Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 17 страница




Егер арафа күнінен бүрын қажылық сағиі жасалмаған болса, зиярат тауабынан кейін жасалады. Зиярат тауабының кұрбан айттың үшінші күні ақшам уақытына дейін жасалуы Имам Әбу Ханифа бойынша - уэжіп, ал Имам Әбу Юсуп жэне Имам Мұхаммед бойынша - сүннет. Жалпы Ханафи мэзһабында бұл тауапты құрбан айттың бірінші күні жасау - абзал.

Зиярат тауабын жасаған соң Минаға қайта қайтып, шай-танға тас лақтыру күндерінің түндерін сол жерде өткізу Ха-нафи мәзһабында - сүннет, ал басқа мэзһабтарда - уәжіп.

 

4. Құрбанның екінші, үшінші және төртінші күндері

(зилхижжаның 11,12,13-інші күндері) Қүрбан айттың екінші жэне үшінші күндері күн тас төбе-ден ауғаннан кейін бірінші, Кішкентай, екінші, Орта, сосын Үлкен шайтан тастарға жеті-жетіден тас лақтырады. Кіш-кентей және Орта шайтан тастарға тас лақтырып болғаннан кейін дұға жасалады. Үлкен шайтан тасқа тас лақтырған соң дұға жасамай, дереу ол жерден кетеді. Құрбан айттың екін-ші және үшінші күндері күн тас төбеден аумай шайтан тас-тарға тас лақтырмайды.

Қүрбан айттың төртінші күні шайтан тастарға тас лақ-тырмайтындар (бұл күні лақтыру абзал, бірақ уэжіп емес) төртінші күні таң атпай Минадан қайтулары шарт. Әйтпесе, төртінші күні де тас лақтырулары уэжіп боп қалады.

Айттың төртінші күні де Минада қалғандар үш шайтан тастың әрқайсысына жеті-жетіден тас лақтырып, Меккеге қайтады.

Миқат шекараларының сыртынан келгендер Меккеден шығар кезде қоштасу тауабын жасайды. Бірақ одан да бұ-рын жасауларына болады. Егер бұрын жасалып қойса, Мек-кеден шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауа-бын жасағаннан кейін Қағбаға барып, намаз оқып, нэпіл тауап жасауға болады. Бұндай жағдайда ең соңғы жасаған нэпіл тауабы - уадағ (қоштасу) тауабы деп есептеледі. Хайыз жэне нифас жағдайындағы эйелдер қоштасу (уадағ) тауабын жасамайды. Мэсжидул-Харамның есігіне дейін ба-рып, Қағбамен қоштасып қайтады. Ибну Аббас бұл тура-сында «Әйел адам хайыз жағдайында болса, қоштасу (уа-

дағ) тауабын жасамастан жолға шығуына рұқсат етілді», - деп риуаят еткен. Міне, осылайша қажылық амалдары тэ-мамдалады.

 

Умра ғибадаты

сИлра (араб тілінде) - зиярат ету деген мағынаны білдіре-

ді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - белгілі бір уа-қыттан тыс жылдың кез-келген уақытында ихрамға кіріп, тауап және сағи жасағаннан кейін шашты алғызып немесе қысқартып, ихрамнан шығу жолдарымен атқарылатын ғиба-дат.

 

Умра гибадатының үкімі

Ханафи, Малики мэзһабында мүмкіндігі болған эр мұ-сылманға умра жасау - бекітілген сүннет. Ал ЦІафиғи жэне Ханбали мэзһабтарында, шамасы жеткен эрбір мұсылманға өмірінде бір рет умра жасау - парыз.

 

Бухари, Хайыз/27, Хаж/144, Муслим, Хаж/382(1328).

Умраның парыздары

1. Ихрамға кіру

2. Қағбаны тауап жасау

 

Умраның орындалатын уаңыты

Жоғарьвда білдіргеніміздей, умра ғибадатын кез-келген уақытта орындауға болады, бірақ кұрбан айт кундері орын-дау - тахриман мэкрүһ. Умраның Рамазан айында жасалуы абзал жэне сауабы мол.

 

Умра гибадаты ңалай орындалады?

Умра ғибадатын орындағысы келген адам миқатта их-рамға кіру үшін дайындалып, екі рэкат ихрам намазын оқы-ғаннан кейін «Алланым, мен сенің ризалыгың үшін умра жасауды ниет еттім, умраны маган жеңілдет және менен қабыл ал», - деп ниет етіп, артынан тэлбия дұғасын айтып, ихрамға кіреді. Басқа уақыттардағы халал кейбір нэрселер ихрамды болған уақытта харам болады.

Мэсжидул-Харамға келген уақытта «Алланым, мен сенің ризалыгың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім, тауапты маган жеңілдет және менен қабыл ал», - деп ниет етіліп, умраның тауабы жасалады. Тауап біткеннен кейін мүмкін болса, Ибраһим мақамында, болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рэкат намаз оқиды. Сосын «Алланым, мен сенің ризалыгың үшін умра сагиін жасауды ниет ет-тім, сагиді маган жеңілдет және менен қабыл ал», - деп ниет етіп, Сафа және Мэруа төбелерінің арасында төрт рет бару, үш рет қайту болып, жеті рет барып-келумен умраның сағи міндеті атқарылады. Сағиді орындағаннан кейін шаш-тарын алғызып, немесе қысқартып, ихрамнан шығады. Осы-лайша умра ғибадаты аяқталады.

Қажылыңта жәнеумрада істелетін кемшіліктер жэне өтелетін жазалар

Қажылық немесе умра ғибадаттарында уэжіп болған амалдардың біреуінің орындалмай қалуы, тіпті белгіленген уақытынан кешіктірілуі немесе ихрамға кірген соң істелінуі харам болған тыйымдардың жасалуына «жинаят» делінеді. Бұл жинаяттар білмей, қателікпен, тіпті ұйықтаған күйде іс-телсе де, бэрібір жаза өтеледі. Әрине, біле түра істегендер материалдық өтелетін жазаға қоса Аллаһ Тағалаға тәубе етіп, кешірім сүраулары керек.

 

1. Қажылық пен умраның қайтадан жасалуын (қаза етілуін) талап ететін кемшіліктер

а) Қажылық жасау үшін ихрамға кіргеннен кейін Арафат-
та тұрмастан бүрын эйелімен жыныстық қатынас жасаған
адамның қажылық ғибадаты толық бұзылады. Бұндай жағ-
дайлардағы адамдар ниет еткен қажылықтары нэпіл қажы-
лық болса да, келесі жылдары қаза ретінде орындаулары
тиіс. Бұнымен қоса қажылықта бүлдірген кемшіліктері үшін
жаза ретінде қой немесе ешкі құрбан шалуы керек. Аллаһ
Тағала Құранда: «Хаж белгілі (шәууал, зилқа'да, зилхиж-
жаның алғашқы он күні) айларда. Кімде-кім бүл айлар-
да қажылықты міндеттенсе, (мыналарды білсін!) әйелі-
мен жақындасуға, күнә істеуге және жанжалдасуға бол-
майды»,376 - деп қажылықта жыныстық қатынасты тыйған.

б) Умра үшін ихрамға кіргенен кейін тауаптың алғашқы
төрт айналымын аяқтамастан жыныстық қатынасқа түскен
адамның умра ғибадаты бұзылады. Бұзылған умраның
қайтадан дүрыс орындалуы жэне бүлдірілген кемшілік үшін
қой не ешкіні кұрбан ретінде шалуы тиіс. Алғашқы төрт
айналымды тәмамдағаннан кейін жыныстық қатынаста бол-


 

Бакара,2/197.


ған адамның умрасы бұзылмайды, бірақ бүлдірілген кемші-лік үшін қой немесе ешкіні күрбан ретінде шалуы керек.

