Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 12 страница




 

Зекет кімдерге жэне кандай орындарга беріледі?

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Маган зекет бер» - деген адамға былай жауап берген:

«¥лы Аллан зекеттің берілетін орындары жайында пай-гамбарының да, басцаның да үкіміне разы болмай, өзі берді. Оны сегіз топка бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде бол-саң, саган есеңді беремін»? 2

Иэ, зекеттің берілетін орындарын Аллаһ Тағала «Тэубе» сүресінің алпысыншы аятында тағайындап білдіреді: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мүсылмандарға), қүлдарды азат етуге, қарызға батқан-дарға, Аллаһ жолына және қиналған жолаушыларға бе-рілуі Аллаһ тарапынан парыз етілді».353

 

Бұл аятта айтылған сегіз топты былай түсіндіруге бола-ды:

 

 

1 Бақара, 2/264-аят.

2 Әбу Дээуд, Зекет, 24.

3 Тэубе, 60.

1-2. Пақырлар мен міскіндер

Пақыр деп - нисап мөлшеріне жететін байльпы жоқ адамдарға, міскін деп - түгі жоқ адамдарға айтылады.

 

3. Зекет жинауға тағайындалған арнайы адамдар

Зекеттердің жиналуы, сақталуы, есептеліп, лайық адам-дарға таратылып, тапсырылуы сияқты жұмыстар үшін мем-лекет тарапынан тағайындалған адамдар. Бүларға зекеттен белгілі есе аталмыш еңбектерінің қарымына айлық ретінде берілгендіктен тағайындалған адамдардың бай болулары зе-кеттен мемлекеттің белгілеген мөлшерін алуларына бөгет емес.

 

4. Муәллафатул-қулууб

Мүсылман болу бақытына элі кенелмеген кейбір адам-дардың жаманшылығынан сақтану үшін жэне Ислам дінін жаңадан қабылдаған иманы элсіз адамдардың, тіпті элі Ис-ламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін жібіту үшін Пайғамбарымыз (с.а.у.) кедей болсын, ауқатты бол-сын, оларға зекеттең белгілі есе беріп отырған. Міне, осы аталмыш үш топ Қүранда айтылып, зекеттен белгілі бір есе тағайындалған «муаллэфатул-қулууб» тобына жатады.

Бірақ Хазіреті Омар дэуірінде бұл топқа берілетін зекет есесі тоқтатылған. Тоқтатылуының басты себебі, Ислам ді-нінің дүниеге қанат жайып қуаттанғаннан кейін бұлардың көңілін Исламға жібітіп, жаманшылықтарынан сақганудың қажеті болмай қалуында еді. Бірақ кейбір галымдардың фэ-туасына сүйенсек, қажет болған жағдайда, қайтадан бұл топқа беруге болады.

 

5. Құлдар

Қожайынынан азат болу үшін белгілі ақшаға келіскен кұлдарға зекет беріледі. Міне, бұл Ислам дінінің құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің бір көрінісі.

6. Қарызға батқандар

Қарызынан тыс нисап мөлшеріндегі малға ие болмаған немесе басқасында алатын қарызы болып, қайтарып алуы мүмкін болмағандар «қарызды адамдардың» тобына жата-ды. Пақырға зекет бергеннен гөрі қарызынан қиыншылық көріп жатқан адамдарға зекет беру - абзал. Өйткені, қары-зынан құлылу - қарызы бар үшін басты міндет.

 

7. Аллаһ жолында

Бұл топқа Аллаһ ризалығы үшін ілім іздеушілер, Аллаһ Тағаланың дінін қорғау жэне жастарымызды имандылық, адалдық, адамгершілік, эділдік сияқты жақсы қасиеттерге тэрбиелеу үшін, жалпы қоғам пайдасына шешілетін қайыр-лы істер үшін бар күштерін салып еңбек етушілер кіреді.

 

8. Қаржылары бітіп, жолда қалғандар

Бұларға негізгі тұрғылықты жерлерінде ақшалары барлар жатады, яғни, бай болса да оларға зекет беріледі (қажылар, ілім ізденушілер, т.б. сияқты).

 

Бір адамның зекеті осы сегіз топтың барлыгына берілуі шарт па?

Ханафи мэзһабындағы ғалымдардың көпшілік пікіріне сүйенсек, зекет есесін сегіз топтың барлығына бірден беру шарт емес. Яғни, осы сегіз топтың біреуіне ғана берілсе де, зекет ғибадаты орындалады.

 

Зекеттің бәрін бір адамга түгелдей беруге бола ма?

Ханафи және Шафиғи мәзһабында бір адам зекетін то-лық немесе бірнеша адам зекеттерін жинап бір пақырға яки міскінге берулеріне болады. Бірақ бір адамға нисап мөлше-рінде немесе нисап мөлшерінен артық беру - мэкрүһ.

Егер зекет есесі бірнеше адамға бөлініп берілген жағ-дайда әрқайсысына өте аз үлес тисе, берілген адамдардың ешқайсысына татымайтындай болса біреуіне ғана берген жөн.

Күйеуі — эйеліне, эйелі — күйеуіне малдарының зекеттерін бере ала ма?

Әйелдің нәпақасын қамтамасыз ету - күйеуінің міндеті. Күйеуі пақыр эйеліне малының зекетін бере алмайды. Имам Әбу Ханифа хазіреттің пікіріне сүйенсек, бай эйел малының зекетін мұқтаж күйеуіне бере алмайды. Ал, Имам Әбу Юсуп жэне Имам Мұхаммедтің пікіріне сүйенсек, беруіне болады.

Қайын ата жэне қайын ана - күйеу балаларына, күйеу ба-лалары - қайын аталары мен қайын енелеріне малдарының зекеттерін берулеріне болады.

 

Әкесінің мүктаж туган-туыс, бауырларына, нагатыларына жэне өзінің бауырларына малдарының зекетін беруге бола ма?

Өзінің зекетін аталмыш адамдар кедей болып жатса, бе-руге болады. Тіпті мұқтаж аталмыш туыстарға зекет беру-дің абзал екенін Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Ке-дейлерге берілген садақа - бір садақа, ал, туыстарга беріл-ген садақа - екі садаңа. Біреуі - садака. Екіншісі - туыс-тарга жасалган жақсылық», 54 - деп білдіреді.

Байга зекет малынан жеугерүңсат па?

Байға зекет алуға болмайды, бірақ кедейге берілген зекет малынан жеуіне болады. Мысалға, кедей адамға зекет бері-ліп, кедей де берілген зекетті бай көршісіне жегізсе, немесе сыйласа, сыйды алуына болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл турасында былай деді: «Бес кісіден басқа, бай кісіге - сада-қа адал емес. Олар мыналар:

1 - Аллан жолында согысқа шыққан

2 - Садақаны (зекетті) жинауга тагайындалган

3 - Қарызданган

4 — Садақа малын өзініц ақшасымен сатып алган

5 — Кедей көршісі өзіне берілген садақадан бай көршісіне сыйласа».

 

Қабыл болган садака

 

Ибну Мэндэнің риуаяты бойынша:

Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына садақаға берудің сауаптығын айтып, ол турасында түскен аяттарды оқып, қы-зықтырған сайын олар да бір-бірімен жарысып, шама-ша-рықтары жеткенше садақаға арнап әр нэрселерін экеліп жатты.

Сахабалардан Утба ибну Зэйд садақа беруге құштар бол-ғаны соншалық, ¥лы Жаратушьгға өзінің кедей екендігін айтып жалбарынып, түн ортасында былай деп мұңын шақ-ты: «Я, Адлаһ, ¥лы Жаратушым! Менің садақа беретіндей түгім жоқ. Бірақ мен осы уақытқа дейін маған зорлық-зом-былық көрсеткендердің, элімжеттік қылып, тісі батқандар-дың бэрін шын ықыласпен кештім. Осы ісімді менен садақа ғып қабыл ала гөр! - деп жалбарынады.

Ертесіне таңертең Пайғамбарымыз сахабаларынан: «Ке-ше өзіне ақысы өткендердіц бэрін кешірген кім?», — деп сұ-рады. «Мен», - деп орнынан түрегелген Утба ибну Зэйдке Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Садақац қабыл болды», - деп сүйіншіледі.


Тирмизи, Зекет,26; Насаи, Зекет,82; Ибн Мажэ, Зекет, 28.


Әбу Мусаның риуаяты бойынша:

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірде:

- Әр мұсылман садақа беруі тиіс,-дегенде:

- Садақа беретіндей ештеңесі жоқ болса ше? - деген сұ-рақ қойылды.

- Онда тер төгіп, еңбек етіп, өзіне де пайдасын тигізіп, басқаға да садақа берсін.

 

- Ал оны да істей алмаса ше?

- Қиналған жанға қол ұшын берсін.

- Оған да шамасы жетпесе ше?

- Жақсылықты дэріптесін.

- Оны да істемесе ше?

- Жамандыққа жоламасын, - деді сүйікті Пайғамбары-мыз Мұхаммед (с.а.у.).

***

 

Зекет кімдерге берілмейді?

І.Мұсылман еместерге.

2.Нисап мөлшеріндегі байлық иелеріне.

З.Әке-шешеге, ата-эжеге және олардьщ ата-аналарына зекет беруге болмайтыны сияқты, өзінің балаларына, неме-релеріне, олардың балаларына және кейінгі барлық ұрпақта-рына зекет беруге болмайды.

Шафиғи мәзһабында аталмыш кісілер қарызданып қал-ған жагдайда ғана қарыздарын өтеу үшін бір-бірлеріне зе-кеттерін берулеріне болады. Ал қарызы жоққа беруге бол-майды.

4. Әдетте, кедей-кембағалдарды қолдайтын Ислам шама-сы келе түра жұмыс істемей, даярға эдеттенген масыл адам-дарға зекет берудің дұрыс еместігін айтады. Өйткені, зекет берудегі мақсат - қоғамда жатып ішерлердің санын көбейту емес, бір жағдайлармен кедейлікке ұшыраған жандарды ке-дейліктен кұтқару.

5. Бәни һашим. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туыстары са-налатын һашим ұрпақтары. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сый-лықты қабыл алғанымен, ешбір садақаны қабыл алмай-тын355 және туысқандарына да алдырмайтын.

Ақшаның зекеті

Пайғамбарымыз (с.а.у.) дэуірінде қазіргідей қағаз ақша емес, динар(алтын ақша) мен дирһам (күміс ақша) қолда-нылғандықтан, қазіргі қағаз ақшаның зекет нисабын белгі-леуде алтын мен күміс негізге алынып есептеліп отыр. Ал-тынның нисабы - 85 грамм. Егер белгілі бір адамның ақша-сының құны кем дегенде 85 грамм алтынның құнына тең келсе, ол кісіге жалпы ақшасының қырық та бірін зекет ре-тінде беру - парыз. Ақшасының мөлшері нисап көлеміне жетпей, иелігіндегі алтынын немесе сауда заттарын қосқан-да жететін болса, зекет беріледі.

 

Алтынның зекеті

Жоғарыда алтынның белгіленген нисап мөлшері - 85 грамм дедік. Міне осы 85 грамм алтыннан 2.125 грамм зе-кет ретінде беріледі. Бұл - 2,5%, яғни, 85 грамның қырық та бірі деген сөз.

Әли (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымз (с.а.у.) ал-тынның нисап мөлшерін былай деп білдіреді: «Алтыннан жиырма динарга жетпейінше зекет алынбайды. Сенің жиырма динар алтының болып, оган бір жыл айналмайын-ша зекет беруің міндет емес».

Әбу Ханифа бойынша, 85 грамнан асқан мөлшерден 17 грамға жетпей, зекет алынбайды. 17 грамнан ары қарай қы-рық та бірі зекет ретінде алынады. 85+17 грамнан 2,550 грамм алтын зекеті болып алынады. Бірақ 17 грамға жет-пейтін алтынға иелігіндегі басқа зекет малдарын, мысалға,

 

'Муслим, Зекет,162-165.

ақшаны қосқан жағдайда нисап көлеміне жетіп жатса, зекет беріледі. Ал бұл мэселеде Имам Мұхаммед пен Әбу Юсуп-тың пікіріне сүйенсек, 85 грамнан асқан алтыннан 17 грамм мөлшеріне жетсін-жетпесін қырықта бірі зекетке алынады.

Егер алтыннан жасалған заттар мен бұйымдары нисап көлеміне жетіп жатса, зекеті міндетті түрде берілуі тиіс. Аталмыш заттардың зекетін екі түрде беруге болады. Ал-тындай немесе басқа зекет малдарынан. Егер алтындай бер-се, бүйымның салмағы өлшеніп, қырық та бірі беріледі. Ал басқа зекет малдарынан берілетін болса, бүйымның салма-ғына қарай емес, бағасына қарай беріледі.

Басқа кендермен араласқан таза емес қоспа алтынның (мағшушун) зекеті жайында Ислам ғүламаларының эр түрлі пікірлері бар. Ханафи мэзһабында алтынның көлемі басқа кендерден басым немесе тең болса, барлығы алтын деп есептеліп, соған қарай зекеті беріледі. Ал, Шафиғи мэзһа-бында басқа кендерден тыс таза алтынның салмағы нисап мөлшеріне жетпей зекет алынбайды.

 

Күмістің зекеті

Күмістің нисап мөлшері - 200 дирһам, яғни, 595 грамм. Кімде-кімнің 595 грамм күмісі болса, оның қырық та бірін зекетке беруі - парыз.

Әбу Са'д эл-Худриден (р.а.) риуаят етілген хадисте Пай-ғамбарымыз (с.а.у.) күмістің нисап мөлшерін былай деп біл-дірген: «Бес укийеден аз күмістен, бес заудден аз түйеден, бес уасктан аз егістік өнімдерінен зекет алынбайды». 356 Бес уқийе - 200 дирхамға тең. Ибн Омар хазіреті Әлиге: «Сахабалардан күміс нисабының 200 дирнам екендігіне кар-сы шыкцан пенде болмады», - деген.

Әшекей заттардан зекет алына ма?

Ханафи мэзһабында алтыннан немесе күмістен жасалған эшекей жүзік, сырға, білезік, алқа сияқты заттардың салма-ғы нисап көлеміне жетіп, бір жыл толса, зекет алынады. Ал Шафиғи мэзһабында зекет алынбайды. Өйткені, эшекей зат-тар эйел адамның кэдімгі киетін киімдері сияқты жеке түл-ғалық қажеттері болып табылады. Әшекей заттардан зекет алынбайды деген ғалымдар эшекей көлемінің орташа бо-луын шартқа қосуда. Егер зекетті өтемеу ниетімен айла ре-тінде эшекей заттарды қоғамдағы эйелдердің қолданылатын көлемінен артық жинаса, олардан зекет алынады. Бүл мэсе-леде Ханафи мэзһабын негіз тұту - кедейлердің пайдасына шешілері анық.

Төрт-түлік малдың зекеті

Төрт-түлік малдардан берілетін зекеттің парыздығы са-хих хадистерде білдірілген. Төрт-түлік малдарда зекет па-рыз болуы үшін төмендегі шарттар керек.

1. Зекеті берілетін малдардың үй жануарлары болуы.

2. Зекеті берілетін малдардың нисап мөлшеріне жетуі.

3. Зекеті берілетін малдарға толық ие болғаннан кейін толық бір жыл өтуі.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Бір жыл толмай, малдан зекет алынбайды», - дейді.

4. Зекеті берілетін малдардың жылдың көбінде қырда
жайылуы. Жылдың көбінде, яғни, алты айдан артық уақыт
көбейіп, өніп-өсулері, сүтті мол беру, семірулері үшін қыр-
да бағылған малға «сээйма» делінеді. Аталмыш пайдалар
үшін бағылған малдардан төмендегі кестеде көрсетілген
есеп бойынша, зекет алынады. Ал егер осы пайдаларға қоса
сауда жасау мақсатымен бағылса, сауда тауарларының қата-
рына кіріп, басқа сауда тауарлары немесе ақшамен бірге


 

Бухари, Зекет,4; Муслим, 1/3.


Зекет


есептеліп, жалпы құндарының қырық та бірі зекет ретінде беріледі.

 

Үй шаруаларында колданылатын малдардан зекет алына ма?

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Жүк таситын және жүмыс-та цолданылатын жануарлар мен егіс жыртатын өгіздер-ден зекет алынбайды»3 7 деген хадисін негізге алған Ханафи ғұламалары қырларда жайылмаған немесе сауда жасау ниеті-мен бағылмаған малдардан зекет алынбайтыны туралы бір пікірде. Яғни, тек қана жүк тасу, міну жэне жер жырту үшін бағылған малдардан зекет алынбайды.

 

Төрт түлік малдың зекетінің нисабы мен сол нисаптан парыз болған мөлшері төмендегі көрсетілген кестедегідей:

 

Түйенің зекеті

Түйе зекетінің нисап мөлшері мен парыз болған мөлшері Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде анық көрсетілген. Зекет ретінде берілетін түйе арықтық, семіздік жағынан ор-та күйде және үрғашы болуы шарт. Еркек түйе берілетін жағдайда қүны беріледі.

 

Түйе
НИСАП МӨЛШЕРІ ПАРЫЗ БОЛҒАН МӨЛШЕР
5-9 1 қой
10-14 2 қой
15-19 3 қой
20-24 4 қой
25-35 Бір жасар ұрғашы 1 түйе
36-45 Екі жасар ұрғашы 1 түйе
46-60 Үш жасар ұрғашы 1 түйе
61-75 Төрт жасар ұрғашы 1 түйе
76-90 Екі жасар 2 ұрғашы түйе
91-120 Үш жасар ұрғашы 2 түйе

121-144-ке дейін үш жасар 2 түйе мен эр 5 түйе үшін 1 қой яки ешкі беріледі.

145-149-ға дейін үш жасар 2 түйе мен бір жасар 1 түйе беріледі.

150-ге жеткенде үш жасар 3 түйе беріледі. Бұдан кейін 174-ке дейін эр 5 түйе үшін 1 қой, яки ешкі беріледі.

175-тен 185-ке дейін үш жасар 3 түйе мен бір жасар 1 түйе беріледі.

186-195-ке дейін үш жасар 3 түйе мен екі жасар 1 түйе беріледі.

196-200-ге дейін үш жасар 4 түйе беріледі. Бүдан кейін жүз елуден кейінгі 50 түйеде жасалған есеп екі жүзден кейінгі эр 50 түйеде де қолданылады. Түйенің зекетінде үр-ғашы түйе, яки құны беріледі.

 

Сиырдың зекеті

Сиырдың нисап мөлшері - 30 дедік. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Әрбір отыз сиыр үшін бір таби немесе бір табиа (бір жасар тана), эр цырыц сиыр үшін бір мусин немесе бір


Әбу Дәәуд 1/237; Бэйһақи 4/16.


мусинна (екі жасар қүнажын) зекет беріледі»35* - деп бұйырған. Яғни, эрбір отыз сиыр үшін бір жастағы бір тана, эрбір қырық сиыр үшін екі жасар бір құнажын беріледі. Мысалға, 120 сиыры бар адам қаласа, бір жасар төрт тана бере алатыны сияқты екі жасар үш күнажын бере алады. Өйткені, 120 санында төрт - 30 саны, үш - 40 саны бар.

 

Сиыр
НИСАП МӨЛШЕРІ ПАРЫЗ БОЛҒАН МӨЛШЕР
  Бір жасар тана
  Екі жасар сиыр
  Бір жасар 2 тана
  Бір жасар 1 тана, екі жасар 1 сиыр
  Екі жасар 2 сиыр
  Бір жасар 3 тана
  Бір жасар 2 тана, екі жасар 1 сиыр
  Екі жасар 3 сиыр немесе бір жасар 4 тана |

 

Қой мен ешкінің зекеті

Қырда жайылған қой мен ешкінің нисап көлемі - қырық. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Әрбір ңырың ңой үшін бір ңой зе-кет парыз» - деп бұйырған.

Қой мен ешкі бір-бірінің нисабын толықтыра алатындық-тан, 39 қойы, 1 ешкісі болған адамның бір қойды зекет ре-тінде беруі - парыз. Қой мен ешкі аралас болған жағдайда қайсысы көп болса, зекет содан беріледі. Екеуі тең болса, қайсысынан берсе де ерікті. Ылғи ешкі болса зекетіне қой, яки ылғи қой болса зекетіне ешкі берілмейді.

Зекетке берілетін қойдың бір жасар болуы жөн. Өте арық ақсақ, соқыр малды зекетке беруге болмайды. Берілетін мал орташа болғаны дұрыс. Бір жасқа толмаған кілең лақ, қозы­ға зекет берілмейді. Бірақ бұлар ірілермен бірге болса, зеке-ті берілетін малдардың қатарына кіріп, есепке алынады.

 

Қой, ешкі
НИСАП МӨЛШЕРІ ПАРЫЗ БОЛҒАН МӨЛШЕР
40-120 аралығында 1 қой
121 -200 аралығында 2 қой
201-399 аралығында 3 қой
400-499 аралығьшда 4 қой

Қойдың саны 500-ге жеткеннен кейін эрбір 100 қой үшін бір қой қосылып отырады.

 

Жылңы малының зекеті

Жылдың көбінде қырда, жайылымда көбейту мақсаты-мен бағылған жылқылардан да зекет алынады. Жалпы жыл-қының құны есептелінеді. Құны нисап мөлшеріне жеткен жағдайда кұнының қырықта бірі зекет ретінде беріледі.

Сауда тауарларының зекеті

Сауда тауарларының зекетіне байланысты дэлелдер: Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 81-аятында: «Ей, иман еткендер, тапқандарыңның және сендер үшін жерден шығарғандарымыздың адал және тазаларын Аллаһ үшін жүмсаңдар». Бұл аят сауда тауарлары жэне топырақ өнімдерінің зекеті турасында түсірілген. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Түйеде - зекет бар, сиырда - зекет бар және ма-тада -зекет бар», - деп бұйырған. Бұл жердегі мата сауда тауары болғандықтан, хадис - сауда тауарындағы зекеттің парыздығына дэлел. Сэмура ибну Жундэб былай дейді: «Аллан Елшісі (с.а.у.) сауда үшін дайындаган заттарымыз-


 

Тирмизи, Зекет,5/622.


359 Бадаай'ус-санааи'и, Китабуз-зәкат,446; Илмихал, 1-том, 457. (Түркие дианет вакфы, Ислам араштырмалары меркезі).


дың зекетін беруімізді әмір ететін-ді».

 

Сауда тауарлары қалай есептеледі?

Бір заттың сауда тауары болып есептелуі үтдін баста сауда жасап, кіріс кіргізу ниетімен иелікте ұстау керек.

Сауда тауарларының нисап мөлшері - 85 грамм алтын немесе 595 грамм күмістің қүны деп есептелуде. Осы мөл-шер жылдың басы мен аяғында толық болып, ортасында азайса да, зекеті беріледі. Заттарының бағасы мен қолында-ғы ақшаның қүны - 85 грамм алтын немесе 595 грамм кү-містің күнына тең келіп, бір жыл толса, қырық та бірі - зе-кет ретінде беріледі. Сауда заттарының зекетін заттай неме-се ақшалай беруіне болады. Сауда тауарлары жыл соңында-ғы көтерме бағаға қарай бағаланады. Жыл басындағы неме-се ортасындағы өзгерістер есепке алынбайды.

Сату үшін бағьшған малдар сауда тауарларының қатары-на кіріп, 2,5 % зекеті алынады.

Сауда арқылы жыл бойы табылған кіріс және жалпы сауда-саттық жолымен келмеген мирас, сыйлық сияқты кі-рістер де негізгі капиталға қосылып, жыл соңында бэрінің есебі бірге есептеледі. Негізгі капиталға бір жыл толғаннан кейін келген кірістерге бір жыл толмай зекет алынбайды.

 

Қорытынды

Саудагер жыл соңында қолындағы сауда тауарларын кө-терме бағасына қарай ақшаға бағалайды. Бүның үстіне қо-лындағы ақшасын, чектерін, акцияларын және басқалардан алатын қарыздарын қосып, одан өзінің басқаға беретін қа-рыздарын шығарып тастап, шыққан мөлшердің 2,5 % зекет ретінде береді.

Жер қойнауындағы қазба байлықтардың зекеті

Алтын, күміс, мүнай, газ, сиякты барлық жер қазба бай-лықтарынан 20 % зекет алынады.

 

Бау-бақша және егістік өнімдерінің зекеті

Бау-бақша және егіс өнімдерінде зекет мына екі жолдың біреуімен алынады. Егер егіс күдық, су тартатын аппарат сияқты нэрселермен суарылып, дэрі-дэрмек себу секілді ең-бек жүмсалып, өнім алынатын болса, өнімнің 5% ал, егер егіс жаңбыр суы, өзен суы сияқты сулармен суғарылса өнімнің он да бірі яғни, 10 % зекет ретінде алынады. Егіс өнімдерінен жылына бірнеше рет өнім алуға болатындық-тан, бір жыл толу шарты мен нисап мөлшері шарты қосыл-майды. Жер жалға алынса да, алған өнімдерінің зекеті бері-леді.


 

360 Тирмизи, 11/357; Ибн-һумам. Фатхул-Қадир, 1/526. Египет. 1316-1898.


Пітір садақа

Штір сөзі (араб тілінде) - «жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған.

Штір садақасы - күнделікті қолданылатын негізгі қажет-терінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшеріндегі (85 г. алтын немесе құнына тең) байлыққа ие адамға уэжіп садақа.

Пітір садақасы һижреттің екінші жылы, Рамазан оразасы парыз етілген жылы уэжіп етілді.

Пітір садақасы Ораза айт күні таң атысымен уэжіп болға-нымен, бірнеше күн, тіпті бірнеше ай немесе жыл бүрын бе-руге де болады. Бүл садақаның Ораза айт намазына дейін берілгені дүрыс. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Осындай күнде (айт мейрам күні) кедейлерді кайыр садака тілеуге мүц-таж етпеңдер», - деген. Бүкіл ел қуанып, тойлайтын мей-рам күнінде пітір садақалары аркылы қажетті нэрселерін алып, кедейлердің де жүрт қатарлы жадырауын ойлаған Ис-лам діні - қандай керемет дін!

Түрлі себептермен аталмыш мерзімнен қанша кешікті-рілсе де, пітір садақасы міндетті түрде берілуі тиіс.

Пітір садақасын айт күні таң атысымен беру уэжіп бол-ғандықтан, аталмыш уақыттан бүрын дүниеден өтіп кеткен адамдар үшін уэжіп емес. Бірақ осы уақыттан кейін қайтса, артында қалған туыстары қайтқан адамның малынан өтейді. Сол сияқты таң атпай дүниеге келген сэбиге пітір садақасы - уэжіп. Ал, таң атқаннан кейін туылған балаға - уәжіп емес.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 521; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.08 сек.