Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Есеп объектісіне не жатады? 3 страница




Құрамдастырылған тәсіл атап өтілген бір тәсілмен калькуляциялауды жүзеге асыру мүмкін емес жағдайларда жекелеген өнімнің немесе өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. Демек, құрамдастырылған тәсіл бірнеше тәсілдің үйлесімін білдіреді. Іс жүзінде осы тәсілдің сан алуан құрамдастырымы пайдаланылады.

Мысалы, мұнай өндірісінде тікелей есептеу тәсілімен мұнай мен газдың орташа өзіндік құны есептеледі, сонымен бірге пропорционалдық тәсілмен әр бір өнім түрінің өзіндік құны анықталады. Тікелей есептеу тәсілімен сыраның әр бір сұрпының бір мың декалитрінің өзіндік құны, ал металл өңдеуде – 1 тонна метиздің өзіндік құны шығындарды жоспарлы өзіндік құнға немесе нормаларға бөлу арқылы калькуляцияланады, сондай-ақ сұрыптық калькуляциялар жасалады. Демек, тікелей бөлу (есептеу) тәсілі пропорционалдық тәсілмен үйлескен кезде топтық және сұрыптық деп аталатын екі калькуляция жасалады.

Домна және консерві өндірістерінде иесізденген өнімдердің өзіндік құны (тиісінше 1 тонна иесізденген шойынның, 1 тонна шартты банканың) өзіндік құны тікелей тәсілмен, ал жекелеген түрлері мен сұрыптарының өзіндік құны – коэффициенттерді қолдану арқылы калькуляцияланады.

Калькуляциялаудың коэффициенттік тәсілі біруақытта алынатын бірнеше өнім түрінің (көбінесе түйіндес) өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады. Осы тәсілдеосы барлық өнімдер белгіленген коэффициенттерге сәйкес шартты бірліктерге айналдырылып, осыдан кейін олардың өзіндік құны анықталады және әр бір өнімнің табиғи бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады.

Калькуляциялаудың коэффициенттік тәсілі көптеген өнеркәсіп салаларында қолданылады. Коэффициент әзірлеген кезде материалдардың рецептурасының біркелкілігі, пайдалы заттардың еңбек сыйымдылығы, өзіндік салмағы, жеке салмағы, жылу шығару қабілеті, калориялығы, сату құны және т.б. негізгі алынады.

Мәселен, шпал кесуде бүкіл өнім бекітілген коэффициенттердің негізінде шпал өнімінің тығыз массасының текше метріне айналдырылады. Тікелей тәсілмен 1 м3 тығыз массаның өзіндік құны анықталады, содан кейін алынатын өнімнің әр бір түрі бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады. Металлургия өнеркәсібінде шойынның, болаттың, прокат түрінің, тамақ химия және т.б. салалары өнімінің жекелеген маркаларының өзіндік құны да осылай есептеледі.

Консерві өнеркәсібінде сыйымдылығы әр түрлі консервілер белгіленген коэффициенттер бойынша шартты банкаға (тубаға) аударылады, тек содан кейін ғана сыйымдылығы әр түрлі консервілердің өзіндік құны есептеледі.

Оттегі өнеркәсібінде де шығарылған өнімнің саны алдымен оларды шартты бірлікке келтіретін белгіленген коэффициентке көбейтіледі. Осыдан кейін шығындар әр бір бап бойынша келтірілген шартты бірліктердің жалпы санына бөлінеді. Сөйтіп әр бір өнімнің калькуляция баптарына бөлінген өзіндік құны анықталады.

Калькуляциялаудың коэффициенттік тәсілінің тағы бір түрі шығындарды калькуляциялаудың әр бір бабы бойынша бөлетін коэффициенттерді анықтау. Бұл жағдайда калькуляциялау күрделенеді, ал шығарылған әр бір өнімнің өзіндік құны жалпы ғана емес, сонымен бірге калькуляция баптары бойынша да есептеледі.

 

3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу

 

Даяр өнім деп өңдеу (жинақтау) толық аяқталған, қажетті сынақтан (тексеруден) қолданыстағы стандарттарға немесе техникалық шарттарға жауап беретін (сертификаты немесе оның сапасын растайтын басқа құжатпен жабдықталған), ұйымның техникалық бақылау аппараты қабылдаған және қоймаға тапсырылған немесе тапсырысшы тиісінше ресімделген тапсыру құжаттары бойынша қабылдаған (даяр өнім сол жерде тапсырылатын жағдайда) өнім саналады.

