Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жеке презентация 7 страница




Егер де әуе дабылын сіз көшеде естісеңіз АҚ мен ТЖ қоғамдық күзет жұмыскерлерінің нұсқауымен жақын жерде орналасқан панаханаға бару керек. Қала көлігінде жүру барысында кездессе, онда оның тоқталуын күтіп, асықпай сабырлық сақтап шығып жақын панаханаға бару керек. Егер де ол табылмаса оның орнына метро, жерасты өту жолдарын, қоймаларын пайдалану керек.

Әуе дабылы кезінде қоғамдық жерде болсаңыз, сол жердегі әкімшілік нұсқасын тыңдап берілген бағытпен аяқ басу керек.

ТЖ мен АҚ органдары ескерту жібергенсоң барлық оқу орындары, оқу үрдісі тоқтатылады және оқушылар мен оқытушыларды қорғау панаханаларына жеткізу шаралары іске асырылады. Сол жерде адамдар жеке басты қорғану құралдары мен панахана ішіндегі тәртібі туралы ескертпелері жасалады.

Ауыл аумағындағы халыққа, әуе дабылы хабарлану сәтінде, алдын-ала даярланған тиісті панаханаларға бет алады. Панаға бару алдында үйідін шам жарығын, пеш, электр плита, керосинка және т.б. құралдар өшіріліп, өзімен бірге жеке дара қорғану құралдарын алып жүргені дұрыс.

Адамдарға егін егістігінде жұмыс қызуында әуе дабылы хабары болса: сай, арық, апан-шұңқұрларын панаға айналдыру керек.

Халыққа әуе шабуыл қауіпі өтті деген келесі ауызекі хабары беріледі:

«Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған ТЖ бөлімі. Азаматтар!... Әуе дабылы тоқтатылды! Жұмыс орындарыңызға, үйлеріңізге қайта беріңіз. Ауыр жарақат, егде адамдарға жәрдем беруді ұмытпаңыз. Өз қоларыңызға жеке басты қорғану құралдарын әр уақытта ұстап жүріңіз. Біздің хабарымызды мұқият тыңдаңыз.»

Жату шапқыншылығынан зардап шеккен аудандарында ТЖ мен АҚ органдары орындалып жатқан іс шаралар туралы және т.б. мәліметтер беру тиіс.

Аман қалудың ең қолайлы тәсілі – қорғаныс ғимараттарын өз уақытында, соның ішінде: берік жер асты қоймалары, қазба орындары, сай, үңгір, арық деген секілді жерлерді паналаған дұрыс.

ТЖ жағдайларына басшы құрамына, ақ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 30.09.93. жылы «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» № 969 Қаулы қабылдады.

Осы Қауыл негізінде «ТЖ жағдайларына басшы құрамына, АҚ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі» әзірленеді.

Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу және төтенше жағдайлардың салдарынан қорғану Қазақстан Республикасы халқының міндеті болып табылады.

Халық үшін негізі міндет – қалыптасқан тосын жағдайда дұрыс әрекет етуге, өз-өзіне көмек көрсете білуге үйрену.

АҚ бойынша халықтың әртүрлі санаттарын даярлау мен оқытуды және ТЖ-дағы іс-әрекетерді ұйымдастыру

АҚ және ТЖ басшы құрамын даярлау Республикалық курстарда, даярлау мен оқыту орталықтарында, біліктілікті көтеру оқу орындарында (БКОҚ), оқу-әдістемелік жиындарда (оқу жылы басталар алдында) және тікелей ұйымдарда 15 сағаттық бағдарлама бойынша жүргізіледі.

БКОҚ-да АҚ және ТЖ мәселесіне оқу уақытының 10-15% бөлінеді.

АҚ құрамаларын даярлауды ұйым басшылығы ұйымдастырады және 15 сағат көлемінде, оның ішінде 9 сағат жалпы тақырып және 6 сағат арнайы тақырыптар бойынша практикалық сабақ өткізіледі.

АҚ құрамаларымен жылына 2 рет жеке құрамды хабарландыру және жинау бойынша жаттығу өткізіледі, бұның барысында олардың жасақталуы, техникамен, мүлік-аспаппен жарақталуы, сондай-ақ іс-әрекеткедаярлығы тексеріледі.

Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар жер үсті көлігі (автомобиль, теміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, су көлігі (теңіз, өзен), санитарлық мен бейімделген көліктер жатады.

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың амалдары анықталады: иықтап, арқалап, қолмен, екі құтқарушымен, зембілмен, автобуспен, автомобиль шанағымен.

Иықтап - көтеруші зардап шегушінің оң иығына басын артына қойып отырғызады. Көтеруші оң қолымен зардап шегушінің екі аяғын құшақтап, бір уақытта оның оң білегі мен алақанынан ұстайды.

Арқалап - көтеруші зардап шеккен адамды көтеріңкі жерге отырғызып, оның екі аяғы арасына иығын беріп тұрады және бір тізесін бөгеді. Зардап шегуші көтерушінің иығынан құшақтайды, ал көтеруші оны екі қолымен аяғынан ұстап көтеріп әкетеді.

Қолмен - көтеруші зардап шеккен адамға бүйірлей бір тізесін бүгіп отырады, оны бір қолымен арқасынан, екінші қолымен санынан алады, зардап шеккен адам көтерушінің мойынан құшақтайды. Көтеруші тұрып зардап шегушіні екі қолымен алдында ұстап келеді.

Екі көтерушімен – «қол ұстасып», «бірінің артынан бірі» және жатқан жағдайдағы тасымалдауларды ажыратады. «Қол ұстасып тасымалдауда көтерушілер бір-біріне жақын тұрады да қол ұстасып отырғыш сияқты айқастырады. Оны екі, үш, төрт қолдан жасайды.

«Бірінің артынан бірі» тасымалдауында көтерушінің біреуі зардап шегушіні арт жағынан келіп шынтағымен оның қолтығынан ұстайды, екіншісі зардап шегуші аяғының арасына арқасын тосып, екі аяғын табанынан ұстайды.

Жатқан жағдайында жарақат алушыны тасымалдау үшін көтерушілер оған сау жағынан жақындап тізерлей отырады. Бас жағында тұрған көтеруші бір қолын арқа астына екіншісін белдің астына жібереді, басқа көтеруші екі қолын оның балтыры астына жібереді, ал жарақаттанған адам бірінші көтерушінің мойынан құшақтаййды.

Зембіл арқылы тасымалдауды 2-3-4 адам жасай алады. Зембілде жарақат алушының жату жағдайы оның жарақат дәрежесінен анықталады, сондықтан жастық – көрпе, киім, арқылы қолайлы жағдай жасау керек. Зембілге жатқызу шарты: зембілді зардап шегушінің жарақат жағынан қояды; 2-3 адам сау жағынан бір тізесін бүге отырады, қолдарын ақырын зардап шегушінің астына жіберіп, оны бір сәтте көтереді. Осы мезгілде үшінші не төртінші адам зембілді зардап шеккеннің астына қояды, ал көтерушілер абайлап жатқызады.

 

Автомобиль шанағында тасымалдау

Автомобиль шанағына тиеу алдында оны даярлау қажет: артқы жағдауын және зембіл қол құлағы үшін барлық құлыптарды ашады, белбеулерді жазады, шанақтан ауыстырмалы зембілді шығарады.

Тиеу барысында санитарлық жасақшы буыны зембілді бас жағымен ашылған шанаққа кіргізеді. «Жан-жаққа» өмірі бойынша 4-ші мен 1-ші нөмерлілер зембілдің оң жағында, ал 2-ші мен 3-ші нөмірлі сол жағынанда тұрады. «Көтер - командасы бойынша топ зембілді қажет биіктікке көтеріп зембілдің бас жағын аяғына сабымен шанақтың жиегіне қояды. Кіргіз әмірі бойынша зембілді шанаққа итереді. Оны жүргізуші немесе еріп жүретін адам қабылдайды.

Автобус ішінде жарақат алғандарды тасымалдау барысында осы айтылған ережелер орындалады. Зембілдерді терезе арқылы кіргізуге болады. Автобус ішіңде оны санжасақшылар қабылдайды.

«Қолмен», «арқалап», «иықтап» тасымалдау әдістері егерде зардап шегушінің сүйегі сынбаған жағдайда ыңғайлы, ал сынған жағдайында «екі көтерушімен» қолайлы.

Санитарлық зембілдер

Санитарлық зембілдер стандартты өлшемдері бар: 221,5 см ұзындығы, ені - 55 см, биіктігі - 16 см, массасы 10 кг дейін. Зембілді жиналған (оралған) төрінде сақтайды әрі тасымалдайды.

Зембілді бір уақытта 2 адам ашады. Белбеулерді жазып, бағаналарды қол ұстағыш арқылы керіп матаны тартып қояды Одан кейін тіземен тіректі сырт еткен дыбыс естілгенше басып, әдіп тігісінің қалайша жабылғандығын тексереді. Бас жағына жастық не басқа қолда бар жұмсақ затты қояды.

Зембілді жинау барысында екі тасушы бір уақытта құлып тиектерін ашады, тиектерді өздеріне қарай тартады, зембілді жартылай жинап, аяқтармен жоғары аударады, сонда мата зембілден кері бағытқа төңкеріледі, одан кейін бағаналарды әбден тақайды, зембілді аяғына қойып матаны үш орап белдіктермен бекітеді.

Тасымалдауды жеңілдету үшін зембілге арнаулы белдіктер орнатылады. Ол – 360 см ұзындығы бар екі 6,5 см шетінде металды тоғасы бар брезентті белдік. Тоғыстан 1 метр аралықта брезент жапсырмасы тігілген, ол белдіктің бос шетін өткізіп тоғыста бекітуге мүмкіндік береді. Сонда белдік сегіздік секілді болады.

Зембілмен зардап шегушілерді тасымалдағанда белдікті сегіздік сықылды қайыстырады. Тұзақтар тасушының жанында болған жөн, ал айқасқан жері арқада-жауырындар деңгейінде болған дұрыс.

Зембілмен тасымалдағанда бір қатар ережелерді сақтау керек. Жазық жермен жүргенде зардап шегушіні аяғын еркін жазып ал, егер, оның халі шүкір болса, оның басын алға қаратып тасымалдаған жөн. Бұл артта келе жатқан көтеруші жарақат алғанның бетін яғни хал-ахуалын қадағалауына мүмкіндік береді, керек болса тасымалдауды тоқтатып қажетті жәрдем керсету үшін де қажет.

Тасушыларға өкшелерін баса қалыспай жүрудің қажеті жоқ, керісінше баяу, төмпеш-ойықтарды айналып жылжыған дұрыс.

Тауға қарай көтерілгенде зардап шегушінің басын алға, ал төмен түскенде артқа қаратып жылжыған дұрыс. Аяғы сынған жарақат алушыларды керісінше тасиды. Жалпы көтерілу не төмен түсу кезінде зембіл көлбеу күйінде болуға тиіс. Ол үшін: көтерілу кезінде артта келе жатқан адам зембілді өз иығына дейін көтереді, ал төмен түсуде осы әдісті алда келе жатқан адам қайталайды.

Арнаулы зембіл жоқ кезінде оны қолда бар (бақан, таяқша, пальто, көрпе, қап және т.б.) құралдардан жасайды. Ондай зембілдер адам салмағын мықты көтеретіндей болу керек. Көтергіш белдіктерді 2-3 белдіктер, брезент, жайма, жуан жіп арқан кесінділерінен жасауа болады.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

1.Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығының шаралары туралы не білесіз?

2. Категорияланған нысан мен категорияланған объектілер дегеніміз не?

3. Инженерлік – техникалық жобаларының нормалары қандай?

4. Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу туралы не білесіз?

5. Медицианалық қамсыздандыру түрлері??

 

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 10(238-245б),14(201-210б),15(277-296б)

Қосымша әдебиеттер: 7(279-283б),8(248-258б),9(10-25б)

Тақырып-7 Зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары және басқа қауырт жұмыстар

Дәрістің мақсаты:Құтқару және басқа қаурыт жұмыстарды (Қжәне БҚЖ) ұйымдастыру және жүргізу негіздері.

Кілт сөзі: құтқару, арнаулы, қосалқы, қауырыт жұмыстар.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

1.Зақымдану ошақтарында Қжәне БҚЖ табысты жүргізу шарттарын ұғындыру.

2. Аралас зақымдану ошағында Қжәне БҚЖ ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері.

3.Қжәне БҚЖ жүргізу кезінде АҚ және ТЖ құрылымдары командирінің міндеті.

 

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары ТЖ аумағында адам құтқару үшін және жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ оқшаулау сондай- ақ қалпына келтіру мақсатныда жүргізіледі. Адамдарды құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы 3 топқа жіктеледі.

- құтқару

- арнаулы (жедел)

- қосалқы

Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алумен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді.

- басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

- зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау)

- зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру.

Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды

- коммуналдық- энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою.

- Тосқауылдарға кіру жолдарын жасау.

- Осал құрылыстарды күшейту.

Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

- алаңдарды тазалау;

- техника орнату;

- қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

- жұмыс орындарын жарықтандыру;

Адамдарды құтқару жұмыстары күні- түні ауа райының кез- келген жағдайында орындалады. Құтқару жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешіміне қарай өндірістің ерекшелігін, ТЖ сипатын және зақым – зардаптың адамға, қоршаған ортаға тигізер ықтималдығын ескеріп ұйымдастырылады. ТЖ зардаптарын жою мынаны қамтиды;

- халық пен ұйымдарды ТЖ қауіпі туралы құлақтандыру;

- барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де мәліметтерді анықтау.

- Тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау.

- Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен қирауларды ғана емес, сондай-ақ радиактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері анықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі анықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау- шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі

Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:

- барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;

- мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;

- зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;

- күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;

- тұрақты және нақты өз-ара іс-қимыл қарқының қолдау

- күш пен құралды үздіксіз, мығым жене ұтымды басқару.

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, сондай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімің барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.

Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандары зілзала күштершің, әртүрлі жұқпалы аурулардың ықпалына тез ұшырайды. Өнеркәсіп орындары мен көліктегі авариялар мен апараттардың зақымдағыш факторлары ауылға жетеді. Оның салдарынан ауа, топырақ, су радиоактивті, қатты әсср ететін улы және зиянды заттармен ластанады. Өрт қауіпі артып, қышқылды жаңбыр жау ықтималдылығы күшейе түседі, осының бәрін хайуанаттар мен адамдар жылдам сезінеді, олар зиян, ал кейде орны толимас залап шегеді

Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су кездерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Қызметтердің негізгі міндеттері:

- мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашылық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін: радиоактивтік химиялық бактериологиялық биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;

- ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;

- зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды кемуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдікшаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;

- ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;

- жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;

- қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлыта ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;

- дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жанарту;

ТЖ-дағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

Хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызмет бөлімшелерінің даярлығы оларды жеке құраммен жасақтау, ақаусыз техникамен, прибормен, улы химикаттармен, қорғаныс құралдармен және өзге де қажетті мүлікпен жабдықтауға байланысты.

Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары ТЖ аймағында тікелей іс-әрекет ертетін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:

- хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;

- оларды көпшіріп, қоныстандырады;

- зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;

- хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды:

- улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залал сыздандырады,

- карантиндік және шектеу шараларын жүргізеді

Зақымдалған хайуанаттарға көмек көрсеткен және өсімдіктерді залалсыздандырған кезде хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы қауіпсіздік шараларын сақтай отыра, химиялық қорғаныс құралдарын пайдаланады. Азаматтық қорғаныс шараларын орындау үшін қажетті жағдайды жасауға байланысты.

АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерінің қамсыздандырудың негізгі түрлері:

- барлау

- инженерлік қамсыздандыру

- химиялық қамсыздандыру

- медициналық қамсыздандыру

- көлікпен қамсыздандыру

- материалдық-техникалық қамсыздандыру

- гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру. Құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды төтенше жағдайлар аймағында зақымдану ошақтарында ұйымдастырған кезде АҚ басқару органдары тиісті АҚ бастықтарының нұсқаулары (өкімдері) негізінде және қалыптасқан жағдайды ескере отырып АҚ, күштері іс-әрекеттерін қамсыздандырудың белгіленген тәртібіне өз уақытында қажетті езгеріс пен толықтыру енгізеді орындаушылардың міндетін нақтылайды және басқару органы бастығының жазбаша өкімдерімен қамсыздандырудың әрбір түрі бойынша нұсқауларды жеткізеді.

АҚ шаралары мен күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың тікелей орындашылары АҚ және ТЖ тиісті қызметтері, АҚ әскери бөлімшелері мен құрамалары болып табылады.

а) барлау - АҚ мен іс-әрекеттері мен шараларын қамсыздандырудың маңызды түрі болып табылады. Ол ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына қорғау, құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру бойынша дер кезінді және қисынды шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатынында ұйымдастырылып жүргізіледі.

Барлау үшін басты талаптар: толасыздық, белсенділік мақсаткерлік, алынатын барлау мәліметтерінің дұрыстығы қолданылылатын құралдар мен іс-әрекет аясын; байланысты барлау мынадай түрге бөлінеді:

- әуе

- жер үсті

- темір жол

- өзен (теңіз)

б) медициналық қамсыздандыру АҚ күштері жеке құрамының денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтау, зақымдалушылар мен ауруларыға дер кезінде медициналық көмек көрсету, оларды көшіру, емдеу және қатарға қосу жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескерту мақсатында ұйымдастырылады.

в) көлікпен қамсыздандыру шаралары және Азаматтық қорғаныс күштерінің іс-әрекеттері көшірілетін халықты дер кезінде әкету, құтқарушыларды жылдам жұмыс орны мен қоныстану ауданына жеткізу, қалалардан материалдық құндылықтарды әкету, АҚ күштерін ТЖ аудандарына тасымалдау мақсатында ұйымдастырылады.

Көлікпен қамсыздандыруды АҚ және ТЖ көлік қызметері, АҚ көлік құрамалары, министрліктер мен ведомстволардың, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан нысаңдардың көліктік ұйымдары жүргізеді.

г) ақ шаралары мен күштерінің іс-әркеттерін материалдық-техникалық, қамсыздандыру АҚ, басқару органдары мен күштерін өз уақытында және тұрақты әзірлікте ұстау, ТЖ аймағында, зақымдану ошақтарында құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде оларды әзірлікке жедел келтіру мен АҚ күштерін қамсыздандыру мақсатында ұйымдастырылады.

д) гидрометеорологиялық (метереологиялық) қамсыздандыру АҚ шараларырын орындау кезінде метереологиялық және гидрологиялық қауіпті құбылыстар мен ауа райының элементтерін жан-жақты есепке алу мақсатынды жүргізіледі.

Ақ күштерінің іс-әрекеттері мен гидрометеорологиялық шараларды қамсыздандыруы гидрометеорологиялық және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын қамтитын арнаулы органдар мен құрылымдар атқарады.

Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға тіршілік қамсыздандыру, адамдардың денсаулығын және жұмыскерлік жағдайын көтеру шаралары қолға алынады.

Бұл жиынтық мыналарды қамтиды:

♦ тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен және де күнделікті қажетті бар құралдарымен қамсыздандыру;

♦ бактерологиялық, химиялық, радиоактивті зақымданудан азық-түлікті, су қоймалары және су беру жүйесін қорғау;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 71; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.088 сек.