КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Ислам гылымхалы 11 страница
Аллаһ бұл дүниені адамдардың барлығына толық жете-тіндей нығметтерімен безендірген. Сол нығметтерді эділ бөліске салмаған мына дүниеде көптеген қиыншылықтар кездесуде. Соньщ кесірінен ат төбеліндей ғана топ рахат өмір сүріп, жай халықтың көбі қиыншылық ңен жоқшылықтан көз ашпауда. Міне, зекет - кірістің тараты-луындағы осы теңсіздікті жойып, эділеттікті орнататын, байларға жүктелген сауабы мол, мэні зор гибадат. Қысқасы,
һайсәйми, Мажма'уз-зэуайд, 3/62.
Зекет с7^раб тілінде зекет - көбею, өсу, берекеттену, тазалық сияқты мағыналарды білдіреді. Ал зекеттің шариғаттағы терминдік мағынасы: Нисап* көлеміне жететін байлыққа ие болған мұсылманның байлығының белгілі бір бөлігін жы-лына бір рет Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін Қүранда бел-гіленген адамдарға иелендіруі. Бүл ғибадаттың зекет деп аталуы - қалған байлықтың көбеюіне, берекеттенуіне эрі берушісінің күнэдарынан таза-руына себеп болғандығынан.
Зекеттің пайдалары мен хикметтері 1. Аллаһ Тағала Қүранда өзінің эмірлерін орындап, тый-ған тыйымдарын жасамаған құлдарын ақыретте сый-сыя-патқа кенелтіп, өзінің мейіріміне бөлейтіндігі турасында сөз беріп, уэде еткен. Зекет те Аллаһ Тағаланың бүйырған эмір-лерінің біреуі, сондықтан орындаушысы уэде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Аллаһтың ризашылыгына шомары сөзсіз. Сонымен қосаб зекет - «Тэубе» сүресінің 103-аятында біл-дірілгендей күнэлардың кешірілуіне себеп. «Олардың мал-дары көбейіп және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұ-сылмандардыңмалдарынан садака ал». 2. Жалпы адам баласының бойында дүние-мүлік, бай-лыққа деген қомағайлық пен қанағатсыздық жэне байлығы-мен басқаларға тэкаппарлану, паңдану сияқты жаман сипат-тар бар. Зекет ғибадаты адамды осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық, тэкаппарлық сияқты жиіркенішті қылықтар-дан сақтап, кішіпейілдік, жомарттық жэне кеңпейілдік сияқ-ты жақсы сипаттарға тэрбиелеп, баулиды. Байлығының бір бөлігін тек қана Аллаһ ризашылығы үшін пақыр отандаста-ры мен діндестеріне тегін беретіндей көңілге ие болған мү-сылман баласы эрқашан елін, халқын, отанын ойлайтын азаматқа айналары сөзсіз. 3. Зекет - қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы байла-нысты жақсартып, бауырмалдыққа тэрбиелейді. Мэселен, кедейлерге мейірімділік танытып, жағдайларына қарасқандықтан кедей де байларға күрметпен қарап, олар-дың дүние-мүліктеріне сүқ көзденбейді. Қызғанып, қастан-дық ойламайды. Осылайша қоғам бақытты, сенімді ғүмыр кешеді. 4. Зекет - қоғамдағы кедей-кепшіктердің орташа өмір сүрулеріне ықпал жасап, мемлекетті элсіздіктен сақтайды. 5. Зекет - капиталдың тек қана байлардың арасында айналып түратын күш болуына бөгет жасайды. Пайғамба-рымыз (с.а.у.) «Зекет-Исламның көпірі»335 - деп, элеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінудің зекет арқы-лы бір дастарқан басына жиналатындығын ишарат етуде. Өйткені, зекет - бай мен кедейді жақындастыратын маңыз-ды ғибадат. Ислам діні «Өзім тоц болсам болды, өзгенің өмірем капканында шаруам жоц» немесе «киындыгын сен көр, цызыгын мен көрейін» - деген сияқты қара басын ғана ой-лайтын өзімшілдікке қарсы шығу арқылы бай-кедей ара-сындағы қайшылықтардың алдын алады. Аллаһ бүл дүниені адамдардың барлығына толық жете-тіндей нығметтерімен безендірген. Сол нығметтерді эділ бөліске салмаған мына дүниеде көптеген қиыншылықтар кездесуде. Соның кесірінен ат төбеліндей ғана топ рахат өмір сүріп, жай халықтың көбі қиыншылық пен жоқшылықтан көз ашпауда. Міне, зекет — кірістің тараты-луындағы осы теңсіздікті жойып, эділеттікті орнататын, байларға жүктелген сауабы мол, мэні зор ғибадат. Қысқасы, һайсэйми, Мажма'уз-зәуайд, 3/62. зекет - хадисте айтьшғандай, байдың мейірімділігін, кедей-дің кұрметін тудыратын, оларды өзара дэнекерлейтін иләһи көпір. 6. Зекет ғибадаты - Аллаһ Тағала берген байлыққа деген 7. Зекет пэле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан сақ- 8. Зекет - қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-сулау, адам
9.Барлық мүшесімен бірге қоғам бүтін саналады. Әркім өзіне кіріс кіргізу барысында қоғамның басқа мүшелерінен тікелей немесе жанама түрде пайдаланады. Байдың байлы-ғының пайда болуыңда қоғамның да ықпалы бар екеніне кім дауласар? Қоғамнан тыс жапан далада жеке басы өмір сүргенде қолындағы байлығы пайда болар ма еді? Сондық-тан байдың байлығында кедейдің де есесі бар екенін ұмыт-пағанымыз жөн. Беретін зекетіміз - өмір сүріп жатқан қоға-мымызға деген рақметіміз бен бізге сол байлық нығметін нэсіп еткен ¥лы Жаратушымызға шүкіріміздің белгісі. 10. Шайтан адамды «Зекет берсең, аш - жалаңаш, кедей Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде берілген садақаның байлықты азайтпайтынын айтады: «Садака малдан ештеңе азайтпайды».339 11. Зекет берген адамның жан жүрегін, ішкі сезімін кере- Зекеттің мұсылмаңдарды жалқаулыққа, масылдыққа, жа-тып ішерлікке тэрбиелеп дағдыландырмайтындығын айта кеткеніміз жөн болар. Өйткені, Пайғамбарымыз: '& ДОііЗІ}
Бақара сүресі, 268-аят. Бақара сүресі, 276-аят. Муслим, бирр/69. {і^і—ЛдЗі «Берген қол - алган қолдан қайырлы» - деп мұсыл-мандарды эрқашан тер төгіп, еңбек етуге шақырады.
Зекет гибадатының үкімі Зекет ғибадаты Ислам дініндегі негізгі бес ғибадаттың ішінен орын теуіп, һижреттің екінші жылы Рамазан ораза-сынан кейін Шэууал айында парыз болды.
Парыздыгының дэлелдері (Құран Кэрім, Сүннет, Ижмағ)
1. Құран-Кәрім: «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер...»340 «Олардың кү-нәларынан тазаланып, малдары көбейіп берекеттенуі үшін олардың (мұсылмандардың) малдарынан садақа (зекет) ал...»341 «Шын мәнінде садақалар (зекеттер) ке-дей-кепшіктіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жи-науға тағайындалған адамдарга, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға т.б.), құлдар-ды азат етуге, қарызға батқандарға, Аллаһ жолына жә-не қиналган жолаушыларға берілуі Аллаһ тарапынан парыз етілді».342
2. Сүннет Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Ислам діні бес негізден түрады: Аллантан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мүхаммедтің (с.а.у.) Аллан тарапы-нан жіберілген елші екендігіне куәлік келтіру, намаз оқу, зе-кет беру, Рамазан оразасын үстау, шамасы келсе қажы-лыққа бару» 343 З.Ижмағ* Жаппай барлық Ислам ғұлама, мүштаһиттері зекет ғиба-датының парыздығына бірдей көзқарас білдірген. Тіпті са-хабалар зекетті бермейміз дегендерге қарсы соғыс апгу ке-рек деген пікір айтқан. Кімде-кім зекет ғибадатының парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Ал, парыздығын қабылдагі орындамаса, кү-нэкар болады. Байлыгының зекетін өтемегендердің ақырет күні тартатын азабы Қолдарындағы байлықтарының зекетін бермеген адам-дардың ақыретте тартатын азаптарының өте ауыр екендігі туралы Әбу һурайрэ Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай деп айтқанын риуаят етеді: «Зекетін бермеген адамның байлыгы ақырет күні ірі жылан пішініне кіреді. Екі көзінің үстінде (қорқынышты-лыгының белгісі ретінде) қап-қара екі домалақ дагы бар. Осы жылан қиямет күнінде иесінің мойнына оралады. Со-сын аузымен иесінің екі жагынан үстап: «Мен сенің дү-ниедегі (қатты жақсы көрген) байлыгыңмын, мен сенің (жинаган) қазынаңмын, — дейді. Сосын Пайгамбарымыз (с.а.у.) мына аятты оқыды: «Аллаһтың кеңшілігінен өз-деріне берілген нәрселерін (басқаларға бермей) сараң-дық істегендер бұл істерін өздеріне қайырлы деп ойла-масын. Жоқ, тіпті (бұл істері) өздері үшін ең үлкен жа-мандық. Ақырет күні сараңдық жасаған дүниелері мойындарына оралады»344 Басқа бір аятта Аллаһ Тағала сарандарды ақыреттің күйзелтуші азабынан былай деп ес-кертеді: Бақара сүресі, 34,83-аят. Тэубе сүресі, 103-аят. Тэубе сүресі, 60-аят. Тирмизи, Иман,36; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман, 217. «Алтын, күмісті жинап, оны Аллаһтыц жолыцда жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. Жи-налған алтын мен күміс тозақ отында қыздырылып, онымен мацдайлары, қабырғалары және арқалары тац-баланатын қиямет күні оларға: «Міне, мынау - өздерің үшін жиған дүниелерің. Ал енді қанеки, жинағандарыц-ның дәмін татыңдар!».345
Зекетті өтемегендердің дүниедегі тартатын жазасы Зекетті өтемегендер бүл дүниеде жоқшьшык пен аштық-қа кіріптар болады. Пайғамбарымыз бүл турасында былай дейді: «Зекет бермеген қауымдарды Аллан Тагала міндетті түрде жоқшылық пен аіитыққа ұшыратады». Басқа бір хадисінде былай дейді: «Байлықтарының зекетін бермесе, көк жаңбырынан құр қалады. Жан-жануар болмаганда олардың үстіне жаңбыр жаумас еді».
Зекет кімдерге парыз? Зекеттің белгілі бір адамға парыз болуы үшін төмендегі шарттардың орындалуы тиіс.
1. Мүсылман болуы Басқа ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында да беруші адамның ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен, азат мұ-сылман болуы шарт. Мұсылман мемлекетінде өмір сүретін басқа дінді ұстанушыларға жэне балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге зекет беру парыз емес. Ханафи мәзһабынан тыс басқа мэзһабтарда балиғат жа-сына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге де зекет беру парыз. Олардың малдарының зекетін уалийлері бе-реді.3 6
2. Нисап көлеміне жететін немесе одан да көп байлыққа ие болу Зекеттің парыз болуы үшін күнделікті тіршілікте қолда-нылатын негізгі қажеттер мен қарыздардан тыс, нисап көле-міне жететін байлыққа ие болуы керек. Нисап дегеніміз -зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері.
Зекеті берілетін байлықтың түрлері мен зекет бе-руді парыз ететін нисап көлемі 1. Алтында: жиырма динар, яғни, 85 грамм 2. Күмісте: екі жүз дирһам, яғни, 595 грамм 3. Түйеде: бес 4. Сиырда: отыз 5. Қой мен ешкіде: қырық 6. Сауда заттарында: 85 грамм алтын немесе 595 грамм күмістің құнына тең болса. 7. Ақшада: 85 грамм алтын немесе 595 грамм күмістің кұнына тең болса 8. Бау-бақша жэне егіс өнімдері Күнделікті тіршілікте ңолданылатын негізгі қажеттерге нелер жатады? 1. Тұратын үйі, үй жиһаздары мен аспаптары; 2. Ғылым адамдарының кітаптары мен өнер адамдары-ның аспаптары; 3. Өзі жэне эйелі, балаларына жететен бір айлық (басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері; 4. Өзі жэне отбасының киетін киімдері;
Тәубе, 34-35. 5. Дэрі-дэрмектер. Дінімізде денсаулықты сақтау парыз саналғандықтан отбасыға күтімге міндетті адамдарға қажет-ті дэрі-дэрмек, емхана қаржылары негізгі қажеттіліктерге саналып, олардан зекет алынбайды 6. Егістікпен шаруашылықпен айналысатын адамдардың трактор, комбайн сияқты құралдары мен аспаптарынан зе-кет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен басқаларға жұмыс істеп, ақша табатын болса, тапқан ақшадан зекет алынады.
3. Зекеті берілетін байлықтың өсімділігі Зекеті берілетін байлықтың өсімді болуы оларды күнде-лікті өмірде қажетімізге қолдану мақсатымен емес, иесіне кіріс кіргізу мақсатымен қолға ұсталуы. Мысалға, сауда зат-тарының сауда жасау арқылы, мал-жануарлардьщ төлдеу арқылы, егіс, бау-бақшаның жеміс беру арқылы иесіне кіріс кіргізуі сияқты. Алтын, күміс, ақша, әшекей бұйымдармен сауда жасап, кіріс кіргізуі мақсат етілмесе де, олардан зекет беру парыз. Яғни, олардың өсімді болуы шарт емес.
4. Зекеті берілетін байлыққа бір жыл толуы Зекеті берілетін байлыққа ай санауымен бір жыл толуы керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Бір жыл толмай байлықка зекет берілмейді»347, - дейді. Бір жыл - зекеті бірілетін дүние, малдардың көбейіп, өсетін уақыты. Жыл толу мэселесінде Имам Әбу Ханифаның көзқарасы-на сүйенсек, зекеті берілетін байлық екіге бөлінеді. а) Алтын, күміс, барлық ақша түрлері жэне жылдың кө-бінде қырда жайылатын малдар мен сауда заттары. ә) Барлық егістік, бау-бақша өнімдері мен қазба байлық-тар.
Бірінші бөлімдегі зекет берілетін заттар мен дүние-мүлік, малдардың зекеті берілу үшін толық бір жыл толуы шарт. Өйткені, малдардың төлдеп, сауда заттарының кіріс кіргізе-тін уақыты кем дегенде бір жыл. Ал екінші бөлімдегі зекеті берілетін дүниелердің зекеті берілуі үшін бір жыл толуы шарт емес. Өйткені, егіс пен бау-бақшадан бірнеше айда өнім алуға болады. Сол сиякты қазба байлықты бір жылда бірнеше рет алуға болатындықтан, бұларға нисап мөлшері мен бір жыл толу шарты қосылмайды. Ал Әбу Юсуп пен Мұхаммедтің бұл мэселедегі көзқарасына сүйенсек, шама-мен бір тоннаға жетпейтін жэне қолда бір жыл сақтауға шы-дамайтын егіс өнімдері мен жеміс-жидектерден зекет альга-байды. Зекет парыз болу үшін ханафи мэзһабында нисап көлемі жылдың басында әрі жьшдың аяғында толық болуы шарт. Мысалға, бір адам негізгі қажеттерінен тыс 100 грамм ал-тынға ие болса, бір жыл толғаннан кейін 50 грамға азайса, бұл адамға зекет беру парыз емес. Бірақ жылдың ортасында азайып, жылдың аяғында нисап көлеміне қайта жетсе, зекет беріледі. Мысалға, алты айдан кейін 50 грамға азайса, бірақ жылдың аяғында 120 грамға шықса, жылдың басындағы 100 грамның немесе жылдың ортасындағы 50 грамның зе-кеті берілмей, жылдың аяғындағы 120 грамның зекеті бері-леді. Зекеті берілетін байлық, мал-дэулет бір жьш толғаннан кейін көбейіп өссе, көбейген бөлімінің зекеті дэл сол жылы берілмейді. Көбейген бөлімінің зекеті келесі жьшы дэл сол уақытта беріледі. Мысалға, бір адамның қолында өткен жьшғы Рамазан айының он бесінде 100 мың теңге болса, бұл көлем биылғы жылы Рамазан айының он бесіне дейін 140 мың теңгеге көбейіп, Рамазан айының жиырмасында 160 мыңға жетсе, 140 мың теңгенің ғана зекеті сол жылы беріледі. Зекеттің парыз болуы үшін малға бір жыл толуы керек дедік, бірақ пақыр кедей-кепшіктердің жағдайын ойлап, бір жыл толмай да зекет бере беруге болады. Бірақ бір жылда екі рет зекет берілмейді. 5. Қарыз болмауы Адамдарға болған қарыздың барлық түрі - зекеттің па-рыздығына бөгет жасайды. Мысалға, бір адам негізгі қажет-терінен тыс 100 грамм алтынға ие болды делік. Бірақ бүл адамның басқа біреуге 20 грамм көлемінде қарызы болса, бүл адамға зекет парыз емес. Өйткені, қарыздан тыс қалған малдың мөлшері нисап көлеміне (85гм шамасындағы ал-тынның қүны) жетпейді.
Алдыңгы бір жыл немесе бірнеше жыл үшін берілмеген зекет есесі қарызга жата ма? Бір жыл немесе бірнеше жыл үшін берілмеген зекет есесі қарыз болып саналады жэне міндетті түрде өтелуі тиіс. Өтелгеннен кейін қалған ақшаның қүны нисап мөлшеріне жетіп жатса ғана сол жыл үшін зекет беріледі.348
Қарыз иесі борыштының ңарызын кешкен жагдайда... Қарыз иесі қарызын борыштыдан кешкен жағдайда, ке-шілген қарызды қосқанда барлық ақшасының мөлшері ни-сап мөлшеріне жетіп жатса, зекет беру парыз. Қарыз иесі қарызын кешкен күнге бір жыл толғаннан кейін зекет бере-ді. Құрбандық, пітір садақа, кэффарат, қажылық сияқты мүсылманның мойнындагы қарыздар зекеттегі нисап мөлшеріне эсерін тигізе ме? Аталмыш қарыздар Аллаһ пен қүдцарының арасында болғандықтан, зекеттің нисап мөлшеріне эсерін тигізбейді. Мысалға, біреудің байлығы нисап мөлшеріне жетіп түрса, бірақ мойнында аталмыш қарыздары болса, және бүл қарыздарды өтеген жағдайда, қалған ақшасы нисап мөлшеріне жетпей қалса да зекет беру парыз болып қала береді.
6. Зекеті берілетін байлыққа толық ие болу Зекеті берілетін байлыққа зекет беруші адам толық ие болуы керек. Яғни, иесінің иелігінде жэне қолында түрып, қалаған уақытта қолдана алатындай мүмкіндікте болуы ке-рек. Мысалға, басқа біреуге кепілдікке берілген затқа зекет берілмейді. Өйткені, кепілдікке берілген зат, иесінің иелі-гінде десек те қалаған уақытында қолдана алмайды. Сатып алынып, элі қолына тие қоймаған затқа зекет бері-леді. Өйткені, сатып алынған заттың сатып алған адамның қолына тию пайызы басымырақ.
Табылган дүние, байлықңа жогалган жылдары үшін зекет беріле ме? Жоғалып, қайта табылған дүние, байлыққа жоғалған жылдары үшін зекет берілмейді. Пайғамбарымыз хадисінде былай деген: «Димар малга зекет берілмейді».349 Димар мал дегеніміз: иелігінде бола түра қайта қайтып, қолына тиюі үміт етілмеген зат, байлық, яғни, иелігінде бола түра қолда-нылуы мүмкін емес дүние.
Зекеттің дүрыс орындалуы үшін қрсылган шарттар 1. Ниет Жалпы ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында да ниет ету шарт. Зекетті басқа нэпіл садақалардан ерекшелендіретін де осы ниет екені сөзсіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде былай деген: «Барлық амалдар ниетке байланысты».350 Зекет есесін кедейлерге
Фатауий һиндия. МаликМуатта, 18. Муслим, Имара, 155. Бухари, Бэдул - Уахи, 1. берген уақытта немесе зекет есесін бөлген уақытта бұның зекет екендігін жүрегімен ниет ету керектігі туралы төрт мэзһаб ғалымдары бір көзқараста. Тілмен ниет ету шарт емес. Кедейге зекет беру ниетімен бір нэрсе берген уақытта көңіліне келмес ушін бұл саған берген сыйлығымыз деп, тапсырса зекеттің дұрыстығына еш зиян келтірмейді. Зекет берілген адам да өзіне тапсырьшған зекеттің зекет екенін біліп-білмеуі маңызды емес. Басқа мұсылмандарға үлгі болу үшін зекетті жария түрде берген жөн. Бір нэрсені кедейге берген уақытта зекет ниетімен бер-мей, сосын барып берілген зат жылдық зекетімнің орнына жүре берсін деп ниет еткен жағдайда, берген нэрсесі элі жұмсалмай кедейдің қолында болса, зекеті ретінде қабылда-нады. Ал, егер жұмсалып кетсе, қайта зекет беруіне тура ке-леді. Бір адам зекет есесін бөліп қойғаннан кейін жоғалып, үр-ланып немесе басқа бір жағдаймен жойьшып кетсе, зекет парызы мойнынан түспейді. Өйткені, зекет есесі - кедей-лерге иелендіру арқылы берілген жағдайда ғана зекет ретін-де қабылданады. Бір адам зекетті ниет етпей анда-санда кедейлерге бір нэрселер беріп түрса, зекет парызы мойнынан түспейді. Зекет тек қана Аллаһ ризашылығы үшін берілуі тиіс. Зе-кетті адамдарға көрсету үшін немесе мақтану үшін беруге болмайды. Берген зекетін міндетсіп, паңданатындардың зе-кеті Аллаһтың алдында қабыл болмайды. «Бй, иман еткендер! Аллаһқа және ақырет күніне сен-бестен, тек қана адамдарға (мақтанып,) көрсету үшін мал жүмсаған адамдарға үқсап, берген садақаларыңды (берілген адамға) міндетсіп, ренжіту арқылы бүзбаңдар! Оның (берген садақасын міндетсіп, берген адамдарды ренжіткендерің) мысалы, үстінде топырағы бар тайға-нақ тас сияқты, оған нөсер жауа қалса (топырағын шайып), қүр тас күйінде қалдырады. Бүндай адамдар іс-теген ешбір істерінің сауабы мен қарымын ала алмайды. Аллаһ қарсы келген елді тура жолға сал-майды».351
2. Иелендіру (тамлик) Зекет ғибадатының дүрыс болуының тағы бір шарты -зекет есесін Күранда белгіленген адамдарға иелендіру ар-қылы беру. Сондықтан дастарқан жайып, кедейлерге тамақ беру зекет емес, жай ғана садақа ретінде есептеледі. Өйтке-ні, тамақтандыру кедейлердің тамақ жеулеріне рүқсат қана болып, иелендіру деп есептелмейді.
Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 485; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |