Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ТМД сертификациясы




ТМД-дағы сертификацияның негізгі бағыттарын анықтайтын негізгі құжат ретінде 1992 жылы қол қойылған стандартизация, метрология және сертификация облыстарындағы саясатты жүргізу туралы Келісім жұмыс істейді. Келісімнің сертификацияға қатысты шарттары негізінде кеңес мүшелері – Келісім қатысушылары, сертификация жүйелерін құруда және іске асыруда толық еріктілікке ие бола отырып, ИСО/МЭК басшылықтарын және берілген облыста жинаған машығын ескере отырып сертификацияның халықтық жүйелерін құрады.

Ресейлік ГОСТ Р Жүйесі халықаралық ережелермен жоғары деңгейде үйлескендіктен, ТМД елдері сертификация бойынша әдістемелік құжаттарды құруда ресейлік ережелерді негізге алды.

Келісімге қол қойған елдер ортақ өндіретін өнімді сертификациялау органдарын, сынақ зертханаларын, сынақтар және сертификациялар нәтижелерін, сертификаттар және белгілер сәйкестілігін. Сондай-ақ ортақ мойындау үшін аккредитация шарттары қабылданған: сертификацияның халықтық жүйесі органдар және зертханалар аккредитациясы; сертификацияның халықаралық аккредитациясы.

Екі жақ сертификацияның халықаралық жүйесіне еркін қатысады. Бұл жағдайда Келісім сертификацияның халықаралық жүйесінің ережелерінен пайда болған екі жақтың құқықтары мен міндеттеріне қатыспайды.

Сертификациялаушы сынақтар кез-келген елдің аккредитацияланған зертханасында жүргізіле алады.

Келісім қатысушылары арқылы сертификацияның нормативті базасы ретінде халықаралық, мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттар қабылданды.

Келісімге қол қойған елдер ортақ өндіретін өнімдерді дайындау кезінде міндетті сертификацияны енгізудің қадамдар реттілігін бірге қабылдауға келісті.

Импорттаушы елде сертификация талаптарын бұзушылық анықталатын болса, сертификациялаудың ұлттық органы өз елінде мойындалған сертификаттарды тоқтатуға құқылы және бұл туралы экспорттаушы елдің ұлттық органын, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификация бойынша Мемлекетаралық кеңестің Техникалық хатшылығын хабардар етуге міндетті.

Сертификациялау бойынша келісімденген саясаттың ары қарай дамуы 1994 жылғы Келісімде көрініс табады. Бұл келісім сертификация облысындағы мойындаудың шарттары мен үрдістерін қабылдаған. Осы Келісімнің негізгі шарттары келесілерді қамтиды:

• өнім немесе қызметтің сынақтарын, сертификаттарын және сәйкестілік белгілерін бірігіп мойындау; бекітілген үрдістерді орындау шарты орындалған жағдайда сертификацияның ұлттық жүйелерін және олармен берілген сертификаттардың мойындалуы;

• сертификациялау органдарын Келісімге қатысушы елдердің мамандарының шешімін ескере отырып стандартизация, метрология және сертификациялаудың ұлттық органдарымен аккредитациялау;

• келісімге қатысушы елдердің сертификацияланған өнімге инспекциялық бақылау жүргізу құқықтары.

Барлық елдер ТМД-ға енбейтіндіктен ортақ мойындаудың көпжақты келісімдерін құруға дайын болды. Ең алдымен екі жақты келісімнен бастау шешілді. Бұл сияқты келісімдер сертификациялаудың ұлттық органдар деңгейінде жүргізіледі. РФ мемлекеттік стандартымен Белорусия, Молдова, Украина, ТМД еліне жатпайтын Литвамен екіжақты келісімге қол қойылды. Осы елдердің өкілдері Мемлекетаралық кеңестің отырысында бақылаушы ретінде қатысқан.

Сертификациялау облысындағы біріккен мойындау Келісімі келесілерді анықтайды:

• сертификацияның ұлттық органдарында аккредтиацияланған сынақ зертханаларының және сертификациялаушы органдарының мойындалуының нақты уақыты, шарттары және үрдістері;

• ортақ мойындау туралы Келісім жиегінде жеткізілетін өнімнің қауіпсіздігін растау; өндірушінің және сертификатты беруші органның экспорттайтын өнім қауіпсіздігі бойынша жауапкершілігі.

ТМД-дағы сертификаттаудың қарқынды дамуы Келісімге қатысушы елдердегі стандартизация, метрология және сертификация бойынша ортақ талаптарды бекітетін нормативті құжатты қабылдаудан басталды.

Бұл өнімнің біркелкі топтарының, сондай-ақ бірнеше қызмет түрлерінің сертификациялану ретін бекітетеін мемлекетаралық нормативті құжаттар.

Мемлекетаралық кеңес қабылдаған шешімдер арасындағы маңыздысы – зертханалар аккредитациясы бойынша Еуропалық ұйымға ұқсас болып келетін аккредитация бойынша Еуро-Азиаттық аймақтық ұйымды құру болып табылады.

Сертификация ұйымының алдыға жылжуы ретінде Мемлекетаралық кеңестің өлшеу құралдарын сертификаттау туралы Ережені қабылдауын алуға болады. Бұл ережеде: «Келісімге қатысушы мемлекеттен өлшеу құралдарын импорттау (экспорттау) қызығушылығы бар ұйым өзінің ұлттық органы арқылы экспорттаушы (импорттаушы) мемлекеттің ұлттық органына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс: мемлекеттік тізілім (Госреестр) үшін түрінің сипаттамасы бар өлшеу құралдарының бекітілуі туралы сертификат және тексеру әдістемесі бар пайдаланушылық құжаттама». Бұл ереже ортақ өндіретін өнімнің сынақ нәтижелерін мойындау үшін үлкен маңызға ие.

Стандартизация, метрология және сертификация бойынша мемлекетаралық кеңес үнемі белсенді болып келетін техникалық секретариаттың және бірнеше жұмыс топтарының жұмыстарына басшылық етеді. Оның ішінде – стандартизация бойынша, уақыт және жиілік бірлігі қамтамасыз ету бойынша, технико-экономикалық және әлеуметтік кодтау бойынша, стандартты үлгілер бойынша және т.б. топтар.

Мемлекетаралық кеңес жұмысының ең басты жетістігі деп келесілерді тануға болады:

• бұрынғы КСРО-ның нормативті құжаттарының барлық қорларының және эталонды базаларының сақталуы, бұл ТМД елдерінде стандартизация және метрологияны жетілдіру бойынша мемлекетаралық бағдарламаларды құруда маңызды рөлге ие;

• ТМД елдерінің стандартизация, метрология және сертификация бойынша ұлттық заңдарының сәйкестілігі;

• экономикалық кеңістікті және өндіріс саласындағы интеграцияны қатайтуға бағытталған стандартизация, метрология және сертификация облысындағы мемлекетаралық және ведомствоаралық келісімдерді дайындау. Сертификация бойынша басым бағыт – ортақ шығаратын өнім қауіпсіздігі. Бұл сертификацияның ұлттық жүйелерінің өзара мойындалуымен тығыз байланысты. Осы облыстағы қиыншылықтар ТМД елдерінде сертификацияны ұйымдастыру және тәжірибелеудің дамуының біркелкі болмауымен байланысты. Бұл мәселені шешу біркелкі өнімді сертификациялаудың мемлекетаралық жүйелерін құруға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер тізімі және оқыту құралдары

Негізгі:

- Г.Д.Крылова «Стандартизация, сертификация және метрология негіздері», Москва, 2005ж

- Таныгин В.А. «Стандартизация негіздері және сапаны басқару». Издательство стандартов 1989ж.

- Ткаченко М.И. «Стандартизация негіздері». Издательство ставдартов 1986ж.

- Абсиевич Е.А., Сашников В.И. «Өлшеу стандарттары мен құралдарын мемлекеттік бақылау» М., Издательство стандартов, 1987ж.

- Мемлекеттік стандарттар, нормативтік-техникалық құжаттар.

- Серый И.С. «Өзара ауыстырмалық. Стандартизация және техникалық өлшеулер». М., ВО «Агропромиздат» 1987ж.

Қосымша:

1. Мутанов Г.А. «Стандартизация, метрология және сертификация негіздері» Алматы, 1998ж.

2. Стандарттар мен өлшеу құралдарын мемлекетгік бақылау бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың жинағы.

3. Шишкин И.Р. «Метрология, стандартизация және сапа бақылауының негіздері» М., Издательство стандартов. 1988ж.

Ұсынылатын оқыту құралдары

3. Плакаттардың (кестелердің, сызбалардың, схемалардың, карталардың жэне т.б.) тақырыптық жинагы.

3. Қаріптердің ұлгілері.

3. Геологиялық картаның ұлгісі.

3. Сызу инструменттері.

3. Оқу-әдістемелік құралдар

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 1414; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.