2. Түйе немесе сиырдың жаза ретінде шалынуын та-
лап ететін кемшіліктер

а) Арафатта түрғаннан кейін шашын алғызып немесе
қысқартып ихрамнан шықпас бұрын жыныстық қатынаста
болу.

б) Зиярат тауабын ер кісілер жүніп күйінде, эйелдер
хайыз немесе нифас күйінде жасау. Аталмыш күйде жасал-
ған тауаптың қайтадан жасалуы уэжіп. Қайтадан жасалған
жағдайда өтелетін жаза кешіріледі. Жаза - сиыр немесе
түйе.

3. Қой немесе ешкінің жаза ретінде шалынуын талап
ететін кемшіліктер екіге бөлінеді:

/. Қажылыцтпың уәжіптперін орындамау яки белгіленген уацытпында орындамауга байланысгпы кемшіліктер

а) Миқаттан ихрамсыз өту. Бұндай жағдайда қажылық
немесе умраға байланысты міндеттердің ешқайсысын орын-
дамай жатып, миқатқа қайтып келіп ихрамға кірсе, өтелетін
жаза кешіледі.

э) Сағидің барлық айналымдарын немесе төрт яки төрттен көбін орындамай қалдырған жағдайда.

б) Муздэлифэ уақфасын үзірсіз (себепсіз) орындамау

в) Арафа күні арафаттан күн батпай қайту

г) Зиярат тауабын құрбан айттың үшінші күні күн бат-
қанға дейін орындамай, кейін орындау (Әбу Ханифа бойын-
ша).

д) Харам аумағының сыртында шаш алғызу немесе қыс-
қарту (Әбу Ханифа бойынша)

ж) Шайтанға тас лақтыруды мүлдем орындамау немесе бір күнде лақтырылатын тастардың жартысынан көбін (1 Ітас) шайтанға тас лақтыру күндерінде лақгырмау. Жар­тысынан көбі лақтырылса, лақтырылмай қалған эрбір тас үшін садақа ғана беріледі.

з) Зиярат немесе умра тауабының соңғы үш айналымын
немесе біреуін орындамау.

и) Зиярат жэне умра тауабын дэретсіз, қадум жэне уадағ
тауаптарын жүніп күйінде жасау.

к) Миқат жерлерінің сыртынан келгендер қоштасу (уа-дағ) тауабьш түгелдей немесе төрт немесе одан да көп айна-лымын орындамау.

л) Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақа-ба жэмрасына) тас лақтыру, қүрбан шалу, шаш алғызу не-месе қысқарту амалдарын рет-ретімен орындамау, Имам Әбу Ханифада кемшілік (жинаят) саналады.

м) Зиярат және умра, уадағ тауаптарында эурет мүшеле-рінің ашық болуы.

 

2. Ихрам тыйымдарын істеуге байланысты кемшілік-тер

а) Шаш, сақал немесе дененің басқа жерлеріндегі түктер-
дің төртте бірін немесе одан да көбін қысқарту немесе алу.
Төртте бірінен аз болса, онда тек садақа ғана беріледі.

э) Бір уақытта және бір жерде денеге немесе бір мүшеге түгелдей этір себу немесе май жағу. Ем үшін иіссіз май жа-ғылса, жаза өтелмейді. Ихрамға себілген әтірдің орнының ені жэне ұзындығы бір қарыстан көп, иісі күндіз-түні кетпе-се бір қой немесе ешкі жаза ретінде шалынады, ал бір қа-рыстан аз болып, иісі күндіз-түні жалғаспаса, жаза ретінде садақа беріледі.

б) Бір уақытта жэне бір жерде мүшелердің біреуін қына-
мен (лак, далаппен377) бояу.

в) Ихрамды күйде эйелін құмарлық сезіммен сүю, айма-
лау сияқгы жыныстық қатынасқа тартатын іс-әрекеттерді
істеу.


Помада


г) Ер кісінің толық бір күндіз немесе толық бір түн тігіл-
ген киім (эдеттегі киім, шұлық, іш киім, тобық жағы жабық
аяқ киім, т.б.) киюі, басын жэне жүзін жабуы. Әйелдер тек
қана беттерін жаппайды. Бір түн немесе бір күндізден аз уа-
қыт кисе, садақа ғана беріледі.

д) Бір жерде, бір уақытта барлық тырнақтарды немесе
бір қолдың немесе бір аяқгың тырнақтарын алу. Егер тыр-
нақтар бір жерде емес бөлек-бөлек жерлерде жэне бөлек-
бөлек уақыттарда алынса, эрбір тырнаққа жеке-жеке жаза
өтеледі. Бір қол немесе бір аяқтың тырнақтарының бэрі
емес, кейбіреулері алынса, эрбір тырнақ үшін садақа беріле-
ді. Құрбан шалынбайды.

Өздігінен түскен немесе сынған тырнақты алып тастаған жағдайда жаза өтелмейді.

Ихрамға байланысты тыйымдар үзір себептерге байла-нысты істелсе де, жаза өтеледі. Ауырып қалу, жол апатына ұшырау сияқты адамның еркінен тыс болатын оқиғалардың салдарынан мысалға, шашы алынса немесе киім кидірілсе, төмендегі үш жолдың қалаған біреуін орындау арқылы жа-засын өтейді.

1) Қалаған уақытында жэне жерінде үш күн ораза ұстау.

2) Немесе алты кедейге пітір садақасының көлемінде са-дақа береді.

3) Харам аумағында қалаған уақытында бір қойды не еш-кіні құрбанға шалады.

 

4. Пітір садақасы* мөлшерінде садақа беруді талап ететін кемшіліктер

а) Шаш, сақалдың төртте бірінен аз мөлшерін алу немесе қысқарту

э) Бір мүшенің бэріне емес, бір бөлігіне ғана этір себу

б) Бір аяқтың немесе қолдың тырнақтарының кейбі-
реулерін алу,

в) Тігілген киімді бір түннен немесе бір күндізден аз уа-
қыт кисе,

г) Шайтан тасқа белгіленген санынан аз тас лақтыру. Әр-
бір лақгырылмаған тас үшін пітір садақасы мөлшерінде са-
дақа беріледі,

д) Басқа біреудің шашын, сақалын немесе мұртын алу
немесе қысқарту,

ж) Қадум және уадағ тауаптарын дэретсіз жасау,

з) Уадағ тауабы және сағидің төртінші айналымнан
кейінгі айналымдарын жасамау. Жасалмай қалған эрбір
айналым үшін пітір садақасы мөлшерінде садақа беріледі.

 

5. Пітір садақасының мөлшерінен аз мөлшерде сада-
қа беруді талап ететін кемшіліктер

а) Үштен кем бит, бүрге, шегіртке сияқты жэндіктерді
өлтіру немесе басқа біреуге өлтіруі үшін көрсету

э) Денеден түк жұлу

б) Ихрамсыз адамның мұртын немесе тырнағын алу

в) Нэпіл тауаптарда эурет жерлердің ашылуы

 

6. Қүнының өтелуін талап ететін кемшіліктер

Ихрамды күйде эдейі болсын, кездейсоқ болсын жерде өмір сүретін аңдарды аулау, жүндерін жұлу, жұмыртқала-рын сындыру, аңшыларға ишарат жолымен болса да, жэр-демдесудің жазасы сол зиян шеккен аңның екі эділ, тэжіри-белі кісінің бағалауы арқылы құнын кедейлерге өтеу.


 

Бидай немесе бидай ұнынан: 1 кг 459 грамм немесе осы мөлшердің құны яки арпа, арпа ұны немесе құрғатылған жүзім, я болмаса құрғатылған құрмадан: 2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің құны.


7. Харам* аумағының тыйымдарына байланысты кемшіліктер

Харам аумағының өздігімен өскен ағаш жэне жалпы өсімдіктерін жұлу, шабу немесе бұл аумақта аң аулау - их-рамдыға да, ихрамсызға да харам. Бұл аумақтағы ағаш жэне өсімдіктерді жұлған адам олардың кұнын кедейлерге садақа ретінде береді.

 

Жазалар ңай жерде жэне кашан өтеледі?

Қажылықта жэне умрада істелген кемшіліктердің жаза-сын өтеу ушін белгілі бір уақыт белгіленбеген. Бірақ қажы-лықтағы немесе умрадағы қателердің орнын толтьфу үшін ертерек өтеген дұрыс эрі абзал. Мойнына қарыз болған жа-заларды өтеместен бұл дүниемен қош айтысып кетсе, күнэ-кар болатынын да ескерте кетейік. Өмірінің соңына дейін өтемесе, көзі тірісінде артында қалған туысқандарына өтеулерін өсиет етуі тиіс.

Істелген жинаяттардың жазасы ретінде шалынатын мал-дар міндетті түрде Харам аумағында шалынуы тиіс. Еттерін харам аумағының кедейлеріне таратуға болатыны сияқгы, басқа жерлердегі кедейлерге де жіберуге болады.

Садақа, кұнын төлеу жэне ораза ұстау сияқты жазалар үшін белгілі бір мекен тағайындалмағандықтан, бұл жаза-ларды қалаған жерде өтейді.

Нәди

(қажылықта жэне умрада шалынатын құрбандар)

Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін немесе қажылық ғиба-датындағы бір кемшілікке байланысты немесе ихрамның тыйымдарының біреуін бұзу саддарынан жаза (кәффарат) ретінде Харам аумағында шалыну шартымен алынып кел-ген немесе. ақшасы жіберілген қүрбанға һэди делінеді.

Аллаһ Тағала Құран Кэрімде: «Егер (ауру-сырқау, жол қауіпсіздігі сияқты бөгеттерден) аманшылықта болсаң-дар, қажылыққа дейін умраны орындаган кісі жағ-дайына қарай құрбан шалсын»,378 - деп, һэди құрбаньш шалуды талап етеді.

Тэматтуғ немесе қиран қажыльнын орындағандардың умрамен бірге қажылықты да орындағандары үшін шүкір ретінде кұрбан шалулары - уэжіп.

Ифрад қажылығы немесе тек қана умра ғибадатын орын-дағандарға кәффарат кұрбанынан тыс құрбан шалулары уэ-жіп емес. Бірақ нэпіл құрбан шалуларына болады.

 

һәди құрбандары екіге бөлінеді: уэжіп жэне нэпіл

а) Нәпіл қүрбан

Қажылық немесе умра ғибадатын орындаушылардың мойындарына уэжіп болмаса да, сауап үшін шалатын құрба-нына «нэпіл құрбан» делінеді. Тек қана Ифрад қажылығын немесе умра ғибадатын орындаушылардың нэпіл қүрбан шалулары - мұстахап.

 

б) Уэжіп құрбан

1. Тэматтуғ және қиран һэдиі - Тэматтуғ жэне қиран қа-жылығын орындағандардың бір жылда қажылық айларында



 

Бақара, 2/196.


умра және қажылықты бірге орындағандары үшін шүкір ре-тінде шалатын уәжіп қүрбан.

2. Жаза һэдиі - Қажылық жэне умраның уэжіптерінің біреуінің орындалмай қалуы немесе белгіленген уақытында орындалмауы, ихрам жэне Харам аумағының тыйымдарын бұзу салдарынан кэффарат ретінде шалынатын уэжіп қүр-бан.

3. Ихсар һэдиі - Қажылық немесе умраға ниет етіп, их-рамға кіргеннен кейін эр түрлі бөгеттерге байланысты Қағ-баны тауап жэне Арафатта уақфа жасай алмайтын адамдар-дың ихрамнан шығу үшін шалатын уэжіп қүрбан.

4. Нэзір һәдиі - Харам аумағында шалынуы үшін сөз бе-рілген уэжіп қүрбан.

 

һәди ңүрбанының шалынатын орны мен уаңыты

Нәпіл болсын, уэжіп болсын барлық һэди құрбандары Харам "аумағында шалынады. Күрбан айттың үшінші күні-нің ақшамына дейін шалынатын қүрбандардың - Минада, басқа күндерде шалынатын құрбандардың - Меккеде шалы-нуы абзал.

Имам Әбу Ханифа бойынша, тэматтуғ жэне қиран құр-бандарының қүрбан айттың үшінші күні ақшамға дейін ша-лыңуы - уэжіп, ал Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхаммед бойынша, сүннет. Имам Әбу Ханифаның көзқарасына сүйенсек, үзір себептерінен тыс осы күндерде шалынбай қалған тэматтуғ жэне қиран құрбандарының орнына кейін басқа уақытта екі кұрбан шалынады. Біреуі қаза ретінде, ал, екіншісі жаза ретінде.

Тэматтуғ, қиран жэне нэпіл қүрбандарының етінен бар-лық адамдардың жеулеріне болады. Ал жаза жэне ихсар, нэ-зір құрбандарының етінен тек қана кедейлер жейді. Иелері-не жэне өзінің қол астындағы қарауға міндетті адамдарына, жалпы байларға жеуге болмайды.

Қүрбан шалуга жагдайы келмейтіндер не істейді?

Тэматтуғ немесе қиран қажылығын орындағандар мойындарына уэжіп болған пгүкір кұрбанын шалуға мүм-кіншіліктері болмаған жағдайда 10 күн ораза ұстайды. Он күннің үш күні қажылық уақытында, жеті күні қажылық айларынан кейін. Қажылық айларында ұсталатын үш күн ораза ихрамға кіргеннен кейін кұрбан айттың алғашқы күні-не дейін ұсталуы тиіс. Тэматтуғ қажылығында бұл үш күнді умра ихрамынан кейін, қажылық ихрамына кірмес бұрын ұстауға болады.

Үш күн ораза ұстағаннан кейін, ихрамнан (шаш алдырып яки қысқартып) шықпай тұрып, құрбан шалу күндерінде уэ-жіп кұрбанды шалуға мүмкіншілік туып жатса, міндетті түрде кұрбан шалады. Егер кұрбан шалу кундерінен кейін кұрбан шалуға мүмкіншілік туып жатса, кұрбан шалу шарт емес.

Кұрбанның орнына ұсталатын қажылықтағы үш күнді, қажылықтан кейін ұсталатын жеті күн оразаны араларына күн салмай бірінен кейін бірін ұстау - абзал. Бірақ аралары-на күн салып, үзіп-үзіп ұстауға да болады. Қажылық айла-рынан кейін ұсталатын жеті күнді Меккеде ұстауға болады. Бірақ отандарына кайтқаннан кейін ұстау - абзал.

Өкілдік

 

Әр түрлі себептерге байланысты ңажылыңңа бара алмайтын кісі өзінің орнына басңа біреуді өкіл ретінде жібере ала ма?

Ислам дінінде ғибадаттар үііі түрге бөлінеді: І.Тек қана денемен орындалатын ғибадаттар: намаз оқу, ораза үстау, Құран оқу, т.б.

2. Тек қана дүние-мүлік, байлықпен орындалатын ғиба-даттар: зекет, пітір садақасы, қүрбан шалу, т.б.

3. Әрі малмен, эрі денемен орындалатын ғибадаттар: қа-жылық ғибадаты.

Бұл ғибадаттардың кез-келгенін нэпіл ретінде орындап, сауабын өлі болсын, тірі болсын басқа адамға бағыштауға болады. Бірақ бұл ғибадаттарды мойнындағы парызынан құтылу үшін басқа біреуге өкіл ретінде орындатқызу мэсе-лесі мүлдем бөлек екенін ескертейік.

Тек қана денемен атқарылатын намаз, ораза сияқты ғиба-даттарда өкілдік мүлде жүрмейді. Яғни, ешкім басқаның ор-нына мойнындағы парызынан қүлъілдыру үшін намаз оқып, ораза ұстай алмайды. Ал тек қана малмен атқарылатын зе-кет беру, құрбан шалу сияқты ғибадаттарда өкілдік толығы-мен жүреді. Мысалға, малының зекетін басқа бір адам өкіл ретінде керекті орындарға беруіне болады. Ал қажылық сияқты әрі денемен, эрі малмен орындалатын ғибадаттарда өкілдіктің жүруі үшін қажылығын орындай алмай өліп кету, жазылуы мүмкін болмаған ауыр науқас, қатты кэрілік сияқ-ты бөгеттердің болуы керек.

Қажылықта өкілдіктің кейбір жағдайларда жүретіндігіне байланысты дэлел ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір-неше хадисі бар. Мысалға, мына екі хадис бүл дүниеден қа-жылыққа бармастан көз жұмып кеткен кісілердің орнына өкіл ретінде қажылыққа баруға болатындығын білдіреді.

Жүһэйнэ тайпасынан бір эйел Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп былай деді: «Уа, Аллантың Елшісі, менің шешем ца-жылыц гибадатын жасауга уэде берген еді, бірац орындай алмай бүл дүниеден көз жүмды. Оның орнына цажылыцца барсам бола ма?»

- Пайгамбарымыз (с.а.у.) былай деді:

«Иә, оның орнына цажылыцца бар. Қалай ойлайсың? Шешеңнің басца біреуге царызы болса өтейтін бе едің?

- «Иә, өтеймін», - деді.

- Олай болса, Аллан Тагалага болган царызын да өтең-дер. Өйткені, царызы өтелуге ең лайыц - Аллан Тагала».379

Басца бір уацытта бір сахаба Пайгамбарымызга (с.а.у.) келіп: - «Әкемнің мойнына цажылыц парыз бола түра бүл дүниеден өтіп кетті. Оның орнына цажылыцца барсам бо-лама?», - деді.

- Пайгамбарымыз (с.а.у.): «Қалай царайсың әкеңнің ца-рызы болса өтейтін бе едің?», — деді.

- «Иэ, өтеймін».

- Пайгамбарымыз (с.а.у.): «Олай болса әкеңнің орнына цажылыцца бар», - деді.

Қажылық ғибадаты мойнында парыз бола тұра көзінің ті-рісінде қажылыққа бара алмағандар өлмес бұрын артында қалған мирасқорларына өзінің орнына өкіл жіберулерін та-лап етіп, өсиет етулері уэжіп.

Қажылық ғибадаты мойнында парыз бола тұра бұл дү-ниеден қайтқан кісілердің бұндай өсиеті жоқ болса, артын-да қалған мирасқорлары өкіл ретінде басқа біреуді жіберу-мен міндеттелмейді.

Нэсаий, Хаж/7.

Бүл дүниеден қажылық ғибадатын орындай алмай қай-тып кеткен кісілердің орнына өкіл ретінде қажылыққа бару-ға болатыны сияқты, қажылықты орындай алмайтындай дэ-режеде ауру немесе кэрі болғандардың орнына да қажылық-қа баруға болады.

Хаасам тайпасынан бір әйел Пайгамбарымызга (с.а.у.) келіп, былай деп сүрац цойды:

- «Уа, Аллантың Елшісі! Аллан Тагаланың цұлдарына па-рыз цылган цажылыц гибадаты әкеме кәрілігінде парыз болды. Бірац ол бүл цажылыц жолына шыдай алмайды. Мен оныц орнына цажылыцца барсам бола ма?»

- Пайгамбарымыз (с.а.у.): «Иә», - деп жауап цатты.

 

Өкілдік шарттары

Парыз болған қажылықтың өкіл арқылы атқарылуы үшін төмендегі мына шарттар болуы керек

І.Өкіл жіберетін адамға қажылық парыз болуы керек. Парыз болмай тұрып өкіл арқылы орындалған қажылық нэ-піл қажылығы болып саналады. Парыз болмай тұрып өкіл жіберткен адам балиғатқа толып, қажылық парыз болғаннан кейін, қайтадан қажылыққа бару керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 398; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.