Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 10 страница





ішу, темекі шегу. Бұлардың барлығы тамаққа кеткен кезде эрі қаза, эрі кэффарат керек. Бірақ азықтар ауызда езіліп, жүлылмайтын болса, дэмі де тамақтан өтпесе, ораза бү_зыл-майды. Сонымен қатар, біреуді ғайбаттағаны үшін қан ал-дырғаннан кейін немесе сүйіскеннен кейін ораза бұзылды деп ойлап, эдейі жеу де кэффаратты қажет қьшады. Сол се-кілді аузындағы жаңбыр тамшыларын эдейі жұту кэффарат-ты қажет еттіреді. Тұз жеу де осындай. Бұл жайлы Хазіреті Әлидің риуаят еткен мына хадисі дэлел: «Ораза кіргеннен гана бұзылады, шыццаннан емес».

2. Аузы берік жанның зайыбымен жақындасуы. Мұның дэлелі Рамазанның күндізінде эйелімен жақындасқан бір адам Пайғамбарымызға (с.а.у.) білдіреді. Пайғамбарымыз оған кэффарат үшін бір құл азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан үзбей ораза ұстау керектігін яки оған да күші жетпесе алпыс жоқ-жітікті тойдыру қажеттілігін айта-

310 г • -

ды. Ькі аи ораза ұстауға шамасы жеткен адам жоқ-жтк-терді тойдыру мүмкіндігін кэффарат жолына пайдалана ал-майды.

 

Оразаны бұзбайтын жагдайлар

1. Үмытып ішіп-жеу немесе білмей жыныстық қаты-наста болу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы бе-рік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толыцтыр-сын. Өйткені, оган жегізген де, ішкізгенде — Аллан».311 Бас-қа бір хадисте: «Рамазанда ұмытып оразасын бұзган адам-га цаза да, кәффарат та керек емес»312 - делінген. Үмыт-қан адам есіне түскен кезде дереу тоқтатуы керек.

2. Бір адам таңертең жүніп болып түрса жэне кешке дейін де осылай жүніп күйінде жүрсе, оразасы бұзылмайды. Бірақ, элбетте, намаз оқу үшін ғұсыл алу парыз. Аллаһ Кұ­ранда: «Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар», -дейді.

3. Қан алдыру немесе сүлік салдьфу оразаны бұз-байды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қажылықта аузы берік кезін-де қан алдырған3 4.

4. Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.

5. Көзге, құлаққа дэрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.

6. Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткені, мисуак қолдану - сүннет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бірақ ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кір-мей тұрып жуу.

7. Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұл-дырған уақьпта ауыздағы қанды яки дэріні жұтпау шарт.

8. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұз-байды. Бірақ тамакқа кетпеуін қадағалау қажет.

9. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, ора-заға зиян бермейді. Бірақ бұларды эдейі ішіне тартса, ораза бұзылады.

 

10. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нэрсе та-маққа кетсе, ораза бұзылмайды.

11. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқат-тан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, этір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян бермейді.

12. Еріксіз кұсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға ке-дергі жасамайды. Жэне оның еріксіз ішке қайта кетуі де.

13. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан суға ба-тып жүзу қиын болғандықган түспеу абзал.


 


       
   


 
 

Ораза үстай алмайтындардың жагдайы.. *.

Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру -уэжіп. Бүлар ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза үстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. Олар ора-заның орнына эрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір кедейді отыз күн таңда жэне кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. Қүраңца Аллаһ Тағала «Ораза үстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін»,315 - дейді. Ибн Аббас бүл аят жайлы былай дейді: «Аят - кәрі адамдар үшін түскен. Оразаны өтеу - парыз». Дегенмен, кейбір қариялар жоқ-жі-тікті тамақтандыруға шамасы келмесе, Аллаһтан кешірім ті-лейді. «Аллаһ адамға көтере алмайтын жүкті бер-мейді»316.

Сол секілді жазылмайтын науқасқа да фидияның уәжіп болғаны жайлы Ислам фақиһтері арасында ауызбірлік бар. Мұндай адамға ораза ұстау парыз емес. Оған мына аят дэ-лел: «Аллаһ сендерге дінде қиыншылық жасаған

* Ескерту: Құрметті оқырман! Кемелдік қашанда Үлы Жаратқанға ғана тән қасиет қой. Бұл кітаптың бірінші және екінші басылымында қателікпен рамазан оразасын ұстай алмайтындардың беретін фидия мөлшерінің орнына рамазан оразасын эдейі бұзған жандардың кәффарат ретінде беретін фидия мөлшері беріліп кеткен. Біз бұл қателігімізді осы басылымда ғана байқап жөңдедік. Ол үшін оқырмандарымыздан кешірім өтінеміз. 315 Бақара, 2/184. 316 Бақара, 2/186.3 317 Хаж, 22/78.

емес».

Кәффарат түрлері

Қателесіп, эдейі немесе біреудің қинауы арқылы жасал-ған кейбір күнэлардың кешірілуі үшін Исламда өтеу жолда-рының эрбіріне «кэффарат» делінеді. Бұл - эрі ғибадат, эрі осы дүниелік жаза. Фиқһта бес түрлі кэффарат бар.

 

1. Ораза кәффараты

Кімде-кім Рамазанда эдейі ешқандай себепсіз оразасын бұзса, оған кэффарат ретінде бір кұлды немесе күнді азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұс-тауы, егер бұған да күші жетпесе, алпыс жоқ-жітікті тамақ-тандыруы тиіс. Құранда бұл жайлы былай делінеді: «Баста-ған ізгі істеріңді бұзбаңдар»318. Пайғамбарымыз былай дейді: «Кімде-кім Рамазанда оразасын бүзса, оган зинар жасаган адамга тиісті (кәффарат) жүктеледі». Бірақ Ра-мазан оразасынан тыс оразаларға тек қана қаза керек.

2. Қателесіп мұсылманды өлтірудің кәффараты

Қателесіп бір мұсылманды өлтірген адамға «диэт» (кұн) өтеу - уэжіп. Мұнымен қоса оған кэффарат өтеуі тиіс. Ол -бір кұлды азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай бойы үзбей ораза ұстау. Кұранда «Мұсылманға мұсылманды өлтіру -жараспайтын іс-эрекет. Бірақ қателесіп өлтірсе, бір мұсьш-ман құлды азат етуі эрі өлген адамның иесіне құнын төлеуі тиіс»3 9делінеді.

 

3. Зиһар кәффараты

Зиһар - Исламнан бұрынғы дэуірде араб элемінде эйел-дерді талақ етудің бір жолы болатын. Күйеуі эйелін талақ еткісі келсе оған: «Сен маған анамның арқасы секілдісің» немесе «Сен маған анамдайсың» дейтін. Пайғамбарымыз-дың (с.а.у.) заманында да бір сахаба эйеліне ашумен осьшай айтады. Кейіннен Пайғамбарымызға (с.а.у.) мән-жайды тү-сіндіріп, өзінің кэрі эрі бала-шағасына қарайтын шамасы жоқ екенін баян етеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол кезде бүл істің үкімін сүрап, Аллаһқа дүға еткенде, мына аят түседі: «Расында, Аллаһ ері жайында Аллаһқа шағым айтып, сенімен таласқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуініц сөйлескендерін де естиді. Аллаһ - толық естуші және то-лық көруші. Ей, иман еткендер! Сендерден жүбайларын зиһар еткендердің әйелдері аналары емес. Олардың ана-лары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз олар теріс әрі жал-ған сөз сөйлейді. Шынында, Аллаһ - аса кешірімді әрі рақымды. Жүбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан сөздерінен қайтса, әйелінен қосылудан бүрын бір қүл азат етуі керек. Міне, сендерге осы нүсқау берілді. Аллаһ не істегендеріңді толық біледі. Егер қүл таба ал-маса, әйеліне қосылудан бүрын түтас екі ай ораза үста-сын. Оган да шамасы келмесе, алпыс аш кісіні тамақ-тандырсын. Бүл Аллаһқа жэне Елшісіне иман келтіру-лерің үшін. Сондай-ақ осы Аллаһтың шектері. Қарсы болушыларға жан түршігерлік азап бар»320. Бір мұсыл-ман кэффарат ретінде бір күлды босатып, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан ораза үстайды. Бірақ бір ер кісі эйеліне «Сен маған анам секілдісің немесе анама үқсайсың» деуі оның ниетіне байланысты. Егер эйелінің жақсьшығын айтқысы келсе, оған еш нэрсе керек емес. Зиһарды меңзеген болса, зиһар үкімін орындайды. Талақты меңзеген болса, онда «байин» талақ деп есептеледі. Ал егер ешқандай ниеті жоқ болса, бұл сөз айтылмағандай болып қала береді.

 

4. Қажылықта ихрам кезінде шаш алдырудың кәффараты

Құранда қажылықта ихрам киген адамдар үшін белгілі тыйымдар қойылған. Міне, ихрам кезінде уақытынан бұрын шаш алдырмау - осы тыйымдардың бірі. Сондыктан ихрам кезінде бір адам басының төрттен бірін немесе одан көбін не сақалының төрттен бірін алдырса, жаза ретінде бір құр-бан шалуы керек. Төртте бірінен азын алдырса, садақа беру керек. (Толығын қажылық бөлімінен қараңыз).

 

5. Ант кәффараты

Аллаһ атымен бір нэрсе үшін ант етіп, кейін осы антын бұзған адамға кэффарат керек. Бұл - бір құлды азат ету не-месе он жоқ-жітіктің бір күндік азығын беру немесе он жоқ-жітікті орташа киіммен киіндіру. Егер де бұлардың ешбірі-не күші жетпесе, үш күн қатар ораза ұстау керек. Оразасын толық ұстай алмаған кезде қайта басынан ұстау керек. Кұ-ранда: «Аллаһ анттарыңдағы бос сөзді есепке алмайды. Алайда, біле түра берген анттарыңнан жауапкер етер. (Ант бұзсандар) оның төлеуі: Үй-іштеріңе орта есеппен жегізетін он жарлыны тамақтандыру не оларды киінді-ру немесе бір қүл азат ету. Мүны таппаған біреу үш күн ораза үстау»321 - делінген. Ант кэффараты үшін он кедейге пітір садақасы өлшемінде бір нэрселер беруге болатыны сияқты, бір кедейге он күн беруге де болады. Сонымен қа-тар, бір кедейге он күн киім беруге де болады. Пайғамбары-мыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім бір нәрсе үшін ант етіп, кейін одан жаксысын көрсе, антын бүзып, кәффарат берсін»322.

Ант түрлері

 

Ғамус анты

Жалған ант. Бір нәрсені біле тұра эдейі жалған ант ету. Мысалы, біреудің қарызын бермегенін біле тұра, «Аллаһ атымен ант етейін, уаллаһи, биллаһи қарызын өтегенмін»



1 Маида. 5/89.

2 Муслим, Иман, 15-16.


деуі секілді. Мұндай ант - үлкен күнэ. Мүндай антқа Хана-фи мәзһабында кэффарат керек емес. Оған дэлел Пайғамба-рымыздың (с.а.у.) бес нэрсеге кэффарат керек емес деп са-наған нәрселердің арасында осы ғамус түрі де бар323.

 

Лагу анты

Қателесіп немесе айтқаным дұрыс деп ойлап, ант ету тү-рі. Мысалы, бермеген қарызын бердім деп ойлап, «уаллаһи, биллаһи бердім» деу секілді. Сол секілді ант етуді ниет ет-пестен ант сөзін айтуды эдетке айналдьгоғандықтан, сөзін қуаттау үшін «уаллаһи, биллаһи» деуі. Бұндай антқа кэффа-рат керек емес.

 

Мун 'аңид анты

Іске асу мүмкіндігі бар жэне жалпы болашаққа байла-ныеты бір нэрсе жайлы ант ету: «уаллаһи, биллаһи, Аллаһ атымен ант етейін, ертең қарызыңды өтеймін» деуі. Мұндай антын орындамаса, кэффарат керек. Құранда: «Аллаһ біле тұра істеген анттарыңа жауапты қылады»324, - дейді. Мұсылман адам қолынан келетін бір нэрсеге ант берсе, орындауы керек. Мұсылман өзіне берген сөзі мен уэдесінде тұрғаны дұрыс. Құранда Аллаһ: «Анттарынды сақтаң-дар»525, «Аллаһқа берген серттеріңді орындаңдар»326, -дейді.

Атау (нәзір)

Атау, нэзір - Аллаһқа ғибадат мақсатымен өзіне тікелей міндет жүктелмесе де мүбаһ (адал) бір істі жасауға шешім қабылдап, осындай бір істі өзіне уэжіп ету жэне Аллаһқа сөз беруі. Аллаһ үшін ғибадат саналған кейбір нэрселерді атау - сауап алуға арқау нэрсе. Мысалы, «Аллаһ үшін ертең ораза ұстауды атадым» немесе «Жоқ-жітікке осынша ақша берейін» деу іспетті. Немесе «Осы қиыншылықтан аман-есен өтсем, Аллаһ үшін құрбан шаламын» дегендей.

Негізінде мұндай атау илэһи діндерде де кездескен ғиба-дат түрі. Кұран Кэрімде Хазіреті Мәриям туралы атауды баяндаған: «Сол кезде Имранның эйелі: «Раббым, ішімде-гіні азат етіп, Саған арнадым, менен қабыл ет!»327. Және Мэриямға Жебірейіл: «Рақымды Аллаһ үшін ораза ұста-дым. Сондықтан бүгін ешкіммен сөйлеспеймін» деп айт»328, - дейді. Аллаһ мұсылмандарға «Айтқан нәзірлерін орындап, Қағбаны тауап етсін»32, - дейді. Әлбетте, мұн-дай атау тек шариғат шеңберінен шықпауы керек. Пайғам-барымыз (с.а.у.) бьшай дейді: «Кімде-кім Алланқа бойұсы-нуды білдіретін нәрсені атаса, орындасын, егер де кімде-кім Алланқа қарсы келетін нәрсе атаса, Алланқа қарсы кел-

■ 330

месін».

 

Атаудың шарттары

1. Аталған нэрсенің парыз немесе уэжіп түрінен болуы шарт. Мысалы; «Бір апта ораза ұстайын», «Жүз рэкат намаз оқиын» немесе «Бір кұрбан сояйын» деп атаса, бұларды орындау уэжіп. Себебі, мұнда парыз бен уэжіп ғибадат түр-лері бар. Ал «Науқастың көңілін сұрайын», т.б. сияқты атаулар іске аспайды. Өйткені, мұнда парыз яки уэжіп жоқ.

2. Атаушының ақылы түзу жэне балиғат жасына толуы керек.

3. Аталған нәрсе парыз яки уэжіп түрінен болса, мұн-дай парыз яки уэжіптер басқаға тэуелді болмай өз алдына жеке ғибадат болуы керек. Мысалы, «Төрт рэкат оқиын»



Әли Имран, 3/35. Мэриям, 19/26. Хаж, 22/29. Бухари, Әймэн, 28.


деуі атауға жатса да, «Жақсылап дэрет алайын» немесе «Тилэуәт сэждесін жасайын» деу - атауға жатпайды. Өйтке-ні, дэрет пен тилэуэт сэждесі жеке өз аддына ғибадат емес. Керісінше, негізгі ғибадатқа арқау ғана.

4. Аталған нэрсе сол кезде немесе келешекте атамаса да жасалатын парыз яки уэжіп болмауы керек. Мысалы, «Бүгін бесін намазын оқиын» яки Рамазан айында «Ертең ораза түлайын» деуі атауға жатпайды.

5. Аталған нэрсе Аллаһ пен Оның Елшісіне қарсы ке-летін нэрсе болмауы керек. «Мына ісім оңға басса, өзімді Аллаһ жолында күрбан етейін» деген атаулар жарамсыз.

6. Аталған нэрсенің іске асуы - шарасыз болмауы ке-рек. «Кеше ораза үстайын» деген сияқты оны істеу мүмкін емес, түсінуге де тиянақсыз болмағаны дүрыс.

7. Аталған малы немесе мүлкі бөгденікі яки өз иелігін-дегі мүлкінен көп болмауы керек. Себебі, адам жасай ала-тын нэрсесін атау керек.

 

Атау түрлері

Атау екіге бөлінеді: Бірінші - шартты атау.

Кейбір нэрселердің іске асуына байланысты атаулар. Мысалы, «Осы дерттен бір қүлъшсам, ораза ұстайьш» деуі -шартты атау. Атаған адам науқасынан айыққан жағдайда атауды іске асыру - уэжіп.

Шартты атаулар іс жүзеге аспай тұрып орындалса, жа-рамсыз саналады. Мысалы, науқастан айықпай тұрып, ораза ұстау.

Ханафи мэзһабында атаудың орындалуы үшін нақты белгіленген күні емес, басқа күні ораза ұстауға болатыны сияқты нэзірді аталған адамға яки аталған жерге емес, басқа адамға, басқа жерге де бере алады. Яғни, белгілеген күні емес, басқа күні ораза ұстауына, сол адамға емес, басқа адамға беруіне, т.б. болады.

Екінші - шартсыз атаулар. Екіге бөлінеді:

1. Белгіленген атау. Ешқандай шартқа қатыссыз белгілі бір уақытта іске асатын атаулар: «Осы аптаның жұма түні жүз рэкат намаз оқиын» деп атағанындай. Орындай апмаса, қазасын өтейді.

2. Белгіленбеген атау. Қандай да бір шартқа немесе за-манға қатыссыз жалпы атаулар. «Бір апта ораза үстпайын» деуі осыған жатады.

Ал «Бірақ пэленшенің келуі үшін кұрбан шаламын» деу - дұрыс емес, үлкен күнэ. Аллаһқа серік қосу.

Бір адам Аллаһ үшін құрбан атаса, оны өзінің отбасы, ата-анасы жемейді. Жей қалған күнде құнын садақа етіп та-рату керек.

Иғтиқаф

331 Бақара, 2/187. 332 Бақара, 2/125.

Иғтиқаф - бір жерде түру, күту, өзін бір жерге қамау де-ген сөз. Фиқһ терминінде - бір мешітте немесе соған ұқсас бір жерде иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір мезгіл сол жерде қалу. Бұл - уэжіп, мүэккад сүннет жэне мұстахап түрінде үшке бөлінеді. Аталған (иғтиқафқа кіремін деп сөз байлан-ған) иғтиқаф - уэжіп, Рамазанның соңғы он күніндегі иғти-қаф - кифая жолымен мүәккад сүннет. Басқа бір уақытта ғибадат ниетімен бір мешітте бір мезгіл иғтиқафта болу -мұстахап. Иғтиқафтың дэлелі Құран мен сүннетте бар: Құ.-ранда: «Сендер мешіттерде иғтиқафта болғанда.... «Меніц үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар, және рүкүғ, сәжде етушілер үшін тап-таза ұстаңдар»332 - делінтен. Бұл екі аятта да иғтиқаф ғибадат-тарына тиісті мешіттерді көрсеткен. Айша, ибн Омар, Әнес-тің риуаяттарында былай дейді: «Аллан Елшісі Мәдинага келгеннен кейін көз жүмганга дейін Рамазанның ақыргы он күнін игтиқафпен өткізетін '*33.

Иғтиқафтың мақсаты - адамның оңаша қалып шынайы ықыласпен Аллаһқа бет бүру, оған жақындауға тырысуы. Мұның ең аз мерзімі - бір кун.

 

Игтиңафтың шарттары

1. Мұсылман, ақылы түзу, таза болуы керек.

2. Хайыз, нифастағы эйелдің иғтиқаф жасауы дұрыс
емес. Ғұсьшы жоқ адам да сыртқа шығып тазаланып келуі
керек.

3. Иғтиқафқа ниет ету керек.

4.Иғтиқаф мешітте немесе соған ұқсас жерде болуы ке-рек. Жамағатпен намаз оқылатын мешітте болады. Абдул-лаһ ибн Масғуд былай дейді «Игтиқаф - жамагатпен на-маз оқылатын жерде гана жасалады». Әйелдер болса өз үйлерінің бір бөлмесін мешіт етіп, сол жерде жасай алады. Дегенмен, оларға мешітте жасауға да болады.

5. Уэжіп иғтиқафқа кірген адамның аузы берік болуы ке-рек. Қателесіп аузын апгуы - иғтиқафқа кері эсер етпейді. Сүннет иғтиқафта ораза шарт емес. Әйел ерінен рүқсат алуы керек.

 

Игтиңаф эдебі

1. Иғтиқафты Рамазан айының ақырғы он күнінде мешіт-те жасау.

2. Иғтиқаф кезінде жаман сөз сөйлемеу керек. Жақсы, шарапатты сөздер айтылғаны абзал.

3. Иғтиқаф кезінде Қүран, хадис, Аллаһты барынша зікір етіп, көп салауат айтып, терең ғибадат ету керек. Жақсы киім мен хош иіс жаққан абзал.

Игтиңафты бүзатын нэрселер

1. Жыныстық қатынас. Құранда: «Мешіттерде иғтиқаф-та болған кезде әйелдеріңе жақындамаңдар»334 - деп айтылады.

2. Иғтиқафтағы мешіттен себепсіз шығу иғтиқафты бұза-ды. Түнде немесе күндіз сыртқа эдейі немесе қателесіп шықса, иғтиқаф бүзылады. Бүлың мезгілі - Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, бір күннің жартысынан артық уақыт. Әйел мешіт санаған өз бөлмесінен себепсіз шықса, иғтиқафы бұзылады. Науқастың көңілін сұрау, жаназа нама-зы, т.б. секілді жағдайлар да иғтиқафқа кедергі жасайды. Бі-рақ аталған иғтиқафта науқасқа бару, жаназа оқу шарты қо-сылса - иғтиқафты бұзбайды.

3. Иғтиқафқа кірген адам бірнеше күн есінен айрылып талып қалса немесе ақылына нұқсандық келсе, иғтиқафы бұзылады. Ондай жағдайда кейіннен қайта бастауға тура ке-леді. Бірақ зэру, табиғи жағдаймен шыға алады. Сол мешіт-те жұма намазы оқылмаса, басқа мешітке жұма үшін бара алады. Мэжбүр жағдайда басқа мешітке де көше алады. Иғ-тиқафқа кірген адам сол жерде үйықтап тынығып, тамағын сол жерге алдырып тамақтанады.



 

Бақара, 2/187.


IV БӨЛІМ



 

 

ЗЕКЕТ

 

«Олардың малдары көбейіп және өздері күнэлардан тазалануы үшін мүсыл-мандардың малдарынан садака ал»

 

«Тәубе» сүресі

 

 

«Аллан өсімнің (процент) берекетін кеті-ріп жояды, ал садакасы берілген малды бе-рекеттендіріп арттырады»

 

«Бақара» сүресі


 

 

5Ч

^ігУуЫ^^^рекетгену' тазалыҚ
«т,* /СИ3^\ ^еттің шариғаттағы
ы / ЦЛлететін байлыққа ие
Шъ/|'/Га,*к бір бөлігін жы-

ірУі/^і^ Ү™11 Құранда бел"

ш ім^

қалған байлықтың күнәларынан таза-

 

 

Л**^ ЮЗ-аятында біл-

лс^Т/ГЧ^^үп. «Олардыңмал-са^і /^Ч V ^алануы үшін мү-

н //| \, дүние-мүлік, бай-

у, 1^Ьх а^иьщ жэне байлығы-м^/^^^^яқтьі жаман сипат-

\Ч^мшщцнс, сараңдық, Л^^енішті қылықтар-

1л1

\^ кеңпейілдік сияқ-Байлығының бір

ері.
28^

\


бөлігін тек қана Аллаһ ризашылығы үшін пақыр отандаста-ры мен діндестеріне тегін беретіндей көңілге ие болған мү-сылман баласы әрқашан елін, халқын, отанын ойлайтын азаматқа айналары сөзсіз.

3. Зекет - қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы байла-нысты жақсартып, бауырмалдыққа тэрбиелейді. Мэселен, кедейлерге мейірімділік танытып, жағдайларына қарасқандықтан кедей де байларға құрметпен қарап, олар-дың дүние-мүліктеріне сүқ көзденбейді. Қызғанып, қастан-дық ойламайды. Осылайша қоғам бақытты, сенімді ғұмыр кешеді.

4. Зекет - қоғамдағы кедей-кепшіктердің орташа өмір сүрулеріне ықпал жасап, мемлекетті элсіздіктен сақтайды.

5. Зекет - капиталдың тек қана байлардың арасында айналып түратын күш болуына бөгет жасайды. Пайғамба-рымыз (с.а.у.) «Зекет-Исламның көпірі» - деп, элеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінудің зекет арқы-лы бір дастарқан басына жиналатындығын ишарат етуде. Өйткені, зекет - бай мен кедейді жақындастыратын маңыз-ды ғибадат.

Ислам діні «Өзім тоқ болсам болды, өзгенің өмірем капқанында шаруам жоқ» немесе «қиындыгын сен көр, қызыгын мен көрейін» - деген сияқты қара басын ғана ой-лайтын өзімшілдікке қарсы шығу арқылы бай-кедей ара-сындағы қайшылықтардың алдын алады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 980; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.