Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Бет БИЛЕТ № 1 страница




1. Әр түрлі жағдайларға байланысты ақпараттың түрлерге бөлінуі.

2. Қасиеттер ұғымы.

3. Деректер моделі түсінігі. Деректер моделінің түрлері.

4. Есеп. Массивте ең кем дегенде бір теріс элемент бар дей отырып X(10) массивінің теріс элементтерін және оның реттік номерлерін жауапқа шығарыңдар.

1. Әр түрлі жағдайларға байланысты ақпараттар келесідей бөлінеді: Ассимиляцияланған ақпарат – өзіндік түсініктер және бағалау жүйесіне қабылданған хабарламаның адам саласында бейнеленуі. Құжатталған ақпарат – қандай да бір физикалық тасымалдаушыда таңбалық формада жазылған мәліметтер. Жіберілетін ақпарат – ақпараттың ақпарат көзінен қабылдаушыға жіберілу мезетінде қарастырылатын мәліметтер. Көп жағдайда құжатталған және жіберілетін ақпарат қарастырылады. Ақпараттың үлкен көлемі таңбалар көмегімен жинақталады, жіберіледі және өңделеді. Таңбалар деп ақпарат көзімен қабылдаушы арасындағы ақпараттың мағыналық мазмұны жөніндегі келісім бар болған жағдайдағы ақпаратты жібере алатын сигналды атайды. Осындай келісім орнатылған таңбалар жиыны таңбалық жүйе деп аталады. Көптеген таңбалық жүйелерді шектеу шын мәнінде мүмкін емес, дегенмен ақпаратты ЭЕМ көмегімен өңдеуде таңбалардың шектелген нақты тізімі қолданылуы міндетті. дара ақпараттар (одиночные)

- топтық ақпараттар

- корпоротивті ақпараттар бар.

2. Қасиеттер өрістер сияқты объектілер атрибуттарын анықтайды. Бірақ өрістерден айырмашылығы қасиеттер объект өрісіндегі мәліметтерді оқуды немесе өзгертуді қамту (доступ) механизімін жүзеге асырады. Қасиеттер объект атрибуттарын, сонымен қатар есептелінетін мәндердіде өзгертуге мүмкіндік береді. Объект қасиетін сипаттауда оның аты, типі сонымен қатар сол қасиетті жар салудың кем дегенде бір қамту тәсілін көрсету керек. Объект қасиетін сипаттау синтаксисы келесі түрде болады: property қасиет атауы: сипаттау типі;

Сипаттау – сол қасиетті қамту амалын сипаттауды білдіреді. Объектінің кез келген қасиетінде қасиетті қамтудың кем дегенде бір міндетті тәсілі болу керек. Объект қасиетін қамтудың екі міндетті сипаттауы бар: қасиет мәнін оқу (read) және қасиет мәнін жазу (write). Міндетті сипаттау синтаксисы - read және write келесі түрде көрсетіледі:

read өріс немесе әдіс

write өріс немесе әдіс

Мұндағы өріс немесе әдіс – құраушы (компанент) қасиетінің мәні алатын немесе оған енгізетін өріс немесе әдіс. Read сипаттамасы құраушы қасиетінің мәнін оқуға, ал write сипаттамасы жазуға арналған өрісті немесе әдісті жар салады

Қасиет (сипаттама,параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап ағымдық күйін анықтайды. Программа құру форманы не онда орнатылған компоненттің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Объект инспекторы терезесіне енгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін нысанды таңдап алу керек. Инспектор терезесінің жоғары қатарына таңдалған нысан атауы да жазылып қойылады.

Форманың кейбір қасиеттері:

Name(array)- формаға атау Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады.

Font (шрифт) - формаға шығаратын мәтін шрифтің қасиеті.

Color (түс) – форманың түсін орнату қасиеті.

Widht (ені), Нeight(биіктігі) пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеті.

Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе оны шығару үшін View Object Inspector командасын қолданамыз.

3 Деректер моделі түсінігі. Деректер моделінің түрлері

Деректер моделі – деректер құрылымы мен оларды өңдеу операциялары жиынтығы.

1. Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.

2. Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.

3. Реляциялық модель - мәліметтердің реляциялық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.

Қатынас деп –картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.

4. Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.

5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.

Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер қоры ұсынылады.

6. Объектіге бағытталған модель - объектіге бағытталған модель тармақталған түрінде беріледі.Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас.

4. #include <stdio.h>

#include <conio.h>

#define n 10

void main(){

int x[n];

int i;

int s=0;

clrscr();

printf("Input X[10]:\n");

for (i=0;i<n;i++){

printf("x[%d]=",i);

scanf("%d",&x[i]);

}

printf("\nOndelgen massiv \n");

for (i=0;i<n;i++){

if (x[i]<0){

printf("X[%d]=%d ",i,x[i]);

}

}

getch();

}

БИЛЕТ №

1. Есептерді макро және микро-деңгейлерде қою және алгоритмдеу методологиясы.

2. Конструктор және деструктор ұғымы.

3. ERWin- деректер базасын жобалау құралдары.

4. Есеп. X(2,3) нақты матрицасының аралығындағы элементтерінің қосындысын, ал аралығындағы элементтерінің көбейтіндісін есептеңдер.

 

1.Есептерді макро және микро-деңгейлерде қою және алгоритмдеу методологиясы.

АЖ-н ақпараттық жабдықтауы екі кешенді қамтиды: машинадан тыс ақпараттық жабдықтау (технико-экономикалық ақпарат классификаторлары, нормативтік құжаттар, әдістемелік материалдар) және ішкі машиналық ақпараттық жабдықтау (бастапқы мәліметтерді енгізудегі экрандық макеттер, нәтижелік ақпаратты шығарудың экрандық формалары, ақпараттық база құрылымы: мәліметтер базасы, кіріс, шығыс файлдары).

Ақпараттық жабдықтауға келесі талаптар қойылады:

Нысанның автоматтандырудағы барлық функцияларын қолдауда ақпараттық жабдықтаудың жеткіліктілігі;

Ақпаратты кодтауда сәйкес тапсырыс беруші классификаторлары қолданылу қажет;

Құжаттар формалары тапсырыс берушінің корпоративтік стандарты талаптарына сәйкес болуы қажет (қалыптасқан құжаттар жүйесіне);

Құжаттар және экрандық формалар құрылымы ақырғы қолданушының жұмыс орнының сипатына сәйкес болуы қажет;

Ақпараттық мәліметтер түсініктері қолдану саласы ұғымдарына сәйкес болуы қажет;

АЖ кіріс және нәтижелік ақпаратты бақылау құралдарымен, сонымен қатар, ақпараттық массивтерді жаңалау, ақпараттық базаның бүтіндігін бақылау, санкцияланбаған енуден қорғау құралдарымен қамтылуы қажет.

2.Конструктор және деструктор ұғымы.

Конструктор – қажетті нысанды жасайтын және инициализациялайтын арнайы әдіс. Конструктордың сипаттамасы процедураның сипаттамасына ұқсас, бірақ constructor сөзінен басталады. Мысалы: Constructor Create; Constructor Create(AOwner:TComponent);

Конструктордың үш нұсқасы болады: үнсіз келісім бойынша конструтор, инициализациялау конструкторы және көшіру конструкторы:

- үнсіз келісім бойынша конструктордың әдетте параметрлері болмайды және нысан өрістеріне үнсіз келісім бойынша мәндер береді.

- инициализациялау конструкторы нысан өрістеріне меншіктелетін мәндерді параметр ретінде алады.

- көшіру конструкторыпараметр ретінде сондай типті нысанға нұсқауыш алады да, өзінің өрістеріне алынған нысанның өрістерінің мәндерін меншіктейді. Яғни нысан қалпы көшірілгендей болады.

Деструктор — бұл өзі шақырылған нысанды жойып, жадыны босататын арнайы әдіс. Деструктордың сипаттамасы процедура сипаттамасы сияқты destructor сөзінен басталады. Мысалы: destructor Destroy;

Класс біреуден артық деструкторға ие бола алса да, әрбір класс үшін бір ғана Destroy деп аталатын деструктор болуы ұсынылады. Деструкторды жойылуға тиіс нысан арқылы шақыру керек (конструктордағы сияқты сияқты класс арқылы емес).

Деструторды шақыру кезінде алдымен деструкторда сипатталған операторлар шақырылады. Әдетте олар нысан өрістері сілтеме жасайтын динамикалық жадыны босатудан және нысан үшін берілген ресуртсарды босатудан тұрады, мысалы файлдарды жабу. Содан кейін, нысаның өзі үшін берілген жады босатылады. Object Pascal-да нысандарды жою үшін мұраға алынған Free әдісі қолданылады, ол алдымын нұсқауышты тексереді (оның nil-ға теңдігін), содан кейін Destroy шақырады.

3.ERWin- деректер базасын жобалау құралдары.

Қазіргі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талап – талғамының өсуі электронды ақпараттық жүйелерді кең көлемде қолданылуы, ағарту саласындағы жаңа техникалық әдістерді енгізді. Қоғамның қазіргі кездегі дамудың басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Ақпаратқұндылығы мен ақпараттық қызмет көрсетудің салмағы қазіргі қоғам өмірінде жеделтүрде өсуде. Бұл ақпараттандыру процессі кезінде материалдық құндылығы болмаса дабасты роль деуге негіз береді.

Кез келген деректер қорын құру үшін, құрушысы бірнеше модель жасайды. Бірінші модель - инфологиялық мәліметтер моделі. Бұл кезеңде деректер қорын құрушы пәндік аймақ туралы мәліметтер жинақтайды және сол жинақталған мәліметтерді табиғи тіл арқылы, кестелер арқылы, математикалық формулалар арқылы графикалар арқылы сипаттайды. Бұл кезде ДҚ құрушы ешқандай МҚБЖ қолданбайды. Екінші модель - мәліметтердің даталогиялық модулі - қандайда бір МҚБЖ тілінде ДҚ сипаттау. Үшінші модель - мәліметтердің физикалық моделі сипаттайды.

Erwin диаграммасының негізгі компоненттері – бұл мәндер, атрибуттар және байланыстар. Әрбір мән даналар деп аталатын, жеке объектілер тәрізді жиынтықтар болып табылады. Әрбір дана дербес және басқа барлық даналардан өзгеше болуы қажет. Мәліметтер моделін құру мәндер мен атрибуттар анықтамасымен болжамдалады, яғни нақты мәнде немесе атрибутта қандай ақпарат сақталатынын анықтап алу қажет. Егер диаграмманы пәндік аймақтың ережелерінің графикалық көрсетілімі ретінде қарастырылса, онда мәндер мен атрибуттар зат есім, ал байланыс етістік болып табылады.

ДҚ логикалық жобалауы AllFusion Erwin Data Modeler (Erwin) құралының CASE көмегімен жасалып, «Entity-Relationship» моделі құрылды. Бұл сызба жоба үлгісін береді және әсіресе пайдаланушылар арасында ой алмасу үшін пайдалы.AllFusion Erwin Data Modeler (ERwin) қорды қолдау және құру, деректерді сақтау үшін деректер қорын моделдеуге арналған жетекші шешім болып табылады.ERwin моделі деректердің басқаруды және ұйымдастыруды жеңілдету үшін, деректердің өзара күрделі байланысын ықшамдау үшін деректердің құрылымын визуалды қалыптастырады, сонымен қатар деректер қорын құру технологиясы және өрістеу ортасы.Оның арқасында деректер қорын жасау үрдісін жылдамдатады және ықшамдайды, ал оның сапасы мен сенімділігі айтарлықтай жақсарады.ERwin жетекші вендрлердің деректер қоры үшін автоматты түрде кестелерді және мыңдаған жолдар кодын генерациялайды.

Логикалық жобалау – ER-диаграмма негізінде реляциялық жүйелердің мүмкіндігі ескерілген мәліметтердің логикалық моделі, мәліметтер қоры кестелері арасындағы байланыс түрлерін анықтау.ER-диаграмманы тұрғызу үшін заттық аумақтың объектілерін, атрибуттық құрамын анықтау керек. Ғылыми–зерттеу бөлімінің деректер қорының логикалық моделі ERwin-да ортасында жасалып араларына байланыстар жүргізілді.

4.Есеп. X(2,3) нақты матрицасының аралығындағы элементтерінің қосындысын, ал аралығындағы элементтерінің көбейтіндісін есептеңдер.

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

const n=2;

const m=1;

var

x:array[0..n,0..m] of integer;

i,j,s,k:integer;

a:real;

begin

begin

k:=0;

s:=1;

for i:=0 to n do

for j:=0 to m do

StringGrid1.Cells[0,0]:=inttostr(3);

StringGrid1.Cells[0,1]:=inttostr(5);

StringGrid1.Cells[1,0]:=inttostr(2);

StringGrid1.Cells[1,1]:=inttostr(2);

StringGrid1.Cells[2,0]:=inttostr(8);

StringGrid1.Cells[2,1]:=inttostr(6);

end;

for i:=0 to n do

for j:=0 to m do

x[i,j]:=strtoint(StringGrid1.Cells[i,j]);

for i:=0 to n do

for j:=0 to m do

if ((x[i,j]>=4)and(x[i,j]<=8)) then

k:=k+x[i,j];

for i:=0 to n do

for j:=0 to m do

if((x[i,j]>=0)and(x[i,j]<=3)) then

s:=s*x[i,j];

Memo1.lines.add(inttostr(k));

Memo1.lines.add(inttostr(s));

end;

end.

 

БИЛЕТ №

1. Типтік жобалы шешім (ТЖШ) класстары және құрылымы.

2. Программа негізгі құрылымы.

3. Реляциялық ДББЖ ортасында жобалау үдерісін талдау.

4. Есеп. С(3,3) матрицасындағы нөлге тең элементтердің санын анықтаңдар.

 

1.Типтік жобалық шешім (ТЖШ) класстары және құрылымы.

Типтік жобалық шешім ТЖШ класстары және құрылымы

АЖ – ң типтік жобалануы дайын типтелген элементтерден жүйе құруды қарастырады. Типтік жобалау әдістерін қолданудың ең негізгі талаптарының бірі – көптеген компьютерден (жүйелер, есептер комплексі, программалар модульдер және т.б.) тұратын жобаланып отырған АЖ декомпозициясының мүмкіндіктері болып табылады. Бұл компоненттер үшін нақты бір өндіріске бағыттылған типтік жобалық шешімдер таңдалады.

Типтік жобалық шешім (ТЖШ) бұл тираждалатын (көп рет қолдануға жарамды) жобалық шешім. ТЖШ классификациясы жүйе декомпозициясының деңгейіне негізделген. ТЖШ – ң келесі кластары анықталады.

Элементтік ТЖШ – тапсырма бойынша типтік шешімдер немесе тапсырманы қамтамасыз етудің жеке түрі бойынша (ақпараттық, бағдарламалық, техникалық, математикалық, ұйымдастырушылық).

Жүйелік ТЖШ – типтендіру элементі ретінде жеке жүйелер болады, қызметтік тұтастық немесе сыртқы ақпараттық байланыстарды минилизациялауды ескере отырып дайындалады.

Объекттілік ТЖШ – типтік сомалық жобалар, оған АЖ – ң функционалды және қамтамасыз етуші жүйелер кіреді.

ТЖШ –ң артықшылығы мен кемшіліктері

ТЖШ КЛАСЫ

ТЖШ – ді жүзеге асыру элементі ТЖШ әдіске бағытталған бағдарламалар кітапханасы

Жүйелік ТЖШ қолданбалы бағдарламалар жиынтығы

Объектілік ТЖШ АЖ – ң салалық жобалары

АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

АЖ –ні жобалауға немесе құжаттама жасауға модульдік тұрғы қолданылады.

Жоғары деңгейге жетеді;

Модульді жобалауға басқарудың әр түрлі объектілеріне бағдарламалық бөліктерді параметрлік орнатуға мүмкіндік береді;

Өзара байланысты бөліктердің жобасына және бағдарламасына шығынды азайтады, ақпартты өңдеудің үрдісін жақсы құжаттау жүргізіледі.

АЖ барлық бөліктерін әдістемелік бірлік және ақпараттық, бағдарламалық және техникалық сәйкессіздік негізінде жүйелеу;

Архитектура ашықтығы ТЖШ –ді түрлі бағдарламалық – техникалық платформада орнатуңа мүмкіндік береді;

Масштабтылық АЖ конфигурациясын жұмыс орындарының ауыспалы санына мүмкіндік береді;

Конфигурациялық көптеген бөліктерді таңдауға мүмкіндік береді.

КЕМШІЛІГІ

Ақпараттық, бағдарламалық, техникалық салдарынан әр түрлі элементтер жиынтығына көп уақыттың бөлінуі;

ТЖШ – ң жеке элементтерінің өңделуіне көп уақыттың кетуі.

ТЖШ – ң бейімделуі іскерлік үрдістердің тұрғысынан толық емес;

Әр түрлі функционалды жүйелерді жүйелеуде проблемалар туындайды, әсіресе бірнеше бағдарламалық жабдықтауды өңдірушілердің шешімдерін қолданған кезде.

Типтік жобаның нақты басқару объектісіне қатынасының мәселесі бұл кей кезде автоматизация объектісінің ұйымдастырушылық, экономикалық құрылымының өзгерісін қажет етеді.

Типтік жобалауды жүзеге асыру үшін 2 тұрғы қолданылады: параметрлік бағытталған және модельдік бағытталған.

Параметрлік бағыттауға негізделген жобалауға келесі кезеңдер кіреді: қойылған тапсырмаларды шешу үшін қолданбалы бағдарламалар жиынтығының қажеттілігін бағалау критерийлерін анықтау (ППП), жасалған критерийлер бойынша қолданбалы бағдарламалар жиынтығын (ППП) талдау және бағалау, қажетті жиынтықты таңдау және сатып алу, сатып алынған ППП параметрлерін орнату.

ППП бағалау критерийлері келесі топтарға бөлінеді:

Жиынтықтың белгіленуі және мүмкіндігі;

Жиынтықтың ерекше белгілері мен ерекшеліктері;

Техникалық және бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптар;

Жиынтықты құжаттау;Қаржылық факторлар;

Жиынтықты орнату ерекшеліктері;

Жиынтықты эксплуатациялау (жою) ерекшеліктері;

Жиынтықты енгізу мен қолдауға жеткізуші көмегі;

Жиынтық саласын және оны қолдану тәжірибесін бағалау;

Жиынтықтың даму перспективасы.

Модельді бағытталған жобалау құрамды бейімдеумен және автоматизация объектісінің моделіне сәйкес жүйелік АЖ мінездемесімен бекітіледі. Осындай жағдайда жобалау технологиясы типтік АЖ моделімен де, нақты кәсіпорын моделімен де жұмыс істеудің бірыңғай құралдарын қамтамасыз ету керек.

Мета ақпарат – репозиторийдің арнайы базасындағы типтік АЖ автолитизация объектісінің моделінен тұрады, оның негізінде бағдарламалық қамтамасыз ету конфигурациясы жүзеге асырылады.

Репозиторийде АЖ негіздік (сілтемелік) моделі, АЖ нақты кластарының типтік (референттік) моделі, нақты АЖ кәсіпорындарының модельдері бар.

Негізгі модель – типтік АЖ бағдарламалық модульдарымен қолданатын бизнес – функция, бизнес – процесс, бизнес – объект, бизнес – ереже, ұйымдастырушылық құрылымды сипаттайтын репозиторийден тұрады.

Типтік модельдер - өндірістің нақты салаларымен мен типтері үшін АЖ – ң конфигурациясын сипаттайды.

Нақты кәсіпорын моделі негізгі және типтік модель фрагментін таңдау жолымен немесе кәсіпорынның ерекшелігімен құрылады.

Бизнес – ереже - АЖ – ң түрлі бөліктерін қолдануын анықтайды және жүйенің тұтастығын ұстау үшін қолданылады.

Бизнес – функция – кәсіпорынның функционалды қызметінің иерархиялық декомпозициясынан тұрады.

Бизнес – процесс – моделі бизнес – функция моделінің төменгі деңгейінің функциясы үшін қызмет атқарады. Процесті бейнелеу үшін оқиғаларды басқару моделі қолданылады.

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының моделі бөлімшелердің, персоналдардың бағынуының иерархиялық құрылымынан тұрады.

Типтік жобаны жасау үшін келесі орындалады:

Жүйенің глобальдық параметрлерін орнату;

Автоматтандыру объектісінің құрылымын беру;

Негізгі мәліметтер құрылымын анықтау;

Функция мен процесті анықтау;

Интерфейсті суреттеу;

Есепті суреттеу;

Ену құқығын орнату;

2.Программа негізгі құрылымы.

Delphi тіліндегі программа мәтіні жолдардан тұрады, әр жолда бір немесе екі сөз болуы мүмкін. Жол кез келген позициядан басталады. Бұл программаның көлеміне әсер етпейді.

Delphi-дегі кез келген программа:

- программа тақырыпшасынан (program heading);

- uses бөлімінен (бұл бөлім программа құрлымына кірмеуі де мүмкін);

- сипаттау және орындау бөлімінен (block of declarations and statements).

Программа тақырыпшасы ең басында орналасады, программаның атын анықтау үшін қажет:

Program MyProject1; //мұндағы MyProject1 – программа аты.

Uses бөлімі осы программада қолданылатын программалық модулдер (units) тізімінен тұрады:

Uses

Forms,

Unit1 in ‘Unit1.pas’(Form1);

Сипаттау және орындау бөлімдері. Бірінші бөлімде программа элементтерінің сипаттамасы, екінші бөлімде орындаушы операторлар орналасады.

Сипаттама бөлімі әдетте: белгілерді сипаттау; тұрақтыларды сипаттау; типтерді сипаттау;

айнымалыларды сипаттау;процедуралар мен функцияларды сипаттау; бөлімдерінен тұрады.

 

3.Реляциялық ДББЖ ортасында жобалау үдерісін талдау.

Реляциялық үдеріс. «Реляциондық» термині (латын тілінен relatio – қатынас) бұндай деректерді сақтайтын үрдістің ең алдымен өзінің құраушы бөліктерінің өзара қатынасына құрылатынын көрсетеді. Ең қарапайым жағдайда ол екі өлшемді массивті және екі өлшемді кестені білдіреді, ал күрделі ақпараттық үдістерді құру кезінде өзара байланысқан кестелердің жиынтығын құрайды. Бұндай кестенің әрбір жолын жазба, ал бағанын өріс дейміз. Деректердің реляциондық үрдісі келесі қасиеттерге ие болады:

кестенің әрбір элементі – деректердің бір элементі;

кестеде барлық өрістер дара болып табылады, яғни бір түрге ие болады;

кестеде бірдей жазбалар болмайды;

әрбір өріс бірегей атқа ие болады;

кестедегі жазбалардың тәртібі еркін бола алады, және деректер түрінің өрістер санымен сипатталады.

4.Есеп. С(3,3) матрицасындағы нөлге тең элементтердің санын анықтаңдар.

#include <stdio.h>

#include <conio.h>

#define n 3

void main(){

float C[n][n];

int i;

int j;

int s=0;

clrscr();

printf("Input A[5][5]:\n");

for (i=0;i<n;i++)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 802; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.