Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мысалы: ГОСТ 3.1103 - 82




ГОСТ3. 1103 - 82

Стандарттың тіркелу жылы.

Топтағы стандарттың реттік нөмірі.

Стандартгардың классификациялық тобы.

Төменгі класс (машина жасау және құрылғы құрастыру бұйымдарына арналған ТҚБЖ стандарттары)

Класс (ТҚ стандартгары)

Нормативті-техникалық құжат категориясы

(мемлекеттік стандарт).

Классификациялық кесте 9 топтан тұрады.

ТҚБЖ стандарттарын енгізу технологиялық құжаттарды өңдеу мерзімін қысқартуға, көлемді кішірейтуге мүмкіңдік береді және технологтардың еңбек өнімділігін арттырады.

ӨМЖ (өлшемдердің мемлекетгік жүйесі) стандарттары.

ӨМЖ - өлшеулердің талап етілетін дәлдікке және бірыңғайлыққа жетуге қажетті ережелер мен нормаларды пайдалану және орнату.

Метрологиялық қамтамасыз ету облысындағы стандарттаудың негізгі тапсырмаларына мыналар кіреді:

- Елдегі метрологиялық қамтамасыз ету жүйесін іске асыру.

- Бірдей терминдер мен белгілерді орнату.

- Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету жұмыстары бойынша бірдей орындау ережелерін орнату.

- Құжаттамалардың бірдей жүйесін орнату.

- Елдегі халық шаруашылығының барлық салаларындағы заңды метрология ережелерінің орындалуына үнемі бақылау жасау. ӨМЖ стандарттауының объектілеріне өлшеу дәлдігінің өлшеу әдістері мен нормалары жатады.

Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ).

Еңбек қауіпсіздігі бұиымдарды жасау жэне пайдалану кезіндегі ең басты тапсырмаларлың бірі болып табылады. Ол өнеркәсіптегі жұмысшының денсаулығының және өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техинкалық, стандарттық-гигиеналық және құқыктық шаралар жүйесімен сипатталды.

Стандарттау бұл маңызды жұмыстан тыс калған жоқ — еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі әлі күшінде және даму үстінде.

Кешен мыналарға бағытгалған:

1. Жұмысшыларға қауіпті және зиян факторлардың әсерін төмеңдету.

2. Жабдықтардың өндіру үрдісі мен жұмысының кауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3. Қызметкерлер мен жұмысшыларға қарқынды қорғау құралдарын шығару.

4. Шу, діріл, шаң-тозаң мөлшері стандарттармен қарастырылады.

 

Сұрақтар:

1. КҚБЖ жасалу себептері.

2. КҚБЖ анықгамалары.

3. КҚБЖ тағайындалуы.

4. КҚБЖ белгіленуі.

5. ТҚБЖ жасалу себептері.

6. ТҚБЖ анықтамалары.

7. ТҚБЖ белгіленуі.

8. ТҚБЖ стандарттарының енгізілуі қандай мүмкіндіктер береді?

9. ӨМЖдегенне?

10. ӨМЖ негізгі тапсырмалары?

11. ӨМЖ стандарттарының объектілеріне не жатады?

12. ЕҚСЖ стандарттарына не кіреді?

13. ЕҚСЖ стандарттар комплексі неге багытталган?

 

№5 тақырып

КҚБЖ және ТҚБЖ ның қолданылуы мен белгіленуі.

Конструкторлық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ)

КҚБЖ мемлекеттің барлық мекемелеріне дайындаудың, орындаудың, рәсімдеу мен конструкторлық құжаттаманың аударылуының бірыңғай ережесін орнатады. КҚБЖ стандарттарында сызу шаруашылығы жүйесінің стандарттар қалыпында қабылдау сақталған. Және ИСО мен МЭК рекомендацияларында келісу қамтамасыз етілген.

КҚБЖ-ның негізгі тапсырмалары: конструкторлардың еңбек өнімділігін көтеру; сызба құжаттамалардың сапасын жақсарту; ұйымдар мен мекемелер арасында еш өзгертусіз конструкторлық құжаттамалармен алмасу; өндіріс бұйымдарының жобаларын дайындауда үйлестіруді тереңдету; конструкторлық құжаттар формасын, графикалық көріністерді іріктеу, оларға өзгертулер енгізу; техникалық құжаттарды және ондағы ақпараттарды өңдеудің механизациясы мен автоматизациясы; тиімді эффективное сақтау, дублирование, құжаттамаға есеп жүргізу, оның көлемін азайту; құжат айналымды жылдамдату; техникалық қондырғыларды жөндеу мен пайдалану жағдайларын жақсарту.

КҚБЖ жүйесінің барлық стандарттар кешені, ал олар 160-тан астам, келесі топтарға бөлінеді:

0 – Жалпы жағдайлар (ГОСТ 2.001 – 2.004);

1 – Негізгі жағдайлар (ГОСТ 2.101 – 2.125);

2 – Бұйымдар мен құжаттардың белгіленуі (ГОСТ 2.201);

3 – Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері (ГОСТ 2.301 – 2.321);

4 – Әр түрлі бұйымдар сызбаларын орындаудың ережелері (ГОСТ 2.401–428);

5 – Құжаттаманың аударылуы мен есеп жүргізу ережесі (ГОСТ 2.501 – 2.503);

6 – Пайдаланушылық және жөндеу құжаттамасын орындаудың ережелері (ГОСТ 2.601 – 2.608);

7 – Сызбаларды және шартты-графикалық белгілерді орындау ережелері

(ГОСТ 2.701 – 2.711, 2.721 – 2.770, 2.780 – 2.797);

8 – Тау-графикалық құжаттаманы орындаудың ережелері (ГОСТ 2.801 – 2.804, 2.850 – 2.857);

9 – Басқа стандарттар.

КҚБЖ шетелдермен техникалық құжаттамаларды кең көлемде алмасуды жүзеге асыратын, тауар, лицензия сатуда халықаралық нарыққа шығатын, шетел фирмаларымен соңғы өнімді дайындауда біріккен кәсіпорын ұйымдастыруда әмбебап жүйе болып есептеледі.

Компьютерлік графиканың, бұйымды өндіру мен автоматты жобалаудың дамуы КҚБЖ жүйесін дайындаушылардың алдына конструкторлық құжаттаманы орындау, рәсімдеу және “қағазсыз” аударылу(машиналық тасымалдаушыларда) тапсырмаларын қояды.

 

Технологиялық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ)

Технологиялық құжаттама өндірістің техникалық деңгейін онда қолданылған технологиялық әдіспен, құрал-жабдықпен, (оснастке), аспаптармен анықтайды. Технологиялық құжаттама негізінде технико-экономикалық және жоспарлы-нормативтік есептеулерде, оның дұрыс ұйымын жоспарлау және өндірісті реттеуде, дайындауда, басқару мен қызмет көрсетуде қолданылатын көптеген ақпараттар құрылады.

ТҚБЖ мемлекеттік стандарттары кешенінің негізгі тағайындалуы – барлық ұйымдар мен мекемелерде тығыз байланысты бірыңғай ережелерді, нормалар мен орындау жағдайларын, рәсімдеу, біріктіру мен аударылуын, үйлестіруі мен технологиялық құжаттаманың стандарттарын орнату болып табылады.

ТҚБЖ енгізуі келесілерге мүмкіндік береді: дайындалатын технологиялық құжаттаманың көлемін қысқарту; технологтардың еңбек өнімділігін көтеру; жалпы жағдайдағы құжаттама формасы мен номенклатурасын реттеу (спецификацияның технологиялық үрдіс картасы); технологиялық үрдістерді рәсімдеу ережелерін орнату (құжаттама формасы), өзгертулерді рәсімдеу мен енгізу; қолданылатын технологиялық (оснастка), бөлшектері, бұрыштар мен материалдар анализі мен есеп жүргізуді орнату; типтік технологиялық үрдістерді тиімді енгізу; сала мен мекемені автоматты басқару жүйесі үшін алғашқы ақпарат қорын құру.

ТҚБЖ-ның барлық стандарттары (40 ГОСТ-тан жоғары) келесідей классификациялық топтарға бөлінеді:

0 – Жалпы жағдайлар (ГОСТ 3.1001);

I – Негізге сүйенетін стандарттар (ГОСТ 3.1102 – З.1130);

2 – Технологиялық құжаттардың мағынасы мен классификациясы (ГОСТ 3.1201);

3 – Бұйымдарда бөлшектер мен жинақты бірліктерді қолдану есебі;

4 – Негізгі өндіріс. Жұмыс түрлеріне байланысты мамандандырылған технологиялық құжаттар формалары мен олардың үрдісте рәсімделу ережелері (ГОСТ 3.1401 - 3.1409, 3.1412 - 3.1428);

5 - Негізгі өндіріс. Сынақ пен бақылауда технологиялық құжаттар формалары мен олардың рәсімделу ережелері (ГОСТ 3.1502 - 3.1507);

6 – Көмекші өндіріс. Технологиялық құжаттар формалары (ГОСТ 3.1603);

7- Технологиялық құжаттарды толтыру ережелері (ГОСТ 3.1702 - 3.1707).

Стандарттың шартты белгісінде кешен кодынан кейін (3 саны нүктемен бірге) стандарт дайындалған (1 – машина және құралдарды құрастыру) өндіріс коды қойылады.

1.5.3. Өмір сүру қауіпсіздігінің стандарттар кешені

 

Тақырып №6.

Стандарттаудың салааралық жүйесін тәжірибеде қолдану.

1. Курстық және дипломдық жобалауға арналған түсініктеме жазбаның өңделуі.

1.1 Жалпы талаптар.

КЖ-дағы түсініктеме жазбаны өңдеу үшін біз ГОСТ 2.105 - 79 қолданамыз. Мәтіндік кұжаттар қолмен немесе компьютерлік жазба арқылы А4 (297x210) форматты жазу бетінің бір жағына ГОСТ 2.301- 68 бойынша жазылады.

Әр бетке қара сиямен сол жағынан 20 мм, оң, жоғарғы және астыңғы жагынан 5 мм қалдырып жиектеме сызамыз. Жиектемеден мәтінге дейінгі ара қашыктық жолдың басында 5 мм-ден, соңында 3 мм-ден кем болмауы тиіс. Мәтін басындағы және аяғындағы жолдардың жиектемеден қашықтығы 10 мм - ден төмен емес. Жазбалардың барлығы міндетгі түрде қара сиямен жазылады.

Әрбір бетке (титул және тапсырма беттерінен басқа) ГОСТ 2.104 - 68 бойынша негізгі жазу жазылады: бірінші бетке 2 түрі (формасы), ал одан кейінгі беттерге 2а түрі бойынша.

Курстық жұмыстарға графиктік қосымшалар А1 (860x612) форматгы ватманда орындалады.

1.2 Түсініктеме жазбаның құрылуы.

Курстық және дипломдық жобалар мазмұны бөлімдер мен бөлімшелерге, қажет болса, пунктер мен тармақшаларга бөлінеді.

Бөлімдер араб сандарымен нөмірленеді. Бөлімшелер әрбір бөлім бойынша реттік нөмірлерді иелену керек. Бөлімшелер нөмірі белім нөмірінен және нүктемен бөлінген бөлімше нөмірінен тұрады. Пункттер бөлімшелер бойынша нөмірленеді. Пункттер нөмірі бөлімше нөмірінен және нүктемен бөлінген пункттің өз нөмірінен түрады. Бөлім, бөлімше, пункт, тармақ тақырыптарының соңында нүкте қойылмайды. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса сейлемдер арасы нүктемен бөлінеді. Тақырыптар тасымалданбайды.

Мәтінде азат жол мәтін шекарасынан 15 мм арақашықтықтан басталады.

Бөлімдер мен бөлімшелер атауы қысқа және мазмұнға сәйкес келуі керек.

Бөлім атауларының биіктігі 7 мм бас әріптермен сызба шрифтімен жазылады.

Бөлімшелер атаулары биіктігі 5 мм жол әріптерімен (бірінші бас әріптен басқа) жазылады.

Пункттер атаулары биіктігі 3,5 мм жол әрпімен (бірінші бас әрігттен басқа), сызба шрифтімен жазылада.

Тақырып пен астындағы мәтін арасы 10 мм болу керек.

Бөлім мен бөлімше арасындағы қашықтық та сондай. Бөлімдер мен бөлімшелер әр кезде жаңа беттен басталады. Бірақ, мазмұны тым үлкен болмаса бірнеше бөлімшелерді бір бетке жазуға болады. Алайда, егер бөлімше немесе пунт аяқталған кезде негізгі жазба мен жиектеме арасында 60 мм-ден аз қашықтық қалса, келесі бөлімше немесе пунктті жаңа беттен бастауға тура келеді. Түсініктеме жазба беттерін араб сандарымен нөмірлейді. Тнтул беті үнемі бірінші бет болғандықтан оған нөмір қойылмайды. Түсініктеме жазба нумерациясын қою мазмұнның бірінші бетінен бастап қойылады. Мысалы, түсіндіру жазбада рет бойынша бірінші титул беті, тапсырма беті, одан кейін екі бет «мазмұн» болса, онда «мазмұнның» бірінші бетіне 3, одан кейін текстік құжаттың соңына дейін нөмірленеді.

 

Тақырып №7

Титулдық бетті және «Мазмұнды» рәсімдеу.

Титулдық бетте мыналар көрсетіледі:

1. Министрлік, оқу орын атаулары.

2. Жобаның аталуы (біздің жағдайда «курстық жоба»)

3. Курстық жобаның тақырыбы

4. Шифр ГБК КЖ ИС-82 ГЖ 14. ТЖ

ГБК – оқу орынның аты

КЖ – құжат атауы

ИС-82 – топ

ГЖ – оқу тәртібінің шифры

14 – журнал тізімі бойынша реттік нөмірі

ТЖ – түсіндіру жазба

5. Жетекшілер

6. Кеңесшілер

7. Орындаушы

8. Жыл

Мазмұнда барлық бөлімдер, бөлімшелер, беттер көрсетіледі. Мазмұнның бірінші бетіне 2 түрдегі негізгі жазба (штамп) жасалады.

 

«Негізгі жазуда» мыналар көрсетіледі:

1. Студенттің, жетекшінің, кеңесшінің, бақылаушының тектері (фамилия).

2. Шифр.

3. Жоба тақырыбының аты.

4. Парақтың нөмері.

5. Парақтардың жалпы саны.

6. Жобаны орындаған жылы.

7. Әдебиет көрсетіледі (оқу).

 

Кестенің құрылуы.

Есептік мәліметті жинақы, көрнекті және саластыруға оңай болу үшін кесте түрінде жасайды. Графалардың тақырыптары бас әріптен басталады. Егер тақырыпшалар бөлек болса, олар бас әріптен басталады. Тақырыптар жекеше түрде көрсетіледі.

Кесте жолдарының биіктігі 8 мм-ден кем болмауы тиіс. Егер құжатта кестелер саны 1-ден көп болса, бөлім бойынша араб сандармен нөмірленеді.

Кестенің жоғарғы сол жағында «Кесте» сөзі және бөлім мен кестенің реттік нөмірі жазылады, мысалы «Кесте» 2.1

Әр бір кестенің тақырыбы болуы тиіс және ол тақырыпты кіші әріптермен (біріншісі бас әріптен басқа)жазу керек. Кесте тақырыбын кестенің үстіне ортасына орналастырады.

Егер бөлімде бір ғана кесте болса, оған нөмер қойылмайды және оған «Кесте» сөзі қойылмайды.

Егер кесте бірнеше бетке созылса, әрбір бетте кестенің бастапқы негізгі жолы жазылады.

Әрбір кестеге мәтіннің ішінде нұсқау беріліп «Кесте» сөзі толық жазылып отыруы керек.

Суреттер де кесте сияқты өңделеді.

 

Сұрақтар:

1. Көкжиектер қалай орындалады, өлшемдері қандай?

2. Курстық жобаның түсіндіру жазбахатын өңдеу талаптары.

3. Бөлімдерді өңдеу, шрифт өлшемдері.

4. Бөлімшелердің өңдеу, шрифт өлшемдері.

5. Қай жерге нүкте қойылады, қандай кезде қойылмайды?

6. Тармақшалардың өңдеу, шрифт өлшемдері.

7. Тақырыптар арасындағы арақашықтықтар.

8. Бір бетке неше бөлімше кіргізуге болады? Тақырыптар арасындағы арақашықтықтар.

9. Беттердің нөмірленуі.

10. Титул бетінде не көрсетіледі.

11. Мазмұнда не көрсетіледі.

12. Негізгі жазбада не көрсетіледі?

13. Кесте тақырыптарының өңделуі, жолдарының биіктігі.

14. Кестелердің нөмірленуі.

 

Тақырып №8

Стандарттарды жасау және енгізу

Стандарттарды жасау процесі төмендегі сатылардан тұрады:

1-ші саты - стандарт жасауды ұйымдастыру, стандарт жасауға қажетті техникалық тапсырмаларды бекіту;

2-ші саты - стандартгың жобасын (бірінші редакцясын) жасау және оны пікір таласына беру;

3-ші саты - әртүрлі пікірлерді талқылау, стандарттың жобасын (соңғы редакциясын) жасап, оны бекітуге беру;

4-ші саты - стандарттың жобасьн талқылау, бекіту және тіркеу.

Ең жауапты саты - техникалық тапсырмаларды жасап анықтау; техникалық тапсырмалар стандарттың негізгі мазмұнын, прогресін көрсетеді.

Техникалық тапсырмаларда стандартты жасаудың мақсаты, стандарттың мазмұны, талаптары (көрсеткіштер, нормалар, ережелер), басқа стандарттармен байланысы беріледі. Стандартты жасау жұмысының көлемі анықталынады, қажет болған жағдайда жобадағы көрсеткіштерді техникалық-экономикалық негіздеу үшін ғылыми-зерттеу, конструкторлық немесе эксперименталдық жұмыстар жүргізіледі.

Техникалық тапсырмада стандарт жобасымен келісетін, жобаны мақұлдайтын мекемелер мен ұйымдардың тізімі беріледі.

Техникалық тапсырманы жасау үшін стандартталатын объект туралы материалдарды отандық және шетелдік техниканың жетістіктерін ескере отырып, зерттеп талдау қажет. Сонымен қатар, фирмалық, ұлттық, аймақтық және халықаралық стандарттарды, патенттерді, каталогтарды және басқа техникалық құжатгарды зерттеу кажет.

Стандарт жобасын жетік мамандар экономистермен, өндіріс озатгарымен және инженер-техникалық жұртшылықпен бірлесе отырып жасауы қажет.

Стандарт жасаудың маңызды сатысы оны талқылау болады. Талқылау жүргізетін ұйымдар мен мекемелердің саны жеткілікті көп және олар өкілетті болуы керек. Талқылау кезінде мүдделі жақтармен қатар, тәуелсіз жақтардың да пікірі ескерілуі тиіс.

Стандарттың ақырғы жобасы стандарттын тиімділігін гехникалық-экономикалық негіздейтін ақпараттық картамен бірге бекітуге беріледі.

Стандарттар бекітілуі алдында Мелекеттік стандарттың ғылыми-зерттеу институтгарының бірінде терминологиялық және құқықтық зкспертизадан өтеді.

Мемлекеттік стандарттың (Мемстандарт) стандарт жобасын бекіту өндіріс пен тұтынушылар өкілдері қатыскан алкасында өткізіледі. Мұнда стандарттың ғылыми-техникалык деңгейі, техникалық-экономикалық негізделуі, стандартты енгізуге қажетті шаралар және енгізудің мерзімі қаралады.

Мемлекеттік стандарттар Стандарт баспасында басылып, таратылады.

Стандарттар бекітілгеннен кейін министрліктер мен ведомстволар стандарттарды енгізу шараларыныћ жоспарын бекітеді: осы жоспарға байланысты мекемелер мен ұйымдар стандартты енгізугдің ұйымдастыру-техникалық шараларын тағайындап іске асырады.

Стандартта белгіленген нормалар, талаптар, ережелер техникалық құжаттарда толығымен қамтылған және өндіріске қолданылған болса, өндірілетін өнімнің сапасы стандартта көрсетілген талаптарға толығымен сай болатын болса онда берілген стандарт енгізілді деп есептелінеді.

 

Тақырып №9

Стандарттарды мемлекеттік қадағалау

Стандарттарды мемлекеттік қадағалау өнеркәсіпте, өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктерде, ғылыми-зертгеу және жобаліық-конструкторлық мекемелерде, транспорт және сауда мекемелерінде, білім беру және медицина салаларында, тағы да басқа қоғамдық ұйымдарда жүргізіледі.

Мемлекеттік қадағалауға өнімнің барлық түрі жатады; кәсіпорындар мен ұйымдардың стандарттау, метрология және өнім сапасын басқарудың кешендік жүйесін енгізу барысындағы іс-әрекеттері қадағаланады.

Стандарітарды енгізу және оларды бұзбай орындаудағы кемшіліктерді анықтап қана қоймай, мемелкеттік қадағалау, сонымен қатар, кәсіпорындар мен ұйымдарға сапалы өнім өндіру жөніндегі шараларды жасап, іске асыруда нақты көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қадағалау арқылы техникатық. технологиялық, нормативтік құжаттарды (стандарттар мен техникалық шарттарды) қайта қарауға ұсыныстар жасауға мүмкіндік туады.

Мемлекеттік қадағалау Мемлекеттік стандарт органдарымен, стандарттау және метрология орталықтарымен, мемлекеітік қадагалау лабораторияларымен іске асырылады. Кәсіпорндардағы стандарттауды тексеруде онда стандарттау органдарының бюро, тон) бары не жоғы, органдардың құрылымы, штат кестесі, мамандармен қамтамасыз етілуі анықталынады.

Кәсіпорынның жұмысына қатысты стандартгар, оларды енгізудің ұйымдастыру-техникалық шаралары, стандарттау жұмыстарының жоспары, оның мемлекеттік жоспарға мазмұны мен орындалу мерзімі жағынан сәйкестігі, жоспардың орындалуы тексеріледі.

Стандарттау бюросында кәсіпорынның қызметіне сай мемлекеттк стандарттардың болуы, оларға өзгертулрдің уақтылы енгізілуі, кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің тиісті стандарттармен, нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі тексеріледі.

Тексеру нәтижесі туралы акт жасалып, онда техникалық құжаттармен метрологиялық қамтамасыз етуді тексеру туралы мәліметтер келтіріледі.

Дайындалған акт, тиісті шаралар қолданылуы үшін, тексерілген кәсіпорын бағынатын министрліктерге жіберіледі.

Мемлекеттік стандарт органдары тексеру нәтижесін іске асыру үшін мынадай шаралар жүргізеді:

тексеру барысында норматавтік-техникалық кұжаттардан ауытқу байқалған жағдайда тексерілген өнімнің партиясын кәсіпорынның іске асыруына (сатуына, таратуына) тыйым салынады;

егер ауытқу жүйелі түрде қайталанып отырған болса, онда өнімнің тексерілген түрін (типін, маркасын, моделін) іске асыруға анықталған кемшіліктер жойылғанша тыйым салынады;

кәсіпорынның техникалық құжаттарында стандарттардың және техникалық шарттардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік стандарт мұндай құжатгарды кәсіпорынға беруге қатесін түзеткенше тыйым салады.

Жоғарыда көрсетілген шаралармен қатар, стандартқа сай келмейтін өнімдерді шығарғаны үшін кәсіпорындар мен ұйымдарға экономикалық жаза (санкция) қолдануға мемлекеттік стандарт органдарының құқы бар. Жарамсыз өнімдерді іске асырудан табылған пайда бюджетке өткізіліп, кәсіпорынның сол өнімді шығару туралы жоспары есептен алынып тасталады.

Өнімді іске асыруға тыйым салу мен экономикалық жаза қолданудан басқа, сапасыз өнімді шығару мен стандарттан ауытқу тоқталмаған жағдайда тексерудің нәтижесі прокуратура, халықтық бақылау, мемлекетгік банк, Мемлекеттік арбиітраж органдарына тиісті шара қолдану үшін жіберіледі.

Кәсіпорындарда метрологиялық тәртіп бұзылған жағдайда техникалық талаптарға сай келмейтін, уақытында тексерілмеген өлшем құралдары айналымнан шығарылып, басқа өлшем құралдарды тексеру жұмысы жүргізіледі.

Ерекше көңіл аударатын нәрсе, мемлекеттік қадағалау органдары тәуелсіз органдар, олардың қызметіне шек қойылмайды, халық шаруашылығының барлық салаларында өндіріс пен нарық жоспарының ешқандай әсерінсіз жұмыс жүргізеді, сондықтан бұл орган бақылау жүйесінде ерекше орын алады.

 

Тақырып №10




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 3102; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.