Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Инфитар




ТАКУИР

АБАСА

НАЗИАТ

НАБА

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Олар не нәрседен сұрасады? (1)

Зор уақиғадан. (2)

Олар, ол жөнде таласуда. (3)

Әсте олай емес, олар тез біледі. (4)

Тағы олай емес, олар тез біледі. (5)

Жерді бір төсеніш қылмадық па? (6)

Тауларды қазық… (7)

Сендерді жұп-жұп жараттық. (8)

Ұйқыларыңды дем алыс қылдық. (9)

Түнді жамылғы қылдық. (10)

Күндізді тіршілікке жараттық. (11)

Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық. (12)

Жарқыраған шырақ (күн) жараттық. (13)

Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық. (14)

Онымен дәнді дақылдарды, өсімдіктерді шығару үшін; (15)

Және ну бақшалар… (16)

Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім. (17)

Сұр үрілген күні, топ-топ келесіңдер. (18)

Көктер сетінеп есіктер пайда болады. (19)

Таулар жүргізіліп, сағым болады. (20)

Әлбетте тозақ күтіп тұрады; (21)

Азғындардың барар жері. (22)

Олар онда ғасырларша тұрады. (23)

Олар онда салқындамайды да сусын татпайды. (24)

Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді. (25)

Қылмыстарына сай бір жаза. (26)

Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді. (27)

Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді. (28)

Әр нәрсені жазып, сақтадық. (29)

“Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз” (делінеді.) (30)

Негізінде тақуалар үшін құтылу бар. (31)

Бақшалар, жүзімдер бар. (32)

Жас өспірім құрдас қыздар бар. (33)

Толып, тасыған кесе бар. (34)

Олар онда бос сөз және өтірік естімейді; (35)

Раббыңнан толық бір сыйлық. (36)

Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды. (37)

Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді. (38)

Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын. (39)

Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: “Әттең! Топырақ болып кеткен болсам” дейді. (40)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сүңгіп шығарушы, (1)

Баяу тартушы, (2)

Малтып кетуші, (3)

Жарысып озушы, (4)

Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт. (5)

Ол күні қатты сілкініс болады. (6)

Оның артынан тағы бір сілкінеді. (7)

Ол күні жүректер тітірейді. (8)

Көздері төмен қарайды. (9)

(Олар): “Шын, қайта тірілеміз бе?”,- дейді. (10)

“Қоқым, сүйек болған сәтте де?” (11)

(Олар): “Ендеше ол қайғылы бір қайту екен” дейді. (12)

Негізінен ол, бір айғай ғана. (13)

Дереу сол уақытта олар майданда. (14)

Саған Мұсаның хабары келді ме? (15)

Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі “Тұуа” ойпатында дабыстады: (16)

“Перғауынға бар. Өйткені ол, азды.” (17)

Сонда оған: “Тазарғың келе ме?”,- де. (18)

“Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың” (19)

Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті. (20)

Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты. (21)

Кейін теріс айналып, жүгірді. (22)

Адамдарды жинап, айғай салып: (23)

“Мен сендердің ең ұлы раббыларың” деді. (24)

Сондықтан Алла, оны ақырет, дүние азабымен қолға алды. (25)

Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар. (26)

Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады. (27)

Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді. (28)

Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды. (29)

Сосын жерді төседі. (30)

Одан су және жайылыс майданға келтірді. (31)

Оған таулар орналастырды. (32)

Сендер және малдарың пайдалану үшін. (33)

Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте; (34)

Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады. (35)

Тозақ, көретіндерге көрсетіледі. (36)

Ал енді кім шектен шыққан болса, (37)

Оған дүние әсер еткен болса, (38)

Сонда рас оның орны тозақ. (39)

Ал енді кім, Раббыны; алдына тұрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса, (40)

Негізінде оның барар жері жұмақ. (41)

(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған “Қиямет қашан болады?”,- деп сұрақ қояды. (42)

Ол жөнде түсінік беру сенің ісің бе? (43)

Оның қорытындысы, Раббыңа байланысты. (44)

Негізінен сен қияметтен қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың. (45)

Олар қияметті көрген күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Қабақ шытып, бет бұрды; (1)

Оған соқырдың келуімен.(2)

Қайдан білесің, мүмкін ол тазарар? (3)

Не үгіт алар, оған үгіт пайда берер. (4)

Ал енді байсынған (Құрайш бастықтары) келсе, (5)

Оған көңіл бөлесің. (6)

Ол тазармаса саған не? (7)

Ал енді саған жүгіріп келген біреу; (8)

Ол, (Алладан) қорқады. (9)

Сонда да оған селқос қарайсың. (10)

Жоқ, олай емес. Әлбетте Құран бір насихат. (11)

Сондықтан кім қаласа, үгіт алады. (12)

Құрметті нұсқаларда жазулы, (13)

Жоғары бағаланған тап-таза; (14)

Елшілердің қолында, (15)

Ардақты, игі. (16)

(Жаны шықсын) Оған, адам баласы қалай қарсы? (17)

Алла адамды не нәрседен жаратты? (18)

Бір тамшыдан жаратып, оны бейнеледі. (19)

Сосын оның жолын оңайластырды. (20)

Кейін оған өлім беріп, оны қабірге қойдырды. (21)

Қалаған сәтте, оны тірілтеді. (22)

Жоқ, ол Алланың әмірін орындамады. (23)

Ал енді адамзат, жеген тамағына бір көз салсын. (24)

Әрине мол су бердік. (25)

Сосын қара жерді қақ айырдық. (26)

Сонда жерде дәнді дақылдар өсірдік. (27)

Жүзімдер, жоңышқалар, (28)

Зәйтіндер, құрмалар, (29)

Ну бақшалар, (30)

Жемістер, өлеңдер; (31)

Сендер әрі малдарың пайдалану үшін. (32)

Ал енді қатты дауыс келген сәтте; (33)

Сол күні, кісі туысынан қашады; (34)

Шешесінен, әкесінен. (35)

Әйелінен және балаларынан. (36)

Ол күні әркімнің ісі ауыр. (Әркім өз халімен әлек.) (37)

Ол күні кейбір жүздер, жарқырайды, (38)

Күлген қуанышты. (39)

Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады; (40)

Оны қара түнек қаптаған болады. (41)

Міне солар, қарсы келген бұзақылар. (42)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Күн бүктелген сәтте, (1)

Жұлдыздар солып шашылған сәтте, (2)

Таулар жүргізілген сәтте, (3)

Қаймал іңгендер, иен жіберілген сәтте, (4)

Жан-жануарлар жиналған сәтте, (5)

Теңіздер қайнатылған сәтте, (6)

Жан тәнмен бірлестірілген сәтте, (7)

Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте; (8)

Қай күнәмен өлтірілді? (9)

Дәптерлер ашылған сәтте, (10)

Аспан ашылған сәтте, (11)

Тозақ қыздырылған сәтте, (12)

Жұмақ жақындатылған сәтте; (13)

Әркім не әзірлегенін біледі. (14)

Жоқ, солғындаған жұлдыздарға серт, (15)

Жүріп барып батқан жұлдыздарға ант. (16)

Қараңғылана бастаған түнге серт, (17)

Ағара бастаған таңға серт; (18)

Негізінен Құран әрине бір ардақты Елшінің (Жебрейіл Ғ.С.) сөзі. (19)

Ол күшті Елші, ғаршының иесінің қасында беделді, (20)

Ықпалды, онда сенімді. (21)

Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С.) жынды емес. (22)

Расында ол, оны ашық көк жиекте көрді. (23)

Ол (Мұхаммед Ғ.С.) ғайыптан келген уахи туралы кемшілік істемеді. (24)

Құран, қуылған шайтанның сөзі емес. (25)

Ендеше, қайда кетіп бара жатырсыңдар? (26)

Ол (Құран Кәрім), бүкіл әлемге насихаттан басқа еш нәрсе емес. (27)

Әрине сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін; (28)

Әлемдердің Раббы Алла, қаламайынша тілеулерің жүрмейді. (29)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Көк жарылған сәтте, (1)

Жұлдыздар төгілген сәтте,(2)

Теңіздер тасыған сәтте, (3)

Қабірлер қопарылған сәтте, (4)

Әркім ілгері не жіберілгенін, кейін не қалдырылғанын біледі. (5)

Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады? (6)

Ол сондай Алла, сені жаратты. Толықтап теңестірді. (7)

Ол, сені қалаған бейнеде құрастырды. (8)

Жоқ, олай емес, дінді өтіріксінесіңдер. (9)

Негізінен сендерге әлбетте бақылаушылар бар. (10)

Ардақты жазушылар, (11)

Олар не істегендеріңді біледі. (12)

Шын мәнінде ізгілер, әлбетте нығмет ішінде болады. (13)

Негізінен бұзықтар тозақта болады. (14)

Олар қиямет күні тозаққа салынады. (15)

Олар, одан ғайып бола алмайды. (16)

Қиямет күнінің не екенін қайдан білесің? (17)

Иә, қиямет күннің не екенін қайдан білесің? (18)

Ол күні, біреуге біреу қарайласуға еш нәрсе қолдан келмейді. Ол күні, әмір Аллаға тән. (19)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 295; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.