Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

МУДДАССИР 5 страница




Әрине саған салмақты (маңызды) Құранды түсіреміз. (5)

Шын мәнінде түнде тұру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы… (6)

Расында күндіз сенің ұзын жұмысың бар. (7)

Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оған нағыз жөнел. (8)

Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие тұт. (9)

Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрде айрыл. (10)

Жасынға шығарушы ырыс иелерін Маған таста. Оларға біраз мұрсат бер. (11)

Расында Біздің алдымызда боғаулар және тозақ бар. (12)

Қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар. (13)

Сол күні, жер мен таулар қозғалады да таулар құм боп жиналады. (14)

Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік. (15)

Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық. (16)

Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын күннен қайтып сақтанасыңдар. (17)

Ол күннің зардабынан көк жарылады, Алланың уәдесі орындалады. (18)

Расында бұл бір насихат. Ал енді кім қаласа, Раббының жолын ұстайды. (19)

(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түн мен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (Түнде тұруды қалдырды.) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала қайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (20)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әй жамылушы! (1)

Тұр енді! Адамдарға ескерт! (2)

Раббыңды ұлықта! (3)

Киіміңді тазала! (4)

Әр түрлі лас істерден аулақ бол! (5)

(Қылған ісіңді) көп міндет қылма. (6)

Раббың үшін сабыр ет. (7)

Қашан Сұр үрілсе; (8)

Міне сол күн, өте ауыр күн. (9)

Негізінен қарсы келушілерге қолайсыз. (10)

Мені, жаратқан кісімменен жалғыз қалдыр. (11)

Оған көптеген мал бердім. (12)

Әзір тұратын ұлдар бердім. (13)

Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым. (14)

Сосын тағы да арттыра түсуімді үміт етті. (15)

Әсте болмайды. Өйткені ол, қасарысқан еді. (16)

Жақында оны өрге зорлаймын. (17)

Өйткені ол, ойластырып, шамалады. (18)

Сосын ол өлгір, қалай шамалады? (19)

Содан кейін ол жаны шыққыр, қайтып мөлшерледі? (20)

Сосын ол, қарады. (21)

Содан кейін ол, қабағын шытып, томсарды. (22)

Сосын ол, теріс айналып паңданды. (23)

Сонда ол: “Бұл, үйретіліп келе жатқан бір сиқыр” деді. (24)

“Бұл, адамның сөзі ғана.” (25)

Оны жағатын тозаққа саламын. (26)

Ол тозақтың не екенін қайдан білдің? (27)

Кейін қалдырмайды да шала тастамайды. (28)

Ол, адам терісін өртейді. (29)

Оған он тоғыз (періште) қарайды. (30)

Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық… Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелері мен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: “Алла, бұл мысалмен нені қалайды?”,- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі ғана біледі. Бұл адамдар үшін бір насихат. (31)

Жоқ олай емес. Айға серт, (32)

Қайтқан сәтте, түнге серт, (33)

Ағарған сәтте, таңға серт. (34)

Шын мәнінде ол тозақ, әрине үлкен оқиғаның бірі. (35)

Адамдар үшін ескерту. (36)

Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаған біреулер үшін ескерту. (37)

Әркім істеген ісінің орнына ұсталады. (38)

Бірақ амал дәптері оңынан берілгендер басқа. (39)

Олар жаннаттарда сұрасады! (40)

Қылмыстылардан: (41)

“Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?” (42)

Олар: “Біз намаз оқушылардан емес едік.” (43)

“Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік.” (44)

“Бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік.” (45)

“Қиямет күнін өтірік деген едік.” (46)

“Өзімізге өлім келгенге дейін” (осындай едік). (47)

Сонда оларға шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді. (48)

Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды? (49)

Олар мүлде үріккен құлан сияқты, (50)

арыстаннан қашқан… (51)

Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды. (52)

Жоқ, олар ақыреттен қорықпайды. (53)

Олай емес. Шын мәнінде Құран бір насихат. (54)

Кім қаласа, одан үгіт алады. (55)

Алла қаламайынша, олар, үгіт ала алмайды. Ол Алла, қорқылуға лайық, жарылқау иесі. (56)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 372; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.