Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Есеп объектісіне не жатады? 1 страница




а) шығын орталықтары;

ә) шығын пайда болатын жерлер;

б) жауапкершілік орталықтары;

в) барлық жауаптар дұрыс;

г) барлық жауаптар дұрыс емес.

 

23. Кезеңнің шығыстары қайда есепке шығарылады?

а) шығарылған өнімнің өзіндік құнына

ә) сатылған өнімнің өзіндік құнына;

б) үстеме шығыстарға;

в) жиынтық пайдаға (жиынтық залалға);

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

24. Өндірістегі ақауды жөндеуге пайдаланылған материалдың құны қай есепке жатқызылады?

а) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

ә) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) барлық жауаптар дұрыс;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

25. Қосалқы цехтардың ғимараттарының амортизациясы қай шотқа жатқызылады?

а) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

ә) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) барлық жауаптар дұрыс;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

26. Үстеме шығыстарды өнім түрлері арасында бөлудің қолданылатын тәсілдері

а) өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысының сомасы (үдемелі-сыйлықақы жүйесі бойынша қосымша ақысыз) мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану құнына жұмсалатын шығыстарға пропорционал;

ә) өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысының сомасына пропорционал (үдемелі-сыйлықақы қосымша ақысыз);

б) шикізаттың, материалдар мен жартылай фабрикаттардың құнынсыз негізгі шығындардың сомасына пропорционал;

в) жасалған және өндірілген өнімнің санына (салмағына) пропорционал;

г) барлық жауаптар дұрыс.

 

27. Жұмысшылардың ақауды жөндеумен байланысты жалақы төлеу шығындары қай шотта көрсетіледі?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

г) «Аяқталмаған өндіріс деп аталатын 1340 шоттың дт.

 

28. Зауыт басқармасының әкімшілік-басқару қызметкерлеріне жалақы төлеу шығындары қай шотта көрсетіледі?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

б)) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

в «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

 

29. Өндіріске жатқызылатын өндірісті игеру жөніндегі шығыстар қай шотта көрсетіледі?

а) үстеме шығыстар бабы бойынша;

ә) материалдар, жалақы төлеу мен жалақыдан аударым бабы бойынша;

б) материалдар бабы бойынша;

в) жалақы төлеу бабы бойынша;

г) жалпы және әкімшілік шығыстары бабы бойынша.

 

30. Жұмысшыларға негізгі цехтардың жабдықтарын жөндегені үшін төленетін жалақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2420 шотың дт;

ә) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

б) «Негізгі құралдар» деп аталатын 2410 шоттың дт;

в) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

г) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт.

 

31. Негізгі өндірістің цех бастығына есептелген жалақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

б) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

в) «Үстеме шығыстар» деп аталаитын 8410 шоттың дт;

г) «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек деп аталатын 3350 шоттың дт.

 

32. Қосалқы өндірістің цех бастығына есептелген жалақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шоттың дт;

ә) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

б) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

в) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

г) «Меншікті өндірістің жартылай фабрикатттары» деп аталатын 8210 шоттың дт.

 

33. Жұмысшыларға кәсіпорын кеңсесін ағымдағы жөндеу үшін есептелген жалақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі құралдар» деп аталатын 2410 шоттың дт;

ә) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

г) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт.

 

34. Негізгі өндірістің жұмысшыларына есептелген жалақыдан есептелген әлеуметтік салық қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

б) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

в) «Әлеуметтік салық»деп аталатын 3150 шоттың дт;

г) «Жиынтық пайда (жиынтық залал)» деп аталатын 5010 шоттың дт.

 

35. Даяр өнім қоймасында даяр өнімді қаптау үшін жұмысшыларға есептелген жалақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Даяр өнім» деп аталатын 1320 шоттың дт;

ә) «Негізгі өндіріс» аталатын 8110 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 шоттың дт;

г) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт.

 

36. Өткізу (сату) бөлімінің қызметкерлеріне есептелген жалақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шоттың дт;

ә) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

б) «Даяр өнім» деп аталатын 1320 шоттың дт;

в) «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 шоттың дт;

г) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт.

 

37. Негізгі өндіріс қызметкерлеріне мерзімнен тыс жұмыс істегені үшін есептелген жалақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Жиынтық пайда (жиынтық залал) деп аталатын 5010 шоттың дт;

ә) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

б) «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шоттың дт;

в) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

г) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дт.

 

38. Қосалқы өндірістердің жұмысшыларына есептелген жалақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шоттың дт;

ә) «Қосалқы өндірістер«деп аталатын 8310 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дт;

г) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт.

 

39. Аяқталмаған өндірістің жетіспеуі қайда жатқызылады (егер жетіспеу кінәлілердің есебінен өндірілетініне сенім болмаса)?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны» деп аталатын 7010 шоттың дт;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

40. Негізгі өндірістің цехтарына көрсетілген коммуналдық қызметтердің құны қай шотта көрсетіледі?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

б) «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 шоттың дт;

в) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

г) «Өзге шығыстар» деп аталатын 7470 шоттың дт.

 

41. Қосалқы өндірістердің ғимараттарын жөндеуге жұмсалған материалдар қай шотта есептеледі?

а) «Негізгі құралдардың амортизациясы»деп аталатын 2420 шоттың дт;

ә) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

г) «Аяқталмаған құрылыс» деп аталатын 2930 шоттың дт.

 

42. Ақаулы өнімнен болатын түпкілікті ысырап қай көздердің есебіне жатқызылады?

а) резервтік капиталдың;

ә) бөлінбеген кірістің;

б) өзіндік құнның;

в) есепті кезеңнің кірісінің;

г) өткен жылдардың кірісінің.

 

43. Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын түгендеу қай мерзімде жүргізіледі?

а) жылына бір рет;

ә) тоқсан сайын;

б) жүргізілмейді;

в) ай сайын;

г) қажет болу шамасына орай.

 

44. Негізгі өндіріс цехының мастеріне есептелген жалақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Әкімшілік шығыстар»деп аталатын 7210 шоттың дт;

г) «Аяқталмаған құрылыс» деп аталатын 2930 шоттың дт.

 

45. Күрделі қосалқы өндірістерге қандай айрықша ерекшеліктер тән?

а) аяқталмаған өндіріс қалдықтарының болуы;

ә) аяқталмаған өндіріс қалдықтарының болмауы;

б) жартылай фабрикат шығару;

в) бас ұйымнан қашықта болу;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

46. Ақаудан болған ысырап қай шотта анықталады?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» деп аталатын 8210 шоттың дт;

б) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

в) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

г) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт.

3-тарау. Өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.

3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері

Өзіндік құнды калькуляциялау деп өнімнің, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есептеу аталады. Өнімнің нақты өзіндік құнын калькуляциялау деректері өндіріс шығындарын бақылау, өндірістің пайдалылығын анықтау, резервтер мен өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын белгілеу үшін пайдаланылады.

Калькуляцияны алдын-ала және кейінгі деп аталатын екі топқа бөлуге болады. Алдын-ала (жоспарлы, сметалық, жобалық және нормативтік) өнім жасалатын, жұмыс орындалатын, қызмет көрсетілетін тиісті кезең туындағанға

дейін жасалады. Кейінгі (есептік) өнім жасалғаннан кейін жасалады, ол өнім жасауға жұмсалған нақты шығындарды сипаттайды.

Жоспарлы калькуляция өнімнің (жұмыстың, қызметтің) әр бір түріне шикізат пен материалдардың шығысы, жасаудың еңбек сыйымдылығының, жабдықтарды пайдаланудың жөніндегі орташа-үдемелі нормативтерінің негізінде бұрын қол жеткізілген табыстар мен жоспарланған кезеңге арналған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар ескеріле отырып жасалады. Сондықтан жоспарланып отырған кезеңдегі нақты өнім (жұмыс, қызмет) өндірудың шығын нормалары (жоспарлы нормалары) өткен жылдағы шығындардың нормалары мен үлесті шығындарының деңгейінен төмен болмауға тиіс.

Жоспарлы калькуляция межеленген кезеңге: бір жылға және тоқсанға жасалады. Жоспарлы калькуляцияда жоспарлы өзіндік құн анықталады. Сөйтіп, жоспарлы өзіндік құн жоспарланған кезеңдегі жекелеген өнім (жұмыс, қызмет) түрінің шығындарының болжамды сипатын білдіреді.

Сметалық калькуляция бөгде ұйымдардың тапсырыстары бойынша бір жолғы жұмыстар мен бұйымдарға жасалады. Ол материалдық, еңбек және басқа да ресурстардың шығысының қолданыстағы нормалары мен нормативтерінің негізінде жасалады. Сметалық калькуляция жұмыстың шартты бағасын анықтау үшін негіз болып табылатындықтан, ол тапсырыс берушімен келісілуге тиіс.

Жобалық калькуляцияны жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдары жобаланатын процестердің экономикалық тиімділігінің нұсқаларын салыстырып сипаттау үшін жасайды. Жобалық калькуляция жасалған кезде шығындардың есебі шикізат пен материалдардың болжамды, ірілендірілген шығын нормативтерінің, қызметкерлер санының, салынатын объектінің сметалық құнының негізінде есептеледі. Нормативтер жобаларды әзірлеу процесінде нақтыланады және демек калькуляциялар да өзгереді; жанама шығыстар өнімнің өзіндік құнының жобалық калькуляциясына оңайлатылған тәртіппен кіреді.

Жобалық калькуляция баптарының номенклатурасы жоспарлы калькуляцияның баптар номенклатурасынан айырмашылығы болуы мүмкін, жекелеген жағдайларда жобалық калькуляция калькуляциялық баптар емес үнемді элементтер бойынша жасалады.

Жоспарлы калькуляциямен салыстырғанда нормативтік калькуляция есепті кезеңнің басында қолданылатын жеке арнайы шығыс нормаларының негізінде әзірленеді. Жоспарлы калькуляция межеленген кезеңнің (тоқсан, жыл) ішінде өзгермейді, ал нормативтік ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың енгізілу шамасы мен нормалар мен нормативтердің жаңаруына сәйкес өзгереді. Ол шығындар нормасы бекітілген барлық бұйымдарға жасалады. Жоспарланған кезеңнің басында нормативтік өзіндік құнды жоспарлы өзіндік құнмен салыстыру жоспардың қауырттылық дәрежесін айғақтайды. Жоспарланған кезеңнің басында нормативтік өзіндік құн жоспарлыдан жоғары, ал есепті кезеңнің соңында – есепті кезең ішінде нормалардың өзгеру есебінен жоспарлыдан төмен болуы мүмкін. Нормативтік калькуляция технологиялық процестің барысына сәйкес бірінші кезекте бөлшектерге, содан кейін – ең қарапайым тораптарға, біршама күрделі тораптарға (жиналатын бірліктер) және ең соңында – жалпы бұйымға жасалуы мүмкін

Нормативтік калькуляция жалпы бұйымға, оларды бөлшектер мен тораптарға бөлмей жасалуы мүмкін.

Нормативтік калькуляцияда негізгі шығыстар қолданыстағы нормалар бойынша енгізіледі, ал үстеме және нормалар әзірленбеген басқа шығыстар осы шығыстардың сметаларына сәйкес нормативтік калькуляцияға кіруі мүмкін.

Нормативтік калькуляция шығындардың нормативтік есептеу әдісін ұйымдастыру, яғни ауытқуларды жеке бөліп, нақты шығындардың есебін ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Есептік калькуляция жасалған өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнын анықтайды. Ол жоспарлы калькуляцияның баптары сияқты баптар бойынша жасалады. Есептік калькуляция негізінен өзіндік құн жоспарының орындалуын бақылауға арналған. Ол болашақтағы кезеңде өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін де пайдаланылады. Ұйымдарда сондай-ақ цехтардың жұмысының нәтижелерін анықтау үшін қажет олар жасайтын жартылай фабрикаттардың, өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құнының калькуляциясы жасалуы мүмкін. Ол өзара көрсетілетін қызметтерді бағалау үшін ұйымның бөлімшелері арасында пайдаланылатын трансферттік (фирмаішілік) бағаларды белгілеу үшін қажет.

 

3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер

 

Калькуляциялау объектісіне әр түрлі даярлық дәрежесіндегі өнімдер, осы ұйым, оның негізгі және қосалқы өндірістерінің бөлімшелері орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтер жатады.

Калькуляциялау объектісіне:

– бүкіл шығарылған өнім, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтер;

–негізгі және қосалқы өндірістердің жекелеген өнім, жұмыс пен қызмет түрлері;

– кейінгі өндіріс сатыларында пайдаланылатын, сондай-ақ бөгде тарапқа сатылатын негізгі өндірістік бөлімшелерінің жартылай фабрикатттары;

–ұйым бөлімшелерінің қызметінің нәтижелерін анықтауға арналған өнім жатады.

Калькуляциялық бірлік деп калькуляцияланатын объектіні өлшеуіш аталады. Бұрын атап өтілгендей, іс жүзінде мыналар қолданылады:

– табиғи өлшеу бірліктері (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат, погон-метр, текше метр, шаршы метр, литр және т.б.);

– ірілендірілген табиғи өлшеу бірліктері (белгілі бір артикулдағы 100 пар аяқ киім, сыра мен алкогольсіз сусынның әр бір түрі мен сұрпының бір мың декалитрі);

–шартты-табиғи өлшеу бірліктері (қышқылдығы 100% спирт, 100 шартты банк консерві және т.б.);

– құндық (шығарылған немесе сатылатын бағадағы тауар өнімі);

– еңбек (1 норма – с, 1 норма – ауысым).

Құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметтерін көрсетумен және т.б. айналысатын өндірістерде калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте, орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемдері (тасымалдың тонна-километрі, машина-ауысым және т.б. қолданылады.

 

 

3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

 

Өнімнің шығыны мен өзіндік құнын калькуляциялау әдісі деп өнімнің (жұмыстың қызметтің) нақты өзіндік құнын анықтау үшін өндіріс шығындарын құжаттау мен көрсету тәсілдерінің жиынтығы аталады. Шығындардың есебін жүргізу мен оның өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін жіктеген кезде өнім өндірісін ұйымдастыру мен оның технологиясы, шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы негізгі рөл атқарады. Шығындардың есебін жүргізу әдістерін жіктеу талдамалы есеп объектілері бойынша өндіріс шығындарын жинау мен талдап қорыту тәртібіне негізделеді.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі деп өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылатын тәсілдердің жиынтығы аталады.

«Калькуляциялау» ұғымына сондай-ақ аяқталмаған өндірісті бағалау тәртібі мен бүкіл шығарылған өнім мен оның жекелеген түрлерінің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін шешім табу қажет басқа мәселелер де кіреді. «Шығынды есептеу әдісі» мен «Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі» деген ұғымдардың үйлеспеуіне қарамастан олар бір-бірімен тығыз байланысты. Калькуляциялау әдістері өндірістің тікелей шығындарының талдамалы есебін ұйымдастыру тәртібімен байланысты. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы өндірістік шығындардың есебінің деректеріне негізделе отырып, оны ұйымдастыруға айтарлықтай әсер етеді.

Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдісі қолданылады. Өндірістік шығындардың есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін жіктеуге қатысты пікірталастар жалғасуда.

Қазақстандық бухгалтерлік есеп жөніндегі стандартта өнеркәсіптік кәсіпорындарда, өнімнің түріне, оның күрделілігіне, өндірістің тұрпатына сәйкес шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік, қайта бөлістік және тапсырыстық деп аталатын әдісі қолданылады. Алайда жекелеген ұйымдар шығын есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісін қолданады. Ал нарықтық экономикасы дамыған елдер де шығын есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың «стандарт-кост» жүйесі бойынша әдісі мен «директ-кост» жүйесі бойынша шығынды есептеу әдісін пайдаланады.

 

3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.

Нормативтік әдіс өндіріс шығындарының деңгейін күнделікті бақылауды жүзеге асыруға, ұйымның ресурстарын тиімсіз жұмсауға жол бермеу үшін шара қолдануға мүмкіндік беретін ең озық әдіс болып табылады.

Нормативтік әдісте мынадай іс-шаралар қарастырылған:

– озық нормалар мен нормативтер жүйесін құру және оның негізінде нормативтік өзіндік құнды калькуляциялау;

–есепті кезең ішінде нақты шығындардың есебін оларды нормалар бойынша шығыстар мен нормалардан ауытқуға бөліп жүргізу;

– есепті кезең ішінде нормативтік өзіндік құнды нақтылау және осы өзгерістердің өзіндік құнға жасайтын әсері мен осы өзгерістердің себептерін анықтау үшін қолданыстағы нормалардың өзгерістерінің есебін жүргізу;

– шығын түрлеері бойынша нормалдардан ауытқу мен олар пайда болған жерлер бойынша ауытқуларды анықтау және олардың себептерін талдау;

–есепті кезеңнің басындағы нормативтік өзіндік құнды, нормалардан ауытқуды (артық жұмсауды қосу, үнемді шегеру) және есепті кезең ішіндегі нормалардың өзгерісін қосу арқылы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) нақұты өзіндік құнын есептеу.

Нормативтік әдіс – бұл өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын есептеу мен калькуляциялау әдісі ғана емес, сонымен бірге ол өзіндік құнын қалыптасуын басқаратын өте маңызды жүйенің бөлігі.

Нормативтік есеп озық, ғылыми жағынан негізделген еңбек, материалдық және қаржы нормалары мен нормативтерінің кешенін білдіретін нормативтік базаға негізделеді.

Нормлар – бұл өнім, жартылай фабрикаттың, тораптың, бөлшектің бірлігін жасауға жұмсалатын материалдық құндылықтар мен еңбек шығындарының ең көп жол берілетін мөлшері. Олар техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі деңгейі, сондай-ақ тиімділік пен сапаны арттыру жөнінде жүзеге асырылатын іс-шаралар ескерілген техникалық жағынан негізделген әрі озық болуы тиіс. Осы нормалардың негізінде нормативтік калькуляция жасалады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 706; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.091 сек.