Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арай топталуы 11 страница




 

1. Үлкен қара көздері кейде көңілді ұшқынмен жарқ ете қалады, кейде ол мөлдіреп терең қарайды.

2. Бір-екі рет ол әйел алуға, үй болуға ниет етіп көріп еді, оның сәті түспеді (Ақтанов).

3. Шұбар да оны сезбей қалган жоқ, бірақ ішінен Базаралымен бұл арада ырғасуды өзіне қажет деп білмеді.

4. Мағаш пен Кәкітай осы тұста бөгеліп қалды да, Әбіш ілғері басты (Әуезов).

5. Қорқыныш бойын билеп алған Шалтай тырып ете алар емес, жаны бар, есі жоқ (Әбішев).

Мысалдың 1—2—3 сөйлемдерінің бірінші компоненттерінен кей-інгі интонация 4—5 сөйлемнің бірінші компонентінің интонация-сына қарағанда, әлдеқайда тиянақты, тіпті аяқталған, дербес сөйлемнің интонациясы сияқты.

Сөйтіп, құрмалас сөйлем компоненттері арасында болатын тия-нақсыз интонацияның тиянақсыздың шамасы біркелкі болмайды. Оның әр түрлі болуы компонент баяндауышының формасына және шылау сөздерге тіркесіп я тіркеспей айтылуларына байланысты болады. Компоненттің баяндауышы неғұрлым тиянақты формада айтылса оның интонациясы да соғұрлым тиянақтырақ болады. Өйткені интонация сөйлем үшін қандай қажетті элемент болғанымен ол түгелдей сөйлем мағынасына, сөйлем құрылысына тәуелді болады. Сөйлемнің мағынасы мен құрылысындағы өзгерістерге лайықты өзгеріп, құбылады. Сондықтан интонацияны құрмалас сөйлемнің мағынасына, оның компоненттерінің баяндауыш формаларына қарай құбылып отыратын, соларға тәуелді, көмекші категория деп түсінген жөн.

Құрмалас сөйлем компоненттері арасында болатын тиянақсыз интонация тиянақсыздың дәрежесінің қандай болуына қарамастан жай сөйлемдерді бір-бірімен ұштастырады және құрмалас сөйлем компоненттерінің ара жігін көрсетеді.

 

Қ¥РМАЛАС СӨЙЛЕМ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ

ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ

 

Сөйлем мүшесілік қызмет атқаратын әрбір сөздің сөйлемде қалай болса солай тұра салмай, белгілі тәртіппен орналасатыны сияқты, құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуында да белгілі қалып-тасқан тұрақты заңдылық болады. Құрмалас сөйлем компоненттері-нің қалыптасқан белгілі тәртіппен орналасуы жай сөйлемдердің құр-маласуында шешуші роль атқарады. Егер комлоненттердің тілімізде қалыптасқан орын тәртібі бұзылса, жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы, сөйлемнің құрмаластық қасиеті жойылып қана қоймай-ды, солармен бірге, сөйлемнің үғымы ауырлап, тіпті, ол кейде сөйлем болудан да қалады. Сондықтан сөйлем мүшелерінің орын тәртібі сөздердің синтаксистік қатынастарының басты бір көрсеткі-ші болатыны сияқты, құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібі де жай сөйлемдерді құрмаластырудың елеулі бір тәсілі болып есептеледі.

Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуында мынадай заң-дылықтар болады:

а) Салалас құрмаластың болсын, сабақтас құрмаластың болсын тиянақсыз компоненттері әрдайым бұрын айтылады да, тиянақты компоненттері кейін айтылып сөйлемді аяқтап тұрады. Мыс.:

Сәуле түсінбегендей түр көрсетіп көз қиығын тастап еді, ол кеу-десін көтере түсті. Бірақ бұрынғыдай емес, кеудесін қанша көтерсе де, еңсесі көтерілген жоқ. Бұрынғы ойлы жүзін қазір ауыр мұң басып, бұрын үнемі шаттық ойнап тұратын көзінен

қазір ыза оты жалтылдайды (Әбішев).

ә) Поэзияда құрмаластың тиянақты компоненттері мен тиянақсыз компоненттерінің орын тәртібі өзгеріп, өлең үйлесіміне қарай түрленіп айтыла береді. Қара сөзбен айтылған құрмалас сөйлемдер-де тиянақсыз компоненттің бұрын тұруы қазақ тілінің стилистика ерекшелігінің бір көрінісі болып табылатыны сияқты поэзияда ол компоненттердің орналасу жағынан бірде олай, бірде бұлай болып келуі де тіліміздегі қалыптасқан заңдылық болып табылады.

б) Сабақтас кұрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненті кейде тиянақты компоненттің ішінде келетіні де болады. Бірақ бұл — тілі-мізде кең жайылған құбылыс емес, өте сирек кездеседі және мұндай құрылыста айтылудан сөйлемнің тек интонациялық жағына азды-көпті өзгеріс енгені болмаса, оның компоненттерінің байланысына, мағынасына ешқандай өзгеріс енбейді. Сондықтан бағыныңқы ком-поненті бірінші орында айтылған сабақтастардың көпшілігін бағы-ныңқы компонентін тиянақты жай сөйлемнің ішінде келтіріп, өзгер-тіп айтуға немесе керісінше қойып айтуға бола береді. Мысалы: Әкем етегімнен ұстағанша, мен арызымды Таласовқа беріп те үлгердім (Сәрсенбаев)— деген құрмаласты — Мен, әкем етегімнен ұстағанша, арызымды Таласовқа беріп те үлгердім, — деп айта беруге болады. Айырмашылығы тиянақты компоненттің сөйлем басында келтірілген бөлшегіне біраз екпін түсіріле айтылады.

Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуында жоғарыда көр-сетілгендей орын тепкен тұрақты тәртіптің болуы әр түрлі жағдай-ларға байланысты. Ондай жағдайлар қатарына құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш формасы мен интонациясы жағынан және мағыналық қарым-қатынастары жағынан өз ара тең болмаула-рын жатқызуға болады. Сонымен бірге, компоненттердің орын тәрті-біне жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын кейбір шылау-лардың да тигізетін әсері күшті. Олай дейтін себебіміз мынау: сөйлем мейлі жай сөйлем болсын, мейлі құрмалас сөйлем болсын — бәрі бір аяқталған ойды білдіру үшін формалық жағынан да, интонациялық жағынан да тиянақты болуы шарт. Ондай тиянақтылығы болмаса, олардың сөйлемдік сәні болмайды. Міне, сондықтан: Үш жылға дейін бір арба кен келмесе де, завод тоқталмайды (Мүсірепов) дегең құрмалас сөйлем компоненттерінің орнын ауыстырып, завод тоқтамайды, үш жылға дейін бір арба кен бермесе де деп айту — қазақ тілінің сөйлеу нормасына сай келмейді. Өйткені соңғы вариантта тиянақсыз компонент сөйлем соңында айтылған. Ал енді, «Абайдың қиналғанын Ділда сезді, бірақ ол түк өкінген жоқ (Әуезов) деген құрмалас сөйлем компонентте-рінің баяндауыштары тиянақты формада айтылған. Бірақ соған қарамастан олардың орын тәртібін өзгертіп айтуға да болмайды. Егер өзгертіп айтатын болсақ, олардың арасындағы мағыналық қатынас бұзылады, соңғысы, тіпті, құрмаластық сипаттан біржола айрылады. Бұл жағдайлар құрмалас сөйлем компоненттерінің орын-тәртібінің тұрақтылығын және оның жай сөйлемдерді құрма-ластыруда шешуші роль атқаратындығын аңғартады.

 

САЛАЛАС Қ¥РМАЛАС СӨИЛЕМ

(Жалпы мәлімет)

 

Құрамына енген жай сөйлемдері грамматикалық жағынан бір-бі-ріне бағынышты, тәуелді болмай, өз ара теңдік қатынаста айтылып, синтаксистік құрылысы және мағынасы жағынан бір бүтін болып тұратын құрмалас сөйлем — салалас құрмалас сөйлем деп аталады.

 

Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің өз ара тең болып келуінің негізгі себебі — ол компоненттердің бір-бірімен құрмаласу жолдарында, компоненттердің баяндауыш формасында.

Баяндауыш формасы жағынан алғанда салалас сөйлем компо-ненттері жіктік жалғаулы формада, яғни етістіктің ашық райында айтылады да, өз бастауыштарымен қиыса байланысады. Ал, компо-ненттер бірлігі, олардың өз ара байланыстылығы жай сөйлемдер ара-сында немесе жай сөйлемдер ішінде келген әр түрлі жалғаулықтар, жалгаулық мәнді сөздер арқылы, компоненттердің мағыналық және структуралық жағынан бірліктері, өз ара байланыстылықтары арқы-лы, осылардың негізінде туған интонациялық тұтастың арқылы қам-тамасыз етіледі.

Салалас құрмалас сөйлемнің сабақтас құрмалас сөйлемнен негізгі өзгешелігі — компоненттерінің грамматикалың жағынан бір-біріне тәуелді болмай, өз ара тең болып келуінде. Бірақ компоненттер теңдігі, дербестігі деген нәрсенің өзін де шартты түрде түсіну керек. Мұндағы теңдік, дербестік қалыпты жай сөйлемдер арасында бола-тын дербестік емес, өйткені мұндағы компоненттер сабақтас сөйлем-дегі сияқты бір-біріне бағынышты, тәуелді болып, бірі-бірінің жете-гінде айтылмағандарымен салаласа байланысудың әр түрлі тәсілдері, жолдары арқылы өз ара тығыз байланысты бір бүтін болып тұрады. Олай болатын себебі салаласу дегеніміздің өзі де — грамматикалық байланыстың, яғни тілдік элементтердің бір-бірімен синтаксистік қа-тынасқа келуінің бір түрі. Ал, грамматикалық байланысқа келген элементтердің (сөздердің, сөйлемдердің) өз ара не мағыналық, не грамматикалық жағынан, белгілі шамада болса да, бірімен-бірі ұш-тасып жататыны белгілі. Міне, сондай ұштастық, бірлік салалас сөй-лем компоненттері арасында да болады. Оны анығырақ байқау үшін төменде келтірілген мыралды талдап көрейік:

1. Жел артымыздан еді. Ауылдан он-он бес шақырым шықтық. Елдің жаздай жайлап шаңын шығарып тастаған жайлауын қақ жарып құбылаға бет қойып келе жатырмыз. Жанды қара жоқ. Бірен-саран шалшық сулардың бабында ұйлығып отырған топ-топ қаздарды көресің (Майлин).

2. Жылап отырған болу керек, екі иіні жоғары көтеріліп селк-селк етеді, айнадан ап-анық көрініп тұр (Есенжанов). Мен ондай хан баласына таңсық емеспін, өзім де хан баласымын; сұлтанға таңсық емеспін, өзім де сұлтанмын («Ер Тарғын»). Оқуға ұмтылған ниетіңөте жақсы ниет, бірақ қазір, тап осы биыл, мумкін, келесі жылы да, қалаған оқуыңа қолың жетері неғайбыл, өйткені оқу үшін оқитын орынды өз қолыңмен жасау керек (Есенжанов).

Келтірілген екі топ мысалдың алдыңғысы — дербес бес жай сөй-лемнен құралған бір абзац. Мұндағы жай сөйлемдер арасында бір-бірімен не мағыналық, не грамматикалық байланыс, салаластық қатынас жоқ. Сондықтан олардың әрқайсысы басқаға тәуелсіз, өз ал-дына жеке бір-бір сөйлем болып тұр. Ал, мысалдың екінші тобында он жай сөйлем болғанымен олардың бір де бірі өз алдарына дербес сөйлемдер емес, олар бір-бірімен мағыналық, грамматикалық байла-ныста айтылып, құрмалас сөйлемнің жеке компоненттері ғана болып тұр. Олардың байланысына келетін болсақ, бірінші құрмаластағы ал-дыңғы екі компонент өз ара себептестік қатынаста айтылып мағына бірліктеріне қарай құрмаласса, соңғы үшінші компонент алдыңғы екеуімен эллипис тәсілі арқылы құрмаласқан. Мысалдағы екінші құрмалас құрамындағы компоненттердің бір-бірімен байланысы да алдыңғыға ұқсас, тек бір өзгешелік — компоненттердің жай сөйлем түрінде ғана емес, сонымен бірге, құрмалас сөйлем түрінде де келуі.

 

Мұндағы екі құрмаласты біріктіріп, күрделі единица етіп тұрған синтаксистік тәсіл, бірінші жағынан, өз ара тығыз байланысты оқиғаның санамалап берілуі болса, екіншіден, бұл екеуіндегі жеке компоненттер ортақ бір ғана бастауышқа жетектеліп тұр. Ал, соңғы үшінші кұрмалас сөйлемдегі компоненттердің бір-бірмен байланысу жолы алдыңғы екеуіндегіден өзгеше: мұнда олар бірақ, өйткені де-ген жалғаулықтар арқылы грамматикалық жолмен байланысқан.

Компоненттер байланысының айтылған тәсілдер арқылы құрма-ласуымен қатар, солардың негізінде туған интонация тұтастығы да салаласа байланысудың бір тәсілі болып табылады. Мысалдың бірін-ші тобындағы жай сөйлемдер арасыңда бұлардың бір де бірі жоқ, сондықтан да олардың әрқайсысы басқаға тәуелсіз, өз алдарына же-ке-жеке сөйлемдер. Бұдан шығатын қорытынды салалас сөйлем болу үшін оның құрамына енетін жай сөйлемдер мағыналық жағынан бір-бірімен байланысты, интонациялық жағынан бір бүтін болып келуі, яғни өз ара салаластық байланыста айтылуы шарт.

Қазақ тілі білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша салалас құр-малас сөйлем, компоненттерінің бір-бірімен құрмаласу жолдарына қарай, күрделі екі топқа бөлініп жүр. Олардың бірі — жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем деп аталады да, екіншісі — жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Енді осылардың әрқайсысына жеке тоқталайық.

 

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем

 

Жалғаулыкты салалас құрмалас сөйлемге компоненттері бір-бі-рімен жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласатын салалас сөйлем-дер жатады.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясында қол-

данылатын жалғаулықтар негізгі мағыналық ерекшеліктеріне қарай

мезгілдес мәнді жалғаулықтар, с е б е п мәнді жалғаулықтар,

қарсылық мәнді жалғаулықтар, т а л ғ а у мәнді жалғаулықтар,

кезектес мәнді жалғаулықтар болып бес түрге бөлінеді де,

осы жалғаулықтардың қай түрінің қатынасы арқылы жасалып тұрға-

нына қарай сөйлем де сол жалғаулық атымен мезгілдес мәнді сала-

лас сөйлем, қарсылық мәнді салалас сөйлем дегендер тәріздес аттар-

мен аталып топталады. Бірақ аталған топтардағы жалғаулықтардың

мағыналық жағынан белгілі бір төркіндестіктері болғандарымен, қолданылу орнына, контекстіге қарай олардың әрқайсысының басқалар ауыстыра алмайтын өзіндік дербестіктері де мол кездесіп отырады.

Әр жалғаулықтың өзіндік ондай сіпаттарын айқындау үшін олардың әрқайсысын жеке-жеке талдаған жөн.

Мезгілдес салалас сөйлем

 

д а жалғаулығы арқылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем

 

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыруда өте жиі қолданы-латын да, де, та, те жалғаулықтары. Үндестік заңының әсерімен түрленіл айтылатыны болмаса, бүл — да деген бір ғана жалғаулық.

Бұл жалғаулық салалас құрмалас сөйлем жасауда әр компонент ішінде қайталанып та, қайталанбай екі жай сөйлем арасында да қол-данылады. Мыс.:

Менің артымнан тағы бір қыз туады д а, әке-шешем атын Бал-туған қояды (Мұқанов). Араға көп күн салмай-ақ ауа райы бір қа- лыпқа тоқырады д а, аспан түйдек-түйдек салқын қоңыр бұлттан арылды (Есенжанов).

 

Жер астында жел д е жоқ, тілін соза қызара жалтыраған машинамнан басқа жарық т а жоқ (Мұсірепов).

Бұл мысалдың алдыңғы екі сөйлемінде жалғаулық екі компонент арасында ғана келсе, соңғы сөйлемде ол компонент сайын қай-таланып айтылған.

Да жалғаулығы арқылы құрмаласқан компоненттер мезгілдес болған іс-әрекет, жай-күйді, оқиғаны баяндайды. Мыс.:

Торпақты сол арада біреу сатып алды да, ақшасын Әсти цалта-сына салды (Мүқанов). Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады (Әуезов),

Бұл келтірген мысалдағы сөйлемдердің барлығында да әуелі ал-дыңғы сөйлемдердегі іс-әрекеттер болған да, содан кейін оған іле-шала соңғы сөйлемдердегі іс-әрекеттер болып отырған, яғни мезгілдік жағынан бірінен кейін бірі іркес-тіркес болған. Ал енді:

Үріккен қойдай шоғырын жазбай шапқан үш солдат бөлек кетті де, қара көк аттың үстіндегі Абылаев пен қасқа айғырлы Бақы бір бөлек кетті (Есенжанов). Ушаков сылқ-сылқ күліп, қолын анда-санда бір сермеп қалып булығып жатыр да, Рязанов немене айтты дегендей әркімге бір қарайды (Мүсірепов), — деген сөйлемдер компоненттері бір уақыттың ішінде, мезгілдес қатар болған іс-әрекеттерді, жай-күй, көріністерді баяндайды.

Сонымен да жалғаулығы қайталамай екі компонент арасында келген жағдайда жай сөйлемдер бір-бірімен екі түрлі мезгілдік қаты-наста айтылады: а) алдыңғы компонент бұрын болған іс-әрекет, жай-күйді, соңғы компонент одан сәл кейін, бірақ соған тіркес болған іс-әрекет, жай-күйді білдіреді; ә) екі компоненттің екеуі де бір мерзім ішінде қатар болған я болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді, көріністі баяндайды.

Да жалғаулығының қайталап айтылуы арқылы жасалатын салалас сөйлемнің жоғарыда айтылған салалас сөйлемнен компоненттерінің бір-бірімен мезгілдік қатынасы жағынан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мұнда да бір уақыттың ішінде болған я болып жатңан мез-гілдес іс-әрекет, жай-күйлер, көріністер баяндалады. Бірақ соған қоса бұларда іс-әрекет үдей, өсе, күшейе түскен мәнде беріледі. Мыс.:

Ресейдің жұмысшы табы мен қалың шаруасы енді қайтып құлдқық қамытын кимейді де, оны зорлап ешкім кигізе алмайды да (Есен-жанов). Одан арғыны Игілік айтқан да жоқ, қасындағылары батып сұрай алған да жоқ (Мүсірепов). Кеп-кең ордан аттың қалай ырғып кеткенін Әбдірахман көз тоқтатып қарап байқаған да жоқ, байқауға шамасы да келмеді (Есенжанов).

Қайталанып қолданылған да жалғаулығы екі компонентті құр-маластыру қызметін атқарумен бірге, тіркесіп айтылған сөзінің мәнін арттыру, оған ой екпінін түсіре, күшейте, өзгеден ерекше бөле айту үшін де қолданылады. Мыс.:

Дәл шындықтан шет жатқан елдің әңгімеге құмарлығы да көп, шала ұғарлығы да көп. Күн бата шұбартып мал шеті де көрінді, бо- ран да үдеңкіреп кетті.Көмір де осы, отын да осы (Мүсірепов).

Және жалғаулығы арқылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем

 

Құрмалас сөйлем жасауда да жалғаулығымен бір типтес болып келетін жалғаулық ж ә н е жалғаулығы. Бұл жалғаулық өзі құр-маластыратын жай сөйлемдері арасында ғана қолданылады да, олар-дың ешқайсысының да құрамына енбей, жеке-дара тұрады. Бұл жа-ғынан алғанда, ж ә н е жалғаулығын нағыз салаластырушы жал-ғаулық деуге болады.

 

Ж ә н е жалғаулығы д а жалғаулығы сияқты жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметінде жиі қолданылмайды, өте сирек, әлдеқалай ғана ұшырайды. Ж ә н е жалғаулығы арқылы құрмаласатын ком-поненттер іс-әрекет, жай-күйді өсіңкі, үдетпелі, үстемелі мәнде білдіреді. Мыс.:

Отырып әңгімелескендей үлкен жүмысым жоқ ж ә н е ұзақ отырып сізбен кеңес құратын қазір уақыт та тар (Есенжанов). Сіздің қолыңыз босай қоймас ж ә н е босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер (Әбішев). Қашқын ұзап кетті ж ә н е кертөбелге жетер мұнда ат та жоқ (Мұстафин). Жыраның бұл тұсы адам еңкеймей жүрсе де бойын жасырарлық теп-терең еді ж ә н е түбі де нақ жиегіне дейін бұйдайығы мен кей жерде қарабарағы аралас өскен қалың жынысты (Есенжанов).

Мысалдың бірінші құрмалас сөйлемінің алдыңғы компонентінде отырып әңгімелесерліктей үлкен жұмыстың жоқтығы айтылса, екін-ші компонентте оның үстіне, яғни үлкен жұмыс жоқтығының үстіне, уақыттың да тар екендігі айтылған. Осы тәріздес біріншідегі әрекет үстіне қосымша, үстеме болған әрекеттер кейінгі сөйлемдерде де баяндалған. Бұл жағынан алғанда ж ә н е жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлем мен да жалғаулығы, әсіресе оның қайталап келуі арқылы жасалатын салалас сөйлем бір. Екеуінен де өсіңкілік, үстемелілік мән, «оңың үстіне, ол аз болса, оған қоса» дегендер тәріздес мағыналар байқалып тұрады. Дегенмен бүл екі жалғаулық арқылы жасалатын салалас сөйлем, компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан әрдайым бірдей болып та отырмайды. Бұлардың арасындағы негізгі өзгешелік да жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлемдерде компоненттердің бір-бірімен мезгілдік қатынастары айқынырақ сезілетін болса, ж ә н е жалғаулығы арқылы құрмаласатын түрінде ол өте көмескі болады. Мұндағы компоненттердің мағыналық қатынасында, жоғарыда айтылғандай, өсіңкілік, үстемелілік, үдетпелілік мағына басым болып тұрады.

Әрі жалғаулығы аркылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем

 

Құрмаластыратын жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қа-тынасы жағынан жоғарыда талданған сөйлем түрлерімен бір тектес болып келетін салалас сөйлем — ә р і жалғаулығы арқылы жасала-тын құрмалас сөйлем. Бұл жалғаулық жай сөйлемдерді құрмаласты-ру қызметінде ж ә н е жалғаулығынан гөрі де сирек қолданылады. Мұның қолданылуы да жалғаулығы сияқты: бірде қайталанбай, екі компонент арасында ғана келсе, бірде қайталанып, әр компонент ішінде қолданылады. Бұл жалғаулық арқылы жасалатын салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары ж ә -н е жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлемге өте ұқсас. Оны мына мысалдан байқауға болады:

Бұл бізге істелуге тиісті істердің түрін тегіс қамтуға мүмкіндік береді, ә р і ол жұмысқа көпшіліктің ынтасын аударады. Қи өзге отыннан әрі қызу, ә р і оның шоғы ұзақ уақыт сөнбейді. Менде ә р і документ жоқ, ә р і бармақшы болған үйлердің адресі жоқ (Мұқанов).

Мысалдардағы бұл сөйлемдер ж ә н е жалғаулығы арқылы жа-салатын салалас сөйлемдерге өте жақын. Мұндағы кейбір сөйлемдердегі ә р і жалғаулығының орнына ж ә н е жалғаулығын қойып айтса да болғандай. Бұлардағы екінші компоненттегі іс-әрекет бірінші компоненттегі әрекеттерге үстеме, өсіңкі мән беріп, оны күшейте түсіп тұр.

Қи өзге отындардан қызу және оның үстіне, сол қасиетіне қосымша оның шоғы ұзақ уақытқа дейін сөнбейді. Менде документ болмаудың үстіне бармақшы үйдің адресі тағы жоқ. Бұлардағы әрекет бірінің үстіне бірі үстемеленіп, қос қабаттасып жатады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 990; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.