Сол жерде тапсырылуға тиіс және қабылдау актісімен ресімделмеген даяр өнім аяқталмаған өндірістің құрамында қалады және мұндай өнім «Даяр өнім» деп аталатын 1320 шот бойынша есепке қабылданбайды. Даяр өнім қозғалысының есебі «Даяр өнім» деп аталатын 1320 актив шотта жүргізіледі. Осы шотта негізгі немесе қосалқы өндірістер сату үшін шығарылған даяр өнім есептеледі. Ұйымның өзі қайсы бір өнім түрін тұтас және толықтай пайдаланған жағдайда олар «Шикізат пен материалдар»деп аталатиын 1310 және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шотта есептелуі мүмкін.

Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны «Даяр өнім»деп аталатын 1320 шотта көрсетілмейді, ал олар бойынша нақты шығындар «Негізгі өндіріс» деп аталатын 7110, «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8130 шоттардың кредитінен «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» деп аталатын 7010 шоттың дебетіне тікелей есептен шығарылады.

Жинақтамалы есепте даяр өнімнің қалдығы мен қозғалысы нақты өзіндік құн бойынша көрсетіледі.

Даяр өнім сақталатын жерде және оның жекелеген түрлері бойынша қабылданған өлшем бірлігінде есептеледі.

Талдамалы есепте жекелеген атаулар бойынша даяр өнімнің есептік бағалар бойынша (жоспарлы өзіндік құн бойынша) қозғалысының регистрлерде бұйымның нақты өзіндік құнының олардың есептік бағалар бойынша құнынан ауытқуының ерекше позициялары жеке бөлінген есебіне жол беріледі.

Көрсетілген ауытқулар есеп регистрлерінде даяр өнімнің біркелкі топтары бойынша көрсетіледі.

Даяр өнімнің нақты өзіндік құнының оның құнынан кеткен және есепті жылдың соңында қалған даяр өнімге жататын есептік бағалар бойынша оның құнынан ауытқулары былайша анықталады.

Есепті жылдың басындағы даяр өнімнің қалдығына ауытқу сомасына есепті кезең ішінде қоймаға кіріске жатқызылған өнім бойынша ауытқудың сомасы қосылады. Есепті кезеңнің басындағы өнімнің есепті баға бойынша қалдығының құнына есепті айдың ішінде өнімнің осы бағасы бойынша кіріске алынған құны қосылады. Бірінші жиынды екіншіге бөлу ауытқудың пайызын білдіреді. Ауытқудың пайызы мен есепті кезеңнің соңындағы қоймадағы даяр өнімнің қалдығының және есепті кезең ішінде сатылған (жөнелтілген) есептік баға бойынша құнын көбейту арқылы ауытқудың сомасы анықталады. Осы сома «Даяр өнім» деп аталатын 1320 шотта қалуы және «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» деп аталатын 1320 шотта осы шоттарда көрсетілген өнімнің есептік құнын нақтылау ретінде жатқызылуы тиіс.

Даяр өнімнің нақты өзіндік құнының сатылған (жөнелтілген) өнімге қатысты оның есептік баға бойынша құнынан ауытқу сомасы оның артық жұмсалғанына немесе үнем екеніне байланысты 1320 шоттың кредиті мен 7010 шоттың дебеті бойынша қосымша және түзету жазбамен көрсетіледі.

 

3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы

 

Операцияның мазмұны Шоттар корреспонденциясы
Дебет Кредит
  Даяр өнімді кіріске жатқызу    
  Сатылған, сатып алушылар қайтарған немесе түзету енгізілген даяр өнімнің өзіндік құнын көрсету
 

  Сонымен біруақытта сатып алушылар ақауға жатқызған ақаулы өнімнің өндіріміне нақты өзіндік құн бойынша түзетпе жазба енгізу
  Даяр өнімді тегін беру    
  Даяр өнімді арзандату    
  Түгендеу кезінде анықталған артық даяр өнімді кіріске жатқызу    
  Даяр өнімді фирма ішінде пайдалану:    
  – жалпы өндірістік мақсатта    
  – жалпы шаруашылық мақсатта және зертханалық талдау жүргізуге    
  Даяр өнімнің жетіспеуін нақты өзіндік құн бойынша есептен шығару:    
  – кінәлілер анықталмағанда    
  – кінәлілер анықталып, берешектің өндірілетініне сенімділік болғанда    
  Табиғи зілзала нәтижесінде даяр өнімді есептен шығару    
  Сатылған өнімнің өзіндік құнын есептен шығару    

Бақылау сұрақтары:

1. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының калькуляциясы мен оның түрлері.

2. Алдын-ала калькуляция, оның сипаттамалары.

3. Есептеу объектісіне не жатады?

4. Калькуляция объектісіне не жатады?

5. Калькуляциялық бірліктердің түрлерін атап өтіңіз.

6. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қандай әдістері қолданылады?

7. Шығынды есептеу әдістеріне не жатады?

8. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциялау әдісіне не жатады?

9. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі мен оның сипаттамасы.

10. Өндіріс шығындарының есебі нормативтік әдіс бойынша қалай ұйымдастырылады?

11.Өнімнің нақты өзіндік құны нормативтік әдіс бойынша қалай анықталады?

12.Өндіріс шығындарын есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі, оны қолдану салалары.

13. Өндіріс шығындарын есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі, оны қолдану салалары.

14. Өндіріс шығындарын есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі, оны қолдану салалары.

15. Өнімнің өзіндік құнын шығындарды жинақтау тәсілімен есептеудің мәні, оны қолдану салалары.

16. Өнімнің өзіндік құнын шығындарды қосалқы өнімге жатқызу тәсілімен есептеудің мәні, оны қолдану салалары.

17. Өнімнің өзіндік құнын шығындарды пропорционалдық (индекстік) бөлу тәсілімен есептеудің мәні, оны қолдану салалары.

18. Өнімнің өзіндік құнын құрамдастырылған тәсілімен есептеудің мәні, оны қолдану салалары.

19. Өнімнің өзіндік коэффициенттік тәсілмен есептеудің мәні, оны қолдану салалары.

20. Даяр өнімге не жатады, оның қозғалысының есебін ұйымдастыру тәртібі.

 

Тестілер:

1. Калькуляцияның оның жасалу уақыты бойынша түрлері.

а) алдын-ала және кейінгі;

ә) сметалық және жобалық;

б) нормативтік және жобалық;

в) жоспарлы және сметалық;

г) жоспарлы және есептік.

 

2. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.

а) нормативтік,тапсырыстық;

ә) нормативтік, процестік, тапсырыстық;

б) нормативтік, процестік, қайта бөлістік;

в) нормативтік, қайта бөлістік, тапсырыстық;

г) тапсырыстық, қайта бөлістік.

 

3. Шығындарды есептеудің қайта бөлістік әдісінде калькуляциялау тәсілдері.

а) нормативтік;

ә) шығындарды жинақтау тәсілі;

б) коэффициенттік тәсіл;

в) шығындарды қосымша өнімге шығару тәсілі;

г) шығындарды пропорционалдық бөлу тәсілі

 

4. Нормативтік әдісте шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны былайша анықталады:

а) нормалар мен нормалардың өзгеруінің барлық шығындарын қосумен;

ә) нормалар мен нормалардан ауытқу бойынша барлық шығындарды қосумен;

б) нормалар бойынша барлық шығындарды қосумен;

в) нормалар мен нормалардан ауытқу және нормалардың өзгеруінің шығындарын алгебралық қосумен;

г) барлық жауаптар дұрыс.

 

5. Жеке өндірісте бір бұйымның өзіндік құны қалай анықталады?

а) бір процестің шығынын бұйымның санына бөлу арқылы;

ә) бүкіл өндірістің өзіндік құнын бұйым санына бөлу арқылы;

б) барлық жауаптар дұрыс;

в) бірде-бір жауап дұрыс емес;

г) алғашқы екі жауап дұрыс.

 

6. Тапсырыстық есептеу әдісін пайдаланғанда өнім бірлігінің өзіндік құны қалай анықталады?

а) осы кезеңде өндірілген өнімге барлық шығындарын бөлу арқылы;

ә) бір процестің шығындарын бұйым санына бөлу арқылы;

б) нормативтік шығындар бойынша;

в) осы тапсырыс бойынша барлық шығындарды ол бойынша шығарылған өнімнің санына бөлу арқылы;

г) барлық жауап дұрыс.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 855; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.