Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 15 страница




Қажылықтың үш парызының біреуі саналатын зиярат тауабының уаңыты эйелдердің хайыз күндеріне тура келіп ңалган жагдайда, бүл парызды ңашан атңарады?

 

Меккеде хайыз күндерінің бітуін күтеді. Хайыз күндері біткеннен кейін міндетті түрде зиярат тауабын атқарулары керек. Зиярат тауабын кешіктіргендері үшін жаза өтел-мейді. Егер зиярат тауабын хайыз, нифас яки жүніп күйінде жасап қойған жағдайда, элі Меккеде болса, қайтадан жасау керек. Қайтадан жасамаған жағдайда, жаза ретінде түйе не-месе сиырды Харам аумағында шалады.

 

2.Әйелдер мен еркектердің шариғатта эурет деп санала-тын мүшелерінің жабық болуы. Негізінде әурет жердің жа-бық болуы әрқашан парыз. Тауапта уәжіптігінің себебі, ашық болған жағдайда белгілі бір жаза мен тауапты қайта-дан жасауды қажет еткендігі үшін. Парыз жэне уэжіп тауап-тарында эурет деп саналатын кез келген мүшенің төрт те бі-рі ашылса, жаза ретінде қүрбан шалу - уэжіп. Төрт те бірі-нен аз болса, құрбан шалу уэжіп емес. Нэпіл тауаптарда эу-рет мүшелерінің біреуінің төртте бірі ашылса, жаза ретінде садақа беріледі. Әйелдің қолы, жүзі жэне аяқтарынан басқа барлық жерлері эурет жері саналады. Ал еркектің эурет же-рі - кіндігі мен тізесінің арасындағы түс.

З.Тауапқа Хажарул-Әсуэддің (қара тастың) қарсысынан бастау

4. Тауап еткен уақытта Қағбаны сол жаққа алып, оң жақ-пен жүру

5.Тауапты «Хатим» деген жердің сыртынан жасау. Өйткені, «Хатим» деген жер Қағбаның бір бөлігі саналады. Хатимнің сьфтынан жасалмаган айналымдар (шауттардың) қайтадан жасалуы тиіс.

б.Алғашқы төрт айналымы парыз болған Ифада, Умра, Уадағ тауаптарын жеті айналыммен (шаутпен) тэмамдау -уэжіп.

7. Тауапты жаяу жасау. Ауруына немесе кэрілікке байла-нысты жүре алмайтындар арнайы зембілдер арқылы тауап еттіріледі.

8. Барлық тауап түрлерінен (парыз,уэжіп,нэпіл) кейін екі рэкат намаз оқу. Мэкрүһ уақыттардан тыс барлық уақыттар-да екі рэкат намазды тауаптан кейін дереу оку - абзал. Кейін оқыса да болады. Бір тауаптан (Қағбаны жеті рет айналу бір тауап) кейін, екінші тауапты екі рэкат намаз оқымастан жа-сау - мэкрүһ. Мүмкін жағдайда аталмыш екі рэкат намазды Ибраһим мақамында оқыған жөн. Мүмкін болмаған жағ-дайда, Мәсжидул-Харамның кез-келген жерінде окуға бола-ды. Ибраһим мақамында ғана оқимын деп адамдарды жан-шып, таптауға қатаң тыйым салынады.

 

Тауап сүннеттері

Тауаптың сүннеттерін орындау - сауап, бірақ орындал-маған жағдайда да тауап дұрыс болып есептелінеді.

1. Денеде немесе киімде намазға бөгет жасайтын нэжіс-тің болмауы

2.Тауапқа бастаған уақытта және эр айналымның соңын-да Хажарул-Әсуэдді (қара тасты) сүю немесе сэлем беру.

Кейбір адамдар қара тас сүйілмей қалған жағдайда неме-се қолмен ұстамаған жағдайда, қажылық ғибадаты қабыл болмай қалады деген қате түсінікпен, адамдарды итерме-леп, жаншып-таптап, тіпті ренжітіп, жанжалдасып, сүюге тырысып жатады. Әрине, бұл іс-эрекеттер дінді дұрыс біл-мегендіктен. Әйтпесе қасиетті қара тасты сүю - сүннет, ал, адамдардың мазасын алмау, ренжітпеу - парыз. Істелмей қалған жағдайда күнэ болмайтын сүннет амалын істеу үшін парызды тастап, күнәға батуға болмайды. Өйткені, парызды істемеген уақыттағы күнэ сүннеттің сауабынан басым. Олай болса, адамдардың тығыз, көптігіне байланысты қасиетті қара тасқа бара алмағандар алыстан бүрылып, сэлем береді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) кейде қасиетті қара тастың қарсы-сына келіп, қолындағы таяғымен сэлем бергендігі риуаят етілген.

І.Зиярат тауабын жасаған уақытта дененің үстіңгі жа-ғындағы «рида» деп аталатын жапқыштың бір үшын оң қол-тықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң қолды иықпен бірге ашық тастау. Ихрамды бұлай орануды «изтиба» дейді. Әйелдер изтиба жасамайды.

2.3иярат тауабының алғашқы үш айналымында иықтар-ды сілтіген бойда қысқа адымдармен жылдам-жылдам жү-ру. Бүлай жүруге «рәмәл» делінеді.

З.Тауаптың айналымдарын бірінен кейін бірін істеу. Дэ-рет алу үшін айналымды тоқтатуға болады.

4.Ер адамдардың мүмкіндіктеріне қарай Қағбаға жақын тауап жасаулары, ал, эйелдердің еркектердің арасына ара-ласпайтындай жерден тауап жасаулары сүннет.

 

 

Қажылықтың уәжіптері

Қажылық ғибадатында қажылықтың парыздары мен шарттарынан басқа уэжіп міндеттер бар. Қажылықта уэжіп-терді шариғатта үзір саналатын себептерсіз тастау - тахри-ман мәкрүһ яғни, харамға жақын мэкрүһ. Қажылықтың па-рыздары орындалып, уэжіптері істелмеген жағдайда, қажы-лық дүрыс деп есептелінеді. Бірақ шариғатта үзір саналатын себептерден тыс, басқа себептермен уэжіптер орындалмай қалса, қажылықтың дүрыс болуы үшін эрбір орындалмаған уэжіп үшін жаза ретінде құрбан шалу керек. (Қажылықта жэне умрада істелетін кемшіліктер жэне өтелетін жазалар бөліміне қараңыз).

Істелмей қалған уэжіп қайтадан жасалған жағдайда жаза өтелмейді. Мысалға, тауаптың парызы саналатын төрт айналымды жасағаннан кейін, уэжіп үш айналымды жаса-маса, орындалмаған эр айналым үшін жаза беру керек. Бі-рақ тауапты қайтадан толық жасаған жағдайда жаза өтел-мейді.

 

Ханафи мэзнабында үзір саналатын себептер

Ауру, қатты кэрі болу, қатты элсіз болу, талып қалу, эйе-лердің хайыз болуы сияқты самауи359 себептер. Мысалға, Арафатта уақфа жасап жатқанда талып, құрбан айттан кейін оянған адамға, қажылықтың уэжіптерінен саналатын Муз-дэлифэ уақфасын, шайтанға тас лақтыруды тэрк еткені үшін жэне шаш алғызуды немесе кысқартуды кешіктіргені үшін жаза өтеу қажет емес. Қажылығы дүрыс атқарьшды деп есептеледі. Бірақ себептер адамдардың қалауымен болса, мысалға, бір қылмыс істеп, түрмеде тұтылса, орындай алма-ған уэжіптері үшін жаза өтеу керек.

 

Муздәлифәда уақфа жасау

(қажылықтың бірінші уэжібі)

Муздэлифэ - Арафат пен Минаның ортасында орналас-қан жердің аты. Қажылықта Арафа күнінің кұрбан айтқа қа-раған түнін толық Муздэлифэда өткізу - сүннет, уақфа (бір мезет ғибадат ниетімен түру) жасау - уэжіп. Муздәлифәның «мұхассар» деген жерінен басқа барлық жерінде уақфа жа-сауға болады.

 

Уаңфаның дүрыс орындалуының тарттары

Адамның қалауынсыз, еркінен тыс себептер.

1. Қажылық жасау ниетімен ихрамды болу

2. Арафат уақфасын жасаған болу


З.Уақфаны Муздэлифэ аумағында жасау. «Ма'шар-Ха-рам» жақта жасау - сүннет.

4. Құрбан айт күні таңның атуынан бастап, күннің шы-ғуына дейінгі уақытта жасау. Кімде-кім таң атпастан кетіп қалып, қайтып Муздэлифэға келмесе уақфасы дұрыс бол-майды. Бұл - Ханафи мэзһабында. Ал Шафиғи, Ханбали мэзһабтарында уақфаның уақыты түннің екінші жартысы-нан басталады. Бұл мэзһабтарда таңның атуымен уақфа уақыты шығып, таң атқаннан кейін жасалған уақфа дұрыс болмайды.

Түнді Муздэлифэ аумағында өткізіп, таң намазын ерте-рек оқып, намаздан кейін тэкбір, зікір айтып, дұға жасап, уақфаны жарық болғанға дейін жалғастырып, күн шықпас-тан Минаға қарай бет алу - сүннет.

 

Акшам жэне Қүптан намаздарын «жамгу-тахирмен» оку

Жамгу-тахир - бірінші намаздың уақыты шыққаннан кейін екінші намаздың уақытында екі намазды бірге қосып оқу. Арафа күні ақшам және құптан намаздарын құптан уақытында Муздэлифэда бірге, қосып оқу - уэжіп. Азан оқылып, қамат түсірілгеннен кейін ақшам намазының пары-зы оқылады. Сэлем берген соң, тэшриқ тэкбірі айтылады. Сосын азан шақырылмастан, қамат түсірілместен құптан намазының парызы оқылады. Сэлемнен кейін тэшриқ тэкбі-рі айтылады. Осылайша ақшам мен құптан намаздары бір азан, бір қаматпен құптан уақытында оқылады. Сосын құп-танның соңғы сүннеті мен үтір уэжібі оқылады. Ақшам на-мазының парызын оқығаннан кейін сүннетін оқу - мэкрүһ.

 

Шайтанга тас лактыру

(Қажылықтың екінші уэжібі)

Шайтанға тас лақтыру: Қажылардың құрбан айт күнде-рінде Минада бір-біріне жақын арақашықта орналасқан тік­теулі тұрған үш шайтан тасқа кішкентай-кішкентай тас лақ-тырулары - қажылықтың уэжіптерінің біреуі. Бұл тіктеулі тастар: Кішкентай шайтан (жэмра), Орта шайтан (жәмра) жэне Үлкен шайтан (Ақаба жэмрасы).

 

Шайтанга тас лактырудың уақыты

(Шайтанға тас лақтыру уақыты - Кұрбан айттың төрт күні)

 

Айттың алгашкы күні

(Зилхижжаның 10-ы)

Айттың алғашқы күні тек қана Үлкен шайтанға (Ақаба жэмрасына) жеті тас лақтырылады. Алғашқы тас лақтыры-лысымен қажылықтың басынан айтылып келе жатқан «тэл-бия» дұғасы тоқталады. Бұдан кейін тэлбия айтылмайды. Айттың бірінші күні шайтанға тас лақтырудың уақыты — таң атысымен басталып, ертесі күні таң атқанға дейінгі мер-зім. Айттың бірінші күні күн шықпастан шайтанға тас лақ-тыру - мэкрүһ, күн шыққанан кейін түске дейін лақгыру -сүннет, түстен кейін күн батқанға дейін лақтыру - жэйіз (рұқсат етілген), себепсіз күн батқаннан кейін лақгыру -мэкрүһ. Адамдардың тығыздығына байланысты күн батқан-нан кейін лақтыру мәкрүһ саналмайды. Күн батқаннан кейін лақтьфудың мэкрүһ болуының себебі, лақтьфылған тастардың, қараңғы болғандықтан шайтан тасқа тимей қа-луы жэне басқа адамдарға зиян тию қаупі болғандықтан. Бі-рақ қазір арнайы жарыктандыру жүйелері қолданылғандық-тан, аталмыш себептер кездеспей жэне күндіз адам тығыз болғандыктан, күн батқаннан кейін лақтырудың еш мэкрүһ-тігі жоқ.

 

Айттың екінші жэне үшінші күндері

(Зилхижжаның 11-і жэне12-сі)

Айттың екінші жэне үшінші күндері эр үш шайтан тасқа (кішкентай, орта жэне үлкенге рет-ретімен) жеті жетіден -

21 тас лақтьфылады. Бұл күндердегі тас лақтыру уақыты -түстен кейін басталып, ертесі күнгі таң атқанға дейінгі уа-қыт. Бұл екі күнде түске дейін тас лақтыруға болмайды.

 

Айттың төртінші күні (Зилхижжаның 13-ші)

Айттың төртінші күні үш шайтан тастың эрқайсысына жеті-жетіден 21 тас лақтыру абзал, бірақ лақтырмаса да бо-лады. Лақтырылмаған жағдайда барлық лақтырылған тас-тың саны - 49. Ал, лақтырылса, 70 болады. Лақтырмайтын жағдайда, Минадан таң атпай қайту керек, алайда төртінші күні де тас лақтыру уэжіп болып қалады. Минаның Мекке жақтағы шекарасы Ақаба жәмрасы (Үлкен шайтан тас) бо-луда. Сол Ақаба жэмрасынан өту арқылы Минадан шыкқан-ға саналады.

Ханафи мэзһабындағы Имам Әбу Юсуп жэне Имам Мұ-хаммедтің пікіріне сүйенсек, айттың төртінші күні тас лақ-тырудың уақыты түстен кейін басталады. Түске дейін лақ-тыруға болмайды. Ал Әбу Ханифаның айтуынша, таңның атуымен басталып, күн батқанға дейінгі уақыт. Таң атқан-нан күн шыққанға дейін - мэкрүһ, ал, күн шыққаннан түске дейін лақтыру - жэйіз360, түс ауғаннан кейін күн батқанға дейін лақтыру - сүннет.

Төртінші күні тас лактыру уақыты күн батқаннан кейін бітеді. Лақтырылмай қалған эр күннің тасын сол күні күн батқанға дейін лақтыру - уэжіп.

Рұқсат.

Лақтырылатын тастарды Муздэлифэдан немесе Мұхас-сир жолынан немесе нэжіс (лас) болмаған кез келген жер-ден жинауға болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұйрығы бойынша, Ибну Аббас тастарды Муздэлифэдан жинаған.

Шайтанга тас лаңтырудың дүрыс орындалу шарттары

1. Тастарды өз қолымен лақтыру. Тастарды қүралмен атуга немесе лақтырмай қолдан-қолға беріп, шайтан тастар-дың үстіне қоюға болмайды.

2. Ханафи мэзһабында лактырылатын нэрселердің тас немесе кұрғаған балшық сияқты топырақ түрінен болуы. Шафиғи мәзһабында тек қана тас лақтырылады.

3. Жеті тас бөлек-бөлек лактьгоылуы тиіс. Барлығы бірге лақтырылса, бір тас болып есептеледі.

4. Тастарды тігілген шайтан тасқа тигізу немесе айнала-сындағы белгіленген орынға түсіру.

5. Лақтырылған тастар белгіленген орынға лақтырушы-ның іс-эрекетімен жетуі. Мысалға, тас лақтырылған уақыт-та біреудің денесіне тиіп, сосын ол адам тасты ары қарай лақтырып жеткізсе, дұрыс емес. Қайтадан лақтыру керек. Жерге тиіп немесе бір нэрсеге соғьшып барып белгіленген орынға тиіп немесе түсіп жатса, дұрысқа есептеледі.

6. Тастарды арнайы белгіленген уақытта лақтыру.

7. Шамасы жеткендердің тастарды өздері лактыруы. Тұ-
рып намаз оқи алмайтындай дэрежедегі аурулар орындары-
на басқа біреуді өкіл етіп, лақтыртуларына болады.

 

Шайтанга тас лаңтырудагы сүннеттері

1. Тастарды 3-4-5 метр арақашықтан лақтыру

2. Жеті тасты бірінен кейін бірін лақгыру

3. Айттың 2,3,4-ші күндері, бірінші - Кішкентай шайтан тасқа, екінші - Орта шайтан тасқа, үшінші - Үлкен шайтан тасқа жеті-жеті тастан лақтыру

4. Әрбір тасты лақтырған сайын «Бисмиллани, Аллану экбар, рагман лиш-шайтани уа хизбин» деп айту. Мағына-сы: «Аллаһ ұлы, шайтан және оған ергендер қаламаса да».

5. Лақтырылатын тастардың жүгеріден үлкен, жаңғақтан кішкене болғаны дұрыс.


6. Тастарды айттың алғашқы күні түске дейін, қалған күндері түстен кейін күн батқанға дейін лақгыру

7. Кішкентай жэне Орта шайтан тастарға тас лактырған-нан кейін бір шетке түрып, эке-шешесіне жэне діндес бауырларына дүға жасап, тілек тілеу.

8. Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тастарды Меккені оң жағына алып, Минаны сол жағына алып лақты-рады. Қалған екі Орта жэне Кіші шайтан тасқа тастарды кез-келген жақтан лақтыруға болады.

 

Шайтанга тас лаңтырудың мәкрүнтері

1. Белгіленген орынға жетпей қалған тастарды алып қайтадан лақтыру

2. Шайтан тастан басқалардың лақтырған тастарынан жинап алып лақтыру

 

3. Нэжіс тиген тастарды лақгыру

4. Бір тасты сындырып, бірнеше тас жасап лақтыру

5. Бір шайтан тасқа бір күнде жетіден артық тас лақтыру

6. Шайтан тасқа аяқ киім, шүберек сияқты нэрселерді
лақтыру

 

Шайтанга тас лаңтыруда өкілдік

Ислам - жеңілдік діні, сондықтан түрегеп түрып намаз оқи алмайтындай дэрежеде ауру не кэрі кісілер өздерінің орнына басқа адамды өкіл жасап, лақтыртуларына болады. Өкіл адамдар бірінші өздері үшін лақтырып, содан кейін басқасының орнына лақтырады. Бірақ, күндіз лақтыра алма-ғандар түнде лақтыра алатын боЛса, күндіз басқа біреуге лақтыртуға болмайды. Түнде өздері лақтырады.

Лаңтырылмай ңалган тастардың ңазасы бола ма?

Уақытында лақтырылмаған тастардың тас лақтыру күн-дері қаза етіліп, лақтырылуы уэжіп. Тас лақтыру күндері айттың төртінші күні күннің батуымен аяқталады. Төртінші күні күн батқаннан кейін лақгырылмаған тастар қаза етіл-мейді. Әбу Ханифаның айтуынша, лақтырылмаған тастар айттың төртінші күні күн батқанға дейін қаза етілсе де, жаза өтеу түспейді. Ал Имам Юсуп пен Имам Мүхаммедтің айтуларынша, жаза түседі.

Сафа, Мәруа төбелерінің арасында жүгіру

(қажылықтың үшінші уэжібі)

Сағи (араб тілінде) - шапшаң жүру, жүгіру деген мағы-наны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы: Мэс-жидул-Харам жақта орналасқан Сафа және Мэруа төбелері-нің арасында Сафа төбешігінен бастап, Мэруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш рет қайтып келу. Сафадан Мэруаға бару - бір рет, Мэруадан Сафаға қайтып келу - та-ғы бір рет болып есептеледі.

Сафа мен Мэруаның арасында сағи ету - қажылық уә-жіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 158-ая-тында: «Сафа және Мәруа Аллаһтың нышандарынан, кімде-кім қажылық немесе умра жасау ниетімен Қағба-ны зиярат етсе, Сафа мен Мәруаны тауап етуінде күнә жоқ», - деп сағидің маңыздылығын білдірген.

Қажылық үшін жасалған сағи - қадум яки зиярат тауап-тарынан кейін орьгядалатыны сиякты, умра үшін жасалатын сағи, умра тауабыңан кейін жасалады. Сағи әрқашан тауап-тан кейін істеледі. Сағиді тауаптан кейін дереу жасау -шарт болмағанымен өте маңызды сүннет.


 

Сафа, Мәруа төбелері және зәмзәм суы

Ибраһим (а.с.) Аллаһ Тағаланың бұйрығымен зайыбы Ажар анамызбен емшектегі баласы Исмайылды қазіргі Зэм-зэм кұдығының орналасқан жеріне экеліп тастап кетті. Ол уақытта қазіргі Мекке қаласының орналасқан жерінде ішер судың жоқтығынан тірі жан мекендемейтін-ді. Ибраһим (а.с.) зайыбы мен ұлы Исмайылға қорек ретінде азғантай кұрма мен су тастап, Аллаһ Тағалаға деген тәуекелін берік ұстап, ол жерден ұзақтай түсті. Қорек пен суға тапшы мына шөлде Ажар анамыз бен баласы Исмайылға өмір сүру күн-нен-күнге қиындай түсті. Бірақ өздерін сол жерге қалдырып кетуді жаратқан иелері Аллаһ Тағаланың өзі бұйырған бол-са, Ажар анамыздың бостан-бос қам жеп, уайымдауы орын-сыз еді. Өйткені, элсіз кұрт, кұмырсқа сияқты жэндіктерге ризық берген Аллаһ оларды жапан далаға тастап, ұмыт қал-дыруы мүлдем мүмкін емес. Міне, сондықтан Ажар анамыз: «Аллан Тагала бізді коргайды, мына сусыз шөл далага бізді жалгыздан жалгыз, жәрдемсіз тпастамайды» - деп, ¥лы Жаратушысына деген сенімін берік ұстап, пайғамбарша тэуекел етті. Уақыт жылжыған сайын Ибраһимнің (а.с.) тас-тап кеткен азғантай суы таусылып, жас сэби Исмайьш су сұ-рап жылай бастады. Ана байғұс сэбиінің шырылдауына ша-ра таба алмай шарқ ұрып, зьф жүгіруде. Анасы басқа не іс-тесін, емізейін десе, омырауында сүт жоқ, су берейін десе, тамызықтай су да тапшы. Баласы Исмайылдың шырыл-дауьша шыдап тұра алмаған ана өтіп бара жатқан тірі жан-ды кездестіріп қалармын деген үмітпен Сафа төбесіне шық-ты. Бірақ ешқандай тірі жанның қарасы көрінбегеннен кейін Сафа мен Мэруа төбешіктерінің арасында алқынса да, «үмітсіз шайтан» дегендей ерсілі-қарсьшы жүгіре бастады. Мэруа төбешігіне жетінші рет шыққан кезінде құлағына беймэлім бір дауыс естіліп, қалт тоқтайды. Ажар анамыз: «Ей, дауыс иесі! Бізге даусыңды естірттің, егер бізге кө-мектесе алатындай күшің болса, көмектес», — деді. Ажар анамыздың осы мінэжаты бітісімен Зэмзэм бұлағының жа-нында періште Жебірейіл (а.с.) көрінді. Жебірейіл (а.с.) жерді қазып жатыр екен. Әне-міне дегенше су көрініп, аға бастады. Бұл құбылысқа қатты қуанып кеткен Ажар анамыз су ақпасын деген мағынада «зэм-зэм» дейді. Судың аддын бекітіп, кішігірім хауыз жасады. Ыдысына су алған сайын, орнына су қайнап шыға берді. Ыдысты суға толтырғаннан кейін мүбэрак судан қанып ішіп, ұлы Исмайылды емізе бас-тады. Жебірейіл (а.с.) Ажар анамызға былай деді: «Жоц бо-лып күрып кетеміз деп цорыцпаңдар. Міне, мына жер — Бәйтуллантың (Қагбаның) орны. Оны мына сәби мен әкесі салады. Аллан Тагала бүл үйді салатындарды зиянга үшы-ратпайды».

Міне, Зэмзэм суының шығу тарихы осылай. Қазіргі кез-дегі қажылардың Сафа мен Мэруа төбелерінің арасында жүгірулерінің хикметі - Ажар анамыз бен ұлы Исмайылдың басынан өткен осы бір ғибратты оқиғаны сезіну жэне жан-дандыру.

Зэмзэм суы - мүбэрак жэне киелі су. Пайғамбарымыз (с.а.у.) зэмзэм суының қасиеттері жайында:

{іі Ър» & $0 аі} «Зәмзәм суын цандай мацсатпен ішетін

болса, сол мацсатца пайдалы» - деген. Яғни ауруыма шипа болсын деп ішсе ауруына шипа, азық болсын деп іш-се, азық болады. Ажар анамыз бен ұлы Исмайыл ұзақ уақыт басқа азық жеместен зәмзәм суымен қоректенген.

***

 

 

Кутубу-ситта, 923/6910.

Сағидің дұрыс орындалу шарттары

1. Сағидің қажылық немесе умра үшін ниет етіп, тэлбия
айтып, ихрамға кіргеннен кейін жасалуы. Қажылық ғибада-
тын атқарушыға айттың алғашқы күнінен бүрын ихрамнан
шығуына болмайды. Егер қажылық үшін жасалатын сағиді
Арафатта тұрудан бұрын жасаса, ихраммен жасаған болады.
Ал Арафаттан қайтқаннан кейін шайтанға тас лақтырып,
қүрбан шалғаннан соң жасаса, ихрамнан шығып та
жасауына болады.

Умра үшін істелетін сағиді ихрамнан шықпай тұрып жа-сау - уэжіп. Умра тауабын орындап, сағиді жасамастан ша-шын алып немесе қысқартқан жағдайда ихрамнан шыққан болады. Ихрамнан шығып қойғаннан кейін жасалған умра сағиі дұрыс деп есептелінеді. Бірақ умра сағиін ихрамнан шықпай түрып жасау - уэжіп болғандықтан, жаза өтейді.

2. Қажылық үшін істелетін сағидің қажылық айларында жасалуы.

3. Дұрыс орындалған тауаптан кейін жасалуы. Дүрыс орындалған тауап - жүніп, хайыз, нифас күйінде жасалма-ған тауап.

4. Тауаптағы жеті айналымның кем дегенде төртеуінің орындалған болуы. Төрт айналымнан кейінгі жасалмай қал-ған эр айналым үшін жаза ретінде садақа беру керек.

5. Сағиді Сафа төбесінен бастау.

 

Саги уәжіптері

1. Сағидің жаяу жасалуы. Ауру немесе кэрілікке байла-нысты сағи жасай алмайтындар арнайы арбамен жасаула-рына болады.

2. Сағидің жеті шаут жасалуы (Сафадан Мэруаға бару -бір шаут, Мэруадан Сафаға кері қайту - бір шаут)

Саги сүннеттері

Басқа ғибадаттар сияқты сағидің де сүннеттері бар. Бұл сүннеттерді орындау - үлкен сауапты іс. Бірақ істелмей қал-ған жағдайда күнэ болмайды.

1. Тауаптан кейін сағиді орындау. Яғни, тауап намазын оқығаннан кейін дереу сағиға бастау.

2. Сағиді дэретпен жасау

3. Денесінде немесе үстінде намазға кедергі болатындай нэжіс болмау

4. Сағиді бастамас бүрын қара тасқа сэлем беру

5. Әр жүгірісте Сафа және Мэруаның Қағба көрінетіндей жеріне шығу

6. Әр жүгірісте Сафа жэне Мэруада жүзді кұбылаға бұ-рып, тэкбір, таһлил айтып, дұға жасау

Тэкбір дегеніміз: {'_£ Щ«Аллану экбар» деп айту, ал, таһ-лил болса:

{'УЛ ^ у > 3 іікіі І1 3 ІДІІІІ іі іі^ V -IV! іі\ 4}

«Лә иләнә иллаллану уахдану ла шәрика лән, лэъул-мулку уэ лэнул-хамду уа нуа 'ала кулли шайин ңадир» -




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 463; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.