КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Рекет принципі 4 страница
=0.2 КВт Tкун = 3с Сонда мысалы аламыз: Зжар= 0.2*3*60*8,71 = 313,56тг Жылуға кететін шығын Шығындар мына формула бойынша есептеледі: Зж = Sауд*Тразр*Wтемп /365, (9) мұндағы Wтемп= 88тг/м2 - бір жылдық жылу энергиясының тарифы. Сонда мынаны аламыз: Зжылу= 56*60*88/365=810тг Машиналық уақыт төлеміне кететін шығын Шығындар келесі формула бойынша есептеледі: Змаш = (10) мұндағы Nm=ЭЕМ-ді қолданумен өңдеу этаптарының саны Цмаш=2000тг - бір сағаттық жұмыс құны Компьютер келесі этаптарда қолданылады: ¾ ЭЕМ-ге программа енгізу және жазу (80сағ.) ¾ программа отладкасы (24 сағ.) ¾ программаны тестілеу және нәтижелер анализі (16 сағ.) ¾ программаға түзетулер енгізу (8 сағ.) ¾ программа жұмысын тексеру (8 сағ.) ¾ құжаттаманы жаттау (24 сағ.) Бұл этаптардың қосындылық ұзақтығы 160 сағаттан тұрады. Сонда мынаны аламыз: Змаш= 160*2000=320000тг Енді қосындылау жолымен арендалық төлем бойынша шығынды есептейміз: Зар = Зар.п+ Зжылу+Зот+ Змаш; (11) Зар= 460330+313,56+810+320000= 781453тг Ұйым өңдеушінің қосымша шығындары Қосымша шығындар келесі формула бойынша есептеледі: Зкосв= Зосн*Ккосв, (12) мұндағы Ккосв - қосымша шығындар коэфиценті Статистика өткен жарты жылдағы қосымша шығындар 2200 тг, бұл айына 2200/6= 367 тг екенін көрсетеді. Осылайша: Ккосв= 367/4000 = 0,092 Табылған коэффицентті формулаға қоя отырып мынаны аламыз: Зкосв= 8600 *0,092 = 7912тг Өнімді өңдеудің жалпы құны Өнімді өңдеуге кететін шығынды келесі формула бойынша есептейді: З= ЗЗ/П +ЗМ+Зар+Зкосв, (13) З= 12982,99+0+781453+7912=802347тг
3.3 Қолданушыдағы экономикалық нәтиже Бұл жағдайда қолданушыдағы экономикалық нәтижені ақшалық өрнекте нақты анықтауға болады. Көп деңгейде бұл программа пакеті оқу мақсатына арналған және төмендегілерді орындауға мүмкіндік береді: ¾ уақытша диаграмма түрінде жергілікті есептеу желісінің жұмыс процесін модельдеуге; ¾ кең диапазондағы нәтижені параметрлерін беру; ¾ шығыс сипаттама графиктерінің автоматты құрылуын; ¾ негізгі сандық сипаттамаларды ашу.
IV Дипломдық жобадағы өмір қауіпсіздігі
4.1 Жалпы жағдайлар
Барлық жұмыс ЭЕМ-нің көмегімен орындалады, сондықтан бұл бөлімде жұмыс орнына қойылатын талаптар сипатталған. ЭЕМ-дегі қолданушының жұмысы, алдымен Windows операциялық жүйенің қолдануына байланысты, сонымен қатар Internet-броузеріндегі жұмысына байланысты (Microsoft Explorer немесе Netscape Navigator). Осылай барлық басқару “тышқан” манипулятор көмегімен меңзерді орын ауыстыруға әкеледі және пернетақта көмегімен берілген базадағы іздеу арқылы кілттік сөзді енгізу. Internet-пен жұмыс жасағанда қолданушыда көп көру кернеуін талап етеді. Ол берілгендердің үлкен көлеміне байланысты, сонымен қатар психологиялық күш есепке алған жөн. Ол іздеу үшін кілттік сөзін қате енгізген жағадайда, дұрыс емес нәтиже шығарады немесе сұраныстың нәтижесі болмайды. Көптеген қолданушылардың Internet жұмысы біршама төмен болғандықтан, жұмыста қосымша уақыт алады және психологиялық дискомпорт туғызады. Сондықтан қолданушының еңбекгін психологиялық күшке байланысты ауыр деп есептейді.[23]
Бағдарламашының жұмысы Бағдарламашының ЭЕМ-дегі жұмысын екі кезеңге бөлуге болады: бағдарламаны жазу және оны жөндеу. Жазу ЭЕМ жадысыда пернетақта арқылы бағдарламаның енгізу мәтініне байланысты. Ол үшін визуальды құралдарға шаблондардан әзір бағдарлама дайындауға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор немесе өзіндік бағдарлама қажет (ереже бойынша бағдарламаның бастапқы мәтінін өзіне түзетуге тура келеді). Бірақ көптеген мәтіндік редакторлар “тышқан ” көмегімен өзінің жұмысын басқаруға мүмкіндік береді, өйткені ол аз мәтіндік редакторларда екінші кезекті және ереже бойынша басқару үшін пернетақта қолданылады. Ал визуалды ортада редакторлау және бағдарламаны құруда “тышқан” белсенді қолданылады. Бағдарламаға мәтінді енгізу үрдісін кернеулі деп айтуға болмайды, өйткені бұл кезеңдегі қате, синтаксисті қате болуы мүмкін. Ол жөнінде компилятор хабарлайды немесе пернетақтаны қолданғанда табуы мүмкін. Ол «білезікті синдромның» дамуына себеп болып табылады. Иықтағы, қолдағы және қол білезіндегі аурулар пернетақтамен немесе “тышқан” манипуляторымен жұмыс жасағанда қолдың бір сазды қозғалуынан болады. «білезікті синдром» - бұл білезік орталық жүйесінің аурулы бұзылысы. Қол бірте-бірте пернетақтаға параллельді болу үшін кететін күш бұлшық етке және сіңірлерге күш түсіреді. Пернеге әрбір басқан сайын бұлшықеттен қысқартылумен сіңір сүйек бойымен өтіп және сәйкестіріленеді. Буынның төменгі бөлігінде алақанның қасында 9 сіңірден тұратын шоқтар өтеді, олардың әрбірі және орта жүйкесі майлы сұйықтықты қабықшамен жабылған. Осы қабықшаның біреуі ғана ісінген жағдайда ол жүйені қозғайды және ауру тұрғызады. [24] Бағдарламаның ең кернеулі еңбегі тестілеу және таңдалған бағдарламаны кейін жөндеген кезінде болады, мысалы: жөндеушінің арнайы бағдарлама көмегімен. Бұл жұмыс көп көрілген, саналы және т.б. кернеуді талап етеді, сондықтан міндетті түрде процессордің ішкі регистрінің жағдайын қадағалау, орындалып жатқан нұсқаны анализдеу және т.б. қажет. Сонымен, бағдарламашылардың әртүрлі сатыдағы жұмысы еңбекті ауырлататын түрлі факторларға байланысты. Басында пернетақтада көп мөлшерлі символдардың қажеттілігіне, ал кейін тестілеу және жөндеу кезіндегі көру және сана күшіне байланысты болады. Сондықтан бағдарламашының еңбегі ауыр болып келеді.
Демалу және еңбек мекемесі бойынша ұсыным Бағдарламаны құрған және оны қолданған кезде маман еңбегін бөліміне орай оны ауыр разрядты бөлімге жатқызады. Компьютер алдындағы жұмыс көзге түсетін күшке, арқаға түсетін күшке, иыққа, белге, мойынға түсетін әсерге байланысты, оның нәтижесінде әртүрлі әсерлер болады: - бас ауырады; - көз жылдам қажиды, тез шаршайды; - иыққа, арқаға, мойынған және т.б. бөлікке күш түседі. Сондықтан жұмыс режимі міндетті түрде үзіліспен жүреді. Мынадай жұмыс режимі ең қолайлы: 45 минут жұмыс, 15 минут үзіліс. Осылай күніне сегіз сағаттық жұмыс, компьютер алдындағы жұмыс 5-6 сағаттан аспауы керек. Үзіліс кезінде оператор көзге күш түсірмей жұмысты орындай алады. Көзге түсетін күшті азайту үшін: - жиі-жиі көзді ашып-жұмып отыру керек; - белгілі уақытта басқа денеге көңілді ауытқу қажет; - Құжаттардың көшірмелерін жасап және олармен жұмыс жасап, көзге түсетін күшті қысқарту қажет. Техникалық этика мен эргономика талаптарын қамтамасыздандыру Бөлмелерді жоспарлау, құрал-жабдықтарды орналастыру Жұмыс орындарын ұйымдастыру мен жоспарлануы гигиеналық талаптарына сәйкес болу қажет (2.2.2. 542-96). ДЭЕМ, дисплеймен жұмыс жасайтын бөлмелері подвалдарда орналастыру рұқсат етілмейді. Едендер көлбеген жазықтық 300 төмендікте болу тиіс. ДЕЭМ өндірушілердің техникалық шарттарына сәйкес бөлмелер 1,5 м аралықта болу керек. Операторлар үшін бөлме ауданы 1 адамға есептелгенде 6,0 м.кв., кубатура 20 м.куб болуға тиіс. Изоляция әсерінен шығатын зиян парлар, шаң, газ құралдарды дұрыс орналастырып және ветиляциямен жайылады. ДЭЕМ пайдаланушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі эргокомикалық шешім Жұмыс қабілеттілікте сақтау және қимыл тіркеу аппараттың ауруларын болдырмау үшін ДЭЕМ пайдаланушыларға жұмыс орындарымен (Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт) МЖМС 12.2.032 – 78 талаптрын сақтауға талап етіледі. Жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыру кезінде инженердің еңбек өнімділігі 20% дейін өседі. МЖМС 12.2.032 – 78 сәйкес жұмыс орындарын контрукциясы мен барлық элементтердің өзара орналасуы антрометрикалық, физикалық және психологиялық талаптары сақталуы тиіс. а) жұмыс орнының құрамында кіретін құралдар оптималды орналастыру б) қойылған мақсаттарда жүзеге асыру үшін табиғи және жасанды жарық қажет; в) акустикалық шу деңгейі тиісті деңгейден аспау қажет. Жұмыс орынның негізгі элементтері жазу столы мен кресло. Негізгі жұмыс орын қалпы – отырып жұмыс жасау. Осы туралы МЖМС 12.2.032 – 78 айтылады. Жұмыс орынды рационалды жоспарлап, құжаттарды, еңбек құралдармен заттарды тұрақты орналастырып, айқын тәртіпті сақтауды қамтиды. Мотор өрісі – адамның қимылдау әрекетін жүзеге асыратын жүмыс орын кеңестігі. Максимальды қол жететін аумақ – иық буындарының қимылы кезіндегі максимальды керілген қолды суреттейтін доғалармен шектелген жұмыс орындардың моторлы өріс бөлігі. Оптималды аумақ – қимылсыз иықпен шынтақ буындағы қимыл кезіндегі білікті суреттейтін доғалармен шектелген жұмыс орындардың моторлы өріс бөлігі.
Горизонтальды жазықтағы қол жететін аумақ. а) қол жететін максимальды аумақ; б) саусақтар жететін аумақ; в) алақан жететін аумақ; г) дөрекі қол жұмыс үшін оптимальды кеңестігі; д) нәзік қол жұмыс үшін оптимальдық кеңестігі; Қол жететін аумақтар құжаттармен еңбек заттардың оптимальды орналасуы: «а» аумағында ортада монитор орналасады; «г» аумағында – клавиатура орналасады; «б» аумағында (сол жақта) жүйелік блок орналасады; «а» аумағында (оң жақта) принтер; Құжаттар. 1) алақан жететін аумақ (сол жақта) – жұмыс кезіндегі қажет құжаттар мен оқулықтар. 2) столдың жылжымалы тартпалар, жиі қолданбайтын оқулықтар. Жазу столын жобалау кезінде келесіні ескеру қажет: а) столдың биіктігі еркін, қолайлы кейіпті отырып таңдалу қажет; б) столдың төменгі жағы ДЭЕМ пайдаланушының ыңғайлы отыруына жасалынған жөн; в) стол беті программистің көз жетер жерінде бликтарды болғызбайтын қасиет болуға тиіс; г) стол конструкциясы жылжымалы тартпалардың бар мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Жұмыс орындардың параметрлері антрометрикалық сипаттамаларына сәйкес алынады. Отырып жұмыс жасау кезінде келесі параметрлер ұсынылады: а) ені 700 мм- ден төмен емес; б) тереңдігі – 400 мм-ден төмен емес; в) стол бетінің биіктігі 700-750 мм (еденнен бастап) Столдың оптимальды өлшемі: а) биіктігі 710 мм; б) стол ұзындығы 1300 мм; в) стол ені 650 мм. Аяқ қоятын жер үшін: а) биіктігі 600 мм төмен емес; б) ені 500 мм төмен емес; в) тереңдігі 400 мм төмен емес. ДЭЕМ пайдаланушының жұмыс орындағы негізгі элементінің бірі кресло. Ол МЖМС 21.889-76 сәйкес орындалады. Еңбек және демалыс тәртіптерін қамтамасыздандыру ДЭЕМ жұмысының еңбек және демалыс тәртіптерін еңбек қызметінің категориясы мен түріне байланысты. Негізгі үзіліс – түскі үзіліс. Сонымен қатар қосымша әрқайсысы 10 мин. 2-3 үзіліс енгізілу қажет: 8 сағаттық жұмыс күні 2 үзіліс, 12 сағаттық жұмыс күні – 3 үзіліс. ДЭЕМ операторларының еңбек және демалыс тәртібі орындалатын жұмыс сипаттамасына байланысты: - программаларды редакциялау, ақпаратты экраннан оқу. 8 сағаттық жұмыс күні кезінде жұмыс ұзақтығы 4 сағаттан аспау тиіс, әр сағат сайын 5-10 мин. үзіліс, ал 2 сағаттан соң 15 мин. Профилактика мақсатында, сонымен қатар дисплейлі қолдану кезінде үзіліс уақытында комплексті жаттығулар жасау қажет. Нерв, писихикалық, көру және бұлшық еттерінің ауруларын болдырмау мақсатында үзіліс кезінде және жұмыстан соң психофизиологиялық жүктерін түсіретін сеанстар өткізу қажет. Ол сеанстар арнайы жабдықталған бөлмелерде өткізілу тиіс. Бөлме жұмыс орыннан 75 метрдей қашықтықта орналасу керек. Сонымен қатар операторлардың жүктемелерін дұрыс бөлу қажет. Түнгі уақытта күрделі шешім немесе жауапты шараларды қажет ететін жұмыстар орындалмау керек. Электроқауіпсіздікті қамтамасыздандыру 0.05 А-дан төмен тоқ адам өміріне үлкен қауіп тудырады, 0.05 А-дан төмен ток – қауіпсіз (1000 В дейін). Электроқауіпсіздік ережесіне сәйкес бөлмелерде электросымды, сақтандыратын щитты, шнурларды, компьютерлерді және т.б. электрожабдықтарды үнемі бақылап тұру қажет. Электрикалық құрылғылар адамға үлкен потенциалды қауіп туғызады. Электро тоқ адам организміне өткен кезінде термиялық, электролиздік және биологиялық әрекет жасайды. Термиялық әсерде күйеді, қан тамырлары қызады. Электролизтикалық – организмдегі қан іриді. Биологиялық әсерде организмдегі тірі тканьдар қозады. Электроқауіпсіздікті қамтамсыз ету үшін электр тізбігінің бір үшін жерге қосу мүмкіндігін қарастру қажет. Осы процесс МЖМС 12.1.030 – 81 сәйкес болу керек. Электротокқа ұшырамау үшін МЖМС 12.1.030-81 сәйкес келесі техникалық шаралар ұсынылады: а) Жерге қорғаныстық жерлендіру; б) Потенциалдарды туралау; в) Нөлдеу; д) Желінің электрикалық бөлінуі; ж) Изоляцияны бақылау. Статикалық электр қуатынан сақтандыру Статикалық электр қуатын болдырмауына келесі шаралар қолданылады: а) Өндірістік құралдарының металды бөліктерін жерлендіру; б) Диэлектрлерін өткізу көлемі мен бетінің көбейту; в) Электроқорғау аймағында арнайы ылғалдандыру құралдарын статикалық зарядтардың жиналу арқылы жолдарын болдырмау; Жерлендіру құралдарын статикалық электроқуатынан сақтау үшін жерлендіру құралдарын қорғайтын электроқондырғыларымен қосады. Статикалық электроқуатынан сақтау үшін жерлендіру құралдарының кедергісі шамамен 100 Ом болуға тиіс. Электр зарядтарды бейтараптау ауаны иондау жолымен іске асырылады. Практикада индукциялық, жоғары вольттық немесе радиациялық ионизаторлар кездеседі. Өрт қауіпсіздік проблемаларын шешу үшін НПБ 105-95 сүйене отырып бөлме категориясын негіздеп, анықтау қажет. Өрт қорғаудың маңызды мақсаттарының бірі-бөлмелерді қираудан қорғау және олардың өрт кезіндегі жоғары температураның әсерінен мықтылығы жеткілікті болу. Құрылыс конструкцияларын дайындау үшін кірпіш, темірбетон, әйнек, металл т.б. жанармай емес материалдар қолданылады. Ағаштан жасалған материалдар қолдануға шектелінеді, ал пайдаланылған жағдайда оны оттан қорғайтын ылғалды заттар жағу қажет. Офистағы бөлмелер арасында жанбайтын материалдардан жасалған арақабырғалар түріндегі өртке қарсы кедергілерді қарастырып орнату қажет. Өрт стволы, ішкі өрт су құбырғылары, өрт сөндіргіштер, құрғақ құм, асбестік көрпелер тағы басқа құралдар жатады. Ғимараттарда коридорларда, баспа алаңдарындағы торлар мен кіреберісінде өрт крандары орнатылады. Ал аса қауіп болған жағдайда су қолданылады. Осындай кезде су мөлшері аз болып, ДЭЕМ судан брезентпен жауып қорғау қажет. Өрттің бастапқы кезінде көбіне өрт сөндіргіш қолданады. ДЭЕМ бар бөлмелерде көмірқышқылды өрт сөндіргіштер қолданылады. Жалпы барлық бөлмелерді стационарлық автоматты өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықтау қажет. Ең қолайлысы газдан шыққан өрттерін сөндіру құралдарын орнату қажет. Стационарлық автоматты өрт сөндіргіш болған кезде, өрт сөндіргіш саны 2 есе азаяды, сондықтан да бізде екі ОУ-2 өрт сөндіргіш бар.
Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 570; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |