КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Тестілер 3 страница
Сыйлықақы жүйесінде нормативтік жұмыс уақыты белгіленген мерзімді бағалар бойынша төленеді, ал үнемделген уақыт қосымша төленеді. Мысалы: белгілі бір жұмысқа норма бойынша 30 сағат бөлінеді, ал іс жүзінде осы жұмысты орындауға 25 сағатқа жұмсалды. Сыйлықақы үстеме ақы жүйесі қолданылады, осы жүйеге сәйкес жұмысшылар үнемделген уақыт үшін сағаттық ставканың 40 % көлемінде сыйлықақы алады. Жалақының сағаттық ставкасы 8 долларды құрайды. Қызметкер 25 сағат жұмыс істеп 200 мерзімді төлем (25х8), плюс 20 көлемінде сыйлықақы (50% үнемделген уақыт үшін 8 сағат уақыт үшін сағатына 8 доллар) алады. Іс жүзінде сыйлықақы есептеудің екі әдісі: Хелси әдісі мен Рауон әдісі деп аталатын екі әдіс қолданылады. а)Хелси әдісі. Қызметкер әр бір үнемделген сағат үшін мына формула бойынша белгіленген сағаттық бағаның 50%-ын алады: Сыйлықақы = (Жол берілетін (нормативтік) уақыт – нақты жұмсалған уақыт) х сағаттың бағасы: 2. Біздің мысалда сыйлықақы = (30-25): 2 х 8 = 20 долл. б) Рауон әдісі. Сыйлықақының көлемі жұмсалған уақыттың жол берілетін уақытқа қатынасымен мына формула бойынша есептеледі: Сыйлықақы = (Жұмсалған уақыт: Жол берілетін уақыт)х(Үнемделген уақыт х Сағаттық бағалар). Біздің мысалда сыйлықақы = (25: 30)х(5 х 8) = 33,33 долл.
Жұмыс күшінің тұрақтамауы және пайдаланудың тиімділігі. Жұмыс күшінің тұрақтамауыкәсіпорындағы еңбекті ұйымдастырудың өндірістік процестің қалыпты барысын бұзатын теріс көрсеткіш болып табылады. Жұмыс күшінің тұрақтамауының абсолюттік мөлшері кәсіпорын әкімшілігінің рұқсаты бойынша кеткен және еңбек тәртібін бұзуға байланысты жұмыстан босатылғандарды қосу арқылы анықталады. Жұмыс күшінің тұрақтамау коэффициенті есептің кезеңнің тұрақтамауының абсолюттік мөлшерін сол кезеңдегі жұмысшылардың орташа тізімдік санына бөлу арқылы мына формула бойынша есептеледі: Жұмыстан босатылғандардың саны: Жұмысшылардың орташа тізімдік саны. Жұмыс күшін пайдаланудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш еңбек өнімділігі болып табылады. Жалақы төлеу, әсіресе сыйлықақы есептегенде еңбек өнімділігі нақты өнімділікті алдын-ала анықталған мөлшермен (немесе бюджетпен) «Стандартты сағаттарды» пайдалана отырып салыстыру арқылы анықталады. «Стандартты сағаттар» – бұл тәжірибелі қызметкер бір сағат ішінде өндіруге тиіс өнім бірлігінің саны. Еңбек өнімділігінің коэффициенті былайша есептеледі: Өндірілген өнімнің стандарты сағатта көрсетілген нақты саны/ Нақты жұмсалған сағаттар. 6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу Үстеме шығыстар өндірістік және өндірістік емес шығыстарға бөлінеді. Өндірістік үстеме шығыстарға К. Друри көрсеткендей «… оған қосалқы жұмысшылардың еңбегінің шығыны, қосалқы материалдардың шығыны мен жанама шығыстар кіреді. Басқаша айтқанда үстеме шығыстарға өнімге жұмсалатын тікелей шығынға, өндірістік процеске, сауда алаңына, сатып алушылар тобына тікелей жатқызыла алмайтын шығыстар жатады» 1
К.Друри Введение в управленческий аспект и производственный учет. – М.: Юнити, 1998. – С.25. Бұрын атап көрсетілгендей, өндірістік үстеме шығыстарға қосалқы материалдармен қоса жасалатын өнімнің өзіндік құнында шамалы өзіндік салмақ алатын негізгі материалдардың кейбір түрлері (желім, жасырын шеге, болт, шеге және т.б.), көлік және сатып алынған материалдық запастарды тасымалдаумен байланысты басқа да шығындар, жұмысшылардың кепілді және нақты жалақысының арасындағы айырма, егер төлем қызметкерлердің еңбегінің сағаттық жалақысына кірмейтін болса, онда жұмысшылардың демалысының төлемі, егер мерзімнен тыс және түнге жұмыстар тапсырысшының өтініші бойынша жұмыстарды орындаумен байланысты болмаған жағдайда осы жұмыс үшін төленетін қосымша ақы, ішкі себептер бойынша бос тұрып қалудан болатын ысырап, қызметкерлерді жалға алумен байланысты шығыстар (мемлекеттік сақтандыру қорына төленетін жарна, зейнетақы қорына аударымдар) жатады. Өндірістік үстеме шығыстарға сондай-ақ цех қызметкерлерінің аударымдары бар жалақысы, өндірістік жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды ұстау жөніндегі шығыстар жатады. Өндірістік емес үстеме шығыстарға ХҚЕС 16 (IAS) 2 «Запастар» бабына сәйкес мыналар жатады: – шикізаттың, жұмсалған еңбектің немесе өзге өндірістік шығындардың нормативтіктен тыс ысырабы; – егер сақтау шығындары өндіріс процесінде келесі өндіріс сатысына көшу үшін қажет болмаса, онда сақтау шығындары; – әкімшілік үстеме шығыстар; – сату шығындары. Осы шығыстар өнімнің өзіндік құнына кірмейді және пайда болған кезеңнің шығысы ретінде танылады және есепті кезеңнің соңында «Жиынтық пайда» шотының дебетіне есептен шығарылады. Сонымен қатар осы стандарттың 15-бабында запастардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттер үшін өнім әзірлеу, яғни өнім немесе жұмыс тұтынушының тапсырысы бойынша орындау жөніндегі шығындарды кіргізуге жол беріледі.
6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
ХҚЕС (IAS) 2 12 және 13 баптарына сәйкес өнімнің өзіндік құнына тұрақты және өзгермелі үстеме шығыстар кіреді. Тұрақты өндірістік үстеме шығыстарға өндіріс көлеміне қарамастан біршама өзгеріссіз қалатын жанама өндірістік шығындар, мысалы, өндірістік ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы мен оларға қызмет көрсету, сондай-ақ өндіріспен байланысты басқарушылық және әкімшілік шығындары жатады. Өзгермелі өндірістік үстеме шығыстар деп өндіріс көлемінен тікелей немесе іс жүзінде тәуелді дердік жанама өндірістік шығындар (шикізатқа жұмсалатын жанама шығындар немесе жалақы төлеуге жұмсалатын жанама шығындар) саналады. Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар жоспарлы техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен байланысты жабдықтың жұмыс уақытының ысырабы ескерілген қалыпты жағдайда бірнеше кезеңнің немесе маусымның ішінде қол жеткізу жоспарланып отырған қалыпты орта өнімділіктің, негізгі құралдардың өндірістік қуатының негізінде бөлінеді. Нақты өндіріс уақытын, егер ол жалпы қалыпты өндірістік қуатқа сәйкес келген жағдайда пайдалануға болады. Бұл жағдайда үстеме шығыстардың артуы, егер ол төмен өнімділікте немесе қуат бос тұрған уақытта орын алған жағдайда, өндіріске жатқызылуы мүмкін. Бұл жағдайда бөлінбеген үстеме шығыстар ағымдағы кезеңнің шығыстарына есепке шығарылады. Үстеме шығыстарды бөлу әдістері. Үстеме шығыстарды де тікелей, қадамдық және ыңғайласпа қызметтерді желілік теңдеулер жүйесінің көмегімен бөлу әдісі деп аталатын үш тәсілмен бөлуге болады. Тікелей әдісте қосалқы өндірістердің бір бөлімшесінің екінші бөлімшесіне көрсететін ыңғайласпа қызметтері есепке алынбайды. Барлық шығындар негізгі цехтардың шығындарына есепке шығарылады. Қадамдық әдіс қосалқы өндірістердің ыңғайласпа қызметтерін бөлу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда бөлу циклдары әдетте тұтынудан гөрі қызметті көп көрсететін цехтан басталады. Содан кейін келесі қосалқы цех және бірте-бірте, қадам-қадаммен бөлуді жалғастырып, ең аз қызметін санын көрсеткен бөлімшемен аяқтайды. Осыдан соң қосалқы өндірістердің қызметтері негізгі өндірістің цехтарының арасында бөлінеді. Тікелей және қадамдық әдіске қарағанда сызықтық теңдеулердің көмегімен ыңғайласпа қызметтерді бөлу әдісі неғұрлым дәл әдіс болып табылады. Шет елдердің көп компаниялары үстеме шығыстарды екі сатылы процедураны пайдаланып өнімге жатқызады. Бірінші сатыда үстеме шығыстар шығындар орталықтары бойынша бөлінеді, екінші сатыда шығындар орталығында жинақталған шығындар өнімге бөлінеді. Екі сатылы шығын бөлу процедурасы үстеме шығыстар бөлімшелер емес, жалпы ұйым бойынша былайша есептелгенде жүзеге асырылады: – үстеме шығыстар өндірістік және қызмет көрсететін бөлімшелердің арасында бөлінеді; – қызмет көрсететін бөлімшелердің үстеме шығыстары өндірістік бөлімшелерге қайта бөлінеді; – үстеме шығыстарды бөлудің тиісті цехтық ставкалары есептеліп, олар кейін әр бір бөлімше арқылы өтетін жасау шығыстарын анықтаған кезде пайдаланылады. Көбінесе өндірістік үстеме шығыстарды өнім түрлері арасында бөлу базасы (негізі) өндірістік жұмысшылар мен жабдықтар жұмыс істеген уақыт немесе негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекке жұмысқа жұмсаған шығындары болып табылады. Әр бір өндірістік шығын орталығының өндірістік үстеме шығыстарының ставкасы орталыққа бөлінген үстеме шығыстардың жалпы сомасын бөлу базасының жалпы көлеміне бөлу арқылы есептеледі. Кейде үстеме шығыстардың ставкасы ауыртпалық ставкасы, яғни үстеме шығыстардың жалақы жөніндегі шығындарға қатынасымен анықталады. Үстеме шығыстар әр бір орталықтың үстеме шығыстарының ставкаларын бөлу базасының екінші сатысында алынған әр бір өнім тұтынғын үстеме шығыстарға көбейту арқылы өнімге бөлінеді. Мысалы, есепті кезең ішінде өндіріс орталығының (цехының) үстеме шығыстары 200 000 теңгені, өндірістік жұмысшылар нақты жұмыс істеген уақыт 10 000 сағатты құрады, бұл жағдайда үстеме шығыстарды бөлу ставкасы 20 теңгені (200 000:10 000) құрайды. Цех А, Б және В деп аталатын үш түрлі өнім шығарды делік, өндірістік жұмысшылар нақты жұмыс істеген уақыт: А өніміне – 2500 с., Б өніміне – 3500 с. Және В өніміне – 4500 с. құрайды. Бұл жағдайда А өніміне жатқызылуға тиіс үстеме шығыстар – 50 000 (2500х20), Б өніміне – 70 000 (3500х20) және В өніміне– 80 000 (4000х20) теңелді. Бөлу базасы ретінде өндірістік жабдықтардың жұмысының уақыты мен негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбегіне жұмсалған шығындар пайдаланған кезде үстеме шығындар өнім түрлері бойынша осы тәртіппен бөлінеді. Қосымша жұмысшылардың еңбегі мен басқа да жанама бөлінген шығыстар негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек шығындарымен тығыз байланысты болғандықтан, негізгі өндірістік жұмысшыларлдың еңбегінің жұмысын үстеме шығыстарды бөлу базасы ретінде өндірістік жабдықтармен (станоктармен) жарақтандырылмаған өндірістік бөлімлерде пайдаланған орынды. Жоғары механикаландырылған өндірісте үстеме шығыстардың айтарлықтай бөлігі машиналарды қолданумен неғұрлым тығыз байланысты болады. Сондықтан мұндай бөлімшелерде үстеме шығыстарды бөлу базасы ретінде өндірістік жабдықтардың (станоктардың) жұмыс уақытының нормаларын қолданған орынды. Үстеме шығыстарды бөлу үшін сондай-ақ мына тәсілдер пайдаланылады: – негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысының пайызын есептеу; –негізгі материалдардың шығысының пайызын есептеу; – тікелей негізгі шығындардың пайызын есептеу. Мысалы, бөлімшенің келесі есепті жылға арналған нормативтік үстеме шығыстары 240 000 теңгені құрайды. Негізгі өндірістік жұмысшылардың есептік жалақысы 200 000 теңге; өнім бірлігінің есептік өндірімі 5 000 теңге. Негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысының пайызы бойынша үстеме шығыстарының нормасы мына формула бойынша анықталады: (Цехтың үстеме шығыстарының есептік мөлшері / негізгі өндірістік жұмысшылардың есептік жалақысы) х 100 %; Біздің мысалдың деректері бойынша мынаны аламыз: негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысынан. Егер негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысының «А» өніміне шығысы 50 000 теңгені құрайтын болса, онда осы өнімге 40 000 теңге (80% х 50000) келеді. Негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысының пайызын есептеу әдісі бөлімшелер шектерінде бірыңғай жалақы ставкалары қолданылатын бөлімшелердің шегінде пайдаланылады. Үстеме шығыстарды негізгі материалдың пайызында мына формула бойынша бөлу ставкасы: (Цехтың есептік үстеме шығыстары / Негізгі материалдардың есепті шығыстары) х 100 %. Біздің мысалда (240000/200)х100) = 120 % негізгі материал алынады. Егер бөлімшеде «А» өнімінің өндірісіне 40 000-ның негізгі материалы жұмсалса, онда «А» өніміне жатқызылуға тиіс үстеме шығыстар 48 000 теңгені құрайды (40000*120%/100). Үстеме шығыстарды тікелей шығыннан пайызда бөлу ставкасы мына формула бойынша есептеледі: (Цехтың есепті үстеме шығыстары / Есептік тікелей шығыстар) х 100 %; Біздің мысалда үстеме шығыстарды тікелей шығыстардан пайызда бөлу ставкасы: -ды құрайды; Егер бөлімшеде тек өнім түрі шығарылса, онда өндірістік үстеме шығыстар осы өнімнің өзіндік құнына толықтай кіреді. Осы әдіс «Өнім шығару бірлігін анықтау әдісі» деп аталады.
6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары Шет елдердің кейбір компанияларында өндірістік үстеме шығыстар шығын орталықтары бойынша бөлінбейді. Оның орнына бүкіл кәсіпорын үшін үстеме шығыстарды бірыңғай бөлу ставкасы енгізіледі. Осы ставка бойынша үстеме шығыстар бүкіл өнімге оның қай цехта (бөлімшеде) өндіргеніне қарамастан бөлінеді. Өндірістік үстеме шығыстарды бірыңғай бөлу ставкасын барлық бөлімшелерде өндірілетін өнімдер шығын орталықтарының үстеме шығындарын шамамен тең пропорцияда, яғни әр бір өнімге әр бір бөлімшеде шамамен бірдей уақыт жұмсалатын жағдайда қолданған орынды. Егер кәсіпорын өнімнің кең ассортиментін өндірген және әр бір өнімге ұйымның әр бір бөлімшесінде әр түрлі сағат жұмсалса, онда шығын орталықтары үшін үстеме шығыстарды бөлудің жекелеген ставкаларын белгілеу ұсынылады. Егер бөлімшеде әр түрлі сағат саны жұмсалатын бірнеше өнім түрі шығарылса, онда әр бір өнім түріне үстеме шығыстарды бөлудің жеке ставкасын белгілеген орынды. Жекелеген шығын орталықтары үшін үстеме шығындарын бөлу ставкасын есептеу процедурасы. Екі сатылы бөлу процедерасы былайша қалыптасады: Бірінші саты: 1. Барлық жалпы зауыттың үстеме шығындарын өндіріс пен қызмет көрсетудің шығын орталықтары бойынша бөлу; 2. Қызмет көрсету шығын орталықтарының үстеме шығыстарын өндіріс шығындары орталықтарына қайта бөлу. Екінші саты: 1.Әр бір орталық үшін үстеме шығыстарды бөлудің тиісті ставкаларын есептеу; 2. Шығын орталықтарының үстеме шығыстарын өнімге жатқызу. Есекрту: Біз өндірістік үстеме шығыстарды екі сатылы бөлу процедурасын негізгі және қосалқы өндірістердің өндірістік бөлімшелерінің үстеме шығыстары бірге есептелген жағдайда қолдану қажет деп санаймыз. Біздің практикада негізгі өндіріс цехтарының үстеме шығыстары қосалқы өндірістердің үстеме шығыстарынан жеке есептеледі. Сондықтан өндірістік үстеме шығыстарды негізгі өндіріс цехтарының арасында және қосалқы цехтардың бөлімшелердің арасында жеке бөлудің нұсқалары ықтимал. Жалпы зауыттың өндірістік үстеме шығыстарын өндіріс шығындары мен қызмет көрсету орталықтары бойынша бөлудің бірінші сатысында кейбір үстеме шығыстары, мысалы, басқару қызметкерлерінің, қосалқы жұмысшылардың жалақысы шығын орталықтарына тікелей жатқызылған. Алайда жекелеген баптар бойынша шығындарды, мысалы, жалгерлік төлемді, жарыққа, жылытуға, еңбекті қорғауға жұмсалатын шығындарды нақты бөлімшеге әр кезде жатқызу мүмкін емес. Сондықтан үстеме шығыстардың әр бір бабын бөлу, мысалы, жалгерлік төлемді, жылыту, жарық шығыстарын, үй-жайды ұстау шығыстарын бөлу базасы ретінде; еңбекті қорғау шығындарын бөлу үшін – бөлімшелердің санын бөлу үшін жеке базаны пайдаланған дұрыс. Жалпы ұйым бойынша өндірістік үстеме шығыстардың сомасын өндірістік бөлімшелер мен қосалқы өндірістердің арасында бөлгеннен кейін қосалқы өндірістердің шығындарының жалпы сомасы есептеледі. Қосалқы өндірістер, негізінен, негізгі өндірістің бөлімшелеріне (цехтарына, қызметтеріне), кейде бөгде тарапқа қызмет көрсетеді, сол себептен қызмет түрлері бойынша өзіндік құнды, негізгі өндірістің бөлімшелері арасында бөлінуге тиіс шығындарды олардың арасында бөлу керек. Бөлу базасы әр түрлі өндірістік бөлімшелерде қызмет көрсететін қызметкерлер жұмыс істеген уақыт, орындалған жұмыстардың көлемі (саны) болуы мүмкін. Шетел әдебиетінде қызмет көрсететін (қосалқы) бөлімшенің үстеме шығыстары негізгі өндірістің шығын орталықтарына қайта бөлінеді деп көрсетілгенімен, іс жүзінде қосалқы өндірістердің қызметінің құны өндірістік бөлімшелердің арасында бөлінетінін атап өту керек. Бұрын қосалқы өндірістерге жатқызылған үстеме шығыстар олардың қызметтерінің өзіндік құнының құрамына кіреді. Жалпы ұйым бойынша өндірістік үстеме шығыстарды алдымен негізгі және қосалқы өндірістің бөлімшелерінің арасында бөлу, содан кейін қосалқы өндірістерге жатқызылған үстеме шығыстардың сомасын өндірістік бөлімшелердің арасында толықтай тағы бір рет қайта бөлу қисынсыз болып табылады. Әр бір өндірістік бөлімшенің үстеме шығыстарын осы бөлімшелер арқылы өтетін өнімдерге екі сатылы бөлу процедурасының екінші сатысы. Бұрын көрсетілгендей, бөлу базасы мыналар болып табылады: · өндірістік жабдықтардың (станоктардың) жұмыс уақыты; · негізгі өндірістік жұмысшылар нақты істеген сағаттар; · өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы; · негізгі материалдардың шығысы; · тікелей негізгі шығындар.
6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары Іс жүзінде ең алдымен негізгі және қосалқы өндірістердің цехтары (бөлімшелері) арасында бөлінетін үстеме шығыстар анықталады. Осыдан кейін негізгі өндіріс пен бөгде тарапқа көрсетілетін қызметтерге жататын жұмыстар мен қызметтер мен қосалқы өндірістердің қызметтерінің өзіндік құны анықталады. Тек осыдан кейін өнімнің өзіндік құны анықталады, ал соңғы сатыда ұйымның есептлігі жсалады. Көп жағдайларда үстеме шығыстардың жалпы сомасын анықтау мен оларды негізгі және қосалқы өндірістердің цехтары (қатысушылары) арасында бөлу жеткізушілер мен кредиторлардың көрсетілген ұқызметтердің (коммуналдық, көлік және т.б.) шоттарын уақытылы табыс етпеу себебінен кешіктіріледі. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның есепілігін жасауды кешіктіреді. Сондықтан үстеме шығындарды бөлудің жыл ішіндегі барлық үстеме шығыстар мен өндірістік қызметтің жылдық көлемінің арақатынасына негізделетін орташа жылдық нормативтік ставкалары пайдаланылады. Бұл жағдайда үстеме шығындар өндіріс шығындарына нақты өндіріс көлеміне белгіленген нормалар бойынша жатқызылады. Нормативтік және нақты үстеме шығыстардың арасындағы айырма (оларды өтеудің жетіспеуі немесе артығы) есепті жылдың пайдасына (залалына жатқызылады. Мысалы. Өндірістік жұмысшылардың 1 сағат жұмысының үстеме шығыстарының нормативтік ставкасы 50 теңгені құрайды, ал нақты үстеме шығыстар 550 000 теңгені құрады делік. Нақты өндіріс көлеміне негізгі өндірістік жұмысшылар 10 000 сағат жұмсады. Бұл жағдайда өндіріс шығынына жатқызылуға тиіс үстеме шығыстар норма бойынша 500 000 теңгені (50 х10 000) құрайды және 50000 (550 000-500 000) теңге сомасындағы үстеме шығыстар ағымдағы кезеңнің пайда (залал) шотына жатқызылады. Егер бұл жағдайда нақты үстеме шығыстар 480 000 теңгені құрайды деп ұйғарсақ, онда өндіріс шығынына жатқызылған үстеме шығыстардың 20000 (500 000 – 480 000) сомасындағы артығы да есептік кезеңнің пайдасына (залалына) жатқызылуы тиіс. Қаржы есебінде өндірістік емес үстеме шығыстар кезеңнің шығыстары ретінде қарастырылады, сондықтан өнімге жатқызылмайды. Алайда жұмыстарды тапсырыс бойынша орындағанда және мердігерлік құрылыста жұмыстардың құнына әкімшілік шығыстар жұмыстардың өзіндік құнына кірмесе де, оларды өтеу үшін белгілі бір пайданың пайызы кіргізіледі. Бақылау сұрақтар: 1. Өндіріске жұмсалған қай негізгі материалдардың құны «Материалдар» бабы бойынша көрсетіледі? 2. Негізгі өнім өндірісіне жұмсалған қосалқы материалдың құны қай шотта көрсетіледі?
Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1262; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |