КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 2 страница. 3. Эстетикалық көркемділігі
2. Жүйелілік 3. Эстетикалық көркемділігі 4. Жылдамдылығы Электронды оқулық құрылымы: 1. Материалдыі мәтін, сурет,график, кескін, кесте түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді. 2. Материалддың кескін түрінде баяндалуы- оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу. 3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Электронды оқулық құрылымдық элементтері: 1. Сыртқы беті; 2. Титулдық экран; 3. Мазмұны; 4. Аннотация; 5. Оқу материалының толық баяндалуы; 6. Оқу материалының қысқаша мазмұны; 7. Қосымша әдебиеттер; 8. Өзіндік білімді тексеру жүйесі; 9. Өзіндік бақылау жүйесі; 10. Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы; 11. Авторлар тізімі; 12. Терминдік сөздер; 13. Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе; 14. Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі. Электронды оқулыққа қойылатын талаптар: 1. Жан-жақтылығы 2. Ізгіліктілік 3. Бейімділігі 4. Модульдік 5. Экономикалық тиімділігі 6. Тұтынушыға бағдарлау
Cурет 2 Электронды оқулықты топтау
Cурет 3 Электронды оқулықтың деңгейлері
Электронды оқулықты құрастыру алгоритмі: 1. Оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау 2. Үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру 3. Оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу 4. Глоссарий дайындау 5. Лекциялар конспектісін дайындау 6. Тест материалын дайындау 7. Материалдарды электрондық түрде дайындау 8. Өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау
Электронды оқулық жүйесінің жалпы сипаттамасы және түрлері Ғылыми-техникалық әдебиетте «жүйе», «басқару жүйесі», «электронды басқару жүйесі», «электрондық ақпараттық жүйелер» терминдері көп қолданылады. «Жүйе» сөзі гректің systema сөзінен шыққан, бөліктерден немесе көптеген элементтерден тұратын, бір-бірімен байланысқан белгілі бүтіндікті, біріккенділікті құрайтын бүтін деген мағынаны білдіреді. «Жүйе» түсінігінің қолданылу аймағы өте кең жүйе бұл нақты пайдалы нәтиже алуға бағытталған, бір-бірімен байланысты сыртқы орта элементтерінің немесе бөліктерінің жиынтығы. Осы анықтамаға сай әрбір экономикалық обьектіні белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған жүйе ретінде қарастыруға болады. Мысал ретінде білім беру, энергетикалық, транспорттық, экономикалық және тағы басқа жүйелерді айтуға болады. [6] Жүйенің негізгі қасиеттері: ¾ күрделілік; ¾ бөлінуі; ¾ бүтіндігі; ¾ элементтердің көптүрлігі және олардың айырмашылығы; ¾ құрылымдық. Жүйе күрделілігі оның құрылымына және құрылымдық әсеріне, сондай-ақ ішкі және сыртқы байланыстардың күлделілігіне, динамикасына байланысты. Жүйенің бөлінуі бұл-анықталған белгілері бойынша бөлінген нақты мақсаттарға және тапсырмаларға жауап беретін элементтер немесе жүйе қатарлары. Жүйе бүтіндігі бұл- бір мақсатқа бағытталған жүйенің барлық элементтерінің қызметі. Жүйе элементтерінің көптүрлілігі және олардың табиғатының айырмашылығы қызметтерінің арнайы және жеке болуына байланысты. Мысалы: обьектінің материалдық жүйесінде заттық-энергетикалық ресурстарды қайта өңдеумен байланысты, шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, жартылай өнімдер, ауыстыру бөлшектері, дайын өнім, еңбек және ақша ресурстары сияқты элементтер көрсетілуі мүмкін. Жүйе құрылымдылығы-жүйедегі элементтердің арасындағы қарым-қатынастың, байланыстың бар болуын элементтердегі иерархиялық деңгейі бойынша бөлінуін анықтайды. Басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық, өнеркәсіптік-өндірістік жүйенің белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекет мүмкін болмайтын маңызды функциясы (кәсіпорын, ұйым, аймақ). Басқару қызметтерін атқаратын жүйені басқару жүйесі деп атайды. Бұл жүйемен атқарылатын маңызды қызметтер: болжам жасау, жоспарлау,есептеу, анализ, тексеру және реттеу. Басқару жүйесі құрылымына, сондай-ақ қоршаған орта жүйесінің арасында ақпарат алмасуына байланысты. Басқару процесінде жүйеге әсер етіп, басқару шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жүйе туралы әр уақытта берілген тапсырманың орындалғандығы немесе орындалмағандығы жөніндегі мәлімет алынады. Сол себепті экономикалық обьектіні басқаратын кез келген жүйеге экономикалық ақпараттық жүйе деп аталатын өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді. Электрондық жүйе - бұл обьектінің, әдістердің, құралдардың, ақпаратты өңдеу процесіне және басқару шешімдерін шығаруға қатысатын мамандардың, тікелей және кері ақпараттық байланыстардың ішкі және сыртқы ағымдарының жиынтығы. Электрондық жүйе басқару мекемесінің жұмысшыларын ақпаратпен қамтамасыз ету және ақпаратты өңдеу, беру, сақтау, жинау сияқты технологиялық қызметтерді атқаратын жүйе болып табылады. Ол басқару ісінің әдісі және құрылымымен анықталған мерзімде белгілі бір экономикалық обьектіде қабылданған алдына қойған мақсаттары мен тапсырмаларын іске асырады, жинақталады, формаланады және қызметтер атқарады. Қазіргі қоғамның ақпараттандыру деңгейі жаңа техникалық, технологиялық, прогрессиялық құралдарды экономикалық обьектілердің әртүрлі электрондық жүйелерінде қолданылуын алдын-ала анықтайды. Электронды оқулық - бұл әртүрлі басқару аймағын экономикалық және басқа кәсіптік оптимизациялау үшін араластырылған желілік, компьютерлік және коммуникациялық технологиялар шенінде автоматтандырылған дайындықты қамтамасыз етуге арналған адам-машина жүйесі. Автоматтандырылған электрондық жүйені құру экономикалық обьект өндірісінің өсуіне негіз болады және басқару сапасын қамтамасыз етеді. Электронды оқулық жүйенің ең көп тиімділігіне оперативті шешімдерді тез қабылдайтын фирмалар мен бөліктерін, кәсіпорынынң жұмыс жоспарын оптимизациялау арқылы жетуге болады. Сондықтан басқару процесі обьектінің құрылымдық - динамикалық қасиеттерін көрсететін экономика-өнеркәсіптік моделіне негізделіп, автоматтандырылған электрондық жүйе талабына сай іске асырылады.[7] Моделдік - бұл алға қойған мақсатының сипаттамасы және қасиеті үшін модельденіп отырған обьектінің өзгерісі. Сөзсіз, обьектінің модельде толықтай қайталануы мүмкін емес, бірақ та анализ және басқару шешімдерін қабылдау үшін кейбір бөліктерін көрсетуге болады. Модельдер келесідей сыныпталады: мүмкін болатын және детерминалды, функционалды және құрылымдық. Модельдердің осы айырмашылықтары электрондық жүйе типтерінің көптүрлілігін туғызады. Электрондық оқу-әдістемелік жүйені құру тәжірибесі оптимизациялық әдістерді экономикалық жүмыс практикасына енгізу, өнеркәсіптік-шаруашылық процестерін қалпына келтіру мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарды қазіргі кездегі есептеу құралдарымен қамтамасыз ету басқарудағы ақпараттық процесс технологиясын түбірлі өзгертті. Сонымен қатар басқару ісінің автоматтандырылған ақпаратты жүйесі құрылуда. Электронды оқулық көптүрлі және бірнешетүрлері бойынша сыныпталады. Басқару обьектісіде сыныпталу жүйесінің бар екендігін ескере отырып, келесідей түрлерін қарастырайық. Электронды оқулық жүйелер басқару процесі бойынша келесі түрлерге бөлінеді: Электронды оқулық технологиялық процестермен басқару - бұл басқаруды технологиялық құралдармен, станоктармен, автоматтандырылған сызықтармен қамтамасыз ететін адам-машина жүйесі.[8] Электронды оқулық ұйымдық - технологиялық процестерін басқару бұл - автоматтандырылған электрондық жүйе технологиялық процестер мен басқаруды және кәсіпорындарды басқару автоматтандырылған электрондық жүйені біріктірген көпдеңгейлі жүйе. Ұйымдық басқарудың автоматтандырылған электрондық жүйе үшін экономиканы басқарудың барлық деңгейіне қолданылатын өнеркәсіптік-шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық функционалдық процестер обьект қызметін атқарады, атап айтқанда: ¾ Банктік автоматтандырылған электрондық жүйе; ¾ Фондтық нарық автоматтандырылған электрондық жүйесі; ¾ Қаржылық автоматтандырылған электрондық жүйесі; ¾ Сақтандыру автоматтандырылған электрондық жүйесі; ¾ Салық автоматтандырылған электрондық жүйесі; ¾ Кеден ісінің автоматтандырылған ақпарттық жүйесі; ¾ Статистикалық автоматтандырылған электрондық жүйесі. Өндірістік ұйымның және кәсіпорынның автоматтандырылған ақпаратты жүйесі (таралымы және мағынасы жағынан бухгалтерлік автоматтандырылған ақпарттық жүйесі маңызды орын алады) Ғылыми зерттеулердің электрондық электрондық жүйесі жоғары саланы және салааралық есептеулердің, ғылыми тәжірибелердің тиімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелердің әдістемелік базасы қызметін экономика-математикалық әдістер, ал техника база қызметін әртүрлі есептеуіш техникалары және модельдеудің тәжірибелік жұмыстарын өткізуге арналған техникалық құралдар атқарады.Ұйымдық-технологиялық жүйелер сияқты ғылыми зерттеу жүйелері де өз контурына жұмысты жобалаудың автоматтандырылған жүйесін қоса алады (ЖЖАЖ.). Білім беретін автоматтандырылған электрондық жүйесі білім беру жүйесінде мамандарды дайындау, қайта дайындауда және әртүрлі сала жұмысшыларының квалификациясын жоғарылатуда кең қолданыс тапты.[9] Электронды оқулық классификациялаудың үшінші түріне сәйкес салалық, территориялық, сала аралық болып бөлінеді, сондай-ақ олар жоғары деңгейдегі ұйымдық басқару жүйесі болып табылады. Салалық автоматтандырылған электронды жүйесі өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені аумағында, құрылыста, транспортта қолданылады.Бұл жүйелер сәйкесінше органдардың басқару аппаратын қамтамасыз етумен айналысады. Территориялық автоматтандырылған электронды жүйесі әкімшілік-территориялық райондарды басқаруға арналған. Территориялық жүйелердің іс-әрекеті аймақтардағы басқару қызметтерінің салалы орындалуына, есептеулердің жасалуына байланысты,оперативті мәліметтерді жергілікті мемлекеттік және шаруашылық органдарына беруге арналған. Сала аралық автоматтандырылған электрондық жүйесі ұлттық экономикалық функционалдық органдарын басқару үшін арнайы дайындалған жүйелер болып табылады (банктік, қаржылық, қамтамасыз ету, статистикалық және тағы басқа). Құрамында күшті есептеуіш кешендері бар сала аралық, көпдеңгейлік автоматтандырылған электрондық жүйесі мемлекеттік бюджеттің экономикалық және шаруашылық болжауларын жасауды қамтамасыз етеді, нәтижелерді бақылайды және шаруашылықтың барлық бөлімдерінің іс-әрекетін реттейді, сондай-ақ ресурстардың бар екенін және олардың бөлінуін қадағалайды.[10] Экономикалық және басқару қызметі аймағын қазіргі кездегі ақпараттандыру ұйымдық, техникалық, технологиялық мәселелердің барлығының бірдей шешілуін керек етеді. Автоматтандырылған электронды жүйесі функциясын құру нәтижелерін және ақпараттандыру процестерін анықтайтын негізгі факторлар: ¾ ақпаратты өңдеуді автоматтандыру жүйесінде және басқару шешімдерін қабылдауда маман адамның әрдайым қатысуы; ¾ ақпараттандыру қызметінің бизнесінің бір түрі ретінде интерпретациялануы; ¾ нақты экономикалық объектіде қолданылатын ғылыми негізделген программалық техникалық, технологиялық платформаның бар болуы; ¾ ақпараттандыру облысында қолданушының сұранысына сәйкес келетін ғылыми және дәстүрлік өңдеулерді құру және енгізу; ¾ ұйымдық- функционалдық қарым-қатынас және оның математикалық, модельдік, жүйелік және программалық жабдықтау жағдайларын құру; ¾ басқару облысында тиімділік критериилері есепке алынған нақты практикалық тапсырмаларды құру және шешу; Автоматтырылған электронды жүйелер жалпы мақсаттарға жетуге арналған ұйымдастырылған мамандар, есептеуіш және басқа да техника құралдары, математикалық әдістер және модельдер, интеллектуалдық өнім және олардың сипаттамасы сондай-ақ көрсетілген компоненттердің қарым-қатынас түрлері мен тәртібінің жиынтығы, көрсете кету керек аталған элементтер кешенінде басты звено және басқарушы субъект болып қазіргі күнге дейін және қазір де маманданған адам табылады. Бірақ қазіргі мамандар есептеу орталықтары жағдайында ақпаратты өңдеудің орталықтандырылған технологиясы басым болған кезде компьютерлік ортада он жыл бұрын жұмыс жасаған жұмысшыларға қарағанда өзгерек. Біріншіден жаңа электрондық технологияның қазіргі кездегі қызмет етуінде жүйені қолданушы-экономист, тапсырманы қоюшы, оператор, программист, техникалық қызметкерлер арасында бұрынғыдай нақты айырмашылық жоқ. Қазір интерпретациялау әдісі арқылы өзінің программалық-бағытталған өнімін дәстүрлі программалар пакетін жасауға мүмкіндік беретін дайын құрал-жабдықтық программалық құралдар бар. Ол үшін өз сапасын жақсы меңгерген маман болуы және ең аз деңгейде программалауды білуі керек. Қолданушыға көмек ретінде маманның әртүрлі бастапқы құжаттарымен жұмыс жасауына мүмкіндік беретін объектілік-бағытталған қатынас ендірілуде.[11] Бұндай жағдай дербес ЭЕМ-нің (ДЕЭМ) басқа да компактілік және өте қымбат емес есептеуіш техника құралдарының тез таралуы арқасында мүмкін болады. Автоматтандырылған электрондық жүйелердің техникалық құралдарына компьютерлерден басқа да байланыс құралдарын (телекоммуникация) және ұйымдық техниканы (телефон, факс және т.б) жатқызады. Дербес ЭЕМ-ді желіде біріктіру кәсіпорындық, экономикалық және қаржылық жағдайларда қолданушыға оперативті түрде анализ өткізуге сапалы жаңа жағдай жасайтын мүмкіндік туды, ал супер ЭЕМ-мен қоса бұл мүмкіндіктер мүлде шектеусіз. Техникалық шешімдердің маңыздылығына қарамастан автоматандырылған электронды жүйелердің құндылығы мен қайталанбайтындығын жобалауға және қайта өңдеуге қатысушылардың шығарған интеллектуалдық өнімі құрайды. Жүйенің көп жыл және тұрақты қызмет етуі үшін өте маңызды ал кейде шешуші жағдай болып, жүйені қолданушылар үшін эксплуатациялау бойынша жақсы жазылған нақты инструкциялар табылады, олардың жиынтығы автоматандырылған электрондық жүйенің құжатнамасын құрайды. Автоматандырылған электронды жүйені құруда және өңдеуде келесідей принциптерді ескеру керек: жаңа тапсырмалар, жүйелілік, кері байланыс, бірінші басқарушы, жобалау шешімдерінің типтелуі, мәліметтерді енгізудің біртектілігі, жүйе бөлімдерінің өткізу мүмкіндіктерінің келісуі. Автоматтандырылған электронды жүйе бұл – ақпаратты сақтауда, өңдеуде, беруде қолданылатын бір-бірімен байланысты құралдар, әдістер және қызметкерлердің жиынтығы. Автоматтандырылған электрондық жүйелер жүйенің даму тарихын, құрылу тарихын, сыныпталу жолдарын қамтуы тиіс. Автоматтандырылған электронды жүйе құрылымы төмендегі сурет 4,5-де көрсетілген:
Сурет 4 Автоматтандырылған электронды жүйелердің құрылымы
Сурет 5 Автоматтандырылған электронды жүйелердің құрылымдық элементтері
Электронды технологияларды және ресурстарды кешендік қолдану. Автоматтандырылған электронды жүйелерді кешендік өңдеуде әртүрлі электронды технологиялар қолданылады: ¾ мәліметтерді есепке алу және өңдеу; ¾ қабылданған шешімдерді қолдау; ¾ басқару; ¾ автоматтандырылған құжат айналымы. Әртүрлі технологияларды және ақпараттарды қолдану – алға қойылған мақсатқа жетуде негізгі негізгі басты себеп болады. Автоматтандырылған электронды жүйе құру үшін қолданылуға тиімді әдістер: ¾ қазіргі математикалық әдістер; ¾ көпдеңгейлі жағдайларға арналған саймандық құрылғылар; ¾ көрсеткіштер құрылымы және өзара байланысы: динамикалық, құрылымдық, факторлық, ақпаратты өңдеу әдістері.
ІІ Мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы «Мультимедиалық технологиялар» пәні бойынша электронды оқу құралын құру 2.1 Macromedia Flash ортасының интерфейсі Macromedia Flash программасы – анимациялық программалардың бірі. Ол бірнеше меню пунктерінен, палитраларынан, пернелерден және құралдардан тұрады. Егер сіз бұрыннан графикалық программамен жұмыс істеп жүрген болсаңыз, Flash МХ программасын меңгеру оңайға түседі. Жұмыс жасамас бұрын программа интерфейсімен танысып, түсініп алу керек. Бірақ бұл программамен алғаш танысып жатқан қолданушылар үшін, практикалық жұмыс есебінен меңгеру жеңіл болып саналады. Flash МХ пограммасының негізгі жаңалықтарының бірі - оның интерфейсінің қолданушыға ыңғайлы болуы. Растрлық графиканы көптеген мақсаттарда қолдануға болады, бірақ жоғарғы сапалы және шағын файлдардан тұратын Web-қосымшаларында қолданылмайды. Ал Flash МХ мұны векторлық графикамен шешуге мүмкіндік береді. Векторлық графикада кескінді анықтап көру үшін геометриялық фигуралар қолданылады, ал бұл дегеніміз - компьютердің өзі оңай шеше алатын материалды қолданады. Сол себепті, растрлық графикаға қарағанда, векторлық графика көлемі кішірек және ыңғайлы болып келеді. Сонымен Flash МХ, толығымен, Web-қосымшаларын жасауға мүмкіндік береді.[12] Растрлық және векторлық графика Компьютерлік графикада суреттің негізгі екі түрі бар. Олар: растрлық және векторлық графикалар. Растрлық графикадағы кескін элементтерінің өлшемдері бірдей тіктөртбұрышты матрицалардан құралады. Олардың әрқайсысының түстік сипаттамалары болады. Нәтижесінде осындай элементтерден құралған мазайка пайда болады. Бұл графика, көптеген детальдары бар және күрделі түстік өзгерістері бар фотографиялық суреттерде қолданылады. Ол - қазіргі кездегі компьютерлерде кең таралған графика. Flash MX – растрлық графикамен жұмыс істеуде үлкен мүмкіндіктер береді. Векторлық кескіндердің растрлықтан түбегейлі айырмашылығы бар. Ол тек кескіннің негізгі нүктелерін кескіндеп, ал қалғандары белгілі бір математикалық заңмен реттелетін принциппен орналасады. Мысалы: егер түзу сызық сызатын болсақ, соңғы нүктесінің координатасын көрсетіп және жалғастырушы сызық-түзу болу керек десек болғаны (сурет 6). Сурет 6 графика түрлері
Flash МХ–тың негізгі ерекшеліктерін қысқаша айтып кетсек. Ол мынадай тақырыптардан тұрады. ¾Flash МХ программасының жаңалығы: Flash МХ-ң негізгі ерекшелігі – оның формамен ыңғайлы жұмысы және осы кезде пайда болған қателерді ұқыпты тұрде өңдеу, swf – видеоклип файлдарын (QuickTime және AVI форматта) қосу мүмкіндігі, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ақпарат алуға оңай кіру құралы және кескінді төрт түрлі әдіспен өзгертуге мүмкіндік беретін Free Transform құралы.[13] ¾Құралдар тақтасы: Flash МХ-те құралдар тақтасының орнын және көрінуін өзгертіп қоюға болады. Бұл әрекеттен қосымша терезесінен қандай құралдар тақталары бөліне алатынын және қайсылары бөліне алмайтындығын түсінуге болады. ¾Тақталар: Интерфейске тақталар кіргізу - Flash МХ программасындағы үлкен өзгерістердің бірі. ¾Негізгі кескіндеу әдістері: Flash МХ векторлық графикамен жұмыс істеу программасымен таныс емес қолданушыларға жаңа қызықты мүмкіндіктер береді. ¾Қабаттар мен кадрлер: Қабаттар - файлдарды ұйымдастыру кезінде көмектесуге және фильмдердің шынайы көрінуін жасауға қолданылады. Кадрлер - анимацияларда уақыт көрсеткіші есебінде қолданады. ¾Символдар және кітапхана: Барлық жасалған фигуралар Flash-те символға айналдырылып, содан кейін тағы да қолдануға мүмкіншілік туғызады. Символдарды қолдану файлдардың өлшемін кішірейтуге мүмкіндік береді. Flash МХ программасының өзіндік жаңалығы Шығармашылық потенциал, жаңа қуатты мүмкіндіктерге негізделеді. Бұл Flash-ты тұрақты және қосымшаларды өңдеу ортасы болатынын көрсетеді. Енді Flash МХ-тің ең маңызды жаңалықтарына тоқталсақ:
Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1763; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |