КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Астана 2014
Ж. БЕКІТЕМІН Контрольні питання Що називається логарифмічним декрементом затухання коливань та який його фізичний зміст? Які коливання називаються затухаючими? Як змінюється з часом амплітуда затухаючих коливань? Що називається частотою, періодом коливань та в яких одиницях вони вимірюються? Як визначається в роботі період для маятника та камертона? Література 1. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики.—М.:Высшая школа, 1989.—с.308-310. 2. Савельев И.В. Курс общей физики. т.ІІ.—М.:Наука, 1973.—с.177-179. 3. Трофимов Т.И. Курс физики.—М.:Высшая школа, 1990.—с.220-231. Робочий аркуш Студентки 106 групи Савченко Валентини
Робоча формула: . . Филология факультетінің деканы Жарқынбекова Ш.Қ. ________________________ «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» (мамандықтың шифры және атауы) мамандығының білім алушылары үшін
FР 5305 «Қазіргі драматургия» пәні бойынша (жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)
________PhLG 22025 Элективті модуль. Бүгінгі фольклортану______ (модульдін атауы және шифры)
ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
СИЛЛАБУС (ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ) 1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы. Курс оқытушысы: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Серғазы Лилия Аманбайқыэы. Байланыс телефоны: 70-95-00 (32313) (жұм); [email protected]
Ғылыми қызығушылығы: қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері, қазақ әдебиетіндегі драма жанры, түрлері, өзіндік ерекшелігі, даму жолдары. Ғылыми мектебі: ҚР ҰҒА академигі Р.Н.Нұрғалидің жетекшілігімен «М.Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясының тарихилығы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. 2. Пән туралы мәлімет. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Код: КНАА 1303. Қазіргі драматургия. Кредит саны – 1. 3. Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері. Пререквизиттері: әдебиеттануға кіріспе (әдебиеттану ғылымының салалары, жіктелуі, троптың түрлері, әдеби терминдер т.б.), ежелгі дәуір және Орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті (көне дәуірдегі әдеби ескерткіштер, әдеби туындылар, зерттелуі, жариялануы, ежелгі дәуір әдебиетін зерттеушілер және олардың ғылыми-танымдық зерттеу еңбектері, олардың көркемдік құндылығы, әдебиет тарихынан алатын орны және т.б.), ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы (ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы тарихи-әлеуметтік жағдайлар, жыраулар поэзиясының басты сарындар, көркемдік ерекшеліктер, ұқсастықтар), ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы (ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ағымдар мен бағыттар, зар заман ақындары, олардың шығармашылығына жаңаша көзқарастар), ХХ ғ. қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940) (ХХ ғасыр басындағы шығармашылық тұлғалар, алаш өкілдерінің әдебиетте ұстанған бағыттары, көркем туындыларының негізгі тақырыптары мен көркемдік сипаты), ҰОС және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеттануы (1941-1960) ( Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиеттің жанрлық, идеялық-көркемдік жағынан толысуын ұғындыру, кейіпкерлер сипатын ашу ).
Постреквизиттері: ХХғ. 60 жылдардан кейінгі әдебиеттану (1960-2000), қазіргі қазақ әдебиеттануы қазақ әдебиеті сынының тарихы, қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі, айтыс өнері, жанрлар теориясы, әдеби аударма негіздері, эпикалық проза, әдебиет теориясы. 5. Оқу пәнінің сипаттамасы Драма жанрындағы характер мен тартыс, драмадағы жағдай, ситуация, тартыстың шиеленісуі және ширығуы, драмалық жанр мәселелерін қамтиды. 5.1 Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Студенткедрамадағы көркемдік тәсілдердің жасалу жолдарын, мәні мен мағынасын, драмалық түрге бөлу шарттылықтарын ұғындыру. Пәннің міндеттері: - Драма жанрының түрлерін жүйелеп көрсету; - Драма жанрын классификациялау принциптерін таныту; - Драмадағы әдіс-тәсілдерді қарастыру; - Пән мазмұнына байланысты қазіргі ғылымдағы көзқарастармен таныстыру; - Сабақта алған білімдерін ары қарай дамытуларына жағдай жасау. 5.2.Оқу пәнінің құзіреттілігі - студенттердің сөздік қорларын молайту; - драма түрлерімен таныстыру; - мәтінмен жұмыс жасауға дағдыландыру. 5.3. Пәнді оқыту жоспары
Барлығы: практикалық сабақ - 15 сағат, БӨЖ - 30 сағат.
6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
7. Студенттің білімін бақылау және бағалау 7.1. Бақылау түрлері (ағымдық, аралық) Коллоквиум, реферат, тест. 7.2.Бақылау түрлері(қорытынды) Ауызша емтихан Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
8. Оқу тәртібінің саясаты. «Қазіргі драматургия» пәні – элективті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 1 кредиттен тұрады, оның ішінде семинар (практикалық) сабақтар – 15 сағат, БӨЖ – 30 сағат. Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау). Білім алушылардың білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі. ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ Негізгі терминдік ұғымдар: Архитектоника, әдеби қаһарман, әдеби мұра, әдеби процесс, әдеби сын, әдеби үрдіс, әдебиеттану, әдебиет теориясы, әңгіме, әпсана, библиография, драма, ғұмырнама, поэтика, историография, мәтінтану, фольклор, фольклортану, мәтін түсініктемесі. Архитектоника (грекше – architecton) – әдеби шығарманың біртұтастығы, бүтіндігі, басты құрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, үйлесімділігі. Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттердің арасындағы типологиялық ұқсастықтардан туындайды. Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра – халықтың әр түрлі тарихи кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамының айғағы. Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Драма (грекше drama – қимыл-әрекет) – сахнаға арналған оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Поэтика – әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі мен тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын зерттейтін ғылым. Поэтика сөзінің түп-төркіні грек тілінде “шығармашылық өнер” деген мағына беретін “poietike techne” деген сөзде жатыр. Фольклор – халық арасында туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнері, оның айтылу және орындалу ерекшеліктері. Фольклортану - неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауынша (ағыл. folk – халық, lore – даналық) – халық даналығын зерттейтін ғылым. Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым. Нақтылай айтқанда, әдебиеттану – көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын, сөздік-бейнелік ойлау ерекшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін, әдеби үрдістің жалпыға және нақты бір аймаққа тән даму заңдылықтарын қарастыратын ғылым. Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін белгілейді. Филология – адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын жазба мәтіндерді тілдік және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пәндердің бірлестігі, жиынтығы. Мәтін – қандай да бір дәуірдегі адам ойының ескерткіші, мәдениет жәдігері. Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымындағы көркем сөз өнерінің даму жолын әлемдік немесе белгілі бір халықтық деңгейдегі идеялық бағыт-бағдарларды, әдеби ағым-бағыттарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық-саяси құрылысымен тығыз байланыста танып-білуге бағытталған басты салалардың бірі. Жалпы поэтика – мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын зерттеу бағытына сәйкес іштей үш салаға бөлінеді. Жалпы поэтиканың мақсаты – осы салалардың бәрін қамтитын көркемдік әдіс-тәсілдердің жүйелі құрамын белгілеу. Жеке поэтика – да жоғарыда айтылған жалпы поэтикаға тән мәселелерді қарастырады. Басты айырмашылығы – екеуінің зерттеу нысанасына байланысты, яғни жалпы поэтика әдебиетті тұтастай алса, жеке поэтика әдеби туынды көлемінде шектеледі. Тарихи поэтика – салыстырмалы-тарихи әдебиеттануға сүйене отырып, жекелеген поэтикалық тәсілдер мен олардың қалыптасқан жүйесінің даму жолын қарастырады. Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының тарихи даму барысындағы деректер мен дәйектердің, мәліметтердің жинағы. Әдебиеттану ғылымының жүріп өткен жолы мен қол жеткізген нәтижелерін жинақтап көрсету арқылы историография ғылымының бір орында тұрып қалмай, алға қарай жылжуына қызмет етеді. Мәтінтану – мәтін (текст) және сөз, ұғым, ілім деген сөздерден шыққан; филологияның әдеби шығарма мәтінін сыни тұрғыдан тексеріп-зерттеумен және әдебиеттану айналымына кеңінен түсіру мақсатында баспа арқылы жариялаумен айналысатын тармағы. Библиография - әдебиеттануға қатысты түрлі еңбектердің көрсеткіші. Басты міндеттері – көркем әдебиет және әдебиеттану жайында ақпараттар жинау; әдебиеттің үздік туындыларын таныстыру, насихаттау; әдебиет тарихшыларына зерттеу жұмысында көмек беру. Архивтану – мақсат, міндеті жағынан библиографиямен бағыттас, айырмашылығы әдебиет тарихына байланысты құжаттық, мемуарлық дерек-мәліметтерді, материалдарды жинақтауында. Эвристика – (гректің «heurisko» - «табамын, ашамын» деген сөзінен шыққан), әр текті әдеби ізденістердің жиынтығы. Палеография – (гректің «palaios» - «ежелгі, көне, жазу» деген сөздерінен шыққан), жазу тарихын, сондай-ақ ежелгі жазба жәдігерлердің мәтінін, жазылу мерзімі мен дүниеге келген орнын анықтау мақсатын көздейтін тарихи-филологиялық пән. Мәтін түсініктемесі – (латынның – «commentarius» - «ескерту, түсіндіру» деген сөзінен шыққан), әдебиет жәдігерлерінің мәтінін зерттеу, түсіндіру мәселелерімен айналысатын филологиялық жанр. Көркем образ - өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Көркемдік шындық – біртұтас ой арнасына шоғырланған көркем идеялар әлемі. Тақырып, проблематика, идея – тақырып - шығарманың заттық болмысы болып табылатын бөлшек; теңей айтсақ, болашақ құрылыстың шикізаты; проблематика – осы «шикізат» - тақырыпты біртұтас көркемдік-эстетикалық құрылымға айналдырушы; идея – автордың дүниетанымдық сипаттағы тұжырым-бағаларынан өрбитін көркемдік тұтастықты қорытындылаушы деуге болады. Фабула – мазмұндап әңгімелеуге болатын нәрсе. Мәселен, шығармада суреттелетін оқиғаны қысқаша айтып шығу фабула болса, сюжет шығарманы оқу арқылы ғана танылады. Сюжет - (француз тілінде «sujet» - «зат») - эпикалық және драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиға барысы, әрекет дамуы. Пролог – шығармадағы негізгі сюжет дамуына өзінше кіріспе іспетті. Эпилог – шығармада көрінген әрекет, оқиғалардың ең ақырғы шешімінің бейнеленуі. Композиция – көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Лирикалық шегініс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің шығармада тікелей көрінуі. Пейзаж – шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі. Интерьер – шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуі. Көркем сөз - әдеби шығарманың образды мазмұнын бейнелейтін тілдік түр. Өлең сөз - өзара байланысты, әрі шамалас бөліктерге бөлшектеуге келетін жүйелі көркем сөз. Әдеби үрдіс - әдебиеттің әлемдік, аймақтық, ұлттық көлемдегі белгілі бір кезеңін, сондай-ақ тұтастай тарихын қамтитын туу, қалыптасу және дамуынан тұратын тарихи қозғалыстағы ағымы. Әдеби тек – объектіге немесе субъектіге қатысты танымдық бағыты мен өзінің сөздік қолданыс сипаттары типтері бойынша ұқсас келетін әдеби туындылар қатары; немесе көркемдік бейнелеу актісінің өзі. Әдеби түр - әдеби тек аясындағы поэтикалық құрылымның тұрақты типі. Әдеби жанр - әдеби шығарманың тарихи қалыптасқан типі. Стиль – шығарманың тұтастығына негіз болып тұратын көркемдік пішіндердің құрылымдық ұстанымы.
ПӘН ТАҚЫРЫБЫНЫҢ МӘНМӘТІНІ 1-сабақ. Драма жанрывның өзіндік белгілері. Драма жанрының табиғаты Мақсаты: Драма поэтикасы пәні, оның салалары, драма жанрының өзіндік белгілері, драма табиғаты туралы мәлімет беру Сұрақтар: 1. Драма жанры, өзіндік белгілері. 2. Драма жанрының табиғаты. 3. Драма өнері жайлы зерттеулер. 4. Драма өнерінің тууы, қалыптасып дамуы. Тақырып бойынша негізгі ұғымдар тізбесі: драма, жанр, сахна, драматизм, қаһарман, ұлттық драматургия, пьеса. Сабақ мәтіні (тезис) Драма (грекше drama – қимыл-әрекет) – сахнаға арналған оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар, әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі. Драмаға оқиғаны қызу тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану – айрықша тән қасиет. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Драма орта ғасырда аллегориялық бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды. Еуропада драма Қайта өрлеу дәуірінде Англия (К.Марло, У.Шекспир) мен Испанияда (Лопе де Вега, П.Кальдерон) дамудың шырқау биігіне жетті. 17 ғасырда Батыс Еуропада классицизмдік драматургия үстем болды. 19 — 20 ғасырларда драма табиғатында лирикалық (Дж. Байрон, А.Блок, Ғ.Мүсірепов, т.б. лирикалық драмалары), “деректі” (Дж.Килти, М.Шатров, М.Әуезов, т.б.) көркемдік элементтердің көрініс табуы арқылы арнасы кеңейді. Драматургия (гр. dramaturgіa)— қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы. Драматургия шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі Грекияда діни дәстүрлерден (Дионис құдайға табынудан) басталған. Олардың сюжетінің негізін құдайлар мен мифтік кейіпкерлер құрады. Ежелгі гректер драматургиясы құдайлардың әділеттілігі мен әлемдік тәртіп туралы ой толғады (Эсхил), адамның құқығы мен оны қайғы-қасіретке душар ететін жағдайларға қарсы наразылықты бейнелеп көрсетті (Софокл, Еврипид), адамдардың кемшіліктері мен кемістіктеріне, олардың бір-бірімен қарым-қатынастарына күліп, діни табынушылықтарына күмәнмен қарады (Аристофан, б.з.б. 445 — 385)[1]. Осылайша драматургияның комедия және трагедия жанрлары туды.
Дата добавления: 2015-06-26; Просмотров: 1552; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |