Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мурсалат




ИНСАН

ИАМА

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жоқ, қиямет күніне ант етемін. (1)

Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін. (2)

Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? (3)

Әрине оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз. (4)

Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді. (5)

“Қиямет күні қашан болады?”,- деп, сұрайды. (6)

Қашан көз шағылысқан, (7)

Ай тұтылған, (8)

Күн мен ай бір араға келтірілген кезде. (9)

Адамдар сол күн: “Қашар жер қайда?”,- дейді. (10)

Жоқ, әсте пана жоқ. (11)

Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды. (12)

Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі. (13)

Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші: (14)

Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қанша сылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім.) (15)

(Әй Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа. (16)

Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет. (17)

Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес. (18)

Сосын оны түсіндіру Бізге міндет. (19)

Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер. (20)

Ақыретті тастап, қоясыңдар. (21)

Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап; (22)

Раббына қарайды. (23)

Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады. (24)

Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды. (25)

Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде; (26)

“Кім шара көреді?”,- делінеді. (27)

Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді. (28)

Балтыры, балтырына оралады. (29)

Ол күні Раббы жаққа айдалады. (30)

Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады. (31)

Бірақ, жасынға шығарып бет бұрды. (32)

Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті. (33)

Саған пәле келсін, (34)

Сосын сені пәле басқыр! (35)

Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма? (36)

Ол, (жатырға) тамызылған бір тамшы мәни емес пе? (37)

Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. (38)

Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты. (39)

Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге күші жетпей ме? (40)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін дәуірден бірталай мерзім өтпеді ме? (1)

Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық. (2)

Расында оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы келсін. (3)

Әрине, қарсы келушілер үшін шынжырлар, боғаулар және жалындаған тозақ әзірледік. (4)

Әрине жақсылар, жаннатта “Кәфұр” қосылған кеседен ішеді. (5)

Ол, Алланың құлдары ішетін, қалаған жағына ағызатын бастау. (6)

Ол Алланың құлдары “нәзірін” орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады. (7)

Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді. (8)

Олар: “Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз.” (9)

“Расында біз түксиіп қатты томсарған күннен Раббымыздан қорқамыз.” (дейді) (10)

Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарық жүз әрі қуанышқа бөлейді. (11)

Оларды сабыр еткендіктері үшін жұмақ және жібекпен сыйлайды. (12)

Олар, ол арада дивандарға жастанған түрде отырады. Олар онда ыстық та суық та көрмейді. (13)

Оларға пейіштің көлеңкелері иіліп, жемістері мүлде еріктерінде болады. (14)

Оларға күмістен ыдыстар, шыныдан құмыралар ұсынылады. (15)

Күмістен шынылары өлшеумен толтырылған болады. (16)

Пейіште оларға “Зәнжәбил” араластырылған ішімдік кәсемен ішкізіледі. (17)

Ол пейіште “Сәлсәбил” деп аталатын бір бастау бар. (18)

Олардың айналасында мәңгілік қызметші жастар болады. Оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың. (19)

Сол жерге қараған сәтте; нығмет, зор салтанат көресің. (20)

Олардың киімдері жұқа, қалың жасыл жібек, күміс білезіктермен безенген болады. Сондай-ақ Раббылары, тап-таза ішімдік ішкізеді. (21)

“Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды.” (22)

(Мұхаммед Ғ.С.) расында Біз саған Құранды аз-аздап түсірдік. (23)

Ендеше, Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардан күнәкарлар немесе қарсыларға бағынба. (24)

Ертелі-кеш Раббыңның атын зікір ет. (25)

Кештің бір бөлімінде Оған сәжде қыл. Әрі Оны түн бойы дәріпте. (26)

Расында олар, тез өтетін дүниені жақсы көріп, ауыр күнді арттарына тастайды. (27)

Оларды Біз жаратып, буындарын бекіттік. (Өмір бердік.) Егер қаласақ оларды ұқсастарына ауыстырамыз. (28)

Шын мәнінде бұл бір насихат. Енді кім қаласа, Раббына бір жол ұстар. (29)

Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа ғана болады. Расында Алла, өте білуші, хикмет иесі. (30)

Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға күйзелтуші азап даярлады. (31)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жалғасты жіберілгендерге, (1)

Қатты есіп, ұшырушыларға, (2)

Тарқатқан сайын тарқатушыларға, (3)

Айырған сайын айырушыларға, (4)

Сосын зікір тастаушыларға, (5)

Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (6)

Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады. (7)

Жұлдыздар сөнген сәтте, (8)

Көк жарылғанда, (9)

Таулар үгітіліп, ұшырылғанда, (10)

Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде; (11)

Қайсы күнге кешіктіріліп еді? (12)

Шешім күніне. (13)

Ол шешім күнін қайдан білесің? (14)

Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш! (15)

Бұрынғыларды жоқ етпедік пе? (16)

Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз. (17)

Күнәкарларга осылай істейміз. (18)

Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш! (19)

Сендерді болымсыз судан жаратпадық па? (20)

Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе? (21)

Белгілі бір мерзімге дейін. (22)

Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз. (23)

Жасынға шығарушыларға сол күні нендей өкініш! (24)

Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па? (25)

Тірілерге де өлілерге де. (26)

Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық. (27)

Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! (28)

(Ол күні оларға): “Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер;” (29)

“Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер” (делінеді.) (30)

Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды. (31)

Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады. (32)

Сары түйелердей. (33)

Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! (34)

Ол күні олар сөйлемейді. (35)

Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рұқсат берілмейді. (36)

Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! (37)

Ол шешім күні, сендерді де бұрынғыларды да жинаймыз. (38)

Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар. (39)

Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! (40)

Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады. (41)

Көңілдері соққан жемістерде. (42)

(Оларға): “Істеген амалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын” (делінеді.) (43)

Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз. (44)

Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш! (45)

(Әй кәпірлер!) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расында күнәкарсыңдар. (46)

Жалғанға саюшыларға ол күні нендей өкініш! (47)

Оларға: “Иіліңдер” делінсе, иілмейді. (48)

Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш! (49)

Ал енді олар, бұл Құраннан кейін қайсы сөзге сенеді? (50)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 359; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.021 сек.