КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Нормативтіктен тыс кірістер
Нормативтіктен тыс кірістер нақты ысырап нормативтік (жоспарлы) ысыраптан аз болған жағдайда пайда болады. Кірістің мөлшері нормативтіктен тыс ысыраптың құны сияқты есептеліп, өнімнің өзінджік құнынан шегеріледі. Жиынтық кіріс пайда мен залалдың шотына жатқызылады. 2 мысал: Кезекті өндірістік процесте құны 408000 теңгені құрайтын 5000 литр сүт пайдаланылды, 200 литр нормативтік ысырап, ал 4800 литр сүттің шығуы болжанады. Сүттің нақты шығуы 4850 литрді құрадынемесе болжанғаннан 50 литр көп болды.
1 литрдің өзіндік құны мына формула бойынша анықталады: Сүттің өзіндік құны / Өнімнің нормативтік (болжанған) шығуы 408000 / 4800=85 теңге
Сүт өндірісіне жұмсалған шығындар былайша бөлінеді: теңге Келесі процеске жіберілетін даяр өнім (жартылай фабрикат) (85 тг баға бойынша 4850) 412250 Минус нормативтіктен тыс кіріс (85 теңге баға бойынша 50 л) (4250)
Өнімнің нормативтіктен тыс шығуынан түскен кіріс өндіріс шотының дебеті мен пайда мен залал шотының кредитіне жатқызылады. Бұл жағдайда өндіріс шотында мынадай жазба жазылады: Дебет бойынша: «Шикізат пен материалдар» шотының кредитінен 408 000 теңге және «Пайда мен залал» шотының кредитінен 4250 теңге Барлығы 412 250 теңге және өнім шотының корреспонденциясындағы кредит бойынша 412 250 теңге
Егер ақаулы өнімді сатудан нормативтіктен тыс кіріс алынса, онда осы кірістен алынған, алайда сатылмаған нормативтік ақаудың ықтимал сату бағасы бойынша құнын шегеру керек. 3 мысал: Кезекті процесте жалпы құны 408000 теңгені құрайтын 5000 литр сүт жіберілді. Нормативтік ысырап 4%-ды немесе, 200 литрді құрауға тиіс. Сүттің нақты шығуы норма бойынша 4800 литр болса, нақты 4900 сүт алынды. Ақаулы сүттің литрі 19-20 теңгеден сатылады. Нормативтік ысыраптың өзіндік құны 3840 теңгені (200*(19-20), нақты ысырап 100 литрді немесе 1 литр сүт үшін 19-20 теңге баға бойынша 2920 теңгені құрады. Нормативтік ысыраптың құнынсыз шығудың өзіндік құны 404100 (408000-3840) құрады.
1 литрдің өзіндік құны мынаны құрайды: Нормативтік ысырапсыз сүттің шығуының өзіндік құны / Өнімнің болжанған шығуы =404160/4800 = 84-20.
Өзіндік құнды бөлу: Келесі процеске 84-20 баға бойынша 4900 литр сүт берілді. 412 580 Минус өнімнің нормативтіктен тыс шығуынан түскен нормативтік кіріс 84-20 баға бойынша 100 л 8420 1920 баға бойынша 100 л 100 6500 406 080 Өнімнің таза өзіндік құнын, сондай-ақ жалпы шығыннан алынған нормативтік ақаудың құнын шегеру арқылы анықтауға болады. Біздің мысалда ол сондай-ақ 406080 (408000 – 1920) құрайды. 7.1.2 Балама бірлік ұғымы Өндірісте есепті кезеңнің соңында барлық өнім сол бюір аяқталу дәрежесіне дейін жеткізілуі мүмкін емес. Бір өнім сатуға даяр, ал басқалары аяқталмаған өндіріс сатысында болады. Мысалы, 12000 өнім бірлігін кезең ішінде толықтай жасалды және 4000 бірлік жартылай фабрикатқа дейін жеткізілді. Бұл жағдайда өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау үшін барлық шығындарды жалпы өнімнің санына бөлуге болмайды (16000), өйткені осының салдарынан әр түрлі даярлық дәрежесіндегі өнімнің өзіндік құны бұрмаланады. Өңдеу процесіндегі өнімнің санын (көлемін) даяр өнімнің баламалы санына (баламалы шығуына) айналдыру керек. Бұл үшін орындалған жұмыстардың аяқталуының пайызын анықтап, осы мөлшерді кезеңнің соңында өңдеу процесіндегі өнім бірлігінің санына көбейту керек. Егер жоғарыда көрсетілген 4 000 бірлік 50 %-ға даяр болса, онда баламалы шығу 2000 даяр өнім бірлігін құрайды. Бұл жағдайда жалпы баламалы шығу 14000 бірлікті құрайтын болады. Егер есепті кезең ішіндегі жалпы өзіндік құн 2 800 000 теңгені құраса, онда бірліктердің өзіндік құны 200 теңгені құрайтын болады және өзіндік құн былайша бөлінеді. теңге Толықтай өңделген және келесі процеске жіберілген өнім (200 теңге бойынша 12 000 бірлік) 2 400 000 Аяқталмаған өндіріс (200 теңге бойынша 2000 бірлік) 400 000 Барлығы 2 800 000 Баламалы шығу көрсеткіші қолданылғанда өндірістік процесс ішінде барлық шығындар бірдей пропорцияда жұмсалмайтынын ескеру керек. Мәселен, материалдар өндірістік циклдың басында пайдалануы және олардың құны өнімге толықтай көшірілуі, ал еңбек шығындары мен өндірістік үстеме шығыстар өндірістік процесс барысында өседі. Сондықтан өзіндік құнның әр бір құрамдасы бойынша өзіндік құнның калькуляциясын жасау керек. Мұны келесі мысалда қарастырайық: 1 мысал: А процесі туралы ақпарат. Кезең басындағы аяқталмаған өндіріс жоқ А процеске кірген өнім, бірлік 16000 Өңдеу аяқталған және Б процеске жіберілген өнім, бірлік 12000 Кезең соңындағы аяқталмаған, бірлік 4000 Кезең ішіндегі материалға жұмсалған шығындар (теңге) 1820 000 Кезең ішіндегі өңдеу жөніндегі шығындар (еңбек шығындары мен үстеме шығыстар) (теңге) 980 000 Материалдарға жұмсалған шығындар процестің басында жүзеге асырылады, ал өңдеу жөніндегі шығындар өндірістік процес барысында біркелкі қосылады. Аяқталмаған өндірістің даярлық дәрежесі шартты түрде 60 % болып саналады. Бұл жағдайда кезең соңында Б процесіне көшірілетін өнім шығарудың өзіндік құны мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құны мынаны құрайды:
7.1-кесте. Өнім бірлігінің өзіндік құнының есебі
Осыдан: Аяқталмаған өндірістің өзіндік құны: Материалдардың құны (113-75 тг баға бойынша 4000 бірлік) 455000 Өңдеу жөніндегі шығындар (70 тг баға бойынша 9000 бірлік) 14000 595 000 Даяр өнім (183-75 баға бойынша 12000) 2 205 000 Барлығы 2 800 000
Осы мысалда өнім өндірісінде материалдарды пайдалану аяқталды, ал бұдан әрі еңбек шығындары мен үстеме шығыстар орын алады деп саналады. 7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны Әдетте өндірістің бір қайта бөлісінде (процесінде) өңдеуі аяқталған өнім келесі қайта бөліске (процеске) одан әрі өңдеу үшін жіберіледі. Өткен «А» процесінде өңделген өнім одан әрі өңдеу үшін «Б» процесіне жіберілді делік. «А» процесінен көшкен өнімнің өзіндік құны «Б» процесі бойынша шығындарда осы процесс (Б) бойынша өзіндік құнның жеке элементі ретінде қарастырылады. «А» процесінің даяр өнімін «Б» процесінде қалай қаарстыру керек екенін қарастырайық. 2 мысал: «Б» процесі туралы ақпарат: Кезең басындағы аяқталмаған өндіріс жоқ А процесінен көшірілген өнім, бірлік 12000 Өңдеу аяқталған және Кезең соңындағы аяқталмаған, бірлік 2000 Даяр өнім қоймасына тапсырылған өнім 10000 Есепті кезеңнің шығындары: «А» процесінен кейінгі өнімнің өзіндік құны, теңге 220500 Материалдар, теңге 52500 Өңдеудің құны Әдетте бірінші процестен кейін материалдар әр түрлі өндіріс процестерінде пайдалануы мүмкін. Біздің мысалда «Б» процесі барысында материалдар ол аяқталғанға дейін пайдаланылмайды. Сондықтан материалдардың шығындары аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына ықпал етпейді. Демек кезең соңында аяқталмаған өндірістің балама бірліктеріндегі материалға жұмсалған шығындар нөлге теңелді. Есептеуге сәйкес аяқталмаған өндірістің даярлық дәрежесі – 50 %. Даяр өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнының есебін жасаймыз.
7.2-кесте. Даяр өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнының есебі
Осыдан: 1. Аяқталмаған өндірістің өзіндік құны: Өткен процестің өзіндік құны (1 бірлік үшін 183-75 бойынша 2000 бірлік) 367 500 Материалдардың құны жоқ Өңдеу құны (1 бірлік үшін 50 теңге баға бойынша 10000 бірлік) 50000 417500 2. Даяр өнім (1 бірлік үшін 266-25 баға бойынша 10000 бірлік) 2662500 Барлығы 3 080 000
Әдетте материалдық шығындардың негізгі бөлігі бірінші процесте және кейінгі процестерде шамалы ғана жұмсалады. Кейінгі процестерде материалдық шығындар тек шығарылған өнімге ғана жатқызылады. Сөйтіп кезең соңындағы материалдық шығындар аяқталмаған өндірістің қалдығына жатқызылмайды, яғни жартылай фабрикаттардың (аяқталмаған өндірістің) баламалы бірлігіне жұмсалған материалдардың шығыны нөлге тең болып қабылданады.
7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері Бір процестен екіншіге өңдеу үшін жіберілетін аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалаудың келесі екі балама әдісі қолданылады. Өлшенген орташа өлшенім әдісі. Осы әдіс бойынша кезеңнің басындағы аяқталмаған өндірісті өндіріске толықтай тартылған және ағымдағы кезеңде ол жеке қаралуы мүмкін емес деп санауға жол беріледі. ФИФО әдісі. Бірінші кезекте кезеңнің басындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы өңделеді және оны өңдеу ағымдағы айдың ішщінде аяқталады деп санауға жол беріледі. Осы бағалау әдістерін 3 мысалда қарастырайық. 3 мысал: Компания екі процесті (Х және У) жүзеге асырады. Материалдар «Х» процесінің басында, қосымша материалдар «У» процесінің барысында, процестің 70%-ы аяқталғанда жинақталады, өңдеу құнына екі процестің ішінде бірлкелкі қосылады. Даяр өнімнің бірліктері «Х» процесінен «У» процесіне тікелей, ал «У» процесінен даяр өнім қоймасына жіберіледі. Өндіріс кезеңінің деректері былайша қалыптасады:
Кезең ішінде өңдеу аяқталған өнімнің санын анықтаймыз. Әр бір процеске арналған есептеулерді келтіреміз: 7.3-кесте.
«Х» процесі үшін өнім бірлігінің өзіндік құнының есебі былайша жүзеге асырылады. «Х» процесі өлшенген орташа құн әдісі:
Осыдан: Кезең соңындағы аяқталмаған өндіріс: теңге Материалдар, теңге (бірлік үшін 130 теңге 6000 бірлік) 780000 Өңдеудің құны (бірлік үшін 138 теңге 4500 бірлік) 621000 «У» процесіне жіберілетін толықтай өңделген өнім (бірлік үшін 268 теңге 14000 бірлік) 3752000
Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 763; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |