Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жеке презентация 2 страница




Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілетін сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.

Республика аумағындағы көптеген тасқындардың тасқын судан болатынындығы белгілі болып отыр. Ескерту жұмыстарының тұтас жүүйесі бар: судың басуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, қысқа бұталы ағаштар отырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау.

Отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету. Қайықтың болуы (кәдімгі және үрмелі). Жақын орналасқан жердің топографиялық биік нүктелеріменысу. Жақындаған зілзала туралы хабардың әдістері мен нысандарын білу. Тұрғын үйдің жанына топырақ салынған қаптар, тосқауылды қою, топырақ төгу.

Халыққа көшудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радиохабар торабы мен теледидар бойынша, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

Халыққа жиналатын нүктелерінің орны, осы нүктеге келу мерзімі, көшу кезіндежаяу баратын бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жергілікті жағдайға, оны ауыздықтау уақытына қатысты басқа да мәліметтер хабарланады.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние мүлкімен бірге көшіріледі. Көшіру су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді мекендер бойынша жүргізіледі. Халық қоғамдық ғимараттарға және жергілікті тұрғындардың тұрғын алаңдарына қоныстандыру жолын орналастырады.

Кәсіпорындар мен мекемелерге қауіп төнген жағдайда жұмыс режимі өзгереді, ал кей жағдайда жұмыс тоқтатылады. Су басу ықтимал аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан мектеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және көшедегі адамадр судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығуға тиіс. Әкімшілік нұсқауымен жұмыста болған кезде белгіленген тәртіпті сақтап, биік жердегі орындарға бару керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әртүрлі жазу құралдарын пайдаланған жөн.

Үйден шыққан кезде өзіңізбен құжаттарыңызды, құндылықтарды, аса қажетті заттармен, екі-үш тәуліктік азық-түлік қорын алу ұсынылады.

Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікт жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек.. Үйден шығардың алдында электр мен газды ажыратып, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдету және басқа да саңылауларды нығыздап жабу керек.

Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып, сол үшін АҚ және Тж құрамаларының, әскери бөлімдерінің жүзу құралдарының экипажы мен басқа қолда бар күшпен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде, ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын қатаң орындау керек. Құтқару құралдарын шектен тыс толтыруға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте баларға, ауру адамдар мен қарттарға көрселетінін есте ұстаған жөн.

Табиғи өрттер

Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала өрттері (егіс) өрттері болып табылады.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Ормандағы өрттің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманды ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде пайда болады.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауы тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің ені кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.

Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-гірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материаолық құндылықтарды да құтқара алады.

Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орнымен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдалануға тиіс, әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10м аспаса, оған кіруге болмайды.

Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену қанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата жауып, түтіннен жоғарлай немесе тізерлей қозғалу керек.

Көп қабатты ғимараттарда, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса балконды, авариялық люкпен балкондағы баспалдақты, көрші подъезд арқылы құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз. Егер былай етуге мүмкіндік болмаса, балконға шығып келген құтқарушыларға белгі беріңіз.

Құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті білуге тиіс.

Есіңізде болсын, от тілсіз жау.

Ең басты өрттіңпайда болуын ескерту.

Өндірістік авариялар, апаттар және олардың салдары

Өндірістік авария – бұл өнеркәсіп орнында, көлікте және басқа шаруашылық объектілерінде жұмыстың кенеттен тоқтауы немесе өндіріс процесінің бұзылуы. Олар материалдық құндылықтарды зақымдауға немесе жоюға адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеліп соқтырады. Өндірістік авариялар салдарынан сипаты оның түрі мен көлеміне кәсіпорынның бұл болған кездегі жағдайының ерекшелігіне байланысты.

Әдеттегідей, ірі авариялардың аса қауіпті салдары өрттер мен жарылыстар болып табылады, олардың нәтижесінде өндірістік және тұрғын ғимараты, техника мен қондырғы қирайды немесе зақымдалады. Өнеркәсіп орындары баллондары мен құбыр өткізгіштері,қазандықтар,шахтадағы көмір шаңы мен газ, жиһаз және ағаш өңдеу комбинаттарындағы ағаш шаңы мен лак-бояу заттары жоғары қысымнан жиі жарылады. Авариялар кезінде пайда болған өрт пен жарылыс, өз кезегінде, электр өткізгіші зақымдалуынан, газқұбырының қирауынан, істеп тұрған от қондырғысы мен прибордың жанып кетуінен осындай құбылыстарын қайталама себебі болуы мүмкін. Темір жол және құбыр өткізу өртке бейім және жарылғыш жүктерді тасуда үлкен жүктеме көтереді. Бірқатар жағдайда, әсіресе мұнай, химия жәнегаз өнеркәсібі орындарында атмосфераның газдануы, мұнай өнімінің улы сұйықтардың және қатты әсер ететін улы заттың төгілуі авария туғызады.

Автомобиль, су және әуе көлігінде авариялар болып тұрады, темір жолдағы апаттар да қауіпті. Ірі авариялардың қауіпті саны цех ғимараттары мен көлік тораптарының зақымдалуы болып табылады. Металл құрылғыларының қатты ысуынан болған өрт кезіндегі цех жабынының құлауы ортақ сипат.

Ғимараттың, құрылыстың құлауы өздігінен болмайды, оны тудыратын жанама факторлар, атап айтқанда, тар жерге адамдардың жиналуы, өткен темір жол құрамаларының қатты дірілдетуі, жоғарғы қабаттарда жүктеменің шектен тыс көп болуы. Бұл адам құрбандықтарына, авариялық ғимараттарды бұзуға, жаңа құрылыс үшін үлкен шығын жұмсауға алып келеді.

Энергетика жүйелері мен коммуналдық жүйедегі авариялардан адамдар сирек қаза болады. Алайда осындай үлгідегі авариялар халықтың тіршілігіне айтарлықтай қиындық туғызады. Әсіресе қысқы уақытта тіпті ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп нысандарының жұмысын тоқтатуға себеп болады.

Өнеркәсіптік тазалау ғимараттарындағы авариялар тосын қиындықтарды туғызады. Бұл тек қана объектілердің қызметшілеріне және жақын елді мекендердегі тұрғындарғ ауыр ықпалымен ғана байланысты емес сондай-ақ қоршаған ортаға тиісті, улы және жәй зиянды заттарды шығаруы мен де қауіпті.

Гидродинамикалық авариялар негізінен гидротехникалық ғимараттардың, әсіресе тоғандардың бұзылуынан туындайды. Гидротехникалық ғимараттар су қорын пайдалануға, сондай-ақ су апатының жойқын күшімен күресу үшін арналған. Гидротехникалық ғимараттар әртүрлі: су ұстағыш (тоған, бөгет және т.б), су өткізгш (каналдар, құбыр өткізгіші, су жинағыш, науа т.б), су қабылдағыш, су жинағыш, арнайы шлюздер, кеме Жалпы және арнаулы гидротехникалықғимараттар біріңғай кешенге гидроторапқа бірігеді.

Гидротораптағы гидродинамикалық авариялар апатты су басу себебі болып табылады, оның жойқын күші мен салдарын жер сілкінісімен ғана салыстыруға болады.

Еңістегі аудандарды су басу қаупі тоған, бөгет және гидротораптар бұзылған кезде пайда болады. Ғимараттар мен тұрақ жайды шайып кететін және бұзатын жылдам да қуатты су ағыны аса қауіпті.

Жойқын толқынның биіктігі мен жылдамдығы гидро ғимараттың бұзылуы көлеміне және жоғарғы және төменгі бедердегі биіктіктің әр түрлілігіне байланысты.

Су басу нәтижесінде шаруашылық объектілерінде, темір жол және автомобиль жолдарында авариялардың болуы және ауыл шаруашылығына, көпір ғимаратттарына елеулі залал келтіруі мүмкін.

Соңғы он жылдықтағы адамның әртүрлі ирригациондық, гидротехникалық ғимараттарды, көпір өткелдері бар авто-жолдарды және т.б. салу жөніндегі белсенді қызметі техногендік сипаттғы су тасқынын тудыруға себеп болады.

Тоғандардың, бөгеттердің бұзылуынан болған тосын су тасқыны жағдайында халықты ескерту, барлық қолда бар техникалық құралдырмен, оның ішінде қатты сөйлейтін жылжымалы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі.

Су басудың аяқ астынан пайда болуы халықтың ерекше өзін өзі ұстауы мен іс-әрекетін қажет етеді. Тоған бұзылған кезде қкатты су валвның құралатындығын ескере отыра ықтимал су басу аймағында тұратын әр адам судың ең жоғарғы көтерілу деңгейін білуге тиіс, осыған орай қалыптасқан жағдайға сәйкес іс-әрекет ету керек. Су аяқ асты көтерілсе өздеріңізбен бірге жылы киімді, тамақты, құжатты, ақшаны алып, жоғары қабатқа немесе шатырға, көтерілу керек. Жұмыста болған кезде әкімшілік өкімі бойынша белгілегне тәртіпті сақтай отырып, дөңес жерге немесе ағашқа шығып, әртүрлі жүзу заттарын пайдаланған жөн.

Сақтандыру қауіпсіздігінің жеке шараларына мынаны жатқызуға болады: күрделі құрылыс тұрғызу, отбасының барлық мүшелерін жүзеге үйрету, қайықтың болуы, т.б.

Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу барлық жүзу құралдарыны экипажын тарта отырып, жедел жүргізіледі.

Егер суда қалсаңыз, судың түбіне қарай тартатын ауыр киімнен босанып, жүзгіш затты, ағашты, бетінде жүзіп жүрген басқа заттарды іздеп тауып, көмек көрсету қажет. Егер жағалау алыс болмаса, ағысқа қарсы баяу қарқынмен қырқындай отырып жүзу керек. Жағаға шыққан бойда су киімді сығып, жағалаумен жоғары көтеріліп, желден қорғанатын пана іздеп, көмек күту қажет.

Олардың салдары- су тораптарының зақымдалуы мен қирауы, адамдардың жарақаттануы үлкен аумақтың су астында қалуы.

Өндірістік авариялардың ебептері зілзала, құрылысты салу мен жобалау кезінде жіберілген ақаулар, техникалық жүйенің монтажы кезіндегі қателер, өндіріс технологиясы мен ғимаратты, көлікті, қондырғыны, механизмді пайдалану тәртібі бұзылуы мүмкін. Өндірістік авариялар, сондай-ақ еңбек және технология тәртібінің төмендігі, техника қауіпсіздігі тәртібін орындамау, бақылау-өлшеу және қорғаныс аппаратурасыен нашар жабдықтау, өрт сөндірудің озық жүйесін, әсіресе өрт және жарылыс қаупі бар нысандарда нашар енгізу, ғимарат, құрылыс, қондырғы және т.б.тиісті қадағалаудың жоқтығы нәтижесінде болуы мүмкін.

Авариялардың айтарлықтай бөлігі кейде жобалау сатысында нысан мен жергілікті жағдай ерекшелігін бағаламаудан болады. Мұндай жағдайда аварияның түпкілікті себебі климаттық жағдай мен қызу өндіріс ортасы ықпалынантөменгі температура әсерінен қорғалмаудан, қатты ылғалдан, қалың қардың басуынан және т.б. болатын тозудан қорғаныс құрылғысының жоқтығы болуы мүмкін.

Жекелеген құрылысты пайдалану бұзу да аварияға алып келеді. Атап айтқанда, уемент зауыттарында ғимаратты пайдалану барысында жинақталған өндірістік шаңды өз уақытында тазаламағандықтан цехтардың құлаған оқиғалары да байқалды.

Құрылыстар мен құрылғыларды салу мен монтаждау кезінде де авариялар болып тұрады. Олардың себебі, әдеттегідй, құрылыс нормалары мен жұмыс жүргізу жобаларын сақтамау, орындалған жұмыстың төменгі сапасы болып келеді. Қазіргі металл құрылғылары жеңіл орындалады, сондықтан олар монтаж ақаулығына мұқиятсыз тасуға және пайдалану тәртібінің бұзылуына өте сезімтал келеді.

Адамның тікелей қызметіне байланысты пайда болатын авариялардың үлес салмағы жоғары болып қалып отыр. Барған сайын «адамдық» фактор, яғни өндіріс барысындағы адамның орны, оның кәсібилілігі, іске көзқарасы еңбек тәртібі бірінші кезекке қойылуда.

Әрбір нақты авария – бірнеше себептер жиынтығын, бірқатар қолайсыз факторлар үйлесімінің нәтижесі. Жобалау кезінде жіберілген қателіктер, құрылыс және монтаж кезіндегі қателермен ұштасады. Осының барлығы дұрыс пайдаланбаумен қатерді күшейте түседі. Мұның арты аварияға алып келеді. Нысандардағы аварияларға алып келетін «адамдық» факторға өндіріс процесі мен техника кауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы жатады.

Кәсіпорындағы авариялардың ықтмал пайда болу себебін зерттеу және жұмысшылар мен қызметшілер және жақын тұратын халық үшін кәсіпорын туғызатын қауіпті жан-жақты бағалау, біріншіден, аварияларды ескерту жөніндегі шараларды дұрыс анықтауға, екіншіден, адамдарды қорғау және залалды азайту бойынша қажетті шараларды қарастыруға мүмкіндік береді

Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

Өрт барлық жерде: өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылық нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде және тұрғын үйлерде, сондай-ақ көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау кезінде болады.

Республикада әрбір сағат сайын екі өрт болады. Миллиардтаған теңгенің құндылықтары, тұрғын үйлер әп-сәтте түтін мен күлге айналады. 1999жылы 9 шілдеде Алматы әуе жайында болған өрт 381,6 млн. теңгеге материалдық залалалып келді. 2000 жылы республикада 15 мың өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Бұдан 1087 адам зардап шекті, оның 568-і қаза болды. Материалдық залал 2521,6 млн. теңгені құрады.

өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі.

Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.

Үлкен өрт сөндірудің басты әдістері: жалынның жолын кедергі қою немесе ор қазу, алдыңғы жағын өртеу, ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру және басқалар.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көміп, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Өрттен сақтандыру – оны ескерту, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені.

Бүкіл республика аумағында орман өрті мәселесін түбегейлі шешу бірқатар күрделі ұйымдық және техникалық міндеттерді шешуге, бірінші кезекте жоспарлы тәртіппен жүргізілетін және орман өрттерінің пайда болуын, таралуын және сақтандыру жұмыстарын жүргізуге байланысты.

Жарылыс және өрт қауіпі бойынша барлық өнеркәсіп орындары 6 категорияға: А, Б, В, Г, Д, Е. Әсіресе А категориясына жататын мұнай өңдейтін және химиялық кәсіпорындар, мұнай өнімдерінің қоймасы және т.б. жатады. Көмір шаңның, ағаш ұнтағын, сондай-ақ В категориясына жататын өзгеде нысандар мен ағаш кесуі, ағаш өңдеу, ұста, ағаш ыдыс өндірісі және В категориясына жататын өзге нысандарды қауіпті.

Бүкіл құрылыс материалдары 3 топқа бөлінеді:

Жанбайтын -бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданбайтын, үгілмейтін және иістенбейтін материалдар.

Қиын жанатын – бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен қиын тұтанатын, жарылатын, немесе үгілетін және от көзі болған жағдайда жануын жалғастыратын, от жоқ жағдайда жануын немесе иістенуін тоқтатаын материалдар.

Жанатын – бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданатын немесе иістенетін, от көзін жойғаннан кейін жануын жалғастыратын немесе иістенетін материалдар.

Жанатын материалдардан салыңған ғимарат пен құрылыс өте қауіпті. Тіпті жанбайтын ғимарат пен құрылыс оттың ықпалы мен жоғары температураға белгілі бір уақытқа ғана төзе алады. Құрылғылардың отқа төзімділік шегі үлкен шарықшақ пайда болмайтын, құрылғы құламайтын қарсы жағы 200 градусқа дейін қызбайтын уақыт мөлшерімен анықталады.

Ғимарат пен құрылыс отқа төзімділігіне байланысты 5 топқа бөлінеді:I, II, III, IV, V топ. күйдіреді, ал кейбір жағдайларда бұл іс қайғылы аяқталады. Бос разеткалар арнайы қақпақтармен жабылуға тиіс.

Әрбір тосын жағдайда шақыратын 01 – өрт қызметі телефон нөмірін білуге тиіс.

Егер лифтінің ішінде қалсаңыз еш уақытта абдырамаңыз, өйткені арнайы тежегіштер (ұстаушы) жүйесінің арқасында лифтінің шахтаға құлауы мүмкін емес. Лифтінің кез-келген жылдамдығында ол автоматты түрде жұмыс істейді.

Лифтіні тек өрт кезінде ғана емес, тіпті подъезде түтін болса, жақын жерде қоқыс иістенсе пайдалану да аса жағымсыз. Мұндай жағдайда лифт шахтасы сорғыш құбыр ретінде жұмыс істейді. Тіпті от аймағына түспей-ақ жаңған азық-түлікпен уланып қалуға болады.

Өрттен сақтандыру өндірістің, қала құрлысының, ауылдық елді мекендерді жоспарлау мен салудың технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның шаралары ғимаратты, жобалау, салу, жаңғырту, көлік құралдарын пайдалануда және тұрмыста ескеріледі. Өрттен сақтандыруды ұйымдастыруды Мемлекеттік өртті қадағалау органдары шұғылданады.

Өрттен сақтандыруға былайша жеткізіледі:

ü өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу, енгізу және бақылау;

ü жасалған обьектілердің өрт қауіпсіздігін ескере отырып құрастыру мен жобалауды енгізу;

ü өртке қарсы құралдарды жетілдіру және әзірлікте ұстау;

ü өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын, ұйымдарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, техникалық өрт тексерістерінен тұрақты өткізу;

ü халық арасында техникалы-өрт білімін насихаттау;

Өрттен сақтандыру объект түрлері бойынша жүргізіледі, тұрғын ғимараттарын, қоймаларды, базалар мен дүкендерді, өнеркәсіп объектілері мен көлікті, ауыл шаруашылығы саласының ұйымдарында.

Тұрғын үй ғимараттарын өрттен сақтандыруда жылыту, электрмен жабдықтау жүйесіне, газ приборларына байланысты өрт шаралары қарастырылады.

Қоймадағы, базардағы және дүкендегі өрттен сақтандыру, ғимараттар салынған кезде олардың арасындағы өртке қарсы алшақтықты сақтауды, ішкі өртке қарсы су құбырын, оларды өрт және өрттен қорғау дабылдарымен жабдықтауды үлкен қойма ғимараттарын өртке қарсы қабырғалармен белуді, жылдам тұтанатын және жанатын заттарды бөлек сақтауды, пешпен және газбен жылытуға тиым салуды және басқа шараларды қарастырады.

Өнеркәсіп объектілеріндегі өрттен сақтандыру, объектінің өрт қауіптілігінің тиісті санатын, ғимараттар мен тұрақтардың отқа берік деңгейде орындалуын, ғимараттар арасындағы өртке қарсы алшақтықтарды салуды, жылдам тұтанатын және жанатын материалдарды қоймада негізгі аймақтан бөлу және басқа шаралар.

Өрт кезінде қауіпсіз ұстау ережелері:

Өрт жағдайында халықты іс-әрекетке даярлау мақсатында қоғамдық ғимараттағы өртті сөндіру бойынша өртке қарсы жаттығуларды жүйелі өткізу, ғимараттың қосымша шыға берістеріне еркін баруды қамтамасыз ету қажет. Өрт пайда болған және оның өшіруі кезінде ұстамдылық, жағдайды жедел бағалау, қабілетін ұстап, дұрыс шешім қабылдау қажет. Өзің адбдырамай, жүйкеңді жұқартпай, басқалардың үрейленуіне жол бермеген жөн.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 108; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.049 сек.