Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арай топталуы 8 страница




Айтайын деген ойдың өзіндік ерекшелігіне, контекстіге қарай құрмалас сөйлем де түрленіп отырады: ол бірде екі компонентті, бір-де үш компонентті, кейде одан да көп компонентті болып келеді. Мыс.:

1. Көмір де осы, отын да осрі (Мүсірепов). Базарбай атының ба-сын бұрғанша, жас балалар анталап қарсы барып та жетті (Майлин).

2. Қолда қамшым жоқ еді, тұсаумен басқа бір тартып жіберіп едім, екіншісі қолдап кетті (Есенжанов). Батар күн бар жарығын сол сорлыға ғана төгіп, өзге дүние қараңғыда қалғандай, Нәзікеш сол жаяудан басқа еш нәрсені көре алған да жоқ (Мүсірепов).

3. Тіс кімде, күш кімде, бәрі соның қолында, таразы да сол (Мү-сірепов). Іші қабысып, жүрегі қарайып, көзі бұлдырап, өлім сағатын күткендей ыпыны кетіп отыр (Майлин).

4. Астыңда ауыздығымен алықцан жарау торы ат болса, бес қа-руың түгел бойыңда асулы болса, ат шапқанда, алдыңнан қарсы жел есіп, жүрегің тасып, қуанғаннан өзіңді өзің ұмытады екенсің (Майлин).

Бұл келтірген мысалдардың біріншісіндегі салалас сөйлем де, сабақтас сөйлем де екі компонентті болса, екінші мысалдағылар үш компонентті, үшінші мысалдағылардың әрқайсысы төрт-төрт компо-нентті болып келген. Ал, ең соңғы төртінші мысалдағы сабақтас сөй-лем құрамында бес компонент бар.

Құрмалас сөйлемнің бір келтірілген құрамдарының қолданылу дәрежесі біркелкі болмайды. Жазу тәжірибесінде бұлардың жиі кездесетін түрі — екі, үш компонентті түрлері, төрт, бес және одан да көп компонентті түрлері сирек кездеседі. Ал, поэзияда, әсіресе, жыр түрінде келетін өлеңдерде компонент саны он шақтыға дейін кете береді. Мысалы:

Үршықтай саны бұлтылдап,

Құйындай шаңы бұрқылдап,

Алмас қылыш белінде,

Қолында найза қылтылдап,

Төрт тұяқтан шыққан от

Шақпақ тастай жылтылдап,

Құлақ салсаң, дауысы

Тау суындай сыңқылдап,

Қолтығынан аққан тер

Төгіледі шылқылдап (Эпостан).

 

Бұл келтірген шумақ — сегіз компоненттен құралған бір ғана са-бақтас құрмалас сөйлем.

 

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

 

Жай сөйлем құрамына енген сөздердің бір-бірімен грамматикалық тығыз байланыста тұратыны сияқты, құрмалас сөйлем құрамын-дағы жай сөйлемдер де өз ара байланысты болады. Тек сондай байланыстың арқасында ғана жай сөйлемдердің бастары бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір бүтін болып тұрады. Жай сөйлемдер арасындағы байланыс та сөйлем мүшелері арасындағы байланыстар сияқты бірде теңдік қатынасқа негізделген салаласа байланыс болса, бірде біріне-бірі меңгерілу, бағыну негізіндегі сабақтаса байланыс болады. Жай сөйлемдер байланысының бұлай әр түрлі болуы — оларды байланыстырушы дәнекерлердің, амал-тәсілдердің әр алуандылығында.

Құрмалас сөйлем құрамына енетін компоненттерді бір-бірімен сабақтастыра байланыстыратын ең құнарлы жолд ың бірі - ком по-нент баяндауышының тиянақсыз формада айтылуы. Қазақ тілінде басқа кейбір тілдерде кездесетіндей екі жай сөйлемді бір-біріне сабақтастыра байланыстыратын бағындырушы жалғаулық жоқ. Сондықтан жай сөйлемдерді өз ара сабақтастыра байланыстыру функциясын түгелдей компонент баяндауышының формасы атқарады. Әрине, тиянақсыз формада айтылатын кез келген сөз, кез келген форма жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметін атқара бермейді. Мұнда да қалыптасқан, көпшілікке танылған арнаулы формадағы сөздер ғана қолданылады. Ондай сөздер құрмалас құрамына енетін жай сөйлемнің баяндауышы қызметінде қолданылады да, ол сөйлемді өзінің тиянақсыз формасы арқылы екінші сөйлемге кейде тек формалық жағынан, кейде әрі формалық, әрі мағыналық жағынан бағындыра, соған тәуелді ете байланыс-тырады және сол арқылы құрмалас сөйлем жасайды. Ондай формадағы сөздер тобына мыналар жатады:

а) көсемше формалы етістіктер;

ә) есімше формалы етістіктер;

б) шартты рай формалы етістіктер;

в) етістіктің басқа да кейбір түрлері.

Құрмалас құрамына енетін жай сөйлемдерді бір-бірімен байла-ныстыру функциясында қолданылғанда бұл аталған етістік түрлеріі әр алуан формалық құбылыстарда айтылады да, сол құбылыстары арқылы компоненттердің мағыналық байланыстарына да белгілі әсерлерін тигізіп, оны түрлендіреді. Енді осыған келейік.

 

Жай сөйлемдердің көсемше арқылы құрмаласуы

 

Көсемше — етістіктің ең бір тиянақсыз категориясының бірі. Оның сөйлемдегі негізгі мағынасы мен функциясы басқа бір етістік арқылы берілген іс-әрекеттің қалай болған амал-тәсілін білдіру, яғни іс-әрекетті сындық, мезгілдік жағынан анықтау; оның болу, болмауының себеп-мақсаттарын білдіру. Көсемше етістіктердің тиянақсыз, басқа бір сөздерге сүйеншек болуының себебі де оның осы айтылған мағыналық ерекшелігіне байланысты.

Көсемше етістіктердің мағыналары мен функциялары барлық жағдайда біркелкі болып отырмайды: ол бір жағдайда екінші бір етістік арқылы білінетін іс-әрекет, қимыл-қозғалыстың қалай болға- нын сипаттап, үстеулік қызмет атқарып тұрса, екінші бір жағдайда әр түрлі көмекші сөздерге тіркесіп, іс-әрекетті білдіруші негізгі тұлға болып тұрады, ал кейде тіпті, бұлардың ешқайсысына ұқсамайтын мәнде қолданылатыны да болады.

Көсемшелердің мағыналары мен синтаксистік қызметтеріндегі бұл тәріздес құбылыстар олардың сөйлемдегі қолданылу орнына, кон-текске байланысты.

 

Қолданылу жағдайына, контекске қарай көсемше негізгі екі түрлі синтаксистік қызмет атқарады: оның бірі — пысықтауыштық қыз-мет те, екіншісі — баяндауыштық қызмет. Осылармен қатар көсемшенің күрделі сөздер (етістіктер) құрамында тұрып, соңғы көмекші сөздің тұлғалық құбылыстарына қарай соның әуеніне еріп, басқа да түрлі мүшелер құрасатыны болады. Бірақ мұндай жағдайда шешуші мән көсемшеде болмайды, ол тіркесіп тұрған сөзде болады.

Көсемшелер пысықтауыш мүше қызметінде қолданылғанда, кө-бінесе, екінші бір етістікке тіркесе айтылады да, сол етістіктің мағы-насы арқылы білінетін іс-әрекет, жай-күйдің, қимыл-қозғалыстың болу амалын, қашан болған мезгілін, немесе болу-болмау мақсат-се-бептерін білдіреді. Мұндай функцияда қолданылған көсемшеден кейін, егер ол бірыңғай болып келмесе, ешқандай кідіріс, интонациялық тоқталыс болмайды. Олар өздері пысықтайтын мүшемен бір ырғақта, кідіріссіз бір-ақ айтылып кетеді. Бұл жағдайлар пысықтауыш болып тұрған көсемшені баяндауыш функциясындағы көсемшеден бөліп тануға біраз септігін тигізеді. Мыс.:

Бәйбішенің қапысын т а б а а л м а й ыза болып отырған Жұманның құлағына қатар қонып жатқан қас ауылдың қатты күлкілері естілді. Игілік би ақынды ұзын арқан, кең тұсаумен өз маңайынан ұ з а т п а й өрелеп ұстайды (Мүсірепов). Жайлау түнінің жұлдызы жарық аспанына ш ы р қ а й шаншылып ән кетіп жатыр {Әуезов). Болыстары еліне әмірін қаттырақ жүргізіп, тізесін елге қаттырақ б а т ы ры п, көпшілікті өзіне қарсы қойып алған екен. Ауыл жігіттері сәлем б е р і п, алдынан ш ы ғ ы п, атын ұ с т а п, аттан түсіріп а л ы п, құрдай жорғалап, есік ашып енгізіп күтіп жатыр (Сейфуллин).

Мысалдағы сирек терілген көсемшелердің барлығы да пысықтау-ыш мүше болып тұр. Олардың ішінде соңғы екі сөйлемдегілер— санамалы бірыңғай пысықтауыштар.

Көсемшелердің екінші синтаксистік қызметі — баяндауыштық қызмет. Көсемшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы ролі де олардың осы баяндауыштық қызметіне байланысты.

Бірақ баяндауыш қызметінде қолданылған көсемшелердің бар-лығы бірдей сабақтас құрмалас сөйлем жасай бермейді. Көсемшелердің кейде бір субъектінің әр түрлі әрекетін білдіріп, бірыңғай баяндауыштық функцияда қолданылатыны да болады. Ондай жағдайда олар бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып есептелмейді. Мыс.:

Сонымен, егіннің түгел піскеніне шейін ашыққан үйлер а с ы ғ ы п, өзді-өз жерінен бастарды етектеп т е ріп, қолымен үгіп, аз-аздап бидай алып, соны құрдай қуырса да кемпір-шалына талқаи қып түйеді. Өзі бір бидайға қол с о з ы п, сындыра жаздап барып, Асанға қ а р а п, қолын қайта тартып алды (Әуезов).

Бұл мысалдағының екеуі де жай сөйлем. Ондағы сирек терілген көсемшелер — бір субъектінің (біріншіде — үйлер, екіншіде — өзі) әр түрлі әрекетін баяндап тұрған бірыңғай баяндауыштар. Дәл осы сияқты, Тағы да т а л а с ы п к е л і п, тағы да т ақ а с ы п к е- л і п жатқан екі бай ауыл ақ үйлерін әлі тіккен жоқ еді (Мүсірепов) деген мысал да құрылысы жағынан сабақтас құрмалас сөйлемге ұқсас. Бірақ бұл да жай сөйлем. Мұндағы таласып келіп, тақасып келіп дегендер бірыңғай пысықтауыштар.

Көсемше етістіктердің, әсіресе, -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшенің бұл айтылған синтаксистік қызметі — өте көне заманнан бері қарай келе жатқаң қызмет. Көсемшенің бұл функциясын көне замандағы оның бірден бір функциясы деуге де болады.

 

Көне түркі тілдері жазу ескерткіштерінде -п формалы көсемше бір субъектінің әр түрлі әрекетін баяндап, жай сөйлемнің бірыңғай баяндауышы ғана болғаны болмаса, өзіндік дербес бастауышы бар жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында қолданылмаған.

Өткен шақтық көсемшенің бұл тәріздес синтаксистік қызметі фольклорлық шығармаларда да жиі ұшырайды. Бұл жағынан алған-да -ып, -іп, -п жүрнақты көсемшені бір субъектінің істеген іс-әрекет қимыл-қозғалыстарын бір-бірімен ұштастырып, іргелестіріп беруде ең икемді және өте ерте заманнан бері қарай келе жатқан ең көне категория деуге болады. Тіл фактілеріне қарағанда, көсемшенің бұл функциясының оның екі жай сөйлемдерді бір-бірінен сабақтастыра құрмаластыру функциясынан бұрын пайда болғандығы байқалады.

Қазақ халқының ауыз әдебиетіне жататын шығармалары кенже-леп жиналып, кеш басылды. Сондықтан бұл шығармалар тіліміздің көне замандағы грамматикалық құрылысын ашуға мардымды көме-гін тигізе алмайды. Олардың басым көпшілігі қазіргі тілімізге өте жақын, тіпті, айтарлықтай өзгешеліктері жоқ деуге болады. Дегенмен үңіле қараған адам олардан кейбір тілдік категориялардың басып өткен соқпағын байқағандай.

Біз сөз етіп отырған көсемше көне түркі жазуында өзіне тән дер-бес бастауышы бар бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметінде қолданылмаған болса, немесе ілуде біреу ғана кездессе, қазақтың ауыз әдебиетіне жататын шығармаларда ол жоғарыдағыдай бірыңғай баяндауыш қызметінде де, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы қызметінде де қолданылады. Бірақ бастапқы функцияда өте жиі, соңғы функцияда ете сирек кездеседі. Мыс.:

Кендебай сол арада үш-төрт күн т ы н ы ғ ы п, кемпірдің асыл қазынасын жинап а л ы п, Керқұла аттың алдына алтын науа- ны ө ң г е р і п, алтын құйрықты құлындарды е р т і п, аман-есені ханның үйіне келеді («Керқұла атты Кендебай»). Түлкекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шы ғ ы п, мүйізінен секіріп қырға ш ы ғ ы п, жөніне кетті дейді («Түлкі мен ешкі»).

Бұлар тәріздес көсемше арқылы жасалатын жайылыңқы сөй- лемдер көне замандарға тән ертегі әңгімелерде өте жиі кездеседі. Тіпті, кейде көптеген сөйлемдердің, әсіресе, төл сөз бен автор сөзі аралас келетін сөйлеспелі сөйлемдердің көсемшеге аяқталатыны да жиі ұшырайды. Соған қарағанда -ып, -іп, -п жұрнақты көсемше көнерек заманда қазіргіден гөрі тиянақтырақ мәнде болмады ма екен деген ой туады. Қалай болған күнде көсемшенің бұл түрін жай сөйлемдерді бір бірімен сабақтастыра құрмаластыру үшін қолданылған ең көне категорияның бірі деуге болады.

Тіліміздің қазіргі даму сатысында көсемшелер етістіктің ең тиянақсыз түрі. Бұлар құрмалас сөйлемнің өздері баяндауыш болып келген бөлшегін оның екінші бөлшегіне бағындыра, соған тәуелді ете байланыстырады да, ол бөлшектердің бірлікте, тұтастықта болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір компоненттің баяндауышы көсемшеден болған құрмалас сөйлемдерде жай сөйлемдерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіретін қосымша тәсілдердің, формалардың керегі болмайды. Өйткені ондай функцияны жай сөйлем баяндауышы болып келген көсемше етістік формасының өзі-ақ атқарады. Сөйтіп, көсемшелер әрі баяндауыштық, әрі сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын дәнекерлік қызмет атқарады. Мұндай қызметте көсемшенің қай-қай түрі болса да қолданылады. Оны мына мысалдардан көруге болады:

Аспанды тұтас жапқан бұлт с и р е п, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады (Мұқанов). Оспан аулына тағы. да бата оқыршы көп келіп, алғашқы бір жұма, он күн ұдайы қонақ күтумен

152

өткен (Әуезов). Аттар т о қ т а п б о л м а й-а қ, Ушаков шанадан түсе қалды, (Мүсірепов). Айбарша тысқа ш ы ғ а, Масақбай Дәулеттің хатын оқуға кірісті (Мұқанов).

Құрмалас құрамына енетін жай сөйлемдерді бір-бірімен байла-ныстыру функциясында көсемшелердің үш түрінің үшеуі де қолданылады, бірақ олардың қолданылу дәрежесі және мағыналық құбылыстары біркелкі болмайды.

Көсемшелер ішінде сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонен-тінің баяндауышы қызметінде жиі қолданылатын да және өзі баян-дауышы болып келген компонентті тиянақты компонентпен неше алуан мағыналық қатынаста құрмаластыратыны да -ып, -іп, -п жұрнақты түрі. Тағы бір ескеретін нәрсе, баяндауышы келер шақтық (-қалы, -ғалы, -келі, -гелі жүрнақты), ауыспалы шақтық (-а, -е, -и жұрнақты) көсемшелерден болған бағыныңқы компонент әрдайым кейінгі тиянақты компонентке мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да бағына, соның бір мүшесіне меңгеріле байланысады да, жай сөйлемдегі қалыпты пысықтауыш тәрізденіп тұрады. Ал, өткен шақтық көсемше (-ып, -іп, -п жұрнақты) олай емес: ол өзі баяндауышы болып келген компонентті кейінгі тиянақты компонентке мағыналық жағынан меңгерте де, меңгерілтпей, теңдік қатынаста да құрмаластырады. Мысалы:

Көк ала бұлт с ө г і л і п,

Күн шығады кей шақта.

Өне бойың е г і л і п,

Жас ағады аулақта (Абай).

Есік шалқасынан ашылып, бір топ адам сау етіп кіріп келді (Шашкин). Әбдірахман мен Шұғаның арасындағы сүйіспеншілік бір-ден-бірге жайылып, бүкіл ел хабарланды. (Майлин). Қолындағы өткір шапашоты шапшаң сермеліп, үлкен қайың қолағаштың сап жағын қырлап, мүсіндеп отыр (Әуезов).

Бұл шара жақсы нәтиже б е р і п, ол маңның адамы да, малы да маса-сонаның азабынан биыл құтылған (Мұқанов). Бірен-саран ғана жүлдыздар көрінген аспандағы ойдым-ойдым алаңдар енді бір-жола ж а б ы л ы п, қалың көрпенің астында қалғандай сезінесің (Мүсірепов). Түнгі салқын ауаның толқыны биік қарасындарға с о -ғ ы п, мылтық дауысын жаңғырық көтеріп кетті (Есенжанов).

Келтірген мысалдың бірінші, екінші тобындағы бағыныңқы ком-поненттер басыңқы компоненттегі іс-әрекеттердің болу амалын білдірсе, соңғы үшінші топтағы бағыныңқылар басыңқыдағы іс-әрекетпен себептік қатынаста тұр. Сөйтіп, мысалдың алдыңғы топтарында болсын, кейінгі тобында болсын — барлығында да бағыныңқы компонент басыңқы компонентке әрі мағыналық жағынан, әрі тұлғалық жағынан меңгеріліп, екі жағынан бірдей тәуелді болып тұр.

Өткен шақтық көсемшенің дәнекерлігі арқылы жасалатын сабақ-тас құрмалас сөйлемдердің бірсыпыраларында тиянақсыз компонент тиянақты компонентке тек тұлғалық жағынан ғана тәуелді болғаны болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтап, басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңғерілмей, онымен жарыса, салаласа айтылады. Мыс.:

Ояң жерлер тіпті төмендеп, қыраң жерлер тіпті биіктеп кеткендей. Көп бастар ш ұ л ғ ы с ы п, көп сақалдар шошаңдасып қалды (Мүсірепов). Қара көздер мөлдір нұр т ө г і п, жүзіне жұқа ғана бояу шапты (Мұстафин). Мінеки, залда шам с ө н і п, шымыл-дық ашылды. Уәлі бір күні мұны қалаға е р т і п ш ығ ы п, екеуі бірге институт мұғалімдері арасында қонақта болды (Ақтанов).

 

Мысалдағы тиянақсыз компоненттердің ешқайсысы да басыңқы сөйлемнің белгілі бір мүшесіне тәуелді болып, оған меңгеріліп тұрған жоқ. Мағыналық жағынан олардың барлығы да тиянақты компонентпен тең. Қара көздер мөлдір нұр төгіп, жүзіне жұқа ғана бояу шапты, — деген сабақтас сөйлем компоненттерінің мағыналық қатынастары, өз ара теңдестіктері жағынан салалас құрмаластар тобына жатқызылып жүрген — Қара көздер мөлдір нұр төкті де, жүзіне жұқа\ гана бояу шапты, — деген тәріздес сөйлемдермен бірдей.

Көсемшенің жай сөйлемдерді құрмаластырудағы осындай құбы-лыстарынан да болу керек, синтаксиске арналған бір еңбектерде өткен шақтық көсемшенің дәнекерлігі арқылы жасалатын құрмалас сөйлем салалас сөйлемге жатқызылса, екінші біреулерінде ол мағынасына қарай бірде салалас құрмаласқа, бірде сабақтас құрмаласқа жатқызып журді.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру қызметінде ауыспалы шақтық деп аталатын -а, -е, -й жұрнақты көсемше де қолданылады. Көсемшенің бұл түрі жоғарыда сөз болған -ыл, -іп, -п жұрнақты кө- семшеден гөрі де әлдеқайда тиянақсыз. Сондықтан да баяндауышы ауыспалы шақтық көсемшеден болған бағыныңқы компонент, негі- зінде, тек тұлғалық жағынан ғана емес, сонымен бірге мағыналық жағынан да тиянақсыз болады. Ол басыңқы сөйлемдегі белгілі бір мүшеге меңгеріліп, соны түрлі жағынан сипаттап, пысықтауышқа қойылатын бір сұрауға жауап болып, онымен қалыпты тұрлаусыз мүше тәрізді қатынаста тұрады. Мыс.:

Ол белгіленген уақытта келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық.

Аңсаған көңілім с е р і л е,

Бүгілген белім к е р і л е,

Сапар шегіп, жол тарттық

Сүйікті Кавказ еліне (Жамбыл).

Келтірген мысалдың бірінші сөйлемінде бағыныңқы компоненті басыңқы сөйлемдегі баяндауыштың жетегінде айтылып, неліктен, не себептен деген сұрауға жауап болып, кешігіп қалудың себебін білді- ріп тұр. Соңғы сөйлемдегі бірыңғай бағыныңқылар басыңқының баяндауыштарына меңгеріліп, қ алай деген сұрауға жауап болып, басыңқы компонентпен амалдық қатынаста тұр. Басқаша айтқанда, мұндағы бағыныңқы компоненттердің барлығы да басыңқыға әрі тұлғалық жағынан, әрі мағыналық жағынан меңгеріледі. Этимологиялық жағынан алғанда көсемшенің бұл түрі түркі тілдерінің көне жазу нұсқаларында дәл қазірдегідей формада кездеспейді. Қазақтың ауыз әдебиетіне жататын шығармаларда кездескенімен қолданылу аясы өткен шақтық көсемшеге қарағанда әлдеқайда тар. Бұл — өткен шақтық көсемше сияқты бірыңғай баяндауыштық, бірыңғай пысықтауыштык; функцияда да кездеспейді. Мұның жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы да тым мардымсыз. Мұндай функцияны ол, көбінесе, поэзиялық шығармаларда, болымсыз түрде айтылғанда атқарады. Ал фольк-лордың прозалық түрлерінде жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметінде, тіпті, кездеспейді деуге боларлық.

Ауыспалы шақтық көсемшенің жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы казіргі әдеби тілімізде де онша өріс ала қойған жоқ. Де-генмен оның бұл функциясы өткен замандар жазу нұсқаларымен са-лыстырғанда қазірде поэзияда болсын, проза жанрында болсын кез-десіп отырады.

Қазіргі әдеби тілімізде баяндауышы ауыспалы шақтық кесемше-ден болған бағыныңқы компоненттер өз басыңқысымен мезгілдік, -себептік, амалдық, шартты, қарсылықты мағыналық қатынастарда тұрады, мыс.:

 

1. Аттар тоқтап б о л м а й-а қ, Ушаков шанадан түсе қалды (Мүсірепов). Түнде жұрт тарай, ол тыныштық алуға жатты. Күндер өте к е л е, Тыртықтың өрекпіген жүрегі бәсеңдей бастады. Айбарша тысқа ш ы ғ а, Масақбай Дәулеттің хатын оқуға кірісті (Мұқанов). Күн т ү с к е ж е т пе й-а қ, Бақанас бойы қайнап, шыжып кетті (Әуезов).

2. Жел айдаған өрт шешесіне бой бермей, ол лезде кең жайылып кете береді. Су тезек жөнді жанбай, түске дейін үй иесі біздерге шай бере алмады (Мұқанов).

3. Бір әңгімеге бір әңгіме жанаспай, әр түннің әңгімелері тыңнан басталып отырады (Мұканов). Дос боп жүрген адамдар-дың бірі жоламай, бәрі де сырт берген сияқты (Майлин). Ма-күлық, жер де, көк те маужырады. Қараған бір жан болмай ша-руасына (Жансүгіров). Осыдан арғы үй ішінің қамын Өдек күйеуіне а қ ы л д а с п а й, өзі басқарып кетті (Әуезов).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 707; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.