Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарихи жыр 1 страница




ХVІІІ ғасырдағы оқиғалар мен тұлғалар туралы жыр

 

Жалпы сипаты. Қазақ халқының тарихында ХVІІІ ғасыр – айрықша кезең. Бұл дәуірде Қазақ хандығының тағдыры үшін жан алысып, жан беріскен ұлы шайқастар болды. Әсіресе, жоңғарлықтардың тұтқиылдан болған бірнеше шапқыншылығы елді үлкен күйзеліске ұшыратты. Бірақ қазақ халқы тізе бүкпеді, сол шақтағы дана басшылар мен қайсар батырлардың ұйымдастыруымен ата жауға тойтарыс берді, сөйтіп елдігін сақтап қалды. Осы бір қайғысы да, қуанышы да мол болған дәуір халық ауыз әдебиетінде көрініс тауып, кескілескен ұрыста ерен ерлік көрсеткен батырлар туралы, оларға жөн сілтеп, жұртты жауға қарсы бастаған кемеңгер хандар мен сұлтандар жайында көптеген аңыз, әңгімелер, өлең-жырлар пайда болды. Әсіресе, тарихи жырлар сол заманғы оқиғаларды, ерлер мен ел тұтқаларды эпостық дәстүрде бейнелегенін айту керек. Әрине, Абылай, Олжабай, Қабанбай туралы үлкен жырлар сол ХVІІІ ғасырдың өзінде пайда бола қоймаған болу керек. Ол кезде шағын өлеңдер мен әртүрлі аңыз, әңгіме туған. Айталық, «Қап қағылған», «Қаратаудың басынан көш келеді», «Қалмақ қырылған» сияқтылар. Сол секілді Абылай мен оның батырлары туралы да әуелде өлеңдер мен аңыздар шығып, елге тараған. Шоқан жазып алған «ХVІІІ ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар» мен «Абылай», «Орақ» туралы жырлар ойымызды дәлелдей түседі. Біздіңше, ХVІІІ ғасырдағы оқиғалар мен қайраткерлер туралы шығармалар жанрлық сипаты жағынан батырлық эпосқа жақын, соның поэтикасын бойына сіңірген, тіпті, кей-кейде көне жанрларға тән мифтік ұғымдарды, ғажайып сарындарды да пайдаланған. Мысалға ғайыптан туу, түс көру, жастай қаһармандық таныту, қаһармандықпен үйлену, ат таңдау тәрізді ертегі мен эпостағы тұрақты сарындарды айтуға болады.

ХVІІІ ғасырдағы оқиғалар жайында баяндайтын жырлардың қатарында «Абылай туралы жыр», «Олжабай батыр», «Қабанбай батыр», «Сырым батыр», «Бөген батыр», «Өтеген батыр», т.б. шығармалар бар. Олардың кейбірі жөнінде азды-көпті жазылды, алайда, көпшілігі әлі күнге дейін оқымыстылар назарынан тыс қалып келеді. Бұл кезеңдегі туындылардың ішіндегі ең көрнектілері Абылай хан есімімен байланысты. Жалпы, айтылмыш дәуір туралы баяндайтын тарихи жырлар – мемлекеттік эпос деуге де келеді. Мұнда батырлар өз руын қорғамайды, бүкіл қазақтың тәуелсіздігі үшін шайқасады. Олар бұрынғыдай жауға жеке-жеке шаппайды, мемлекет басшысы Абылайдың қол астында, соның нұсқауымен соғысады. Шоқанның деректеріне қарағанда, Абылайдың туының астында 20-дан астам батыр ұрыс салып жүреді. Олар әр рудан шыққандар, бәрі Абылайға бағынады, соның бұйрығын орындайды.

 

* * *

 

Абылай хан туралы жыр. Абылай жөніндегі жыр-аңыздардың сюжеттері, негізінен, бес тақырыпты қамтиды. Олар: Абылайдың «Сабалақ» атанып, кісі есігінде жүруі; алғашқы рет ұрысқа қатысып, танылуы; жау қолына түсіп қалып, босануы; тұтқыннан босағаннан кейінгі саяси қызметі; Ботақанның өліміне байланысты дау-дамай.

Абылай туралы шығармалардың біршама тұтастану процесіне түскені байқалады. Мұның айқын көрінісі – «Сабалақ» жыры. Жырдың Мәшһүр Жүсіп жазып алған нұсқасында ғұмырнамалық сипат жақсы көрінеді[915]. Мұнда Абылайдың қанішер атасы Үргенішке кеткені, онда опат болғаны айтылады да, жас Әбілмансұрдың жетім қалып, Түркістандағы Әбілмәмбет ханға келгені, онда оны ешкім елемеген соң Ұлы жүз Үйсін Төле биге алба-дұлба болып жеткені сөз болады. Міне, осыдан әрі қарай жас баланың тыныс-тіршілігі, ерлік істері баяндалады. Ол «Сабалақ» атанып жүріп, Бөгенбайдан бата алып, Әбілмәмбет ханның рұқсатымен алғашқы жекпе-жекте көзге түседі. Жалпы, бұл жырда Абылайдың қалмақпен зор ұрысы суреттеледі. Содан соң хан болғаны, алты әйел алғаны, Көкшетауға орналасқаны баяндалады. «Жиырма жасында хан болған Абылай қырық сегіз жыл тақта отырған, 68 жасында дүние салған», – делінеді жырда. Осы екі ортада қырғыздармен соғыс болғаны да хабарланады. «Абылай қайтыс болған соң елге Қасымнан тараған Кенесары, Наурызбай, Саржандар билік етті», - дейді жыр. Міне, «Сабалақ» жыры Абылайдың жас кезінен өлгенге дейінгі өмірін қысқаша баян етіп, оның жетімдіктен ханға дейін көтерілгенін эпикалық түрде әңгіме еткен. Енді осы шығармадағы тарихи шындық қаншалықты және қалай көрсетілген, соны қарастырайық.

Абылайдың бала кезінде Сабалақ атанып, кісі есігінде жүргендігін тарихшылар жоққа шығармайды. Ш.Уәлиханов Абылай ханның әкесі Түркістан қаласында өлтірілген соң он үш жасынан бастап дұшпандарынан бой тасалауға мәжбүр болғаны туралы жазған[916]. Ал, Р.Сүлейменов пен В.А.Моисеев Абылайдың әкесі 1725 жылы Ташкентті жау басып алғанда қайтыс болған, он жасар Әбілмансұр Түркістан қаласындағы Әбілмәмбет ханның қол астына келген деп есептейді[917].

Жырларда Абылайдың ең алғаш күллі қазаққа танылуы қалмақтың ең мықты батырын жекпе-жекте жеңіп, жауды қашырғаны баяндалады. Бірде «Сару», біоде «Шарыш»,- деп аталатын осы батырды біреулер: «Қалдан Сереннің інісі еді»,– десе[918], біреулер Қалданның жиені екенін айтады. Көптеген нұсқаларда Шарыш – Қалдан Сереннің өз баласы. Кейбір нұсқаларда Шарыш Қалданға тек ерлігімен қымбат.

Бұл тұста бір мәселенің ғана басы ашық. Ол – Шарыштың Қалданның ұлы емес екендігі. Өйткені, Галдан-Цереннің үш ұлы болған, олардың есімдері: Лама-Дорджы, Цеван-Дорджы, Цеван-Дашы[919].

Абылайдың қалмақтарға тұтқынға түсуі де сан саққа жүгіртіле айтылған. «Қалдан Серен Абылайды тұтқынға алғаны» атты жырда[920] тұтқынға түскен Абылай Қалданды сөзден ұту арқылы азаттық алып, Қалданның Төбеш деген қызына үйленіп, елге қайтады. Мұнда Олжабай мен Малайсары батырлардың өз ханын тұтқыннан босатып алу үшін ерліктері суреттелген.

Абылайдың қалай қолға түскені туралы тарихшылар: «Бұл былай болды: екі жүз адамнан тұратын барлаушы жасақты басқарып жүрген Абылай жаудың негізгі күштеріне тура кездесіп қалды. Ойраттардың көптеген мыңдық әскерінің қоршауында қалған қазақтар тұтқынға түсті»[921] - деп жазған.

Жалпы, эпос поэтикасына бас қаһарманның ашық айқаста, тіпті, ол жалғыз болса да, тұтқынға түскендігін мойындау қайшы келеді. Сондықтан бұндай оқиға боямалана бейнеленеді. Әдетте кейіпкер, соның ішінде Абылай да бар, ұйқыда жатқанда тұтқындалады. Шәді төре жырлаған нұсқада ел шетіне қалмақтардың анық келгендігіне көзі жетпеген Абылай аз ғана адам ертіп, барлауға шыққанда, өзге нұсқаларда аң аулап жүргенде, шаршап, ұйқыға кетеді. Бірнеше нұсқада оның қасында жалғыз Өтеген болғаны ай-тылады. Шоқан жазбаларында Абылайдың бірнеше билермен және Атығай Жапақ батырмен қоса ұсталғаны атап өтіледі[922].

С.Қасқабасов Абылайдың тұтқынға түсуінің аңыздарда әр түрлі баян-далуы фольклор табиғатынан туып отырған құбылыс екеніне, фольклорлық шығарма қаншалықты шыншыл болғанымен, халық тарихи фактіні сол қалпында емес, өзінің қалауынша суреттейтініне тоқталған[923].

Кеңес дәуіріндегі ғылыми еңбектерде Абылайдың тұтқыннан босануы қазақтың ауызша сөз өнерінде баяндалуы шындыққа сәйкес келмейтін көркемдік қиялдың нәтижесі деп бағаланып, Абылайдың жау қолынан босанып шығуы Ресей елшісі – К.Миллердің қызметі арқасында ғана мүмкін болған жағдай ретінде түсіндіріліп келді. Бірақ соңғы кезде жарық көрген тарихи зерттеулер халық шығармаларының шындыққа жақынырақ екенін дәлелдеді. Мысалы, В.А.Моисеев: «Кеңес тарихнамасында К.Миллердің Жоңғарияға елшілік сапарының нәтижелерін салыстырмалы түрде жоғары бағалау қалыптасқан... Біздің қолымызда бар фактілер елшілік нәтижелерін бұлайша бағалаудың шындыққа сәйкес келмейтінін айқын түрде дәлелдейді, оның үстіне К.Миллер ургаға жіберілмеген де еді... Абылайдың тұтқыннан оралуы, біздің ойымызша, Ресейдің дипломатиялық шабуылының салдары емес, күшейіп келе жатқан Қоқан бектігімен күреске қазақ билеушілерін де қатыстырғысы келген және Ресеймен қарым-қатынасы ушыға түскен Жоңғар басшылығының Орта және Кіші жүз қазақтарымен қарым-қатынас тактикасын өзгертуінің нәтижесі»[924] – деп жазды. Осынау тарихи шындықтың көріністері Ш.Уәлиханов жазып алған «Абылай туралы жыр», Шәді төре жырлаған «Тарихат» атты туындыларда дәлірек.

«Абылай туралы жыр» атты туындыда[925] ХVІІІ ғасырдың жетпісінші жылдарының басында қазақтар мен қырғыздардың арасында орын алған әскери қақтығыс суреттеледі. Оған қырғыздың манабы әрі айтулы ері – Сәдірдің қазақтың Семіз Найман, Қоңырат руларын қатты шапқаны, оны естіген Абылайдың үш жүзден қол жинап, қырғызды шапқаны, қарымта қайтармақшы болған Сәдірге Жауғашты жіберіп, жауласпау, елдесу, Таластың, Кеңестің бойын бірлесе жайлау жөнінде ұсыныс жасағанда, Сәдірдің: «Қоқи. Елдеспеймін онымен. Жауласамын ол құлмен!» – деп, жауап қайырып, Абылайдың сүйегін дөң үстіне үйетінін айтқаны баяндалады. Бұл сөздердің Абылайды шошытқаны: «Жалаңаш қажым сен болсаң, анау тұрған Сәдірді ат-сана, Қарық олжаға бат-сана. Ол Сәдірді атпасаң, Сәдір сені алады, ат көтіне салады. Таңдайыңды теседі. Жанған отқа өзіңді шырқыратып басады», – дегені баяндалады. Жалаңаш қажы: «Аттым!» – деп, екі уыс топырақ тастаған соң Қоңырат мергендері мылтықтарымен оқ атып, найзагерлер ұрысқа кіріп, қырғыздарды Сарыбелде тоздырады.

Жырда сол жылы Абылай өлтірген Әтеке жырықтың қызының жоқтауы келтіріледі. Бұл жыр тарихи шындықтың негізінде туғанын қырғыз тарихшыларының: «Начиная с момента падения Джунгарского ханства и почти до вхождения Киргизии в состав России, для политической истории киргизов характерно постоянные стычки с казахами и постоянные набеги и нападении на них»[926], – деп жазуынан да аңғарылады.

Бұл әскери қақтығыстардың қалай шешімін тапқаны жөнінде Ш.Уәлиханов «Қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбегінде: «Аблай с сильным войском из аргинцев, найманов и уйсунов... разбил..., хотя киргизы дрались насмерть»[927], – деп жазған.

Ұлы ғалымның осы еңбегінде Сарыбелде Солты руының басшысы – Жайыл және оның Үсен және Теке атты ұлдары қаза тапқанына тоқтала келіп: «Плач дочери Джаила Бикемжан, бывшей женой Атеке, поется киргизами до сих пор»[928], – деген мағлұмат беруі «Абылай туралы жыр» мен «Қабанбай батыр» жырындағы Әтеке қызының жоқтауы туралы Б.Абылқасымовтың: «Біздің ойымызша, екі жырдағы жоқтау да өз бастауын осы Әтеке әйелі – Бикемжан жоқтауынан алатын сияқты»[929], – деген дұрыс тұжырым жасауына негіз берді. Жоқтау авторының Әтекенің әйелі болуы, жоқталғандардың бірінің есімі де Әтекенікіне ұқсас болуы, қазақ қолымен ұрыстардың бірінде Әтекенің ұлы – Қарабектің де қайтыс болуы[930] – барлығы жиынтықтала келіп, жоқталушының Әтекеге айналып кетуіне себеп болуы ғажап емес. Бұл жоқтау М.Әуезовтің батырлық эпос үлгілері сол туындыларда бас қаһарман болып табылатын батыр жөнінде шығарылған тұрмыс-салт жырлары негізінде туғандығы жөніндегі тұжырымының[931] тағы да бір дәлелі қызметін атқарады. «Абылай туралы жырдағы» жоқтауда: «Сәдір кірді қамысқа. Әтекем шықты намысқа», – деп айтылуы шындықтан қашық еместігін Үмбетей жыраудың толғауында да бір соғыстың алдында қырғыз қолы манаптарының алауыздығы салдарынан қақ бөлінгені, Садырдың қазақтармен бітісетінін, Әтікенің соғыс күтетінін айтысып, Садыр бөлініп кеткенде, қалған қолдың жеңіліс тапқаны, Әтікенің өзі де қаза тапқаны баяндалатынына қарап, шамалаймыз.

Біздің жоғарыда келтірген мағлұматтарымыз қырғыздың аталған ба-тырлары қазақтармен соғыстың ұзына бойындағы әр түрлі ұрыстарда мерт болғанын, ал, жырда бұл оқиғалар эпикалық жинақтау тәсілімен бір уақытта орын алған секілді етіп көрсетілетінін аңдатады. Оның үстіне дереккөздері әрбір ұрыстың тағдыры асқан қиыншылықпен шешілгенін, бұл тұстарда қа-зақ халқы әскери күштерінің қолбасы батырлардың төңірегіне жұмыла, бірлесе қайрат көрсетуі, Абылайдың ұйымдастырушылық дарыны шешуші мәнге ие болғанын сездіреді. Дегенмен, жырлар мен аңыздарды айтушы-лардың жеңісті Абылай және оған серіктес батырлардың ғайыптан қолдау көруіне байланысты оңайға түскен секілді етіп суреттеуге бейім тұратыны жиі байқалады. Мысалы, «Абылай туралы жырда» қазақтарға төнген қауіпті Жалаңаш қажы сейілтсе, Шәді төре жырлаған нұсқада Абылайдың өмірге келуіне себепші болған Бахауиддин әулиенің қазақ хандығы басына күрделі жағдайлар орнағанда жіберген Жалаңаяқ Әздүр дуана Абылайдың жеңістерін қамтамасыз етіп отырады. «Сабалақ» атты жырлар мен аңыздарда Төле би өзінің түйесін бағып жүрген қызметшісінің ұйықтап жатқан түрін көріп: «Төрт борбайын төрт жаққа жайып жатыр. Тегінде билейді екен оң мен солды. Тегін емес, бұл шығар асыл тектен. Шамалап жүруші едім сынап көптен»[932],– деген жорамал жасайды

Бірқатар фольклорлық туындыларда Абылайға ғайыптан келген жәр-демші ақ түйе ретінде көрінеді. Ә.Нәбиұлынан алынған «Абылай хан. Ақ атан» атты жырда[933]. Абылай өзінің бір атаны танытқан ырымдардың тегін еместігін түсінде көрген аян арқылы ұғынады. Түсінде оған ақ атан өзінің Ерен Ғайып екенін, жәрдемші болу үшін келгенін айтып, аян береді. Абылай ұйқыдан оянған соң ақ атанның түсінде көрген жерде жатқанын көреді. Ханның қарамағындағы кісілер бұл түсті: «Тәңір көктен көгертеді», – деп жориды. Бұдан көкке Құдай ретінде табынудың сарқыншағы бертінгі кезге дейін сақталғаны байқалады. Жырда Абылайдың қай бағытқа жүрсе, жолы болатынын ақ атанның қалай жатқанына қарап шамалап отырғаны, ақ боз атан боздаса, сақтық шараларын қолға ала бастау әдетке айналғаны баяндалады. Бұл нышандар «Оғызнаменің» бас қаһарманы мен оған ғайыптан жіберілген Көк бөрінің қарым-қатынасын еске түсіреді. Ақ атан иесін кейбір қастандықтардан тікелей қорғаушыға да айналады. Абылайға ғайыптан көрсетілген көмек атаулының барлығы бірдей қазақ халқының аталған билеушінің басқаруымен жүргізген күресі, түптеп келгенде, Құдайдың құп көріп, қолдау жасауы нәтижесінде жүзеге асқан іс-әрекет екенін ұқтыру, яғни халықтық мұраттарды тыңдарман санасына сіңіру үшін қажет әдіс-тәсілдер екені хақ. Сондықтан Абылай ханның эпостағы бейнесі поэтикалық айшықтаудың әр алуан жолдары арқылы халық арманының жанды бейнесі ретінде жұртшылыққа үлгі болатындай дәрежеге көтеріле, халық әдебиетінің барлық ұстанымдары талаптарына сәйкестендіріле, мінсіз кейіпке ендіріле сомдалған.

«Өтеген батыр» жыры. Өтеген Өтеғұлұлы – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте және одан кейінгі уақыттарда елінің тәуелсіздігіне сіңірген орасан зор қызметімен халқының жадында мәңгі сақталған тарихи тұлға. Оның ерлік істері «Өтеген батыр» атты жырдың төрт түрлі версиясына арқау болған.

Ақын Тілеміс Есболов жырлаған нұсқалардың біріне Өтеген батыр ретінде алғаш таныла бастаған кезде оның ерліктеріне тәнті болған Төле би оны сынай түсу үшін жақын маңдағы бейіттің ағаштарын отын қылу үшін алып келуге жұмсағаны, Өтегеннің бидің алдын ала көрдің ішіне отырғызып қойған адамдары қарсылық жасап, өлі аруаққа қиянат жасағанын айтып, қорқытқысы, ұялтқысы келгеніне назар аудармай:

«Өлі аруақ, тыныш жат! Тірі аруаққа ас пісірем», – деп, бейіттің ағаштарын алып кеткені баяндалады.

Жоғарыда мазмұндалған сюжеттік мотив қазақ тарихи жырлары, мен аңыздарында көптеген батырларға таңылу арқылы формулалық сипатқа ие болған. Мысалы, Ақыт Үлімжіұлы жырлаған жырда Абылай Жәнібекті осылайша сынаса[934] жырдың өзге нұсқасында Абылайды Қабанбай алмастырады[935].

Ендігі бір жырда Қабанбай осылайша Шақшақ Жәнібекті сынайды. Ағыбайдың, Сұраншының және өзге де батырлардың осындай оқиғаны бастан кешіргені туралы аңыздар бар.

Жырдың Тілеміс ақын жырлаған екінші нұсқасы Өтегеннің ата бабалар аруағының жәрдемімен ғайыптан пайда болуын суреттеуден басталады.

Елді оба жайлағанда Өтеғұлдың он ұлы бірдей шетінейді. Бір күні Өтеғұлдың түсіне үлкен атасы еніп, одан: «Өлген ұлдарыңды қайтарайын ба, әлде соларға татитын бір ұл берейін бе?» – деп сұрайды. Өтеғұл қайтыс болған ұлдарының бәріне татитын бір ұл бергенін қалайды. Сол аян өмірде бұлжымай келіп, Өтеген дүниеге келеді.

Классикалық қаһармандық жырлардың тұрақты бөлшегі болып табылатын батырдың өзіне лайық ат таңдау оқиғасы бұл жырда да кездеседі. Бірақ онда керемет жағдай кездеспейді. Содан соң Өтегеннің Райымбек, Тауасар секілді батыр жолдастарымен бірге қалмақтарға қарсы тұруы басталады. Өтегеннің қасындағы батырлар ретінде Қойгелді, Сәмен, Наурызбай, Райымбек, Шінет, Тауасар, Молдабай, Қанжығалы Бөгенбай, Ысты Төлек аталады. Бұлардың әрқайсысы Жоңғар шапқыншылығы кезінде қолбасшылық дарынымен көзге түскені белгілі. Жырда Өтегеннің солардың барлығына басшылық жасауы – халық шығармашылығында бас қаһарманды өзгелердің барлығынан артық етіп көрсету машығының көрінісі.

Өтеген ұйымдастырушылық қабілетімен де, жаудың бас батыры Тайшықпен жекпе-жекте жеңіске жетуі арқылы да басқыншыларға тосқауыл қоюда шешуші қызмет атқарады. Негізгі кейіпкерді бұлайша даралау да –тарихи эпоста жиі кездесетін құбылыс. Батырдың жеңілген жауды кейін қарай ысыра ұрыс жүргізу талабын Төле би құптамай, сол кез үшін батырлардың жаумен соғысуы емес, босқан халықпен бірге болып, жаңа қонысқа орналастырумен айналысуы тиімді екенін түсіндіреді. Ел ағасының орынды ақылын қабылдауы – Өтегеннің парасаттылығының белгісі. Сыр бойына ауып келген елге ол жерден гөрі Сарысу бойының жайлы екенін ұқтырып, сонда бастап келетін де – Өтеген.

Жыр қалмақтарға қарымта соққы берген қазақ қолына алғаш келіп, жеңістерге жеткен батырлардың бірі де Өтеген екенін бейнелеумен аяқталады.

Жырдың композициялық құрылымы да, сюжеттік желісі де, образдар сомдау тәсілі де ескі заман жыршыларының көне сүрлеуінен ауытқымаушылықты аңдатады. Өткен өмірдің көріністерін ашып көрсету, сол арқылы халықтық мұраттарды насихаттау классикалық қаһармандық эпос үлгілеріндегідей мұнда да бас кейіпкердің басынан өткен жағдайларды хронологиялық тәртіппен тізбектей баяндау арқылы жүзеге асқан. Соған орай бас кейіпкердің бейнесінде оны батырлар жырының өзге де қаһармандарына ұқсататындай нышандар мол. Оның бір белгісі – Өтегеннің де кереметтің күшімен туған айрықша тұлға екендігі бейнеленуі.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде көбінесе ертегі кейіпкерлері қарапайым адамдардың балалары, ал, оған керісінше эпос қаһарманының шыққан тегі үстем тап өкілдері болып келетіні анықталған[936]. Бұның дұрыстығына жырда келтірілген Өтегеннің ата-бабалары туралы мағлұмат та дәлел бола алады. Жырдың прологында Бәйдібек пен Жарылқамыстан Бұқардың, Бұқардан Сырымбеттің таралғаны, Сырымбеттен туған алты ұлдың бірі Өтеғұл екені атап өтіледі.

С.Қасқабасов: «Енді кейіпкер – батыр дүниеге келерде, міндетті түрде бір төтенше оқиға болады; болашақ қаһарманның не әкесі, не шешесі қаза болады, я болмаса, олар қуғында жүреді. Немесе ол туар кезде елді жау шабады, т.т.», – деп атап көрсеткен[937] қаһармандық эпосқа ортақ сипат Тілеміс айтқан нұсқада Өтегеннің оба індеті қарсаңында, әке-шешесі бір перзентке зар болған заманда өмірге келуінен, оның сәби шағында Өте-ғұлдың қайтыс болуынан аңғарылады.

Халыққа Жерұйық қоныс іздеу – барлық халықтардың айрықша бір қиыншылыққа тап болған сәттерінде қылаң беретін әлеуметтік утопиялық сарын. Қазақ әпсаналарында Асан Қайғының, оның қызы – Жұпардың Жерұйықты іздеуі баяндалады. «Өтеген батыр» жырының Жамбыл және бірқатар өзге де жыршылар жырлаған нұсқасының бас кейіпкері де осындай мақсатпен сапар шегеді.

Жамбыл жырлаған нұсқалардың бірінде ұлы ақынның өзі айтып отырған жыр туралы: «Хикая емес бұл өзі өз жанымнан шығарған», – дей келіп; бұл шығарманы қандай өнерпаздан үйренгенін нақтылап айтудан тайқып, бұл жырды желден, тағы құлжадан, бұлбұлдан, қыраннан, толқыннан, шөптен, гүлден, жұлдыздан, сай-саладан естігенін айтып, ақыр соңында ғана: «Бұл жырды мен естігем жыршыдан, ақын қауымнан», – деп мойындауы қазақ жыршыларының дәстүрінен алшақтап, «Манас» жырын айтушылардың өздерінің нақты ұстазы бар екенін мойындамай, репертуарларындағы жырдың оларға аян арқылы дарығанын баяндау дағдысына бойұрушылықты аңдатады.. Қалай дегенде де, бұл тұста Жамбылдың шындықты саналы түрде бүркемелегені Сапарғали Бегалинге Шапырашты руының қариялары бұл жырды ертеректе Күсеп ақын, одан кейін Сүйінбай жырлағанын, жаңа заманда елдің қонысы тарылған кезде Жамбылдың қайта жаңғыртып жырлағанын айтуы дәлел[938].




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 935; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.033 сек.