Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарихи жыр 7 страница




Назар аударатын тағы бір жайт: «…Қисса шығарған, әдебиет нұсқаларын жинап бастырған ақындар, авторлық мәселесін өзінше, осы күнгіден басқаша түсінген… Тіпті, жинап бастырған, өзінше өңдеген халықтық шығармаларды да (олардың вариантын) кейбір ақындар өзімдікі деп санаған. Қисса өлеңдерінің ішіне кейде қазақтың батырлар жырынан кесек-кесек үзінді алып кіргізіп, болмаса екінші бір ақынның сөздерін пайдалана берген… Сондықтан кейде тақырыбы екі басқа шығарманың көп жері бірінен-бірі айырғысыз, ұқсас болып келуі де ғажап емес»[1000].

Дастандық шығармаларды ел ішінен жинап, айтушылардан жазып алып, өзінше жөндеп, баспаға жіберіп отырған бастырушылардың басым көпшілігі өз аттарын міндетті түрде мәтінге қосып отырған. Өз еңбегін олар былай бағалаған: жырладым, жаздым, шығардым, қазақшаға аудардым, қазақша жырладым, нәсірден назым еттім, көшірдім, т.б.

Әрине, дастанның пайда болып, дамып, жеке жанр ретінде қалыптасып, ұлттық фольклорымыздың қомақты, мағыналы саласына айналуында ақын, жыршылардың рөлі зор екені сөзсіз. Сондай-ақ, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келген шығармаларды қағазға түсіріп, кітап етіп шығаруда жинаушы, бастырушылардың еңбегі айрықша. Сондықтан «бұрыннан бар, қалыптасқан суреттеу амал-тәсілдерін, дәстүрлі үлгілерді пайдалана» жырлап, дастан шығарған ақындарды сол дастанның бірінші жырлаушысы деп, ал мәтіндерде аттары кездесетін көшіруші, сақтаушы, айтушы, бастырушылардың еңбегін, әсіресе, бір шығарманың бірнеше варианттары болған жағдайда жинаушы, редактор деп бағалаған жөн.

 

Хикаялық дастан

 

Дастандық эпостың қомақты бір бөлшегі – хикаялық (новеллалық) дастандар. Олар мазмұны мен сюжеті жағынан дастанның басқа түрлерінен біршама оқшауланып тұрады. Хикаялық дастандардың сюжеттік негізін, көбінесе, әдеттегіден тыс жағдайлар, таңғажайып істер, бұрын естілмеген, қоғам қабылдаған әдет-ғұрыпқа, ережелер мен тәртіпке сай келмейтін, оларға кереғар, қалыптасқан өмір нормаларынан ауытқыған, яғни өмірде болған кез келген кездейсоқ, новеллистикалық мәні мен сипаты бар, әсіресе, күлкілі немесе адам нанғысыз таңғаларлық, шытырман, шым-шытырық оқиға, басқа сөзбен айтқанда, хикая құрайды. Басқаша айтқанда, оқиға әрленіп, сюжеттің өзегі мен өмірлік материал бір оқиға маңына жинақталады. Хикаялық сипаттағы шығармаларға күрделі шиеленіс тән және ол анық та, айқын композициямен өріледі. Сюжеттің логикалық шешімі қимыл-әрекеттің күтпеген, ойламаған жағдайда бітуімен ерекшеленеді.

Сонымен, жеке адамдардың басынан өтіп, бүкіл ел, қоғам үшін айтарлықтай маңызы жоқ болғанымен, нақты өмірдің өзінен алынған немесе болуы мүмкін деп саналатын сан алуан құбылыстар мен түрлі таңғаларлық оқиға, жағдай, фактілер бір-біріне ұқсамайтын туындыларға негіз болып, оларды бір жанрдың аясында жинақтап, біріктіреді.

Бұл тұжырымдарға бірнеше дастандардың мәтінін талдау арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы, бас кейіпкер белгісіз сұлуға ғашық болатын классикалық сюжетке құрылған «Сыршы молда» дастанын алайық: тоты құстың мекиені балапандарын қорғап, қаза табады. Осы көріністі сырттай немқұрайлықпен бақылап тұрған тоты құстың әтешін көрген ханша ешқашан күйеуге шықпауға бекінеді. Міне, осыдан былай сюжеттің дамуы осы іспеттес сюжеттердің дәстүрлі канондық даму жолдарынан ауытқи бастайды. Жігіт қалай да қызға үйлену керек. Бірақ эпикалық жолмен емес. Ендеше ол басқа жол тауып, қызды райынан қайтаруы тиіс. Балапандармен болған көрініс жай мотив қана емес, мотив-жұмбақ, оның жауап-шешімін табу қажет.

Қызды бекінген шешімінен қайтаратын айланы уәзір табады. Ол қыздың тәсілін өзіне қолданады. Сыршымын деп танысқан уәзір сарайды безендірген кезде қыздың көрген оқиғасын сурет етіп салады. Тек айырмашылығы – лақтарын қорғап, еліктің еркегі өледі. Осы суретті көріп, аң-таң болған қызға енді еш уақытта үйленбеуге ант еткен ханзада туралы аңызды айтып береді. Содан қыз жігітке сырттай ғашық болып, алға қойған мақсат орындалады. Демек дастанда бас кейіпкер қыздың көңіл-күйін, ойын жақсы түсіне білген уәзірдің тапқырлығы арқасында арманына жетеді. Яғни бұл дастанда эпосқа тән рулық қоғамның заңы, әдет-ғұрпы емес, дара адамның тәжірибесі, байқағыштығы дәріптеледі.

Хикаялық дастанның классикалық үлгісін «Ғаяр қатын» мәтінінен көруге болады. Бұл жерде сұлу әйелдің қулығын суреттеу қазақ эпосына тән емес екенін ескерте кету керек. Рас, «Құламерген-Жоямерген» эпосында күйеуін, баласын тастап кеткен сатқын әйел бейнесі суреттелген. Бірақ, біріншіден, ол мұнда басты тақырып емес. Екіншіден, Қаншайым мыстан кемпірдің алдауына түседі. Ал, «Ғаяр қатын» дастанында мұндай «сатқын әйел» мотиві көрінбейді. Мұнда, керісінше, әйелдің күйеуіне деген адалдығы көрсетіледі. Ол әртүрлі айла, іс-әрекеттерін күйеуін жақсы көргендіктен, соған көмектесу ниетімен жасайды. Дастанның фабуласы мынандай: байлықтан жұрдай болған күйеуіне көмектесу үшін оның сұлу әйелі базарға барып, теңге үшін бетін ашып көрсетеді. Кейін, тіпті, ақша табу үшін қаланың сыйлы адамдары – дүкенші, қасапшы, қазыны үйіне ғейіш-ғишрат жасау үшін шақырады.

Бірақ әр кезде қонақтар үшін ретсіз, ал «қиянатшыл» әйелдің жоспарына сәйкес ертеректе және мүлдем тастап кетті-міс деген күйеуі келіп қалады. Солай үш рет қайталанады. Әйел қонақтарды ылғи ыңғайсыз жерлерге жасырады. Мысалы, біреуін үстіне жабу жауып, төрт аяқтатып, бұзау түрінде көрсетеді, т.б. Ақырында, шығынға батып алданғандар сұлу әйел мен оның күйеуінен өш алуға кіріседі… Бірақ айлалы әйел мен күйеуі арсыз ашық ауыздардан әр уақыт ептірек, тапқыр болып шығып отырады. Олар қасапшының мұрнын, дүкеншінің құлағын пышақпен отап алады, ал, қазыны ебін тауып, сүндеттейді. Үшеуі «Қызыл ала қан болып, «менен, сенен болды» деп, бірін-бір – өлім жазасына кеседі.

Бұл шығармаға арқау болған сюжет өте көне. Көрнекті шығыстанушы С.Ф.Ольденбург көрсеткендей, оның ең көне нұсқасы – ғылымда «Бхархутская ступа» деген атпен белгілі болған ескерткіште шамамен біздің дәуірімізден бұрын бірінші мыңжы –쀠艴ȝȫȞț舘ț舘舠舥ȞȘ舝舚舠ȚȚȫ耗耆耄興艘ȝ舤舥ɉȘȠȞ舘ɉȘȘ舠ɍ舘ȡ耐Ș舟舝ɉ舘Ȟ耐Ƞȧ舛Țȡ耐ɴ舡Ț舝艴舞Ț舍ɴ舠舞Țȝȡȫ舤舥艉舥Ƞȡ舘舞ȡ舤ȥ耐ȐȒ舏ȝȦ舚舚舞舘ȡ舠ș舝ɴ舠舠Țȡ舝舚Ȟ舚舚Ȝ舟舞舥ɑ耐舚ɑ舝艴舞Ț耐舞艘舠ɍ舘舠ȥ耐ဉ耐艉舥舝ȥȞȚȘ耐聕興ȢȘ舠舢ȡ舡Ƞȝ舘ȧ耐Ƞ舡舡ȟ舘]舚舚舙舚ȞȘ舡舟舚Ȟ耐舘舚舝ș舫ȝȫ耐Ș舟舝ɉ舘Ȟ耐舚Ƞ舝ȚȠȡȝȫȤ舡ȚȤȘȞȘ舞舚Ȟ耐Ș舫țȚ舫ɑ舚艬ȡȫȠȫȞ舫ț舚舚Ȟ耐舘ɘ舠舥Ȟ耐ȘȫȠ舫ȞȤȫ舞舥ɑ舛舥лдықтың екінші жартысында тасқа қашалған көрініс[1001]. Одан кейін осы мазмұндас әңгіме көне үнділердің джатака[1002] жинақтарында кездеседі.

С.Ф.Ольденбург көне сюжеттің оннан астам версиясын жинақтап, тыңғылықты талдау жасап, алдамшы әйелдің типін анықтайды. Ғалым зерттеген нұсқалар мыналар: үш көне үнділік, бір көне араб, екі кітаби араб, бір кітаби парсы, бір кітаби түрік, ел аузынан жазылып алынған үш үнді, бір ауған, бір жаңа арамейлік, т.б.

Аталған нұсқаларда әйел кейіпкер әрекетінің мотивировкасы әртүрлі болып келеді: а) күйеуінің сапарға кетерде біреуге сақтауға немесе жұмсауға берілген ақшасын қайтару; ә) әйелдің өз арын қорғау үшін әрекеті; б) күйеуінің намысын қорғау үшін әрекеті; в) ақшақұмарлық, дүниеқорлық.

Олардың басым көпшілігінде әйел-кейіпкер әртүрлі айлаға күйеуі тастап кеткен ақшаны қайтару үшін, я өзінің арын қорғау үшін барады. Кейде әйел билік басындағыларға (ханға, патшаға) мұңын шағып, қылмыскерлерді жазалауды өтінеді. Ал, енді бір жағдайда ешкімге шағым жасамай-ақ, жәбірлеушілерді күйеуімен екеуі жазалайды. Үйіне келіп, мазасын алған арсыздарды әйел ыңғайсыз жерлерде, қорада, үлкен бір тұрмыстық зат ішінде жасырады, немесе шөп қораға қамап, ері келгенде жем-шөп жеуге мәжбүрлейді, я болмаса әкесі жоқта туған бала ретінде көрсетіп, бесікке бөлейді. Демек, жәбірлеушілердің өздері жәбірленушіге айналады.

Бұл шығармалардың бас кейіпкері – әйел. Ол ақылды, әдемі, қайырымды, епті, әңгімешіл-шешен деп сипатталады. Мысалы, сюжеттің түпнұсқасы саналатын джатака жинағының палилік версиясында патша кеңесшілері Махосадхи әйелін «оның өзінен де ақылдырақ» деп бағалағаны белгілі.

Шығыстық новеллалардың түйініне келсек, әйел-кейіпкер үшін соңы жақсылықпен бітеді. Көптеген шығармалар әңгімелеушінің ой-түйінімен аяқталады. Мысалы: «Міне, әйел қулығы деген», «Міне, ол қандай керемет, қажеттісін алу үшін ол осылай істеді», т.б. Кейбір әңгімелерде қиын тапсырмаларды беретін күйеулерінің өзі әйелінің айлалы әрі дана екендігін мойындайды. Демек шығыс әңгімелерінде әйел жазаға ұшырамайды. Онда әйел жеңісінің салтанат құруымен аяқталып, оның тапқырлығы, ептілігі, ақылдылығы дәріптеледі. Бұл новелла логикасы үшін заңды һәм нанымды.

Ал, қазақ дастанында зұлымдық қашанда жеңілуі тиіс дейтін эпикалық ойлаудың басымдылығын байқаймыз. Сонымен бірге дастанды шығарушы, айтушы және таратушылар танымынан патриархалдық сананың әсерін аңғарамыз. Ол – әйелі мен күйеуі өздерінің аярлық әрекеттері арқылы адамшылықтың шекарасынан аттап өтті, сондықтан да жазалануы тиіс дейтін тұжырымдар. Сонымен бірге мұнда кейіпкердің бүкіл іс-әрекеті баяндалуымен бірге сол іс-әрекеттің қозғаушы күші (мотивировкасы), табиғаты терең ашылады. Осы арқылы адамдықтан азғындаудың себеп-салдары анықталады. Мысалы, әйел бастапқыда кедейленген күйеуін құтқару үшін көп алдында бетін ашатын ұятты іске барады, жеткілікті дәрежеде мол ақша жинап алады. Бірақ әйел мұнымен тоқтай алмайды. Адалдыққа кереғар алғашқы әрекет әрі қарайғы зұлымдық істердің негізі болады да, әйел оны тұрақты кәсіпке айналдырғысы келеді. Бұл – дастанда әйелдің күйеуіне айтатын «Көркімді көптен бері пайдалансаң, себебім тимес пе еді талай малға» деген сөздерінен байқалады. Демек, кейіпкер образы даму үстінде көрсетіледі де, сонысымен өзге шығыс әңгімелері кейіпкерлерінен өзгешеленеді.

Жоғарыда айтылғандардан тыс қазақ дастанына мынадай белгілер тән. Ол шағын проза үлгісіндегі шығыстық новеллалармен салыстырғанда көлемді және өлең түрінде хикаялық дастан үлгісінде жырланған. Оған эпостың атрибуты – перзентсіздік мотиві қосылады. Сондай-ақ ақша үшін бетін ашып көрсету оқиғасының мұнда өз шешімі бар. Ол шығыста тек қана қызықтыру мақсатында алынса, қазақ дастанының кейіпкері екі түрлі мақсатты көздейді: а) қызықтыру, ә) ақша табу. Демек, «Ғаяр қатын» дастаны кең таралған, өте көне шығыс сюжетіне құрылғанымен, өзіндік ұлттық ерекшелігімен сипатталады. Сонымен бірге көне сюжет өзінің кең таралу барысында жаңа деталь, тың эпизодтармен байып, кейіпкерлер құрамы мен олардың іс-әрекеттерінің мотивировкасы өзгергенімен, сюжет негізі өзгеріссіз қалған.

Назар аударатын жағдай, «Ғаяр қатын» дастанының айтушысы баяндалып отырған хикаяны Түркістан қаласында нақты өткен, болған оқиға ретінде түсіндіреді. Ол заңды да және жиі кездесетін жағдай. Себебі әр халық кірме сюжетті өзінікі деп ұғады. Екіншіден, осындай оқиға, әр жерде, әр елде болуы мүмкін. Үшіншіден, біздің дәуірімізден бұрын тасқа қашалып, қағазға түскен, кейін кең тараған бұл сюжет әуелі фольклорлық туынды ретінде шығыс халықтары арасында белгілі болуы да мүмкін. Сонымен бірге ғалымдардың пікірінше, джатака жинақтарына кірген әңгімелердің біразы буддалық монахтардың жеке шығармашылығының жемісі болуы ғажап емес.

Мазмұны мен фабуласы бір-біріне ұқсамайтын бұл халық туындыларын жақындастырып тұрған – хикаялық сюжеттер. Екі шығармаға да арқау болған – қарапайым, бірақ әдеттегіден тыс таңғажайып, шытырман оқиғалар.

Новелла әдеби жанр ретінде қайта өрлеу дәуірінде Италияда, кейінірек Англия, Франция және Испанияда пайда болғаны белгілі. Сондай-ақ «новелла» ұғымы келе-келе тек әдебиет саласында ғана емес, фольклортану ғылымында, Батыспен қатар Шығыс әдебиеті мен фольклорының және осы ұғымнан көп бұрын пайда болған құбылыстарды белгілеуге жұмсала бастағаны да мәлім.

Қазір «новелла» терминімен бірге «хикаялық сюжет» (новеллистикалық сюжет) термині өте жиі және кең мағынада қолданылады. Себебі, хикаялық сюжет деген ұғым барлық дерлік халықтардың фольклоры мен әдебиетінде көне замандарда пайда болып, бүгінгі күнге дейін көркемдік дамудың фольклорлық, кітаби және әдеби формаларында әрі қарай дамып, сақталып жеткен құбылыстарды қамтиды.

Хикаялық сюжеттердің генезисіне келсек, олар көбінесе, «трикстер», «трюкач» сияқты мифтік тұлғалармен байланысты. Мифтік кейіпкерлер туралы көптеген анекдоттар мифтерді пародиялық тұрғыдан түсіндіру, шамандыққа қарсылық көрсету, я ғұрыптарды карикатура тұрғысынан суреттеумен танылады. Бұл – халықтық демократиялық сатираның бастауы, адам мінезін қатал тезге (регламентация) салатын тәртіпке, алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан шамандар кастасына қарсылық нышандары.

Белгілі бір уақытқа дейін «трикстер» туралы әзіл әңгімелер ел аузындағы ойлы әңгімелермен (аңыздармен) қатар өмір сүріп, түрлі діни ұғым-түсініктердің белгісін бойына жинақтады. Мұндай жағдайлардың көрінуі жасампаз қаһарман мен алдамшы (плут) образының бір тұлғада бірігуінен мүмкін болды. Жасампаз қаһарман мен алдамшының қызметі әлем құрылымы реттелгенге дейінгі, яғни «табу» жүйесі қалыптасқанға дейінгі уақытқа жатады. Уақыт өте келе, осы халық демократиялық сатирасының нышандары әрі қарай дамыды, күрделенді, қайта жаңғырды, сапалық жағынан өзге де мазмұндармен толықты.

Қазақ хикаялық дастандарының шығыстық һәм жергілікті, төл сюжетке негізделгендері де ұлттық эпикалық дәстүрдің арнасында дамыды. Сондықтан бір оқиға, факт, хикаяға құрылған хикаялық (новеллалық) сюжет көптеген жағдайда эпикалық сипатқа ие болды. Мұны біраз хикаялық дастандарда пролог пен эпикалық түйіннің қосылып, сюжет баюынан көруге болады. Сонымен бірге кейбір шығармада бірнеше хикаялық сюжеттің қатар дамуы, кейбіреулерінде батырлық немесе романдық эпостарға тән баяндаудың орын алуы мүмкін. Көп жағдайда хикаялық шығармалардың негізін ертегілер құрайды.

Шығыста хикаялық сюжеттер прозалық үлгіде (әңгіме, повесть, хикаят) болып келеді. Ал, қазақ дастанының өлеңдік формадағы сипаты осы жанрдың басты белгілерінің бірі болып табылады. Демек шығыстық хикаялық сюжеттердің негізінде қазақ халқында бөлек болмысты сөз өнерінің үлгілері туындаған.

Хикаялық шығармалардың басты кейіпкерлері – ақсүйек өкілдерімен қатар қарапайым адамдар – саудагер, көпес, олардың балалары, кедей, наубайшы, діндарлар және т.б. болуы мүмкін. Дастан кейіпкерлері бір-біріне ұқсамайды. Олардың алдарына қойған мүддесі, мақсаты, армандары әртүрлі. Бірақ қалай болса да, ақырында, әділдік, адамгершілік, зеректік, адалдық, тапқырлық жеңеді.

Қазақтың хикаялық дастандары басқа халықтардікі тәрізді қайғылы, трагедиялы, ғибраттық, көңілді, оптимистік, т.б. рухта болады. Сондай-ақ мұнда баяндауға өткірлік пен ерекше әсер беретін күлдіргі, күлкілі көріністер де жиі кездеседі.

Жоғарыда көрсетілгендей, хикаялық шығармалардың тақырыптары мен сюжеттері сан алуан. Сонда да оларды жиі кездесетін тақырыптарына сай шартты түрде төмендегіше жіктеуге болады: әйелдің айлакерлігі туралы («Ғаяр қатын»), әйелдердің даналығы мен адалдығы туралы («Марғұба»), достық пен даналық туралы («Сыршы молда»), дін өкілдерін сынайтын («Болат-Жанат»), алдауыштар мен аярлар туралы («Үш аяр»), тарихи кейіпкерлердің кеңдігін, зейінділігін, жомарттығын, қайырымдылығын, т.б. тұлғалық қасиеттерін суреттейтін («Әбуғалисина», «Шаһмаран», «Хатымтай Жомарт») дастандар, т.б.

 

Діни дастан

Ұлттық фольклорымыздың өте бай, маңызды саласы болып табылатын дастандық эпостың едәуір бөлігін діни дастандар құрайды. Өткен ғасырларда қоғамның рухани сұранысынан туған бұл шығармалардың басым көпшілігі ХІХ ғасырда кітап болып жарық көрсе, біразы қолжазба күйінде сақталып келді. Қазақ даласында ислам дінінің кеңінен қанат жаюына олардың әсері айтарлықтай болды. Себебі, ислам дінін нығайту үшін жүргізілген күрес соңғы ғасырларда екі түрлі жолмен іске асып отырды: бірінші әдіс ислам дінін таратушылардың іс жүзіндегі (мешіт, медресе салу, т.б.) үгіт-насихат жүргізуі арқылы жүзеге асса, екіншісі – ақынжанды дала тұрғындарының жан-жүрегіне жыр сөздерімен (діни дастандар) әсер ету арқылы орындалған тәрізді.

Діни дастандар өзінің сюжеттері, мазмұны, шығу тарихы, даму, таралу жолдары жағынан әртүрлі. Бірақ олардың барлығы идея жағынан бірігеді, ол – исламдық руханият құндылықтарын үгіттеу.

Осы бастапқы идеяны жүзеге асыру үшін діни дастандарда дүниенің исламға тән жаратылыс түсініктері, Құран мифологиясы, Шығыс пен Батыс халықтарына ортақ көне ертегілік, эпикалық мотивтер мен шығыс халықтары фольклорының типтік кейіпкерлерінің бейнелері кеңінен қолданылады. Сондай-ақ бұл шығармалар ойдан шығарылған көркем қиял арқылы байиды, ал кейіпкерлердің образдары мақсатты түрде халық танымына сәйкес тұлғаланады.

Діни дастандарды тақырып пен мазмұнына сәйкес былайша топтастыруға болады: 1. ислам дінінің негіздері мен ұстанымдарын дәріптеу және оларды бұзушыларды жазалау туралы дастандар; 2. Мұхаммед пайғамбар (c.а.с.) мен әділетті төрт халифа жайлы дастандар; 3. мұсылман батырлары мен әулие-әнбиелердің өмірі, жасаған ерліктері туралы шығармалар; 4. исламды тарату мен орнықтыру жолында дінсіздермен күресті суреттейтін және мұсылман тарихында шынайы болған, халық жадында із қалдырған оқиғаларға негізделген туындылар.

Бірінші топты исламның жекелеген өсиеттері мен тыйым-тоқтамдарын, халал мен харамды әңгімелейтін және оларды бұзушыларды жазалау туралы дастандар құрайды. Сондай шығармалардың жарқын бір үлгісі – «Әбушаһма» дастаны. Шығарманың басты кейіпкері Әбушаһма – хазіреті Омар халифаның баласы. Ол Құранды шебер оқуымен және дауысының пайғамбар дауысына ұқсастығымен ерекшеленеді. Бір күні сахабалар (Мұхаммед пайғамбардың серіктері) пайғамбардың дауысын сағынғандықтарын айтып, Әбушаһмадан Құран Кәрімнен сүрелер оқып беруін өтінеді. Әкесі оған күні бойы мешітте Құран оқуға рұқсат береді. Одан әрі қайтар жолында Әбушаһманың бір әзәзілге еріп, шарап ішкені, бұрын шарап ішпегендіктен мас болғандығы, соның кесірінен бір үйге кіріп, ол үйдегі сұлу қызбен зина жасағаны баяндалады. Қыздың аяғы ауырлап, біраз уақыт өткен соң сәбиін алып, Омар халифаға келеді. Омар халифа қыздың сөзін антпен бекіттіріп сенеді де, баласына өте қатал, бірақ шариғат заңына сай келетін «жүз дүре соғу» үкімін шығарады.

Бұл шығарма, тұтастай алғанда, Құранның қағидалары мен өсиеттеріне негізделген. Мысалы, зинақорлықпен айналысқандардың жазасы – жүз дүре екендігі Құранның «Нұр» сүресінің екінші аятында көрсетілген: «Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ақырет күніне сенсеңдер, оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндердің бір тобы көріп тұрсын»[1003]. Осы жерде атап айтатын нәрсе: исламда жазалау – мақсат емес, жазаның басты мақсаты – мұсылмандарды күнәдан арылту.

Дастанның басты тақырыбы мен идеясы – ислам қағидаларын бұзушылармен күрес және күнә істемеуге, зорлық жасамауға үгіттеу, егер жасалған күнде оларды жаза күтетіндігін ескерту. Тіпті, ол халифаның өз баласы болса да, кешірім жоқ. Сонымен шығарма тұтастай алғанда Құранның қағидалары мен өсиеттеріне негізделгенімен, оның сюжеттік желісін халифа Омардың әулетінде болған тосын оқиға, яғни бір ғана нақты факт құрайды.

Ал енді осы хикаялық оқиға, яғни ортағасырлық мұсылман дүниесіндегі тіршіліктің болмашы, бір үзік эпизоды дастанда қалай бейнеленетінін көрелік.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 937; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.036 сек.