Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зилзала




АДР

ТИН

ДУХА

ШАМС

БАЛАД

АШИЯ

А ЛА

БУРУДЖ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жұлдызды аспанға ант, (1)

Уәделі күнге, (2)

Куәлік берушіге, куәлік берілгенге серт. (3)

Жер ошақшылардың жаны шықсын! (4)

Отынмен жанған от. (5)

Ол уақытта олар оның маңында отырған; (6)

Олар, мүміндерге істегендерін көрген. (7)

Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем, мақтаулы Аллаға сенулері ғана еді. (8)

Ол сондай Алла, аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла, әр нәрсені көруші. (9)

Негізінде мүмін ерлер, мүмін әйелдерге жапа беріп, сосын тәубе қылмағандар, оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар. (10)

Негізінен иман келтіріп, ізгі іс істегендер, оларға астарынан өзендер ағатын пейіштер бар. Осы, зор мұратқа жетушілік. (11)

Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты. (12)

Өйткені Ол, бастапта жаратып, әрі қайта тірілтеді. (13)

Ол, тым жарылқаушы, өте сүюші. (14)

Ғаршының иесі, аса ұлы. (15)

Ол, қалағанын бұлжытпай істеуші. (16)

(Мұхаммед Ғ.С.) саған ләшкерлердің хабары келді ме? (17)

Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің? (18)Дегенмен қарсы болғандар, өтіріксінуде. (19)

Алла, оларды сырттай орап алған. (20)

Әрине ол, ұлы бір Құран. (21)

Лаухы Махфұзда сақтаулы. (22)

86. ТАРИҚ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Аспанға, Тарыққа серт. (1)

(Мұхаммед Ғ.С.) Тарық не екенін қайдан білесің? (2)

Ол, жарқыраған жұлдыз. (3)

Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар. (4)

Ал енді адамзат неменеден жаратылғанына бір қарасын; (5)

Бір атылып шыққан судан жаратылған. (6)

Ол, бел сүйек пен кеуде сүйектің арасынан шығады. (7)

Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие. (8)

Сол күні сырлар ашылады. (9)

(Ол күні) адам баласына күш те, көмекші де болмайды. (10)

Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт. (11)

Жаралып өсімдік шығаратын жерге серт. (12)

Негізінен Құран бір билік сөз. (13)

Ол, бір сықақ емес. (14)

Шын мәнінде олар бір сығандық істеуде. (15)

Сығандығына шара көремін. (16)

(Мұхаммед Ғ.С.) қарсы келушілерге мұрсат беріп, аз еркіне қой. (17)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(Мұхаммед Ғ.С.) Ұлы Раббыңның атын дәріпте. (1)

Ол сондай Алла; жаратып, толықтаған, (2)

Ол сондай Алла, шамалап оңғарған. (3)

Ол сондай Алла, жайылысты жаратқан. (4)

Сосын оны қапқара қоқымға айналдырған. (5)

(Мұхаммед Ғ.С.) саған Құран оқытамыз; сонда оны ұмытпайсың. (6)

Бірақ, Алланың қалағаны басқа. Негізінде Ол, көрнеу, көместі біледі. (7)

Саған оңай болғанды қолайластырамыз. (8)

Пайда беретін болса, насихат ет. (9)

Әлде кім Алладан қорықса, үгіт алады. (10)

Сорлы болғандар одан бой тежейді. (11)

Ол, сондай зор тозаққа салынады. (12)

Сосын ол арада өлмейді де тірілмейді. (13)

Әлде кім тазарса, ол құтылады. (14)

Ол, Раббының атын еске алып, намаз оқыды. (15)

Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер. (16)

Ақырет қайырлы да, тұрақты. (17)

Негізінен бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар; (18)

Ыбырайым, Мұса (Ғ.С.)-лардың нұсқаларында. (19)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атыман бастаймын.

(Мұхаммед Ғ.С. әлемді) қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме? (1)

Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады. (2)

Қатты қиналған шаршаған болады. (3)

Жанып тұрған отқа тасталады. (4)

Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі. (5)

Олардың ащы, сасық тікенектен басқа ешбір тамағы болмайды. (6)

Ол семіртпейді де, аштықты баспайды. (7)

Ол күні, кейбір жүздер шаттықта, (8)

Амалдарына разы, (9)

Көтеріңкі бақшада; (10)

Ол арада бір бос сөз естімейді. (11)

Онда аққан бір бұлақ бар. (12)

Онда биік дивандар бар. (13)

Қойылған кеселер бар. (14)

Тізілген жатықтар бар. (15)

Төселген төсеніштер бар. (16)

Олар, түйеге қарамай ма, қайтып жаратылған? (17)

Олар, аспанға қарамай ма, қайтіп көтерілген? (18)

Олар, тауларға қарамай ма? Қайтіп тігілген? (19)

Олар, жерге қарамай ма, қайтып төселген? (20)

(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді насихат ет; негізінен сен бір насихатшысың. (21)

Сен оларды зорлаушы емессің. (22)

Бірақ әлде кім бет бұрса, қарсы келсе; (23)

Сонда Алла, оны зор азаппен қинайды. (24)

Расында олардың қайтар жері Біз жақ. (25)

Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән. (26)

89. ФӘЖР

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Ағарған таңға, (1)

Құрбан айының алғашқы он кешіне, (2)

Әр жұп пен таққа, (3)

Өткен түнге серт. (4)

Бұлар, ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма? (5)

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның Ғад қауымына не істегенін көрдің бе? (6)

Ұзын діңгекті «Ирам» қаласындағыны; (7)

Сондай ол тәрізді қалаларда жасалмаған еді. (8)

Сондай ақ ойпаттар жартастарды ойған Сәмүд еліне (не істегенін) (9)

Ол қазықшы Перғауынға (не істегенін) (10)

Сондай олар, мемлекеттерде шектен шыққан еді. (11)

Сонда олар, ол жерде бұзақылықты көбейткен еді. (12)

Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды. (13)

Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы. (14)

Ал енді адамзат, қашан Раббы оны сынай сыйлап, игілікке бөлесе: «Раббым мені сыйлады» дейді. (15)

Қашан оны сынап, несібесін тарайтса: «Раббым мені қорлады» дейді. (16)

Жоқ олай емес. Сендер жетімге құрмет етпейсіңдер. (17)

Бір-біріңді, міскінді тамақтандыруға қызықтырмайсыңдар. (18)

Мирасты тұтас жеп аласыңдар. (19)

Сондай-ақ малды өте-мөте жақсы көресіңдер.(20)

Тіпті олай емес. Жер соғылысып, быт-шыт болған сәтте, (21)

Раббың келіп, періштелер сап-сап болған кезде, (22)

Сол күні, тозақ келтіріледі де әрі сол күні, адамзат түсінеді. Ол түсінуден оған не пайда? (23)

“Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді” дейді. (24)

Сонда, сол күні ешкім Алланың істеген азабын істей алмайды. (25)

Сондай-ақ ешкім Оның матауын матай алмайды.(26)

Әй орныққан нәпсі! (27)

Раббыңа, Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт! (28)

Енді құлдарымның арасына кір! (29)

Сондай-ақ жаннатыма кір! (30)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жоқ, осы (Мекке) қаласына ант етемін; (1)

(Мұхаммед Ғ.С.) сен осы қалада тұрасың. (2)

Әкеге, балаға (Адам Ғ.С. мен балаларына) серт! (3)

Расында адамзатты әбігер жараттық. (4)

Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма? (5)

«Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді. (6)

Оны біреу көрмеді деп ойлай ма? (7)

Оған екі көз жаратпадық па? (8)

Әрі бір тіл, екі ерін? (9)

Оған екі жол көрсетпедік пе? (10)

Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады. (11)

Кедергінің не екенін қайдан білесің? (12)

Ол; құл азат ету, (13)

Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру; (14)

Жақындағы болған бір жетімді, (15)

Немесе шаң топырақтағы сорлыны. (16)

Сосын иман келтіріп, бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу. (17)

Міне осылар; оңшылдар. (18)

Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар, олар; солшылдар. (19)

Олар тозаққа қамалады. (20)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Күнге және оның жарығына, (1)

Ай, күнге ерген сәтте, (2)

Жарқыраған сәтте күндізге, (3)

Күндізді жапқан кезде түнге. (4)

Аспанға және оны жасағанға, (5)

Жерге және оны жайғанға, (6)

Кісіге және оны толықтағанға, (7)

Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт. (8)

Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да; (9)

Әлде кім оны кірлетсе қор болды. (10)

Сәмүдтің азғындары өтіріксінді. (11)

Оның ең жауызы қарсы шыққанда, (12)

Сонда Алланың Елшісі оларға: «Алланың түйесіне әрі оның суарылуына килікпеңдер» деді. (13)

Бірақ олар оны жасынға шығарып, түйені өлтіріп тастады. Ал, сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп, жермен жексен қылды. (14)

Алла, оның соңынан қорықпайды. (15)

92. ЛӘЙЛ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Қараңғылығы басқан сәтте, түнге, (1)

Жарқыраған сәтте күндізге, (2)

Және еркек, ұрғашыны жаратқанға серт. (3)

Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі. (4)

Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе, тақуалық қылса, (5)

Жақсылықты дұрыс деп білсе; (6)

Сонда оның жолын оңайластырамыз. (7)

Ал енді әлде кім сараңдық істесе, елемесе, (8)

Жақсылықты жасынға шығарса; (9)

Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз. (10)

(Тозаққа) жығылған сәтте, оның малы оған пайда бермейді. (11)

Негізінде тура жол көрсету бізге тән. (12)

Сөз жоқ, ақырет те, дүние де Біздікі. (13)

Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім.(14)

Оған жауыздар ғана кіреді. (15)

Сондай өтірік деп жалтарғандар.(16)

Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады. (17)

Сондай малын сарып қылып тазарғандар. (18)

Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ. (19)

Бірақ ұлы Раббының ризалығын ғана іздейді. (20)

Сондай-ақ ол, таяуда разы болады. (21)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сәске уақытына, (1)

Тым-тырыс түнге ант. (2)

Раббың сені тастамады да, кейімеді. (3)

Әрине сен үшін ақырет, дүниеден жақсы. (4)

Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың. (5)

Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма? (6)

Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма? (7)

Сені кедей көріп, байытпады ма? (8)

Ендеше жетімді қорлама, (9)

Сұраушыны зекіме. (10)

Раббыңның нығметін білдір. (11)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Інжірге және зәйтүнге, (1)

Сина тауына, (2)

Осы бейбіт қалаға серт. (3)

Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық. (4)

Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық. (5)

Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер басқа. Оларға таусылмас сыйлық бар. (6)

(Адам баласы!) Бұдан кейін саған дінді өтіріксіндірген не? (7)

Алла, үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе? (8)

95. ИНШИРАҚ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(Мұхаммед Ғ.С.) көңіліңді ашпадық па? (1)

Жүгіңді түсірмедік пе? (2)

Сондай беліңді қайыстырған, (3)

Сенің абыройыңды көтермедік пе? (4)

Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар.(5)

Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар.(6)

Ендеше босай қалсаң және тырыс.(7)

Раббыңа ғана бел байла.(8)

96. АЛАҚ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! (1)

Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. (2)

Оқы! Ол Раббың аса ардақты. (3)

Сондай қаламмен үйреткен. (4)

Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен. (5)

Сөз жоқ, адам баласы әрине азады; (6)

Ол, өзін мұңсыз көргендіктен. (7)

Шын мәнінде қайту Раббың жақ. (8)

Көрдің бе, сондай тыйым салғанды; (9)

Бір құл намаз оқыған сәтте. (10)

Көрдің бе? Егер ол (Мұхаммед Ғ.С.) тура жолда болса да, (11)

Немесе тақуалықты бұйырған болса да. (12)

Көрдің бе, егер ол (адам хақты) өтіріксініп, бет бұрған болса? (13)

Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмей ме? (14)

Жоқ, егер ол, бұдан тыйылмаса, әлбетте кекілінен сүйрейміз; (15)

Өтірікші, күнәкардың кекілінен. (16)

Сонда ол, сыбайлаcтарын шақырсын. (17)

Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз. (18)

Олай емес, (Мұхаммед Ғ.С.) оған бағынба, Аллаға сәжде қыл, жақында! (19)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (1)

(Мұхаммед Ғ.С.) Қадыр түнінің не екенін білесің бе? (2)

Қадыр түні мың айдан қайырлы. (3)

Періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. (4)

Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады. (5)

98.БӘЙИНА

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді. (1)

(Ал бұл дәлел) тап-таза нұсқаларды оқитын Алла тарапынан жіберілген бір Пайғамбар (еді). (2)

Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар. (3)

Дегенмен өздеріне кітап берілгендер, оларға ашық дәлел келгеннен кейін-ақ бөлінді. (4)

Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін. (5)

Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне солар, жаратылғандардың жауызы. (6)

Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы. (7)

Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады. Алла олардан разы, олар Алладан разы. Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін. (8)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жер сілкіндіріп қозғалған сәтте, (1)

Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде, (2)

Адам баласы: «Бұған не болды?»,- деген сәтте; (3)

Ол күні жер, уақиғасын түсіндіреді; (4)

Раббыңның оған білдіруімен. (5)

Сол күні, адам баласы, амалдары көрсетілуі үшін топ топ келеді. (6)

Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. (7)

Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді. (8)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 389; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.088 сек.