Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 18 страница




2. Өкіл жіберетін кісі қатты кэрі болу, жазылуы мүмкін емес ауру секілді себептер салдарынан өмірінің соңына дейін қажылыққа бару мүмкіншілігінен мақұрым болу ке-рек. Басқа біреуді ауру кезінде өзінің орнына қажылыққа жіберіп, орындатқаннан кейін ауруынан айығып жатса, өзі-нің қайтадан қажылыққа баруы тиіс.

Өзі қажылық ғибадатын орындауға шамасы жете түра басқа біреуді орнына қажылыққа жіберсе, бұл қажылық нэ-піл болып саналғандықтан, мойнындағы парызынан құты-луы үшін өзінің тікелей қажылыққа баруы керек.

З.Өкіл жіберуші өкілдің қажылыққа баруына рұқсат бе-руі керек. Егер өкіл ретінде баратын адам өкіл жіберушінің өтініші мен рұқсатынсыз қажылыққа барса, ол қажылық өкіл жіберушінің мойнындағы парызды түсірмейді.

4. Өкіл жіберуші кісі қажылық қаражаттарын өзі көтеруі керек. Егер өкіл өз қаражатымен барған болса, өзінің орны-на қажылыққа барғанға жатады. Ал егер өкілдің жұмсаған қаржысы өкіл жіберген кісінің берген қаржысынан аз болса, өкіл жіберушінің мойнынан қажылық парызы түседі. Ми-расқорлардың үкімі бұл үкімге кірмейді. Белгілі бір адам-ның артында қалған мирасқоры өзінің қаржысымен оның орнына қажылыққа баруына болады.

5. Қажылық - ғибадат, сондықтан қажылыққа біреуді жалдап, өзінің орнына өкіл ретінде жіберуге болмайды. Жі-берген жағдайда өкіл өзінің мойнындағы қажылық ғибада-тын атқарған болады.

6. Өкіл ретінде баратын адам балиғат шағына жеткен, ақыл-есі дұрыс, қажылық ғибадатының қалай орындалаты-нын білуі тиіс.

7. Өкіл ретінде жіберілген адам ихрамға кірмес бұрын өзін жіберген адамның атынан қажылық жасауды ниет етуі керек.

8. Өкіл ретінде жіберілген адам қажылық ғибадатын тіке-лей өзі жасауы керек. Әр түрлі себептерге байланысты өзі-нің орньгаа басқа біреуді өкіл жасауына болмайды. Бұлай іс-телген жағдайда қажылық қаражаттарын өкіл жіберушіге қайтарьга беру керек. Өйткені, негізгі өкіл жіберуші өкілінің өкіліне қажылыққа баруға рұқсат берген жоқ. Бірақ негізгі өкіл жіберуші адам өкіліне басқа біреуді орныңа жіберсең болады немесе «қалағаныңды істе» деп кеңдік жасап, рұқсат беріп жатса, басқа біреуді орнына жіберуіне болады.

9. Өкіл ретінде жіберілген адам өзін жіберген адамның тапсырмаларын бұлжытпай орындауы керек. Мысалға, жі-берген адам өкілден «ифрад» қажылығын жасауды талап ет-се, өкіл «ифрад» қажылығын жасамай «тэматтуғ» қажылы-ғын жасаса, өкіл ретінде жіберілген адам өзінің орнына қа-жылық жасаған болады. Бұндай жағдайда өкіл ретінде жібе-рілген адам алған қажылық қаржыларын иесіне қайтарып беруі керек.

Өкіл жіберуші адам өкіліне қажылықтың қай түрін орын-дауын тағайындап тапсырмай, қажылық жасауын талап ет-кен жағдайда, ифрад қажылығы орындалуы керек. Ал егер «қалаған қажылық түрін жаса» деп өкіліне кең ауқымды рұқсат берсе, қалаған қажылығын жасайды. Өкіл ретінде жіберілген адам жіберуші адамның орнына қажылық ғиба-датын орындағаннан кейін, өзі үшін умра жасауына мүмкін-дігі бар.

Қасиетті Мэдина ңаласындагы Хазіреті Пайгамбарымыздың (с.а.у.) ңабірін зиярат ету

Мүміндердің көзінің нұры, жаратылыстың гүлзары, екі жаһанның асыл тэжі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) Мәдинадағы нұрлы қабірін зиярат ету - мүміндер үшін сауапты да ардақты іс. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бұл дүниеден мэңгілік өмірге қайтуынан кейін үмметтеріне өзі-нің нұрлы қабірін зиярат етудің сауаптылығын көптеген ха-дистерінде білдірген:

«Кімде-кім сауап үшін мені Мешітімде зиярат. етсе, ол меніц көршім болады. Қиямет күні оган шапагат ете-

мін».

 

{і\у*> и-і зи ^раі' ^\у^і\Л^~аі\

Қазақша мағынасы: «Меніц осы мешітімде окылган бір намаз - Мэсжидул-Харамнан тыс басца барлыц мешіттер-де оцылган мыц намаздан да (сауап жагынан) артыц. Ал, Мэсжидул-Харамда окылган бір намаз-барлыц мешіттер-де оцылган жүз мыц намаздан да артыц»3 1

{^еіЧ\'л*^ і \іл 3 ^кІіІ!(^оІ(СЛО ^! Зи-^іІІі ^1}

Қазақша мағынасы:

«Осы үш мешіттен басца (намаз гибадат үшін)

ешцандай мешітке жолга шыгу дүрыс емес. Бүл үш мешіт: Мэсжидул-Харам, Мэсжидул-Ацса, Мәсжидул-Нэби (Пай-гамбарымыздыц (с.а.у.) мешіті»ъ%1

«Үйім мен мінберімніц арасы - жэннат бацшаларынан бір бацша».3*3

Иэ, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірін зиярат ету - мү-міндер үшін парыз болмаса да сауабы мол маңызды іс. Уа-қыттың ыңғайына қарай қажылық амалдарынан бұрын не-месе кейін Мэдина қаласына барып, Пайғамбарымыздың мешіті мен қабірі зиярат етіледі. Зиярат жасаған уақытта эдеттегісінен де көбірек Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) салауат жэне сэлем айтады. Өйткені, Пайғамбары-мыз (с.а.у.): «Маган сәлем берген әрбір адамныц сәлемін Аллан Тагала меніцрухыма білдіреді»,3* — деген.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітіне «Бэбус-Сэлем» не-месе «Бэбул-Жңбрил» есігінен эдепті түрде Салауат жэне Сэлем айтып кіреді. Егер мэкрүһ уақытқа сэйкес келіп қал-маса, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұрлы қабірі мен мінбері-нің арасында екі рэкат тахйиатул-мэсжид (мешітке сэлем) намазы оқылады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үйім мен мінберімнің арасы жәннат бацшаларынан бір бацша, ал мінберім - циямет күні маган сыйланатын кэусэр бүла-гының үстінде болады» 85 - деп, мінбері мен қабірі арасын-дағы жердің қасиеттілігіне назарымызды аударған. Тахийа-тул-мэсжид намазын оқығаннан кейін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітін зиярат ету бақытына кенелгендігі үшін екі рэкат шүкір намазын оқып, намаздың соңынан өзіне, эке-шешесіне жэне күллі мұсылман бауырларына дұға жасап, тілек тілейді. Сосын Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұрлы қа-біріне баяу жүріспен барып, зиярат етеді. Пайғамбарымыз-дың бас жағына барып, «Әссэлэму а'лайка эюһан-нэбию уа рахматуллаһи уэ бэрэкэтуһ. Әссэлэму а'лайка иа саийди иа расулулаллаһ» деп сэлем жэне салауат айтып, Аллаһ Таға-лаға жалбарынып, дұға жасап, тілек тілейді. Бұларды жаса-



Бухари, 2/57.

Әбу Дээуд, Мэнасик,96.

Муслим, Хаж, 502.


ған уақытта айғайлап, бақыруға жэне қабірінің темірлерін сүюге, сипауға, қабіріне сэжде жасауға болмайды. Өйткені, бұлдай істерді істеу - бидғат. Дініміз бүлдай эрекеттерге тыйым салған.

Одан кейін оң жаққа қарай бір метрдей жүріп, Хазіреті Әбу Бэкірдің қабірінің басына барып, «Әссэлэму а'лайка иа Халифата расулиллаһ» деп сәлем беріп, Қүран бағыштайды. Сосын оң жаққа қарай тағы бір метрдей жүріп, Хазіреті Омардың қабірінің басына барып, «Әссәлэму а'лайка иа Әмирал-мүминин» деп сәлем беріп, күран бағыштап, Пай-ғамбарымыздың басына қайта келіп, салауат жэне сәлем ай-тып, Аллаһ Тағаладан қайыр тілек тілеп, дұға жасайды. Мі-не, осылайша Пайғамбарымыздың мешіті мен нұрлы қабірі-не деген зиярат тэмамдалады.

Қажылықта оқылатын сүннет дұталар және олардың оқылатын орындары

 

Тэлбия дұгасы

Тэлбия - ихрамға кірер алдында айтылуы уэжіп болған жэне ихрамда болған уақытта молынан қайталанып айтыла-тын сүннет дұға. Тэлбия дұғасы:

VаіЦііз аЯ дііЗо к іи' V ^иі іі^}

 

 

«ЛэббайкАллаһумма лэббайк, лдббайка лә шэрика лэкэ лдббайк, инналхамда уанни 'мдтд лэкэ уалмулка лэ шэри-ка лдк»3&6- «Қазақша мағынасы: «Аллаһым, мен сенің эмі-ріңді орындауға келдім, сенің эміріңе бой ұсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, сенің эміріңді орындау менің борышым. Күмэнсіз, барлық мадақ саған тэн жэне жалпы иелік пен нығмет сенікі. Сенің еш серігің жоқ».

 

Тауапгпың барлың айналымдарында Рукнул-Йэмэни мен Рукнул-Хажарул-Әсуэдтің ара-сында оңылатын дүга

 

 

{й*іиіі £-»3 и \і \і

«Раббэна әәтина фид-дуниа хасанатан уа фил-әәхирати хасана, уа кина 'азабән-нар. Уа адхилнал-жәнната ма'ал-әбрар, Иа 'Азиз иа Ғаффар. Иараббәл-'аламин». Мағынасы: «Раббымыз, бізге бұл дүниеде де, ақыретте де тек жақсылы-


 

Бухари, Хаж, 26, Муслим, Хаж,147, Тирмизи, Хаж,97.


ғынды беріп, бізді от азабынан сақта! Бізді жақсы, игі құл-дарыңмен бірге жэннатқа кіргіз. Уа, ғазиз, уа, аса кешірімді Ғаффар, уа, бүкіл элемнің Раббысы».

 

Сафа мен Мәруада

Сафа және Мәруадағы эрбір айналымда жүзді құбылаға бұрып, тэкбір, таһлил айтылады.

Тэкбір дегеніміз: {'£\ Щ«Аллану әкбар» деп айту, ал, таһлил болса:

 

і^іу? ^'у*'і і^іі ІІ') і!, і! ІЬ.> Ч *Ы % ііі

 

«Лә иләнә иллаллону уахдаһу ла шэрика лэн, лэнул-мулку уә ләһул-хамду уа нуа 'ала кулли шайин қадир» -деу. Мағынасы: «Аллаһтан басқа тэңір жоқ. Ол - жалғыз, серігі жоқ. Барлық иелік Оныкі жэне күллі мадақ оған тэн. Оның барлық нэрсеге кұдіреті жетеді».

 

Шайтан тасңа әрбір тасты лаңтырган уаңытта оңылатын дүга

{му^ і аіЦп.и й^з _г£\ (»--!}

«Бисмиллани, Аллану әкбар, рагман лиш-шайтани уа хизбин» - деп айтып, лақтырады. Мағынасы: «Аллаһ ұлы, шайтан жэне оған ергендер қаламаса да».

 

Тәшриң тәкбірі

Арафа күні таң намазының парызынан кейін басталып, құрбан айттың төртінші күні намаздыгер уақытына дейінгі болатын эрбір парыз намаздың соңынан оқылуы уэжіп дұға:

 

{і^іі *іг} ^гі;£\ І113 \\ Ч\ іі\ ч;£\;£\ 'щ

«Аллану әкбар, Аллану әкбар, лэ илэнэ иллаллону уАллану экбар, Аллану экбар уа лилланил-хамд». Мағына-сы: «Аллаһ ұлық (2 рет), Аллаһтан басқа тәңір жоқ! Аллаһ ұлық (2 рет), Барлық мадақтар мен мақтаулар тек Аллаһқа тэн».


VI БӨЛІМ

 

ҚҮРБАН

 

 

«Намаз оңы және ңүрбан шал»

 

«Кәусәр» сүресі

 

«Адам баласы ңүрбан айт күнінде (ңүрбан шалып) қан агызудан да

сүйікті басңа іспен Аллан Тагалага

жаңындаган емес. Қаны агызылган мал ңиямет күні мүйіздері, түяңтары және жүндерімен келеді. Агызылган

ңан жерге тамбай жатып, Аллан Тагаланың ңүзырында үлкен маңамга жетеді. Сондыңтан ңүрбандарыңды

көңіл ризашылыгымен шалыңдар»

 

Хадис шәриф


 

 

Қүрбанның танымы және Ислам дініндегі орны

бан (араб тілінде) - «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы -Аллан Та-галаның ризашылыгына жакындау ниешімен ңүрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.

 

Қүрбан шалудың пайдалары мен хикметтері

а) Аллаһ Тағаланың эмірлерін орындау эрдайым ризашы-лығына жақындатып, ақыретте сый-сыяпатына кенелтеді. Кұрбан шалу да Аллаһ Тағаланың арнайы эмірі болғандық-тан бұл эмірді ықыласпен орындаушы Раббысының риза-шылығына қауышып, ана дүниедё жүзі жарқын болып, мол сауабына шомары сөзсіз. Пайғамбарымыз хадисінде бүл ақиқатты былай деп түсіндіреді: «Адам баласы қүрбан айт күнінде (қүрбан шалып) қан агызудан да сүйікті басқа іспен Аллан Тагалага жақындаган емес. Қаны агызылган мал қия-мет күні мүйіздері, түяқтары және жүндерімен келеді. Агызылган қан жерге тамбай жатып, Аллан Тагаланың құ-зырында үлкен мақамга жетеді. Сондықтан қүрбандарың-ды көңіл ризашылыгымен шалыңдар».

Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа хадистерінде Аллаһ риза-шылығы үшін шалынған қүрбанның эрбір қылы үшін сауап бар екенін былай деп сүйіншілеген: «Сахабалар Расулімізге (с.а.у.):

- Уа, Аллантың Елшісі, қүрбандық деген не? - деп сүрақ қойды.

- Қүрбандық - сендердің Ибраним (а.с.) бабаларыңның сүннеті, - деді.

 

- Одан бізге қандай сауап бар?

- Әрбір тал қылшыгы үшін сауап аласыңдар.

- Қойдың жүнінен ше?

- Қойдың жүнінің әрбір тал қылшыгына да сауап жазы-лады».336

Шындығында, Аллаһ Тағала біздің шалған күрбандары-мыздың ағызылған қанына немесе етінё мүқтаж емес. Біздің шалған құрбандарымыздың еті немесе қаны Аллаһ Тағала-ның қүзьфына жетпейді. Бірақ біздің оның эмірін лэббайк деп орындауымыздағы ықыласымыз бен ниетіміздің Аллаһ Тағалаға жетіп, ризашьшығына себеп болары сөзсіз. Бүл шындықты Құран Кэрім былай деп баяндайды: «Олардың (кұрбан малдарының) еттері де, қандары да Аллаһ Та-ғалаға жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді».337

э) Кұрбан шалу - Ибраһим пайғамбарымыздан (а.с.) жал-ғасып келе жатқан сүннет. Иэ, Ибраһим пайғамбарымыз (а.с.) Аллаһ Тағалаға берген сөзінде тұрып, бауыр еті бала-сы Исмайылды ¥лы Жаратушысының жолында пида ете алатындығын паш етіп, қиын сыннан өткен еді. Міне, кұр-бан шалу сол бір ғибратты оқиғаның ұмытылмас көрінісі.

б) Адам баласы құрбан айтта қүрбан шалу арқылы ¥лы
Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің шүкі-
рін өтеп, күнэларына кешірім тілейді.

в) Руханияттан алшақ болған мына материалдық дүние-
нің қыспағында қалып, тарыққан ішкі дүниеміз бен көкірек
сарайымыз қүрбан айттағы шалынған малдардың өзендей
аққан қандарын эр-эр жерден көрген уақытта психология-
лық түрғыдан эсерленіп, бойындағы ауырлықтан жеңілдеп,
көкірегіндегі қайғы-қасіретін ұмытып, адами табиғатында
болатын ыза, кек, дұшпандық сияқты сезімдерден арылып,
өне бойы жеңілдеп, сергіп қалады.


 


       
   


г) Жаратылысында өзімшілдік, сарандық сияқты кейбір
жаман сипаттардын дэнегі бар жалпы адам баласы құрбан
айтта тек қана Аллаһ Тағаланың ризашылығы үшін кедей
бауьфларына жэрдем беру арқылы аталмыш болымсыз си-
паттардың дэнегінің түбін балтамен шауып, оның орнына
бойындағы бауырмалдық, жомарт, кішіпейіл сияқты кэміл-
діктің белгісі саналатын сипаттар дэнегінің өніп-өсіп, жеті-
луі үшін су себеді.

д) Дүние жүзінде жылына миллиондаған мал сойылуда.
Бірақ бұл сойылған малдың еттерінен көптеген кедей-кеп-
шік мақрұм қалуда. Міне, құрбан айтта осы кедей, жағдайы
нашар адамдардың жүзіне күлкі кіріп, шаттық байрағы жел-
бірейді. Бір адамның көңіліне шаттық беріп, жүзіне күлкі
кіргізу қандай бақыт... Аллаһ Тағала ақыретте бэріміздің
жүзімізді жарқын қылып, көңілімізді шаттандырсын! Әмин!

 

Қүрбан айтта қүрбан шалудың үкімі

Ханафи мэзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге кұрбан шалу - уэжіп.

Уәжіптігінің дәлелдері:

Аллаһ Тағала Құран Кэрімде: «Намаз оқы және құрбан шал»338 - деп, эмір етіп, құрбан шалудың уэжіптігін білді-реді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кімде-кім мүмкіншілігі бола түра цүрбан шалмаса, біздің намаз оцитын жерімізге жа-цындамасын!» - деп бұйырған. Әрине, бұндай қатаң ескер-ту, кем дегенде, құрбан шалудың уэжіптігін білдірсе керек.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Қүрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраним әкелеріңнің сүннеті», - деуі құрбан шалудың уэжіптігіне теріс емес. Өйткені «сүннет» жолы деген мағы-наны білдіреді. Яғни, бізге уэжіп болған құрбан шалу - Иб­раһимнің (а.с.) жалғаса келген жолы деген мағынаны мең-зейді.

 

Қүрбан шалу кімдергеуәжіп?

Қүрбан шалу белгілі бір адамға уэжіп болу үшін төмен-дегі шарттар керек.

1. Мұсылман болу

2. Құрбан айт уақытында жолаушы болмау

З.Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері - 85 грамм алтын яки кұнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты қүрбанның уэжіп бо-луы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес.

Кұрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.

 

Қүрбан шалудың уаңыты

Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айтың үшінші күні ақшамға аз уақьіт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себептерге байланыс-ты қүрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала бе-руіне болады. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кұрбан шалудың уақытына байланысты бірнеше хадис риуаят етілген. Бэрә ибну А'зибтің риуаяты бойынша:

«Аллантың Елшісі (с.а.у.): «Біздің бүл күнде алгашцы жасайтын - ісіміз намаз оцу, сосын цайтып келіп, цүрба-нымызды шалу. Кім осылай істесе біздің сүннетімізге ерге-ні. Ал кімде-кім бүдан бүрын цүрбанын шалатын болса, бүл цүрбанының отбасына берілген еттен айырмашылыгы жоц. Бүның цүрбан болуы мүмкін емес». Басқа бір хадисте: «Кімде-кім намаздан бүрын цүрбанын шалса, цайтадан


Кәусар, 108/3.


шалсын», - деп, намаздан бұрын шалынған маддың құрбан-дыққа есептелмейтінін ескертеді.

 

Құрбандыңңа шалуга болатын малдар

Тек қана қой, ешкі, сиыр жэне түйе малдарын ғана құр-бандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой жэнв ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, кұрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың үрғашысын шалу абзал.

Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сиякты құстар қүрбан ретінде сойылмайды.

 

Бірігіп ңұрбан шалу

Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбан ретінде шала алады. Ал сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болатын сияқты жеті кісіге арнап, ортақ шалуларына болады. Құрбанды ортақтасып шалған уақытта эрбір адам құрбан шалу ниетімен ортақтасуы ке-рек. Бір кісі қүрбан үшін, ал екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып есептелмейді.

 

Құрбандыңңа жарамайтын малдар

Пайғамбарымыз (с.а.у.) құрбандыққа жарамайтын мал турасында: «Соқырлыгы анық белгілі соқыр, ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмайтындай дәрежеде) ақсақтыгы белгі-лі болган ақсақ және жілігі көрінетіндей өте арық малдар құрбандыққа жарамайды»,339 - деген.

Ханафи мэзһабының ғалымдары хадисте айтылған құр-бандыққа жарамайтын малдардағы кемшіліктерге қиас (са­лыстыру) жолымен басқа да кемшіліктерді қосқан. Ол кем-шіліктер мыналар:

• Бір көзі соқьф

• Сойылатын жерге жете алмайтын дэрежеде элсіз

• Құлағы немесе қүйрығы тумадан жоқ немесе басым бөлігі кесілген

• Тістерінің көбі түсіп қалған

• Емшектерінің басы жұлынып қалған

• Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған

Кұрбан шалуы уэжіп болған кісінің құрбандық малында аталмыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан кейін пайда болса немесе алған малы өліп қалса, қайтадан күрбандыққа жарайтын мал сатып алып шалуы керек. Ал өзіне кұрбан шалу уэжіп болмаса да, сауап үшін шалуды ниет еткен ке-дей адамның сатып алған құрбанында бір кемшілік пайда болса, сол малды шала береді. Тіпті кұрбан шалуы уэжіп болмаған кедей адам, бойында кемшілігі бар малды сатып алып, кұрбан ретінде шалуына болады. Өйткені, кедей адамның шалған кұрбандығы - нэпіл құрбан. Нэпіл ғиба-датта кешірім бар.

 

Құрбан шалуда өкілдік

Құрбандық малын мүмкіншілігі болса, мойнына уэжіп болған адамның өзі шалғаны абзал жэне сауабы мол. Бірақ басқа біреуге өкілдік беруіне де болады. Құрбан шалуы уэ-жіп кісі басқа бір адамды телефон арқылы немес хат сияқты жолдармен өзінің орнына басқа адамды өкіл ретінде кұрбан шалуы үшін тағайындай алады. Өкілге «менің орныма кұр-бан алып, шал» деп айтылған уақытта, өкіл сол адамның атына құрбан алып шалады. Хз. Әлидің Пайғамбарымыз-дың орнына өкіл ретінде құрбан шалғаны жөнінде риуаят бар.


 




Құрбан малы қалай шалынады?

Құрбан ретінде шалынатын малды қинамау үшін, өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызған-нан кейін пышақты көз алдында жалақтатып, қайрау - мэк-рүһ. Ал, қинамай сою - сүннет. Пайғамбарымыз бір хади-сінде былай дейді: «Малды бауыздаган уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышагын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздап малды рахатына қауыш-

тырсын».

Құрбан ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқы-зылып, дұға ретінде мына аят оқылады:

{іі іь^і V ц/> *Ь ^иіз іл^ьіз з Ьі}

«Инна салати уа нусуки уа махиаиа уа мэмәти лиллэни Раббил 'аламина лэ шэрика лэн».34Х «Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлі-мім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның еш се-рігі жоқ». Одан кейін:

{ііліі діг, 321 'ді;£\ &з %>\ Ч\ аіі ч;£\ 'Аі;£\ 'Щ

«Аллану экбар, Аллану экбар лэ илана иллаллану, уАллану экбар, Аллану экбар уа лилланил-хамд» - деп, тэкбір айтып, «Бисмиллани, Аллану әкбар» - деп бауыздала-ды. Тек қана құрбанның иесінің ғана «Бисмиллани, Аллану әкбар» - деуі жеткілікті емес. Құрбанды бауыздаған адам да «Бисмиллани, Аллану экбар» - деуі керек. Әдейі ұмытпастан «Бисмиллан» деп айтпаса, құрбанның етін жеуге болмайды. Өйткені, Аллаһтың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу - харам. Құрбанның иесі кұрбанды бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге бауыздаса, екеуінің де «Бисмиллаһ» деп айтулары керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 506; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.