Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жеке презентация 1 страница




Панаханалар

Жарылыстар

Рттер

Су басу

Дауыл

Ар басу

Опырылмалар

Сел

Жер сілкінісі

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді.

Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі менжер астының қозғалысы.

Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализция, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарды үрей билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындары-цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүлінушілік жасайды.

Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 процентке жуық өндірістік потенциалы осы аймақта шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмоқауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30% -ті шоғырланып, тұрғын үй қорының 35 % - не жуығы орналасқан, республика халқының 40% - тұрады.

Жер сілкінісі қауіпті аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндіріс өнеркәсіп кәсіп-орындары, жасанды және су қоймалары, жарылыс қауіпті бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың сейсмикалық бұзылуы аса қауіпті.

Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимараттың зақымдалуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі.

Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады. Қопырылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б, шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.

Жер сілкінісінің жанама шығына да орасан зор: өндірістік циклдың уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлануына, халықтың апат аймағынан кетуіне, ықтимал қайталама дүмпітуді күтуіне ұдайы жүнжу жағдайындағы адамдардың еңбек және шаруашылық белсенділігінің төмендеуіне, олардың денсаулығының нашарлауына байланысты әлеуметтік күрделі ахуал пайда болады.

Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпі ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарынан келтіруге болады.

Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерін ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту, сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту, сейсмотөзімді ғимараттарды жобалау және салу, салллықтың сейсмикалық білімін жақсарту, басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта ұстау.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарына және өзге іс шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.

Сел – тау өзенінің арналарында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен және тау жыныстары бұзылуынан болған жоғарғы деңгейдегі заттардың көптігімен сипатталатын уақытша ағын.

Сел ұзақ нөсер, мұз бен қардың жылдам еруі, моренді, мұзды өзендердің бұзылуы, жер сілкінісі, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Арнайы тасқындарға қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.

Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздықтың тез еруінен, биік таудағы өзендерден бұзып шығуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.

Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетпен және Тарбағтай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.

Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.

Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.

Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай- ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп қауіпсіз орынға бару керк. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электроприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.

Егер сел тасқынының жолында сіздің елді мекенде тоған нығайтылса, үйінділер тұрғызылады, сел ұстағыштар құрылады, айналма каналдар қазылады, сіз бұл жұмысқа қатысуға тиіссіз.

Сел тасқынына тап болған адамға қолда барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығарукерек.

Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бтінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар еретін таяқ немесе арқан болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне бртендеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Егер апат сел тасқынына елді мекен ұшыраса, онда іздеу құтқару жұмыстарына қалыптасқан жағдайды ескеріп әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады

Қар көшкіні

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қазақстанда 95 мың ш/метр тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.

Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь – Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.

Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-600-пен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айларында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 м/с дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.

Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.

Тауда болған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, барша жұрт сақтауға тиіс сақтандыру шараларын білуге міндетті.

Қазақстанда адамдар көшкіндерге тек, егер олар қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал шыңдар мен асуларға шығатын альпинистер мен туристербұған жыл бойы әзір болуға тис. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.

Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкіннің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тігірек беткейлер қауіпті болып табылады, солай болса да көшкіннің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, әрбір қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.

Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылады.

Опырылма – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғлдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Асаірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы үлкен Алматы өзені жатады.

Опырылмалар жылдың кез келген уақытында, әдетте, тіктігі 190С жуық жартастарда болады. Ірі қопарылмалардың алаңы 50-60га дейін жетеді.

Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырылмалы құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскілерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи гео морфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйшігін салу, су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суармалы сумен ылғалданады. Опырылмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.

Халық қатысатын қопарылмалардан қорғайтын шараларға су арнасын бұру, ағаш отырғызу әртүрлі инженерлік құрылыстарды салу және т.б. Қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға барған жөн. Үйден шығарда пешті өшіріп, су мен газ крандарын жауып, жарық пен басқа да электр приборларын ажырату қажет.

Қар басу – табиғаттың тосын күштерікөріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына алып келеді.

Қардың басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болс, кедергілер орнатылады. Жолдың, ғимараттың шетінен желге қарсыбағытта расы 15-20метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері жоғалған адам мен малды іздеу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге, жол менүй-жай төңірегіндегі қарды тазалау, жолда тұрып қалған көлікке көмектесу, коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою.

Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.

Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, қозғалтқышты радиаторжағынан қымтау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.

Егер жылыңғыңыз келсе, далаға шығып, түтін трубасын газдың ауаға шықпайтындай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз. Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзарғанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.

Жолдағы көктайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын. Әртүрлі құрылғылар мен заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстарды электр желілерінің және олардың тіректерінің жанынан аулақ кеткен жөн.

Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уқыт болса, жалпы қоршаулар, жолдың ғимараты шетінен 15-20метр қашықтықта жер соғатын жақтан қалқндар орнатылады.

Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30м жылдамдықпен соғатын жел.

Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пйда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ атынан бұзылуы әсер етеді.

Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарына алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келтіреді.

Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тиым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қаылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материлдардң қолайлы үлгілері көрсетілуі тиіс. Дауыл өзінің алапат күші бойынша инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем емес деңгейде әсер етеді.

Шаңдақ дауыл – бұл күшті жел салдарынан жер бетінен шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы.

Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл- сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер бетін қар жаппаса сирек байқалады.

Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шараы ретінде таянған қауіп туралы халыққа хабарлаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесімен қатар дауылдарда қауіптілік деңгейі бойынша аудандастыру болып табылады. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тиым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуі тиіс.

Дауылдың жақындағаны туралы хабарды алған бойда мыналарды істеу қажет:

Панахананы, жертөлені әзірлеу. Есікті, терезені, шатырдағы люкті нығыздап жабу, есік пен терезенің жел соғатын жағын ашық қалдыру, ғимараттың ішкі қысымының тепе-теңдігн сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту.

Төбеден, ложиядан, самалдықтан жел ұшырап кету қауіпі бар заттарды алу.

Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу.

Газды, электр энергиясын ажырату, суды жабу, пешті сөндіру және арнаулы органға бару.

Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, мханизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою керек, ғимарат ішінде ұшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн, жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тиым салынады, далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, іздеу немесе жерде етпетінен жату керек, орманда болған болған кезде ең жақсысы ашық орынға шығу, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электрберу желілерінің тіректеріне жқындамаңыз, дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығыңыз, зардап шеккендерді іздеу.

Егер дауыл шаңдақ жақындағанда елді мекенде болсаңыз есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаңыз. Үй хайуанаттарын оларға арналған қораға немесе ғимарат ішіне қаму керек.

Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз малды құм үйінділерінің арасындағы тасаға жасыру қажет.

Егер жақын жерде сексеуіл немесе биік бұтақ болса, дауыл аяқталғанша малды сол жерде ұстай тұрған жақсы.

Егер дауыл сізді елді мекеннен қашық жерде жүргенде басталса, көру қашықтығы азайып, адасып кету мүмкін болса, қозғалысты тоқтату керек. Дауыл аяқталғаннан кейін немесе көріну қашықтығы бір шаырым және одан асқан жағдайда жүру қажет. Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып, дауылдан кейін бақытсыздық дабылы – түтіні қатты шығатын материалды от жаққан жақсы.

Егер шаңдақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзңізге шаң мен тас, бірнәрсе түспеу үшін арнайы көзілдірік киіңіз, егер ол жоқ болса, дағдылы көзәйнегіңіздің бүйірін қолыңызбен жауып қорғаңыз. Желден тығылатын қандай да бір пананы табу керек: бұтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы-қырлы жерін пайдаланыңыз. Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңнан суық желден, дененің суынуынан қорғаныс ретінде пайдалануға болады.

Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін құтқару бөлімшелері еңбекке жарамды халықпен бірге адамдарды қираған ғимараттар мен өзгеде жайлардан шығарады және оларды қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне алып барады

Су басу -өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы.

Көптеген су басудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, мұздықтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады.

Сырғымалар, бөгеттердің, тоғандардың кент бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті. Ол өз кезегінде нөсердің немесе ұзақ жаңбырдың салалары болып табылады.

Судың көтерілуінен болатын субасуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурызда, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде наурыз маусымда болады.

Жаңбыр тасқындары Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстікте, оңтүстік-шығыстағы тау етегіндегі және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейнінің өзендерінде байқалады. Олар көбінесе жойқын болып келеді. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынынның ерекшелігі белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы болып табылады.

Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында болады. Атырыу және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуімен ушыға түсуде.

Кептеуілдер мен тосқауылдардан болатын қиратқыш салдары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, шығыс Қазақстан өзендері болып табылады.олар күз бен көктемде мұз жамылғысының бұзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.

Өзеннің жоғарғы бөлігіндегі мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылу жағдайында тасқын қас қағым сәтте болуы мүмкін.

Қалған жағдайларда су басу қаупіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды көпті уақыт бар. Алайда олардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, күз жүрген кезде өзен жағалауында тоқтамаған дұрыс. Қар еріген және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүрген өте қауіпті. Судың қосымша көлемі батпақтардың өткізгіштігін азайтады, сондықтан тіпті тексерілген учаскінің өзі кедергіге толы және өте қауіпті болуы мүмкін.

Апатты су тасқыны кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, ең болмағанда, жер бедерінің ең биік нүктесіне дейін жету қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 103; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.063 сек.