Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 13 страница




Пітір садақасы эрбір нисап мөлшеріне ие азат мұсылман үшін - уэжіп. Пітір садақасы уэжіп болған мұсылман нисап мөлшерінде байлығы жоқ эйелі мен кішкентай балалары үшін де беруге тиіс.

 

Бір адамның пітір садақасы бір мұқтаж адамға беріледі. Бірақ бір адамның пітір садақасын бірнеше адамға бөліп бе­руге болмайды. Бірнеше адамның пітір садақасын бірікті-ріп, тек қана бір мұқтаж адамға беруге болады.

 

 

Штір садака калай өтеледі?

Пітір садақалары ең алдымен жергілікті жердің мұқтаж кедейлеріне берілуі тиіс. Жергілікті жердің мұқтаж кедейлері бола тұра, басқа жердің кедейлеріне беру -мэкрүһ.

 

Пітір садақаның мөлшері

Пітір садақасы мына төрт нэрсенің кез-келген біреуінің өзінен немесе кұнынан беріледі. Кедейлердің кез-келген қа-жетіне ыңгайлы болғандықтан құнын беру- абзал.

1. Бидай немесе бидай ұнының уэжіп болған мөлшері: 1 кг 459 грамм немесе осы мөлшердің кұны.

2. Арпа немесе арпа ұнының уэжіп болған мөлшері: 2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің кұны.

3. Кұрғатылған жүзімнің уэжіп болған мөлшері: 2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің кұны.

4. Құрғатылған кұрманың уэжіп болған мөлшері: 2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің кұны.

 

Құрметті оқырман! Жоғарыда көрсетілген пітір садақа ретінде берілетін бидай, арпа, мейіз, қүрмалардың кұны пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында бір-біріне өте жақын еді. Ал қазір арпа мен бидайдікі тым арзан да мейіз бен құрманікі өте қымбат. Бұлардың бағасы тұрғылықты жерге қарай да өзгеріп отыратыны тағы бар. Сондықтан, пітір садақаның мөлшері ретінде бір кедейді таңертең жэне кешке тойдыруға жететіндей мөлшерді өлшем ретінде алған


       
   


£&9

 

Қажылық

 

ЭСаж (араб тілінде) - құрмет тұтылған қасиетті жерді

зиярат ету мағынасын білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - қажылық айлары деп аталатын арнайы уақытта Сауд арабиядағы Мекке қаласының жанындағы Арафат тауында ғибадат ниетімен бір мезет тұру, сосын Қағбаны тауап* ету жэне қажылықтың арнайы басқа амалдарын орындау арқылы атқарылатын ғибадат.

 

Қажылық гибадатыныц орындалатын айлары

Шэууал, Зилқағда жэне Зилхижжа айының алғашқы он күні. Қажылықтағы эрбір амал үшін белгіленген арнайы уа-қыт бар. Зиярат тауабының уақыты құрбан айт күні таң аты-сымен басталып, қажылыққа ниет еткен адамның өмірінің соңына дейін. Бірақ зиярат тауабын құрбан айттың алғашқы үш күнінде орындау уэжіп болғандықтан, кімде-кім осы уа-қыттан кешіктірсе, қажылығының дұрыс болуы үшін құр-бан шалуға міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты болса, арафа күні түс ауғаннан кұрбан айт күні таң намазы-ның уақыты кіргенге дейінгі уақыт.

 

Қажылық гибадатының пайдалары мен хикметтері

* Қағбаны ғибадат ниетімен айналу.

Шамасы жеткен эрбір мұсылман баласына қажылық ғи-бадаты парыз болғандықтын орындаушысы, ең бірінші, Аллаһтың сый-сыяпатына кенеліп, күнэларынан арылады. Өйткені, Аллаһ Тағала өзінің эмірлерін орындаған құлда­рын ақыретте сый-сыяпатқа бөлейтіні туралы уэде еткен. Қажылық ғибадатын ықыласпен орындаған құлдардың кү-нэларының кешірілетіні жайында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:

{*!(ійі) ^ '^шАі р 'і '^і>; $ у~ о*}

«Кімде-кім әйелімен жақындаспай (жақындасуга тар-татын барлыц іс эрекеттерден аулақ болып) және күнә іс-теместен қажылық жасайтын болса, анасынан жаңа ту-гандай күнәларынан арылып қайтады»335 — делінген. Иэ, жүрегіне Хақ сэулесі ұялаған эрбір мұсылманның асыл ар-маны Аллаһ Тағаланың құзырына мына жалған дүниеде пендешілікпен істеп қойған күнэларынан арылып, анасынан жаңа туған сэбидей пэк күйде, жарқын жүзбен бару. Сон-дықтан да түн ұйқысын төрт бөліп, тәһажжүд оқып, ғапыл құлдардың шырт ұйқыда жатқан осы бір мезетте Раббысы-мен оңаша қалып, көз жасымен күнэлі жүрегін жуып, күнэ-ларына кешірім тілеп жалбарынады. Тәубе етіп, шыжыған ыстықта нэпіл ораза ұстап, ықыласыма аз да болса басқаға көрсету, мақтаныш сезімі араласпасын деген ниетпен тасада ешкімге көрсетпей садақа береді. Жалпы айтқанда, өмірін-дегі эрбір мүмкіншілікке, әрбір істеген жақсылығына, күнэ-ларының кешірілуіне себеп болар деген үлкен үмітпен қа-райды.

Шыр айналып, зар илеп, күнэларына кешірім тілеген осы бір шынайы құлға Аллаһ Тағала қажылықты парыз етті. Өйткені, бұл парызда ғұмыр бойы іздеген асыл арманын таппақ. Ол - күнэсінан жаңа туған сэбидей арылу, тазару.

Пайғамбарымыздың басқа бір хадисінде Аллаһ құзырын-да қабыл етілген қажылықтың қарымы - жэннат екенін айт-қан:

{ш\ *і> іі іх£і\ £*і\'і иі ъ& з>ііі ^'і іу*іі'}

 

Бухари, Муслим, Ибну Мажэ, Тирмизи, Нэсээи/ Әбу һурайрадан.

Мағынасы: «Бір умра екінші умрага дейінгі аралықта жасалатын күнәларга кәффарат, ал, қабыл болган қажы-лықтың сауабы - тек қана жәннат».

1. Исламият туып, қулаш жайған бұл қасиетті топыраққа бару Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жэне атакты сахабалардың қаһармандықтарымен таныстырып, жүрегімізге жаңару, Ис-лами өмірімізге үлкен серпін экеледі. Мыңдаған қасиетті естеліктердің қазынасы және Аллаһтың сүйікті Елшісінің (с.а.у.) исі сіңген топырақтың әрбір бұрышында теңдесі жоқ элемнің нұрлы сыры жатыр. Пайғамбарымыз шыққан ол то-пырақта өлі жүректер тіріліп, мұсылмандар жап-жаңа жан рақаты мен қуанышына кенеледі.

2. Қажылық кезінде адамдардың ағылып эр құрлықтан келуі психологиялық тұрғыдан адамның дүниетанымын кеңейтіп, оның тағы бір беймәлім қырын аша түседі. Осы наным-сенімді ұстанып, соның үкімін атқарып жүрген жалғыз мен емес екенмін деген ой-пікір қалыптасады. Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан эр тілде сөйлейтін, эр түсті, мемлекет басшысынан бастап қарапайым халыққа дейін бай-кедей эр ұлт өкілінің бір жерде бас түйістіріп, қасиетті Қағбаның алдында ерекше бақытгы күй кешіп, аппақ ихрамға оранып, бір зікірді қайталап қажылық парызды атқаруы мұсылман жұртшылығының өзара ынтымағы мен бірлігін күшейтіп, иманын нықтай түседі. Бұл біздің үлкен күш, үлкен жамағат екенімізді ұқтырады. Қажылыкқа келген мұсылмандардың саны қанша болса, қажылық барысыңца біздегі иман да сонша есе арта түскендей әсер қалдырады.

Осы бір сырды аңғарғандар сэл бір пгу шыға қалса өздерін жақтайтын он-он бес адамның басын тоқайластырып жіберіп шеру өткізуге даяр тұрады. Мақсат - сол істі жақтайтындардың аз емес екенін көрсету, өзара күш-қуаттарын арттыру, сенімдерін бекіту. Жалған дүние тірлігінің өзін осыншалықты қызғыштай қорғап жатқанда ақиқат үшін бас біріктіріп бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың қаншалықты маңызды екендігі өзі-ақ белгілі болғандай.

Егер мұқият көңіл бөлінсе, адамды жан-жакты қолға алған Ислам діні бес уақыт намаздың өзін жамағатпен оқуды бұйырады. Одан қала берді аптасына бір рет мешітке бас сұғып жұма намазын оқуды парыз еткен. Жыл сайын екі рет айт намазында да мүсылмандардың басын қосады. Ал қажылыкта болса бұл дэстүр өз шарықтау шегіне жетеді.

 

3. Үлтына, нэсіліне қарамастан мұсылмандардың арасындағы имани байланыстардың артуы, Ислам бірлігінің күшеюі қажылыққа келу арқылы іске асады. Өйткені дүниенің шартарабынан келген мұсылмандар мынаны ұғады: «бэріміздің де Жаратушымыз бір, Ризық беруші Иеміз бір, Құлшылық етушіміз де бір... Дініміз де бір... Пайғамбарымыз да бір... Құбыламыз да бір... Осылай бір-бірімен жалгасқан жүздеген бірлер... Осынша бірлер өзара бірлік пен келісімді, сүйіспеншілік пен бауырмалдыкты қажет етеді».

Иэ, бұлардЫң барлығы - ғалам мен планеталарды бір-біріне жалғап түрған рухани шынжыр іспетті жеке адам ретінде эрі мемлекет ретінде Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымақ, татулығына негіз болатын байланыстар.

Қажылық осылайша Ислам бауырмалдығының іске асуын қамтамасыз етеді. Дүниенің түкпір-түкпірінен келген мұсылмаңдардың өзара бауыр екендігі қажылықта дәлелдене түседі. (АҚШ-тағы қара нэсілді мұсылмандар тобының жетекшісі Малкольм Иксті бұрынғы теріс ұлтшылдық пікірінен арылтқан да осы қажыльгқ барысында көз жеткізгендері болатын).

 

4. Қажылық - мұсылман үлттар арасындағы теңдіктің іс жүзіндегі көрінісі. Неге десеңіз, мұсылман ұлттар қажылық кезінде бай-кедей, білімді-білімсіз, ұстаз-шәкірт, шен-шекпен жағынан кім болса о болсын барлық дүниелік атақ-лауазымдарын бір жаққа ысырып қояды. Киімдерін шешіп бэрі бірдей аппақ ихрам киеді. Басқа мұсылман бауырларынан ажыратқысыз кейіпке еніп, ешбір айырмашылықтары болмайды. Сырттай көз тастасаң бәрі бірдей ақ кебінге оранған секілді. Еріксіз Мақшарда мазардан түрегелер сэтті елестетеді.

Аллаһ Тағала «Хужурат» сүресінің 13-аятында «Әй, адам баласы! Шүбэсіз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата, Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тану үшін сендерді үлттар мен үлыстарга бөлдік. Шындыгында, Аллантың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Күмәнсіз, Аллан толық білуші, әр нэрседен хабар алушы» деп бү-йырады. Яғни сендерді үлттар мен үлыстарға, қауымдар мен тайпаларға бөлуімнің астары бір-бірлерінді тануда, бір-біріңнің қоғамдық өмірлеріңмен етене танысуда жатыр, сол себепті қашанда өзара көмектесесіңдер, әйтпесе сендерді эр бөлек қауым ретінде жаратуымдағы мақсат бір-біріңнен суып, бір-біріңе алакөзденіп жауласу емес деген сөз.

5. Қажылық - мүсылмандар үшін сабыр мен талпынысты үйрететін мектеп. Қажылық мектебі үздіксіз ғибадат жасату арқылы нәпсінің тізгінін тартып ауыздығын салады, мүсылман бауырларды бір-бірін сыйлап, сыпайылық танытуға үйретеді. Қажылық сапары барысында ешбір қайтарымсыз мал жүмсау, Аллаһ үшін не нэрсені болса да шығындау парасаты өседі. Жақсылық пен жамандықтың арасалмағы бағамдалып, Аллаһтың дүшпаны мен досының ақ-қарасы ажыратылады. Шайтанға тас атқан кезде, Қағбаны тауап еткенде, Мэдинаға ат басын бұрғанда, қара тасқа сэлем салғанда осындай терең ой қүшағында тербеліп, ішкі жан сарайымыз тазарып сала береді.

6. Қажылық кезінде мүсылмандардың небір ішкі керемет сезімдері оянып, жүректері үлкен эсерге бөленеді. Алғашқы мұсылмандардың уахидың таңғажайып күйіне елітіп, эсемдіктерінен сөз етіскендігі, әр бірі Құранның түсіндірмесі секілді адамзатқа ұмытылмас әсер қалдырғаны, осы қасиетті топырақта небір жанкештілік қимыл-әрекет, дархан мінез, өнегелі өмір іздері қалғандығы мұсылмандардың көз алдынан тізіліп өтіп, санада қайта жаңғырады. Мұсылман қажылардың рухын биіктетіп, шабытын шарықтатады.

 

7. Қажылық - мэңгілікке ойып жазылған илэхи естеліктердің еске түсірілуі. Оған мысал, жалғыз өзі бір үмметті құраған хазіреті Ибраһим мен ұлы Исмайылдың ғибратты ғұмыры, соңғы Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) көктегі періштелердің өзін қызықтырған өнеге-үлгісі, иманын қызғыштай қорғап өмір мен өлімнің арасында ажалмен арпалысқан даңқты сахабалардың ерліктері-бэрі де тізбектеліп қажылық кезінде көз алдымыздан өтіп жатады. Оған қоса, Аллаһ разылығы үшін сэбиін көтерген күйі жолға шыққан ананы да, Аллаһ разылығы үшін деп жанын қиған асыл перзентті де, аяулы ұлын Аллаһ разылығы үшін сапарға аттандырған әкені де, діндар күйеуінің бір сөзін екі етпей бағынған ананы да - бэрін осы аймаққа келіп қажылық жасағанда еске түсіресің.3 6

 

Қагбаның салынуы

Қағба - жер бетінде тұрғызылған тұңғыш құлшылық ор-ны. Адам атаның жер бетіне түскеннен кейінгі ең алғашқы ісі періштелердің көмегімен осы Қағбаны тұрғызу болған. Сан дэуірлер артта қалып, уақыт аққан өзендей жылжыған сайын бұзьшып, көнерген жерлері талай рет жөнделіп отыр-ған. Қағба жер бетін Нұх топан суы басқанға дейін ғибадат-хана міндетін атқарып келген еді. Алайда, жер бетін басқан топан судан кейін, өкінішке қарай, бұл қасиетті құлшылык орнының ең болмаса қираған ізі де білінбей, адамзатқа беймәлім күйде қала берді.


Құлшылык кұпиясы, 165-бет.


Бірақ, жер шарының кіндігі іспетті болған жер бетіндегі алғашқы ғибадат орнын Аллаһ Тағала кейінгі мұсылман күлдарына беймэлім қалдырмады. Бүл қасиетті қүлшылық орнын мұсылмандарға қүбьша етіп, қайта өңдеу ісін Ибраһим пайғамбар мен баласы Исмайылға табыстады.

Ибраһим (а.с.) мен үлы Исмайылдың қазіргі таңдағы қа-сиетті Қағбаны қайта тұрғызулары былай еді.

Исмайыл (а.с.) зэмзэм суының маңайында өсіп тұрған ағаштың астын көлеңкелеп, оқ жонып отырған-ды. Бір ме-зет сонадайдан өзіне қарай келе жатқан экесі Ибраһимді (а.с.) байқаған ол дереу атып тұрып, алдынан қуана жүгіріп шықты. Көптен көріспей, сағынысқан эке мен баланың кұ-шақтары айқаса кетті. Баласының шашынан сипап, маң-дайынан иіскеп, мауқын басқан эке мен эке мейіріміне шөл-деген бала арасында артынша төмендегідей эңгіме ізін тап-ты.

- Балам, Аллаһ Тағала маған үлкен міндет жүктеп отыр.

- Әке, ол қандай міндет? Аллаһ Тағала жүктеген міндетті тезірек атқарғаныңыз жөн болар.

- Бірақ, оған сенің көмегің керек, балам.

- Әке, мен қашан да өзіңізге қолғабыс етуге эзірмін. Он-дай абыройлы істен маған да үлес тигені Аллаһтың маған оң қарағаны шығар, - деді Исмайыл іштегі қуанышын жа-сыра алмай.

Әке де баласынан осы жауапты күткендей: - Ендеше, дэл мына тұстан Аллаһтың әмірін орындап, кұлшылық орнын салайық, - деді қазіргі таңдағы күллі элемдегі мұсылман-дардың ғибадат орны саналатын қасиетті Қағбаның орнын көрсетіп.

Осьшайша, Аллаһ Тағаланың өздеріне белгілеп көрсет-кен жерінен Қағбаның қайта салынуын бастап та кетті. Ис-майьш тас тасып, экесі Ибраһим (а.с.) қасиетті үйдің қабыр-ғасын қалай бастады. Жұмыс оңға басып, құрылыс биікте-ген сайын Ибраһим (а.с) үшін тас қалау қиынға соқты. Екеуі өзара ойласып, Исмайыл экесінің аяғының астына текпе-шек, саты тэріздес ұзынша, биік тас экеліп қойды.

Ибраһимнің (а.с.) аяғының ізі түскен бұл тас қазіргі кезде «Мақаму Ибраһим» деп аталып, қажылықта сол тұста ар-найы намаз оқылып, ерекше зиярат етілуде.

Мұсылмандар үшін жер бетінде Қағбадан да қасиетті екінші бір орын жоқ. Өйткені, бұл киелі ғибадат үйі ¥лы Жаратушымыздың эмір етіп, Жебірейілдің (а.с.) жобасын көрсетуі арқылы сальшған.

Қағбаның төрт қабырғасы қаланып, кезек бүгінгі «Хажа-рул-Әсуэд» деп аталатын қасиетті қара тас тұрған бұрышқа жеткенде, Ибраһим (а.с.) ұлы Исмайылға тауаптың бастала-тын орнын білдіретін белгі ретінде бір тас экелуін тапсыр-ды. Исмайыл экесінің тапсырмасын орындау үшін тас іздеп тауға кеткенде, Жебірейіл періште Ибраһимге (а.с.) жұмақ-тан тас алып келіп, Қағбаның бұрышына сол тасты қою ке-ректігін жеткізеді. Риуаяттар бойынша, бұл қасиетті тас эуелде қардай әппақ көргендерді таң қалдырар жұмақтан экелінген екен. Бірақ кейіннен уақыт өте келе адамдардың күнэкар қолдары тие-тие қара тасқа айналыпты.

Қасиетті қара тасты Қағбаның бұрышына орналастыру-мен Қағбаның құрылысы толық аяқталып, Ибраһим (а.с.) мен ұлы Исмайыл Раббыларына қол жайып былайша дұға жасап, тілек тіледі:

«Раббымыз! Бізден (бүл істеген ісімізді) қабыл ал! Сен (тілегімізді) естуші және білушісің. Ей, Раббымыз, екеумізді де өзіңе ғана бойүсынушы қыл, үрпақтары-мыздан да өзіңе ғана бойұсынушы үммет жасай гөр, әрі бізге қажылық амалдарымызды көрсетіп, тәубемізді қа-был ал! Әлбетте, Сен тәубемізді қабыл алушы және мейірім етушісің. Бй, Раббымыз үрпағымыздың ішінен оларға аяттарынды оқитын, Кітабыңды және тағылым-дарыңды үйрететін, оларды (шірктен) тазалайтын елші жібере гөр. Күмәнсіз, сен шексіз қүдірет иесі Ғазизсің, әр істі орынды істейтін, еш нәрсені босқа істемейтін Ха-кимсің».337

Қағба - мұсылманшыльіқтағы таухид338 сенімінің рэмізі мен нышаны. Қагба - күллі мұсылман баласының қияметке дейін намаздарында жэне жалпы барлық қайырлы істерінде жүздерін бұратын және умра-қажылықта басқосар бірден бір киелі орындары. Осы бір киелі де қасиетті мекенде мұ-сылмандардың мүбәрак ауыздарынан шыққан «Ләббәйка Алланумма Лэббәйк!» тэлбиясы тау-тасты жаңғыртып, жеті қабат көкке толқыған күйі самғап, көтеріліп жатады. Қасиетті Қағбаның атмосферасы мүлдем ерекше. Оны көр-ген көзге ыстық жас үйіріліп, оны сезген жүрек басқа бір ерекше сезімге булығып, ар-ождан адамдықтың биігіне қа-рай серпіліп, бір мезет болсын мына пәни дүниені ұмытады.

***

 

Қажылың гибадатының үкімі

Қажылық ғибадаты шамасы жеткен эрбір адамға өмірін-де бір рет парыз.

 

 

Қажылыңтың парыздыгының дәлелдері (Құран, сүннет, ижмағ)

 

1. Қүран

«Ол жерге баруға шамасы жеткен барлық адамға Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етіп, қажылық жасау па-рыз».339 «Қажылықты және умраны Аллаһ үшін тәмам-даңдар».340

2. Сүннет

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:

«Ислам діні бес негізден түрады: Аллантан басца тэңір
жоц екендігіне Мүхаммедтің (с.а.у.) Аллан тарапы-

нан жіберілген шынайы елші екендігіне куәлік келтіру, на-маз оцу, зекет беру, Рамазан оразасын үстау, шамасы кел-се цажылыцца бару» 341

«Күмәнсіз, Аллан Тагала сендерге цажылыцты парыз цылды, цажылыцты орындаңыздар».342

 

3. Ижмағ

Ислам ғұламалары шамасы жеткен эркімге қажылық ғи-бадатының ғұмырында бір рет парыз екендігіне бір пікір білдірген.

 

Қажы гибадатының парыз болуы үшін ңосылган шарттар белгілі бір адамда толыңса, оган дереу ңажылың жасау шарт па?

Қажы ғибадатының парыз болуы үшін қосылған шарттар белгілі бір адамда толықса, ол кісіге ертерек қажылық жа-сау парыз. Шамасы келе түра қажылықты кешіктірген күнэ-кар болады. Пайгамбарымыз (с.а.у.): «Қажылыцты орын-дауда асыгыңыздар! Өйткені, сендердің ешцайсыларың өлімнің цай уацытта келіп жететінін білмейсіңдер», 43 -дейді.

 

Қажылың гибадатының парыздыгының шарттары

Белгілі бір адамға қажылық ғибадатының парыз болуы үшін төмеңдегі шарттар орындалуы керек.


 


Бақара сүресі, 2/139 Аллаһты даралау. Әли Имран, 3/97. Бақара, 2/196.


Тирмизи, Иман, 3; Бухари, Иман.1; Муслим, Иман,21. Муслим, Хаж,412.

Әбу Дээуд, Мэнасик,5. Ибн Мажэ, МәнасикД.


 
 

І.Мұсылман болу. Мұсылман еместерге қажылық па-рыз емес. Сондықтан мұсылман емес адам қажылық ғибада-тын орындап болғаннан кейін Ислам дініне кірсе, шамасы жеткен жағдайда қайтадан баруы керек.

2. Ақыл - есі дұрыс және балиғат жасына жету.
Балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс

еместерге қажылық парыз емес. Бүл екеуі қажылықты ат-қарса, сосын бала балиғат жасына жетсе, акыл есі кем адам жазылса, қажылықты шамалары жеткен жағдайда қайта орындаулары парыз. Жас баланың балиғат жасына дейінгі жасаған қажылығы - нэпіл қажылық саналады.

3. Азат болу. Қажылық ұзақ уақыт атқарылып, ұзақ са-парды талап ететіндіктен түлқындарға, түрмедегілерге, қүл-дарға қажылық ғибадаты парыз емес. Өйткені, түтқындарда ондай мүмкіншілік жоқ.

4. Уақыт. Арафат тауында арнайы белгіленген түру уақыты мен зиярат тауабы уақытына өмірі жетпеген адам үшін қажылық парыз емес.

5. Қажылық ғибадатын орындауға шамасының жетуі

а) Денсаулығы болуы

Денсаулығы нашар, алып жүретін адамы жоқ соқыр, ақ-сақ, сал сияқты ауруларға ұшырағандарға жэне көлікке өз-дігінен міне алмайтын қарт кісілерге қажылық парыз емес.

э) Қажетті қаражаты болуы

Қажыға барып-келу қаржысын, жолда, қажылықта жей-тін азығына жэне эйел бала-шағасының, жалпы қарауына міндетті адамдардың қажылықтан қайтып оралғанға дейінгі қаражатын көтере алатын адамға қажылық парыз.

б) Баратын жолдың сенімді болуы

Қажылыққа барудың парыз болуы үшін жол сенімді бо-луы керек. Баратын жолда соғыс немесе басқа да қатерлі жағдайлар туындаса, қажылыққа бару парыз емес.

Әйелдерге байланысты арнайы шарттар

1. Қажылыққа баратын эйелмен бірге күйеуі немесе мах-рам344 туыстарынан біреуі болуы керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадис шәрифінде бұйырған: «Әйел адам өзімен бірге махрамы болмаса, үш күннен артық сапар шеге ал-майды».345 Бұл Ханафи мэзһабында. Шафиғи мәзһабында эйел адамның жанында сенімді бірнеше такуа әйелдер бол-са, махрамсыз қажылық жасай алады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 480; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.093 сек.