Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 19 страница




Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалу керек. Мал-дың жаны шықканнан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе тері-сін сыпыру-мәкрүһ.

 

Қүрбандыңка шалынган малдың еті мен терісі

Бай болсын, кедей болсын кұрбан айтта шалған құрбан-дығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған мал-дың етін үш бөлікке бөліп тарату - мұстахап. Бір бөлігі -туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі - кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі - өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өзінің отбасына қалдыра алады.

Аллаһ Тағала Құран Кэрімде кұрбанның еті турасында былай дейді: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер эрі міскін-дер мен кедейлерге жегізіңдер».342

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шалған құрбанының етін қа-лай таратқандығы турасында Ибну Аббас былай деп риуаят етті: «Пайгамбарымыз (с.а.у.) шалган қүрбандыгының үш-тен бірін - отбасына, үштен бірін - кедей көршілеріне, қал-ган үштен бірін садақа ретінде тарататын».

Уэжіп болсын, нэпіл болсын құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, сирақ-басын жэне сүтін сату - мэкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбанға шалын-ған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды.

Хз. Әлидің былай дегені риуаят етілді: «Аллантың Елші-сі (с.а.у.) түйелер қүрбандыққа шалынган уақытта басын-да түруымды және терілері мен жүндерін таратуымды



Хаж, 22/28.


әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы ретінде беруге маган тыйым салды. «Қасап ақысын біз өзіміз бере-

■ 343

міз», - деді.

Кұрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге, қайырымдылық қорларына беруге болады.

 

Қүрбандыққа арнайы мал алып соймай, орнына сол қур-банның қүнын ақшалай садақа ретінде кедейлерге беруге бола ма?

 

Құрбандықта қан ағызу негіз болғандықтан мал сойып, қан ағызбаса, қү-рбандық міндеті мойнынан түспейді.

 

Көз жүмган кісі үшін қүрбан шалуга бола ма?

Өлген кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып кетпе-се де, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт күнде-рінде құрбан шалуға болады. Шалған құрбанының етінен жеуіне рұқсат. Бірақ өлінің тапсырып кеткен өсиетін орын-дау ниетімен шалған құрбанының етінен жеуге болмайды. Етін толық садақа ретінде тарату керек.

 

Ақиқа қурбаны деп қандай қүрбанга айтылады?

Жаңа туылған сэбидің басындағы шашына «ақиқа» — де-лінеді. Аллаһ Тағаланың нэсіп еткен перзентіне шүкір ре-тінде шалынатын малға да «ақиқа» құрбаны делінеді. Ақиқа құрбанын сэбидің туылған күнінен бастап, балиғат жасына толғанға дейін шалуға болады. Бірақ сэбиге жеті күн тол-ғанда шалу - абзал.

Сэбидің туылғанына жеті күн болғанда аты қойылып, шашы алынады. Алынған шаштың салмағында алтын неме-се күмісті садақа ретінде беру - сүннет. Кұрбанның да сол күні шалынуы - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) екі неме-ресі Хз. Хұсайн мен Хасан үшін ақиқа құрбанын шалғаны риуаят етіледі. Құрбан айтта құрбандыққа жарайтын малдар ақиқа құрбанына да жарайды. Қыз балалар үшін де ақиқа құрбанын шалады. Ақиқа құрбанының иесі етінен жеуіне жэне басқаларға садақа ретінде таратуына болады. Ақиқа құрбанын шалар кезде: «Бисмиллани, Аллану әкбар. Алланым, бүл сенің ризалыгың үшін шалынган пәленшенің ақиқа қүрбаны» - делінеді.

 

Нэзір қүрбаны

Көңілін көптен күпті еткен бір ісі орындалғанда я болмаса былай да бір малды шалам деп мұсылман баласы-ның Аллаһ Тағалаға уәде беріп, сол уэдесінің уақыты кел-генде шалатын малы «нэзір қүрбаны» деп аталады. Мысал-ға, ауырып жатқан адам осы ауруымнан айықсам, бір қойды құрбандыққа шаламын деп ниет етсе, ауруынан айыққан жағдайда, бір қой шалуы - уэжіп.

Нэзір құрбанына шалынған малдың етінен, шалған адам-ның өзіне, балаларына, немерелеріне жэне эке-шешесіне тіпті ата-эжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей садақа ретін-де кедейлерге таратылуы тиіс. Шалынған құрбанның бір бөлшегі аталмыш адамдар тарапынан желінген жағдайда сол желінген бөлшектің құныН кедейлерге тарату керек.


 

Муслим, Хаж,348.



 

 

VII БӨЛІМ

 

АҢШЫЛЫҚ

 

«Аллан Тагаланың сендерге үйреткен ілімі арңылы үйретіпу тәрбиелеген жыртңыштардың сендер үшін аулаган аңдарын жеңдер олард'1 аңга жіберген 'ак атта Аліы тың атын айт щдар...».

 

«Маида» сүресі


 

 

Аңшылық

 

сттллаһ Тағала бүтін дүниені элсіз адам баласының

пайдасына жаратқан. Сол адам баласының қызметіне үсы-нылған сансыз элемнің ішінде өз басына жеке бір элем бо-лып саналатын жан-жануар элемін де адам үшін жаратып, эміріне бой үсындырған. Міне, сондықтан біз, адам баласы, қой, ешкі жылқы, сиыр жэне түйе сияқты үй жануарларын жэне бүларға қоса жабайы, етін жеуге болатын, яки, етін жеуге болмаса да жүнін, терісін, мүйізін қолданауға жарам-ды жан-жануар, аңдарды пайдаланудамыз. Иэ, теңіздің те-реңдіктеріндегі түрлі-түрлі, сан алуан балықтар болсын, тау-тастардағы немесе ну ормандардағы неше түрлі аңдар болсын бэрі адам баласы үшін жаратылғандықтан, олардың етін жэне тері, мүйіздерін пайдалану мақсатымен аулауға Ислам діні теріс қарамайды. Бірақ тек қана қызық үшін бейкүнэ аңдарды аямастан қыра беруге де тыйым салады. Бейкүнә аңдарды тек қана қүмарлықты басу үшін қырып-жою, біріншіден, аңдардың азаюына, екіншіден, мейірімді-лік қасиетімен безендіріле жаратылған адам баласын қаты-гездікке тэрбиелейтіні сөзсіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл турасында былай дейді: «Кімде-кім бір күсты бостан-бос-ка, мүктаждыксыз өлтірсе, ол күс киямет күні былай деп үн катады: «Уа, Раббым! Пәленше мені пайдасы үшін аула-

** 335

май, бостан-боска өлтірді».

Аңдарды балалау немесе жұмыртқалау мерзімдерінде аулаудан сақтану - мейірімді адам баласының ұмытылмас міндеті.

Ойын-сауық құрып, құмарлық үшін барлық уақытын аң-дардың соңында өткізіп, аңды қалай аулағанын, қалай қуалағанын айтуды ермек қылған адам негізгі көңілін бөле-тін маңызды нэрселерді ұмыт қалдырып, руханияттан мақұрым қалары сөзсіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисін-де: «Аңның соңына түскен адам ғафьш (бейқам) болады»336 - деп, осы шындыққа назарымызды аударған.

Қорытынды ретінде айтар болсақ, аң аулап, ризық табу -халал кэсіп жолы. Десек те, басқа ризық табу жолдары одан абзалырақ.

 

Қандай жолдармен аң ауланады?

1. Аңды жаралап, қансырататын мылтық, садақ сияқты
қару арқылы.

Аңның терісін жыртып немесе тесіп қанын ағыза алмай-тын шоқпар, таяқ сияқты құралдармен ұрып, тоқпақтап өл-тірілген аңдардың етін жеуге болмайды.

2. Үйретілген бүркіт, қаршыға сияқты құстар мен үйре-
тілген ит арқылы.

Аңшылыққа жарайтын ит, құстардың үйретілгендіктері-нің белгісі аңға жібергеннен кейін иесінің шақырған уақы-тында дереу келулері жэне ұстаған аңдарының етінен ұста-ған уақытта жемеулері.

3. Тұзақ, қақпан қүру арқылы.

 

Ауланган аңның етінің халал болуы үшін керекті шарттар

1. Ауланған аңның шариғатта етін жеуге болатын аң болуы.

2. Аңшының мұсылман немесе кітап иесі (христиан не-месе еврей) болуы. Кітап иелерінің аулаған аңдары - Аллаһ-тың атын айтып, ауланған жағдайда ғана халал. Илэһи кітап түспеген пұтқа, отқа, жұлдызға табынушьшардың аулаған аңдарының етін жеуге болмайды.



Тирмизи, Фитан/69.


3. Аңға оқ атқан уақытта немесе үйретілген ит, құстарды
жіберген уақытта «Бисмиллан» деп, Аллаһ Тагаланың атын
айту. Құран Кэрімде:

 

 

{ф. І»І ІІИ

«Аллаһ Тағаланың сендерге үйреткен ілімі арқылы үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштардың сендер үшін аулаған аңдарын жеңдер және оларды аңға жіберген уа-қытта Аллаһтың атын айтыңдар...».337

«Бисмиллаһ» сөзі эдейі айтьшмаса, ауланған аңның етін жеу - харам. Үмытылып айтылмай қалған жағдайда жеуге болады.

337 Мәида, 5/4.

4. Ауланған аң тірідей қолға түссе, «Бисмиллаһ» деп бауыздау керек. Тірідей қолға түсіп, кешіктіру себебімен бауыздаусыз өліп кетсе, ол аңның етін жеуге болмайды. Бі-рақ қатты қансырап өлейін деп жатса, бауыздамаса да бола-ды. Тірідей қолға түскен аңды міндетті түрде бауыздау шарт емес, үшкір, қырлы тас немесе темір сияқты нэрселермен үрып, кішкене қанын ағызса, жеткілікті.

5. Аңшы, қаруымен атып немесе аңға үйретілген ит, құс-тары арқылы жаралы қылған анды қолға түсіру үшін арты-нан тоқтамастан қадағалап, ізіне түсу керек. Өйткені, анды тірідей қолға түсіріп, бауыздауға мүмкіншілік бар. Ал егер басқа істермен айналысып жүріп, аң көзден таса болғаннан кейін барып, аңды өлген күйде тапса, ол аңның етін жеуге болмайды. Өйткені, аң басқа себептермен өлуі де мүмкін. Бірақ аңның артынан дереу барған күннің өзінде, алған жа-рақатының салдарынан өліп кетсе немесе бауыздауға үлгер-мей қалса, бауыздамаса да ол аңның етін жеуге болады.

6. Үйретілген аң иттері сияқты орақ тістері бар жырт-қыштар ұстаған андардың еттерінен иесінің беруінсіз өздері жемеулері керек. Ал ұстаған аңының етін иесі келмей жа-тып, өз білгенінше жеп қойса, ұстаған аңының еті бізге ха-рам. Өйткені, үйретілген иттің ерекшелігі өзі ұстаған аңның етін жемеуінде. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл турасында бы-лай деген: «Итті жіберген уақытта (аулаган)аңынан же-се, ол аңнан жеме. Өйткені, ол өзі үшін үстады. Итіңді жі-берген уақытта аңды өлтіргеннен кейін өзі жемесе, ол аң-ды же. Өйткені, ол иесі үшін үстаган».

Бірақ бүркіт, қаршыға сияқты жыртқыш топшалы құстар ұстаған аңдарының етінен, иелері келмей жатып жеп қойған жағдайда да, ол аңның етін жеуге болады. Аңға үйретілген ит ұстаған аңының қанын ішсе, немесе иесінің беруімен ұс-таған аңының етін жесе, ауланған аңның етінің халалдығы-на еш зиянын тигізбейді.

7. Аңға үйретілген ит-құстардың, денелерімен соғып не-месе тұншықтырып еш жарақаттамастан өлтірген андары-ның етін жеуге болмайды. Өйткені, аңшылықта аңды жара-қаттау бауыздаудың орнына жүреді. Міне, сондықтан, ау-ланған анда жарақат жоқ болып қан ақпаса, бауыздаусыз арам өлген болып есептеледі.

 

Ислам дініндегі еті желінетін және еті желінбейтін хайуандар

Дінімізде еті желінетін жэне еті желінбейтін хайуандар тек қана суда өмір сүретін, суда да, құрлықта да өмір сүре-тін жэне тек қана құрлықта өмір сүретін хайуандар болып үшке бөлінеді.

 

1. Тек қана суда өмір сүретін хайуандар

Ханафи мэзһабында жалпы суда өмір сүретін хайуандар-дан тек қана балық түрлері желініп, балық түріне жатпай-тын суда өмір сүретін барлық хайуандардың еті желін-бейді. Сырттан белгілі себептің салдарынсыз өздігінен өлген балықтың еті желінбейді. Бірақ судың тартылуына байланысты, қатты ыстық немесе қатты суықтың салдары-нан өлген немесе құстар тарапынан өлтірілген балықтардың етін жеуге болады.

 

2. Суда да, қүрлықта да емір сүретін хайуандар

Кесіртке, жылан, тасбақа, крокадил, дельфин т.б. осы тэ-різдес эрі суда, эрі құрлықта өмір сүре алатын хайуандар-дың еті желінбейді.

 

3. Тек қана қүрлықта өмір сүретін хайуандар

Жаратылысында жыртқыштық қасиеті, яғни орақ тістері жэне жьфтқыш топшылары жоқ жэне адамның табиғатына жиркенішті көрінбеген жалпы хайуандар діни негіздерге сай ауланып немесе сойылса, еттерін жеу - халал.

 

 

338 Ханафи мэзһабынан басқа мәзһабтарда барлык суда емір сүретін хайуандар желінеді.

Еті желінетін жэне еті желінбейтін, тек қана ңүрлыңта өмір сүретін хайуандар үшке бөлінеді

1. Шегіртке, құмырсқа, шыбын, ара, өрмекші тэріздес де-нелерінде қаны болмайтын хайуандар. Бұлардың ішінде тек қана шегіртке желінеді. Өйткені, бұлар - адамзат табиға-тында жиркенішті жэне тіксінтетін жаратылыстар.

2. Кесіртке, жылан, кене, бит жэне тышқан, кірпі, сияқты қаны бар, бірақ ақпайтын хайуандар. Бұлардың ешқайсысы-ның еті желінбейді.

3. Ағатындай дэрежеде қаны бар хайуандар қолда бағы-латын үй жануарлары жэне қолда бағылмайтын жабайы аң-дар болып екіге бөлінді.

Қолда бағылатын түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, тауық, қаз, үйрек тәріздес барлық жануарлардың еті желінеді. Есек пен қашыр, шошқаның еті желінбейді.

Жабайы хайуандардан арыстан, барыс, қабылан, қасқыр, піл, қабан шошқа, маймыл, шиебөрі тәріздес жыртқыш тіс-тері бар жэне шабуыл жасайтын хайуандар мен қаршыға, бүркіт, сұңқар, күшіген сияқты жыртқыш топшылары бар хайуандар желінбейді.

 

Халал малдардың кейбір жагдайларга байланысты харамдануы

1. Бауыздаусыз өз-өзінен өлген малдың етін жеу - харам. Мүндай өз-өзінен өлген малдың етін жеу бауыздалып, дене-сіндегі қан сыртқа ақпағандықтан жалпы адамның табиға-тына теріс және жиркенішті нәрсе. Біріншіден, мұндай өз-өзінен өлген мал бойындағы бір аурудың яки уланудьщ сал-дарынан өледі. Ал ауру малдың етінің адамның денсаулы-ғына зиянды екені медициналық тұрғыдан дэлелденген. Екіншіден, өз-өзінен өлген малдың етінің харам екенін біле-тін әрбір адам қолындағы малдың күтіміне жэне емделуіне көңіл бөлері сөзсіз. Үшіншіден, Аллаһ Тағала мұндай өз-өзінен өлген малдарды ит, құстарға жэне де басқа жыртқыш аңдарға рызық ретінде берген. Бірақ өз-өзінен өлген малда жоғарыда айтылған зияндар болмаған күннің өзінде де Аллаһ Тағаланың «өз-өзінен өлген өлексенің етін жемец-дер» деген эмірі шынайы мүсылмандардың «ләббайка, Алланым» деп бой үсынып, тыйымдарынан тыйылулары үшін жеткілікті.

2. Буынып, биіктен құлап, басқа малмен сүзісіп, яки бір
нэрсемен үрып өлтірілген малдарды жэне жыртқыштардан
қалған жемтік етті жеу - харам. Бірақ аталмыш жағдайдағы
малдар өлмей жатып бауыздалса, жеуге болады. Аллаһ Та-
ғала Құран Кэрімде былай дейді: «Сендерге өлексе (бауыз-
далмаған мал), қан, шошқа еті, Аллаһтан басқаның аты
айтылып бауыздалған, буынып, құлап, сүзісіп өлген
мал және жыртқыштардан қалган жемтік етті жеу ха-

рам қылынды».

3. Аллаһтан басқаның аты айтылып сойылған мал. Мал-
ды бауыздаған уақытта Аллаһтың атын атап бауыздау шарт.
Бауыздаған уақытта «Бисмилланир-рахманир-рахим» деуге
болатыны сияқты, «Аллану экбар, яки Аллану а'зам» деп те
айтуға болады. «Бисмиллани, Аллану әкбар» деп айту - мұс-
тахап. «Бисмиллан» ұмытылмай, эдейі айтылмай сойылған
малдың етін жеу - харам. Ал ұмытылып айтылмай қалса,
онда жеуге болады.

Әбу Ханафи бойынша, сойылған малдың ішінен өлі шыққан баласының еті - харам. Бірақ тірі шықса, «Бисмил-лан» деп, сойып жеуге болады. Балықтарды бауыздаусыз жеуге болады.

Христиан жэне еврейлердің Аллаһтың атын айтып сой-ған малдарының етінен жеуге болады. Отқа, пұтқа, жұлдыз-ға табынатындардың сойған малдарының етін жеуге бол-майды.

Бауыздаған уақытта малды қинамау үшін, өткір пышак қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып қайрау - мэкрүһ. Ал, қи-намай сою - сүннет. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Малды бауыздаган уакытта жаксылап бауыздаң-дар. Кімде-кім мал сойса пышагын жаксылап кайрасын. Тезірек бауыздап малды рахатына қауыштырсын»34. Мал-ды құбылаға жатқызып сою - сүннет. Ал, басқа жаққа қара-ту - мэкрүһ.

4. Бауыздаған уақытта аққан қан. Мал бауыздалған уа-қытта денесіндегі қанның көбі сыртқа шығады. Жэһилия дэуірінде араптар бұл қанды ұйытып, құрғатып, сосын жей-тін. Аллаһ Тағала «Маида» сүресінің үшінші аятымен бүл қанның ішілуін де, желінуін де харам қылды. Малдың дене-сінің жіңішке тамырларында жэне өкпе, бауыр, талақ сияқ-ты мүшелердің ішінде қалып қалған қандар сол мүшелер-мен бірге желінетіндіктен халал.


 


Маида, 5/3.


Муслим, Сайд,57.


 

 

Терминдерге түсінік

Азан: Хабар беру, білдіру. Парыз намаз уақытын білдіретін ар-найы сөздер.

Айн парыз: Жалпы парыз. Әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар.

Ақиқа қүрбаны: Аллаһ Тағаланың нэсіп еткен перзентіне (жаңа сэбите) нгүкір ретінде шалынатын құрбандық мал. Ақырғы отырыс: Соңғы рэкаттан кейінгі «эт-тахият» дұғасы оқылатын отырыс.

Атау, нәзір: Аллаһқа ғибадат мақсатымен өзіне тікелей міндет жүктелмесе де бір істі жасауға шешім қабылдап, осындай бір істі өзіне уэжіп ету мен Аллаһқа уэде беруі. Әмин: Аллаһым, дұғамызды қабыл ет! Әт-тахият: Намаз отырысында оқылатын дұға. Әурет: Қарауы харам, жабылуы парыз мүшелер. Ер кісілер үшін кіндік пен тізенің арасы, эйелдер үшін бет-жүзі, білекке дейінгі екі қолы жэне тобыққа дейінгі екі аяғынан басқа барлық жерлері. Әһли кітап: Аллаһтан кітап берілген еврей мен христиандар. Балигат шағы: Қыз баланың 9-15, ер баланың 12-15 жасқа ке-ліп, кэмелетке толуы.

Бәни Һашим: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туыстары болып сана-латын һашим ұрпақтары.

Ғайру мүәккад сүннет: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кейде жасап, кейде жасамаған сүннеттері. Намаздыгер мен қүлтанның алғаш-қы сүннеттері, т.б.

Ғамус анты: Жалған ант. Бір нэрсені біле түра эдейі жалған ант ету.

Ғиддәт: Әйел адамның күйеуінен талақ болғаннан кейін немесе күйеуі қайтыс болғаннан кейін күтетін белгілі уақыт. Ғүсыл: Араб тілінде жуыну, шариғатта бүтін дененің арнайы түрде толық жуылуы.

Дәрет: Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру үшін жэне жеке басы да ғибадат саналатын арнайы тазалану түрі. Жам'у тахир: Бірінші намаздың уақыты шыққаннан кейін екінші намаздың уақытында екі намазды бірге қосып оқу. Арафа күні

акшам жэне қүлтан намаздарын кұптан уақытында Муздэлифәда бірге қосып оқу - уэжіп.

Жаназа намазы: Өлген мүсылманға оқылатын намаз түрі.

Жэйіз: Дінде рұқсат етілген жалпы іс-эрекеттер.

Жәмралар: Минада бір-біріне жақын арақашықта орналасқан

тіктеулі тұрған үш шайтан тас. Бұл тіктеулі тастар: Кішкентей

жэмра, Орта жэмра жэне Үлкен жэмра (Ақаба жэмра) деп атала-

ды.

Жинаят: Қажылық немесе умра ғибадаттарындағы уэжіп амал-дардың біреуінің орындалмай қалуы, тіпті белгіленген уақыты-нан кешіктірілуі немесе ихрамға кіген соң істелінуі харам тыйымдардың жасалуы.

Зиһар: Исламнан бұрынғы дәуірде араб элемінде эйелдерді талақ етудің бір жолы.

Зиярат тауабы: Қажылардың Арафаттан қайтқаннан кейін жа-сайтын тауабына зиярат тауабы немесе «ифада тауабы» делінеді. Бұл тауапты жасау — қажылықтың үш парызының бірі. Зиярат тауабындағы жеті айналымның төртеуі - парыз, үшеуі - уэжіп. Ибраһим мақамы: Қағбаны салу барысында Ибраһимнің (а.с.) аяғының ізі түскен тас. Қажылықта осы тұста арнайы намаз оқы-лып, ерекше зиярат жасалады.

Иғтиқаф: Бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау. Мешітте яки соған ұқсас жерде ғибадат ниетімен белгілі бір мезгіл сол жерде қалу.

Ижмағ: Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің үкімінде ор-тақ көзқарасы.

Изар: Қажылықта белден төмен қарай жабатын сүлгі немесе мата.

Изар: Мэйітті орайтын кебіннің бірі.

Изтиба: Дененің үстіңгі жағындағы жапкыштың бір ұшын оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң қолды иықпен бірге ашық тастау.

Истибра: Кіші дэрет қалдықтарынан түгелдей арылу.

Истинжа: Қан, мэни, үлкен дэрет, кіші дэрет сияқты ластықтар-

дан тазалану.

Истиншақ: Мұрыннан кеңсірікке дейін су тарту.

Истихара намазы: Бір істің жақсысын, қайырын, игілігін тілеу

үшін арнайы оқылатын намаз жэне дұға.

Иттифақ: Ауызбірлігі.

Ифрад қажылығы: Миқатта ихрамға кірер кезде тек қана қажы-лық ғибадатының атқарылуы ниет етілетін қажылық түрі. Ифрад қажылығында умрасыз тек қана қажылық ғибадаты жасалады. Ифтитах: Ашу, намаздың алғашқы тэкбірі. Ифтитах: Намазды бастарда алынатын алғашқы тэкбір. Ихрам: Қажылық немесе умра яки екеуін бірге жасау ниетімен, басқа уақыттағы халал кейбір істерді, қажылық немесі умра уакытында кісінің өзіне харам кылуы.

Ихсар: Дүттшанның бөгет болуына немесе ауру сияқты себептер-ге байланысты қажылық немесе умра жасау үшін ихрамға кірген адамның қажылықты немесе умраны аяқтамастан ихрамнан шы-ғуға мэжбүр болуы. Ихтилам: Үйқыда ғұсылдың бұзылуы.

Иштиһад: Белгілі ережелерді ұстанып, Құран мен сүннеттен үкім шығару.

Кәффарат: Қателесіп, әдейі немесе біреудің зорлауы арқылы жа-салған кейбір күнэлардың кешірілуінің Исламдағы арнайы өтелу жолдары.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 568; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.074 сек.