Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Гаплоидты технологиялар алу жолдары 1 страница




№ 10

№ 9

Билет

№ 7

№ 6

№ 5

№ 4

№ 3

№ 2

1. .Клеткалық инженерия

Ол клеткаларды өсіру,оларды будандастыру және қайта құрастыру арқылы клетканың мүлдем жана типін жасау әдістерінің негізінде қалыптасқан биотехнологияның саласы.Клеткаларды жаанды жолдармен будандастырғанда,сомалық(жыныстық емес) клеткаларды бір-біріне қосқанда будан геном түзіледі.Будандастырудың бұл тәсілінің маңызы мынада:аталық және аналық клеткалар ретінде жыныстық клеткалар емес өсімдіктің дене клеткалары қосылады.Олардан алдын ала протопластар бөлініп алынады,белгілі жағдайда олар бір-бірімен құйылысады.Пайда болған сомалық будан клеткадан кейін регенерация арқылы будан өсімдіктер өсіп шығады.Протопласт деген ферменттердің әсерімен немесе механикалық әдістермен қабығы түгел жойылған өсімдік клеткасы. Протопласт бөтен ДНҚ-ны қабылдай алатын өте ынғайлы жүйе.

Протопластарды қосу арқылы будандастыруды әр түрлі атайды:сомалық будандастыру,парасексуальды будандастыру,жыныстық емес будандастыру.Сонда да көбінесе бірінші термин қолданылады ал пайда болған будан сомалық будан деп аталады.Ең алғаш рет протопласт 1892ж плазмолизді зертеуге байланысты бөлініп алынған болатын.Қазіргі заманда протопластарды бөліп адудың жалпы әдіс-энзиматикалық(ферменттік) әдіс.Ол аз уақытта протопластарлың көп мөлшерін бөліп алуға мүмкіндік береді.Клеткалардың қабырғаларын бұзатын негізгі компоненттер-пектиназа,целюлаза ферменттері.Протопластардың тұрақтылығына клеткалық мембрана жүйесне әсер ететін-CaCL2,MgCL2 тұздары.Протопластарды бөлу кезінде аэрацияның манызы зор.Сондықтан ортаны араластыратын жабдықтар қолданылады.Протопластарды да клеткалар мен ұлпаларды өсіретін белгілі бір қоректік орталарда өсіреді.Қ.орт негізгі айырмашылығы кальций концентрациясы 2-4есе артық,0,4-0,5М осмостық заттардың қосылуы.Өсімдіктердің клеткалық инженериясы деген кен мағынадағы түсінікті қамтиды.Бұның бір мәні протопластардың бір-бірімен құйылысып қосылуы негізінде жасалатын биотехнологиялық тәсілдер жүйесі.Клеткалық инженерия әдістеріне протопластарды қосып будандастырудан басқа,клеткалардың жеке бөліктерінен оларды қайта құрастыру(реконструкция) да жатады.

2. Каллус ұлпасындағы морфогенез және өсімдіктің регенерациясы

Бірқалыпты бөлініп ретсіз өсіп жатқан калусты қайта дифференциялану(мамандану-жіктелу) процесінің арқасында ұлпалар(гистогенез),мушелер(органогенез),ұрық тәрізді құрылымдар(эмбриогенез) пайда болады.Бұл морфогенез деп аталады.Алдымен каллус өсіп,белгілі бір деңгейге дейін өз массасын көбейтеді.Сонан соң ол морфогеннезге бағытталады.Морфогенезге каллус жасушаларының кейбіреулері ғана түседі.Бастаушы жасушалардың аркайсысы алғашқы кезенінде бақалардан шектеліп,қалыңдаған жасуша қабығын түзеді.Сонымен бірге ядроның да көлемі ұлғая түседі.Мұндай жасушалар құрамында крахмал көп кездеседі,липид те байқалады.Дәл осы кезде сыртқы факторлардың,әсіресе индуктордың әсері шешуші болып шығады.Индуктор ен әсерлі қоздырушы,онсыз морфогенез процесі болмайды.Көбінесе индукторлық қызметті фитогормондар атқарады.Сөйтіп клетканың күйі мен индуктордың әсері дәлме дәл сайкес келген кезде морфогенез процестері басталады.Клеткалардың морфогенезге қабілеттілігі өсімдіктің генотипіне,оның физиологиялық күйіне,эксплант алынған мүшесіне,даму мерзіміне және басқа химиялық-физикалық қасиеттерге байланысты.Скуг пен Милердің темекі каллусында ашылған заңдылығы инвитро жағдайында өтетін морфогенезді зерттеуге көп үлес қосты.Морфогенездің келесі түрлері кездеседі:1)Каллус жасушаларының мамандануы;2)Гистодифференциация-каллус ұлпасында фдоэма немесе ксилема элементтерінің пайда болуы;3)Органогенез-вегетативті немесе генеротивті бүршіктердің пайда болуы;4)Сомалық эмбриогенез-зиготаға ұқсас эмбриоид құрылымының түзілуі.Өсімдікті қалпына келтіру үшін соңғы екеуінің манызы бар.Морфогенездің кейбір түрінің қозуы цитокинин мен ауксин арақатынасына байланысты,Қоректік ортада цитокинин көп болса,өркен органогенезі немесе эмбриогенезі басталады,ал ауксин молырақ болса,ризогенез үрдісі басталып тамыр қалыптасады.Регенерант өсімдік деген-инвитро жағдайында пайда болған өсімдікті айтады.Өсімдіктін экспланттан бастап регенерантқа дейін қалпына келуінің барлық кезеңінен өту үшін 2ай уақыт қажет.Регенерация құбылысы жасушаның тотипотенттілік қасиетіне негізделген.Тотипотентілік-толық өсімдік тек жыныстық жасушадан ғана емес,сонымен қатар барлық тұқымқуалаушылық қасиеті бар сомалық жасушадардың бүкіл өсу кезендеріне өтіп,тұтас өсімдікті қалпына келтіре алатын қабілеттілігі.Регенерация нәтижесінде кайтадан тұтас организм түзіледі.

3. Клондык микрокөбейтудің артыкшылыктарын түсіндіріңіз.

Клон деген жыныссыз жолмен,яғни вегетативтік көбею жолмен түзілетін организм. 1903 жылы Вебер бұл терминді енгізді.Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі деген өсімдіктердің инвитро жағдайында жыныссыз көбеюі.Соның нәтижесінде пайда болған өсімдіктер бастапқы өсімдікпен және өзара бір-бірімен генетикалық тұрғыдан айнымастай бирдей болады.Микрокөбейту әдісіне өркен мүшелерінде пайда болатын апекстер мен қолтық бүршіктерді қолдануға болады.Дағдылы вегетативті көбеюмен салыстырғандағы артықшылықтары:1)Көбею коэффициенті өте жоғары-1 жылда раушанның 1 млн клон өсімдіктер алуға болады.2)Өсімдіктер вирустар мен патогендік микроорганизмдерден сауықтырылады.3)Сұрыптау процесі жылдам болады.Жана сорттарды тез көбейтіп оларды ауылшаруашылық өндірісінде пайдалану мерзімі едәуір қысқарады.4)Вегетативтік жолмен көбейе алмайтын өсімдіктерді,М/ы-пальманы тек инвитро жағдайында көбейтуге болады.5)Үнемділік-арнайы бөлмеде стеллаждарда орналасқан пробиркаларда жыл бойы мындаған өсімдіктерді өсіру арқылы теплицалар аланы үнемделеді.6)Кәрі дарақтарды жасарту,жас өсімдіктерді алу.7)Өсу процесін жыл бойы үзбеуге болады.

 

 

1.Иммобилизацияланған ферменттер және биокатализдік жүйелер кезеңдері

Тірі ағзалардағы тіршілік үдерістерінің бірқалыпты өтуі – ферменттер қызметіне байланысты. 1971 жылы өткізілген инженерлік энзимология бойынша алғашқы конференцияда «иммобильденген ферменттер» деген терминді қолдануға шешім қабылданды. Инженерлік энзимология - қажетті өнім алу мақсатында жекелей бөлініп алынған немесе тірі жасушалар құрамындағы ферменттің (немесе ферменттер жүйесінің) каталитикалық қызметін пайдалану болып табылады. Инженерлік энзимология əдістерінің негізгілерінің бірі – иммобильденген ферменттер дайындау. Иммобильденген ферменттер дегеніміз (лат.Immobilis жылжымайтын, қозғалмайтын) – табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі қабатына бекітілген немесе полимерлік гельдер құрамына енгізілген, қозғалысы шектелген ферменттер. Олар реакциялық ортадан оңай бөлінеді. Бұл ерекшелік ортадағы реакцияны қажетті кезінде тоқтатып, катализаторлармен ластанбаған таза өнімдерді алуға жəне фермент дəрмегін бірнеше қайталап пайдалануға мүмкіндік береді. Иммобильденген ферменттердің белсенділігі – биотехнологиялық жүйелерді үздіксіз жүргізу, катализдейтін реакцияның жылдамдығын реттеу, өнімді синтездеу көлемін арттыру мүмкіндіктерімен анықталады. Иммобильденген ферментер дайындауда бекітуші субстрат ретінде целлюлоза, декстран, агароза жəне олардың туындылары сияқты полисахаридтер тасымалдаушы рөлінде кеңінен пайдаланылады.

2. Өсімдіктерді клондык микрокөбейту технологиясының кезендерін сипаттаңыз.

Клон дегеніміз – жыныссыз жолмен, яғни вегетативтіккөбею жолымен түзілетін организм. Өсімдіктердің микрокөбеюі деген- өсімдіктердің in vitro жағдайында жыныссыз жлмен көбеюі. Соның нәтижесінде пайда болған өсімдіктер бастапқы өсімдікпен және өзара бір-бірімен айнымастай бірдей болады. Клондық микрокөбейту жұмыстары төрткезең арқылы іске асырылады. Өсімдік ұлпаларын өсіру үшін осы кезеңдердің барлығында лайықты құрамдағы қоректік орталар қолданылады. 1 кезең – эксплантты арнайы өсіру деп аталады. Осы кезеңде жақсы өсетін стерильді культура алу қажет. Бұл жұмыс өсімдік ұлпасын сынабы (ртуть) бар не болмаса хлорлы ерітінділерді 5-10 минуттай нəзік жəне оңай бүлінетін ұлпалар үшін, ал қабықшалары тығыздау келетін ұлпаларға 10-12 мин бойына қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осы жұмыстар атқарылғаннан кейін өсімдік ұлпалары дистилденген стерильді суда үш қайтара жуылып барып, алдын – ала дайындалған қоректік ортаға апарып отырғызылады. Бұл кезеңде Мурасиге-Скуг ортасы қолданылады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 1-2 айға созылады. 2 кезең- микрокөбейту. Мұнда да бірінші кезеңдегі сияқты құрамындатүрлі биологиялық белсенді заттар мен өсу гормондары бар Мурасиге – Скуг қоректік ортасы қолданылады. Бұл кезеңде Өркендердңғ пайда болуы мен олардың санын көбейту негізгі мақсат. 3 кезең-өркендерді тамырландыру жəне сақтау. Бұл кезеңде өркендерде жақсы тамыр жүйесінің пайда болуына жəне дамуынатжағдай туғызылады.Мурасиге-Скуг ортасы Уайт ортасымен алмастырады. Яғни минералды тұздар концентрациясын арттырады. Ауксин мөлшерін арттырады. Себебі жақсы тамыр жүйесі пайда болуы керек. Тамырлары пайда болған соң топыраққа көшіруге дайындайды немесе салқын жерге қояды. 4кезең- өсімдіктерді топыраққа отырғызу. Регенерант өсімдігін субстратқа отырғызу клондық микрокөбейтудің өтемаңызды жəнесоңғы кезеңі болып табылады. Арнайы құтыларда өсірілген өсімдік көшеттері бастамасын топыраққа егудің ең ыңғайлы мерзімдері көктем немесе жаздың бас жағы болып есептеледі. Топыраққа отырғызудан алдын ауаның ылғалдылығы мен жарықтың қарқындылығы арттырылады.

3. Жасуша селекциясының әдістері мен бағыттары

In vitro өсірілген жасушалардың арасынан нақтылы бір селективтік жағдайға сәйкес өзгеріске ұшырап, пайдалы қасиетке ие болған жасушаларды көбейтіп сұраптап алуды жасушалық селекция дейді. Жасушалық селекцияның 2 түрі: тура селекция және кері немесе негативтік селекция сияқты негізгі әдістері бар. Тура селекция барысында өсімдік жасушаларын стрестік зат(ауыр металл, тұздың гипертониялық ерітіндісі, т.б.)қосылған ортаға қосып егіп өсіреді. Біраз мезгілден соң жасушалар бөліне алмай құриды, тек осы факторға төзімді жасушалар ғана қалады. Кері немесе негативтік селекция әдісі бойынша жабайы жасушалардың жедел бөлінуіне жағдай жасалады. Содан соң қоректік ортаға тимидиннің аналогін қосады. Оның молекулалары ДНҚ-ң құрамына енеді. Соның салдарынан ДНҚ синтезі бүлінеді, көп жасушалар қырылып қалады. Тек мутант жасушалар бөліне алмайды, өспейді, бірақ тірі қалады. Осы тірі қалған мутант жасушаларды қолайлы ортаға көшіріп, көбейтіп өсіруден, тұрақты линиялар пайда болады. Содан кейін бұл тұрақты линиялардан стресске төзімді регенерант-өсімдіктерді сұрыптап алады. Төзімді жасушаларды сұрыптау бір сатылы және көп сатылы келеді. Бір сатылы сұрыптау кезінде жасушалар селективтік селективтік фактор өте жоғары мөлшерде болған ортада өсіріледі. Бірақ мұндай жағдайда тек әлсіз емес, төзімді жасушалар да құрып кетуі мүмкін. Көп сатылы сұрыптау тиімді әдіс болып келеді. Бұл әдіс бойынша жасушаларды алдымен селективтік заттың төмен концентрациясы бар отрада өсіреді. Одан кейін жасушалар өсе келе селективті заттың концентрациясы артығырақ қоректік ортаға көшіріледі.Осылай тежеуші затының концентрациясын біртіндеп өсіре отырып, өте жоғары концентрацияда өсетін төзімді жасушалардысұрыптап алады.

 

1.Протопластардын тіршілікке икемділігін сипаттаңыз. Оған әсер етуші факторларды атаңыз.

Тіршілікке қабілетті протопластарды алу.

Протопластарды нәтижелі бөліп алу көптеген факторларға байланысты.Атап айтқанда: ұлпаның шығу тегі,тұқымжарнақ,тамыр,тозаң түйірі, каллус ұлпасы,өсімдіктің түрі мен сорты,физиологиялық күйі,ферменттердіі құрамы,олардың сапасы.

Протопластың тіршілікке икемділігін,яғни олардың метобалиттік активтігін анықтайтын арнайы әдіс бар.Ол протопластардың флуоресцендиацетатпен бояу.

- бұл флуоресценсиясы жоқ қосылыс, протопластар мембранасы арқылы жеңіл өтеді, тірі протопластардың ішінде эстеразалардың әсерімен ыдырайды. Соның нәтижесінде флуоресцеин босайды, оны протопластардың бүтін мембраналары ұстап қалады. Сондықтан метаболиттік активтігі бар (тіршілкке қабілетті) протопластар ультракүлгін сәулесінде көзге көрінеді, себебі іштерінде жинақталған флуоресцеин ультракүлгін сәулесімен қоздырылып, жасыл сәулені тарата бастайды.

Протопластар суспензиясының сапасы тіршілікке икемді протопластардың санымен (процент мөлшерінде) белгіленеді. Протопластардың саны Фукс - Розенталь камерасында есептеледі. Протопластардың тығыздығы (суспензияның 1 мл-дегі саны) суспнезияның маңызды сипаттамасы. Егер ұлпаның немесе өсірілген клеткалардың ылғалды массасының 1 граммынан 1х10 дейін тіршілікке икемді протопластар шықса, онда протопластар жақсы бөлініп алынды деп есептеледі.

Жоғарыда айтып кеткендей, протопластардың бөлініп алынатын мөлшері және олардың өміршеңдегі өсімдіктің түріне, жасына және физиологиялық күйіне, яғни генетикалық және эпигенетикалық ерекшеліктеріне байланысты. Протопластарды көп мөлшерде тұрақты алып отыру үшін өсімдіктерді белгілі бір жағдайда өсіру керек және олардың ең қолайлы өсу кезеңін, нақтылы бір мүшесін анықтап таңдап алу қажет.

In vitro өскен клеткалар мен ұлпалардан протопластарды бөліп алудың мынадай өз артықшылықтары бар: стерильдік, in vitro жағдайында өсуге бейімділік. Бірақ клетка қабықшасының химиялық құрамының күрделі болып өзгеруі және оның қалыңдауы ферменттік гидролизді қиындатады. Бүтін протопластардың бөлініп алынуы өсірген клеткалардың ішінде меристемалық клеткаларының сан жағынан үлесіне сай болады, ал ол үшін сусупензиядағы клеткаларды жиі - жиі (әрбір 2-3 тәулігінде) жаңа қоректік ортаға көшіріп отыру керек.

Кезинде сусыздандырылуы жане кабыгынын бузылуы онын шок куйине куйзелиске душар етеди.Бул жагдайда цитоплазманын вакуольденуи артады коптеген липид тамшылары пайда болады,полисомолардын саны азаяды,ядро мен хлоропластар коюланады.фермент препаратынын сапасы протопластардын болип алынган санына молшерине гана емес олардын кейбир касиеттерине де асер етеди.Пектиндер мен целлюзоларды гидролиздейтин саудалык фермент препараттарына коспа ретинде протеазалар липазалар нуклеазалар жане баска ферменттер фенолдык косылыстар туздар киреди.олар плазмалемманын касиеттерин озгертуи мумкин.Осы токсикалык заттардан кутылу ушин жане протопластардын шыгуын арттыру ушин ферменттерди тазалауга болады.Бирак айта кететин маселе оте жаксы тазартылган ферменттер протопластарды коп молшерде алуга тиимсиз келеди.кейде ферменттер еритиндисине коргаушы заттар протекторлар косылады,мысалы декстраннын немесе калий сульфатынын 0,5% еритиндилери.олар протеиндермен арекеттесип ферменттердин зиянды асерин томендетеди.

2. Тозаңқап өсіндісінде эмбриоидтың пайда болу себептері

Тозанқап өсіндісінде эмбриоид кұрылымының пайда болуына әсер ететін себептер.

Микроспора мен тозанқаптан алынатын гаплолиттердін шыгуы коптеген факторларга екендігін көптеген зерттеулер анықтады.Осындай факторга ең алдымен өсімдік түрі мен сортынын ерекшеліктері жатады,яғни маңызды себептердін бірі — өсімдіктін генетикалық құрылысы. Бидай, темекі түрлерінін картоп сорттарының, бір-бірінен айтарлықтай айырмашылық болады. Көптеген өсімдіктердін микроспараларынан тіршілікке қабілетті гаплойдты өскін қандай жағдайда түзілетіндігі әлі де белгісіз.

Гаплоидтың шығымына өсімдіктің жасы,гүл бүршігінің өсімдікте орналасу жері,гүлдену басталған соң өткен уақыт әсерін тигізеді. Қазіргі таңда бітеугүлдерді гулденудің бас кезіндегі өсімдіатерден алу ұсынады.Қоректік ортаның құрамыда өз әсерін тигізеді.

Жаксы натиже алу ушин коптеген жумыстар да окшауланган тозанкаптарды алдын ала +4 +6 томен температурамен ондейди.осимдиктин турине байланысты ондеу уакыты 2-14 таулик аралыгында озгерип отырады.томен он температура асеринен тозаннын калыпты болинуи тежелип,онын эмбриогендик кабилети улгаюы мумкин.окшауланган тозанкаптарды немесе битеугулдерди центрифугамен алдын-ала ондесе ол эмбригонезге дал осылай сиякты асер етеди. Осындай стресс жагдайы тозанкаптагы спорогенездин калыпты жолына богет жасайды, бул оз кезегинде онын микроспорасынын эмбриогенез немесе каллусогенез жолына ауысуына себеп болады.

Тозанқаптарды алдын ала суықпен өңдеп,қоректік ортада біраз уақыт өсірсе,одан кейін оны окшаулап жана коректік ортага орналыстырса,тозаңнан эмбриоидтердін шыгымы арта түседі

Тозанкап осірудін кемшіліктері де бар. Біріншіден өсімдіктер тозаңнан ғана шыға алмайды

Олар тозанқап қабырғасының әр түрлі жасушаларынан да түзіледі сондықтан хромосалар жиынтығы бір қалыпты болуы екіталай,яғный плоиттық озгерістер болуы мумкін.

Екіншіден тозанқап қабырғасы эмбриогенез құбылысын тежейтін кейбір заттарды түзуі мумкін. Үшіншіден, жоғарыда қарастырылған альбиностар пайда болуы мүмкін. Төртінші кемшілік — тозаңқаптан эмбриоидтердін шығымы кейбір өсімдікте өте төмен.

 

3. Жасушалар мен ұлпалар культурасы пәнінің мақсаттары және міндеттері

Адам тірі организмдерді өзіне қажет өнімдерді алу үшін ежелден пайдаланып келеді. Мысалы, ауыл шаруашылығында жеке организмдер мен олардың популяциялары қолданылады. Жалпы айтқанда, бүкіл ауыл шаруашылығын биотехнология деп есептеуге де болар еді. Себебі, бұл салада да биологиялық объектілер мен процесстер пайдаланылады. Жаңа биотехнологияда керекті өнімдерді алу үшін in vitro жағдайында өсірілетін клеткалар (микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар клеткалары), клетка органоидтары, ферменттер мен мультифермент жүйелері, гендік және клеткалық инженерия әдістерімен құрастырылған жасанды тіршілік формалары қолданылады.

In vitro жағдайында өсірген өсімдік клеткалары табиғи өсімдікке тән биосинтездік қасиетін сақтайды, сондықтан оларды экономикалық маңызы бар заттарды өндіру үшін пайдалануға болады. Сөйтіп, өсімдік клеткаларын өнеркәсіпті технологияларда қолданудың әр түрлі жолдары бар. Маңызды заттарды синтездеумен қатар оларды тағы биотрансформацияға, яғни арзан заттарды басқа бағалы заттарға айналдыру үшін пайдаланады.

Мақсаты: Студенттерді жасушалар мен ұлпаларды өсірудің инновациялық технологияларымен таныстыру, және оларды ғылымда және өндірісте пайдалануға мүмкіндіктер қарастыру. Студенттерді жасушалық биотехнологияның теориялық және практикалық негіздерін бірдей игеруіне ынталандыру болып табылады.

Mindeti:

​Бұл курста жасушалардың ұйымдасуы жайындағы сұрақтар, прокариот және эукариот жасушаларындағы ерекшеліктер, жасуша құрылымы, қызметі, жасушаның бөлінуі, энергетикалық мәні, жасушаларды сытрқы ортадан сигналдарды қабылдау қабілеті, мембрана құрылымы, қызметі жайлы сұрақтары қарастырылады.

Өсімдіктердің микроклональды көбею кезеңдерін, in vitro жағдайында өсімдіктердің микрокөбею үрдісіне әсер ететін факторларды және қоректік орталарды даярлау технологияларын білуі қажет.

Өсімдіктердің in vitro жағдайында микроклоналды көбеюі барысына қажетті оптимальды жағдайларды таңдап, тәжірибелерді өз бетімен жасай алуы қажет.

​Өсімдік экспланттарын алуға машықтану, каллус ұлпаларын пассаждау, микроөркендер және микротүйнектерді алу, өсімдіктердің микроклоналды көбею техникасын меңгере алуы қажет.

 

 

1.Жануарлардың көбею қабілеттіліктерінің нейроэндокриндік негіздері

ХХ ғасырдың бірінші жартысында қол жеткізілген ауылшаруашылық жануарларының көбею физиологиясы жөніндегі үлкен жетістіктер қатарына, гипофиздің алдыңғы бөлігі атқаратын қызметтердің ашылуын жатқызуға болады. Алғаш рет эндокриндік жүйе мен ішкі секреция бездерінің өзара бағынышты əрекеттесуі жөніндегі болжамды Б. Цондек(В. Zondek, 1926) жəне П. Смит(Р.Н. Smith, 1927) айтқан болатын. Аталған ғалымдардыңжұмыстары кейіннен тегі бойынша ақуыздық болып келетін жəне үлкен молекулалық салмақты тропты гормондарды гипофиздің алдыңғы бөлігі бөліп шығаратынын анықтауға бағыт берді. Осы тропты гормондардың əсері нəтижесінде қиян шеткі эндокриндік бездер молекулалық салмағы кішірек болып келетін жəне əр түрлі мүшелер мен ұлпалардың қызметтеріне араласа-тын өзіндік гормондар бөліп шығара бастайды. Буаз биенің қан сарысуы құрамындағы гонадо ынталандырушы гормондардың барлығын алғаш рет Х. Колл жəне Г. Харт(Coll H.H., Hart C.H., 1933) ашқан болатын. Топографиялық орналасуы бойынша жүйке жүйесі орталық жəне шеткі(перифериялық) болып бөлінетіні бізге белгілі. Орталық жүйке жүйесінің(ОЖЖ) құрамына бас миы мен жұлын кірсе, шеткі жүйеге жұлын жəнебас миларынан тараған жүйке талшықтары, олардың таралымдары мен түйіндері жатады. Жануарлар ағзасының жыныстық қозу барысындағы

секреторлық қызметтері, əр түрлі гормондар мен шырыштардың бөлінуі осы нейро-гуморальдық жағдайлардың əсеріне байланысты туындайды. Гипоталамус – аралық мишық аумағында орналасқан мидың ерекше

бөлігі жəне ішкі сөлініс секреция бездері қызметтерін де атқарады. Ол ерек-ше заттар– «босату факторы» деп аталатын гормондар немесе химиялық медиаторларды бөледі. Окситоцин – гипоталамус бөліп шығаратын жəне гипофиздің артқы бөлігінде(нейрогипофизде) жинақталатын нанопептид. Окситоциннің негізгі қызметі жатырдың жиырылуын шақыру арқылы аналықтың босануына жəне төлдің емген кезінде сүттің бөлініп шығуына ықпал жасайды. Эпифиз – аралық ми құрамына жататын жоғары бөліктік без. Эпифиз анти жəне прогонадальды белсенділіктер көрсете алатын(хайуандардың түріне байланысты), яғни гонадолиберин секрециясына кедергі келтіру не болмаса

керісінше ынталандыру қабілеттерін қоздыратын мелатонин атты нейросе-крет бөліп шығарады.

2. Культивирленуші клеткалардың биологиясы. Каллус культурасы.

Агар косылған катты коректік ортада өсірген клеткалар сүйык ортада өсірген клеткаларға карағанда косымша метаболиттерді көбірек синтездейді. Тәжірибелер көрсеткендей, борпылдак каркынды өсетін каллуска карағанда тығыз баяу өсетін каллус клеткалары алкалоидтарды артык жинактаған, яғни әдеттегі метаболизм клеткалардын кеністікте әлдекандай үйымдасуын талап етеді. Клетканын организмде жайғаскан орны онын дифференциялану типі мен дәрежесін белгілейтін факторлардын біреуі. Табиғи немесе жасанды сакгаушы затгардын беткі кабатына бекіген немесе полимерлік гельдер күрамына еніізілген, козғалысы шектелген осы ортада өсетін клеткалар иммобиль-денген деп аталады. Клеткаларды иммобильдендіру (козғалысын шектеу) олардын дифференциялануына жағдай туғызып, косымша заттарды көбірек синтездеуге жеткізеді. Иммобильденген клеткалар өзара тығыз байланыста өседі. Соның нәтижесінде олардын массасынын ішінде түтас организмдегідей, белгілі химиялык және физикалык градиенттер (бір бағытты өзгеру) пайда болады, ал олар метаболизм мен дифференциялануды реттейді. Сонда химиялык градиенттер деп гормондар, коректік заттар, оттегі, көміркышкыл газы мөлшері өзгеруін түсінуге болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-09; Просмотров: 5072; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.