КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
МУДДАССИР 4 страница
Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл (Ғ.С.) де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін періштелер де оған болысады. (4) (Әй Пайғамбардың жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші, құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруі мүмкін. (5) Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды. (6) Әй қарсы келгендер! Бүгін сылтауратпаңдар! Шын мәнінде істегендеріңнің сазайын тартасыңдар. (7) Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді; олардың нұрлары алдарында, оң жақтарында жүреді. Олар: “Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді” дейді. (8) Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Сондай-ақ оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ нендей жаман орын. (9) Алла (Т.) кәпірлерге Нұх (Ғ.С.) тың әйелі мен Лұт (Ғ.С.) тың әйелін мысал көрсетті. Олар жақсы құлдарымыздан екі құлдың некесінде еді. Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуін Алладан еш қорғай алмады. “Екеуің тозаққа кірушілермен бірге кіріңдер” делінді. (10) Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: “Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар” деген еді. (11) Имран қызы Мәриямді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рухымыздан үрлеген едік. Ол, Раббының сөздерін және кітаптарын растаған еді. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді. (12) 67.МҮЛІК Аса камқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Әй Пайғамбар! Жұбайларыңның ризалығын қалап, Алланың өзіңе халал еткен нәрсесін неге арам етесің? Алла тым жарылқаушы, ерекше мейрімді. (1) Расында Алла, анттарыңды шешуді парыз қылды. Алла иелерің. Ол, толық білуші, аса дана. (2) Сол уақытта Пайғамбар (Ғ.С.) кейбір жұбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойған сәтте, Алла оны Пайғамбарға білдірді. Бірақ Пайғамбар жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жұбайына білдірген сәтте, ол: “Бұны саған кім білдірді?”,- дегенде, Пайғамбар (Ғ.С.): “Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді” деді. (3) Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл (Ғ.С.) де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін періштелер де оған болысады. (4) (Әй Пайғамбардың жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші, құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруі мүмкін. (5) Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды. (6) Әй қарсы келгендер! Бүгін сылтауратпаңдар! Шын мәнінде істегендеріңнің сазайын тартасыңдар. (7) Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді; олардың нұрлары алдарында, оң жақтарында жүреді. Олар: “Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді” дейді. (8) Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Сондай-ақ оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ нендей жаман орын. (9) Алла (Т.) кәпірлерге Нұх (Ғ.С.) тың әйелі мен Лұт (Ғ.С.) тың әйелін мысал көрсетті. Олар жақсы құлдарымыздан екі құлдың некесінде еді. Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуін Алладан еш қорғай алмады. “Екеуің тозаққа кірушілермен бірге кіріңдер” делінді. (10) Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: “Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар” деген еді. (11) Имран қызы Мәриямді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рухымыздан үрлеген едік. Ол, Раббының сөздерін және кітаптарын растаған еді. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді. (12) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Нун. Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт. (1) (Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің. (2) Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар. (3) Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің. (4) Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді. (5) Жындылық қайсыларыңда екен? (6) Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі. (7) Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба. (8) Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (9) (Мұхаммед Ғ.С.) Әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба; (10) Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да, (11) Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да, (12) Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (13) Бұлар малды, балалы болса да. (14) Оған аяттарымыз оқылған сәтте: “Бұрынғылардың ертегісі” деді. (15) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (16) Бұларға бақша иелеріне пәле бергендей пәле бердік. Сол уақытта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті. (17) “Алла қаласа” демеді. (18) Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды. (19) Бақша қара түнектей болды. (20) Сонда олар, таң сәріден дабыстады: (21) “Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер” деп. (22) Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты: (23) “Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін” деп. (24) Олар, күші жете тұра таң сәріден оңаша кетті. (25) Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: “Анық адасқан екенбіз”,- десті. (26) “Жоқ, біз құр қалған екенбіз” (десті.) (27) Олардың орта көз қарастағысы: “Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бе?”,- деді. (28) Олар: “Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан болған екенбіз” десті. (29) Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты: (30) “Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық” десті. (31) “Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз.” (32) Міне бейнет осындай. Әрине ақырет азабы тағы зор, егер олар білген болса. (33) Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар. (34) Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе? (35) Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер? (36) Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма? (37) Расында онда сендердің ұнатқандарың бар ма? (38) Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шексіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма? (39) (Мұхаммед Ғ.С.) Олардан сұра: “Расында осыған олардың қайсылары жауапкер екен? (40) Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін. (41) Қиямет күні, балтыр (шындық) ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды. (42) Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын. (43) (Мұхаммед Ғ.С.) Енді осы сөзді (Құранды) жасынға шығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз. (44) Оларға мұрсат беремін. Шынында шараларым күшті. (45) (Мұхаммед Ғ.С.) Немесе сен олардан жалақы сұрап, олар, ауыр зиянға ұшырады ма? (46) Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма? (47) (Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше Раббыңның үкімі бойынша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын. (48) Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді. (49) Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті. (50) Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: “Ол анық жынды” дейді. (51) Негізінде бұл Құран әлемдерге насихаттан басқа нәрсе емес. (52) 69. ХАҚҚА Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Болуы анық қиямет. (1) Ол, болуы анық не нәрсе? (2) Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің? (3) Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды. (4) Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды. (5) Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді. (6) Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің. (7) Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе? (8) Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен. (9) Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған. (10) Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық. (11) Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық. (12) Сонда бір рет Сұр үрілген сәтте, (13) Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте, (14) Міне сол күні, қиямет оқиғасы болады. (15) Сол күні, көк жарылып, босайды. (16) Періште көктің айналасында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді. (17) Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды. (18) Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; “Алыңдар, кітабымды оқыңдар!”,- дейді. (19) “Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем.” (20) Сонда ол, қуанышты тіршілікте, (21) Көтеріңкі жаннатта болады; (22) Жемістері салбырап тұрады. (23) (Оларға): “Өткен күнде істеген амалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын” (делінеді.) (24) Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: “Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді” дейді. (25) “Есебімнің не екенін білмесем екен!” (26) “Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді.)” (27) “Малым, маған еш пайда бермеді.” (28) “Күш-қуатым жойылып кетті” (дейді.) (29) “Оны ұстаңдар да байлаңдар.” (30) “Сосын оны тозаққа салыңдар.” (31) “Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар” (делінеді.) (32) “Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген;” (33) “Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді.” (34) Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ. (35) Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ. (36) Оны күнәкарлар ғана жейді. (37) Сонда көрген нәрселеріңе серт; (38) Және көрмеген нәрселеріңе де серт. (39) Күдіксіз бұл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (40) Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер. (41) Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер. (42) Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген. (43) Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса; (44) Әрине оның оң жағынан қолға алар едік; (45) Сосын оның күре тамырын кесер едік. (46) Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды. (47) Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат. (48) Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз. (49) Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет. (50) Шүбәсыз ол Құран, анық шындық. (51) (Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше ұлы Раббыңды атымен дәріпте. (52) 70.МӘАРИЖ Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады. (1) Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ. (2) Ол азап биік дәреже иесі Алладан. (3) Ол жоғарғы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады. (4) (Мұхаммед Ғ.С.) Енді көркем сабырмен сабыр ет. (5) Олар қияметті ұзақ көреді. (6) Біз жақын көреміз. (7) Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады. (8) Таулар, түтілген жүндей болады. (9) Дос, достың халін сұрамайды. (10) Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді; (11) Әйелін де туысын да; (12) Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де. (13) Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді. (14) Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от, (15) Теріні сояды; (16) Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады. (17) Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады. (18) Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған. (19) Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз. (20) Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң. (21) Бірақ намаз оқушылар басқа. (22) Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды. (23) Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар: (24) Сұрағанға да сұрамағанға да. (25) Тағы сондай қиямет күнін растағандар. (26) Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар.(27) Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес. (28) Сондай ұятты жерлерін сақтағандар. (29) Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ. (30) Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар. (31) Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар. (32) Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар. (33) Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер. (34) Міне солар пейіштерде құрметке бөленетіндер. (35) (Мұхаммед Ғ.С.) Ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды? (36) Оңнан, солдан топ-топ болып; (37) Олардың әрбірі нығметті жұмаққа кіруді үміт ете ме? (38) Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық. (39) Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді. (40) Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды. (41) (Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын. (42) Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді. (43) Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн. (44) 71.НҰХ Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Расында Нұх (Ғ.С.) ты, еліне: “Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт” деп, жібердік. (1) (Нұх Ғ.С.): “Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін” деді. (2) “Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар;” (3) “Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді.” (4) (Нұх Ғ.С.): “Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым.” (5) “Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды.” (6) “Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды.” (7) “Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым.” (8) “Одан кейін мен оларға ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым.” (9) (Сондай-ақ оларға): “Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы.” дедім. (10) “Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді.” (11) “Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады.” (12) “Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды?” (13) “Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты.” (14) “Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?” (15) “Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды.” (16) “Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді.” (17) “Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады.” (18) “Алла сендерге жерді төсеніш қылды.” (19) “Оның кең жолдарында жүрулерің үшін.” (20) Нүх (Ғ.С.): “Раббым! Расында олар маған қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті.” (21) “Олар зор айлакерліктер істеді.” (22) Және олар: “Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар” деседі. (23) “Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр.” (24) Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады. (25) Нұх (Ғ.С.): “Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма” деді. (26) “Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады; (27) “Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр” деді. (28) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (Мұхаммед Ғ.С.) Оларға: “Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді” де. Сонда жындар: “Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық” деді. (1) “Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз.” (2) “Расында Раббымыздың ұлықтығы өте жоғары, Ол, қатын, бала иемденбейді.” (3) “Өйткені біздің ақымақтар, Аллаға шатақ сөйлеп жүр екен.” (4) “Расында адамдар мен жынды, Аллаға байланысты әсте өтірік айтпайды деп ойлаған едік.” (5) “Шынында адамдардан кейбір ерлер; жындардың кейбір ерлеріне сиынатын еді де сонда олар, жындардың менменсуін арттыратын еді. (6) “Олар да сендердің Алла ешкімді қайта тірілтпейді деп ойлағандарың тәрізді ойлаған еді.” (7) “Әрине көкке қарманғанымызда, оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық.” (8) “Әлбетте тыңдау үшін; аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді.” (9) “Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма?” (10) “Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар; түрлі жолдарда едік.” (11) “Шынында жер жүзінде Алланы еш жеңе алмайтындығымызды, қашып құтыла алмайтындығымызды аңғардық.” (12) “Расында осы тура жолды естіп, Оған сендік. Кім Раббына иман келтірсе, сонда ол, кемшіліктен де зияннан да қорықпайды.” (13) “Бізден Мұсылмандар да, туралықтан адасқандар да бар. Сонда кім Мұсылман болса, ал міне солар, туралықты іздейді.” (14) “Ал енді адасқандар, тозаққа отын болады.” (15) (Егер жындар мен адамдар,) ол жолда тұп-тура жүрсе, әрине оларға мол су нәсіп етеміз; (16) Оларды онда сынау үшін. Кім Раббының зікірінен жалтарса, Раббы оны барған сайын арта түсетін азапқа ұшыратады. (17) Шын мәнінде мешіттер, Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар. (18) Расында Алланың құлы (Мұхаммед Ғ.С.) тұрып, Аллаға ғибадат қылған сәтте; олар, оның үстіне үймелеп жабыса жаздады… (19) (Мұхаммед Ғ.С.): “Шын мәнінде мен Раббыма құлшылық қылып, Оған ешбір серік қоспаймын” де. (20) “Расында мен сендерге зиян келтіре алмаймын да игілік те істей алмаймын” де. (21) “Расында ешкім мені, Алланың азабынан сақтай алмайды да мен де Одан өзге пана таба алмаймын.” (22) “Бірақ мен, Алладан әрі Оның пайғамбарлық міндеттемелерінен жалғастырамын. Кім Аллаға, Пайғамбарына қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар.” (23) Ақыр өздеріне уәде етілген азапты көрген сәтте, кімнің көмекшісі нашар, саны аз екенін олар біледі. (24) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сендерге уәде етілген азап жақын ба? Не Раббым, оны созып қойды ма? Білмеймін” де. (25) Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды. (26) Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды; (27) Олардың, Раббыларының міндеттемелерін анық жалғастырғандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған. (28) 73.МУЗЗӘЗИЛ Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммед Ғ.С.)! (1) Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта; (2) Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт. (3) Не оған біраз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы. (4)
Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 292; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |