Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Метрология негіздері. Кіріспе




Метрология ғылым ретінде өлшемдер мен байланысты мәселелер шеңберін қамтиды, яғни, метрология бұл өлшемдер туралы ғылым. Грек тілінен аударғанда «метро» - өлшеу, «логос» - ғылым дегенді білдіреді.

Мөлшермен қоғамдық еңбектің 15% өлшемдер жүргізуге арналады. Біздің бүкіл елімізде күніне миллиондаған өлшемдер жүргізіледі. Дәл өлшеусіз өндірілетін өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету мүмкін емес. Кез келген бұйымның сапасы бастапқы шикізатқа, материалға байланысты. Материалдың сапасын тексеру үшін қазыргі кезде күрделі өлшеу аспаптары жиі қолданылады.

Ал біздің тұрмыс, біздің күнделікті өміріміз ше? Біздің өмірімізді жұмыста да, үйде де, көшеде де әр түрлі өлшеу құралдары қоршап жатқанын байқамаймыз. Кез келген кәзіргі заманға сай тұрғын үйді алайық. Ол көптеген құралдармен қамтамасыз етілген: электр, су өлшегіш, термометр, барометрлер... ал телидидардағы басқарушы құрылғылар (пультуправления), кір жуғыш, микротолқынды пештердегі уақыт релелері және т.б.с.с. – олардың барлығы өлшемдермен байланысты. Бізді қоршағанның, өміріміздегі құбылыстардың барлығы тұрақты өлшеулерге тәуелді. Қысым, дауыс күші, уақыт, темпиратура, салмақ, көлемдер, арақашықтық және тағыда басқалары өлшенеді. Әр адам әр түрлі жолдармен өлшеулер жүргізеді – зеріттеуші зертханада, бақылаушы (техникалық бақылау бөлімі ОТК) зауытта, фабрикада, дәрігер емғанада, саудагер дүкенде, сағатқа немесе термометрге қараған әр адам күнделікті өмірде өлшегіш құралдарды қолданады.

Бірнеше мыңдаған жылдардан бері адамдар әр түрлі өлшемдерді қолданып келеді. Бұрынғы кезден бері және осы күнге дейін ғалымдар ұзындықты, ауданды, көлемді, салмақты, уақытты дәлірек және тезірек өлшеу жолдарын іздеп келеді. Бірақ әр халықтың өз өлшемдері болған. Мысалы, ежелгі Русьте арақашықтықтарды адам денесінің бөліктеріне сәйкес өлшеген: локоть, сажень - екі қолды екі жаққа созған кездегі бас саусақтардың арасы (жуық шамамен 1,5м тең), прять – бас саусақпен сұқ саусқтың (указательный) арасы (жуық шамамен 19 см тең).

Ағылшындар арақашықтық немесе ұзындық фунтпен өлшейді (фут дегеніміз табан, аяқ)

Мысалы, футбол қақпасының ұзындығы 7,32 м, ал ені 2,44 метрге тең. Қызық сандар, неге тура 7 метр емес, неге тура 2 метр емес? Себебі: футболдың Отаны болып Ұлыбритания табылады. 7,32 метр 24 футқа тең, 2,44 метр 8 футқа тең.

Өлшемдер мен салмақтың көп түрлілігі мен тұрақсыздығы ХҮІІІ ғасырдың соңында тоқтады. Ғалымдар жер меридианының Париж арқылы өтетін доғасын өлшеді. Өзгермейтін өлшем ретінде Париж меридианының қырық миллионнан бір бөлігі қабылданып, «метр» атауын иеленді.

Осы кезде салмақты өлшеу жүйесі килограммда енгізілді. Бұл өлшемдер туралы нақтырақ эталон түсінігін қарастырған кезде тоқталамыз.

 

№11 тақырып

Метрологияның мақсаты мен тапсырмалары. Өлшеулердің маңыздылығының үш тұрғысы.

Метрология ежелгі ғылымдардың бірі және ол кәзіргі замандағы ғылыми-техникалық үрдісті сипаттайтын өлшемдердің саластырмалы қатынасынан ғылымға дейінгі үлкен жолды өткен.

 

Метрологияның негізгі мақсаттары:

1. Өлшемдердің негізгі теориясы.

2. Эталондарды құрастыру жүйесі.

3. Өлшеу техникасының ғылыми-технологиялық сұрақтары.

4. Метрологиялық қызымет әрекеті.

5. Ғылым мен техниканың жетістіктерін метрология мен өлшеу техникасына енгізу.

 

Өлшеулер маңыздылығының үш тұрғысы немесе метрология ғылымының ролі.

1. Ғылыми аспект – ғылымда теория мен тәжірибе арасындағы байланысты өлшеу арқылы іске асады. Дүниетану және техникада ғылыми зерттеулер өлшеулерсіз мүмкін емес.

2. Техникалық тұрғысы – өлшеу құрылғыларыкез келген техникалық объектінің – машинаның, қондырғының, зертғана және оларды басқару мен бақылау қондырғыларының құрылымының алынбас бөлшегін құрайды.

3. Ақпараттық тұрғысы – өлшем – бүкіл ғылыми-техникалық ақпараттар жинағын алудың негізгі көзі қызыметін атқарады.

 

2000 жылдың 7 маусымда ҚР-ның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң шығарылды.

Негізгі жағдайлары:

1. Өлшемдер мен сынақтардың нәтижелерінің өз-ара мойындау үшін жасау.

2. Метрологиялық бақылау және қадағалау жүргізу.

3. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің жүйесі және үлгі нұсқалары (эталондары)

4. Метрологиялық ережелердің бұзылуына жауап беру (ответственость)

 

1960 жылдың қазанында Парижде жиналған Генералдық конференцияда, (интернационалдық жүйе) ИЖ – мемлекетаралық өлшем бірліктері қабылданды. Соңғы жылдары ИЖ бүкіл әлемде кеңінен мойындалды.

Кәзіргі таңда МЕСТ 8.417-81 өлшеулердің біріккен жүйесін қамтамасыз ету (ГСИ мемлекеттік өлшеу жүйесі МӨЖ)

Физикалық шамалардың өлшем бірліктері

Стандартта негізгі өлшем бірліктері болып мыналар қабылданған:

Метр – ұзындық

Килограмм – салмақ

Секунд – уақыт

Ампер – электр тоғының күші

Кандела – күн сәулесінің күші

Өлшем бірліктер – ғылым мен техниканың тілі.

 

Сұрақтар:

1. Метрология деген не, қандай құрастырушылардан тұрады?

2. Физикалық шама дегеніміз не?

3. Өлшеу дегеніміз не?

4. Метрологияның негізгі тапсырмалары?

5. Өлшеу қателіктері дегеніміз не?

6. Өлшеу түрлері?

 

№12 тақырып

Метрологияның негізгі түсініктері мен анықтамалары

Үлгі-нұсқа(эталон).

1889 жылы ғалымдар ең алғаш ұзындық бірлігі ретінде метрді қабылдағанда, яғни жаңа үлгі-нұсқаны анықтағанда, өлшемдер мен салмақтардың көптүрлілігі мен тұрақсыздығының жойылғандығын біз бұрынырақ айтқанбыз.

Тұңғыш үлгі-нұсқа – метр х-бейнелі көлденең қималы темір білікте түсірілген сызықтардың арасындағы арақашықтыққа тең болып қабылданды. Ол 90% платина және 10% иридийдың қоспасынан дайындалды. Бірақ, ғылым бір орында тұрмайды. Жаңа өлшегіш техниканың арқасында ұзындық бірлігінің ең жоғарғы нақты көшірмесі болып криптон-86 изотопының қызғылт сары сызығы қамтамасыз ететіндігі анықталды.

Өлшем мен салмақ бойынша өткен 11-жалпы конференцияда (1960ж.) келесі анықтамалар бекітілді: метр – ұзындығы вакуумде сәулесі таратылған криптон-86 атомы толқынының ұзындығы – 1650763,73-ке тең ұзындық. Бұл үлгі-нұсқа-біліктің мағынасы жоғалтқанын немесе өлшемін өзгерткенін білдіре ме? Жоқ, оның өлшемі өзгерген жоқ, өлшем нақтылығы да дәл бұрынғыдыдай, алайда ол өзінің біріншілігін жоғалтып, екінші үлгі-нұсқа болды.

Ұзындық өлшемдері жүйесімен бір уақытта салмақ өлшемдері де пайда бола бастады.

Негізгі бірлік ретінде таза дистилденген судың, оның ең жоғарғы температурасы, яғни +4º-тағы, бір куб дециметр кезіндегі массасы алынды. Бұл бірлік «килограмм» деген атау алды, ал оның қосымша өлшемдері – грамм, милиграмм, центнер, тонна.

Массаның үлгі-нұсқасы – килограмм. Платиноиридийлік қоспадан (90% және 10%) жасалған ол Екатеринбургтағы М.Ломоносов атындағы метрология ғылыми зерттеу институтында сақталып тұр. Ол терезелері жоқ бөлмеде, от алмайтын сейфте, сейфтің ішінде шкаф, шкафтың ішінде қалпақ, оның ішінде астында үлгі-нұсқа сақталған тағы бір қалпақ бар. 1884ж. Халықаралық метрдің 30 көшірмесі дайындалып, халықаралық бюроға кіретін елдердің арасында бөлініп берілді.

Үлгі-нұсқа – өлшем бірліктерінің асқан дәлдікпен көщіріліп-сақталуына арналған озат шаралар және аспаптар. Оларға метр мен килограммның мемлекеттік түптұлғалары жатады.

Мемлекеттік үлгі-нұсқалардың жиынтығын елдің үлгі-нұсқалық негізі деп атайды.

Өлшеуіш құралдарды тексеру мемлекеттік қадағалаудың маңызды іс-шарасы долып табылады. Өлшеуіш құралдардың қателіктерін (поверка) анықтау және оларды жойу, жұмысқа жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізілетін іс-шараларды тексеру жұмыстары (поверки) дейміз.

Тексеру жұмыстарды метрологиялық қызымет орындар үлгі нұсқалар, арнайы тексеру құралдары арқылы жүргізеді. Егерде тексерілген құрал оң нәтиже көрсетсе оған тексерілуі туралы таңба қойылып, тексерілу туралы куәлік беріледі.

Өлшеу құралдарын тексеру жүйелерінің негізгі жағдайлары мыналар:

1. Стандарталған немесе шетелден келген өлшеу құралдарының сериялық шығарылымынның нақтылығын тексеру.

2. Қолданысқа (эксплуатацияға) тек қана тексеруден өткен өлшеу құралдары ғана беріледі.

3. Өлшеудің маңыздылығына және құралды қолдануына қарай тексеру уақыты белгіленеді.

Техникалық аспаптар көмегімен физикалық шамалардың мәнін анықтауды өлшеу деп атаймыз. Өлшеу нәтижесі: сандық мағына мен өлшем бірлігі болып табылады.

 

Сұрақтар:

1. Өлшеу құралдарының түрлері.

2. Эталон (үлгі нұсқа) деген не?

3. Халықаралық бірліктер жүйесі.

№13 Тақырып.

Халықаралық бірліктер жүйесі.

Метрлік өлшеу жүйесінің құрылуы және дамуы.

Сауда мен өндірістің дамуына байланысты ұзындықтың және салмақтың, еркін таңдалған, көптеген өлшем бірліктері жойылуы тиіс болды. Метрлік өлшем жүйесі ХҮІІІ ғасырдың соңында Францияда пайда болған. Сол кезде салмақтың да (килограмм) өлшем жүйесі құрылды.

Бастапқыда метр Париж қаласынан өтетін меридианның кырык миллионнан бір бөлігі, ал килограмм – бір дициметр куб судың 40 С темпиратурасындағы салмағы болатын. Бұл үлгі нұсқалар (эталондар) бірліктері қарапайым құралған. Оның прогрессивті мағынасын анықтаған метрикалық жүйенің маңызды ерекшелігі осында. Екінші маңызды ерекшелік болып қабылданған есептер жүйесіне сәйкес келетін бірліктердің ондық бөлшегі және олардың атауларының түзілуінің бірыңғай әдісі (атауға сәйкесінше кило, гекто, дека, санти, милли қосымшаларының қосылуы арқылы) табылады. Бұл әдіс бірліктердің бір түрден екінші түрге күрделі ауысуынан арылтты және атаулардың шатасуын кері ысырды.

Өлшемдердің метрикалық жүйесі бүкіл әлемде бірліктерді бірыңғайлау базасына айналды.

Алайда, одан кейінгі жылдарда өлшемдердің метрикалық жүйесі алғашқы қалпында (м, кг, мм, мл, ар алты ондық қосымша)дамып келе жатқан ғылым мен техниканың талаптарын қанағаттандыра алмады. Сондықтан әрбір білім саласы өзі үшін қолайлы бірліктер мен бірліктер жүйесін таңдады. Осылайша, физикада сантиметр-грамм-секунд (СГС) жүйесі қалыптасқан; техникада мынадай негізгі бірлікті жүйе кең таралған: метр-килограмм-күш-секунд (МКГСС); теориялық электротехникада бірінен кейін бірі СГС жүйесінен шыққан бірнеше бірліктер жүйесі қолданыла бастады; жылутехникада бір жағынан сантиметр, грамм және секундқа негізделген, екіншіден, бірлігі Цельси болатын температура және жылу мөлшерінің жүйеден тыс бірліктері калорий, килокалорий қосылған метрге, килограммға, секундқа негізделген жүйелер қабылданған. Бұдан басқа көптеген жүйеден тыс бірліктер қолданысқа ие болды: мысалы, жұмыс пен энергия бірліктері – киловатт-сағат және литр-атмосфера, қысым бірліктері – сынап бағанының милиметрі, су бағанының милиметрі, бар және т.б. Қорытындылай келе, метрлік бірліктер жүйесінің айтарлықтай мөлшері пайда болды, олардың кейбіреуі техниканың салыстырмалы жеке шағын салаларын қамтыды, жүйеден де тыс бірліктер көп, олардың негізіне метрикалық жүйенің анықтамалары кіреді.

Бұның бәрі жеке аймақтардағы бір уақытта қолданылғандықтан, бірліктер бірдей болмағандықтан, көптеген сандық коэффециентары бар есептеу формулалардың көбін қолайсыздандырды. Бұлардың барлығы есептеулерді қиындатты. Мысалы, техникада, салмақ бірліктерінің жүйесін – килограмм қолдану қолайлы болды, ал күштің бірліктер жүйесін килограмм-күшпен өлшеді. Бұның барлығы көптеген тәжірибелерде қолдануға жеткілікті дәлдікте болды. Мысалы, көлем мен салмақтың сандық мағынасы (килограмммен), немесе жердің тартылыс күшін килограмм-күшпен өлшейді. Бірақ көптеген сандық коэффециентері бар формулаларда әр түрлі мағыналардың теңестіруіне (дөңгелектеуіне немесе қысқартуына мысалы, 9,80665 дөңгелектегенде 9,81) және салмақ пен көлемнің араласуына байланысты көптеген түсініспеушіліктер пайда болды.

Бұндай көп түрлі бірліктер және осыған байланысты ыңғайсыздықтарды, техника мен ғылым салаларында универсалды физикалық шамалар бірліктерінің жүйесін жасауды туғызды. Бұл универсалды жүйе барлық жүйелерді және дара, жүеден тыс бірліктерді ауыстыра алу керек болды. Халықаралық метрологиялық орталықтардың жұмысы барысында осындай жүйе пайда болды және халықаралық бірліктер жүйесі қысқарғанда ИЖ (интернационалдық жүйе)деген атауға ие болды. 1960 жылы ИЖ-нің ХІ конференциясында заманға сай метрикалық жүйе қабылданды.

Халықаралық бірліктер жүйесіне түсініктеме.

ИЖ-нің универсалдылығы –материалды әлемнің мағынасын көрсететін және техника мен ғылым саласының барлығында, барлық физикалық шамаларға айландыруға болатын жеті негізгі физикалық шамалар бірліктері ИЖ-нің негізгі қалаушылары болып табылады. Денелік бұрыштар және жазықтықтарға байланысты – дара бірліктер пайда болу үшін қолданылатын қосымша бірліктер де осы мақсатта жұмыс істейді. ИЖ–нің құрылу принципі басқа жүйелерден артықшылығы болып табылады. Халықаралық дәрежеде қабылданған бірліктер негізгі шамаларға, ал қалған бірліктерге дара шамалар шығарылады. Осы жағдаймен құрылған жүйесі және бұған кіретін бірліктер когеренттер деп аталады. Себебі шаманың сандық мағынасы мен бірліктер арасындағы байланыста байланыстырушы шамалар бастапқы теңестірудегі сияқты коэффициенттер болмайды. Айналу коэффициентерінен арылуына байланысты ИЖ-нің конгрентті бірліктері есептеу формулаларын минималды дәрежеде қысқартты.

Бір шаманың көптеген түрдегі бірліктерін ИЖ азайтты. Мысалы, қысымның көп сандық бірлігінің орынына ИЖ-да қысымның көрсеткішін Паскальда көрсетеді.

Салмақ (ИЖ-нің бірлігі – килограмм) және күш (ИЖ-нің бірлігі –нютон) түсініктерінің пайда болуына әр бір физикалық шамаға өз бірліктерін беру арқылы болды. Заттың немесе дененің қасиетіне байланысты, гравитациялық аймақты жасауына байланысты, интерциондығына байланыстыт көлем түсінігі пайда болады, ал салмақ болса – күштің гравитациялық аймақпен бірігуінен пайда болады.

Негізгі бірліктерді нақты дәл дәрежеде анықтауға болады. Бұл өлшемдердің бірлігі мен өлшем дәлдігін жоғарлатады. Бұған бірліктердің эталондарын «материалдау» және олардың көлкмін өлшеу құралдарына үлгілір кешенін беру арқылы қол жеткізеді.

Халықаралық бірліктер жүйесі өзінің артықшылығына байланысты бүкіл әлемде қолданады. Кәзіргі таңда ИЖ-ні енгізбеген, немесе енгізуге дайындалып жүрген, немесе енгізуден бас тартқан мемлекетті атау өте қыйын.

Ағылшындық өлшеу жүйесін қолданып келген Австрия, Канада, АҚШ және тағыда басқалары ИЖ-ні қабылдағн.

№14 тақырып.

Сертификацияның мәні, қағидалары, ережелері және реті.

Сертификаттау үрдісі қойылатын қалыптар және талаптарға сертификаттау нысанының сәйкестілігін растауға бағытталған.

Зертханалық зерттеулер мен сынау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде зерттеу нысанының стандарттау талаптарына немесе техникалық талаптарға жауап беруі туралы акт құрылады. Егер сертификаттау нысаны талаптарға сай болса, актқа сүйене отырып зерттелген нысанға сапаның талап етілетін қасиеттеріне сәйкес сертификат беріледі.

Сертификаттау еркін тәртіпте, сондай-ақ еркін негізде орындалады. Сертификаттау үрдісіне үш жақ қатысады.

Бірінші жақ – өнімді өндіруші немесе сатушы.

Екінші жақ – өнімді сатып алушы немесе пайдаланушы.

Үшінші жақ – бірінші және екінші жақтан тәуелсіз орган.

Сертификаттау нысандарына халықтық тұтыну тауарлары, қызметтер, үрдістер, жұмыс орындары, сапа жүйесінің қызметкерлері және т.б. жатады.

Нарықтық экономика жағдайында өндіруші өз өнімінің бәсекеге қабілетті болуы үшін күреседі. Жылдам ақша табу мақсатында кей өндірушілер адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянын тигізетін тауарларды ұсынуы мүмкін.

Мемлекет заңшығарушы орган ретінде зиянды өнімді айналымға енгізгендерге заңды, әкімшілік және азаматтық жауапкершілік жүктейді.

Өнімді, импортпен қоса, сертификаттаудың негізгі тапсырмаларына келесілер жатады:

1. Тұтынушының тауар және қызмет сапасына деген сеніміне қол жеткізу. 2. Тұтынушыға керекті тауар және қызметті таңдау мүмкіндігін жеңілдету.

3. Тұтынушыға тауар және қызмет сапасы туралы шынайы ақпарат беру. 4. Бәсекеде сертификацияланбаған тауар және қызметтерден қорғауды қамтамасыз ету.

5. Сапасыз импортты өнімге қолжеткізуді тоқтату.

6. Ғылыми- техникалық үрдістің дамуына әсер ету.

7. Ұйымдастырулық-техникалық үрдістің өсуіне ықпал жасау.

Сертификаттаумен байланысты барлық жұмыстар ҚР Мемлекеттік стандарттары басқаратын «Өнім және қызмет сертификациясы» заңына сәйкес сертификаттау жүйесімен жүргізіледі.

Сертификаттау жұмысындағы маңызды рөл кәсіпорын сапасы жүйесін және қоршаған ортаны қорғау жүйелерін ИСО 9000 и ИСО 14 000стандарттарына сәйкес құратын органдарға беріледі.

Өнім және қызмет сертификациялары халықаралық, мемлекеттік (ұлттық) және аймақтық деңгейде жүргізіледі.

Сертификация жүргізу ережелері мен тәртібі

1. Мәлімдеуші сертификация үрдісін жүргізу бойынша сәйкес органға мәлімдеме тапсырады. Берілген орган туралы ақпаратты Мемлекеттік стандарттың жергілікті органдарымен немесе Мемлекеттік стандартпен берілуі тиіс.

2. Сертификацияны жүргізетін орган мәлімдемені қарауға қабылдайды, сертификацияның барлық негізгі шарттары, сондай-ақ материалды шығындар, аккредитациядан өткен сынақ зертханаларының тізімі, сапа жүйесін немесе өндіріс жүйесін сертификаттау жүргізу рұқсатына ие ұйымдар тізімі енгізілген шешім шығарады.

3. Мәлімдемені беруші сынақтар жүргізілетін зертхананы немесе тізім ішінен сапа және өндіріс жүйесін сертификаттайтын органды таңдайды. Сертификацияны жүргізетін органымен сертификация жүргізу келісімі құрылады.

4. Сынақ зертханасы немесе сертификация жұмысын жүргізу органы сынақты жүргізу үшін керекті үлгілерді таңдау үрдісін жүргізеді.

5. Сапа жүйесін немесе өндіріс жүйесін сертификаттау органы немесе сертификаттау жүргізу орган комиссиясы өндірістің немесе сапа жүйелерінің нақты күйлері туралы сараптама жүргізіп, сертификация жүргізу органына қорытындыны жібереді.

6. Мәлімдеуші және сертификация жүргізу органы сынақ зертханасы жүргізген зерттеулер негізінде құрылған сынақтар протоколын қабылдайды.

7. Сертификация жүргізу органы сараптамалар, сынақтар, зерттеулер жүргізгеннен кейін сәйкестілік сертификатын беру туралы немесе сәйкестілік сертификатын бермеу туралы шешім шығарады. Сәйкестілік сертификаты негізінде сәйкестілік белгісін қолдануға рұқсат беретін лицензия беріледі.

8. Сертификация жүргізу органы сәйкестілік сертификатын ресімдеп, тіркейді және мәлімдеушіге лицензиямен бірге тапсырады.

9. Міндетті сертификаттауға жататын өнім өндіруші арқылы «Өнімді міндетті сертификаттау кезіндегі сәйкестілік белгісін қолдану ережесіне» сәйкес сәйкестілік ережесімен маркіленеді.

10. Сертификациядан өткен өнімді бақылау сертификацияны құру кезінде таңдалған сертификация сызбасы және сертификация органымен жүргізіледі.

 

Тақырып №15

Халықаралық сертификация. ТМД және ҚР сертификациясы

 

ISO — бұл 1947 жылы құрылған стандарттаудың халықаралық ұйымы. Бұл ұйымның басты тапсырмасы болып стандартизация қағидаларын дамыту және олардың негізінде әртүрлі облыстарға және өндіріс бағыттарына анықталған стандарттар құру. Халықаралық стандарттау ұйымымен құрылған стандарттар отбасына бірігеді. Осындай стандарттар дестесінің біріншісі 1987 жылы шыққан. Сол кезде стандарт талаптары минималды болса да, осы сапа стандарттары бірден керекті стандарттардың бірі болып танылды. Стандарттардың екінші отбасы ISO 9000 өндірістегі сапа менеджментін құруға, енгізуге, тиімді жұмыс істеуіне көмек беруге арналған. Ол 1994 жылы шыққан. Стандарттаудың үшінші және соңғы отбасы 2000 жылы қабылданған. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 200-ден астам елдерде ұлттық стандарт ретінде қолданылады.

Халықаралық сертификация шығарылатын өнімдердің немесе көрсетілетін қызметтердің әлемде жалпы қабылданған сапа стандарттарына сәйкестігін көрсетеді. Сертификация үрдісінен өткеннен кейін компания тәуелсіз маманнан құжаттай растау - ISO сертификатын алады. Бұл стандарттау жүйесі барлық жерлерге таралған: ISO сертификаттары 200-ден астам елде қолданылады. Ресейде ISO 9000 сериялы стандарттар ұлттық стандарт ретінде қабылданған.

ISO жүйесі бойынша стандарттау ұйымдары не береді?

● мыңдаған компаниялардың жұмыс барысында өзінің тиімділігін дәлелдеген сапа менеджменті облысында жоғарғы стандарттарды енгізу;

● ұлттық және халықаралық нарықта сатып алушылардың сенімін жоғарылататын өнім сапасының құжаттай расталуы;

● компанияның өз өнімімен еуропалық нарыққа шығу мүмкіндігін жоғарылату (еуропалық нарыққа шығу үшін бұл сертификаттың бар болуы міндетті);

● муниципалды және мемлекеттік тапсырыстар алу үшін конкурстар мен тендерларға қатысу мүмкіндігі (ол үшін міндетті түрді сертификат болуы тиіс);

● компанияның клиенттер, тасымалдаушылар, инвесторлар, кредит берушілер алдында сенімді серіктес ретінде кәсіби беделін көтеру.

ИСО 9000 стандарттары стандарттар отбасын құрайды, олардың ішіндегі негізгілерін атап өтуге болады:

ИСО 9000 -1: 94 «Сапаны жалпы жетекшілік ету және сапаны қамтамасыз ету стандарттары. Таңдау және қолдану бойыша жетекшілік нұсқаулар». Бұл стандарт сапа жүйесі айналасындағы негізгі кілтті түсініктерге анықтама береді, сондай-ақ стандарттардың бірнеше типтерін ерекшелейді. Бұл стандартта компанияда сапа жүйесін басқарудың қағидалары және ИСО 9001, 9002 және 9003-те сипатталған сапаны басқару жүйесінің негізгі қағидалары жазылған. Стандартта әртүрлі факторларға байланысты қандай да бір сапа жүйесін таңдауға арналған кеңестер ұсынылған.

ИСО 9001-94: "Сапа жүйелері – жобалауда, құрастыруда, өндіруде, жөндеуде және қызмет көрстеуде сапаны қамтамасыз ететін үлгі ". Берілген жүйе өнімді немесе қызметті қамтамасыз етушіге қатаң талаптар қояды.

ИСО 9002-94 "Сапа жүйелері. Өндіру және жөндеу жұмыстары кезіндегі сапаны қамтамасыз ететін үлгі". Берілген стандарт жеткізуші және өндіріс үрдісінің тиімділік деңгейінің талаптарын анықтайды. Стандарт осы талаптарға сәйкес болса, нақты өнім өндіру немесе қызмет көрсете алуын растайды.

ИСО 9003-94 "Сапа жүйелері. Қорытынды бақылау немесе сынақ жүргізу кезінде сапамен қамтамасыз ететін үлгі". Бұл үлгі сертификация нәтижесі бойынша жеткізушіге деген жоғарғы талаптардың аз болуымен сипатталады. Ол өндіріс үрдісін бақылау және соңғы өнімді қабылдау кезінде сынақ жүргізу қабілетін көрсетеді.

Стандарттармен қойылатын сапа жүйесіне деген талаптар тым қатаң емес, олар бейімделіне алады, және жаңа элементтермен толықтырылып немесе қысқартылған бола алады. ИСО жүйесіне жобалаудан басталып, пайдаланумен аяқталатын өндіріс үрдісі немесе қандай да бір бөлек этап, мысалы өнім сапасын анықтау этапы енгізіле алады.

ИСО 9004-1-94 "Сапаны басқару және сапа жүйесінің элементтері. Жетекші нұсқаулар". Берілген стандартты сапа жүйесінің элементтеріне қатысты әдістемелік ұсыныстар ретінде қабылдауға болады, бұл стандарт әдістемені құрып, қолдану үшін арналған.

2000 жылғы нұсқадағы ИСО 9000 негізінде 8 қағида жатыр:

1. Тұтынушыға бейімделу, оның ішінде тұтынушалар қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін есептеу үшін анализ жүргізу

2. Сапа облысындағы тапсырмаларды анықтау арқылы жоғары менеджментті сапамен үйлестіру

3. Жұмысшыларды сапаны жоғарылатуға ұдайы ынталандыру

4. Барлық кәсіп-үрдістерді тиімді ұйымдастыру

5. Кәсіпорынды басқаруда жүйелік көзқарасты қолдану

6. Жұмысшылар санасын қайта құрып, оларда сапаны жоғарылатуға деген ынтаны көтеру негізінде барлық кәсіп-үрдістерді тиімді ұйымдастыру




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 7406; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.085 сек.