Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 14 страница




2. Ғиддетті болмауы346

Қажылыққа баратын эйел күйеуінен талақ немесе күйеуі-нің қайтыс болуына байланысты шариғаттың белгілеген ғиддет мерзімінде болмауы керек. Өйткені, Аллаһ Тағала мына аятта ғидцет мерзіміндегі эйелдердің үйден шьпула-рына тыйым салган: «Талақ қылған әйелдерінді үйден шығармаңдар, олар да шықпасын».347 Қажылықты басқа уақытта өтеуге болады. Ал ғиддет белгілі уақытқа арналған.

Сал ауруына душар болған, денсаулығы нашар қарт, мү-гедек адам, жол көрсететін көмекшісі жоқ соқыр адамдар, жанында бірге баратын махрамы жоқ эйелдер, шетелге шы-ғудан мемлекет тарапьшан тыйылған, баратын жолында қа-терге үшырауы мүмкін адамдар қажылыққа өздерінің орны-на басқа біреуді көздерінің тірісінде жіберуіне немесе өзі дүниеден қайтқаннан кейін өкіл ретінде барып-келулерін талап етулеріне болады.

Қажылыңқа кедергі кейбір жагдайлар І.Әке - шеше

Әке-шеше баласының нэпіл қажылыққа немесе умраға баруына бөгет жасай алады. Өйткені, Ислам дінінде эке-ше­шеге қызмет ету - жиһад. Бірақ парыз қажылыққа бөгет бо-ла алмайды. Парыз қажылықта эке-шешеден рұқсат сұрау -сүннет.

 

2. Ихсар

Дұшпанның бөгет болуына немесе ауру сияқты себептер-ге байланысты қажылық немесе умра жасау үшін ихрамға кірген адамның қажылықты немесе умраны аяқтамастан, ихрамнан шығуға мэжбүр болуы. Бұндай бөгеттерге мэж-бүр боп қалған адамға «мүхсар» делінеді. Мүхсар аталмыш бөгеттердің ашылуы мүмкін болмаған жағдайда ихрамнан шығады. Шыққан жағдайда қүрбан шалу міндет.

 

Қажылың гибадатының дүрыс орындалу шарттары

І.Мұсылман болу. Қажылық ғибадатының парыздығы-ның эрі орындалуының дұрыстығының шарты.

2. Арнайы жерлер: Арафат жэне Қағба.

З.Арнайы уақыт. Зиярат тауабының уақыты - қүрбан айт таңынан бастап, өмірінің соңына дейін. Бірақ зиярат тауа-бын құрбан айттың алғашқы үш күнінде орындау уэжіп бол-ғандықтан, кімде-кім бұл уақыттан кешіктірсе, қажылығы-ның дұрыс болуы үшін құрбан шалуға міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты - арафа күні түс ауғаннан кейін кұрбан айт күні таң намазының уақыты кіргенге дейінгі уа-қыг.

4.Ихрам. Қажылық немесе умра яки екеуін бірге жасау ниетімен, басқа уақытта халал болған кейбір істерді, қажы-лық немесі умра уақытында кісінің өзіне харам қылуы.

Қажылықтың парыздары

1. Ихрам

2. Арафаттатүру

3. Тауап ету

 

Ихрам

(қажылықтың бірінші парызы)

 

Ихрам дегеніміз не?

Қажылық, умра немесе екеуін бірге жасау ниетімен, бас-қа уақытта істеуіне рұқсат кейбір іс-эрекеттерді қажылық, умра уақытында өзіне харам қылуды - ихрам деп айтамыз. Ихрамга қалай кіреді?

Ихрамға қажылық түрлерінің қайсысын орындайтын болса, соны жүрегімен ниет етіп, тәлбия айту арқылы кіре-ді. Бірақ ниетті тілмен айту - мұстахап. Ихрамға кірудің шарттарының бірі ғана болып табылатын «рида» жэне «изар» деп аталатын екі бөліктен тұратын сүлгі немесе оған ұқсас тігісі жоқ мата халық арасында «ихрам» деп аталға-нымен, Ихрам мағынасын толық қамтымайды. Орындайтын қажылық түрін ниет етпей, тэлбия дұғасын айтпай, тек қана үстіге ақ, тігіссіз мата оранумен ихрамға кірген болып са-налмайды. Өйткені, ниет пен «тәлбия» дұғасы ихрамның шарттарынан.

 

Қажылың түрлері

(Барлық қажылық түрлері алда кеңінен түсіндірілетіндіктен бұл жерде қысқаша берілді)

 

1. Ифрад қажылығы

Миқатта ихрамға кірер кезде тек қана қажылық ғибада-тының атқарылуы ниет етілсе, бұл қажылық түріне «ифрад»


қажылығы делінеді. Ифрад қажылығында умрасыз тек қана қажылық ғибадаты жасалады. Ақаба жэмрасына (Үлкен шайтан тас) тас лақтырып болғаннан кейін қаласа кұрбан шалады. Өйткені, ифрад қажысын орындағандарға құрбан шалу уэжіп емес. Сосын шашын алғызып немесе қысқарт-қызып ихрамнан шығады.

 

2. Тәматтуғ қажылығы

Қажылық айларында умра үшін ихрамға кіріп, умраны бітірген соң, сол жылғы Зилхижжа айының сегізінші күні немесе одан да бүрын қажылық үшін қайтадан ихрамға кіру арқылы жасалатын қажылық түріне «тэматтуғ қажылығы» дейді. Тэматтуғ қажылығында умра жэне қажылық үшін бө-лек-бөлек ихрамға кіреді. Бүл қажылықтың тэматгуғ қажы-лығы болып саналуы үшін умра мен қажьілықтың қажылық айларында сол жылда жасалуы шарт. Тэматтуғ қажылығын-да умра мен қажылыкты бірге орындағандықтан шүкір күр-банын шалу - уэжіп. Қазақстандықтар көбінесе тэматтуғ қа-жылығын орындайды.

 

3. Қиран қажылығы

Миқатта қажылық пен умраны бірге ниет етіп, бір ихрам-мен істелетін қажылыққа - «қиран» қажылығы делінеді. Умрасын тәмамдағаннан кейін ихрамнан шықпай қажылық амалдарын да сол ихраммен аяқтайды. Қиран қажылығында умра мен қажылықты бірге орындағаны үшін шүкір күрба-нын шалу - уэжіп.

 

Тэлбия дегеніміз не?

Тэлбия - ихрамға кірер алдында айтылуы уэжіп болған жэне ихрамды болған уақытта молынан қайталанып айты-латын сүннет дүға.

{аі іь> іі аііііі} іиііг, аиіі Ь\ аіі іь^ ««ай$ ^иі ігЗ'}

«ЛэббайкАлланумма лэббайк, лэббайка лээ шэрика лэ-кэ лэббайк, инналхамда уанни 'мәтә лэкэ уалмулка лээ шэрика лэк»? Қазақша мағынасы: «Аллаһым, мен сенің эміріңді орындауға келдім, сенің эміріңе бой үсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, сенің эміріңді орындау - менің бо-рышым. Күмэнсіз барлық мадақ саған тэн жэне жалпы ие-лік пен нығмет сенікі. Сенің еш серігің жоқ».

 

Ихрамның уэжіптері

І.Ихрамға белгіленген миқаттардың біреуінде кіру. 2.Ихрамда тыйылған нэрселерді жасамау.

 

Микат дегеніміз не?

Қажыға немесе умраға баратын адамдардың ихрамға оранбай өтуге болмайтын жерлерге «миқат» делінеді. Қа-сиетті Қағбаны қоршап түрған мекендер «Харам», «Хил», жэне «Әфақ» деп үш аумаққа бөлінеді. Қажылық және умра ғибадатын орындауға келетін адамдар осы аумақгарға қарай ихрамға кіреді.

 

1. Харам аумағы

Жебірейіл періштенің көрсетуі арқьшы Ибраһим (а.с.) та-рапынан белгіленіп, кейіннен Пайғамбарымыз (с.а.у.) тара-пынан қайтадан білдірілген, өсімдіктерінің жүлынуына жэ-не аңдарының, жалпы жан-жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке жэне оның айналасындағы қасиетті мүбэрак жерлер «Харам аумағы» делінеді.

Меккеліктер қажьшыкқа Харам аумағының ішіңде ихрамға кіреді. Ал, умра үшін Харам аумағының сыртындағы Хил аумағъша ең жақын орналасқан Тан'имға барып ңхрамға кіреді.


Бухари, Хаж /26, Муслим, Хаж /147, Тирмизи, Хаж/ 97.


2. Хил аумағы

Харам аумағы мен Миқат жерлерінің ортасындағы мекен -Хил аумағы. Бұл аумақта тұратындар Харам аумағының сыр-тынан өздерінің тұрып жатқан жерлерінен ихрамға кіреді.

 

3. Әфақ аумағы

Харам жэне Хил аумақтарының сыртындағы аумақтар -Әфақ аумағы. Әфақ аумағынан Харам аумағына немесе Меккеге келетіндердің ихрамсыз өтулеріне болмайтын бес жерді Пайғамбарымыз (с.а.у.) миқат ретінде белгілеген.

Бұл бес миқат:

І.Мэдина жағымен баратындар үшін - «Зулхулайфэ», Мэдина қаласына 10 км жақын. Қазір бұл жер - «Әбэр Али» деп аталады (Қазақстандықтар көбінесе осы жерден ихрамға кіреді).

2.Мысыр және Сирия тарапынан баратындар үшін — «Жухфа», Меккеден 187 км ұзақ.

З.Нэжд жэне Кувуейт тарапымен баратындар үшін -«Қарнул-Маназил», Меккеден 96 км ұзақ.

4.Йемен жағымен баратындар үшін - «Иаламлам», Мек-кеден 54 км ұзақ.

5.Ирак жағымен баратындар үшін - «Зэтул-ғирқ», Мек-кеден 94 км ұзақ.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадистерінде осы жерлерді

349»

миқат ретшде тағаиындаған. Мше, сондықтан қажылыққа немесе умраға баратын адам бұл жерлердің қайсысынан өт-се, сол жерден ихрамсыз өтуге болмайды. Өйткені, Пайғам-барымыз (с.а.у.): «Ешкім мицаттан ихрамсыз өтпесін», -деп бұйырған. Бұл жерлерге жетпес бұрын ихрамға кіріп алуға да болады.

Сырттан қажылық және умра үшін келгендер миқаттан ихрамсыз өтіп кеткен жағдайда, кұрбан шалады немесе кері қайтып, миқатта ихрамға кіреді.

Ихрамга кірген адамга тыйылган нәрселер

1. Ихрамға кірген адамның денесіне байланысты
тыйымдар:

• Шашын, сақалын, мұртын алу немесе қысқарту

• Қолтықтың астындағы және жалпы денедегі түктерді жұлу немесе қысқарту

• Тырнақ алу

• Шаш, сақал және мұртқа май жағу немесе бояу

• Әйелдердің боянулары (лак, далап, т.б.)

• Денеге немесе ихрамға хош иіс себу жэне иіс сабын қолдану

 

2. Киімге байланысты тыйымдар:

• Тігілген киім кию. Тігілген киімдерді суықта иыққа жабуға немесе денеге жабуға болады. Бірақ жапқан уақытта қолын киіп, түймелерін түймелеуге болмайды.

Изар мен риданың350 шеттерін сөгітіліп кетпеу үшін тігу-ге, жыртығьш жамауға рұқсат. Ақша салу үшін тігілген ар-найы қапшық, белдік сияқты нәрселерді, ыстықтан қорғану үшін тігілген қолшатырды қолдануға болады.

• Басты немесе бетті жабу. Тақия кию, сэлде орау, т.б.

• Қолғап, шұлық кию

Киімге байланысты тыйымдар тек қана еркектер үшін. Әйелдер эдеттегідей киінеді.

 

3. Харам аумағына байланысты тыйымдар:

Мекке қаласының жэне жан-жағындағы «Харам» деп ата-латьш аумақгың аңдарын аулау, өсімдіктерін жұлу немесе шабу ихрамды адамдарға да, ихрамсыз адамдарға да харам.


 
 

Бухари, 1/206.


4. Жалпы тыйымдар:

• Әйелімен жыныстық қатынас жасау, сүйісу, құшақта-су, жалпы нэпсіні қоздыратын барлық нэрселерді істеу.

• Дінде харам болған істерді жасау.

• Мұсылман бауырымен таласу, ерегесіп, үрысып, төбе-лесу, жаман сөз айту, біреуді ренжіту. Аллаһ Тағала Құран-да былай дейді: «Қажылық белгілі (Шәууал, Зилқағда, Зилхижжаның алғашқы он күні) айларда. Кімде-кім бұл айларда қажылықты міндеттенсе (мыналарды білсін!) әйелімен жақындасуға, күнә істеуге және жанжалдасуға болмайды».351

• Аң аулау.

 

Ихрамдагыга рүқсат істер

• Иіс сабын қолданбау шартымен жуыну

• Көлеңкеде отыру немесе қолшатыр қолдану

• Дененің түктерін түсірмеу шартымен қасыну

• Сынған тырнақты түсіру

• Тіс пастасымен тіс жуу жэне көзге сүрме жағу

• Ихрам киімдерін жуу немесе ауыстыру

• Жүзік, сырға, қол сағат қолдану

• Әтір сататын дүкенде отыру

• Гүлді немесе жемісті иіскеу

• Басын жэне жүзін жаппау шартымен денесін көрпемен жабу

• Зияны тиетін жэндіктерді өлтіру

• Белдік тағу, иыкқа сөмке асу

 

Ихрамның сүннет жэне мүстахаптары

1. Толық жуыну

Ихрамға кірмес бұрын денені толық жуу - сүннет. Пай-ғамбарымыз (с.а.у.) ихрамға кірмес бұрын толық жуынған.

2. Ихрамға кірмес бұрын тырнақ алу, шаш түзету, қол-тықтың асты және ұятты жердің түктерін алу - мұстахап.

3. Ер адамдар, тігілген киімдерін шешіп, изар жэне рида деп аталатын екі таза матаға оранады. Изармен кіндіктен тө-мен қарай оранып, ридамен жоғарғы денесін орайды. Баста-рына еш нэрсе кимейді. Аяқтарына сүйретпе аяқ киім киеді.

Ихрамға кірген эйел адам эдеттегі киімдерін шешпейді. Бастары жабық күйде, тек қана жүздері ашық болады.

4. Ихрамды болып жүрген уақытта парыз намаздардан кейін, топтасып жүрген басқа қажыларға кездескен уақытта, жоғары не төмен түсіп-шыққанда жэне сэресі уақыттарын-да, жалпы мүмкін болған эр жағдайда көтеріңкі дауыспен тэлбия айту - мұстахап. Әйел адам тэлбия айтқан уақытта даусын қатты шығармайды.

5. Тэлбия айтқаннан кейін көбірек салауат айтып, арты-нан дұға жасап, тілек тілеу.

6. Ихрамға кірместен (ихрамға кіру - ихрам киімдерін киюмен емес, қажылыққа немесе умраға, яки екеуіне бірдей ниет ету мен тэлбия айту арқылы болады) бұрын денені этірлеу - сүннет. Айша анамыз мына хадисті риуаят еткен: «Пайгамбарымыз (с.а.у.) ихрамга кірерде мен оган ең жақ-сы әтірін жагатынмын»?5 Бірақ, ихрамға кіріп қойғаннан кейін этір жағуға болмайды.

7. Ихрам намазы

Денені толық жуғаннан кейін немесе дэрет алғаннан кейін, ихрамға кірместен бұрын, екі рэкат намаз оқылады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Зулхулайфада екі рэкат намаз оқып, сосын ихрамға кіргені риуаят етіледі. Бұл намаздың бірінші рэкатында - «Кафирун», екінші рэкатында - «Ықы-лас» сүресін оқу сүннет.


 
 

 

Бақара, 2/197.


Арафатта тұру

(қажылықтьщ екінші парызы)

Арафа күні түс ауғаннан кейін құрбан айттың бірінші кү-ні таң намаздың уақытына дейін, Арафат тауында бір мезет болса да тұру - қажылықтың негізгі парызының біреуі. Сон-дықтан кімде-кім Арафатта бір мезет болса да тұрмаса, қа-жылық ғибадатын орындамаған болады. Келесі жылы қайтадан орындау керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Қажы-лыц дегеніміз - арафат, кімде-кім арафатца үлгерсе, ца-жылыцца үлгерген болады», - деп, Арафатта тұрусыз қажы-лық ғибадатының қабыл етілмейтінін ескерткен. Ара-фат тауының «Уранэ» сайынан басқа барлық жерінде тұру-ға болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Арафаттың барлыц жері уацфа орны», - дейді. Арафаттың «Жәбәлул-рахмә» деген жерінде тұру абзалырақ. Арафат тауында арафа күні күн батқанға дейін болу уэжіп. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай істеген. Сондықтан арафа күні күн батпай қайтқан адамдар жаза ретінде кұрбан шалады.

Арафатта тұрудың дұрыс болуы үшін ниет жэне дэретті болу, тіпті ояу болу шарт емес. Дэретсіз, жүніп, хайыз, ни-фас күйіндегі адамдар да Арафатта түра алады. Айша ана-мыз Пайғамбарымыздың бұйрығы бойынша, хайыз күйінде Арафатта уақфа (тұру) жасаған.

 

Арафа күні жэне Арафатта түрудың сүннеттері

• Арафа күні күн шыққаннан кейін Арафат жакқа қарай бет алу

• Намира мешітінде түскі намаздан бұрын Имамның екі хұтба оқуы

• Аузы берік болмау (ораза тұтпау)

• Күн тал түстен ауғаннан кейін мүмкіндік болса, ғұсыл кұйыну

 

• Арафатта түруға бар ықыласпен дайын болу

• Бесін және намаздыгер намаздарын бесін уақытында бірге қосып оку. Намаздың осылай бесін уақытында бірікті-ріліп окылуын «жамғу - тақдим» деп атайды.

• Бұл намаздардан кейін дереу уақфа жасау

• Уақфа жасаған уақытта дэретті болу

• Уақфаны «Жэбэлул-рахмэ» деген төбенің қара таста-рында жасау

• Уақфа жасаған уақытта құбыла жаққа бет бұрып, түре-геп түру

• Арафатта бар ықыласпен өзі үшін, әке-шешесі жэне жалпы мұсылман бауырлары үшін дұға жасау, тілек тілеу. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Дүгалардың ең цайырлы-сы - Арафа күні жасалған дұға»,353 - деп бұйырған.

• Күні бойы тэлбия, тэкбір, зікір, тэсбих, салауат айтып, күнэларына кешірім тілеу

• Арафаттағы жолдарда уақфа жасамау

• Күн батқаннан кейін Арафаттан баяу жүріспен түсу

Бесін намазы мен намаздыгер намазы бір уақытта қосылып, қалай оқылады?

Арафа күні бесін азаны оқылғаннан кейін бесін намазы-ның алғашқы төрт рэкат сүннеті оқылады, сосын қамат түсі-ріліп, бесін намазының парызы оқылады. Сосын қайтадан қамат түсіріліп, намаздыгер намазының парызы оқылады. Уақфа болғандықтан, бесін намазының соңғы сүннетін оқу - мэкрүһ. Әр екі намаздың парыздарынан кейін ташриқ тәк-бірі айтылады. Осылайша бесін мен намаздыгер намаздары бір азан, екі қаматпен бесін уақытында қосылып окылады.


Жамиғу-сагир, 3/471.


 
 

Зиярат тауабы

(қажылықтың үш парызының біреуі)

 

Тауап дегеніміз не?

Тауап - араб тілінде зиярат ету, бір нэрсені айналу сияқ-ты мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік ма-ғынасы - Қасиетті Қағбаны жеті рет ғибадат ниетімен айна-лу. Тауап Аллаһ Тағаланың аршының айналасында тауап ететін періштелер тәріздес Аллаһ Тағалаға деген сүйіспен-шілікпен, тағзыммен жасалатын ғибадат. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тауаптың намаз тэріздес ғибадат екенін білдіреді: «Байтуллантың354 айналасында тауап жасау - намаз оқу сияқты. Ерекшелігі тауапта сөйлеуге болады, бірақ тауап жасап жүріп кім сөйлесе, қайырлы сөз сөйлесін».

Қағбаның оңтүстік жағындағы бүрышында «Хажарул-Әсуэд» деп аталатын қасиетті қара тас бар. Тауап осы қара тастың қарсысынан басталады. Қағбаны жеті рет айналады. Әрбір айналымға «шаут» делінеді. Жеті рет айналганда, бір тауап толық бітті деп саналады. Тауапта айналымдар-ды бірінен кейін бірін істеу шарт емес. Тауап толық бітпей жатып, ортасында дэрет алып, намаз оқып, қайтадан айна-луды одан эрі жалғастыруға болады.

Тауап жасап жатқан уақытта парыз намаздары үшін қа-мат айтылса, тауапты тоқтатып, жамағатпен бірге намазга түру керек. Қалған айналымдарды намаздан кейін жалғас-тырады.

 

Қасиетті Қағба. Тирмизи, Хаж,112.

Тауап шүрлері

Тауап бес түрге бөлінеді.

 

1. Қадум тауабы

Бұл - сырттан келетін адамдардың Меккеге келген уа-қытта Қағбаға сэлем ретінде жасайтын алғашқы тауап. Бүл тауапты жасау - сүннет.

 

2. Зиярат тауабы

Қажылардың Арафаттан қайтқаннан кейін жасайтын тауабын зиярат тауабы немесе «ифада» тауабы дейді. Бүл тауапты жасау - қажылықгың үш парызының бірі. Зиярат тауабындағы жеті айналымның төртеуі - парыз, үшеуі - уэ-жіп. Зиярат тауабын жасамаған адам қажылық жасаған бо-лып саналмайды. Зиярат тауабының дұрыс орындалуыньщ бірінші шарты: Арафатта уақфаның жасалған болуы. Екінші шарты: Бұл тауаптың белгілі уақытта жасалуы. Бұл уақыт -Құрбан айттың бірінші күні таңның атуынан бастап, өмірі-нің соңына дейінгі уақыт. Бірақ Әбу Ханифаның пікіріне сүйенсек, бұл тауаптың Құрбан айттың 1,2,3-күндерінің бі-реуінде жасалуы - уэжіп. Осы күндерден кешіктірілсе, жаза ретінде құрбан шалу керек. Ал Әбу Юсуп пен Мұхаммед бойынша, бұл тауапты құрбанның 1-2-3 күндері жасау уэ-жіп емес, сүннет. Сондықтан бұл тауап айт күндерінен кейін жасалған жағдайда ешқандай жаза керек емес. Бірақ зиярат тауабын Құрбан айттың алғашқы күні жасау абзал, эрі сауабы мол.

 

3. Уадағ (қоштасу) тауабы

Қажылықта Минада шайтанға тас лақтырғаннан кейін, Меккеге қайтқан кезде жасалатын тауап. «Садэр тауабы» деп те аталады. Қажылыққа сырттан келгендер үшін бұл тауапты жасау - уәжіп. Бұл тауапты жасау арқылы қажы амапдары тәмамдалады. Тауаптан кейін қажылар Қағбамен қопггасып, отандарына қайтады.

 

4. Нәпіл тауабы*

Мекке мұсылмандарының әрдайым жасап тұратын тауабы. Сырттан келгендерге де жасауға болады. Нэпіл тауап жасау, нэпіл намаз оқудан да абзал. Өйткені, намазды эр жерде окуға болады. Ал, тауап Қағбада ғана жасалады. Пай-ғамбарымыз (с.а.у.) тауаптың кереметтігін былай деп сүйін-шілейді: «Кімде-кім Байтуллунқа357 тауап жасаса, анасы-нан жаңа туылгандай күнәларынан арылып, тазарады.г5%

 

5. Умра тауабы

Умраға барғанда жасалатын тауап. Бұл тауаптың алғашқы төрт айналымы - умраның парыздарынан, міндетті түрде жа-салуы керек. Жасалмаса, умрасы дүрыс емес. Қалған үш айна-лым орындалмаса, арнайы жаза өтеледі (қажылықта істелетін кемшіліктер және олардың жазасы бөліміне қараңыз).

 

Тауаптың дүрыс орындалуының шарттары

* Парыз және уэжіп болмаған тауап. 357 Қағба. 358 Тирмизи, Хаж,41.

І.Ниет. Ниет - істелетін амалдың жүрекпен бекітіліп белгіленуі. Ниетті тілмен айту - мұстахап. Ниетсіз жасалған тауап дұрыс емес. Ниетте жасалайын деп жатқан тауаптың түрін белгілеу шарт емес. Жалпы ғибадат ниетімен тауап жасауды ниет етсе жеткілікті. Умра тауабы үшін былай ниет етіледі: «Алланумма инни уриду тауафа байтикал-харам, уа иассирну ли уа таңаббалну минни сабата ашуатин тауафа умрати лиллэни Тагала а'зза уа жэл-ла» Қазақша мағынасы: «Алланым, мен сенің ризалыгың үшін Қагбаны жеті рет айналу аркылы умра тауабын жа­сауды ниет еттім. Оны маган жеңілдет жэне менен қабыл ал». Қажылық тауабы үшін «тауафа 'умрати» деудің орны-на «тауафал-хаж» делінеді. Ниетті арабша айту шарт емес.

2. Тауапты Харам Мешітінің ішінде жасау. Адам тығыз болмаса да Мэсжидул-Харамның ішінде Қағба мен өзінің арасында дуал болмау шартымен Қағбадан алыстау жерде тауап жасауға болады. Бірақ Мэсжйдул-Харам мешітінің сыртынан жасауға болмайды.

3. Жеті айналымның кем дегенде төртеуін жасау. Қалған үшеуін жасау уэжіп болғандықган, жасалмай қалған жағ-дайда да тауабы дұрыс деп есептеледі. Бірақ жасалмаған әр айналым үшін арнайы жазасы бар. Бұл парыз жэне уәжіп тауаптарға ғана байланысты. Ал сүннет және нәпіл тауап-тарда қанша аз жасалса да жаза керек емес.

4. Парыз жэне уэжіп тауаптардың әрқайсысын арнайы белгіленген уақытында жасау.

 

Тауап уәжіптері

І.Тауап еткен уақытта эрқашан дэретті болу. Дэрет бұ-зылған жағдайда, тауап тоқтатылып, дэрет алынады. Сосын қалған айналымдар толықгырьшып, тәмамдалады. Жүніп, хайыз және нифас күйінде тауап жасауға болмайды.

 

Әйелдер қажылық уақытында хайыз күндерін кешіктіру үшін дэрі қолдануларына бола ма?

Әйелдер хайыз күнінде Қағбаны тауап жасай алмайтын-дықтан, хайыз күндерін кешіктірулері үшін денсаулықтары-на зияны тимейтін дэрі қолдануларына болады. Пайғамба-рымыздың (с.а.у.) дэуірінде кейбір эйелдер «а'рэк» деп ата-латын су іпгу арқылы хайыз күндерін белгілі бір уақыт ке-шіктіретін-ді. Қазіргі заманда эйел адамдардың денсаулық-қа зияны тимейтін арнайы дэрілер аркылы қажылық уақы-тында хайыз күндерін кешіктірулеріне болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 589; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.089 сек.