелерін шығаруды талап етгі. Көптеген министрліктердің конструкторлық және жобалық ұйымдарының қатысуымен 1968 жылы конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) жасалып, КСРО мемлекеттік стандартымен бекітілді.

Осылайша, КҚБЖ жасалу тәртібі, өңделуі, конструкторлық құжаттама (КҚ) айналымы бойынша өзара байланысқан ережелерге ие болатын мемлекеттік стандарттар комплексі.

КҚБЖ стандарттарының негізгі тағайындалуы мынада:

А) қайта өңдеуден өтусіз ұйымдар мен кәсіпорындар арасында конструкторлық құжаттармен алмасу мүмкіндігі.

Б) еңбек сыйымдылығын көрсететін конструкторлық құжаттар мен графикалық бейнелердің формаларын жеңілдету.

КҚБЖ стандарттарының белгіленулері.

КҚБЖ стандарттары келесідей белгіленеді:

ГОСТ 2. 304 - 81. КҚБЖ стандарттарының белгіленуі классификациялық

Топ Топтағы стандарттар мазмұны
шифры
  Жалпы жағдайлар
  Негізгі жағдайлар
  КҚ бұйымдарының классификациясы мен белгіленуі
  Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері
  Машина және құралдарды кұрастыру бұйымдарынын
  сызбаларын орындау ережелері
  КК айналымы ережелері (өзгерістерді енгізу, қосарлау, сақтау есебі) Жөндеу және эксплуатациялық құжаттама Сызбанұсқаларды орындыу ережесі Құрылыс құжаттаманы орындау ережелері Арнайы талаптар (бұйымдарға, эксперементке)

принципке сүйенеді.

Стандарттардың классификациялық кестесіне тоғыз топ кіреді

Стандарт номері КҚБЖ стандарттар класы иеленген 2 санынан кұралады. Бір сан (нүктеден кейінгі) стандарттардың классификациялық тобын; екі таңбалы сан берілген топтағы стандарттың реттік нөмірін; екі таңбалы сандар (сызықшадан кейінгі) стандарттың тіркелген жылын көрсетеді.

ГОСТ2.304 - 81

Стандарттың тіркелу жылы.

Топағы стандарттың ретгік нөмірі.

Стандарттардың классификацияльщ тобы.

КҚБЖ стандарттарының класы.

Нормативті-техникалық құжат категориясы

(мемлекеттік стандарт).

Бірнеше топтарды қарастырайық. Мысалы, сызбаларды орындаудың жаппы ережелерінің үшінші топ стандарттары (ГОСТ 2. 301 - 68, ГОСТ 2.331 - 84) сызба форматтарының өлшемін, масштабын, сызбада түрлердің, қималар мен қиылыстардың, белгілердің түзілуін орнатады. Дәл осы стандарттарды карталар мен ДЖ, КЖ және ЕК өңдеуде пайдаланамыз.

Бесінші топ стандарттары конструкторлық құжаттардың айналу ережесіне (ГОСТ 2.501 - 68, ГОСТ 2.506 - 84) КҚ-ты сақтаудың, есептеудің, қосарлаудың, жіберудің жалпы ережелерін орнатады. КҚБЖ стандарттарының қабылданған белгілер жүйесі стандарттарды әр түрлі қызметте және ұйымдарда пайдалануды жеңілдетеді, яғни жобалық- конструкторлық жұмыстарды, сызбалардың оқылуын жеңілдетеді, техникалық құжаттарды өңдеуде және жобалауда ЭЕМ қолдануға мүмкіндік береді

КҚБЖ-мен қатар технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ) де қолданылады.

ТКБЖ. Құжаттама формаларының көп түрлілігі мен күрделілігі, онда ішкі өзара байланыстың болмауы құжаттаманың машинамен өңдеу прогрессивті тәсілдерін қолдануға, басқа кәсіпорындарға құжат жіберуге кедергі келтірді. Қалыптасқан жағдайды приндипиалды өзгерту үшін ТҚБЖ стандарттар комплексі ойлап шығарылды.

ТҚБЖ машина мен құрылғылар жасау және жөндеу үшін қолданылатын технологиялық құжаттарды жасау, өңдеу және айналудың өзара байланысқан ережелері мен жағдайларын орнатады және барлық технологиялық құжаттар түрлеріне таралады.

 

ТҚБЖ стандартгарының белгіленуі технологиялық құжаттарға арналған кластар иеленген 3 санынан тұрады. 1 саны (нүктеден кейінгі) машина және құрылғылар құрастыру бұйымдары үшін арналған стандарттар төменгі кластарды білдіреді; келесісі стандартар тобын білдіреді; екі таңбалы сан берілген топтағы стандарттардың реттік нөмірі; сызықшадан кейінгі екі таңбалы сан стандарттардың тіркелу жылын көрсетеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 1522; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.054 сек.