КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Есеп объектісіне не жатады? 2 страница
Шығындарды есептеудің нормативтік әдісінде қолданыстағы нормалардың өзгеруінің есебін жүргізу маңызды рөл атқарады. Ол нормативтік базаны жүйелі түрде нақтылау үшін қажет. Нормалар жаңа техника, технология енгізудің, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, тиімділік пен сапаны арттырудың әсерінен өзгереді. Қолданыстағы нормалардың өзгеруі арнайы құжаттармен – өзгерудің себептері көрсетілген нормалардың өзгергені жөніндегі хабарламалармен ресімделеді (қызметтер жаңа нысан енгізілген нақты күннен бастап жазады). Хабарламалардың негізінде нормативтік калькуляцияларға өзгерістер келесі айдың басынан бастап енгізіледі. Есепті айдың ішіндегі ағымдағы норманың мөлшері айтарлықтай өзгеруі есепті кезеңнің соңына дейін есептеледі, ал осы өзгерістің мөлшері шамалы болған жағдайда ол нормадан ауытқумен бірге жеке позицияда көрсетіледі. Хабарламаның негізінде осы өзгерістердің іс-шара, себеп, орындаушы бойынша жедел есебі жүргізіледі. Өзгерісті жедел анықтау (оның ішінде сигналдық құжаттаманың көмегімен) мен шығындардың нормалардан ауытқуының есебін жүргізу жүргізіледі (шығын баптары, пайда болған жеру, себептер, ауытқу үшін жауапты тұлғалар бойынша) маңызды рөл атқарады. Ауытқудың есебі нақты өнім (жұмыс, қызмет) түрі бойынша ұйымдастырылады. Ауытқу деп шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикатттарды пайдаланғанда, жұмысшыларға жалақы төлегенде белгіленген нормалар мен нормативтерден әр түрлі ауытқулар мен үстеме шығыстардан ауытқулар аталады. Нормалардан ауытқу оны анықтау мен оны құжатпен ресімдеудің толықтық дәрежесі бойынша құжатталған және құжатталмаған ауытқуға бөлінеді. Құжатталған ауытқуға өндіріс процесі басталғанға дейінгі немесе оны жүзеге асыру барысында сигналдық құжаттаманың деректері бойынша аенықталған, сондай-ақ есептеу арқылы анықталған (өндіріс процесі басталғанға дейін немесе өндіріс процесі аяқталғаннан кейін дереу) ауытқулар жатады. Құжатталмаған ауытқуға шығын нормасының жалпы сомасы (нақты шығын мен норма бойынша шығынның айырмасы ретінде анықталатын) және оның құжатталған бөлігінің арасындағы айырма жатады. Бұрын атап өтілгендей, шикізат пен материалдардың шығысындағы ауытқулар бірнеше әдіспен: құжаттаумен, топтар бойынша бөлуді есептеумен, нақты рецептура бойынша алдын-ала есептеу мен және кейінгі есептеумен, сондай-ақ түгендеудің деректерін пайдаланумен (инвентарлық әдіспен) анықталады. Жалақы төлеу жөніндегі нормалардан ауытқу мына құжаттармен: қолданыстағы нормалар мен бағаларға әр түрлі қосымша ақылар – қосымша ақы төлеу жөніндегі парақтармен; технологиялық процесте қарастырылмаған қосымша операцияларды төлеу – айрықша белгісі бар нарядтармен (мысалы, диагональ бойынша қызыл сызықпен – нарядтың бланкісі) ресімделеді. Осы құжаттарда қосымша ақы мен қосымша жұмыстың себептері, сондай-ақ осы жұмыстарды орындау үшін жауапты тұлға көрсетіледі. Құжаттар, әдеттте, ауытқу пайда болған кезде (жұмыстар басталғанға дейін) жазылады. Мерзімді жалақыда нормадан ауытқу жекелеген учаскелер (жалақының есептелу шамасына орай цехтар бойынша) арнайы есептеу бойынша анықталады. Есепте нормалар бойынша жалақының сомалары (жұмыс орындарының тізбесі, штаттық лауазымдар мен тарифтік ставкаларға сәйкес есептелген), нақты есептелген сома мен норма бойынша жалақының сомасының арасындағы айырма ретінде анықталатын ауытқулар көрсетіледі. Жұмысшылардың кесімді жалақысы бойынша нормадан ауытқу нақты өнім түріне, әдетте, тура әдіспен, ал мерзімді жалақы алатын жұмысшылардың – олардың нормалар бойынша жалақысына пропорционал жатқызылады. Бір топқа кіретін біркелкі өнім топтары бойынша ауытқуларды есептеген кезде – нормалар бойынша жалақыға пропорционал (индекстердің көмегімен) есептеледі. Үстеме шығыстар бойынша ауытқулар жалпы бекітілген сметалар мен олардың жекелеген баптарынан анықталады. Кешенді баптар бойынша ауытқу ол пайда болған сәтте құжаттау арқылы да, сондай-ақ осы шығыстардың жоспарлы (сметалық) және нақты сомаларын салыстыру арқылы да анықталады. Есепті жылдың соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы айдың басындағы ағымдағы нормалар бойынша бағалануы тиіс, яғни нормалардан ауытқу шығарылған өнімге есепке шығарылады. Нормативтік әдісте өндіріс шығындарының жиынтық есебі мен тиісті регистрлер (ведомостер) біркелкі өнімнің жекелеген түрлері немесе топтары бойынша және калькуляциялық баптар бойынша нормалар бойынша шығындар, нормалардан ауытқу мен нормалардың өзгерісі бойынша бөлініп жүргізілуге тиіс. Жиынтық есеп ведомосінің барлық тараулары бойынша нормалар бойынша шығындар (есепті кезеңнің басы мен соңындағы аяқталмаған өндіріс, есепті кезеңдегі шығындар, өндірімнің нақты өзіндік құны) есепті кезеңнің басында қол жеткізілген бірыңғай нормалардың деңгейі бойынша есептелуге тиіс. Есепті кезеңнің соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтары келесі есепті кезеңдегі бастапқы қалдық болатыны белгілі. Егер есепті кезеңнің ішінде ағымдағы нормалар өзгерсе, онда аяқталмаған өндірістің қалдықтарын есепті кезеңдегі нормалар өзгерген мөлшерге қайта санау қажет болады. Бұл жағдайда аяқталмаған өндіріс бойынша нормалардың өзгерісі өндіріс шығындарының жиынтық есебінің ведомосінде жеке жазылады.
3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі бастапқы материалы мен өнімді жаппай өңдеудің сипаты бойынша біркелкі және әрқайсысы немесе тобы жеке дербес өндіріс қайта бөлуді (фаза, саты) құрайтын, (мысалы, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында) үздіксіз технологиялық процесс немесе бірқатар жүйелі өндірістік процестер жағдайында физикалық-химиялық және термикалық өндірістік процестер басым, шикізат даяр өнімге айналатын, кәсіпорындарда қолданылады. Қайта бөлу деп аралық өнімнің (жартылай фабрикат) немесе даяр өнімнің шығуымен аяқталатын технологиялық операциялар кешені аталады. Мысалы, тоқыма өнеркәсібінде дайындау, иіру, ширату, тоқу және өңдеу бөліністері бар Қайта бөлістік есептеу әдісі сондай-ақ шикізат кешенді пайдаланылатын өндірістерде қолданылады. Қайта бөлу әдісінде шығынның есебі қайта бөлу, оның ішінде – агрегаттар (цехтар, прокат стандары, химия қондырғылары және т.б.), калькуляция баптары мен өнім түрлері бойынша жүргізіледі. Тікелей шығындар әр бір қайта бөлу, ал жанама шығындар – жалпы цехтар, өндірістер бойынша кейін есеп саясатында қабылданған базаға сәйкес қайта бөлудің өнімінің өзіндік құны арасында бөлініп есептеледі. Шығынды өнім түрлері бойынша есептеу қиын өндірістерде ол жалпы қайта бөлу бойынша жүргізіледі, ал бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың өзіндік құны коэффициенттік тәсілмен немесе шығындарды алып тастау тәсілімен анықталады (бұл тәсілде жалпы сомадан қосымша өнімнің шығындары алынып тасталып, содан кейін негізгі өнімнің өзіндік құны есептеледі). Қайта бөлістік әдісте шығындардың есебі жартылай фабрикаттық нұсқада (әр бір қайта бөлудің жартылай фабрикаттары бағаланып, олар келесі қайта бөлуге құны бойынша беру жүзеге асырылады) немесе жартылай фабрикатсыз нұсқада (өңдеу шығындары әр бір қайта бөлу бойынша есептеледі, жартылай фабрикаттар бір қайта бөлуден екіншіге саны бойынша беріледі, даяр өнімнің өзіндік құны барлық қайта бөлудың шығындары қосылып калькуляциялық баптар бойынша анықталады) жүргізіледі. (Жартылай фабрикаттық және жартылай фабрикатсыз нұсқада есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері жоғарыда баяндалған).
3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісікүрделі бұйымдар жеке және ұсақ сериямен шығарылатын машина жасау кәсіпорындарында кең тараған. Осы әдіс бойынша жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу өндірісі, қосалқы өндірістерде құрал-сайман жасау, ұйымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының эксперименталдық цехтарында өнім шығару ұйымдастырылған. Мұндай өндірістерде бұйымның жекелеген түрлері, маркалары, модификациялары шағын топтармен немесе жеке-дара шығарылады, кейде жыл ішінде жекелеген өнім түрін шығару қайталанбауы мүмкін. Осы әдісте есептеу объектісіне әр бір бұйым (жұмыс) түріне немесе бұйымның шағын сериясына жасалған жеке тапсырыс, ал технологиялық циклы ұзақ кәсіпорындарда тапсырыс берушілеремн (сатып алушылармен) жасалатын шарттардың негізінде ашылатын жеке тораптар мен агрегатттар жатады. Әр бір тапсырысқа бланк толтырылып, тапсырыс тіркеледі, оған нөмір қойылып, тапсырыс аяқталғанға дейін ол осы тапсырыстың коды болып табылады. Код барлық технологиялық және есептік құжаттарға қойылады. Тапсырысты әдеттте жоспарлау-өндірістік қызметі ресімдейді, осыдан кейін ол тапсырысты ашу жөніндегі хабарламаны бухгалтерияға табыс етеді. Тапсырыстық әдісте өндірістік шығын мен калькуляциялаудың есебі бір бұйым (кешенді жұмыстар орындау) немесе біркелкі бұйымдардың шағын тобын жасауға арналған тапсырыстар бойынша жүзеге асырылады. Бұл үшін әр бір тапсырысқа оны ашу жөніндегі хабарламаның негізінде бухгалтерияда тапсырыс орындалатын бүкіл мерзім ішіндегі шығындар есептелетін карточка немесе ведомость ашылады. Тікелей шығындар – жұмсалған шикізат пен материалдар, сатып алынған бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы, ақаудан болатын ысырап, игеруге жұмсалатын шығыстар әр бір тапсырыс бойынша жеке бастапқы құжаттардың: лимит карталарының, талаптардың, бөлу парақтарының, нарядтардың, ауысым рапорттарының, өндірім ведомостерінің, бағдар парақтары мен тапсырыстың шифры қойылатын басқа да құжаттардың негізінде есептеледі. Үстеме шығыстар тапсырыстардың өзіндік құнына ұйымның есеп саясатында қабылданған базаға пропорционал бөлу арқылы кіреді. Тапсырысты орындаумен байланысты шығындар жұмыстар орындалатын мерзім бойы жинақталады. Орындалған тапсырыстың өзіндік құны бүкіл жұмыс аяқталғаннан кейін анықталады. Егер тапсырысқа сәйкес бірнеше біркелкі бұйым жасалса, онда бірліктің өзіндік құны калькуляция баптары бойынша шығынның бүкіл сомасын жасалған өнімнің санына бөлу арқылы анықталады.
3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
Осы әдісте тікелей және жанама нақты шығындар өнімнің бүкіл өндіріміне белгіленген шығыс баптары бойынша есептеледі. Осыған байланысты өнімнің орташа өзіндік құнын анықтау үшін барлық өндірістік шығындар (әр бір бап бойынша) даяр өнімнің санына бөлінеді. Шығындардың талдамалы есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің осы тәртібін құрамдас бөліктері немесе жартылай фабрикатттары болмайтын біркелкі жай өнім шығаратын (өндіретін), ал аяқталмаған өндіріс қалдығы мардымсыз немесе тұрақты не болмаса мүлдем болмайтын жаппай өндірістерде қолдануға болады. Қарапайым әдіс негізінен бір өнім түрін өндіретін көптеген өндіруші және кейбір өңдеу өнеркәсібі салаларында (су электр станциялары, мұнай, руда және руда емес шикізат өндіретін, пластикалық масса, шикізат-жібек және т.б. шығаратын), сондай-ақ электр энергиясын, бу, суық пен қозғалыс энергиясының басқа да түрлерін өндіретін бірқатар қосалқы өндірістерде қолданылады. Кейбір салаларда (көмір, торф, ағаш дайындау) шығындар технологиялық процестің жекелеген баптары бойынша есептелуі мүмкін. Мысалы көмір өнеркәсібіндле мұндай сатыға дайындау жұмыстары, көмірді шығару, шахтаның бөлінген жеріне дейін тасымалдау мен жер бетіне шығару, сұрыптау, байыту, вагондарға тиеу жатады. Құрылымдық бөлімшелер бойынша есептелген шығындар жалпы шахта бойынша талдап қорытылады, бүкіл өндірілген көмір калькуляциялау объектісі болып табылады. Калькуляциялық бірлік ретінде 1 тонна өндірілген көмір қабылданады, осымен қатар 7 000 калориясы бар 1 тонна шартты отынның өзіндік құны есептеледі Шығындар процестер бойынша алдын-ала есептеледі (құрылымдық бөлімшелер бойынша), сол себептен көмір өнеркәсібі кәсіпорындарында қолданылатын шығынды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялаудың қарапайым әдісі кейде процестік деп аталады. Қарапайым (процестік) әдісті қолдану үшін өнім біркелкі және ол жаппай шығарылуы немесе өндірілуі және шығындарды тікелей және жанама шығындарға жатқызу тәсілі бойынша бөлмеу мүмкіндігі болуы (өйткені олар бір өнім түрін шығарумен байланысты) болуы тиіс. Барлық шығындар өнім өндіріміне жатқызылады (аяқталмаған өндіріс қалдықтарының болмауынан немесе оның тұрақтылығынан).
3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік есептің қорытынды сатысы болып табылады. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялауды келесі 3 сатыға бөлуге болады. Бірінші сатыда жалпы бүкіл шығарылған өнімнің өзіндік құны, екінші сатыда – әр бір өнім түрі бойынша нақты өзіндік құн, үшінші сатыда – өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің бірлігінің өзіндік құны есептеледі. Шығарылған өнімнің өзіндік құнын калькуляциялағанға дейін жалпы кәсіпорын бойынша барлық шығындар талдап қорытылады, шығындар аяқталмаған өндіріс пен шығарылған өнім (жұмыс, қызмет) арасында бөлінеді. Қосалқы өндірістердің өзара ыңғайласпа қызметтері ескеріліп, олар көрсеткен қызметтер калькуляцияланып, бөлінеді. Шығыннның есебі жартылай фабрикаттық нұсқада ұйымдастырылған жағдайда әр бір қайта бөлу цехы шығарған жартылай фабрикатттардың өзіндік құны калькуляцияланады (өткен қайта бөліс ескеріліп), тек соңғы қайта бөлісте шығарылған даяр өнімнің өзіндік құны калькуляцияланады. Жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құны нормативтік калькуляциялау тәсілі, шығындарды қосу тәсілі, шығындарды қосымша өнімге шығару тәсілі, шығындарды пропорционал (индекстік) бөлу тәсілі, тікелей есептеу тәсілі, құрамдастырылған калькуляциялау тәсілі, коэффициенттік тәсіл деп аталатын тәсілдің бірімен есептеледі. Нормативтік тәсіл – шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің құрамдас бөлігі. Бұл нормативтік калькуляциялау тәсілінің ең маңызды ерекшелігінің бірі – қолданыстағы нормалар мен технологиялық процестің негізінде шығарылатын өнімнің нормативтік өзіндік құнының калькуляциясын алдын-ала жасау. Осы калькуляция жасалғаннан кейін деректері әр бір мезеттегі нормативтік өзіндік құнды анықтауға мүмкіндік беретін қолданыстағы нормалардың өзгеруінің есебі ұйымдастырылады. Әдетте осы өзгерістер нормативтік калькуляцияға әр бір айдың 1-ші күні, ал шамалы өзгерісте – тоқсанның басында енгізіледі. Нормативтік әдісте нақты өзіндік құн нормалар бойынша шығындардың сомасы және нормалардан ауытқу немесе нормалардың өзгеруі қосылады немесе шегеріледі. Шығындарды жинақтау тәсілінде өнім бірлігінің өзіндік құны бұйымның жекелеген бөліктерінің шығындарын қосып, шығарылған өнімнің санына бөлу арқылы анықталады. Шығындарды жинақтау тәсілі мына салаларда пайдаланылады: – машина жасауда, бұл жағдайда калькуляциялау объектісі ретінде машина кешені қабылданады, өнімнің өзіндік құны әр бір бап бойынша тиісті цехтардың машина кешендерінің қосынды шығындары ретінде анықталады; – кеме салуда, мұнда орташа және ірі кеме салған кезде шығындар есептелетін объектіге конструкторлық бөлу бойынша топтар мнемесе технологиялық кешендер жатады, ал әр бір технологиялық кешен немесе конструкторлық топ бойынша шығындарды жинақтау арқылы құрылысы аяқталған кеменің өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді; – көмір өндіру процестері бойынша шығындар жинақталатын көмір шахталарында; байыту фабрикаларында – тау-кен массасын байытудың: ұсақтаудың, байыту мен агломерациясының жекелеген процестерін калькуляциялау жөніндегі шығындарды жинақтау арқылы байытылған руданың нақты өзіндік құны анықталады. Өнімнің өзіндік құнын шығындарды жинақтау тәсілімен калькуляциялау өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді, сонымен бірге ол өнім бірлігінің өзіндік құнының калькуляциясының дұрыстығын қамтамасыз етеді. Шығындарды қосымша өнімге шығару тәсілі кешенді өндірісте өнімдер негізгі және қосымша өнімге бөлінген жағдайда қолданылады. Шығындарды жатқызу тәсілінде қосымша өнімдер мен қалдықтар калькуляцияланбайды, олар негізгі өнімнің өзіндік құнынан алдын-ала белгіленген баға бойынша алынып тасталады. Калькуляциялаудың осы тәсілі кокс-химия өндірісінде, мұнай өңдеу, химия, тамақ және кейбір өнеркәсіп салаларында кең таралған. Кокс-химия өндірісінде кокстің негізгі фракцияларының өзіндік құнын калькуляциялау үшін қосымша өнімнің (кокс жаңғағы, ұсақ кокс пен кокс газы) құны өндірістік шығындардың тұрлаулы бағалар бойынша алынып тасталады. Ет өнеркәсібінің кәсіпорындары тек еттің өзіндік құнын калькуляциялайды, ал қосымша өнімдердің құны еттің құнынан белдгіленген бағалар бойынша алынып тасталады. Мұнай өндіру өнеркәсібінде қосымша өнімді бастапқы шикізаттың құны немесе осы құнның белгілі бір пайызында бағалау тәсілі (сырғымалы бағалау) қолданылады. Жекелеген жағдайларда қосымша өнім қалдықтардың құны бойынша бағаланады. Қосымша өнімнің бағасы экономикалық жағынан негізделген болуы тиіс. Шығындарды пропорционал (индекстік) бөлу тәсілі шығындарды нақты өнімге жатқызу мүмкін емес бірнеше түрлі өнім біруақытта шығарылған жағдайда немесе бұйымдар топтары бойынша шығындар есептелген кезде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолданылады. Шығын бөлудің әр түрлі базалары мен тәсілдерінде калькуляциялаудың осы тәсілінде өнімдердің жиынтық өндірімінің өзіндік құны олардың арасында құны қайсы бір базиске пропорционал бөлінеді, ал өнім бірлігінің өзіндік құны әр бір өнім бойынша тікелей тәсілмен есептеледі. Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша бөлген кезде нақты шығындардың базистік шығындарға пайыздық қатынасы несмесе осы шығындардың индекстеріне пропорционал есептеледі, сол себептен осы тәсіл көбінесе индекстік деп аталады. Осы тәсілде шығындар көбінесе өнімнің жоспарлы немесе нормативтік өзіндік құнына пропорционал, ал өнімнің жеке салмағы немесе басқа көрсеткіштерге пропорционал –сирек бөлінеді. Жеке жағдайларда жекелеген өзіндік құн баптары бойынша шығындар бөлінетін бірнеше база пайдаланылады. Мысалы, мұнай өңдеу өнеркәсібі саласында, кокс өндірісінде, табиғи газ өндіруде шығындар алынған өнімдердің салмағына пропорционал бөлінеді. Газ өндіруде табиғи газ бен конденсатта біруақытта алынады. Өндіру жөніндегі шығындар қосымша өнімдердің (элементті шикізат, техникалық гипосульфит немесе конденсатты күкіртті сутек) құны шегеріліп табиғи газ бен конденсаттың арасында жылу өткізгіштік ескеріліп өнімнің салмағына пропорционал бөлінеді. Мақта-қағаз өнеркәсібінде калькуляциялау шығындарды әр бір нөмірлі иірілген жіптің салмағына, қоспаның салмағына, жұмысшылардың кесімді жалақысына, жұмысшылардың мерзімдік жалақысына, ұршық-сағатқа, ұршық алуға, станок-сағатқа және т.б. пропорционал бөлу арқылы жүзеге асырылады. Көптеген өнеркәсіп салаларында жоспарлы өзіндік құн бойынша калькуляциялау тәсілі қолданылады. Бұл үшін әр бір өнім түрінің калькуляциялық баптар бойынша жоспарлы өзіндік құны анықталады. Нақты шығындар баптар бойынша өнім түрлері арасында жоспарлы шығындарға пропорционал бөлінеді, бұл үшін шығындар индексі есептеледі. Калькуляцияның осы нұсқасы құрылыс материалдары өнеркәсібінде, темекі, шина, резина-техникалық, ағаш өңдеу, балық өнеркәсібі мен машина жасауда қолданылады. Тікелей есептеу тәсілі ең қарапайым, шынайы болып саналады және калькуляциялау объектісі өндірістік шығындар есептелетін объектімен үйлескенде және шығын есептелетін объект бір түрлі өнім болып табылатын жағдайда қолданылады. Осы тәсілде қайсы бір өнімді жасауға жұмсалатын шығынның сомасы калькуляция баптары бойынша шығарылған бұйымның санына бөлінеді. Нәтижесінде өнім бірлігінің өзіндік құнының калькуляциясы алынады. Калькуляциялаудың тікелей тәсілі топтық калькуляция жасалған кезде кең қолданылады. Осындай тәсілмен бір гектолитр иесізденген сыраның, иесізденген құйманың тоннаның өзіндік құны калькуляцияланады.
Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1281; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |