Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тестілер 1 страница




1. Басқарушылық есеп ненің кіші жүйесі болып табылады:

а) статистикалық есептің;

ә) қаржы есебінің;

б) бухгалтерлік есептің;

в) салық есебінің;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

2. Бухгалтерлік басқарушылық есеп неге негізделеді:

а) қаржы есебіне;

ә) салық есебіне;

б) өндірістік есепке;

в) статистикалық есепке;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес

3. Басқарушылық есептің негізгі мақсаты кімге ақпарат беру болып табылады:

а) сыртқы пайдаланушыларға;

ә) ішкі пайдаланушыларға;

б) атқарушы билік органдарына;

в) салық органдарына;

г) акционерлерге.

4. Ұйымның талдаушы-бухгалтерінің функционалдық міндетіне не кіреді:

а) қаржы есептілігін жасау;

ә) қаржы есебін жүргізу;

б) басқарушылық есеп жүргізу;

в) менеджерлерге олардың қызметін жоспарлауға, бақылау мен реттеуді жүзее асыруға көмек көрсету.

5. Есеп жүргізу міндеттілігінің талабы ең жоғары дәрежеде неге таратылады:

а) басқарушылық есепке;

ә) салық есебіне;

б) қаржы есебіне;

в) жедел өндірістік есепке;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

6. Сандық есепті қолдану қайда жол беріледі:

а) қаржы есебінде;

ә) салық есебінде;

б) басқарушылық есепте;

в) барлық жауап дұрыс;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

 

5-тарау. Басқарушылық есепте шығындарды жіктеу

5.1. «Шығындар» мен «шығыстар» ұғымы

Экономикалық әдебиетте «шығасылар» мен «шығындар» деген терминдермен қатар «шығыстар» деген термин қолданылады. Осы ұғымдар өзінің негізінде белгілі бір жұмысты орындаумен байланысты ұйымның шығыстарын білдіргенімен, ұғымдардың арасында белгілі бір айырмашылықтар бар.

Өндіріс шығасылары деп нақты және өндіріске айналған, өнім, тауар сатуға (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметті) жұмсалған шығындар аталады.

Іс жүізнде өндірістік межеленген кезеңдегі барлық шығасыларын сипаттау үшін «өндіріс шығындары» деген термин қолданылады.

Шығарылған өнімге, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге жататын шығасылардың бөлігі олардың өзіндік құны болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құны анықталады.

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына кірмейтін шығындарға кезең шығындары (әкімшілік шығыстар, өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар, пайыз жөніндегі шығыстар, өзінің өнеркәсіптік емес өндірістері мен шаруашылықтарына көрсетілген қызметтерге жататын шығындар, аяқталмаған өндірістің өсіміне жұмсалған шығындар және т.б. жатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген Ұлттық қаржы есептілігінің № 2 стандартында бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін «кірістер» мен «шығыстар» ұғымдары белгіленген. Мұның өзінде кіріс деп «есепті кезең ішіндегі активтердің ағыны немесе өсімі нысанындағы экономикалық пайданың артуы немесе капиталға қатысатын адамдардың жарналарымен байланысты капиталдың артуына әкеп соқтыратын міндеттемелердің азаюын» білдіреді.

Ал шығыс деп «есепті кезең ішіндегі активтердің кету немесе азаю нысанындағы кемуі немесе капиталға қатысатын адамдардың бөлуімен байланысты азаюдан ерекшеленетін капиталдың азаюына әкеп соқтыратын активтердің кему немесе міндеттемелердің азаюы» түсініледі.

ҚР Ұлттық қаржы есебінің №2 стандартында келтірілген ұйымның «кірістері» мен «шығыстары» деген терминдер халықаралық қаржы есептілігінің стандартына қайшы келмейді.

Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары жөніндегі кеңес (ХҚЕСК) 1989 жылы жариялаған қаржы есептілігін дайындау мен табыс етудің негізгі қағидаларында берілген анықтама бойынша кірістер екі түрге – негізгі қызметтен түсетін түсім мен кіріске және негізгі емес қызметтен түсетін кіріске бөлінеді.

Бірінші – түсім ұйымның қалыпты қызметінің процесінде пайда болатын кіріс ретінде сипатталады. Бұған сатудан түсетін түсімдер, өтемақы сыйақылары, кредиттер бойынша пайыздар, роялти мен жалгерлік төлем кіреді.

Кірістің екінші түрі – негізгі емес қызметтен түсетін кіріс. Осы кірістің көзі ретінде айналымнан тыс активтерді сату, сондай-ақ сатылмаған кірістер, мысалы, бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау кезінде немесе қолда бар немесе айналымнан тыс активтердің қалдық құны артқан кезде пайда болатын кірістер, валютаның бағамдық айырмасы, айыппұлдар мен өсімпұлдар, ақшалай емес борыштардың түсімі және т.б. қарастырылады.

Шығыстарға сатылған өнім (жұмыс, қызмет) өндірісінің шығындары, әкімшілік шығыстар, өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ ысырап (табиғи зілзала шығындары, айналымнын тыс активтерді сату, валюта бағамдарының өзгеруі және т.б.) сияқты баптар кіреді.

Болашақтағы есепті кезеңдерде кіріс алу үшін жұмсалған шығындар активтерге жатқызылады. Оларға болашақтағы кезеңдерге жататын шығыстар, аяқталмаған өндірістің шығындары, тауарлық запастар жатады.

Осының барлығы «шығындар», «өзіндік құн» және «шығыстар» деген ұғымдардағы айырмашылықтардың барын растайды.

Кәдімгі операциялар бойынша шығыстар пайда мен залал туралы есепте осы операциялар бойынша түскен кірістермен тікелей байланысты пайда болған кезде (есепте есептеу әдісі бойынша көрсетілген) танылады. Осы тәсілдеме шығыс пен кірістің сәйкестігі деп аталады.

Жұмсалған шығыс бірнеше есепті кезең бойы кірістің түсуіне себеп болған жағдайда немесе кірістер мен шығыстардың арасындағы байланыс анық емес немесе жанама анықталған жағдайда, шығыстар пайда мен залал туралы есепке оларды есепті кезеңдердің арасында бөлудің негіздеген есептерінің негізінде кіреді. Бөлінбеген және пайда мен залал туралы есепке кірмеген шығыстар бухгалтерлік баланста болашақтағы есепті кезеңге жататын шығыс ретінде көрсетіледі.

Күтпеген және төтенше операциялар мен жағдайдарға байланысты туындаған шығыстар есептілікте олар болашақта экономикалық пайда әкеле алмайтыны анықталған есепті кезеңде залал ретінде көрсетіледі.

 

5.2. Шығындарды жіктеу

Әр түрлі өнім (жұмыс, қызмет) түрлерінің өтелімділігін, қабылданған шешімдердің тиімділігін, қабылданған шешімдердің шығындар мен пайданың мөлшеріне жасайтын ықпалын анықтау үшін шығындарды жіктеу маңызды рөл атқарады.

Экономикасы дамыған елдер шығындарды есебін жүргізудің мақсаты мен бағытына сәйкес өндірістік шығындарды жіктеудің әр түрлі нұсқаларын қолданады. Шығындардың есебінің бағыты деп өндірістік шығындардың жеке, мақсатты есебін жүргізу қажет қызмет саласы аталады. Ішкі ақпаратты тұтынушылар осы проблема бойынша оларға қажетті ақпаратты қамтамасыз ететін есеп жүргізудің бағытын белгілейді.

Басқарушылық есепте шығындар негізінен үш бағыт бойынша, яғни запастардың құнын анықтау, басқарушылық шешім қабылдау мен жоспарлау үшін, бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін топтастырылады. Өндірістік шығындардың әр бір бағытының өзінің жіктемесі бар (5.1-кесте).

 

5.1. Шығындарды басқару мақсатттары бойынша жіктеу

Есеп жүргізудің бағыты Шығындарды жіктеу
   
Өнім запастарының құнын анықтауға жұмсалатын шығындар Кіріс және өткен: тікелей және жанама негізгі және үстеме Өнімнің өзіндік құнына кіретін: – (өндірістік) және есепті кезеңнің шығындары (кезеңді); – бір элементті және кешенді; ағымдағы және бір жолғы.
Шешім қабылдау мен жоспарлауға жұмсалатын шығындар – Тұрақты (шартты-тұрақты). – Өзгермелі (шартты-өзгермелі). – Бағалау кезінде есепке алынатын және алынбайтын. – Қайтарылмайтын шығындар. – Жүктелген (уыстан шығарылған пайда). –Шекті және өсімді. – Жоспарланған және жоспарланбаған.
Бақылау мен реттеу жүзеге асырылатын шығындар – Реттелетін. – Реттелмейтін.

Мәселен, өнім запасының құнын анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:

· кіріс және мерзімі өтіп кеткен;

· тікелей және жанама;

· негізгі және үстеме;

· өнімнің өзіндік құнына кіретін (өндірістік) және өндірістік емес (кезеңді немесе кезең шығындары);

· бір элементті және кешенді;

· ағымдағы және бір жолғы.

Шешім қабылдау мен жоспарлау үшін шығындар былайша бөлінеді:

· тұрақты, өзгермелі, шартты-тұрақты, шартты-өзгермелі шығындар;

· шешім қабылдағанда есепке алынатын және алынбайтын шығындар;

· қайтарылмайтын шығындар;

· жүктелген шығындар;

· шекті және өсімді шығындар;

· жоспарланған және жоспарланбаған.

Басқарушылық есепте бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін шығындар реттелетін және реттелмейтін шығындарға бөлінеді.

5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу

Бұрын атап өтілгендей запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды: кіріс және мерзімі өтіп кеткен; тікелей және жанама; негізгі және үстеме; өнімнің өзіндік құнына кіретін және есепті кезеңнің шығындары; бір элементті және кешенді; ағымдағы және біржолғы шығындарға жіктеу қолданылады.

Кіріс шығындар – бұл болашақта кіріс әкеледі деп күтілетін сатып алынған және қолда бар ресурстар, мысалы, цехтар мен цех қоймаларындағы материалдардың шығындары, аяқталмаған өндірістегі шығындар, меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары мен даяр өнімнің запастары. Мұндай шығындар кіретін болып саналады және баланста өндірістік запастардың құрамындағы активтер ретінде көрсетіледі.

Мерзімі өтіп кеткен шығындарға қазіргі уақытта кіріс әкелген және болашақта кіріс әкелу қабілетін жоғалтқан жұмсалған ресурстар жатады. Мысалы, сатылған өнімнің өзіндік құнына кірген материалдарға жұмсалған шығын мерзімі өтіп кеткен болып саналады. Демек, мерзімі өтіп кеткен шығындар «шығыстар» деген ұғыммен барабар. Мерзімі өткен және кіріс шығындардың арасындағы айырмашылық 5.1-суретте көрсетілген.

 

Баланстың активінде келесі есепті кезеңдердің шығыс разрядына өтетін өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, даяр өнім, тауарлар ретінде көрсетіледі
Кіріс

 

Шығындар

 

Мерзімі өткен
Есепті кезеңде сатылған өнімнің өндіріс шығындарының құрамында көрсетіледі

 

Тікелей және жанама шығындар. Шығыстар жекелеген өнім түрінің өзіндік құнына жатқызу тәсіліне сәйкес тікелей және жанама шығыстарға бөлінеді.

Тікелей деп нақты өнім түрлерінің өндірісімен байланысты және олардың өзіндік құнына тікелей кіруі мүмкін шығыстар аталады. Осы шығыстар өндірістік есептің тиісті шоттарының («Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110, «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың) дебеті бойынша есептеледі.

Тікелей шығындарға, әдетте, негізгі материалдар мен өндірістік жұмысшылардың жалақысы жатады.

Негізгі және үстеме шығыстар. Шығасылар өзінің тағайындалуы бойынша негізгі және үстеме шығыстарға бөлінеді.

Негізгі шығындарға өнім жасаумен байланысты және оның өндірістік өзіндік құнын құрайтын барлық шығыстар (шикізаттың, материалдардың, сатып алынатын жартылай фабрикаттардың құны, негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы мен оған қосымша есептелетін ақша және т.б.) жатады.

Үстеме шығыстарға өндірісті ұйымдастырумен, оған қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығыстар жатады. Басқарушылық есепте үстеме шығыстарға, сондай-ақ өндірістік емес жұмыс күшіне, қосалқы материалдарға жұмсалатын шығыстар, жанама өндірістік шығыстар жатады.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес өндірілген өнімнің өзіндік құнына тек өндірістік шығындар кіреді. Сондықтан басқарушылық есепте шығындар былайша жіктеледі:

– өнімнің өзіндік құнына кіретін (өндірістік);

– өндірістік емес (есепті кезеңнің шығындары немесе кезеңді шығындар). Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамына келесі үш элемент кіреді:

– тікелей материалдық шығындар;

– жалақыға жұмсалатын тікелей шығындар;

– өндірістік үстеме шығыстар.

Басқарушылық есепте осы шығыстар көбінесе босалқы запас сыйымды деп аталады.

Өндірістен тысы шығындарға немесе есепті кезеңнің шығындарына (кезеңді шығындар) әкімшілік шығыстар, өнім сату мен қызмет көрсету шығыстары кіреді. Осы шығыстардыңкөлемдері өндірістің көлемі емес, кезеңнің ұзақтығына байланысты, олар халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес даяр өнім мен аяқталмаған өндірістік өзіндік құнын есептеу мен өндірістік запастарды бағалау үшін пайдаланылмайды. Сол себептен олар кейде босалқы запас сыйымды деп аталады. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес пайда мен залал туралы есепте олар түсімнен калькуляциялау мен өндірістік запастарды бағалау кезінде есептелмейтін шығыстар ретінде шегеріледі. Осы шығыстар есепті кезеңнің соңында залалдың пайда шотының дебетіне есептен шығарылады.

Бір элементті және кешенді шығындар. Бір элементті деп осы кәсіпорында (ұйымда) қосындыларға жіктелуі мүмкін емес шығындар аталады. Экономикалық элементтер бойынша жіктеу де осы қағида бойынша құрылған.

Кешенді шығындарға бірнеше экономикалық элемент кіреді. Оның мысалы ретінде құрамына барлық дерлік элементтер кіретін үстеме шығыстарды келтіруге болады.

Ағымдағы шығындарға осы кезеңнің өнім өндірісімен және оны сатумен байланысты, кезеңділігі жиі шығындар, атап айтқанда, шикізат пен материалдың шығысы, өндірістік жұмысшылардың жалақысы және т.б. жатады.

Бір жолғы шығыстарға цехтардың жаңа өнім түрлерін дайындаумен және игерумен, техникалық әдебиетке жазылумен, жұмыс істеген жылдары үшін төленетін біржолғы төлеммен және т.б. байланысты шығыстар жатады.

5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу

Жоғарыда атап өтілгендей, басқарушылық шешім қабылдау мен жоспарлау үшін басқарушылық есепте мынадай шығындар жеке бөлінеді:

· өндіріс (сату) көлемінің өзгеруіне сәйкес өзгермелі, шартты-өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты;

· шешім қабылдаған кезде есепке алынатын және алынбайтын шығындар;

· қайтарылмайтын шығындар (өткен кезеңнің шығындары);

· жүктелген шығындар (немесе ұйымнын уыстан шығарған пайдасы);

· шекті және өсімді шығындар;

· жоспарланған және жоспарланбаған шығындар.

Өзгермелі шығындарға көлемі өндірістік қызметтің деңгейінен

(көлеміне) тікелей тәуелді шығындар жатады. Бұл жағдайда егер жиынтық өзгермелі шығындар өндіріс көлемінен желілік тәуелді болған жағдайда өнім бірлігіне шаққандағы өзгермелі шығындар тұрақты (шартты-тұрақты) мөлшер болып табылады. Өзгермелі шығынға технологиялық мақсаттарға арналған материалдарға, энергияға жұмсалатын шығындар, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы және т.б. жатады.

Тұрақты деп абсолюттік жалпы мөлшері өнім шығару көлемінің өзгеруіне тәуелді емес шығындар (ғимараттарды ұстау шығыстары, негізгі құралдардың амортизациясы, басқару қызметкерлерінің жалақысы және т.б.) аталады.

Өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығыстар өндіріс көлемі артқанда (азайғанда) кемиді (ұлғаяды). Есепте шығындарды өзгермелі және тұрақты шығындарға бөлу мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай тұрақты және жартылай өзгермелі болып табылады. Олар есепте шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі деп аталады. Шығындарды есепте бөлу есеп пен калькуляциялау жүйесін таңдағанда, талдау мен болжауда маңызды рөл атқарады. Өндіріс көлемінің сыни шегі, пайдалылық шегін талдау және ұйымның экономикалық саясатын таңдау қарастырылып отырған бөлуге негізделеді.

Белгілі бір шешім әзірлеген кезде қай кірістер мен шығындар осы проблемаға қатысты, ал қайсысы қатысты емес екенін, яғни нені ескеру қажет екенін анықтау керек.

Шығындар мен кірістерді есепке ала отырып – бұл қабылданған шешімге тәуелді болашақтағы шығындар мен кірістер.

Есепке алынбайтын шығындар мен кірістерге қабылданған шешімнен тәуелсіз шығындар жатады. Мысалы, егер әлде біреу жеке автокөлікпен немесе қоғамдық көлікпен саяхаттауды таңдаған кезде бұл жағдайда автокөлікпен иелену салығы мен сақтандыру төлемі жасалған таңдауға тәуелді емес есепке алынбайтын шығын болып табылады. Алайда автокөліктің бензиніне жұмсалатын шығыстар бір баламаны таңдау үшін есептелуге тиіс, осының салдарынан бұл жағдайда бензиннің шығысы есепке алынатын шығынға жатады. Балама шығындар кейде қосымша шығын деп аталады. Қабылданатын шешімнің ерекшелігіне сәйкес шығындар сараланған және сараланбаған шығынға бөлінеді.

Сараланған (яғни, елеулі, маңызды) шығын деп басқарушылық шешім қабылданған кезде есептелетін шығындар саналады. Өткен кезеңдердің шығындарына ықпал етуге болмайды, сондықтан олар сараланған шығынға жатпайды. Шығындар жөнге келетін және жөнге келмейтін шығындарға бөлінеді.

Жөнге келетін шығындар – балама іс-қимылдар бағдарын таңдап жол бермеуге болатын шығындар аталады.

Жөнге келмейтін шығындар – жол бермеу мүмкін емес шығындар. Кейде «жөнге келетін» және «жөнге келмейтін» шығындар «есепке алынатын шығындар» және «есепке алынбайтын шығындар» деген терминдердің орнына қолданылады. Тек жөнге келетін шығындар шешім қабылданған кезде есепке алынуға тиіс.

Қайтарылмайтын шығындар – бұл бұрын қабылданған шешімнің нәтижесінде туындаған және болашақта ешқалай өзгермейтін өткен кезеңнің шығындары, мысалы, енді қажет емес материалдарға (өтімсіз) жұмсалған шығыстар, сондай-ақ есептен шығарылатын негізгі құралдардың қалдық құны. Қайтарылмайтын шығындар шешім қабылдаған кезде есепке алынбайды. Алайда есепке алынбайтын шығыстардың ұғымын қайтарылмайтын шығындар ұғымымен араластыруға болмайды, өйткені есепке алынатын шығындардың барлығы қайтарылмайтын шығын болып табылмайды.

Жүктелген шығындар – бұл шешім қабылданған кезде есептелетін шығыстар, олар ресурс шектеулі болған жағдайда пайда болады. Жүктелген шығындар кейде «жорамалды» деп аталады, өйткені олар шешім қабылдаған кезде қосылады, алайда іс жүзінде олар болашақта болмауы ла мүмкін.

Мысалы, компанияның қайсы бір арнайы бөлшек (бұйым) жасауға келісімшарт жасауға мүмкіндігі бар делік. Осы бөлшектер жасалатын станок «А» өнімін жасау үшін толық жүктемемен жұмыс істейді, демек, 39 мың теңге сомасындағы кірістің ысырап болатынын білдіреді. Осы сома келісімшарттың ережелерін талқылаған кезде шығыстардың бөлігі ретінде есептелуге және жүктелген шығын болуы тиіс.

Инкременттік (өсімді) және шекті шығындар. Инкременттік (өсімді шығындар мен кірістер) – бұл қосымша өнім бірлігін жасау мен сату нәтижесінде пайда болған қосымша шығындар (кірістер).

Мысалы, компания 20 000 өнім бірлігін 50 теңге баға бойынша атады.

Бұл жағдайда кіріс 1 000 000 теңгені; жарнамаға жұмсалған шығыс 80 000 теңгені; қызметкерлердің жалақысы 400 000 теңгені; үй-жайды жалға алу 100 000 теңгені; көлік және басқа да шығыстар 220 000 теңгені құрайды.

Компания басшылығы келесі жылы осы баға бойынша санды 250 000 бірлікке дейін арттырып осы өнімді басқа қалада сатуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Бұл жағдайда жарнама шығыстары 10%-ға, қызметкерлердің жалақысы – 20%-ға, үй-жайлардың жалгерлік құны– 5% -ға және көлік және басқа да шығыстар –20%-ға артады. Бұл ретте өсімді (инкременттік) кірістер мен шығыстар былайша қалыптасады (5.2-кесте).

 

5.2. Инкременттік кіріс пен шығыстардың есебі (теңгеде)

  Қазіргі бар сауда нүктелері бойынша Жоспарланатын сауда нүктелері бойынша Өсімді (инкременттік)
дкірістер ршығыстар
Сатудан түсетін кіріс 1 000 000 1 250 000 250 000 -
Жарнама шығыстары 80 000 88 000 - 8 000
Қызметкерлердің жалақысы 400 000 480 000 - 80 000
Үй-жайларды жалға алу 100 000 105 000 - 5 000
Көлік және басқа да шығыстар 220 000 264 000 - 44 000
Барлық шығыстар 800 000 937 000 - 137 000
Пайда 200 000 313 000 113 000 х

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1865; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.